Сот сараптамасын тағайындау


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4 - 6 бет

1 тарау. Сот сараптамасының мәні және маңызы

1. 1. Сот сараптамасының түсінігі және маңызы . . . 7 - 12 бет

1. 2. Сот сараптамасын топтастыру . . . 13 - 20 бет

2 тарау. Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу тәртібі

2. 1. Сот сараптамасын тағайындау негізі және тәртібі . . . 21 - 35 бет

2. 2. Сот сараптамасына қажетті материалдарды дайындау…. 36 - 40 бет

2. 3. Іске қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету . . . 40 - 49 бет

2. 4. Сот сараптамасын жүргізуді тапсырудың маңызы және

тәртібі . . . 49-53 бет

3 тарау. Сарапшының қорытындысы және оны бағалап қолдану

3. 1. Сарапшының қорытындысы, құрамы мен мазмұны . . . …. 54 - 59 бет

3. 2. Сарапшы қорытындысын бағалау және оны қолданудың

мәселелері . . . 59 -72 бет

Қорытынды . . . 73 -74 бет

Қолданылған әдебиеттер . . . 75 - 77 бет

Кіріспе

Біздің қоғамымыздың бастан кешіп жатқан қиын кезеңде қылмыспен күресу - мемлекетіміздің алғашқы міндеттерінің бірі. Осы күресте маңызды қарудың бірі сот сараптамасы болып табылады, ол қылмыстарды тергеу кезінде ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Алайда еліміз тәуелсіздік алғаннан бері 10 жыл бойы сот сараптамасының процессуалдық және дәлелдемелік проблемалары осы саладағы заңнамалардың өзгеріп отыруына, әлі де қалыптасу кезеңінде болуына байланысты осы күнде де орын алып отыр. Бұл олардың шешілуі мен жойылуының баяу жүруіне байланысты болып табылады.

Ата заңымызға сәйкес елімізде адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Осы кепілдіктің бірі болып, сот сараптамасын тағайындау мен жүргізу кезінде қылмыстық істер бойынша іске қатысушы және мүдделі тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету саналады. Ал оның жүзеге асырылуына қазіргі кезеңде қылмыстық істерді тергеудің және сотта қараудың сапасыздығы мен жеделдігінің баяу болуымен байланысты процессуалдық кедергілер мүмкіндік туғызбайды. Сонымен қатар қазіргі кезде әрекет ететін ҚР-ның Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексінің кейбір нормаларының жетілмеуінен де сот сараптамасының процессуалдық мәселелері өзекті болып отыр. Сот сараптамасын тағайындау, жүргізу және оның нәтижелерін бағалау саласында, сонымен қатар арнайы білімдерді қылмыстық істерді тергеуде және сот өндірісінде толығымен пайдалануда қылмыстық істі жүргізуші орган қызметкерлерімен заңды түрде дұрыс орындау ерекше маңызға ие және өзекті мәселенің бірі болып табылады. Осы жұмыс аталған кемшіліктерді қандай да бір көлемде азайтуға арналған.

Сот сараптамасын қылмыстық іс жүргізудегі арнайы білімді пайдаланудың негізгі нысаны деп айта келе оның негізгі кемшілігін, яғни қылмыстық істерді тергеудегі, сотта қараудағы аз икемділігіне назар аударған жөн. Бұл айтылғанға дәлел ретінде қылмыстық істерді тергеу мен сот отырысында сараптаманың көпшілігі формальді түрде тағайындалатынынан, қылмыстық іс жүргізудегі сот сараптамасы мүмкіншіліктерін бағалай алмауын айтуға болады. Сонымен қатар көптеген сарапшы қорытындыларының істерді тергеген және сотта қарау кезінде процессуалдық ережелердің бұзылуына байланысты дәлелдемелік маңызынан айрылуын, сот сараптамасын тағайындау мен жүргізу кезінде іске қатысушы тұлғалардың барлық құқықтары мен міндеттерін сақтамауын айтуға болады. Сараптаманы тағайындаумен және жүргізумен байланысты қызметтің төмен әдістемелік деңгейі туралы орындалусыз қайтарылып жатқан іс материалдарының көптігінен, сарапшының қосымша материалдарды ұсыну қажеттігі туралы арыздарынан көруге болады.

Дегенмен сот сараптамасының ғылым мен заңнамадағы процессуалдық жағдайы мен деңгейін тек төмен жағынан қарастыра бермеу керек, өйткені оны қолданудың процессуалдық талаптарына қазіргі кездегі тәжірибе әлі біртіндеп бейімделу науқанында деп айтуға болады.

Менің жұмысымның алдына қойған мақсаттары келесідей:

сот сараптамасының түсінігі мен маңызын ашып, оның белгілерін анықтай отырып басқа тергеу әрекетінен ажырату; −

сараптаманы топтастыра отырып оның түрлерін тағайындаудың ерекшелігін көрсету және жаңа түрлерінің жетістіктерін анықтау; −

сараптама тағайындау негізі мен сараптама жүргізу негізі ұғымдарының ерекшелігін түсіндіріп, ажырата білу; −

сараптама тағайындау барысында іске қатысушы тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етудегі заң нормаларындағы кемшіліктерді анықтау; −

сараптама нәтижесінің қорытындысын бағалаудағы қылмыстық іс жүргізуші органмен жол берілетін қателіктерді анықтау және оларға жол бермеуге бағытталған ұсыныстарын енгізу. −

Бітіру жұмысы сот сараптамасының процессуалдық негіздерін қамтитын үш тараудан тұрады. Бірінші таруда сот сараптамасының түсінігі мен мәні, топтастырылуындағы ерекшеліктері туралы барлық қажетті мәліметтер келтірілген. Екінші тарауда сот сараптамасын тағайындау негізі мен жүргізу негізі ерекшеліктері, іске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін қамтамасыз етудегі кейбір проблемдік аспектілер, сараптама тағайындау барысында сараптамалық зерттеу үшін материалдар дайындауға қатысты құқықтық және процессуалдық мәселелері қамтылған. Үшінші тарау өзіне сарапшы қорытындысының түсінігі мен мазмұнын, оны бағалаудың кейбір ерекшеліктерін, қорытынды берудің мүмкін еместігінің негіздері мен процессуалдық тәртібіне қатысты тәжірибеде кездесіп жататын қателіктер мен кемшіліктерді қамтиды.

Бітіру жұмысын жазу барысында әртүрлі заңнамалар, нормативтік - құқықтық актілер, оқулықтар, оқу құралдары, шығармашылық басылымдар, мерзімдік басылымдар және басқа да шығармалар қолданылды.

Мазмұны

Кіріспе

1-тарау. Қазақстан Республикасындағы сот билігі: тарихы, жай-күйі және болашағы.

1. 1 Қазақстандағы сот билігі: түсінігі, белгілері және функциялары.

1. 2 Сот төрелігі ұғымы және оның құқықтық мемлекеттің талаптарына сәйкес принциптері.

1. 3 Шет мемлекеттерде сот билігін ұйымдастырудың жалпы сипаттамасы.

1. 4 Қазақстан Республикасындағы судьяның құқықтық мәртебесі.

2-тарау. Қазіргі таңдағы Сот шешімдерінің орындалу мәселесі.

2. 1 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты.

2. 2 Қазақстан Республикасының Жоғарға Сот Кеңесі мен Әділет біліктілік алқасы қызметінің конституциялық-құқықтық негіздері.

2. 3 Жеке сот орындаушылардың қызметі

3-тарау. Сот шешімін жүргізуді тапсырудың маңызы және тәртібі

3. 1. Сот шешіміне қойылатын талаптар

3. 2. Сарапшы қорытындысын бағалау және оны қолданудың

мәселелері.

3. 3 Сот шешіміне қажетті материалдарды дайындау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

Кіріспе

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде жеке сот орындаушылар институты жүйесі енгізілген болатын. Осыған орай «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңға өзгертулер мен толықтырулар ен­гізіліп, «Жеке сот орындаушылар» туралы заң қабылданды. Жаңа заң жеке сот орын­даушылардың құқықтық мәртебесін ай­ғақтап, олардың өкілеттілігін нығайтуға бағытталды. Осы уақыт ішінде жеке сот орындаушылар қызметінің тиімді екені дәлелденді. Қазіргі таңда біздің облыста он бес жеке сот орындаушысы жұмыс істейді. Ақтөбе қалалық атқарушылық округінің жеке сот орындаушысы Серік Оралов жеке сот орындаушылардың тиімділігі мен атқарылатын шаруаларға қатысты мәселелерді ортаға салды.

Жеке сот орындаушы кім?

Жеке сот орындаушылардың қызметі Еуропа елдерінде әуелден қолданылады. Мәселен, Франция, Италия секілді бірқатар батыс елдері жеке сот орындаушылар мәртебесін мемлекеттік орган құзыретіне бекіткен. Аталған жүйе елімізге енгізілмес бұрын осы мемлекеттердің тәжірибесі әбден екшелген болатын. Жан-жақты талқылаудан кейін ғана жеке сот орындаушылар институты жүйесі енгізілді. Аз уақыт ішінде аталған қызметтің тиімділігі көріне бастады. Мәселен, облыстағы он бес жеке сот орындаушысының біреуі Хромтауда, екіншісі Темір ауданында нәтижелі жұмыс істеп келеді.

- Мемлекеттік сот орындаушылар мен жеке сот орындаушылардың құқықтары бірдей. Жеке сот орындаушылар да сот актілерін орындайды. Мемлекет пен жеке және заңды тұлғаның пайдасына жұмыс істейді. Жеке сот орындаушылар мемлекеттен еңбекақы алмайды. Олар борышкер төлейтін қаржының он пайызын иеленетін болғандықтан қай уақытта да істі соңына дейін жеткізуге тырысады. Бұған қоса алған қаржының 15 пайызын Үкіметке салық ретінде төлейді, - дейді Серік Оралов.

Жеке сот орындаушыларға қойылатын талаптар да жоғары. Жеке сот орындаушы болу үшін алдымен жоғары заң білімі және мемлекеттің сот орындаушысы болып бес жыл жұмыс істеуі керек. Осыдан кейін барып арнайы сынақ арқылы конкурсқа өтіп, лицензия алады.

Жеке сот орындаушылардың тағы бір артықшылығы - санға емес, сапаға жұмыс істейді. Мәселен, бір мемлекеттік сот орындаушыда 1500-ге дейін сот актілері болады. Көп жағдайда олар істі шешіп үлгере алмай жатады. Соның себебінен азаматтар зардап шегеді. Ал жеке сот орындаушыларда сот актілері бұдан әлдеқайда аз. Жұмыс оларға еріксіз таңылмайды. Қолынан келетін істі өздері таңдап алады.

- Бұл жерде азаматтар шет елдегідей сот орындаушысын өз қалауы бойынша таңдайды. Сот шешімін орындау кезінде мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың құзыреті бірдей. Мәселен, ішкі істер органдарының қызметкерлері борышкердің үйіне прокуратураның рұқсат қағазынсыз кіре алмаса, біз куәлікпен кіре береміз. Борышкердің жылжитын, жылжымайтын мүлкін тәркілеуге құқығымыз бар. Жылжитын мүлікті сол жерде бағалаймыз. Жылжымайтын мүлікті бағалау комиссиясына жібереміз. Бұл жерде аздаған айырмашылықтар бар. Мәселен, мемлекеттік сот орындаушы өзінің қаулысымен мүлікті сол уақытта әкете алады. Ал жеке сот орындаушылар қаулы шығарып, оны сотқа жібереді, - дейді Серік Абатұлы.

Бір сөзбен айтқанда, жеке сот орындаушылардың болуы сот шешімінің дер кезінде орындалуына мүмкіндік береді. Халықтың сотқа деген сенімі нығая түседі.

Соттың шешімін орындамайтын кім?

Соттың шешімін алу бір бөлек те оның орындалуы өз алдына үлкен шаруа. Сотқа ешкім еріккеннен келмейді. Шындық іздеп шарқ ұрғандар ғана соттың табалдырығынан аттауға мәжбүр. Бірі алимент өндіре алмаса, екіншісі қарыз ақшасын қайтара алмай жүр. Заң бойынша борышкер бес күн ішінде ерікті түрде сот шешімін орындауы керек, сот орындаушы болса, екі айдың ішінде соттың шешімін орындатуы тиіс. Алайда заң талаптарына бағынатындар сирек.

- Сот шешімін уақытында орындамайтындар көп. Әсіресе жеке тұлғаларға қатысты шешімді орындату қиын. Мәселен, көп қабатты үйде су кетіп көрші үйді бүлдіреді. Үйі бүлінген азамат сотқа шағымданады. Сөйтіп сот бір жыл бұрын шағымданушы азаматтың пайдасына 72 мың теңге көлемінде қаржы өндіріп беру туралы үкім шығарған екен. Алайда борышкер шешімді орындамайды. Біз істі тексергенде әлгі адамның көрсетілген мекенжайда тұрмайтынын білдік. Тынымсыз еңбектің арқасында борышкерді тауып, шешімді орындаттық. Сот шешімін орындату кезінде бұндай қиындықтар өте көп. Тіпті сот орындаушы келгенде есігін ашпайтындар бар. Осыған қарамастан біз істі аяқсыз қалдырмаймыз.

Жалпы соттың шешімін орындамайтын азаматтарға заң бойынша әкімшілік жаза қолданылады. Бірақ бұндай жазаны мемлекеттік сот орындаушылар ғана қолдана алады. Ал жеке сот орындаушылар сот актілерін орындау департаментіне борышкерге шара қолдану туралы ұсыныс жібереді. Заң бойынша сот шешімін орындамған азаматтарға шет елге шығуға тиым салынады. Мүлкі тәркіленеді және 180 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады.

Сот шешімін борышкер бірнеше жыл бойы орындамай жүре береді. Әсіресе, алимент төлемейтіндер көп кездеседі. Менің осы салада еңбек еткеніме он жылға жуық уақыт болды. Бір байқағаным, соңғы үш-төрт жылдықта ерлі-зайыптылардың арасында ажырасушылар көбейіп кетті. Тіпті бір жыл бірге тұрмай ажырасып, алимент төлеп жатқан жастар бар, - дейді Серік Оралов.

Серік Ораловтың айтуынша, заң бойынша бір балаға еңбекақының - 25, екі балаға - 33, үш баладан асса 50 пайызы төленеді. Егер алимент төлеуші азаматтың қарызы болса, еңбекақысының 70 пайызын береді. Ал жұмыссыз азаматтар бір балаға еңбекақысынан бес мың теңге төлейді. Заң бойынша жұмыссыз азаматтар алимент төлеуден бас тарта алмайды. Серік Оралов жыл басынан бері жеке тұлғаларға қатысты 37, заңды тұлғаларға қатысты 40 іс қараған. Оның ішінде алимент төлемеуге байланысты төрт іс түскен

Алаяқтан сақтан

Серік Абатұлының айтуынша, сот актілерінің 95 пайызы жеке тұлғаларға қатысты. Оның ішінде алимент төлеуден жалтарғандар мен қарыз ақша алып қайтармай жүргендер көп.

- Азаматтардың көпшілігі заңды білмегендіктен жапа шегеді. Әсіресе, алаяқтың құрығына ілігетіндер көп. Тіпті үш миллион теңгеден асатын қаржыны ешқандай кепілсіз қарызға береді. Кейін оны ала алмайды. Ал қарыз ақша алатындардың көпшілігі алаяқ болып шығады. Олар заңды өте жетік біледі. Мәселен, осындай іс түссе, біз қарыз ақша алған адамның атында мүлік бар ма, жоқ па, соны тексереміз. Көп жағдайда бұндай адамдар өз атына ешқандай мүлік тіркемейді. Тіпті көліктің өзін сенімхатпен жүргізеді. Егер борышкердің атында ешқандай мүлік болмаса қарызды қайтару қиын. Тіпті ол адам өмір бойы қайтармай жүре беруі мүмкін. Және бұндай адамдар ешқашан қарызды қайтармаймын деп айтпайды. Жағдайының жоқ екенін бірақ қайткенде қайтаратынын айтып, ақталады. Егер ақшасы бар екенін бірақ төлемейтінін айтса, қылмыстық іс қозғалып, мәселе басқаша шешілер еді. Бірақ олар бұлай жасамайды. Сондықтан оларға ешнәрсе істей алмайсың. Бұндай адамдарға қылмыстық кодекстің 36-бабы бойынша айыппұл төлеу, қоғамдық жұмысқа тарту сияқты жаза қолданылады. Ал қарызын қайтара алмай жүрген адам қалай айыппұл төлейді? Және ол қоғамдық жұмысқа шыға ма, шықпай ма, өз еркінде. Оны күштеп жұмыс істете алмайсың. Осы жерде заңның әлсіздігі байқалады. Егер заң бойынша бұндай адамдарға қатаң жаза қолданылса, олар жауапкершілікті сезінер еді, - дейді Серік Абатұлы.

Сот орындаушы алаяқтың қармағына ілікпеу үшін алдымен заңды білген жөн екенін айтады. Біреуге, тіпті жақын танысың мен ағайынға қарыз бергенде мұқият болған дұрыс. Қарыз берген жағдайда міндетті түрде кепіл сұрау керек. Және кепілге қоятын мүлік қарыз алушы адамның атында екеніне көз жеткізіп алған жөн. Себебі кепілге қойған үй, кейін тексере келгенде банкте кепілде тұруы мүмкін. Сондықтан міндетті түрде халыққа қызмет көрсету орталығынан анықтама қағаз алу керек. Бұған қоса әлгі адамның әйелі немесе күйеуінің келісімі болуы керек. Мәселен, қарызды бермей кетіп, сот шешім шығарған кезде борышкердің әйелі білмейтінін айтып, үйден үлесін алады. Бұл шешімнің орындалуына қиындық келтіреді. Көлікті кепілге алған кезде де абай болған жөн. Себебі көлік басқа адамдікі немесе банкте кепілде тұруы мүмкін.

- Алаяқтар алдымен адамның сеніміне кіреді. Сондықтан көпшілігі алданып қалады. Тіпті бірге туған адамдардың арасында да бұндай жағдайлар жиі кездеседі. Сотқа шағымданбағандар қаншама. Себебі көп адамдар сотқа арызданып, уақыт алып жүргісі келмейді. «Құрсыншы, садақа» деп қолды бір сілтейді. Сондықтан біреуге қарыз берерде мұқият болған жөн. Кейбіреулер қарыз бергенде қолхат алып, нотариус арқылы куәландырады. Борышкер қарызды алғанын мойындағанмен, оның артында ешқандай мүлік тіркелмесе, қолхаттан ешқандай пайда болмайды. Яғни қарызды қайтара алмайды. Қарыз сұрағанда адамдар басқаша сөйлесе, берерде бөлек әңгіме айтады. Олар жауапкершілікті сезінбейді. Біреу жүз мың теңге бережақ болса, «бір миллион емес қой, сұрап мазамды алма» дейді, екіншісі миллион алып тұрып, «10 миллион теңге қарызы барлар да жүр ғой» дейді. Ал 100 миллион алғандар «адам өлтірген жоқпын, төлеймін ғой» деп шалқаяды. Сондықтан азаматтар ешкімге сенбеулері керек, - дейді Серік Оралов.

Сот шешімін орындату оңай шаруа емес. Уақыт пен тер төгуді қажет етеді. Сондықтан азаматтардың өзі әр істі абайлап атқарғаны жөн.

2. 1 Қазіргі таңдағы Сот шешімдерінің орындалу мәселесі

Сот шешімдерінің орындалу мәселесіне Қазақстанда соңғы жылдары көп мән берілді, атқарушы қызмет туралы заңдардың жетілдірілуі, сот орындаушыларының материалдық-техникалық жағдайының жақсаруы - осының бәрі сот орындаушыларының жұмысын жеңілдетті және оң нәтижесін берді.

Алайда атқару қызметінің ойдағыдай өз қызметінің атқаруы проблемасы әлі де түпкілікті шешілген жоқ, өйткені сот шешімдерінің орындалуы бұл ықпалды және халықтың сеніміне ие бола алатын сот жүйесінің маңызды шарты.

Осыған орай сот шешімдерінің орындалмай қалған оқиғаларына жүргізілген талдау өндіріп алушылардың мүдделеріне кедергі болатын мәселелердің шеңберін анықтауға мүмкіндік туғызды.

Қазір борышкерлердің сот орындаушыларының өз жұмысын атқарған кезде оларға қарсы күш қолданып, қорқытып, тұрғын үйге кіргізбеу, өндіріліп алынуға тиіс мүлікті жасыру оқиғалары кездеседі. «Атқару қызметі туралы» заңына сәйкес осындай келеңсіз орын алған жағдайда атқару сот приставтарының көмегімен асырылады. Бірақ, «Сот приставтары туралы» заңында сот приставтарының бөлімшелері сот орындаушыларының жанында емес, соттардың жанында құрылатынын атап өту керек. Іс жүзінде сот приставтары сот залдарында тәртіпті, сот ғимараттарын қорғайды, осыған байланысты сот орындаушыларына уақыты жетпейді.

Келесі проблеманы кадр, сот орындаушыларының квалификациясының жеткілікті деңгейде және материалдық ынталандыру жүйесінің жеткілікті дәрежеде жетілмеуінің мәселелері құрап отыр. Міндетті және уақтылы орындау профессионализм мен атқару әрекетінің сауатты жасалуын талап етеді. Практика жүзінде кадрлардың жетіспеуі және олардың үнемі жаңартылуы атқару системасына кері ықпалын тигізуде. Сот орындаушылары үлкен ауыртпалық жағдайында жұмыс істейді, бұл сот шешімдерінің уақтылы орындауына кері ықпалын тигізеді. Сот орындаушыларының көпшілігі керекті профессионалдық деңгейге жеткеннен кейін басқа жұмысқа ауысады. «Атқару қызметі туралы» жаңа Заңның қабылданған сәтінен бастап атқару санкциясы борышкерден толық мәжбүрлеп алынғаннан кейін түскен қаржы республикалық бюджетке аударылады(осы норманың қабылдануына дейін өндіртіп алуды жүргізген сот орындаушысы өндіртіп алынған соманың 5% сыйақы алуға құқығы бар еді және шешімнің тез және толық орындалуына мүдделі болды) . Одан басқа «Атқару қызметі туралы» заңның 83 бабында сот орындаушысы қызметіне кандидатта заң білімінің болуы нақты түрде көрсетілмеген. Көрсетілген факт пен еңбек мотивациясының болмауы сот орындаушыларының саны мен сапасына кері әсерін тигізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот сараптамасының түсінігі, негіздері мен тағайындау тәртібі
Сот сараптамасын тағайындау және жүргізуде арнайы білімдерді қолдану
Сот сараптамасының жіктелуі,тағайындаудың ұйымдастырушылық сұрақтары және оны жүргізетін мекемелер
Сот сараптамасы туралы криминалистік ілімнің рөлі мен маңызы және оны тағайындау, жүргізу және бағалаудың тактикалық ерекшеліктері
Сот сараптамасын тағайындау, жүргізу және оның нәтижелерін бағалау
Құжаттардың сот сараптамасы
Сот сараптамасының рөлі
Сот сараптамасы туралы
Сот сараптамасы бойынша есептер
Сот сараптамасынын объектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz