Жеңі тұтас пішілген киім үлгілерін конструкциялау және модельдеу жолдарын ашып көрсету



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім
1 Киімнің шығу тарихы ... ... ... .5
1.1 Әйел көйлегіндегі жең түрлерінің шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. Киім үлгісінің көркемдік сипаты ... 14
2.1 Сән және киімнің көркемдік шешімі
2.2 Киімге қойылатын талаптар ... ... ..17 2.3 Мода ағымына сипаттама ... ... ...19
2.4 Жеңі тұтас пішілген киім тігуге маталарлар таңдау ... ... .21
3 Киімді конструкциялау жөнінде жалпы мәліметтер ... ..25
3.1 Адам денесінің өлшемдерін алу техникасы ... ... ... ...25
3.2 Жеңі тұтас пішілген киім үлгілерін конструкциялау және модельдеу ... ...34
Қорытынды ... ... ... 41
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... 42
Қосымшалар
ҚР президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Осы заманғы білім беру және білікті кадрлар жүйесін дамытудың және «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет және Еуразия ұлттық университеттерінде оқыған лекцияда «Білімді, салауатты адамдар - бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының қозғаушы күші» екенін атап көрсетті[1].
«Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» өз бетімен білім ала алатын және алған білімін өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңарған технологияларына көшу талабын қойып отыр[2].
Қазіргі заманғы дизайнерлер киім үлгілерін әзірлеуде бір жағынан өндірістің қоятын талаптарын және екінші жағынан тұтынушының қоятын талаптарын ескеріп отырады. Сондықтан бұл талаптар өндірістік және тұтынушы талаптары болып бөлінеді. Тұтынушы талаптарын үш топқа бөлуге болады: функционалды, эстетикалық және экономикалық. Мода ағымына сай қазіргі заманғы киім үлгілеріне таддау жасау үшін әр маманның моданың ерекше тән қасиеттерін байқау қабілеті болуы қажет.
Бүгінгі ғылым саласында және оқу процессінде модельдеу өте кеңінен қолданылуда. Оқу процессін ғылыми тұрғыда ұйымдастыруда модельдеуді қолдану зерттеу құрылымдарының бірі болып саналады.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрағат міндеттерінің бірі - өзінің өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеуге, ұрпақ тәрбиесі келешектегі қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан – жақты жетілген, ақылпарасаты мол, мәдени – ғылыми өрісі озық азамат ретінде тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Осыған орай, бүгінгі заман талабына қарай жастарды киім үлгілерін модельдеуге, пішуге, тігуге, көркемдеп сәндеуге әрі эстетикалық талғамын арттырып, көркемдік білім деңгейін көтеру маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Осы заманғы білім беру және білікті кадрлар жүйесін дамытудың және «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет және Еуразия ұлттық университеттерінде оқыған лекция
2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.//Қазақстан жоғары мектебі, №1, 2004.
3. Жолдасбекова С.А. Қалабаева Қ.Р Киімді конструкциялау моделдеу-Алматы, Қазақ университеті.2007-106-106 б
4. Жолдасбекова С.А. Киімді конструкциялау мен модельдеу бойынша практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. Шымкент. 2007. 86 бет.
5. Егорова Р.И., Монастырная В.П. Істіге біл: 5-8 сынып оқушыларына
арналған кітап. Ауд. Орынбаева Ә., Тәжіғалиева Б-Алматы: Рауан, 1993.-167 бет.
6. Бланк А.Ф. , Фомина М. Практическая книга по моделированию женской одежды.-М.: легкая промышленность быть издат. 1992.
7. Махмутова Х.И. Конструируем модельируем, шьем. Книга для уч.-Н.: просвещение, 1994.-144с.:
8. Шершнева Л.П. Әйел және балалар киімін конструкциялаудың негіздері. (ауд. Орынбаева Ә.) Алматы, Рауан-1996.- 25-26 бет.
9. Бланк А.Ф. Практическая книга по моделированию женской и детской одежды. -М., Логупи, 1991.-240стр.
10. Козлова Т.М. и др. «Моделирование и художественное оформление женской и детской одежды»
11. Байбатшаева А.Е. Салалық материалтану. Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ 2012.- 97б.
12. Асанова А. Тастанбекова Г. Киімді конструкциялау және тігу технологиясы.-Астана, 2008ж. 95б.
13. Асанова А. Айдынбекова Ж. Нұрпейісова С. Киімді конструкциялау. Астана, 2008ж.- 115б.
14. Бағжаева С.Қ. Әйелдер мен балалар киімдерін сәндеу технологиясы. Оқу құралы – Республикалық баспа кабинеті. Алматы. 2013. – 199 б.
15. Рослякова Т.А. Крою и шью 2-е изд. - СПб:Питер, 2014.-320 с:ил
16. Чернышева Л.А. Энциклопедия кроики и шитья. - Минск. Харвест, 2014.-160с.:ил.
17. Егорова Р.И. Іс тіге біл. Алматы. 2010.- 160 б.
18. Богардус Э., Гофман. Основы художественного конструирования женской одежды. - М.: Легкая А.и пищевая промышленность, 2013.-189с.:ил.
19. Тәкішева Г.Ә., Асанова Б.Е. Киімді модельдеу және көркемдік безендіру. Аламты. 2014.- 236 б.
20. Рослякова Т.А. Крою и шью 2-е изд. - СПб:Питер, 2014.-320 с:ил

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім
1 Киімнің шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Әйел көйлегіндегі жең түрлерінің шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .5
2. Киім үлгісінің көркемдік сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 4
2.1 Сән және киімнің көркемдік шешімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Киімге қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17 2.3 Мода ағымына сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.4 Жеңі тұтас пішілген киім тігуге маталарлар таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 21
3 Киімді конструкциялау жөнінде жалпы мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... 25
3.1 Адам денесінің өлшемдерін алу техникасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 25
3.2 Жеңі тұтас пішілген киім үлгілерін конструкциялау және модельдеу ... ...34
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 2
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..43

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі: ҚР президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында Осы заманғы білім беру және білікті кадрлар жүйесін дамытудың және Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет және Еуразия ұлттық университеттерінде оқыған лекцияда Білімді, салауатты адамдар - бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының қозғаушы күші екенін атап көрсетті[1].
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы өз бетімен білім ала алатын және алған білімін өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңарған технологияларына көшу талабын қойып отыр[2].
Қазіргі заманғы дизайнерлер киім үлгілерін әзірлеуде бір жағынан өндірістің қоятын талаптарын және екінші жағынан тұтынушының қоятын талаптарын ескеріп отырады. Сондықтан бұл талаптар өндірістік және тұтынушы талаптары болып бөлінеді. Тұтынушы талаптарын үш топқа бөлуге болады: функционалды, эстетикалық және экономикалық. Мода ағымына сай қазіргі заманғы киім үлгілеріне таддау жасау үшін әр маманның моданың ерекше тән қасиеттерін байқау қабілеті болуы қажет.
Бүгінгі ғылым саласында және оқу процессінде модельдеу өте кеңінен қолданылуда. Оқу процессін ғылыми тұрғыда ұйымдастыруда модельдеуді қолдану зерттеу құрылымдарының бірі болып саналады.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрағат міндеттерінің бірі - өзінің өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеуге, ұрпақ тәрбиесі келешектегі қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан - жақты жетілген, ақылпарасаты мол, мәдени - ғылыми өрісі озық азамат ретінде тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Осыған орай, бүгінгі заман талабына қарай жастарды киім үлгілерін модельдеуге, пішуге, тігуге, көркемдеп сәндеуге әрі эстетикалық талғамын арттырып, көркемдік білім деңгейін көтеру маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Конструкциялау нәтижесінде киімнің сыртқы пішіні мен құрылымы анықталатын процесс. Киім конструкциясын қалыптастыруда дененің барлық мүшелерінің өлшемдерінің бірдей мәнге ие бола бермейді. Киім өндірісі - адамның тұрмыстық талаптары мен көркемдік талаптарына сай қызмет ететін индустрияның қуатты саласы. Ғылыммен техниканың даму нәтижесінде киім адам тұлғасын сыртқы ортадан қорғау үшін ғана емес, қолданбалы өнер обьектісі ретінде қолданылады.
Оқушылар киім үлгісін әзірлеуде бүгінгі күн талаптарына сай меңгерту үшін теориялық және практикалық негіздер арқылы оқушыларды адамгершілік, эстетикалық тәрбие беруде сырт киімдердің үлгілерін тігуге үйретуді талап етеді. Бұның бәрі жеке тұлғаны рухани байытады, жан-жақты дамуға әсер етеді, қазақтың ұлттық киімдерін, ұлттық өнерді бағалауға, түсінуге үйретеді.
Киім өндірісі - адамның тұрмыстық талаптары мен көркемдік талғамдарына сай қызмет ететін индустрияның қуатты саласы. Ғылым мен техниканың даму нәтижесінде киім адам тұлғасын сыртқы ортадан қорғау үшін ғана емес, қолданбалы өнер обьектісі ретінде қолданылады.
Киімді конструкциялау мен модельдеу бойынша оқу құралы практикалық жұмыстарды орындауға арналып отыр. Оқу құралында киім түрлері оларға қойылатын талаптар, өлшем алу техникасы мен қосымшалар қосу жөнінде мәліметтер берілген. Сонымен қатар, әйелдер мен қыздардың белдемшелі иықты киімдері және ұлттық бас киімдері конструкциялау мен модельдеу жөнінде мәліметтер берілген. Оқу құралында лаборатория-практикалық жұмыстың тақырыптары, жұмыстың мазмұны, орындалу барысы, қажетті әдебиеттер ашылып корсетілген Жолдасбекова С.А., Қалабаева Қ.Р., Киімді конструкциялау мен модельдеу [3] Жолдасбекова С.А. Киімді конструкциялау мен модельдеу бойынша практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау[4], Егорова Р.И., Монастырная В.П. Істіге біл [5], Бланк А.Ф., Фомина З.М. Практическая книга по моделирование женской одежды [6], Махмутова Х.И. Конструируем модельируем, шьем [7], Шершнева Л.П. Әйел және балалар киімін конструкциялаудың негіздері [8], Бланк А.Ф. Практическая книга по моделированию женской и детской одежды. [9], Козлова Т.М. и др. Моделирование и художественное оформление женской и детской одежды [10], Байбатшаева А.Е. Салалық материалтану[11], Асанова А. Тастанбекова Г. Киімді конструкциялау және тігу технологиясы [12] және т.б. оқулығы бойынша оқу құралында киім түрлері, оларға қойылатын талаптар, өлшем алу техникасы мен қосымшалар қосу жөнінде мәліметтер берілген.
Зерттеу барысында жеңі тұтас пішілген киім үлгілерін конструкциялау мен модельдеуге үйрету тәсілдері мен бұйым жасау барысындағы маңызы туралы мәліметтер жинақтауда бірқатар оқулықтар басшылыққа алынды.
Зерттеу нысаны - жеңі тұтас пішілген киім үлгілерін конструкциялау мен модельдеу үдерісі.
Зерттеу пәні - жеңі тұтас пішілген киім үлгілерін конструкциялау және модельдеу.
Курстық жұмыстың мақсаты: жеңі тұтас пішілген киім үлгілерін конструкциялау және модельдеу жолдарын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті:
- киімнің шығу тарихына шолу;
киімнің көркемдік ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтау;
адам бейнесінің өлшемдік сипаттамасын беру;
жеңі тұтас пішілген киім үлгілерін конструкциялау
және модельдеу.
Зерттеудің практикалық құндылығы: жеңі тұтас пішілген киім үлгілерін конструкциялау және модельдеу жолдарын ашып көрсетіліп, сызба жұмыстары әзірленді.

1 Киімнің шығу тарихы.

2.1 Әйел көйлегіндегі жең түрлерінің шығу тарихы

Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғыммен бейнелейтін сәнмен тығыз байланыста болады. Қай заманда болмасын адамзат алдындағы ұлы мұрат-міндеттердің ең басты-өз ісін, өмірін жалғастыратын, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Ал ойлы- пайымды, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойымен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып, оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сәнде үнемі жаңарып отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді.
Жақсы киіне білуде өнер. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі-әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты, киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатынының белгісі болып табылады. Киімді жарасымды етіп пішу- қонымды киімдердің кепілі екенін ұмытпауымыз керек. Сонымен қатар киім адамды қоршаған ортаның табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды оны тұтыну мәні мен бірге қызмет ететін маңызы бар. Киімнің шығуы адам еңбегінің ерекшелігіне қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің дамуына тығыз байланысты.
Киім - утилитарлық және эстетикалық қызметтерді атқаруға, адам денесін сыртқы әсерден қорғауға арналған бұйым, бұйымдардың жиынтығы.
Киім белгілі-бір дәрежеде адамдардың жас айырмашылығын, әлеуметтік ерекшеліктері мен эстетикалық ортасын танытады. Ұлттық талғамдар мен дәстүрлер әсіресе киімге тағылатын зергерлік бұйымдардан айқын сезіледі.
Адам көркі - шүберек. Бұл талай жылғы тәжірибеден өтіп, әбден екшеліп айтылған тобықтай түйінді сөз. Халқымыз атам заманнан бері осы бір қағиданы берік ұстанып, мың бір сырлы әсем киім үлгілерін жасап киініп келген.
Киім жай ғана бір жапырақ мата емес. Ол белгілі бір ұлттың, мәдениеттің бет бейнесін көрсетіп тұратын ғажайып дүние. Оның эстетикалық, этно-мәдени, қоғамдық мәні де орасан. Сондықтан әр қазақ мақтан тұтатын мол мәдениетіміздің елеулі бір саласына киім кию ғұрыптарымызды жатқызсақ болады.
Қазақ елі киім жасауда да тарих бетінде өзіндік дара із қалдыра білген. Киімдеріндегі ою-өрнектер, қолданылған материалдардың композициясы, олардың арасындағы керемет үйлесім, түр-түстің ерекше нәзік сәйкестігі - бәрі де қазақтың шоқтығы биік шеберлігін, шалқар шабытын, табиғатты терең меңгерген даналығын бірден байқатып тұрады.
Қазақ ісмерлерінің қолынан шыққан киімдерден ұлтымыздың дүниетанымдық, философиялық көзқарасы мен дүниені қабылдауы көрінеді. Халқы-мыздың бүкіл ішкі жан дүниесі, ұстанған діні мен ділі киім үлгілерінен, олардың пішілуінен, тігілуінен, қолданылған әшекейлерден, таңдалған түр-түстен аңғарылады десек әсіре айтқандық емес. Өйткені кез келген киім оны жасап шығарған халықтың ішкі руханиятының материалданған көрінісі екені даусыз. Демек киімдеріміз қандай сұлу болса, жан байлығымыз да соншалықты сұлу болған.
Енді сөзіміз дәлелді болуы үшін қолымыздағы материалдар негізінде қазақ қыз-келіншектерінің ұлттық киім үлгілері жайлы айта кетелік.
Ең бірінші айтылар нәрсе, қазақ халқы еш уақытта бірдей киінбеген. Себебі ұлттық киімдеріміз адамның жасына, жынысына, әлеуметтік тегіне, деңгейіне, дәрежесіне, қызметіне қарай әр түрлі болып тігілген. Сондай-ақ қазақ киімдерінің қыстық, маусымаралық, жаздық деген секілді маусымдық, содан соң сән киімі, салтанат киімі, ғұрыптық киім (өлім-жітімге, тойға барғанда киетін) т.б. деген сынды түрлері де болған.

Сурет 1.Қазақтың ұлттық киімдері

Осылайша жер бетін мың түрлі әсем гүлдер қалай құлпыртса, сан түрлі киімдеріміз де қазақ даласына өзінше сән беріп келген. Кейін келе-келе, өкінішке орай социалистік қоғам құру үшін жұрттың бәрі бірдей киінсін, бірдей жұмыс істесін, бірдей өмір сүрсін деген саясатты бастан кешіп, орыс та, неміс те, қазақ та фабрикадан шыққан бірдей киім киюге көштік. Одан бөлек ұлттық киімдерді қасақана жоюға, халық санасынан өшіруге бағытталған арнайы үдерістердің болғаны да қазір жасырын емес. Мысалы, белгілі этнолог Нұрсан Әлімбайдың пікірінше, 1928 жылы ескінің көзі ретінде мәпелеп сақталынып келген нелер бір киімнің асыл түрлері қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің артта қалған, қараңғы кезеңінің ескерткіштері мен символдары ретінде аяусыз жойылғаны тарихи шындық. Осылайша даланың гүліндей құлпырған ұлттық киімдеріміз қолданыстан қала берді. Сондай-ақ қазақ халқының қыз-келіншектерге арналған бүкіл киімдерінің бәріне ортақ бір ерекшелігі бар. Ол адамның дене бітімін қымтап жауып тұратындығында. Бұл жағынан алғанда, қазақ киімдерінің көпшілігі қасиетті дініміздің талаптарына сай келеді деуге толық негіз бар. Қолымыздағы материалдар дәл осындай қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Киімнің шығуы адам еңбегінің ерекшеліктеріне, қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің дамуына тығыз байланысты. Қазақтардың ұлттық киімі халқымыздың негізгі кәсібі - мал шаруашылығына байланысты көшіп-қонып жүруіне ыңғайлы етіп тігілді. Оларға аяз бен боранға, ыстыққа төтеп беретін киім қажет болды. Сондықтан да қазақтар киімді иленген мал терісінен, жұқа киізден, түйенің жүнініен тікті. Бертін келе матаға жүн салып сыратын болды. Орта Азиямен, Қытаймен сауда-саттық жасаудың нәтижесінде жүн, жібек, мақта маталарын ала бастады. Ал XVIII ғасырдан бастап орыстың фабрикалық арзан маталарын айырбасқа ала бастады. Бұл ұлттық киім түрінің кобеюіне мүмкіндік жасады.
Қазіргі киімдердің мынадай түрлері бар: 1) ерекше маталарды қажет ететін өндірістік арнайы, арнайы киімдер; 2) жұмысқа, қыдыруға, саяжай мен курорттарға киетін киімдер; 3) әскери адамдардың, теміржолшылардың, т.б. адамдардың киімдері; 4) спорттық киімдер.
Киім-кешек ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі-бір ұғымын бейнелейтін модамен тығыз байланысты болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни мода да үнемі жаңарып отырады. Киімді әркім өзінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен мода ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білу де - өнер. Бұл өнерді игеру үшін модалар журналы мен мерзімді баспасөздің белгілі тарауларында жазылып тұратын мода талаптарын білу аз, бұған қоса өз талғамында жетілдіріп, дамытып отыру керек. Бұл ретте адамның өз мәдениеті, оның моральдық және адамгершілік принциптері және талғамы мен бейімі үлкен роль атқарады.
Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі - әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім ансамбльдерін түсі мен модасына қарай дұрыс құрай білуге, яғни, киім мен аяқкиімнің, сумканың, қолғаптың бір- біріне үйлесіп тұруына тікелей байланысты. Костюмнің сәнділігі түрлі әсемдеудің, детальдардың, әсемдік бұйымдар мен түстердің саны мен сипатын терең ойластыра, шектен шықпай қолдануға да байланысты. Қазіргі заманғы киімдердегі сәнді түстердің үйлесімділігі әдетте түрлі ренктегі бірнеше топтардан тұрады. Өзара жақын (сарғыш қоңыр мен қоңыр, көк пен көгілдір) сондай-ақ көзге қонымды (ақ сары,ашық жасыл, ақшыл, сұр, ашық көк т.б.) түстерді сәйкестендіре пайдалану арқылы әсемдікке қол жеткізуге болады. Қара немесе көк түсті ақ түспен астастырса қолдану да сәнді деп саналады. Олар бір-бірінен айқын бөлініп тұрады, мұндай әр түстің пропорциялары бір үлгіде немесе ансамбльде нақты сақталғанының маңызы зор.
Сәндік ұғымына киімнің әсемдігі ғана емес, сонымен бірге нақты жағдайға байланысты киіне білу, адамның шұғылданатын ісіне, жас шамасына сәйкестігі де ескерілуі жатады. Киімнің сәнділігіне кереғар тұрпайы киіну де бар ( мысалы, жұмыс кезінде үлкен сырға, жылтырауық түйреуіш пен бірнеше жүзік тағу, киім ансамбліне тым айқын, қанық бояуларды пайдалану, жағасы тым кең ойылған көйлек пен селдір блузка кию, джемпер, юбка, шалбардың өте тар болуы - бір сөзбен айтқанда моданы әсіре қолданудың бәрі). Ол талғамсыздықтың белгісі деп танылады.
Қазіргі моданы жоққа шығаруға ұмтылатын кейбір адамдар өздерінің модамен киінбейтінін мақтан тұтады, бір-ақ олар қателеседі. Модадан тыс киім болуы мүмкін емес: соңғы модамен де, сонымен бірге сәл бұрынырақтағы немесе ертеректе қолданған модамен де киінуге болады. Киім адамды маңайдағы жұртқа тым оқшау, ерекше көрсетпеуі керек, ал ол талғамның жоғарылығына тікелей байланысты.
Жұрттан ала-бөле жаңа модалы киім де, қазір ұмытылып кеткен көне модалы киім сияқты анайы, оғаш көрінеді. Киім сырт пішінді әсемдеп (немесе бұзып) қана қоймайды, сонымен бірге адамның өзін қоршаған ортаға қарым-қатынасын да білдіреді. Мысалы, той-жиын, мерекелі сәттерде қалай болса солай, салақ киіну ол адамның жиылған жұртпен қоса өзін де сыйлай білмейтінін көрсетеді.
Киімге деген талғампаздылық адамның өзіне сын көзбен қарай алатынының белгісі болып табылады. Киімді дұрыс таңдау үшін жас ерекшелігін де ескеру керек. Жастар ашық бояулы, кейді тіпті әдеттегіден ерекше тігілген көбіне-көп спорттық немесе ескі халықтық үлгідегі киімдерді киюіне болады. 30-жасқа келген қыз-келіншектер өзінің сыртқы пішініне лайық, бітім сұлулығын айқындап тұратын киімдерді таңдай білулері керек. Қырықтан асып, жас ұлғайған кезде білінетін тұлғадағы кейбір кемшіліктерді бүркемелеу жағын ойластырған жөн. Толық денелі жас әйелдер толықтықты жасырады екен деп тым қоңырқай түсті киім киюмен шектелмегендері жөн. Ең бастысы, киімнің түсі мен формасында белгілі -бір талғамды сақтай білу. Толық денелі, жасы ұлғайған әйелдердің де ашық түсті маталардан қашқақтауы орынсыз, дегенмен бұл маталар тым қанық бояулы болмауы қажет.
Талғампаздық пен киімді орынды кие білуді адам бойына кішкентай кезінен дарыту керек. Бала талғампаздығы оның өзіне және ата-анасының тәлім-тәрбиесіне де байланысты. Балаларға ыңғайлы, өз денесіне шақ, әдемі киімдерді алу керек. Өсе келе дұрыс келеді деп киім алу дұрыс емес. Мұндай киім олпы-солпы болып, баланы ыңғасыздыққа душар етеді, ал қашан шақ болғанша ескіріп те үлгіреді. Одан гөрі кішірейген жең ұшы мен етек жағын жіберіп, ұзартқан әлдеқайда қонымды. Киілу мақсатына қарай киімді бірнеше топқа бөлуге болады:
Күнделікті жұмысқа және үйде киетін; сән-салтанатқа киілетін; спортпен шұғылдану және далада демалу, серуендеу үшін киілетін киімдер. Бұдан басқа арнайы өндірістік киімдерде болады.
IX-XII ғасырларда Роман дәуірінде жеңі тұтас пішімді Шэнз көйлегін әйелдер пайдаланды. Бұл кезде әйелдер камиза - қысқа көйлек пен котта - көйлегін киген. Бұл киімнің белі баумен буылып бүйір тұсында қынала түскен. Осы кезден бастап қынамалы әйел көйлегі пайда болған.

Сурет 2. IX-XII ғасырларда Роман дәуіріндегі әйел көйлегіндегі жең түрлері

XIY- XY ғасырларда готика кезеңі кезінде киімді конструкциялау жетіліп оның пішімі архитектурамен тығыз байланыста болды. Киімнің сыртқы формасы өзгере отырып, оның конструкциялық шешіміне әсер етті. Ең алдымен жауынгерлер киімі киімінің конструкциясы өзгерді. Темір сауыт киіп соғысқанда қимыл - қозғалыстары өте ебедейсіз болған. Кейде қолайысз кейім аурудың тууына себеп болған. Сондықтан, шебердер монолитті сақиналарды кіші бөлшектерге бөліп, оларды мата , ілмек және тоқымалар мен бөліктерді біріктірді. Шеберлер практикалық іс-тәжірибе негізінде жазық детальдар (бөлшектер) формасын ойлап тапты.

Сурет 3. Модерн стилі, S -тәрізді үлгідегі жеңі кеңейтілген әйел көйлектері
Киімнің жеке бөліктері мен бөлшектерінің формалары табылды. Олар: өңір, жота мен жеңі . Бұл бөлшектер матаның шеткі желі жібі бойымен орналастырып, оның созылу қасиетін ескерген . Көлемді форма алу үшін ең алдымен бүкпе түсірілді жеңі овал етіп пішілді.
Әйелдер костюмі-ампир стиліндегі қарапайым және қатаңдау пішімде болды. Көйлектің бел сызығы жоғары орналасып, көкірек тұсын ерекше сәнді етіп көрсетті. 1810 жылы юбка пішімі қоңырау тәрізді болып, етегі әдеміленіп әшекейленді. XІX ғасырдың басында ақ түсті көйлектер кисе, кейіннен әр түрлі, гүлсіз көйлектер киді.
XІX ғасырдың 90-шы жылдары әйел костюміне жаңадан дүниеге келген модерн стилі енді. Модерн буржуазия мәдениетін мойындамай, тығырықтан шығу үшін жасалды. Модерн стилінде әйел көйлегі жіңішке лиф, кең юбка, тар жең, биік жабық жағадан тұрды. Жаңа корсет формасы S -тәрізді үлгіге ие болды. Кеудесі көтеріңкі, белі тартылып, артқы бойы белден бұрала шыққан сызықтан тұрды. Барлық конструкторлы және сәндік сызықтар S -тәрізді болып келді. Адам денесін киім арқылы жасанды түрде өзгертіп көрсету әр ғасырда қолданды. Готика стилінде де осындай жасанды бүгулер қолданылғаны белгілі. Алайда ешбір дәуірде мұндай табиғатқа қарсы келер костюмдер болған емес.
XIX ғасырдың аяғында жеңі тұтас пішілген киімдерге ұқсас реглан жеңді еуропалық киім үлгілері пайда болды. Киім жеңінің пішіміне қарай қоныдырмалы, тұтас, құрама және реглан түрлерге бөлінеді.
XIX ғасыр костюмының қалыптасуына ХІІІ ғасыр киім үлгілері әсер етті. Біздің бүгінгі күнде киіп жүрген киім үлгілеріміздің де негізгі бөліктері сол уақыттағы киім бөлігінің негізінде дами түсті. Тіпті кей біреулерінің пішімі де осы уақытқа дейін өзгермеген.

Сурет 4. ХІІІ- XIX ғасыр әйел киіміндегі жең үлгілері

Әйелдер костюмі-ампир стиліндегі қарапайым және қатаңдау пішімде болды. Көйлектің бел сызығы жоғары орналасып, көкірек тұсын ерекше сәнді етіп көрсетті. 1810 жылы юбка пішімі қоңырау тәрізді болып, етегі әдеміленіп әшекейленді. XІX ғасырдың басында ақ түсті көйлектер кисе, кейіннен әр түрлі, гүлсіз көйлектер киді. Кейде әйелдер бұрынғысынша полонез сырт киімін киді. Оның алды ашық болып, жарты дөңгелек секілді көрініс тапты. Сондай-ақ контуш киімінің бірі -кең, алды ашық қынамасыз левит-көйлегін киді.
Жаңа киімдердің пішімі өте үлкен болғандықтан, оны тек сән-салтанаттарда ғана киді, ал басқа күндері жүріп тұруға өте ыңғайлы, төменгі жағына қатты юбканы немесе фижманы пайдаланды. Көйлек сыртынан шілтерімен сәнделген ормалдарды иықтарына жамылып жүрді. Бұл киімдер әйел денесінің пропорциясына қарама-қарсы келді. Көйлекті шілтері, бант, гүл шоғы, гриляндалармен, жасанды немесе табиғи гүлдермен және қауырсындармен сәндеді.
Қазіргі кезде әйел киімінде классикалық қондырмалы жең түрлерінен әр түрлі конфигурациялы жең үлгілерін пайдалануда. Ойық өзінің өлшемдері бойынша түрлі көлемде өзгере алады. Әсіресе ол ені мен тереңдігіне байланысты болады.
Жең түбінің жоғарғы және төменгі бөліктері мөлшерлерінің өзгеруіне байланысты қондырма жең әртүрлі пішімді бола алады.
Жеңнің түрлері өте көп, атап айтсақ реглан жең, фонарик, бүкпелі жең, екі тігісті жең, ашық және жабық тігісті жеңдер.

Сурет 5. Жеңнің түрлері

Сурет 6. Жеңі тұтас пішілген жең түрлері

Сурет 7. Жеңі тұтас пішілген әйел киім үлгілері

Жең ең керекті киім бөлігі. Оның пішінінен, жабылуынан және өңделуінен бұйымның кигенде ыңғайлылығы оның жалпы түрі және киімі тұлғасынан мінезі байқалады. Иық сызықтары киім үлгісінде ең маңызды сызық. Сән журналдарында жаңа сәнді сызықтар пайда болысымен арнайы нобайтастаулар келтіріледі, осы сызықтың сипатын атап өтеді. Әрине бүл кездерге тән, иық сызықтары киім үлгісінде биік болып тұрады. Барлық жағдайда жең жалпы композиция үлгісінде тұтас үйлесімде болуы керек. Иық сызбалары туралы түсінік иық белдемшесін бөлшектеп қарау керек, иық ойынды және жеңді отырғызу (бұл эллементтер конструкциямен және сызықпенен байланысты). Түрлі пішінді қазіргі жендер жасауда, манекенге мақта қол қадайды, содан соң кеудешенің макетін кигізіп, нақтылап көрнісін тексереді. Бұндай жағдайда, әрбір жетіспеушілік жеңмен кеуденің келбетінен тез көрінеді ( бүгілген жері, киғаш), бұлар кигенде ыңғайсыздық тудырады ( жен тартылып, қолды көтеру қиынға түседі, қолды бүккенде ыңғайсыз).
Жең киімнің негізгі бөлігі. Дұрыс қиылып тігілген жең сыртқы түрі мен қолданылуы қолайлы болуы керек. Жеңнің ұзын және қысқа түрі бар.Ұзын жеңнің төменгі бөлігі жабық манжетті немесе түймелі болады. Қысқа жең түрлері төменгі жағы кең желпілдеп тұратын қысқа жең, төменгі жағы тар болып келетін қысқа жең.Жеңнің әртүрлі өңдеуге болады.
Кең жең бүрмелер астында және үстінде, манжетте жеңнің макеті тік жең негізінде қүрьшады, тайқының орта нүктесінен төменге дейін кеседі, сонан соң теңдей етіп жылжытады. Сонан соң оны жаңа матаға көшіреді, макетті манекенге кигізеді, тайқыны бүрмелеп және төменгі сызьщтарды манжет түрімен, жоғарғыда көрсетілгендей көркемдейді. Бір тігісті тар жең. Тар жең деп, қолға тьныз жабысып тұратын және оның пішінін қайталайтын жеңді айтады. Бұндай жеңдерді жасауда, артық матаны тігіске жинаудың қажеті жоқ, бұл жағдайда қозғалыс кезінде кедергілер болуы мүмкін. Матадағы тігіс қатты тартылып тұрады, киген кезде жыртыла бастайды. Тар жең пішінін жасауда оның қию сызықтарын тарылтумен қатар, міндетті түрде бүкпелер жасау керек. Оларды шынтақ сызығы деңгейінде орналастыру қажет. Бүкпенің тереңдігі негізінен матаның құрьшысына байланысты, мата неғұрлым жұмсақ, созылмалы болса соғұрлым оны бүкпеге аздап алу керек. Егерде маталар түріне қарай бүкпе терең етіп алынатын болса (3 см жоғары), біреудің орнына екеу қысқа және онша терең емес жасау лайықты. Қажетті қол қозгалысының еркіндігін матаны шынтақ қима сызыгына отырғызу арқылы, алдыңғы қиманы кішкене ғана тарту және білектен бүкпелеу арқылы қамтамасыз етуге болады.

Сурет 8.Қыз-келіншектер киіміндегі әр түрлі жеңдер үлгісі
2 Киім үлгісінің көркемдік сипаты.
2.1 Сән және киімнің көркемдік шешімі
Киім материалдық тыс жүйе, адам денесіндегі жасанды жамылғы,ол табиғаттың сыртқы қоршаған әсерлерінен сақтап және жеке адамның кейпін, дәуірдің көрінісін бейнелейді. Жеке адамның эстетикалық талғамы оның киім кие білуінде ғана емес,сонымен қатар оның жүріс тұрысы, сөйлеген сөзі, адамдармен қарым қатынасы,қандай салада болсын кәсіби іс әрекетін атқаруында ол қоғамға қандай пайда әкеліп әрі өзін тартымды ұстану нәтижесінде байқалады. Адам бойындағы әсемдік, ұсқынсыздық, күлкілі немесе қайғылы нәрселер жөнінде көзқарасы негізінде, шындықтағы құндылықтарды эстетикалық талғаммен бағалайды.
Заман ағымына сай эстетикалық талғам және техника жаңалықтары мен жетістіктеріне байланысты өнер туындыларын әзірлейтін адамдарда талғам болуы қажет, себебі ол өзінің болашақ туындысының сипатын, мәнін белгілі деңгейде бағдарламасын түзідеді,әрі қоғамда эстетикалық талғам заңдылықтарын құрайды.
Заттық дүниенің үйлесімділігін табудың мақсаты:адамның заттық дүниемен байланысын тиімді ұйымдастыру, оның еңбегі мен оқуын, тұрмысын, демалысын тиімді әрі салауатты түрде ұйымдастыру. Ескеретін басты нәрсе, адам затқа емес, зат адамға қызмет ету қажет. Сонымен, заттық ортаны үйлестіру негізінде -- қоғамдық өмір мен адамдардың рухани өмірінің деңгейіне байланысты әрі материалдық жағдайға сай тиімді қажеттіліктер қалыптасты. Сондықтан да, сұлулық заңына сай шығармашылық қабілеті бай іскер жеке адамды тәрбиелеу біздің алдымызда тұрған басты міндет.
Қазіргі заман адамдары, заман талабына сай жоғары дамыған талғамға ие. Адамдардың сырт пішіміне қарап олардың жастарын немесе қай маман иесі екенін ажырату қиын.Костюмнің эстетикалық рөлі адамның сұлулығы мен рухани құндылығын айқындау, сыртқы ортамен үйлесімділігін табу.
Қара және ақ түсті екі бірдей квадраттардың пішімдері әртүрлі болып көрінеді. Қара квадрат ақ түсті квадраттан кіші болып көрінеді. Квадратты екі бірдей бөлікке горизонталь және вертикаль сызықтармен бөлсек , вертикаль сызықты квадрат ұзын, горизонталь сызықты квадрат қысқа болып көрінеді.
Көзбояушылық әсердің (иллюзия - латын тілінен аударғанда illusium -- призрак) үш түрі кездеседі. Олар:
Физикалық - ол күн сәулесінің шағылысуы, сәуленің сынуы (стакан ішіндегі суда тұрған қасық) барысында байқауға болады.
Физиологиялық -- көзбояу, ол адам көзінің құрылымына байланысты көздің көрермендік жазықтығына қарай түрліше сезінуі.
Психологиялық - тұтас форманы қабылдауға, назар аударуы, жинақталған тәжірибенің әсері болуы мүмкін.

Ал костюмнің көзбояушылық әсері физиологиялық, психологиялық тұрғыда (яғни, түсті қабылдау, сәуле, бұрыш, өлшем, форма, жазықтық бағыты мен арақашықтарды салыстыруда т.с.с.) пайда болады.Әсіресе түстік үйлесімділікті қабылдауда көзбояушылық әсер күшті байқалады.
Көркемдеу - құрастыру, шығару деген мағананы білдіреді. Костюм композициясы ережелеріне сәйкес өндіріс орындарында, шағын тігін шеберханадарында, сондай-ақ тігін сән ательсінде түрлі киім үлгілері дайындалуда. Суреші-модельер өнер туындысын әзірлеуде өз ойын толық жеткізу үшін осы көркемдеудің заңдылықтарын меңгеруі қажет. Бұл заңдылық бойынша көркем шығарманың барлық құрамдас бөліктерінің гормониялы тұтастығы, сонымен қатар функциональдылығы мен конструктивтігі және киім формасының кейіпкерлігінің өзара үйлесімділігі ескерледі. Мұндай тұтас көркемдеудің заңдылығы бар туындыны шығару кәсіби суретшінің басты міндеті болып саналады.
Әдебиеттерге шолу нәтижесінде көркемдеудің негізгі заңдылықтары мен ережелеріне мыналар кіретіндігін анықталды:
1. Көркемдеудің барлық құралдар киімнің қолдануына сай келіп оны айқындай түсуі қажет.
2. Көркемдеудің барлық элементері мен бөліктері бір-біріне мөлшерлес әрі өлшемдес болуы қажет.
3. Міндетті түрде композициялық орталық болуы тиіс.
4. Көркемдеудің тұтас болуы қажет.
Бірінші заңдылыққа байланысты бірнеше ережелерді атан өтуге болады, бірінші ереже: киімнің қолдануына байланысты оның формасының сай келуі әрі біртұтас үйлесімділігінде. Мысалы шомылуға арналған киім денеге қанымалы болып, тұлға формасын айқындап тұратын формаға ие болса, адамның суда жүзуіне ыңғайлы болады, ал керсінше төсек киімнің формасы кең, қимыл қозғалысқа ыңғайлы етіп, ауа өткізгіш материалдан тігіледі. Сонымен, киім формасы оның қолдануына сай келсе, онда киімнің практикалық маңыздылығы арта түседі.
Екінші ереже: киімнің қолданылуы мен формасына материалының сай келуін суретші-модельер алдын-ала ойластыру қажет. Мысалыға, жоғарыда айтылған шомылуға арналған киім денеге қынамалы боуы қажет дедік, осы форманы шығару үшін біз созылмалы, су өткізгіш химиялық талшықтан жасалған материалды пайдаланамыз.
Көп қыртыстанатын матадан қынамалы формалы, шаршаулы, бүрмелі көйлек немесе қатпарлы белдемшелерді жасауға болмайды, мұндайда көп қыртыстанбайтын матаны пайдаланған жөн. Тез қыртыстанатын матадан жеңсіз, жағасыз, етегі кең, қарапайым формалы киімдерді тігуге болады. Дегенімен, қазіргі уақытта ғылым мен техниканың өркендеуі нәтижесінде тоқыма өндірісінде түрлі жоғары сапалы, әрі түрлі қасиетке ие материалдар шығарылуда. Осы материалдарды қолдануда, дайындалатын киім моделінің тұтыну мақсатына орай киім матасының сай келуін ескеріп, оны дұрыс пайдалана білуді қажет етеді.
Үшінші ереже: Киімнің формасының және матасының, тұтыну мақсатына орай сәндеу элементтерінің сай келуі. Киімді композициялауда кез келген сәндеу элементерін қолдануда, оның түрі мен атқаратын ролін айқындау қажет, яғни сәндеу элементтері матаның қасиетіне, фактурасына, киімнің қолданылуна және формасына қайшы келмеуін ескеру. Мысалы, нәрестеледің мақта масынан тігілген жейдесіне жеңіл кесте немесе жұмсақ тақыма бау, таспа бауларды қолдану арқылы киімнің көркемдік шешімін табуға болады.
Жазғы ыстық аптада киетін киім матасы салқын болатын кенеп немесе мақта материалдарын қолданымыз. Бұл маталардан тігілген киімдерге кесте, мережка немесе аппликация, баспа суреттер, таспа баулар, тоқыма бауларды қондану арқылы киімнің сапасын арттырамыз. Кей жағдайларда сәндеу арқылы киімнің композициялық шешімділігін, тұтастығын нашарлатып, киімнің қолдануына кері әсер етеді, оған мысал, оқушының мектеп формасына шетелдік эстрада әншілері мен түрлі тақырыптық суреті бар аппликация мен баспа суреттерді қолдануға болмайды.
Бұл жерде, әрбір сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сай олардың қызығуы мен мақсаттарын ескере отырып бастауыш, орта буын, жоғары сынып оқушыларына арнап маңызды тақырыпқа ие эмблемалар қолдану арқылы оның көркемдік шешімін арттырамыз.
Көркемдеудің екінші заңдылығы бойынша көркемдеудің барлық элементтері мен бөліктері бір-біріне мөлшерлес әрі өлшемдес болуы қажет , яғни киімнің жеке бөліктерінің (жең, өңір, юбка) өлшемдерінің, мата түсімен фактурасы (юбка, жейдемен, көйлек сәнді жаға мен белдік, клапанмен т.б.), жеке бөлшектері (жаға, қалта т.б.), сәндеулері (кесте, аппликация, түйме, қатпар, шаршаулар, рельефті тігістер т.б.) бір-біріне өлшемдес әрі мөлшерлес болуы қажет.
Көркемдеудің үшінші заңдылығы бойынша міндетті түрде көркемдік орталық болуы тиіс, яғни киімді композициялауда ең басты нәрсе киімдегі көркемдік орталық болып саналады. Көркемдеудің орталықты - назар аудару орталығы деп түсінуге болады.
Киімдегі көркемдік орталық бант, гүл, мойын шалғы, белдік және т.с.с. сәндеу элементері немесе киімнің жағасы, иініші сонымен қатар киім матасының түсі, пішімі, екі-үш түстің үйлесімі болуы мүмкін. Барлық жағдайда да негізгі басты дақ көркемдеудің басқа элементерін толықтырып оны айқындай түседі.
Көркемдеудің төртінші заңдылығы - композиция тұтас болуы қажет. Киімнің композициялық бірегейлі тұтас болуы, ондағы басты элементке жеке элементердің бағынышты болуында. Киім көркемдеудің тұтас болуы ойды толық жеткізуіне әсер етеді, әрі ол жеңіл қабылданады. Костюмнің барлық бөліктері, аумағы, пішімі, түсінің өзара сай келуі әрі қосымшаларымен үйлесімді болып, адаммен бәсекеге түспеуі қажет.
Осы аталған көркемдеу заңдылықтары мен ережелері жөнінде алған білімді студентер практикалық жұмыстарды орындауда басшылыққа алап отырып, көркемдеудің шешімі дұрыс табылған киім модельдерін дайындауға болады.
2.2 Киімге қойылатын талаптар

Қазір дүние жүзінде адам денсаулығына әсер ететін жағдайларға көңіл бөлінуде. Адамдар табиғаттың әсерінен қорғану үшін өздеріне қажетті киімдер киеді. Бірақ өндірушілер мен тұтынушылар сәнге көп көңіл бөліп, адам денсаулығына зиянды жақтарын ескере бермейді.
Тігін өнеркәсібі халықты сәнді де ұнамды киіммен қамтамасыз етуге мүдделі. Киім адамға ең қажетті зат болып табылады, сондықтан да оған қойылатын талаптар да гигиеналық, техникалық, эстетикалық және экономикалық тұрғыдан бөлініп қаралады.
Қазіргі заманғы мода ағымы, киімге деген сұраныс, қажеттілік, киім матасы, пішімі, силуэті қандай пішімге ие, киімге қойылатын талаптар жөнінде түсінік беруге болады.
Тұтынушылар талабы - бұл да тұтынушының өзіндік материалдық және рухани талаптарын қанағаттандыруы үшін киімге берілген қасиеттердің барлығын қамтамасыз ететіндігінің көрсеткіші. Материалдық сұранымдар организмнің қоршаған орта және киім мен өзара әрекеттескенде оның бірқалыпты қызметін қамтамасыз етуге негізделген. Осыған байланысты материалдық сұранымдар организмнің қоршаған ортамен және киімнің өзара әрекеттесуі, киімнің қызметке икемді болуы талап етіледі.
Гигиеналық талаптардың өзі - адам денсаулығын сақтауға бағытталған ауа мен ылғал өткізгіштігі, жылу сақтау қасиетті, кір жұқтырмаушылық, киіске ыңғайлылығы, су сіңірушілігі және басқалары, киімнің негізгі гигиеналқ көрсеткіштері болып табылады. Гигиеналық талаптар бұйымның мақсатына байланысты. Көйлек пен жазғы киімдердің ауаны жақсы өткізіп, ылғал өткізбейтін қасиеттері болады, киюге ынғайлы, жууға жеңіл болуы тиіс. Қысқы киім жылы, плащтар су өткізбейтін болуы керек.
Киімге қойылатын техникалық талаптардың - тігін материялдарының сапасы мен киімді дайындауға қойылатын талаптар. Киім мейілінше тозбайтын жыртылмайтын жууға және химиялық тазалауға төзімді болуы шарт.
Киімге қойылатын эстетикалық талаптары сәнділікке байланысты. Қандай мақсатқа тігілген киім болса да ыңғайлы және әдемі болуы тиіс .
Тігін бұйымдарының өнімінің ұлғаюы мен ассортиментінің кеңеюі мақта, жүн, жібек және зығыр мата шығаратын тоқыма өнеркәсібінің дамуына байланысты. Жасанды және синтетикалық талшықтар өндірудің жедел дамуына байланысты тоқыма өнеркәсібінің шикізат базасы үнемі кеңеюде.
Қазіргі кезде мода ағымында киім киюге киімде жаңаша көз қараста қалыптастырылды, құрылды.
Киімнің функциясы дегеніміз киімнің қолданылуына қарай атқаратын ролі, Мысалы, қысқы пальтоның атқаратын қызметі адамды суықтан қорғауы.
Қазіргі кезде киім функциясын 2-ге бөлеміз.
1. Әлеуметтік-эстетикалық,
2. Пайдалы функция.
Киімнің пайдалы функциясы дегеніміз - киімнің адамды қоршаған ортадан сақтауы. Адам организмі қоршаған ортада белгілі бір t-да 330 C, ылғалдылығы 20-40 %. көмірқышқыл газы 0,08% ауа қысымы атмосфералық және ауа қозғалысы 2 мс артық болмайтын жағдайда өмір сүреді.
Қазіргі кезде киім адамды қолайсыз әсерлерден қорғайды.
Мысалы, физикалық ортадан (электрден, шаң-тозаңнан, темір ұшқынынан жоғары және төменгі қысымнан, ыстықтан, салмақсыздықтан) қорғайды.
Химиялық ортадан адам денесін әр-түрлі химиялық әсерлерден қорғады қышқылдар мен сілтілерден.
Биологиялық ортадан- оған әр түрлі улы насикомдардан қорғайтын бактериялық вирустиардан, грибок, улы өсімдіктерден денені қорғауы.
Табиғат ортасынан - күн радициясынан, атмосфералық немесе ылғалдылықтан, желден т.б.
Механикалық соққылардан - транспорттардан, су басудан, құлаудан, кесеуден т.б. қорғау.
Адам өмірлік азығынан яғни адам денесінің жылуы, ылғалы антропотоксинді ылғалды, басқа бөлінетін заттарды сыртқа шығаруға киім қолайлы болуын ескеру қажет.
Осы функцияларды іске асыру үшін киім тігу барысында материалды дұрыс таңдап, киімнің конструкциясын, формасын және үйлесімділігін анықтау қажет. Сонымен қатар киімнің формасына шолу жасасақ.
Форма - бұл бұйымның сыртқы көрінісі мен түрі, кейіпі. Қазіргі кездегі киімнің формасы өте тұрақсыз. Киімнің формасына оның құрылысы мен конфигурациясы, дене бетінің көрінісі жатады. Заманауи киімнің түріне өлшеміне, дене пішіміне және жас ерекшіліктеріне (балалардың киімдерінің пішімі үлкендердікінен өзгеше болады) байланысты киімнің материалына және мода ағымындағы эстетикалық талаптарына байланысты болады. Киім формасы құрылысына байланысты күрделі және қарапайым формалы болып келеді.
Қарапайым формалы киім түрі - бөліктердің біркелкі құрылысынан тұрады. Күрделі формалы - бірнеше бөліктерден құралған тұтас киім.
Иықты киімнің негізгі бөліктеріне кеуде, белдемше, жең, жаға, желбіреуіктер мен жиырылымдар т.б. жатады. Киімнің атқару функциясына байланысты киім формасы негізгі, қосымша және сәндеу бөліктеріне бөлінеді.
Киім формасының негізгі бөлігі - киімнің негізгі түрі анықтайтын бөліктері. Мысалы, көйлектің негізгі бөлігіне кеуде мен белдемше болса, пальтоның негізгі бөліктеріне бұларға қоса жең мен жаға енеді.
Киім форомасың қосымша бөліктері - осы киімнің түріне оншалықты қажеті жоқ қосымша бөліктер. Мысалы көйлектің жағасы мен жеңі, бірақ бұларды қондыру арқылы киімнің атқаратын функциясы мен сыртқы көрнісін түрлендіреді.
Киім формасының сәндік бөліктеріне - форманың негізгі және қосымша бөліктерін сәндеу. Яғни желбезек, жиырулар, шаршаулар т.б. жатады.
2.3 Мода ағымына сипаттама

Сән ( modus деген латын сөзі) -- өлшем, тәсіл, іс - қимыл бейнесі. Сән - белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы. Сән -- әлеуметтік құбылыс. Киім - бірінші қажетті зат. Оны өндірумен өнекәсіптің әр түрлі салалары айналысады, ал сатумен сауда жүйелері шұғылданады.
Археологиялық қазбалар нәтижесі киімнің қарапайым түрі көне палеолит дәуірінде пайда болғанын анық дәлелдейді. Бұл дәуірде тек тікелей табиғаттан алынатын өңдеуді қажет етпейтін материалдарды ғана пайдаланған. Мұндай киім қарапайым болған және не жыныстық, не әлеуметтік жағынан айырмашылығы болмаған. Бұл кезеңде костюм сыртқы ортаның әсерінен қорғайтын қабыршық рөлін атқарған. Неолит дәуірінде ең қызығы сол - әлі күнге дейін өзінің өзектігін жоймаған киімнің негізгі үлгілері пайда бола бастады. Тарихи кезеңдерге байланысты адам қауымдарға бөліне бастағаннан кейін, киімді түрлі жыныстық, әлеметтік, мүлікткі белгілері бойынша бөліп қарау туындады. Осыған орай, костюм өзінің жетілуінің ерте кезеңінен бастап адамның қоғамдық өмірінде болып жатқан барлық өзгерістерді көрсетеді.
Костюм (франц. сostume - киім - кешек) - белгілі бір ұлттың, дәуірдің, сословияның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың конструкторлық білімін дамытудың шарттары
Спортқа арналған киім үлгілерін конструкциялау
Кәсіптік оқыту сабақтарында автоматты жобалау жүйесі элементтерін пайдалану
Іскерлік әйел костюмін конструкциялау және үлгілеу
Костюм өнеріндегі қазақ халқының ою-өрнегін насихаттау
Қазақ халқының ұлттық киімдері - киім үлгілері
Бойжеткендерге арналған сәндік костюмнің тігілу әдіс-тәсілдері
«Ай-ару» ұлттық киім үлгілері зерттеулері
Иран халқының дәстүрлі киімін зерттеу негізінде ұлттық әйелдер костюмінің коллекциясын жетілдіру
Киімде болған киізден
Пәндер