Прокуратура органдарын ұйымдастырудың құқықтық негізі және принциптерінің өзекті мәселелері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1.1 ҚР прокурорлық қадағалаудың ұғымы мен маңызы ... ...8
1.2 Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері ... ..12
1.3 Қылмыспен және басқа да құқық бұзушылықпен күресу бойынша құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру ... ... ... 24

2. ПРОКУРАТУРА ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
2.1 Прокуратура органдары қызметтерінің құқықтық жағдайы ... ..30
2.2 ҚР прокуратура органдарындағы кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... ... ...44
2.3 Қылмыстықпен күресу бойынша құқық қорғау органдары қызметін үйлестірудегі прокуратура рөлін көтерудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері ... ... ...59
2.4 Прокуратура органдарының сотта мемлекет мүддесін білдіру түсінігі, маңызы және міндеттері ... ... ... ... ..61

3. ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.1 ҚР прокуратура органдары жүйесінің ұғымы ... ... ... ... 67
3.2 ҚР прокуратура органдарының жүйесі ... ... ...71
3.3 Жедел іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау ... ... ..77

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ...85

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағынан заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарынның және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы және заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді.
Құқықтық мемлекетті құру, прокурорлық қадағалау әрекеттерін және дәрежесін жоғарлатуды, прокуратура дербестігін күшейтуді, оның қызметіне қандай да бір араласудың болмауын, олардың алдына қойылған тапсырмаларды табысты орындау үшін жеткілікті кепілді жасауды талап етеді.
Шын мәнінде, прокуратура тапсырмаларды шешуде ерекшелік күшіне сай, билікті бөлудің таптық сызбасына кірмейді, яғни заң шығару, орындаушылық міндеттерді және соттық билікті жүзеге асырмайды. Республикада прокуратура жын мәнінде сот саласында және мемлекеттік басқару саласында заң бұзушылыққа қарсы тұрады. Дамушы конституциялық билікті бөлу қағидаларын әрбір билік тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың, билік өкілеттілігін шынайы мазмұнмен толықтыруды қарастырған.
Осыған сәйкес кейбір тұлғалар шеңбері жағынан әртүрлі негіздерді және себептерді келтіріп, прокуратура міндеттеріне мемлекеттік саясат саласында заңдылықты қамтамассыз ету тән емес-деп прокуратураның өкілеттілік көлемін тарылтуға әрекеттер жасады.
Қадағалау өндірісі орындаушы, сот органдарына және заң шығарушы билікке тән болмауы қажет. Осы жоспарда оларға бақылау қызметі тән, ал қадағалау міндетіне өзінше өкілеттілік берілген-қандайда бір шешім қабылдаумен байланысты емес, бірде- бір билік тармағына бағынышты емес прокуратура органына жүктелінуі қажет.
Заң шығарушы органның тапсырмаларын тарылту шеңберінде, мемлекет көлемінде заңдардың орындалуын қадағалау міндетін арнайы органға беру, яғни прокуратураға мемлекет атынан Жоғарғы қадағалауды жүзеге асыру жайлы сұрақ шешіліп, тапсырылды.
Шын мәнінде бүгінгі күнде прокуратура, мемлекеттің Ел Басына ортақтандырылған заң қолдану тәжірибесін, шұғыл түрде заңды тұлғалардың, азаматтардың, сот инстанцияларының заң бұзушылық жайлы арыздануын күтпей-ақ, прокурорлық елеумен алдын алу шараларын орындауға мүмкіндік беретін орган болып отыр.
Нормативтік актілер

1. «ҚР Прокуратурасы туралы» ҚР Заңы. Құқық қорғау органдары: Заңнамалық актілер жиынтығы.-Алматы: Юрист,2003.-153б.
2. «ҚР Прокуратурасы туралы» ҚР Заңы. Құқық қорғау органдары: Заңнамалық актілер жиынтығы. Алматы: Юрист, 2003. – 220 б.
3. «Жедел іздестіру қызметі туралы» ҚР заңы Құқық қорғау органдары: Заңнамалық актілер жиынтығы.-Алматы: Юрист,2003.-153б.

Қосымша әдебиеттер

4. Ақпарова Р.Н Қазақстан РЕспубликасының прокуратура органдары. Алматы, «Дәнекер», 2000 ж.
5. Алиев М.М. Прокурорский надзор РК. Оқу - әдістемелік материалдары. «Жеті Жарғы», Алматы, 2002 ж.
6. Басков В.И. Курс прокурорского надзора./ Прокурорлық қадағалау курсы/, -М.: Зерцало, 1999.
7. Винокуров Ю.Е Прокурорский надзор. 3 – і бас. М., 2001 ж.
8. Ибрагимов Х.Ю. Правоохранительные органы. Оқу - әдістемелік құрал. – Алматы: «Дәнекер», 2000 ж.
9. Келдібаев М.Х,, Огородников А.А. Прокурорский надзор. Оқулық. – Санкт – Петербург, 2002ж.
10. ҚР Конституциясы. «Жеті Жарғы» Алматы, 2003 ж.
11. Қр Азаматтық іс жүргізу кодексі. Алматы, Юрист, 2003ж.
12. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі.-Алматы:Юрист,2003 – 220б.
13. Нәрікбаев М.С. Дорога к правосудию.-Алматы: Елимай контакт. 1997, 232б.
14. Нәрікбаев М.С. Дорога к правосудию/ Әділ сотқа жол/, - Алматы: «Елимай контакт». 1997.
15. Нәрікбаев М.С., Өтебаев Ғ.Қ., Әлиев М.М. Прокурорский надзор РК. – Алматы 2002
16. Нәрікбаев М.С., Юрченко Р.Н., Алиев М.М. ҚР- ның қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдылығын қолданудың маңызды мәселелері. Астана, 1999 ж.
17. Өтебаев Ғ.К. Мемлекеттік айыпталушының соттағы сөзі. оқулық.-алматы,2004-259б.
18. Өтебаев Ғ.Қ. Сотта мүдделерді білдіру. ҚР әділет органдары, мемлекеттік және өзге де ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты. – Астана, 2004 ж.
19. Под ред. К.Ф. Гуценко и М.А. Ковалева.– М.: "Зерцало", 2001.
20. Прокурорлық қадағалау (Жауаптар мен сүрақтар). – М.: Жаңа заңгер, 1999 ж.
21. Прокурорлық қадағалау (Оқу бағдарламасы), Алматы: Қазақ мемлекеттік заң университетінің кітапханасы, 1998
22. Прокурорлық қадағалау мәселелері жөніндегі Бас прокуратураның негізгі нормативтік актілер жинағы. Астана, 2003 ж.
23. Прокурорлық қадағалау/ Ю.Е. Винокуровтың редакциялығымен. – М.: Экзамен, 2000 ж.
24. Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстанның прокуратурасы. – Алматы, 2001ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 92 бет
Таңдаулыға:   
Прокуратура органдарын ұйымдастырудың құқықтық негізі және принциптерінің өзекті мәселелері

Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1.1 ҚР прокурорлық қадағалаудың ұғымы мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .8
1.2 Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... 12
1.3 Қылмыспен және басқа да құқық бұзушылықпен күресу бойынша құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2. Прокуратура қызметінің жүзеге асуы
2.1 Прокуратура органдары қызметтерінің құқықтық жағдайы ... ... ... ... ... ...30
2.2 ҚР прокуратура органдарындағы кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
2.3 Қылмыстықпен күресу бойынша құқық қорғау органдары қызметін үйлестірудегі прокуратура рөлін көтерудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
2.4 Прокуратура органдарының сотта мемлекет мүддесін білдіру түсінігі, маңызы және міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61
3. Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру
3.1 ҚР прокуратура органдары жүйесінің ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 67
3.2 ҚР прокуратура органдарының жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 71
3.3 Жедел іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 77
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...85
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 90

КІРІСПЕ
Тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағынан заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарынның және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы және заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді.
Құқықтық мемлекетті құру, прокурорлық қадағалау әрекеттерін және дәрежесін жоғарлатуды, прокуратура дербестігін күшейтуді, оның қызметіне қандай да бір араласудың болмауын, олардың алдына қойылған тапсырмаларды табысты орындау үшін жеткілікті кепілді жасауды талап етеді.
Шын мәнінде, прокуратура тапсырмаларды шешуде ерекшелік күшіне сай, билікті бөлудің таптық сызбасына кірмейді, яғни заң шығару, орындаушылық міндеттерді және соттық билікті жүзеге асырмайды. Республикада прокуратура жын мәнінде сот саласында және мемлекеттік басқару саласында заң бұзушылыққа қарсы тұрады. Дамушы конституциялық билікті бөлу қағидаларын әрбір билік тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың, билік өкілеттілігін шынайы мазмұнмен толықтыруды қарастырған.
Осыған сәйкес кейбір тұлғалар шеңбері жағынан әртүрлі негіздерді және себептерді келтіріп, прокуратура міндеттеріне мемлекеттік саясат саласында заңдылықты қамтамассыз ету тән емес-деп прокуратураның өкілеттілік көлемін тарылтуға әрекеттер жасады.
Қадағалау өндірісі орындаушы, сот органдарына және заң шығарушы билікке тән болмауы қажет. Осы жоспарда оларға бақылау қызметі тән, ал қадағалау міндетіне өзінше өкілеттілік берілген-қандайда бір шешім қабылдаумен байланысты емес, бірде- бір билік тармағына бағынышты емес прокуратура органына жүктелінуі қажет.
Заң шығарушы органның тапсырмаларын тарылту шеңберінде, мемлекет көлемінде заңдардың орындалуын қадағалау міндетін арнайы органға беру, яғни прокуратураға мемлекет атынан Жоғарғы қадағалауды жүзеге асыру жайлы сұрақ шешіліп, тапсырылды.
Шын мәнінде бүгінгі күнде прокуратура, мемлекеттің Ел Басына ортақтандырылған заң қолдану тәжірибесін, шұғыл түрде заңды тұлғалардың, азаматтардың, сот инстанцияларының заң бұзушылық жайлы арыздануын күтпей-ақ, прокурорлық елеумен алдын алу шараларын орындауға мүмкіндік беретін орган болып отыр.
Демократиялық және республикада өзекті реформалар шарттарында, қоғам өмірінің барлық жағын құқықтық жаңартуды реттеуде, Конституцияның жоғарлылығын қамтамассыз етуге бағытталған және Қазақстан Республикасындағы заңдардың бірлігіне және заңдылықты нығайтуда прокуратура органдарының жұмыстары маңызды орын алады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасының Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Заң күші бар Жарлығында, прокурорлық қызметтің ғұрыптық бағыттарынан басқа, бұрын Конституциялық Соттың құзіретіндегі заңдардың және басқа да құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қадағалау жаңа тапсырма ретінде прокуратура органына жүктелінді. Сондай- ақ Бас прокурорға заңдарға және басқа да құқықтық актілерге наразылық келтіру құқығы берілді.[1]
Құкыктық мемлекет кұруға бағыт алған Қазакстан Республикасындагы құқыктық реформаны жүзеге асыру жағдайында мемлекетіміздің ең басты әлеуметтік құндылықтарының бірі - заңдылықты сактауға ерекше мән беріледі.
Осыған байланысты, әсіресе қылмыстық сот ісі жүргізу саласында еліміздегі заңдардың орындалуын әмбебаптық қадағалау органдарының бірегей орталыктандырылған жүйесі ретіндегі прокуратуралардың құзырын нығайту қажет.
Қазакстан Республикасының Қылмыстык іс жүргізу кодексі қылмыстык процестің міндеттерін қылмысты тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану деп белгілеген болатын (ҚР ҚІЖК 8-бабының 1-бөлігі).
Осы міндеттерді орындауға тергеу органдарының ездерінің іс жүзіндегі қызметін аткару кезінде заңдылықты тікелей камтамасыз етуімен, сондай-ақ қылмыс жасауға жағдай туғызатын себептер мен шарттарды дер кезінде әшкерелеумен және болдырмаумен кол жеткізіледі.
Қылмыстық сот ісін жүргізуде заңдылықты камтамсыз етудің бірден-бір жолы прокурорлық қадағалау болып табылады.
Прокуратура қылмыстық істерді тергеу кезінде заңдарды әртүрлі жолдармен дәлме-дәл және біркелкі ғана емес, бұлжытпай орындауға, кімнің тарапынан болса да кез келген заң бұзушылықты жоюға дер кезінде шара колдануға, сондай-ақ азаматтарды заңды қастерлеу рухында тәрбиелеуге шақырылады.
Мемлекеттік құрылымдар, бұқаралык ақпарат кұралдары, заңгерлік коғамдастықтар мен азаматтар тарапынан заңдылық жағдайына баса назар аударылуы осы саладағы құқықтық, нигилизмнің етек алуына, жүртшылықтын құқыктық сана-сезімі деңгейінің төмендігіне, заңдылықтардағы кейбір карама-қайшылыктарға және кұқық колдану саласындағы толып жаткан құкық бұзушылық фактілеріне байланысты.
Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы халықтарына Жолдауындағы бәрі де заң бойынша өмір сүретін шынайы құкықтық мемлекет құру.. және ..болашақ ұрпақтың алдында қазіргі біздің ұрпақтардың орасан зор жауапкершіліктері жатыр: олар өздерінің балалары үшін алаңдамай, көшелерде еркін жүріп және өздерінің мүліктері үшін алаңсыз бола алар ма екен деп айтылған сөздері біздің мемлекетіміздің алдындағы бірінші кезектеп міндеттердің бірі болып саналады.
Қазақстан Республикасы Прокуратура туралы Заңының 48-бабында прокурор - өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарын, өзге де нормативтік-кұқықтық актілердің дәл және бір-қалыпты қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің зандылығын қадағалауды, сотта мемлекет мүдделерінін өкілі болуды, сондай-ақ занда белгіленген жағдайларда, тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын лауазымды адам, деп анықтама берілген.
Осыған байланысты, заңдылыққа жоғары қадағалау жүргізетін ізге түсу органы бола отырып, прокурор өзінің өқлеттігін орындау кезінде ешкімге де тәуелді емес және ол заңға ғана бағынады.
Сондыктан да қылмысты тергеу кезіндегі анықтау мен алдын ала тергеу органдарының заңдарды орындауына прокурорлық қадағалау жүргізу мәселелерін зерттеу өзінің актуальдылығын ешқашанда жоғалтпайды.
Керісінше, заңдылыктардағы, қылмыстылық жағдайы мен динамикасындағы, қоғамның экономикалық және әлеуметтік өміріндегі, құқық қорғау органдарындағы кадрлық және құрылымдык елеулі өзгерістер қылмыстық іс жүргізетін органдар жүйесіндегі прокуратураның рөлі мен алатын орны, олардың қадағалау қызметін жүргізудегі функциясы, өкілеттігі мен әдістерін қарастырады.
Бұл жұмыстың құрамдық бөлігі- адамдардың және азаматтардың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің мүдделерін, құқықтарын, бостандығын сақтауға прокурорлық қадағалау жасау.
Оның тиімділігі кең дәрежеде, жеке алғанда прокуратура қызметкерлерінің құзіреті, республикада болып жатқан өзгерістердің маңыздылығын түсінуі және прокуратура жүйесінің негізгі орындаушылары- аудандық, қалалық прокурорлардың өздерінің тапсырмаларын қаншалықты табысты орындауымен, берілген өкілеттіліктерін дер кезінде толық қолдануымен, заң бұзушылықтарды табандылықпен жоюда және кінәлілерді жауаптылыққа тартумен тікелей байланысты.
Бұл шартта прокуратурадан Қазақстан Республикасының Президентінің 29 желтоқсан 1995 жылғы "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Заң күші бар Жарлығымен ұсынылған барлық мүмкіндіктерді қолдануды талап етеді. Олар:
- лауазымды тұлғалардың өздерінің міндеттерін орындауда заңдылықты сақтау бойынша басты назарды белсенді қадағалауға жинақтау, ол кезде барлық прокурорлық өкілеттіліктері қолданылуы тиіс және заң бұзушылықты жою жайлы ұсыныстар қолдану, қажетті көмек беру, басқару органдарының ұйымдық жұмыстарына белсенді қатысуы;
- дер кезінде заң бұзушылықтың алдын алып және анықтап, міндетті түрде мемлекетке келген шығынды толықтыру;
- барлық мүдделі ведомствалармен келісілген әрекеттерді өңдеуде және жүзеге асыруда жалпы қадағалау және тергеу тәжірибесінің құжаттарын толық түрде қолдану;
- демократиялық және ашық жұмыс үйренуге, себебі, егерде бұрынғы бойынша басқару аппаратына барса, егер де прокуратура шаралары үлкен еңбек ұжымдарына сүйенбесе, жалпы бақылау жұмысы табыссыз болып қалады [1].
Әкімшілік-басқару жүйесінің бұзылуы прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру, оларды жүзеге асыру нышандарын және әдістерін қайта қарау, қадағалау затын нақты анықтау үлкен өзгерістерге ұшыратты.
Сол себепті, тиянақты талданған қалыптасқан жағдай арқылы Қазақстан Республикасының Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Заң күші бар Жарлығында, бүгінгі күндегі шарттарға сәйкес жалпы бақылау жұмысын ұйымдастырудың жаңа түрлері қарастырылып, өңделді.[2].
Барлық прокурорлар жағдайды терең білуге, экономиканы оқуы, экономикалық реформаның құқықтық механизмін жақсы бағдарлауы қажет, әрбір ойланбаған, сауатсыз әрекет келеңсіз жағдайларға әкелуі мүмкін. Көп жылдар бойына прокуратураны күш шараларын қолдану үшін пайдаланған, ол кездерде экономикалық, қаржылық, құқықтық және ұйымдастырушылық жіктер әрекет етілуі қажет еді, кей жағдайларда терең шаруашылық тапсырмаларды шешу үшін де (транспорттың бос тұруымен күрес, өнімдерді-энергетикалық ресурстарды мақсатсыз қолдану және т.б).
Заңдылықты қадағалаудың орнына прокуратура, бақылаушы, басқарушы және шаруашылық органдарын жинастырып, Кеңестер Одағының коммунистік партиясының Орталық Комитетінің қаулыларының, ведомствалық және басқа да актілердің орындалуын қадағалауды жүзеге асырды. Жалпы қадағалау міндетін орындай отыра, ол партия және мемлекеттік аппараттың ерекше еріктеу органының рөлін ойнады. Міне осы сияқты тағы да мәселелерді зерттеуді алға қойып, диплом жұмысымның тақырыбын Прокуратура органдарының ұйымдастырудың құқықтық негізі және принциптерінің өзекті мәселелері деп алдым.
Бұл мәселенің босаңсымайтын актуальдылығы сонымен бірге, оның қылмыстық сот ісін жүргізу міңдеттерін орындаумен, азаматтардың құқыктары мен заңды мүдделерін қорғаумен түсіндіріледі, атап айтатын болсак, прокурор белгіленген заң талаптары бойынша істі қосымша тергеуге кайтару жөніндегі өкілеттігін жүзеге асыра отырып, тергеудің толыктығына, жан-жактылығына, объективтілігіне, сондай-ақ ізге түсу органдарының қылмыстық іс жүргізуге қатысушы адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қатан сакталуына кепілдік береді.
Зерттеу мақсаты. Мемлекеттік басқаруда, лауазымды адамдардың және мемлекеттік органдардың оларға жүктелген міндеттерін орындауда заңдылық жауаптылығын жоғарлатуда, прокуратура органдарының қадағалау қызметінің саласында және прокуратура органдарының жалпы қадағалау қызметінің саласында сондай-ақ, мемлекетті басқару қызметінің саласында азаматтардың заңды мүдделерін және құқық кепілдіктерін нығайтуда заңдылықты қамтамассыз ету бойынша прокуратура органдарының орны және ролін ашудан тұрады.
Зерттеу міндеттері:
+ ҚР прокурорлық қадағалаудың мағызы мен міндеттерінің теориялық негізін қарастыру;
+ Прокурордың атқаратын қызметі мен оның құзыретін зерттеу;
+ Қылмыстықпен күресу бойынша құқық қорғау органдары қызметін үйлестірудегі прокуратура рөлін көтеру;
+ Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру;
+ Прокуратура органдарының ұйымдастырудың құқықтық негіздерін көрсету
Ғылыми-теориялық негізі. Осы мәселеге Т. В. Аверьянова, Р. С. Белкин, В. П. Басков, В. И. Божьев. А Д. Бойков, С. В. Бородин, Л. А. Воскобитова, И. М. Гальперин, И. М. Гуткин, С. П. Ефимичев, Н. Г. Жогин, В. В. Зажицкий, В. К. Звирбуль, Л. Д. Калинкина, А. С. Каретников, Л. М. Корнеева, А. М. Ларин, В. 3. және басқа да процессуалист-ғалымдардың ғылыми-теориялық еңбектері арналды.
Зерттеу көздері. Дипломдық жұмысты орындау кезінде А. Ф. Әубәкіров, А. Н. Акианов, С. К. Байбатыров, Ж. Н. Бәйішев, К. А. Бегалиев, P. М. Жамиева, А. А. Исаев, К. В. Ким, М. Ч. Коғамов, А. А. Касимов, М. С. Нәрікбаев, А. С. Нұрәлиева, М. С. Сапарғалиев, Б. А. Сембин, Б. X. Төлеубекова, К. X. Халиков, Р. Н. Юрченко сиякты және басқа да казакстандық ғылым өкілдерінің еңбектері зерттеліп, пайдаланылды.
Қылмыстық іс жүргізу құкықтық қатынастары саласындағы Қазақстан Республикасынын конституциялык және озге де заңдары, Қазақстан Республикасы Жогарғы Сотының нормативтік қаулылары зерттеліп және жүйелі түрде талданды. Сонымен бірге айта кететін бір жай, жарияланған еңбектердің көбісі ресейлік заңдылыктарға негізделген, ал казақстандық авторлардың осы бағыттағы ғылыми ізденістік еңбектері концептуальдык аспектілерге немесе қылмыстык іс жүргізудің ескірген заңнамаларына, не болмаса қолданысқа ие бола алмаған дау туғызатын дәлелдемелерге негізделген.
Зерттеу болжамы. Қазақстан Республикасы қылмыстык іс жүргізу кодексінің нормаларын колдануға негізделген сот және тергеу практикасының сұраныстары прокурордың қылмыстык істерді қосымша тергеуге қайтару саласындағы ғылыми біліктілік пен түсініктердің аздығынан деп болжанса керек.
Зерттеу объектісі. ҚР прокурорлық қызмет органы
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1.1 ҚР прокурорлық қадағалаудың ұғымы мен маңызы

ҚР Конституциясының 1.6. 83 б. сәйкес "прокуратура мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Зандылықтың кез келген заң бүзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республиканың Конституциясы мен зандарына қайшы келетін зандарға, өзге де құқықтық актілерге наразылық жасайды. Прокуратура сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңцармен белгіленген тәртіп пен шекте қьшмыстық қудалауды жүзеге асырады".
Үлкен энциклопедиялық сөздікке сәйкес прокурор француз тіліндегі ргосіеиг деген, латын тілінің забучусь деген сөздерінен шыққан - ол прокуратура органының лауазымды адамы. Сотта ол мемлекет мүддесін білдіреді.
ҚР Конституциясы және "Прокуратура туралы" ҚР Заңы прокуратураны мемлекеттік органдар арасындағы дербес жүйе ретінде, ал прокурорлық қадағалауды прокуратура органы ретінде анықтады.
ҚР Конституциясының 4-белімінің 3-бабына сәйкес республикадағы мемлекеттік билік біртұтас. Ол Конституция мен зандар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау кағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Прокуратураға қатысты ережелер ҚР Конституциясының "Соттар және сот төрелігі" бөліміне енгізілген Бірақ, бұл жерде прокуратура соттармен қатар сот билігіне ие болады дегенді білдірмейді. Прокуратура органдарының міндеттері мен функцияларының сипаттамасы прокуратураны биліктің сот тармағына, сондай-ақ басқа атқарушы мен заң шығарушы тармақтарына жатпайтынына ешқандай күмән келтірмейді.
Прокуратура органдары биліктің үш тармағының әрқайсысымен функциональды байланысты болса да, ешқайсысына толығымен жатпайды. Мемлекеттік қүрылымдағы прокуратураның мүндай өзіндік жағдайы билік тармақтарының қызметін теңестіруге және олардың оңтайлы іс-қимылын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметтің жеке түрі ретінде прокурорлық қадағалаудың езгешелігі туады.
Осы айтылғандардан оқу курстарын игеруде маңызды принципиальды бірнеше ережелер шығады.
Біріншіден, прокурорлық қадағалау - бүл прокуратурадан басқа мемлекеттік, қоғамдық, дербес немесе езге үйымдар, мекемелер немесе лауазымды адамдар жүзеге асыра алмайтын мемлекеттік қызметтің дербес, ерекше түрі.
Екіншіден, прокурорлық қадағалау Қазақстан Республикасының мемлекеті атынан жүзеге асырылады. Осы ережелердің маңыздылығы прокурордың қадағалауды іске асыра отырып, қүқық бүзушылықтарды анықтау, оларды жоюға және жергілікті өзін-өзі басқару, атқарушы немесе сот биліктерінің жеке органдары атынан емес, олардың барлық жиынтығына сәйкес кінәлі адамдарды жазалауда шараларды қолдануы.
Үшіншіден, прокурорлық қадағалау - мемлекеттік қызметтің езіндік түрі. Оның басқа мемлекеттік қызмет түрлерінен өзгешелігі ҚР Конституциясының дәл сақталуын тексеру, заң талаптарының орындалуы, өзге де қүқықтық актілердің заңға сәйкес келуін және тек прокуратураға ғана берілген қүралдардың көмегімен анықталған қүқық бүзушылықтарды жоюға шаралар қабылдайтын қызметтердің ерекше мазмүнымен анықталады.
Прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің басқа нысандарынан, ең алдымен мемлекеттік функцияларды орындауда өзінің тағайындалуымен ерекшеленеді.
Мемлекеттік басқарудың жеке органдары мен сот органдарына жүктелген кейбір қадағалау міндеттері осы қызметтердің бір бөлігін ғана қүрайды: мемлекеттік басқару органдары үшін - бүл атқару және бөлу қызметі; сот органдары үшін - сот әділдігі. Прокурорлық биліктің мемлекеттік басқару билік органдарынан және әділ соттан ерекшелендіретін өзінің өзгешелігі бар. Прокуратурада қадағалауды іске асыру кезінде, занда аталғандарды коспағанда, басқа органдардың шешімдерін өзінің шешімдерімен ауыстырмайды, қүқық бүзушыларға жазалау шараларын қолданбайды, керісінше қүзыретті органдардың, лауазымды адамдардың, үйымдардың заң бүзушылықты жоюын талап етеді. Атап айтқанда, прокурорлық шара колдану жолымен мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың қызметіне бақылау жасамай, олардың әкімшілік қызметіне араласпай заң бүзушылыктарды жою бойынша шаралар қолданады. Зандардың және жарлықтардың дәл әрі бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалаудың субъектісі Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынышты прокурорлар болып табылады.
Осыған байланысты, прокурорлық қадағалауды заң бүзушылықтарды анықтау және жою үшін шаралар қолдану, кінәлі адамдарды жауапқа тарту, қылмыстық қудалауды іске асыру жолымен заңдардың дәл және бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды іске асыруды қамтамасыз ететін арнаулы өкілетті адамдардың-прокурорлардың қызметтері мемлекет атынан іске асырылатын мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде сипаттауға болады.
ҚР Конституциясының 2-бабындағы 83-бабына сәйкес республика прокуратурасы төменгі түрған прокурорларды жоғары түрған прокурорларға және республика Бас прокурорына бағындыра отырып, басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз бірыңғай орталықтандырылған жүйе қүрайды. Қазақстан Республикасының Президенті прокуратураға қатысы бойынша жоғарғы мемлекеттік саты болып табылады.
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 13-бабына сәйкес Президент Парламент Сенатының келісімімен Бас прокурорды бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Осы Конституциялық заңның 19-бабына сәйкес Президент прокуратура органдарының қызметкерлеріне сыныптық шендер береді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті прокуратура органдарын тікелей қалыптастырады және олардың қызметтеріне бақылау жасайды.
Прокурорлық қадағалаудың маңызы ол мемлекет атынан Президент бақылауында іске асырылады, жергілікті органдарға тәуелсіз, тек Қазақстан Республикасының Бас прокурорына ғана бағынышты.
Прокурорлық қадағалау республиканың барлық аумақтарында және үкіметке, барлық министрліктер мен ведомстволарға, оларға бағынышты мекемелерге, барлық кәсіпорындарға, меншік нысанына қарамастан атқарушы және белу органдарына және лауазымды адамдарға, сондай-ақ қоғамдық үйымдар мен республиканың азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдіктерге қатысты әрекет етеді.
Заңдармен белгіленген тәртіп пен негізде енгізілген прокурорлық қадағалау актілері барлық оргаңцарға, үйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тиісті.
Прокурорлық қадағалаудың маңызы, сондай-ақ біздің қоғамдағы қүқық рөлімен анықталады.
Сонымен, прокурорлық қадағалаудың маңыздылығы ол мемлекет атынан Президент бақылауында іске асырылады, жергілікті органдарға тәуелсіз, тек Қазақстан Республикасының Бас прокурорына ғана бағынышты.
Прокурорлық қадағалау республиканың барлық аумақтарында және үкіметке, барлық министрліктер мен ведомстволарға, оларға бағынышты мекемелерге, кәсіпорындарға, атқару және бөлу органдарына, сондай-ақ қоғамдық ұйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға қатысты әрекет етеді.
Прокурорлар жоғары аталған субъектілердің зандарды бірыңғай орындауын бақылауға және білінген заң бүзушылықтарды жоюға тиіс.
Занда белгіленген тәртіппен және негізде енгізілген прокурорлық қадағалау актілері барлық органдарға, үйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға міндетті.
Прокурорлық қадағалаудың мәні, сондай-ақ біздің қоғамдағы қүқықтың рөлімен анықталады. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 1997 жылғы 11 қазандағы Қазақстан-2030, Гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың әл-аухатын жақсарту Қазақстан халқына жолдаған жолдауында "Қазақстандағы мемлекеттік қүрылыстың болашағы тікелей қазіргі кезеңде шешілетін әлеуметтік-экономикалық міндеттерге тікелей байланысты"' деп көрсетілген.
Сонымен, прокурорлық қадағалау мемлекет атынан Қазақстан Республикасы Президентінің бақылауында іске асырылады, жергілікті органдардан тәуелсіз, Қазақстан Республикасының Бас прокурорына ғана бағынышты. Прокурорлық қадағалау мемлекеттік барлық аумақтарында және барлық министрліктерге және ведомостволарға, оларға бағынышты мекемелер мен кәсіпорындарға, атқару және бөлу органдарына, қоғамдық үйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға қатысты әрекет етеді.
Осы әлеуметтік рөлді орындаудың қүқығы көп жағдайда заңның дәл орындалуына байланысты. Заңды іс жүзінде қамтамасыз ету заңдардың қолданылуына және оны бүзғаны немесе орындамағаны үшін жазаға тартуда қатаң қадағалауды іске асыруға байланысты. Осыған орай, прокуратуратәрізді орган қүру қоғам мен мемлекетті дамытудағы қүқық пен заңдылықтың әлеуметтік рөліне қатысты объективті қажеттілік болып табылады.
Осыған сәйкес, прокурорлық қадағалау - бүл, тек кез келген қол сүғушылық пен заңсыздыққа қарсы ғана емес, сондай-ақ қүқықты қамтамасыз ететін қарым-қатынасқа қарсы әрекеттің мықты және сенімді кепілі. Қүқықты мемлекет қүрудағы ең маңызды прокурорлық қадағалау зандарды қолданудағы жоғары қадағалау болып табылады.

1.2 Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері

"Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес прокурорлық қызметтің мақсаты анықталады. Оның мақсаты Конституция мен заңдардың үстем түруын қамтамасыз ету, адамның және азаматтың қүқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау болып табылады.
Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері өзара тығыз байланысты. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты деп, түтас алғанда прокуратураның барлық қызметтері бағытталған жетістіктерінің нәтижесі, соның ішінде оның маңызды функциясы прокурорлық қадағалау болып түсіндіріледі. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты прокуратураның мәртебесімен, мемлекеттегі оның алатын орны және рөлімен анықталады. Нәтижесінде, олар ҚР Конституциясымен, прокуратура туралы заңмен, ҚР прокуратура органдарының қызметтерін реттейтін басқа заң актілерімен анықталады.
Прокурорлық қадағалаудың міндеттері өте көп және бір-бірінен деңгейі, мазмүны, шешімдерінің қүралдары, осы міндеттерді шешетін және алға қоятын прокуратура органдарының қүзыреті бойынша бөлінеді.
Прокурорлық қадағалаудың міндеттер үш түрге бөлінуі мүмкін: жалпы, арнаулы жәнежеке (накты).
Аталған міндеттер бір-бірімен өзара байланысты және әр деңгейде. Жеке міндеттерді шешу (ең төменгі деңгей) прокурорлық қадағалаудың арнаулы міндеттерін шешуге себепші болады. Өз кезегінде арнаулы міндеттерді ойдағыдай шешу прокурорлық қадағалау міндеттерінің ең жоғары деңгейі жалпы шешімдерге бағынышты.
Прокурорлық қадағалаудың жалпы міндеттері ҚР Конституциясымен, Прокуратура туралы ҚР Заңымен, бірқатар басқа нормативті-қүқықтық актілерімен, мысалға, ҚІЖК, АІЖК-мен анықталады.
- Прокурорлық қадағалаудың жалпы міндеттері жоғары қадағалауды іске асырудан түрады; оларға мына республиканың Конституциясы мен заңдарына кайшы келетін заңдар өзге де қүқықтық актілерге наразылық жасау;
- сотта мемлекеттің мүддесін білдіру және сот актілерінің заңдылығын қадағалауды іске асыру;
- заңда белгіленген жагдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыру;
- мемлекеттік-қүқықтық статистика қүру және қүқықтық статистика
саласында қадағалауды іске асыру.
Прокуратураның қадағалау функцияларын орындайтын әрбір прокурор жалпы міндеттерді шешеді. Прокурорлық қадағалаудың орындалуына қадағалауды жүзеге асыратын зандардың мазмүнымен ерекшеленетін бірнеше бағыттардан түрады. Осыған сәйкес, прокурордың алдында толығымен түрған жалпы міндеттер осы бағыттардың әрқайсысының да міндеттері болып табылады. Жалпы міндеттер толығымен тек прокурорлық қадағалау қызметінде ғана шешілуі мүмкін. Прокурорлық қадағалаудың әрбір біртүтас бағыты (саласы) жалпы міндеттерді шешу кезінде өз үлестерін қосады. Осы үлестің көлемі мен мазмүны прокурорлық қадағалаудың нақты бағыттарының (салалармен) алдында түрған арнаулы міндеттерімен анықталады. Олардың мәні жалпы міндеттерден шығады және әрбір прокурорлық қадағалау бағыттарындағы прокурорлардың қүзыретімен анықталады.
Арнаулы міндеттер көбінесе Бас прокурордың шығарған бүйрықтарымен және езге де қүқықтық актілермен реттеледі.
Көбінесе, бүл міндеттер тергеу және анықтауды қадағалау саласында ҚР Бас прокурорының 2001 жылғы 19 шілдедегі № 88 "прокурорлық қадағалау деп аталатын саласында "алдын ала тергеу және анықтау заңдылығына прокурорлық қадағалауды үйымдастыру туралы" бүйрығында анықталған.
Прокурорлық қадағалаудың жалпы және арнаулы міндеттерін шешу кезінде прокурор прокурорлық қадағалаудың белгілі жеке міндеттерін қою отырып, және оларды шешу барысында прокурорлық қадағалаудың қүқықтық қүралдарын қабылдау жолымен іске асырылады. Бүл міндеттер ғылымда прокурорлық қадағалаудың жалпы және арнаулы міндеттері болып бөлінеді. Олар жалпы және арнаулыға қарағанда, барынша әртүрлі және көпжақты. Жеке міндеттер прокурорлық қадағалаудың бағыттарына (салаларға), қолданатын прокурорлық қүралдарға, прокурордың қадағалау қызметін іске асыратын нақты жағдайларына қарай ерекшеленеді.
Әдетте, жеке және нақты міндеттер Бас прокуратураның, облыстық және аудандық деңгейіндегі прокуратуралардың жүмыс жоспарларында белгіленеді.
Прокурорлардың өз міндеттерін орындау заңмен берілген қүқықтарды іске асыру жолымен жүргізіледі.
Қадағалау функцияларын іске асыратын бөлімшелер мен лауазымды адамдар прокурорлық қадағалау органдарының бір жүйесінде біріккен. Сондықтан прокуратура органдарының жүйесі және прокурорлық қадағалау органдарының жүйесі деген әртүрлі ұғымдар бар. Соңғысы - прокуратура органдары жүйесінің бөлігі. Прокуратура тек қадағалау функцияларын ғана емес, сондай-ақ қылмыстық қудалау, құқық қорғау органдарының қызметтерін үйлестіруді орындайды, сотта мемлекет мүдделерін және т.б. білдіреді.
Прокуратура органдарының жүйесі туралы мәселелерді қарастыра отырып, жүйе деп өзара байланысты және тұтас бірлікті білдіретін көптеген элементтерді атайтынын атап өту керек. Осыған байланысты прокуратура органдарының жүйесі тек оның органдарын құрайтын жиынтық ғана емес, сондай-ақ құрылымдағы алатын орны, өзара қарым-қатынасы, олардың ұйымдастыру байланыстары мен басқару қатынастары деп тусінуіміз керек.
Прокуратура органдарының бірлестіктері мен бөлімшелерінде функцияларды, өкілеттіліктерді тікелей бөлу, құрылым элементтері арасында өзара қарым-қатынасты анықтау жүргізіледі. Сондықтан, функциялар, өкілеттіліктер, өзара қарым-қатынастардың негізгі мазмұны олардың өзара қарым-қатынастары болып табылатын құрылым элементтерінің өзара байланыстарынан тұрады.
Байланыстарды прокуратураның ішкі жүйесінде, сондай-ақ басқа әлеуметтік жүйелерде қарау кезінде олар ішкі басқару элементтерін байланыстыра отырып, тігінен және прокуратураның ішкі жүйесіндегі біртәртіптегі жүйелерімен және басқа әлеуметтік жүйелермен байланыста бола тұрып, көлденеңнен орналасулары мүмкін.
Құрылым элементтерінің тік және көлденең байланыстарын қолдану субординация және үйлестіру қарым-қатынастарында, яғни бағынышты және қатынас субьектілерінің әрекеттеріне келісуде негізделген. Өзара байланыстардың аталған сипаты ұйымдасқан құрылымды құрудың бір түзулі-функциональдық түрін анықтайды. Алда көріп отырғандарыңыздай, ҚР прокуратура органдарының құрылымы осындай түрде құрылған.
Бір бағыттағы құрылым тек өзара байланысты органдардан, бөлімшелер мен бірліктерден басқармалар аппараттарын құру нәтижесінде ғана жасалады. Әрбір төменгі деңгейдегі сатылар жоғарғы деңгейдегібасшыларға тікелей бағынышты болады. Бұндай жағдайларда прокуратураның әрбір қызметкері тек бір басшыға ғана есеп береді және бағынады және олар жоғарғы жүйемен тек өздерінің басшылары арқылы ғана байланысады. Бір бағыттағы басшы оған сеніп тапсырылған органдар мен бөлімшелердің қызметтерінің жалпы көлемдері дара басшылық қағидаттарымен сәйкес келуіне жауап береді.
Бір бағыттағы құрылым жеткілікті тиімді, өйткені ол бағыныстылықтың анық және жай өзара байланыстар түрінде құрылады. Осындай қағидат бойынша прокуратура органдарында прокурорлардың (олардың орынбасарларының) және тиісті деңгейде прокуратура органдарының аппараттарын басқарып отырған басшылар арасында өзара қарым-қатынастар құрылады, өкілеттіліктер, функциялар бөлінеді. Осындай қағидатпен ҚР Бас прокуратурасы аппараттарының департаменттерінде, басқармалар мен бөлімдерінде және облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратураларда ұйымдасқан құрылымдар құрылған.
Прокуратура органдарының жүйесі мынандай аудандық, қалалық, облыстық, және оларға теңестірілген прокуратуралардан, сондай-ақ ҚР Бас прокуратурасы сияқты звенолар мен деңгейлерден тұрғандықтан оның ұйымдастыру құрылымындағы басшылық сатысы мен басқару сатысын ажырата білу керек. Осы жағдайда прокуратура органдарының басқару құрылымы негізінде үш бөлімді деп қабылдауға болады. Сондай-ақ мысалға, прокуратура органдары жүйесінде мамандандырылған прокуратуралардың болуы (облыс құқығындағы) ұйымдасқан құрылым екі бөлімді болуы мүмкін екендігін куәландырады. Ұйымдасқан құрылымдағы деңгей саны осы құрылымды басқару тиімділігіне тікелей әсер етеді: деңгей аз болғанынша, басқарудың тиімділігі арта түседі.
Прокуратура органдары қызметтері міндеттерінің күрделенуі, мамандандырудың дамыту ұйымдасқан құрылымның функциональдық дамуын ескертеді. Мұндай құрылымның құрамды элементтері белгілі бір қызметтің белгілі бір түрінде мамандандырылған оргындар, бөлімшелер, құрылымдық бірліктер болып табылады. Оларға арнаулы обьектілермен немесе прокурорлық қадағалаудың жеке салалары шегінде анықталатын прокурорлық қадағалауды іске асыратын табиғатты қорғау, көлік және басқа прокуратуралар жатады.
Функциональдық құрылымын құрайтын элементтерден басқа аудан және қала прокурорларының көмекшілері және аға көмекшілері, прокурорлар, облыс прокурорлары, бөлімдердің және басқармалардың аға прокурорлары, қызметтің негізгі бір түрімен өзара байланысты және біріккен ҚР Бас прокуратурасының департаменттер мен басқармалар, бөлімдердің көмекшілері мен аға көмекшілері.
Функциональдық құрылымнан басқа еңбекті көлденеңнен бөлу, қызметтің белгілі түрі бойынша аса білікті шешімдерді шығаруға болады. Ұйымдасқан құрылымға кіретін әрбір бөлімшелерді немесе органдарды басшы басқарады. Бұл басшылар басқару құрылымындағы рөлмен және орындарға сәйкес бірбағытты және функциональды болулары мүмкін.
Бір бағыттағы басшыларға аудандардың, қалалардың прокурорлары, облыс прокурорлары, мамандандырылған прокуратуралардың прокурорлары, ҚР Бас прокуроры және олардың орынбасарлары жатады. Функциональдық басшыларға облыс прокурорларының көмекшілері және аға көмекшілері, сондай-ақ ҚР Бас прокурорының көмекшілері және аға көмекшілері.
Прокуратура органдарының басқару құрылымына белгілі ерекшеліктерді басқарма (департамент) және бөлім прокурорлары мен аға прокурорларының, ҚР Бас прокуратурасы және облыс прокурорларының қызметтері енгізеді.Бір қарағанда, олар тек прокурорлық қадағалаудың белгілі бір саласы бойынша ғана мамандар болып табылады және содан соң ғана олар еңбек етіп жатқан бөлімшелер бастықтары тапсырған кейбір басқарма функцияларын орындайды.
Екінші ұйымдастыру-басқару байланыстарына реординация (қайта тәртіпке келтіру) қағидаттары негізіндегі байланыстар жатады. Прокуратураның ұжымы тұтасымен немесе оның бөлімшелері және жеке қызметкерлері басқару қатынастарын тудыруға, реттеуге және бұзуға және прокуратура органдарының мақсатты қызметіне маңызды әсер ететін қызметтерінің ішкі міндеттері мен мақсаттары, талап етушіліктері мен мүдделері болады. Мұндай жағдайда басқарудың субьектісі мен обьектісі арасында төмен-жоғары түріндегі байланыстардың туындауын сипаттайтын кері әрекеттер болуы мүмкін. Нақты шешім қабылдаудың бастамашысы төменгі тұрған прокурор болған кезде осындай әрекеттердің туындауы мысал болады. Жанама түрде бұл заңда белгіленген олардың қызметтерінің кейбір бағыттары бойынша төменгі тұрған прокуратуралар өкілеттіліктерінің мазмұнымен дәлелденеді. Мысалға, Прокуратура туралы Заңның 32б.2т. белгіленген шешімі, үкімі, негізі, сот қаулысы заңсыз немесе негізсіз болған жағдайда прокурор қадағалау тәртібімен наразылық жасауға немесе прокурор наразылық жасау жөнінде жоғары тұрған прокурорға ұсыныспен өтініш жасайтынына аса көңіл аудару қажет. Ұсыныстың мазмұны сот қабылдаған шешімдердің заңдылығын қайта қалпына келтіру бойынша белгілі бір әрекеттер жасаудан тұрады.
Әсіресе мұндай ұйымдастыру қатынастар прокуратураға немесе бөлімшелерге бейресми басқару құрылымдары қатты әсер еткенде байқалады.
Прокуратура басшыларының бейресми басқосшыларының, сондай-ақ прокуратура ұжымының пікірлерімен келісуге тура келген кезде олардың қызметтері жағдай жасайды. Өзін-өзі реттеу күшін пайдалану есебімен ғана басқару субьектісі мен обьектісінің қимыл бірлігіне қол жеткізіледі. Қазіргі кезде бейресми құрылымдардың рөлі артып келеді. Бұл беталыс прокуратура органдары қызметкерлерінің қарым-қатынастарының, демократияның күрделене түсуі, саяси және әлеуметтік белсенділіктерінің өсуіне байланысты.
Дегенменде, өзін-өзі реттеудің өте кең дамуы қатынастарды орталықтандыру және орталықсыздандыру мәселелеріне әкеп соқтыруы мүмкін. Прокуратураның жеке органдарына қатысты прокурор құқықтары мен ресурстарын ала отырып, өздерінің жеке мүдделері мен мақсаттарынажұмсайды, бұл прокуратураның барлық жүйесіндегі мақсаттар мен мүдделеріне жиі сәйкес келмеуі мүмкін. Орталықсыздандыру белгілі бір тиімділікке жеткізеді, бірақ шектен тыс дербестік төменгі тұрған звеноның ұйымдастыру мақсаттарын толығымен елемеулеріне әкеп соқтыруы мүмкін. Мұндай жағдайда жүйенің жеке бөліктері жалпы мақсат шегінде әрекет жасаулары мүмкін. Сондықтанбасшы мақсаттарды келісушілікке жеткізетін факторлар әрекеттерінің бәсеңдеуіне байланысты шаралар қолдануға тиіс. Мұндай ұқсас жағдайлар прокуратура органдарының ұйымдастыру құрылымдарындағы әр түрлі деңгейлерінде болуы мүмкін. Осы мәселе әр түрлі деңгейдегі басшылардың күш салу өрістерін шектеумен шешіледі.
Прокурорлық қадағалау органдары жүйесінің ұйымдастыру құрылымдарында қолданылатын байланыстардың үшінші түрі субьект-субьект, обьект-обьект түріндегі байланыс. Байланыстың бұл түрі басқару субьектілері мен обьектілерінің үйлестіру қағидаттары немесе әрекет етуілеріне негізделген. Мұндай байланыс оның элементтерін құрайтын ерікті әрекет ету есебінен прокуратура органдары жүйесінің жеке бөлімдерінің өзара әрекеттерін қамтамасыз етеді. Осындай әрекет етуге негізгі жағдай жасайтын факторлары бірлескен құндылығы болып табылады. Олардың өздері прокуратура органдарының бір-біріне бағынышты емес бөлімшелері немесе жеке қызметкерлердің белгіленген бағытта қимыл жасауларына, прокуратура органдары жүйесінің алдына қойылған міндеттерді шешуге мәжбүрлейді.
Байланыстың осы түрінде прокуратура органдарының бір-біріне бағынышты емес лауазымды адамдардың арасындағы, аудандық және қалалық прокуратуралардың, обылыстық прокуратура органдарының ішкі бөлімдері мен басқармаларының (департаменттеррінің), ҚР Бас прокуратурасы аппаратының арасындағы өзара қарым-қатынастар жатады.
Осыған байланысты, ҚР прокуратура органдарының жүйесі кейбір ерекшеліктерге байланысты үштопты және ұйымдастыру құрылымдарының бір бағытты-функциональды түрінде негізделген. Құрылымның негізгі мазмұны олардың субординациясы, реординациясы және үйлестіру жағдайларында оның элементтерін құрайтын өзара әрекет болып табылады.
Прокуратура органдары биліктің үш тармағының әрқайсысымен функционалды байланыста болса да, ешқайсысына толығымен жатпайды. Мемлекеттік құрылымдағы прокуратураның мұндай өзіндік жағдайы билік тармақтарының қызметін теңестіруге және олардың оңтайлы іс - қимылын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметтің жеке түрі ретінде прокурорлық қадағалаудың өзгешелігі туады. Яғни:
Біріншіден, прокуратура - бұл мемлекеттік, қоғамдық, дербес немесе өзге ұйымдар, мекемелер немесе лауазымды адамдар жүзеге асыра алмайтын мемлекеттік қызметтің дербес ерекше түрі.
Екіншіден прокуратура - Қазақстан Республикасының мемлекеті атынан жүзеге асырылады. Осы ережелердің маңыздылығы прокурордың қадағалауды іске асыра отырып, құқық бұзушылықтарды анықтау, оларды жоюға және жергілікті өзін - өзі басқару, атқарушы немесе сот биліктерінің жеке органдары атынан емес, олардың барлық жиынтығына сәйкес кінәлі адамдарды жазалауда шараларды қолдануы.
Үшіншіден прокуратура - мемлекеттік қызметтің өзіндік түрі. Оның басқа мемлекеттік қызмет түрлерінен өзгешелігі Қазақстан Республикасы Конституциясының дәл сақталуын тексеру, заң талаптарының орындалуы, өзге құқықтық актілердің заңға сәйкес келуін және тек прокуратураға ғана берілген құралдардың көмегімен анықталған құқық бұзушылықтарды жоюға шаралар қабылдайтын қызметтердің ерекше мазмұнымен анықталады.
Прокуратура мемлекеттің қызметтің басқа нысандарынан, ең алдымен мемлекеттік функцияларды орындауда өзінің тағайындалуымен ерекшеленеді.
Мемлекеттік басқарудың жеке органдары мен сот органдарына жүктелген кейбір қадағалау міндеттері осы қызметтердің бір бөлігін ғана құрайды: мемлекеттік басқару органдары үшін - бұл атқару және бөлу қызметі, сот органдары үшін - сот әділдігі. Прокурорлық биліктің мемлекеттік басқару билік органдарынан және әділ соттан ерекшелендіретін өзінің өзгешелігі бар. Прокуратурада қадағалауды іске асыру кезінде, заңда аталғандарды қоспағанда, басқа органдардың шешімдерін өзінің шешімдерімен ауыстырмайды, құқық бұзушыларға жазалау шараларын қолданбайды, керісінше құзыретті органдардың, лауазымды адамдардың, ұйымдардың заң бұзушылықты жоюын талап етеді. Атап айтқанда, прокурорлық шара қолдану жолымен мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың қызметіне бақылау жасамай, олардың әкімшілік қызметіне араласпай заң бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолданады.
Прокуратура органдарына прокурорлық қызметке тұруға және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасатын үміткерлерге қойылатын талаптар.
1. Прокуратура органдарына прокурорлық қызметке тұруға үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар Қазақстан Республикасының Прокуратура туралы Заңының 48-бабында белгіленген:
Прокурор - өз құзыретi шегiнде заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi жарлықтарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтаудың, тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды, сотта мемлекет мүдделерiнiң өкiлi болуды, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда, тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын лауазымды адам.
Прокуратура органдарына қызметке алу мемлекеттiк қызметшiлер кадрлары туралы республикалық деректер орталығына алдын-ала сұрау салынған және азаматтар мiндеттi арнаулы тексеруден өткен жағдайда жүзеге асырылады.
Бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершiлiктен ақталмаған негiздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, соттар мен әдiлет органдарынан жағымсыз қылықтары бойынша босатылған адамдар прокуратура органдарына қызметке қабылдана алмайды.
Прокуратура органдары қызметкерлерiнiң лауазымына денсаулық жағдайына қарай прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамды, әдетте, жоғары бiлiмi бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдана алады. Оларды қызметке тағайындағанда сынақ мерзiмi белгiленуi мүмкiн.
Прокурорлар болып жоғары заң бiлiмi бар, қажеттi iскерлiк және моральдық қасиеттерге ие, денсаулық жағдайына қарай прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамды азаматтар тағайындала алады.
Сонымен қатар, прокуратура органдарына прокурорлық қызметке тұруға тілек білдірген азаматтар кезең-кезеңімен мынадай рәсімдерден өтуі тиіс:
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 30.06.2004 жылғы №479оа бұйрығымен Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына резервке енгізу және жұмысқа қабылдау үшін үміткерлерді іріктеу ережесі бекітілген.
Осы Ереженің талаптарына сәйкес, үміткер компьютерлік тестілеуден, сұхбаттан, Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының арнайы тексерістерінен және әскери-дәрігерлік комиссиядан өту қажет.
Бұл үшін азамат тиісті облыстық немесе оларға теңестірілген прокуратуралардың кадр қызметіне жазбаша өтініш беруі қажет. Одан әрі нақты қандай құжаттар тапсырылуы қажет екенін, тағылымдамадан өту мерзімдерін және басқа да тәртіптерді кадр қызметі түсіндіреді.
Аталған рәсімдерден сәтті өткен азамат алдағы уақытта кезектілік тәртіппен бос прокурорлық қызметке тұру үшін резервке алынады.
Арнайы тексерістен өтпеген немесе әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы бойынша денсаулығы жарамсыз деп танылған азаматқа қатысты сол кезеңде құжаттар жинақтау тоқтатылып, кадр қызметімен оған себебін көрсете отырып, қабылданған шешім (резервке алудан бас тарту) туралы жазбаша жауап беріледі.
Денсаулығы жарамсыз (ауруына, сырқаттануына, жарақатына, салмағы жетіспеуіне байланысты) деп танылған азамат осы негіз жойылғаннан кейін тиісінше әскери-дәрігерлік тексеруден қайтадан өту үшін жолдама алуға сәйкес облыстық немесе оларға теңестірілген прокуратураның кадр қызметіне қайта өтініш беруге құқылы.
2. Прокуратура органдарына бос мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы Заңымен белгіленген жалпы тәртіп бойынша жүргізіледі.
Сонымен бірге, орналасу барысы Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығымен бекітілген Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар, нақты бос лауазымдар бойынша үміткерге қойылатын біліктілік талаптар мен функционалдық міндеттері туралы мәліметтер аталған Агенттіктің сайтында және ресми басылымдарда жарияланады.
Прокурорлық қадағалаудың мақстаратты мен міндеттері бір-бірімен тығыз байланысты. Прокурлық қадағалаудың мақсатты ретінде прокуратура органдарының ең негізгі қызметтін прокурорлық қадағалу құрайды, сол қызметінің толық немесе жекелеген бағыттарының жетістікретінің нəтижесінің көрінісін тусінумізгі болды [1].
Прокурорлық қадағалаудың мақсаттары прокуоратура органдарының мəртебесі, мемлекетте алатын орны мен рөлі арқылы анықталады. Сондай-ақ, прокуратура органдарының бастық қызметінің бірі ретінде қадағалаудың мақсаттары прокуратура органдарының қызметін реттеуді жүзеге асыратын ҚР Конституциясымен жəне өзге де нормативтік құқықтық актілерде көрініс табуда. Прокуратура органдарының нақты мақсаттары Прокуратура туралы заң күші бар жарлықтың 1 бабында көрініс тапқан[2]:
+ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық қорғау органдары
Прокурорлық қадағалаудың ұйымдық-құқықтық негізі
Қазақстан Республикасының кеден органдар қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі
Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру туралы ақпарат
Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалаудың маңызы
Иліктің бөліну теориясындағы сот билігі түсінігі, мазмұны, функциясы
Мемлекетті басқару органдарының жіктелуі
Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының қылмыстық-процесуалдық қызметінің теориялық проблемалары
Прокуратура қызметінің құқықтық негіздері
Құқық қорғау органдары пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Пәндер