Қазақ халқының ұлы тарихы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе

1. Қазақ халқының ұлы тарихы.

2. Қазақстанда басқа ұлт өкілдерінің қоныстануы.

3. Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-демографиялық жағдайына сипаттама жасау.

3. Халқының этникалық құрамы мен табиғи өсімі

4. Облыстағы миграция деңгейі

5. Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласына әлеуметтік-экономикалық сипаттама

6. Оңтүстік Қазақстан облысы халықының әлеуметтік даму процестері

Қорытынды

Кіріспе

Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық санамыз бен демографиялық мінез-құлқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байқалады. Кейінгі жылдары демографиялық деректерді білуге деген құлшыныс артып, қазақ ұлтының үрім-бұтағының өсіп-өнуі, сандық және сапалық өркендеуінің ахуалы қалай деген сауал әркімді де ойландыра түсуде. Саны жағынан әлемнің өркениетті дамыған елдерінен кешен қалған қазақ халқы үшін демографиялық ой-сананы жаңа сапалық тұрғыда қалыптастырудың тарихи маңызы аса зор. Сондықтан тәуелсіздігін әлем таныған, БҰҰ-ның толыққанды мүшесі Қазақстан ұлысы дүниенің төрт бұрышындағы өзінің географиялық орны мен әлем халықтары арасындағы үлес салмағын айқын түсіне білуі керек. Ол қазақ ұлысының геополитикалық және демосаяси санасының негізгі өзегі болуға тиіс.

Қазақ халқының ұстамды мінезі, салқын қанды сабырлы қимылы солтүстік қоңыр салқын белдеу табиғатының ықпалымен қалыптасқан игі қасиет.

Географиялық орналасуы жағынан тәуелсіз жас Қазақстан республикасы бұрынғы жыртқыш отаршыл империялар, қазіргі мейлінше көп ұлтты Ресей мен Қытай мемлекеттерінің арасында қыспақта жатыр. Оңтүстікте түркі тілдес тәуелсіз жас мемлекеттер Өзбек, Қырғыз және Түрікмен республикаларымен шектеседі. Сонымен қатар Каспий теңізі арқылы туысқан Азербайжан және іргелес Иранмен қатынасуға болады. Қазақстанның құрғақтағы шекара ұзындығы өзімен қатарлас Үндістан, Судан, Аргентинадан басым түседі. Ресей, Қытай, Канада, АҚШ, Бразилия сияқты елдерден кейінгі алтыншы орынды алып жатырСаны жағынан қатты әлсіреген қазақ халқының өз жерінде азшылықта қалуынан кереғар, күңгір көріністер туындайтын болса, оның өзінен саны басым халықтармен іргелес жатуы қосымша қиыншылықтарға алып келеді. Шығысымызда халқының саны қазақтан 100 еседен астам, 1 млрд-тан асатын Қытай мемлекеті орналасқанын естен шығармауымыз керек. "Қара қытай қаптаса-ақыр заман болады" деп бабаларымыз бұдан 500 жыл бұрын өз ұрпағын ерекше ескерткен. Солтүстігімізде қазақтың саны 15 еседен артық "ормандай көп орыс" жайғасқан. "Орыспен дос болсаң-айбалтаң жаныңда болсын" деп бұдан 300 жыл бұрын айтқан екен отаршылдық өктемдіктен әбден мезі болған момын қазақ бабамыз.

Тегіміз бір түрікмен, өз ағамыз өзбек және бір туған қырғыз бауырларымыз болашақта өз еркімен келіп санымызға сан қосса, олардан тіліміз бен ділімізге келер еш зиян жоқ.

. 2005 жылдың басына облыстағы халықтың саны 2193, 6 мың құрап, 2004 жылмен салыстырғанда оңтүстік қазақстандықтардың саны 2 % артты.

Халық санының көбеюі негізінен, бүгінгі таңға облыс халқының 59, 9 % 1312, 9 мың адам бөлігін құрап отырған, ауыл тұрғындары санының өсуі есебінен болып отыр. Жұмыста облыс халқының демографиялық жағдайы мен діни құрамына сипаттама берілген.

1. Қазақ халқының ұлы тарихы .

1864 жылы Шымкент пен Ташкенттің құлауынан кейін бұл жерге Ресей империясының орталық губерниясынан орыс және украйн жерсіз қалған шаруаларын көшіре бастады. Қоныстанушылардың басым көпшілігі суғармалы егіншілікпен таныс емес еді, сондықтан облыстың оңтүстік-шығысындағы барлық өзен алқаптарын мекендеді.

Қазақстанды шаруалардың отарлауы XIX ғ. Соңғы он жылында және ХХғ басында Столыпиндік аграрлық реформаға байланысты ерекше күшейді. Небір 46 жылдың ішінде (1871 -1917 ж. ж) өлкеге 1, 6 млн. Адам келіп тұрақтап қалды, олардың негізгі көпшілігі 1907-1916 жылдарға келеді. Осының салдарынан XIX ғасырдың аяғында және XX ғасырдың басында өлкеде 60-тай ұлтың өкілдері тұрды, олардың ішінде түрік тілдес халықтардан (өзбек, ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ, татар, башқұрт т. б. ) басқа неміс, поляк, мордва, дүнген, тәжік, еврей және т. б . бар еді.

1926 жылы халық санағы бойынша Қазақстанның қазіргі шекарасында 6198, 4 мың адам тұрды, олардың 58, 5 проценті қазақ, 20, 6 проценті-орыс, 13, 9 процент-украйн, 2, 1 процент-өзбек, 1, 3 процент -татар, 1, 0 процент-ұйғыр, 0, 8 процент-неміс және т. б.

1928-1934 ж. ж Қазақстанда ашаршылық басталды, ол көшпенді және жартылай көшпелді елді отырықшыландыру, сол сияқты қолдан урбанизациялау істерін зорлап ұжымдастыру саясатымен ұштастыра жүргізуі салдарынан туды. Жүздеген мың орыстар, украйндар, ұйғырлар және басқа ұлт өкілдері қырылды, бірақ қырылғандардың негізгі көпшілігі қазақтар болды. Қолда бар есеп бойынша 1929-1938ж. ж. 2610 мың қазақ қырылды, 1935-1938 ж. ж. әлеуметтік және саяси репрессияның салдарынан 135 мың адам жойылды. Қазақтардан барлық шығын 2750 мың адам болды.

1928-1930 ж. ж. ішінде жаңа құрылып жатқан совхоздарға елдің әртүрлі облыстарынан 65 мың отбасы көшіп келді. 1940ж. Украина мен РКФСР-дің жері аз аудандарынан, әсіресе Мордавия, Чувашия, Татарстан жэне басқа республикалардан ерік білдірген шаруаларды ұйымдасқан түрде көшіріп әкелу басталды.

30 ж. ж. ақырында бірсыпыра этностық топтардың жер аудару басталды, олардың бір бөлігі Қазақстанға жер аударылды. 1937 ж. қыркүйек-қазан айларында Қиыр Шығыстан Қазақстанға 110 мың корейлер, Азербайжан мен Армениядан 2, 4 мыңнан астам ирандық, әзірбайжан, курд, армиян отбасылары Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарына жер аударылды.

1939 ж. халық санағы бойынша қазақтардың үлес салмағы 1926 ж. салыстырғанда 20, 5 дәрежеге құлдырап, 38%-ке тең, украйндердің үлесі 13, 9-дан 10, 8%-ке, өзбектер 2, 1-ден 0, 66%-ке төмендеді.

Орыстар Қазақстандағы ең ірі этностық топқа айналды, олардың үлес саны 20 дәрежеге еге өсіп, 40, 2%-ке жетті. Немістер 1, 5%-ке, корейлер 1, 6, белорустар 0, 5% болды.

2. Қазақстанда басқа ұлт өкілдерінің қоныстануы.

Соғыс жылдары Қазақстанға көшіп келушілердің тасқыны шұғыл артты. Жаппай жер аударудың қарсаңында, 1939 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 54696 поляк, 3569 латыш, 808 ливан және т. б. тұратын. Елдегі неміс халқының да тағдыры осылай болып шықты. 1941 жылғы тамызда Қазақстанға 349713 неміс көшіріп әкелінді, олардың жалпы саны 441713 болатын. Қалған немістер Қазақстанға 1944-1945 ж. ж. көшіп келді. Мұның үстіне Қазақстанның және елдің басқа жерлерінде жалпы саны 2, 5 млн. адам неміс және жапон әскери тұтқындары жұмыс істеді.

Орта Азия мен Қазақстанға 1944 ж. ақпанда-чечен және ингуш халықтары, наурызда-балқарлар, қарашада - месхет-түріктері, қырым татарлары, қарашайлар және басқа халықтар күштеп көшіріліп әкелінді.

1957 ж. чечен жэне ингуш халықтарының автономиялары қайтадан қалпына келтірілгеннен кейін олар Солтүстік Кавказға қайта көше бастады, қарашайлар, балқарлар, қалмақтар ағылып қайтып жатты. Гректердің, месхет түріктерінің, қырым татарларының, поляктардың, корейлердің, Еділ бойы немістерінің бір бөлігі Орта Азия мен Қазақстанда қалды.

1954-1962 ж. ж. тың және тыңайған жерлерді игеру үшін Қазақстанға 2 млн. Жуық адам, олар негізінен елдің Европалық бөлігінен келді. Жұмысшылардың көпшілігі Украинадан, Белоруссиядан, Молдавиядан және Литвадан іріктеп алынды.

1939, 1959, 1970 ж. ж. халық санағы арасында Қазақстандағы ең саны көп этнос орыстар болып келген. 1939-1970 ж. ж. арасында орыстар, украиндар, белорустар халықтың басым көпшілігі болып келді .

1951-1970 ж. ж. жалпы алғанда КСРО-ның басқа аудандарынан Қазақстан кіші-қоныс процесінің бәсеңдеуі байқалады.

Қазақстаннан басқа республикаларға көшіп кетушілер арасында 1988-1990 ж. ж. орыстар 53-55%, украиндар 9-12%, немістер 6-8 %, қазақтар 6-9% республикаға көшіп келушілер арасында орыстар 48, украиндар 8%, немістер 5% қазақтар 20% болды.

1991 жылы Қазақстаннан қазақ емес халықтар көшіп кетуінің нәтижесінде азайып кетті, ал Өзбекстаннан, Түркменстан және Ресейден қазақтар көшіп келуі нәтижесінде өсе бастады. Шығыс Европа елдерінен келген маман жұмысшылар Қазақстаннан кетіп жатыр, бірақ ҚХР-ден табыс табу үшін (ауылшаруашылық жұмыстарына және коммерцияға) қытайлар келіп жатты.

1979-1989 ж. ж. этнодемографиялық құрамының ағымы мынаны көрсетеді: 1979-1989 ж. ж. халықтың жалпы өсімінде қазақтардың үлес саны 70, орыстардың үлесі 13, немістердің үлесі 3 процент болды

3. Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-демографиялық жағдайына сипаттама жасау.

Оңтүстік Қазақстан облысы Тянь-Шань тауларының сiлемдерi мен Тұран ойпатының шығысын ала, 117, 3 мың шаршы шақырым аумаққа орналасқан. Оның солтүстiгiн Бетпақдала шөлi, оңтүстік қиыр шетiн Мырзашөл қуаң даласы алып жатыр. Солтүстiк шетi мен оңтүстік шетiнiң ара қашықтығы 600 км.

Оңтүстік Қазақстан ежелгi кезден қолайлы географиялық аймақ саналған. Бұл территориядан Батыс пен Шығысты - Жерорта теңiзi елдерiмен Азияны, Қытай, Монғолияны жалғастыратын маңызды керуен жолдары өткен. Оңтүстік Қазақстанның таулы аудандарынан өткен осы жолдар тарихта “Ұлы Жiбек жолы” атымен белгiлi. Сырдария өзенi жағалауынан өтетiн Орта Азия арқылы Үндiстанға, Хазарияға, кейiнiрек - Алтын Ордамен Мәскеуге алып баратын жолдың да маңызы жоғары болатын.

Осы керуен жолдарының бойында VI-XII ғ. ғ. көптеген сауда орталықтары, қалалар пайда болды. Әсiресе, Сырдария өзенi бассейнінде: Отырар, Испиджаб, Сүткент, Сығанақ, Сауран сияқты iрi қолөнер және сауда орталықтары салынды.

Ресейге толығымен қосылған соң (XIXғ. 60 жылдар ортасы) Оңтүстік Қазақстан Орта Азия оазистерiмен Ресейдiң Европалық бөлiгiндегi аудандарды жалғастырушы ретiнде танылған. Алайда, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында жолдардың жоқтығынан бөлiм аралық байланыс қиын болатын.

Кеңес Одағы заманында Оңтүстік Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы түбiрiмен өзгердi. Түркiстан-Сiбiр темiр жолы салынды, Мойынты-Шу линиясымен бiрге бiрнеше iрiлi ұсақты темiр жол жүйелерiнiң салынуымен пайдалы қазбалар кен орындарының ашылуы басталды.

Оңтүстік Қазақстан облысы - республикадағы маңызды және жақсы дамыған экономикалық аудандардың бiрi. Ауылшаруашылығына мамандануы Оңтүстік Қазақстанға шекаралас жатқан Орта Азияны еске түсiредi. Бұл - Қазақстанның бағалы техникалық және дәндi дақылдар өсiретiн суғармалы аймағы. Республикада бақша, жүзiм өсiру мен қой шаруашылығынан бiрiншi орынды иемденедi.

Оңтүстік Қазақстан азық-түлiк және жеңiл өнеркәсiп дамыған орталық. Тау кен өнеркәсiбi де жоғары деңгейде жолға қойылған (полиметалл, фосфорит, қорғасын өндiрiсi) .

Оңтүстік Қазақстан табиғат жағдайы Орта Азиядағы көршi мемлекеттермен өте ұқсас. Мұнда Орта Азиядағы сияқты жазықтарда күн сәулесiнiң таралуы жоғары. Оңтүстік Қазақстанның климаты шұғыл континенттi, әсiресе жазық шөлдi аймақтарда. Континеттiлiк солтүстiкке қарай айқын байқалады. Оңтүстік Қазақстанның барлық территориясына салыстырмалы суық, қары аз қыс тән, жылы, жаңбырмен ұласқан көктем, содан соң - ыстық жаз тән. Күз кенеттен кiредi де, ол температураның шұғыл тербелiсiмен, жаңбырмен ерекшеленiп, аяздың соңы қармен жалғасады.

Басқа экономикалық аудандармен салыстырғанда мұнда вегетациялық кезең ұзаққа созылады (220 күнге дейiн) . Сәуiр мен қыркүйек аралығында түсетiн энергияның мөлшерi тропиктегiмен бiрдей. Температураның жалпы мөлшерi 4000 градусқа жеттi. Оған қоса, Оңтүстік Қазақстанда бұлттылық республика бойынша ең төмен (35-45% орташа жылдық), ал ауаның ылғалдылығы шiлдеде 18-20%-ға дейiн төмендейдi. Мұндай табиғи үйлесiмдiлiк дәндi дақылдармен бiрге жылу сүйгiш өсiмдiктердi өсiруге болады.

Оңтүстік Қазақстан климатының қолайсыз жақтары көктемнiң соңғы айларындағы аяздар. Бұл аяз жас мақталар мен басқа да өсiмдiк түрлерiнiң үсуiне алып келедi.

Оңтүстік Қазақстанның көп бөлiгiнде жауын-шашын өте аз. Жауын -шашынның орташа жылдық көрсеткiшi солтүстiгiнде 150 мм-ге дейiн, Оңтүстік Қазақстаның оңтүстiгiнде 500 мм-ге дейiн жетедi. Жылына 5-6 айдың көлемiнде жауын-шашын жауады.

3. 1. Халқының этникалық құрамы мен табиғи өсімі

Оңтүстік Қазақстан облысы 1932 жылдың 10- наурыз күні құрылғаннан бастап, атауын сан мың өзгерткен. 60-жылдары Оңтүстік Қаазсқатн өлкесінің құрамында Шымкен деген атаумен еніп, егемендік жылдарынан кейін Оңтүстің Қазақстан облысы деп аталды.

Облыс халқы көп қлтты, мұнде жүзден астам ұлттар мен ұылстар тұрады. Облыс халықының 68 пайызға жіуығын қазақстар құрайды. Олар Арыс, Келес, Сырдария өзендерінің аңғарлары мен дала зонасында қоныстанған. Бұдан басқа 17 пайыз өзбектер, 7 пайыз орыстар тұрады. 90-жылға дейін бұл ұлттар халықтың көп бөлігін құраған.

Оңтүстік Қазақстан облысында қала халқы халықтың үштен бірін құраса, көбі ауылдық жерлерде тұрады.

Халықтың тығыздығы республика бойынша үш есе жоғары, мұнда 1 шаршы шақырым жерге 16, 8 адамнан келеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында 11 ауылдық және 3 қалалық аудан, 4 қалалық-әкімшілік, 7 қала, 13 қала типтес селолар, 884 елді мекендер бар. Облыста 2, 2 млн. халық тұрады. Территориясы бойынша Республика жерніің 4, 3 пайызын алып жатыр, халқының қоныстануы жөнінен Қаазақстан Республикасындағы ең ірі облыс, халықтың 15 пайызы осында қоныстанған. Қаазсқа халықынығ саны бойынша Республикадағы бесінші қазақ осы облыста тұрады. Еңбеке жарамды адамдардың саны жқнінен республикада алдыңғы орында, жұмыссыздар саны осы адамдардың 8 пайызын құрайды.

ОҚО-ның демографиялық сипатына туу мен өлім көрсеткіштері, миграция, көші-қон процестері әсер етеді. Облыс республика бойынша өзіндік ерекшелікті құрайды, мұнда күшті демографиялық потенциал орнаған. Қаазсқатн бойынша халықтың 13 пайызы осында қоныстанған. Халықтың тығыздығы 1 км2 жерге 18, 6 адамнан келеді, ол республикалық көрсеткіштерден үш есе жоғары. Осы аймақта 120-дан астам ұлттиар мен ұлыстардың өкілдері тұрады. Демографиялық процестегі мұндай көрсеткіштер иммиграция мен халықтың табиғи қөсіміне тікелей байланысты.

Облыстың демографиялық көрсеткіштерін анықтауда мынадай әлеуметтік факторлар әсер етеді:

  • халық санының өсуіне туу деңгейі мен облысқа қоныс аударушылар әсер етеді;
  • халықтың табиғи қозғалысы, яғни туу мен өлім көрсеткіштерінің жиынтығы, азаматтық хал-ахуал және әлеуметтік қамтамасыз ету актісі;
  • миграция, халықтың облыс, республика және әлеуметтік қамтамасыз ету актісі;
  • миграция, халықтың облыс, республика және басқа мемлекеттерге қоныс аударуы мен келуі.

Халықтар қала, қала типтес село мен ауылды жерлерде өмір сүреді. Қазіргі таңда қала мен қала типтес селоларда тұратын адамдардың саны артып келеді.

ОҚО көп ұлтты. 1999 жылығы санақ бойынша мұнда қазақ-55, 8 %, 15, 3 %, өзбектер- 15, 6 %, азербайжандар - 1, 5 %, татарлар- 1, 9 %, тәжіктер - 1, 1 %, украиндер - 1, 8 %, корейлер - 0, 6 %, немістер- 2, 4 %, ұйғырлар - 0, 2 %, шешендер- 0, 2 %, гректер - 1, 1 %, белорустар - 0, 2 %, гректер-1, 1 %, белорустар-0, 2 %, башқұрлар-0, 1 %, қырғыздар- 0, 1 %, армяндар -0, 1 %, басқа ұлттар- 1, 4 %. 2001 жылғы мәлімет бойынша қала халқының саны 740, 3 мың адам (37 %), ауыл халқы 1285, 1 мың (63 %) адам болып табылған.

Халықтың абсолюттік табиғи өсімі 2004 жылдың қаңтар-қараша айларында 40, 5 мың адамды құраған (2003 жылдың қаңтар-қараша айларында 117, 2 %) осфы кезеңде туу 54, 3 мың (111, 4 %), өлім 13, 8 мың (97, 1 %) адам болған.

Туу деңгейі 2003 жылмен салыстырғанда 25, 2 адамға өскен. 2004 жылдың қаңтар-қараша айларында туу 1000 адамға 27, 5 адамнан келген. Қала өалқы бойынша 1000 адамға 26, 8, ал ауыл халқы бойынша 1000 адамға 28 адамнан келген.

Туудың төменгі көрсеткіші Шымкент (1000 адамға 21, 4 адамнан) Сарыағаш ауданында және Кентау (21, 6) қалаларында тіркелсе, жоғары көрсеткіш Сарыағаш ауданында (1000 адамға 5, 8 адамнан келеді. ) көрсетілген.

2005 жылдың 1 шілдесіне, алдын ала деректер бойынша, облыс халқының саны 2213, 9 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалық мекендерде- 886, 1 мың адам (40. 0%), ауылдық елді мекендерде халық саны - 1327, 8 мың адам ( 60, 0%) құрады.

2005 жылдың қантар-маусымында халықтың табиғи өсуінің абсолюттік көрсеткіші 21, 5 мың адам болып ( 2004 жылдың қантар-маусымына - 102, 2%), 29, 8 мың - туу (103, 7%), 8, 3 мың - өлім оқиғасы (107, 8) тіркелді.

  1. жылдың қантар-маусымында облыстың қалалық әкімшіліктері мен аудандарындағы халықтың табиғи өсуі

2004 жылдың қантар-маусымында % -бен

Туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда қантар-маусым айларында, 2004 жылдың тиісті кезеңіндегі 26, 9- дан - 27, 4- ке дейін өсті. Әр 1000 қала тұрғынына орта есеппен 28, 6 туылғаннан келсе, ауыл тұрғынына - 26, 7 туылғаннан келеді.

Туылғандардың төменгі деңгейі ( 1000 адамға шаққанда ) - Кентау қ. ә. (22, 3) тіркелді, жоғары деңгейі - Мақтаарал, Сарыағаш аудандарында және Түркістан қ. ә. (тиісінше 30, 6, 31, 9, 31, 4) орын алды.

Өлім коэффициенті 1000 адамға шаққанда, 7, 2 - ден - 7, 6 -ға дейін артты. Әр 1000 қала тұрғынына орта есеппен 9, 8 өлгеннен келсе, ауыл тұрғынына - 6, 2 өлгеннен келеді.

Халық өлімінің негізгі себептері - қан айналым жүйесінің ауруы (жалпы өлгендер санының - 49, 1 %) және жазатайым оқиғалардан, уланудан және жарақаттан (12, 5 %) болды. Аумақтар кесіндісінде, қан айналым жүйесінің ауруынан өлгендердің басым бөлігі Шымкент қ. ә. (28, 0 %) және Сарыағаш ауданына ( 10, 2 %) тиесілі.

2005 жылдың қантар-маусымында 456 нәресте шетінеді, немесе туылған 1000 баланың 15, 6-і шетінеген ( 2004 жылдың қантар-маусымында - 427, немесе туылған 1000 баланың 16, 4-і шетінеген) . Туылған 1000 балаға нәресте өлімі деңгейінің кемуі Кентау қ. ә. және Ордабасы, Қазығұрт, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Төле би аудандарында байқалса, Бәйдібек, Мақтаарал, Түлкібас, Шардара аудандарында, Түркістан қ. ә. Арыс қ. ә. және Шымкент қалалық әкімшілігінде бұл көрсеткіш көбейіп отыр.

2005 жылдың қантар-маусымында 7, 3 мың некелесу ( 2004 жылдың қантар-маусымына - 96, 7 %), 976 - ажырасу ( 101, 1 %) тіркелді. Облысты тұтас алғанда, некелесудің жалпы коэффициенті халықтың 1000 адамына шаққанда 2005 жылдың қантар-маусымында - 7, 0 - ден 6, 7 - ге кеміді.

Некелесудің ең жоғары деңгейі - Қазығұрт ауданында ( 8, 7 неке ) , төмен деңгейі - Шардара ауданында ( 5, 1 неке ) орын алды.

2005 жылдың қантар-маусымында АХАЖ органдарында тіркелген некелесудің басым бөлігі ( жалпы санының -60, 1 %) ауылдық жерге тиесілі. Аумақтар кесіндісінде, ең көп некелесу ( 21, 0 % ) Шымкент қ. ә. және Сайрам ауданына ( 10, 9 % ) тиесілі. Осы уақытта некелесу санының едәуір артуы Түлкібас, Қазығұрт аудандарында ( тиісінше 33, 1 % және 22, 9 % ) тіркелді.

Ажырасудың жалпы коэффициенті халықтың әр 1000 адамына шаққанда 2004 жылдың қантар-маусымындағы 0, 9 - дан 2005 жылдың қантар-маусымында - 0, 9 деңгейінде қалды. Ажырасудың ең жоғары деңгейі - Шымкент қ. ә. ( 1, 9 ажырасу ) , ең төмен деңгейі - Шардара және Ордабасы ауданында ( 0, 3 ажырасу ) орын алды.

2005 жылдың қантар-маусымында ажырасушылық деңгейі Шымкент қ. ә. және Арыс қ. ә. облыстық деңгейден ( 1000 адамға шаққанда, тиісінше 1, 9, 1, 6 ажырасу ) жоғары болды.

Тіркелген ажырасулар санының кемуі Кентау қ. ә. ( 2004 жылдың қантар-маусымындағы деңгейден 74, 6 % ) , Бәйдібек ( 47, 4 % ) , Тулкібас ( 90, 6 % ) Сайрам ( 83, 8 % ), Мақтаарал ( 85, 5 % ) , Ордабасы ( 70, 6 % ) , Қазығурт ( 80, 6 % ) , Сарыағаш ( 97, 3 % ) , Шардара ( 90, 0 % ) аудандарында және Туркістан қ. ә. ( 98, 2 % ) байқалды.

3. 2. Облыстағы миграция деңгейі

Көші-қонмен 2005 жылдың қантар-маусымында облысқа келген халықтың саны 5, 9 мың адамды құрап ( облыс ішіндегі көші-қонды есепке алмағанда ) , ал облыстан шетке кеткен халықтын саны 7, 1 мың адам болды, бұл 2004 жылдың қантар-маусымымен салыстырғанда тиісінше, 22, 4 % кем және 12, 7 % артық, көші-қон өсімі - ( - 1, 2 ) мың адамды құрады.

Келгендердің ішінде - 1821 адам Қазақстанның басқа облыстарынан, 4050 - ынтымақтастық елдерінен және 21 - алыс шет елдерден келгендер. 2004 жылдың қантар-маусымымен салыстырғанда Қазақстанның басқа облыстарынан келгендердің саны - 17, 0 %, ТМД елдерінен - 25, 1 % кеміді.

Кеткендердің ішінде 603- ынтымақтастық елдеріне, 48 - алыс шет елдерге кеткен. 2004 жылдың қантар-маусымымен салыстырғанда ТМД елдеріне кеткендердің саны - 32, 6 % кеміді.

  1. жылдардың қантар-маусым айларындағыхалықтық көші-қон.

адам

2005
2004
:

Келгені

оның ішінде;

2005: 10476
2004: 16883
: ТМД елдері
2005: 4050
2004: 5405
: ТМД - дан тыс елдер
2005: 21
2004: 11
:

Кеткені

оның ішінде:

2005: 11641
2004: 15601
: ТМД елдері
2005: 603
2004: 895
: ТМД-дан тыс елдер
2005: 48
2004: 110
:

Көші -қон айырымы

оның ішінде:

2005: - 1165
2004: 1282
: ТМД елдері
2005: 3447
2004: 4510
: ТМД - дан тыс елдер
2005: - 27
2004: - 99

Сонымен қатар, облыс ішінде көшкен адам саны 4, 6 мың адамды құрап, 2004 жылдың қантар-маусымымен салыстырғанда 50, 6 % кеміді.

Көші-қон ағыны бойынша көші-қондық абсолюттік ауытқу айырымы:

ТМД елдері бойынша - 3447 адамды ( оң ) , алыс шет елдермен -(-27 ) адамды ( теріс) құрады.

2005 жылдың қантар-маусымында көші-қондықтың төмендегідей тенденцияларын атап көрсетуге болады:

- ТМД елдерінен келушілер және ТМД-дан тыс және ТМД елдеріне кетушілер саны кеміді.

3. 3. Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласына әлеуметтік-экономикалық сипаттама

Білім саласы. Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде реформалар жүйелі жүргізіліп келеді. "Қолданбалы экономика", "Азаматтану" курстары, көркем-өнер түрлеріне және саз салаларына байланысты игілікті істер жарасымды жалғасын табуда. Түрлі салаларға бағытталған мектеп-гимназиялардың, мектеп-лицейлердің т. б. тәжірибелері, "Дарын" мектеп-интернаттарының ізденістері жақсы мәлім. "Жас лидер" халықаралық бағдарламасы, қазақ тіліндегі тапқырлар клубтары жанданып, кеңінен өpic ала бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Жәми ат-тауарих» шығармасындағы Орта және Кіші жүз негізін құраған ХІ-ХІІІ ғғ. түркі тайпаларының тарихы
ҒАЛЫМНЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ
Уақыт және тарих
Орыс жазушылары мен ақындары қазақ өлкесінде (А. С. Пушкин, В. Гоголь, В. Даль және т.б.)
ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАҢДАҒЫ ТӘРБИЕ, ОҚЫТУ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІР (ҮІ-ХУІІ ғ.ғ)
Қазақтардың этникалық тарихының деректері
Орта жүзден тараған Қаракесек руының шежіресі
Қазақстанның ең ірі жазушыларының шығармасы
М. Қ. Қозыбаевтың өмір жолы мен ғылыми шығармашылық мұрасы (1985-2002жж.)
Шоқан Уәлиханов және қазақ тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz