Орыс сыныптарына қазақ тілі пәнінен мәтінмен жұмыс жасау әдістемесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Орыс тіліндегі сыныптарға қазақ тілі сабағын ұйымдастыру
1.1 Орыс тілде оқитын топтардағы қазақ тілін оқытудағы мәтінмен жұмыс ... 5
1.2 Қазақ тілі сабағында қолданылатын әдіс.тәсіл түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Бастауыш сыныптарда қайталау сабағында қолданылатын әдіс.тәсілдер ... ... ... ... ..11
2. Қазақ тілінен орыс сыныптарына арналған мәтінмен жұмыс тақырыбындағы өткізілген сабақтары
2.1 Орта буын сыныптарында тіл дамыту сабағы. Мәтінмен жұмыс...16
2.2 «Неге дейін?» тақырыбындағы сабақ жоспары ... ...21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .24
ӘДЕБИЕТТЕР
Республикамыздың егемендік алып, тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы ұлттық мәдениетіміздің жан-жақты өркендеуіне негіз болды. Мемлекеттік тіл-халықтың барлық мұқтажын, өнер, мәдениет, радио, дипломатиялық қарым-қатынас, ғылым, өндіріс, шаруашылық, ресми іс-қағаздарды т.б. салаларға дейін қызмет ететін қоғамның қуатты қолданыс құралына айналуы қажет. Оқушылардың тәрбиесі мен білім деңгейінің жоғары болуы, сауаттылығы, қазақ тілін меңгеру, түсініп оқуы мен қатесіз жазуына байланысты екендігін көрсетеді.
Тіл тағдырын жетілдіру көп ретте мектепте атқарылатын жұмыс деңгейіне байланысты. Өйткені, өскелең ұрпақтың балғын санасына бай тіліміздің нәрін сіңдіріп, көкірегіне ұялатуға әр пән мұғалімі ауқымды істер атқаруы тиіс.
Бірақ, оқушының тілін қалыптастыру үшін, мұғалімнің өзі бір құзырлыққа жету керек. Сол үшін оқушы санасына, қазақ-тілі ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, жұмысында, күнделікті өмірінде қажетіне жарайтыны туралы ұғым қалыптастыру керек.
Қазақ-тілін оқыту барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыру ең маңызды жұмыстардың бірі. Оқу орыс тілінде жүретін сыныптарында оқушылар қазақ тілін оқу барысында мұғалімнің қойған сұрақтарына түсініп, оған жауап қайтаруға, үйренген сөздерін бұзбай айтуға, әсіресе, құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолданып, сөйлемді дұрыс құруға үйретіледі. Бұл мәселені жүзеге асыру үшін, біріншіден жүйелі түрде, «оңайдан қиынға принципін» басшылыққа сала отырып күнтізбегін жоспар қажет деп ойлаймын.
1. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
2. Артықова Т.М. Қыстаубаева Ж. Қазақ тілі . Оқыту әдістемесі.А:, 2005 ж.
3. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
4. Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобра-зовательной школе. - Москва: Просвещение, 1985. - 208 с.
5. .Бақзыбекова.Н. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.-А: Қазақ тілі, №4, 2007.16б.
6. Г.Қ.Нұрғалиева. Педагогиканық логикалық-құрылымдық курсы, - Алматы, 1996
7. Қуанышбаева А.Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.А: Қазақ тілі: Әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №2,2004. 47 б.
8. М.Жұмабаев. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992. -160 б.
9. Молдабеков Қ. Бастауыш сыныпта тіл дамыту. Алматы, Республикалық баспа кабинеті,1993.
10. Мүрсәлиева Ж.Т. «Қазақ тілі сабағында ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту», 2001
11. Оралбаева Н. Жақсылықова Қ. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі, А: 1996 жыл.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:
Орыс сыныптарына қазақ тілі пәнінен мәтінмен жұмыс жасау әдістемесі

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Орыс тіліндегі сыныптарға қазақ тілі сабағын ұйымдастыру
1.1 Орыс тілде оқитын топтардағы қазақ тілін оқытудағы мәтінмен жұмыс ... 5
1.2 Қазақ тілі сабағында қолданылатын әдіс-тәсіл түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Бастауыш сыныптарда қайталау сабағында қолданылатын әдіс-тәсілдер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2. Қазақ тілінен орыс сыныптарына арналған мәтінмен жұмыс тақырыбындағы өткізілген сабақтары
2.1 Орта буын сыныптарында тіл дамыту сабағы. Мәтінмен жұмыс ... ... .16
2.2 Неге дейін? тақырыбындағы сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Кіріспе
Республикамыздың егемендік алып, тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы ұлттық мәдениетіміздің жан-жақты өркендеуіне негіз болды. Мемлекеттік тіл-халықтың барлық мұқтажын, өнер, мәдениет, радио, дипломатиялық қарым-қатынас, ғылым, өндіріс, шаруашылық, ресми іс-қағаздарды т.б. салаларға дейін қызмет ететін қоғамның қуатты қолданыс құралына айналуы қажет. Оқушылардың тәрбиесі мен білім деңгейінің жоғары болуы, сауаттылығы, қазақ тілін меңгеру, түсініп оқуы мен қатесіз жазуына байланысты екендігін көрсетеді.
Тіл тағдырын жетілдіру көп ретте мектепте атқарылатын жұмыс деңгейіне байланысты. Өйткені, өскелең ұрпақтың балғын санасына бай тіліміздің нәрін сіңдіріп, көкірегіне ұялатуға әр пән мұғалімі ауқымды істер атқаруы тиіс.
Бірақ, оқушының тілін қалыптастыру үшін, мұғалімнің өзі бір құзырлыққа жету керек. Сол үшін оқушы санасына, қазақ-тілі ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, жұмысында, күнделікті өмірінде қажетіне жарайтыны туралы ұғым қалыптастыру керек.
Қазақ-тілін оқыту барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыру ең маңызды жұмыстардың бірі. Оқу орыс тілінде жүретін сыныптарында оқушылар қазақ тілін оқу барысында мұғалімнің қойған сұрақтарына түсініп, оған жауап қайтаруға, үйренген сөздерін бұзбай айтуға, әсіресе, құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолданып, сөйлемді дұрыс құруға үйретіледі. Бұл мәселені жүзеге асыру үшін, біріншіден жүйелі түрде, оңайдан қиынға принципін басшылыққа сала отырып күнтізбегін жоспар қажет деп ойлаймын. Содан кейін жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың тілін дамыту үшін әр түрлі тәсілдер арқылы жұмыс жүргізу. Осы мақсатта оқытушы әр түрлі оқыту әдіс-тәсілдерін пайдаланып, тіл дамыту жаттығуларын, ойын элементтерін және тақырыпқа сәйкес көрнекіліктер қолданады. Басты назар аударатынымыз оқу, сөйлеу, талдау, жазу жұмыстарына мұқият көңіл бөлу.
Тіл дамыту жұмысы- күрделі де шығармашылық процесс.Тіл байлығының мол болуы бір жағынан балада жаңа құбылыс, көрініс ,ұғымдар мен түсініктердің көбеюіне, ал екінші жағынан, тілді жан-жақты меңгеруіне байланысты.

1. Орыс тіліндегі сыныптарға қазақ тілі сабағын ұйымдастыру
1.1 Орыс тілде оқитын топтардағы қазақ тілін оқытудағы мәтінмен жұмыс
Колледждерде орыс тілінде оқитын топтарда қазақ тілін оқытуда оқытушыдан көп ізденіс,дайындықты талап етеді. Қазіргі уақытта, жаңа заманға сай жоғары технологияларды пайдалану, қазақ тілін үйренушілердің белсенділігін арттыруда қолайлы болып табылады,ал сабақ үстінде оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу, сабақтың тақырыбына сай нақтылы міндет қоя білу- әр оқытушының шеберлігіне байланысты, себебі оқушылардың терең әрі жинақты біліммен негіздеу, олардың шағармашылық қабілетін, қызығушылық талғамын дамыту, өз бетінше білімін толықтандыруға дағдыландыру сияқты күрделі жұмыстар сабақ барысында қалыптасады.Сабақ өткізуде,оқытуда жұмыс түрлерінің бірі- сабақта мәтінмен жұмысты ұйымдастыру.
Мәтінмен жұмыс дегеніміз -- мәтін мағынасын толық түсіну, яғни мәтін ішіндегі сөздерді түсінуі болып табылады,егер жеке сөздер түсінікті болмаса, мәтін де түсініксіз болады.
Мәтінді оқығаннан кейін орындалатын жұмыстар қатарына мына жұмыстарды енгізуге болады:
Мәтінді орыс тіліне аудару- мағынасын түсіну;
Мәтінге жоспар құру- мәтіндегі оқиғалардың кезегін анықтау;
Мәтіннің мазмұның жоспар бойынша айту- мәтіннің мазмұнын өз сөзімен айту;
Мәтінге байланысты логикалық сұрақтар құрастыру- берілген сұрақтарға жауап алу;
Мәтінге қатысты берілген жаңа сөздермен жұмыс істеу- жаңа сөздерді дауыстап оқу, сөздің мағынасын ашу, сөз тіркестерін құрастыру;
Мәтіндегі сөздердің бірнешесіне фонетикалық, морфологиялық талдаулар жасау- фонетика, морфология бөліміндерін қайталау;
Мәтін мазмұнын суретке түсіру- оқушы мәтіннің мазмұның суреттер арқылы бейнелеу;
Мәтінге байланысты топпен жұмыс- мәтіннің бөлімдерің әр топқа бөліп беру;( шағын көрініс жасау)
Мәтін бойынша сұхбат құрастыру- оқушылардың белсенді сөйлеу әрекетінде оқығанды түсіну.
Мәтін- лексика мен грамматикалық бірліктердің негізі.Бұл байланыс мәтіндерді анықтауға, сұрыптауға және жүйелеуге қажет.
Мәтінді рөлге бөліп оқыту-оқушының мәтінге байланысты бейімделуі
Мәтіннен мақал-мәтелдерді,нақыл сөздер мен қанатты сөздерді,фразеологиялық тіркестерді тауып жазу(бар болса)-оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Осындай жұмыс түрлерін өткізе отырып, мәтінмен жұмыс жүргізу кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытуға,терең білім алуларына мүмкіндік туады, сонымен қатар лексикалық мәтіндерді талдай отыра оқушының грамматикалық жағынан білімі де меңгеріледі.

1.2 Қазақ тілі сабағында қолданылатын әдіс-тәсіл түрлері
Әдіс деген сөз гректің "metodos" деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.
Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздік "әдіс" -- мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет"- деген анықтама береді.
Оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал-тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады.
Қазақ тілі сабағында қолданылатын әдістер:
Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу,кітаппен жұмыс.
Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация.
Оқыту үрдісінде ең көп тараған дәстүрлі әдіс - сөздік немесе мұғалімнің ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесіңде басқа әдістерге қарағанда жетекші роль атқарады.
Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіңдік береді.
Бұған демонстрация, иллюстрация тәсілдері жатады.
Тәжірибелік әдістердің ішінде ең көп қолданылатыны -- жаттығу әдісі.Оқу барысында теориялық ережелер мен қағидаларды қайта пысықтап, тиянақты меңгеру жаттығу арқылы орындалады.
Ауызша жаттығу оқушының оқу материалын ауызекі баяңдауға дағдылану мақсатын көздейді.
Оқушы бірінші сыныптан бастап қазақ тілін үйрену барысында тілдегі түрлі қолданылатын атауларды ( әріп, дыбыс , буын, сөз, сөз тіркестері, сөйлем, сөз бен сөзді байланыстыратын жалғау, жұрнақ, тыныс белгілері - нүкте, үтір, леп белгісі, сұрау белгісі, сызықша, қос нүкте, түрлі грамматикалық анықтама, ережелерді оқып үйренеді.
Қабілеті әр түрлі оқушы тілдің мұндай белгілері мен атауларын бірден меңгеріп кетуі мүмкін емес,тек оның негізгі, қажеттілерін(анықтама, ережесін) есте сақтауы мүмкін.
Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл болінеді.
Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды. Оқушылардың білім сапасының көп жағдайларда төмен болуы, осындай түрлі ойлау әрекеттеріне бейімделмеуден, дағды бермеуден деп айтуға болады.
Қазіргі кезде қазақ тілін қандай бағытта, қандай мазмұнда оқыту керек?
Меніңше, коммуникативті функционалды бағытта болуға тиіс. Сондықтан тілдің коммуникативті механизмін ашу қажет . Яғни, оның сөйлеу процесіндегі, сөйлем құрудағы, мәтін бойынша әңгіме құрастырудағы рөлі амал - құралдар арқылы меңгертіледі.
Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, білу қазіргі таңның басты мәселесі. Сабақта бұл мәселені шешу жолдарының бірі- әр түрлі әдіс- тәсілдерді тиімді қолдана отырып, жаңа технологияларды енгізу.Қазір технологиялардың түрлері өте көп. Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, лексикалық және грамматикалық тақырыптарды меңгеру күрделі жұмыс. Сондықтан басқа ұлтқа қазақ тілін оқыту, ауызекі сөйлеуге үйрету қиын да, қызық жұмыс.
Грамматикалық материалдарды және лексикалық тақырыптарды оқытуда тірек сызбалардың қолданылуы тілді дамытуға, сөздік қорды молайтуға, бір- бірімен, қарым- қатынас жасауға (сөйлеу, айту, жазу, оқу) ойлау қабілетін дамытуға, ойын қазақша жеткізе білуге үйретеді.
Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін, оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдісі кез келген стратегияларға құнды, әрі бағалы. Бұл стратегиялар оқушылардың қызғушылығын арттыра отырып, ұстаздың тығырыққа тірелетін сәттерінен арылтады. Сұрақ қою, ой шақыру, білім көпірі, бес жолды өлең, еркін жазу, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, Венн диаграммасы, пікірталас , болжау, Автор орындығы , топтастыру, т.б, стратегияларын қолдану оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра түсері сөзсіз. Сонымен қатар бұл стратегиялар оқушының қөзқарасын, түсінігін дамыта түседі, жалықтырмайды.
Бір сыныпта отырған балалардың ұлты, оқу ынтасына қарай тілді білу дәрежесі де әртүрлі болып келеді. Сол себепті де нақты нәтижеге жету үшін модульдік оқыту технологиясының тиімді екенін күнделікті іс- тәжірибемнен көріп келемін. М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының негізі баланың тұлғасын алға қояды, бұл жаңа білім парадигмасына сай келіп отыр. Модульдік технологиясының басты ерекшелігі - оның тек қана білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, яғни жадының алуан түрлерін ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай- ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін- өзі өзентілендіру, өзін - өзі бекіту, қарым- қатынас, ойын танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттануға белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталады.
Сондай-ақ, профессор Ж. Караевтың Деңгейлеп оқыту технологиясының маңыздылығы зор.Деңгейлеп оқытуда күтілетін нәтиже:
Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу;
Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігін, іскерлігін біліп қана қоймай, оны дамыту;
Өз бетімен ізденіс дағдыларын, іскерлік қабілетін жетілдіретін шығармашылық тұлға қалыптастыру;
Деңгеймен оқытудың ерекшелігі:
1.Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.
2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
3. Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.
Орыс сыныптарында қазақ тілін үйретуде іскерлік, рөлдік ойын түрлерін қолдану, диалог, монолог, сұхбат, сұрақ - жауап, көрініс қою, тақпақ оқу, ән айту, мәнерлеп оқу, жұмбақ , сөзжұмбақ шешу, пікір айту, пікірсайыс, тірек схемасын пайдаланып, жүйелі түрде әңгімелеу, т.б. әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану, оқушының басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттыратынын өз іс - тәжірибемнен күнделікті жұмыс барысында байқаймын.
Қорыта келе осы әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесі:
:: Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
:: Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
:: Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға;
Тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны білу, қарым - қатынас, ойын, танымдық, өзін- өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.

1.3 Бастауыш сыныптарда қайталау сабағында
қолданылатын әдіс-тәсілдер

Қайталау- сабақтың аса көп тараған түрі.Қайталаудың мақсаты - өткен оқу материалдарының ең негізгі түйінді мәселелерін қайталап пысықтауды, оқушыларды өздігінен қорытынды жасауға үйретуді көздейді, мұғалімнің аса жауапкершілікпен ой жіберіп, тыңғылықты әзірлігін қажет етеді.
Қайталау сабақтары не сабақ үстінде, болмаса арнайы ұйымдастырылған сабақ арқылы өткізіледі. Ол оқу бағдарламасы бойынша көлемі жағынан ірі тақырыптар немесе тарауларды оқып үйренуге байланысты соңында, сол сияқты оқу тоқсанының және оқу жылының аяғында жүргізіліп отырады.
Қайталау сабағында оқушыларды жақсы ұйымдастыру үшін оның сұрақтары мен пайдалануға тиісті әдебиеттерін оқу және сабақ барысында қолданылатын қажетті құралдарын әзірлеу жұмыстарын алдын ала белгілеу керек.
Қайталау сабағын әр түрлі тәсілдермен (ауызша, жазбаша, графикалық, жұмыстары және саяхат жасау) ұйымдастыруға болады.
Сабақ соңында мұғалім оның нәтижесін қорытындылап, оқушыларға қосымша тапсырмалар беруі мүмкін. Мұғалім оқушылар біліміндегі басты жетістіктері мен кемшіліктерді басымырақ көрсетіп, келешекте қандай мәселелерге көбірек көңіл бөлу қажеттігіне оқушылардың назарын аударады. Қайталау сабағында қолданатын әдіс-тәсілдерге тоқтамас бұрын әдіс-тәсіл дегеніміз не деген сұраққа жауап алайық.
Әдіс - оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдер. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді.
Тәсіл - оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі. Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Әр мұғалім жұмыс барысында әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдап,тиімді пайдаланғанда ғана көзделген мақсатқа жете алады. Сондықтан осы мәселені ойдағыдай шешіп,екі жақты құбылысты тиянақты жүзеге асыру үшін сабақтарымда мынадай әдіс-тәсілдерді жиі пайдаланамын.
Аударма әдісі,тірек сызба әдісі, сұрақ-жауап әдісі, көрнекілік әдісі, пікір-сайыс әдісі, жаттау, оқу, талдау, т.б
Тірек сызбалар оқушылардың сөйлесу тілін арттыру мақсатында пайдаланатын тәсілдің бірі. Тірек сызбаны пайдалану оқушыны сөйлеу үшін емес, олардың оқу-таным белсенділігін арттыру, ой-өрісін кеңейту үшін де қажет. Мұндай тірек схемалардың тиімділігі, біріншіден, сыныптағы оқушыларды түгел қамтиды, екіншіден, сөйлем құрастыруға, сұрақ қойып, оған жауап беруге көмекгеседі, үшіншіден, әңгіме құрастырып, оны әңгімелеп беруге үйренеді және есінде сақтауға ықпалын тигізеді, төртіншіден, оқушыны пәнге қызықтырады, ынтасын арттырады және мұғалімге сенімді көмекші. Осы арқылы оқушылар қиын тақырыпты жеңіл меңгереді, үлгерімі нашар оқушыларда белсенділік пайда болады.
Сұрақ - жауап әдісін қолдануда, оқушылардың көз алдындағы заттардың атын, оқу - құралдарының атын жатқа айтқызу көзделінеді.. Сұрақ - жауап әдісі тек қана жаңа материалды игеру мақсатында емес, өтілген грамматикалық формаларды бекіту, түйіндеу, еске сақтау, оқушының тілін, ойын дамыту мақсатында жүргізіледі. Жалғау түрлерінің ішінде тұлғалы зат есім тәуелді форманың септелуін қайталап жаттықтыру үшін әдіскер ғалым Ы. Мамановтың қолданған қарапайым тәсілін пайдалана отырып, оқушылардың қазақ тіліндегі 4 түрлі жалғаудың септік жалғауларын игеріп және тәжірибеде қолдану мүмкіндігін кеңейтуге болады. Ілік септік - Асан кімнің досы? - Асан - Үсеннің досы. - Үсеннің досының аты кім? Үсеннің досының аты - Асан. Барыс септік: Айжан, сен дәптерді кімге бердің? - Мен дәптерді досыма бердім. - Дәптерді досыңа қашан бердің? - Дәптерді досыма бүгін бердім. Табыс септік: Дәптерді кім алды? - Дәптерді Жомарт алды. - Жомарттың дәптерін кім алды? - Жомарттың дәптерін мен алдым. Жатыс септік: Қайрат қайда тұрады? Қайрат Алматыда тұрады. Шығыс септік: Қанат қайдан келді? - Қанат Жамбылдан келді. - Көмектес септік: Сен тапсырманы немен жазып отырсың? - ,Мен тапсырманы қаламмен жазып отырмын.
Әңгімелеу әдісі балаларға қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға,ойлау қабілеттерін арттырып,сөйлемдер құрастыруды үйренуге мүмкіндік береді.
Әңгімелеу әдісі бойынша бастауыш сыныпта мәтінмен мынадай жұмыс жүргіземін:
Тақтаға бір сөйлем жазып 1)осы сөйлемді мәтіннің басы етіп,әрі қарай өзің жалғастыр 2)осы сөйлемді мәтіннің ортасы деп санап,басы мен аяғын құр 3)осы сөйлемді аяғы деп санап,мәтіннің басын құр.
Тіл үйрену, тіл ұстарту адамның ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Ойлау қабілетін дамытудың негізгі әдістерінің бірі жаттығу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру болып табылады. Жаттығулар екі топқа бөлінеді:
1) тілдік жаттығулар; 2) сөйлеу жаттығулары.
Келесі мысал ретінде ұсынарым тілді жаттықтыруға арналған тілдік жаттығу:
-. Мұғалім бастайды, оқушылар қостап, аяқтайды.
Огурцы - қияр, Усы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыс сыныптарында қазақ тілі сабақтарындағы деңгейлік тапсырмалар жүйесі
Орыс сыныптарында қазақ тілі сабағының жоспары, құрылымы, сипаттамасы
Бастауыш сыныптарына арналған диктанттар жинағы
Оқушылардың тілін дамыту үшін бір тақырыпқа бірнеше мәтін алған дұрыс
Мектепте тарихты оқыту әдістемесінің орны мен рөлі
Оқыту әдістері мен түрлері
Қазақ тілі оқу пәні
Көркем шығарманы талдау мәселесінің зерттелуі
Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны
Мектеп бағдарламасында әдеби-терминдердің берілуі
Пәндер