Іскерлік әйел костюмін конструкциялау және үлгілеу
Кіріспе ... ... ... ...3
Негізгі бөлім
1 Киімнің шығу тарихы ... ... ... ... .6
1.1 Стильдік үлгідегі кимдерге сипаттама ... ... ... ... ... ..6
2 Классикалық стильдің көркемдік сипаты ... ... ... ..13
2.1 Сән және костюм үлгілерінің көркемдік шешімі ... ... 13
2.2 Киімге қойылатын талаптар ... ... ..16
2.3 Мода ағымына сипаттама ... ... ... .18
2.4 Іскерлік әйел костюміне тігуге маталарлар таңдау ... ... 21
3 Киімді конструкциялау жөнінде жалпы мәліметтер ... ... 25
3.1 Адам денесінің өлшемдерін алу техникасы ... ... ... 25
3.2 Іскерлік әйел костюмін конструкциялау және үлгілеу ... 32
Қорытынды ... ... ... ..45
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ...46
Қосымшалар

Қазіргі егемендік алған заманымызда ұлттық киім үлгілерінің қалыпты сипатын ұлттық дәстүрде сақтап, оның заттық - материалды мәдениеттің құрамдас бөлшектері ретінде айқындап, танып білу, зерделі зерттеу аса маңызды мәселе.
Бүгінде еліміздегі ұлттық құндылықтардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Оған Н.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді.... Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдени дамытуға барынша қолдау жасап отыр, - деген сөзі осының дәлелі[1].
Ұлт ретінде қалыптасу үшін әр ұлт өз елінің мәдени дәстүрінің озық үлгілерімен әлемге насихаттап, көрсете білуі керек.
Әр ұлттың киімі күнделікті тұрмыс тіршілігінде, киімінде, бүкіл өмірінде өзіне-тән ерекшеліктерімен айшықталады және сол ұлттың нақыштары киімнің пішінінде, өңдеуде, ою-өрнек әшекейлерінде және кестелеуінен байқалады. Дегенмен, киім-кешекті әшекейлеу бірте-бірте ғасырлар өткен сайын қалыптасқан дәстүрге айналады да, әрбір ұрпақтың талғамына лайық өмір талқысынан өтіп, ұлттық киімнің бөліп қарауға болмайтын және оның өзіндік ерекшеліктерін баса көрсететін ыңғайластығы болып қала бермек.
Білім саласын биік денгейге көтеріп, сапасын арттырып, оны табыс көзі «капитал»,- деп қарастырып, әлемдік кеңістікке еніп, мәдениеті дамыған мемлекеттер қатарынан тиісті орынға еге болу бүгінгі нарықтық қатынасқа көшкен, егемендікке кол жеткізген егеменді ел талабы. Себебі егемендік болмай, еркіндік болмай саяси-әлеуметтік, экономикалык табысқа жету мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылқтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпкерлік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам ен еңбек нарығының өзгеріп отырытын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану» деп көрсетуі, қазіргі кезде педагогтардың алдына қойып отырған басты міндеттердің бірі – оқудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру [2].

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Осы заманғы білім беру және білікті кадрлар жүйесін дамытудың ЕҰУ оқыған лекция
2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.//Қазақстан жоғары мектебі, №1, 2004.
3. Жолдасбекова С.А. Қалабаева Қ.Р Киімді канструкциялау моделдеу-Алматы, Қазақ университеті.2007-106-106 б
4. Жолдасбекова С.А. Костюм тарихы Шымкент. 2007. 86 бет.
5. Жолдасбекова С.А. «Костюм Көркемдіксы» оқулығы 2003ж Алматы 102 б
6. Асанова А.Е., Тастанбекова Г.Н. Киімді конструкциялау және тігу технологиясы. Астана, 2008.
7. Егорова Р.И., Монастырная В.П. Іс тіге біл: \Ауд. Орынбаева Ә., Тәжіғалиев Б.-Алматы: Рауан, 1993.-167бет.
8. Шершнева Л.П. Основы конструктирования женской и детской одежды: Учеб пособие для студентов проф тех. Училищ.-М.: Легпромбытиздат, 1987.-224с.
9. Байбатшаева А.Е. Салалық материалтану. Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ 2012.- 97б.
10. Асанова А. Тастанбекова Г. Киімді конструкциялау және тігу технологиясы.-Астана, 2008ж. 95б.
11. Асанова А. Айдынбекова Ж. Нұрпейісова С. Киімді конструкциялау. Астана, 2008ж.- 115б.
12. Бағжаева С.Қ. Әйелдер мен балалар киімдерін сәндеу технологиясы. Оқу құралы – Республикалық баспа кабинеті. Алматы. 2013. – 199 б.
13. Рослякова Т.А. Крою и шью 2-е изд. - СПб:Питер, 2014.-320 с:ил
14. Чернышева Л.А. Энциклопедия кроики и шитья. - Минск. Харвест, 2014.-160с.:ил.
15. Егорова Р.И. Іс тіге біл. Алматы. 2010.- 160 б.
16. Богардус Э., Гофман. Основы художественного конструирования женской одежды. - М.: Легкая А.и пищевая промышленность, 2013.-189с.:ил.
17. Тәкішева Г.Ә., Асанова Б.Е. Киімді модельдеу және көркемдік безендіру. Аламты. 2014.- 236 б.
18. Конструктирования мужской и женской одежды. Учебник для нач. проф образования / Б.С.Сакулин, Э.К.Амирова, О.В.Сакулина, А.Т. Туруханова. – МИРПО: Изд центр «Академия»,-144с.
19. Шершнева Л.П. Әйел және балалар киімін конструкциялаудың негіздері. (ауд. Орынбаева Ә.) Алматы, Рауан-1996.- 25-26 бет.
20. Бланк А.Ф. Практическая книга по моделированию женской и детской одежды. -М., Логупи, 1991.-240стр.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім
1 Киімнің шығу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..6
1.1 Стильдік үлгідегі кимдерге
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2 Классикалық стильдің көркемдік
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 13
2.1 Сән және костюм үлгілерінің көркемдік шешімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 Киімге қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..16
2.3 Мода ағымына
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..18
2.4 Іскерлік әйел костюміне тігуге маталарлар
таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...21
3 Киімді конструкциялау жөнінде жалпы
мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .25
3.1 Адам денесінің өлшемдерін алу
техникасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .25
3.2 Іскерлік әйел костюмін конструкциялау және
үлгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..4 6
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі егемендік алған заманымызда ұлттық киім
үлгілерінің қалыпты сипатын ұлттық дәстүрде сақтап, оның заттық -
материалды мәдениеттің құрамдас бөлшектері ретінде айқындап, танып білу,
зерделі зерттеу аса маңызды мәселе.
Бүгінде еліміздегі ұлттық құндылықтардың қайта өркендеуіне жол ашылды.
Оған Н.Назарбаевтың Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде
атты еңбегінде: Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар
көзі болып келеді ... Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдени дамытуға барынша
қолдау жасап отыр, - деген сөзі осының дәлелі[1].
Ұлт ретінде қалыптасу үшін әр ұлт өз елінің мәдени дәстүрінің озық
үлгілерімен әлемге насихаттап, көрсете білуі керек.
Әр ұлттың киімі күнделікті тұрмыс тіршілігінде, киімінде, бүкіл
өмірінде өзіне-тән ерекшеліктерімен айшықталады және сол ұлттың нақыштары
киімнің пішінінде, өңдеуде, ою-өрнек әшекейлерінде және кестелеуінен
байқалады. Дегенмен, киім-кешекті әшекейлеу бірте-бірте ғасырлар өткен
сайын қалыптасқан дәстүрге айналады да, әрбір ұрпақтың талғамына лайық өмір
талқысынан өтіп, ұлттық киімнің бөліп қарауға болмайтын және оның өзіндік
ерекшеліктерін баса көрсететін ыңғайластығы болып қала бермек.
Білім саласын биік денгейге көтеріп, сапасын арттырып, оны табыс
көзі капитал,- деп қарастырып, әлемдік кеңістікке еніп, мәдениеті дамыған
мемлекеттер қатарынан тиісті орынға еге болу бүгінгі нарықтық қатынасқа
көшкен, егемендікке кол жеткізген егеменді ел талабы. Себебі егемендік
болмай, еркіндік болмай саяси-әлеуметтік, экономикалык табысқа жету мүмкін
емес.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылқтар, ғылым
мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға
және кәсіпкерлік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті
жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім
беру бағдарламаларының қоғам ен еңбек нарығының өзгеріп отырытын
қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтықтан оқыту,
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану
деп көрсетуі, қазіргі кезде педагогтардың алдына қойып отырған басты
міндеттердің бірі – оқудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа
педагогикалық технологияны меңгеру [2].
Жас жеткіншектердің сегіз қырлы, бір сырлы, саналы да салауатты
тұлға болып қалыптасуына бірден-бір себепкер нәрсе-еңбек,еңбек болғанда
баланың көңілінен шығатын,қызықтыратын,шығармшылық шабытқа жетелейтін
пайдалы еңбек.
Костюм – өнер туындысы. Ол адамзат мәдениетінің даму кезеңдерін
көрсетеді. Сонымен, адам қоғамда этикетке, ал костюм өз кезегінде дәуірдің
стиліне бағынышты. Костюм (франц. сostume – киім – кешек) – белгілі бір
ұлттың, дәуірдің, сословияның тұрақты киім үлгісі. Костюм әр дәуірдің
эстетикалық идеалын көрсетеді.
Мода - әлеуметтік статусты білдіретін әдіс қана емес, сонымен қатар,
массалық коммуникация формасы, адамдардың арасындағы араласу, қарым-қатынас
жасау әдісі болып табылды. Мода өзін-өзі сендіру, көндіру, еліктеу т.б.
секілді әлеуметтік-психологиялық араласу механизмімен байланысты болады:
ХІХ ғасырдың өзінде-ақ көптеген зерттеушілер, соның ішінде Спенсер: Мода
дегеніміз – бұл негізінде еліктеу болып табылады - деген
Оқушылар киім үлгісін әзірлеуде бүгінгі күн талаптарына сай меңгерту
үшін теориялық және практикалық негіздер арқылы оқушыларды адамгершілік,
эстетикалық тәрбие беруде сырт киімдердің үлгілерін тігуге үйретуді талап
етеді. Бұның бәрі жеке тұлғаны рухани байытады, жан-жақты дамуға әсер
етеді, қазақтың ұлттық киімдерін, ұлттық өнерді бағалауға, түсінуге
үйретеді.
Біз курстық жұмысымызды дайындау барысында мына әдебиеттерге талдау
жасадық: Жолдасбекова С.А, Қалабаева Қ.Р Киімді конструкциялау мен
модельдеу, Костюм тарихы оқу құралдары оқулығы бойынша оқу құралында
киім түрлері, оларға қойылатын талаптар,өлшем алу техникасы мен қосымшалар
қосу жөнінде мәліметтер берілген [3,4].
С.А. Жолдасбекова Костюм Композициясы оқулығында қазіргі заман
киім үлгілері жөнінде жалпы мәліметтер, костюм стилі мен модасы, костюм
Көркемдіксыныің заңдылықтары, киім формасының көрермендік және
конструктивтік элементтері, костюм формасы мен материалы, костюмді сәндеу
түрлері ашып көрсетіледі [5].
А. Асанова, Тастанбекова Г.Н. Киімді конструкциялау және модельдеу
Киімді конструкциялау және тігу технологиясы оқулығында киім
конструкциялауға арналған негізгі мәліметтер баяндалып, әйелдер киімдерін
конструкциялау, әр түрлі пішіндегі және пішімдегі киімдерді конструкциялау,
лекало дайындау, және олардың градацияларын жасау принципі, киімдерді
дайындау технологиясы негіздері қарастырылады. [6]
Р.И.Егорова, В.П.Монастырная “Іс тіге біл”, [7] Шершнева Л.П.
Әйел және балалар киімін конструкциялаудың негіздері [8] Байбатшаева А.Е.
Салалық материалтану[9], және т.б. Оқу құралында киім түрлері оларға
қойылатын талаптар, өлшем алу техникасы мен қосымшалар қосу жөнінде
мәліметтер берілген.
Классикалық (қатаң, іскерлік, элегантты) стиль – келісті, іскерлі,
элегантты, өзгермейтін стиль. Классикалық стильдегі заттар – ағылшын
жакеті, тік тар белдемше, ерлердікі секілді шалбарлар және т.б. оған
ғасырлар ең тұрақты, таңдамалы, сәннен тыс өзгермейтін сән үлгілері
жатады.
Сонымен қатар, әйелдер мен қыздардың белдемшелері, иықты киімдері және
қатпарлы киімдерді конструкциялау мен модельдеу жөнінде мәліметтер
берілген.
Киімдердің ішінде белшалғылы бұйымдарға белдемшелер, белшалғы шалбар,
қысқа шалбар, шалбарлар жатады. Белшалғылы бұйымдардың ішінде белшалғыларды
үлкен бір топқа жіктеуге болады. Белшалғылардың жеке өзін немесе костюм
бөлігі, көйлек етегі ретінде қолданады. Силуэтіне (сұлбасы) қарай
белшалғылар тік, трапециялы немесе етегіне қарай тарылған болып келеді.
Ал, пішіміне байланысты тік, қиық, конустық немесе клеш белшалғылар
түрлеріне жіктеледі.
Бұл талдаулар бізге курстық жұмысымыздың ғылыми аппаратын құруға
мүмкіндік береді. Осы әдебиеттерді зерделей келіп, біз курстық жұмысымыздың
тақырыбын: Іскерлік әйел костюмін конструкциялау және үлгілеу деп таңдап
алдық.
Зерттеу нысаны - іскерлік әйел костюмін конструкциялау және үлгілеу
үдерісі.
Зерттеу пәні - іскерлік әйел костюмін конструкциялау және үлгілеу
барысы.
Курстық жұмыстың мақсаты: сән ағымындағы іскерлік әйел костюмін
конструкциялау және үлгілеу жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті:
- әйел киімдерінің шығу тарихына шолу;
- киімнің көркемдік ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтау;
- адам бейнесінің өлшемдік сипаттамасын беру;
- іскерлік әйел костюмін конструкциялау және үлгілеу.
Зерттеудің практикалық құндылығы: сән ағымындағы іскерлік әйел костюмін
конструкциялау және үлгілеу жолдары ашып көрсетілді және қазіргі
сұраныстарға байланысты жастарға арналған классикалық стиль үлгісі
эстетикалық гигиеналық талаптарға жауап береді. Сондықтан әр адамның дене
бітіміне сәйкес келетін іскерлік әйел костюмі үлгілерінің сызбасын сызу
арқылы тігін бұйымдарын сұранушылардың талабын қанағаттандыруға болады.
1. Киімнің шығу тарихы.
1.1 Стильдік үлгідегі кимдерге сипаттама
Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен
қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі-бір мақсатқа
қызмет ететін маңызы бар. Киім белгілі-бір дәрежеде адамдардың жас
айырмашылығын, әлеуметтік ерекшеліктері мен эстетикалық ортасын танытады.
Сәнділік ұғымы ең алдымен киім ансамбльдерін түсі мен модасына қарай
дұрыс құрай білуге, яғни, киім мен аяқкиімнің, сумканың, қолғаптың бір-
біріне үйлесіп тұруына тікелей байланысты. Костюмнің сәнділігі түрлі
әсемдеудің, детальдардың, әсемдік бұйымдар мен түстердің саны мен сипатын
терең ойластыра, шектен шықпай қолдануға да байланысты.
Сән ( modus деген латын сөзі) — өлшем, тәсіл, іс – қимыл бейнесі. Сән
– белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы. Сән — әлеуметтік құбылыс. Киім
– бірінші қажетті зат. Оны өндірумен өнекәсіптің әр түрлі салалары
айналысады, ал сатумен сауда жүйелері шұғылданады.
Археологиялық қазбалар нәтижесі киімнің қарапайым түрі көне палеолит
дәуірінде пайда болғанын анық дәлелдейді. Бұл дәуірде тек тікелей
табиғаттан алынатын өңдеуді қажет етпейтін материалдарды ғана пайдаланған.
Мұндай киім қарапайым болған және не жыныстық, не әлеуметтік жағынан
айырмашылығы болмаған. Бұл кезеңде костюм сыртқы ортаның әсерінен қорғайтын
қабыршық рөлін атқарған. Неолит дәуірінде ең қызығы сол – әлі күнге дейін
өзінің өзектігін жоймаған киімнің негізгі үлгілері пайда бола бастады.
Орта ғасырларда тігу техникасы жетіле түсті. Бұл дәуірдің костюмінде
тұңғыш рет қосылып тігілген жең және бүрме пайда болды. Тар иықты, белі
жоғары, өзі ұзын көйлек және тар ұзын белдемше, биік баскиім әйелдер
костюміне ұзарған силэтті әсер берді. Ал ерлеркиімі туниканың бұрынғы
сипатын сақтап, өте тар болды. Ортағасырлық даму кезіңінің киім силуэтіне
тән кескін – созылған үшкір пропорциялар. Конус сипатты бас киімі ұзын биік
башняны еске салады.
ХVII ғасырда біртұтас әлемдік көркем мәдиенеттің контурлары
жоспарланады. Өнерде екі жаңа стиль – Барокко және классицизм туындайды.
Барокко стилі өте салтанатты және сәнді. Ал ғимараттар бейнелі және
мүсінді, (қабырғалары бедермен безендірілген, бұрқақтары статуэтка түрінде
жасалған қуыстар мен текшелерге мүсіндер қойылған, т. б.), интерьлерлері
жарық монорлы түстерге толы, (алтындандырылған күрделі безендірулер, үйдің
төбесі өрнектелген, қабырғаларына айналар ілінген (хрустальды аспа шамдар,
көптеген жабыстырмалы әшекейлер). Осыған байланысты Барокко дәуірінің
костюмі бүтіндей сарайлық этикетке бағынышты болды. Костюмдер өте көп
безендірулері бар салтанатты және кең етіп тігілді.
Француз революциясы Конвенті костюм пішімдеріне үлкен көңіл бөлді.
Фрацуздың атақты суретшілерінің бірі Жак Луй Давидке революция кезіндегі
халық костюмін үшінші сословие костюм үлгілерін бейнелеуге тапсырма
берілді. Ж.Л.Давид костюмдерді тікелей Рим классикасы стилінде жасады.
Буржуазиялық ортада классицизм пайда болды.
Сурет 1. Классицизм стилі
Классицизм стилі - өзінің қатаңдығы мен қарапайымдылығымен
ерекшеленеді. Әйелдер жұқа ашық түсті батистен тігілген ешқандай әшекейсіз
көйлектер киді. Көйлектің бел сызығы жоғары келіп, юбкасы ұзын, тік
пішілді. XVІІІ ғасырдың соңғы жылдарында костюмдер негізгі классикалық
үлгіде болды. Сол кездегі адамдар киім формаларын кең етуге ұмтылды. Адам
бейнесін Греция сұлулығы үрдісіне сәйкестендірді. Бұл үрдіс бойынша ең
бірінші киім адам денесінде қонымды болып, өзін еркін сезінуі керек деп
есептеді.
Тарихи кезеңдерге байланысты адам қауымдарға бөліне бастағаннан кейін,
киімді түрлі жыныстық, әлеметтік, мүлікткі белгілері бойынша бөліп қарау
туындады. Осыған орай, костюм өзінің жетілуінің ерте кезеңінен бастап
адамның қоғамдық өмірінде болып жатқан барлық өзгерістерді көрсетеді.
Костюм (франц. сostume – киім – кешек) – белгілі бір ұлттың, дәуірдің,
сословияның тұрақты киім үлгісі. Костюм әр дәуірдің эстетикалық идеалын
көрсетеді. силуэт, пішін, пішім, пропорция, стиль деген
түсініктермен таныстыру.
Силуэт (siluett деген француз сөзі) – ұзындығы мен ені бойынша адам
мүсінінің пропорциясына жақындау келетін геометриялық фигуралардың
(тікбұрыш, трапеция, үшбұрыш, сопақ, т. б.) бірін беретін киімнің кез
келген бөлігінің сыртқы кескіні. Силуеттің мынадай түрлері болады: тік
силуэт, белдес стлуэт, сопақ силуэт, X – силуэт, трапеция силуэт, жартылай
жантайған силуэт.
Пішім – бұйымның ойластырылған үлгісін жасауға мүмкіндік беретін пішім
сызықтары (бел сызығымен кесілген көйлек, реглан үлгісіндегі жеңдер,
драпталған көкрекше, тұтас пішілген жең және т.б.).
Пропорция – көйлектің ұзындығы мен енінің, жакеттің ұзындығы мен
белдемше ұзындығының, бұйымның тұтас көлеміне қарай әр бөлшек мөлшерінің
арақатынасы.
Стиль (styios деген грек сөзі) – мәнер, сипат, ерекшелік. Киімде
бірнеше – классикалық, романтикалық, спорттық, фольклорлық (этникалық)
стильдер болады.

Оның негізгі белгілері — форманың түрақтылығы, адамды іскер, ұстамды
етіп көрсетуі, мінсіздігі, қолайлылығы, беріктіғі. Бұл стиль өмірдің барлық
жағдайлары үшін ыңғайлы. Дегенмен классикальқ стиль ге сән әлемі біраз
өзгерістер енгізіп тұрады.
Ерлердің классикалық киімдеріне - костюм шалбар немесе тек шалбардың
өзі, жакет-костюм, ағылпіын пальтосы және т.б
Әйелдердің классикалык киіміне - же ңді көйлек жакетімен,
белдемше, блузка немесе жакет, шалбар мен жакет-жейде кіреді. Әйелдер
киімінің кұрамына ерлер пиджагі, жейдесі, шалбары түпкілікті
енді. Іскерлік стиль:
• қимылға кедергі келтірмейді, ыңғайлы;
• нәзік реңдіі немесе ұсақ суретті жоғары сапалы;
• түстері қатты ашық емес жөне нәзік, тынық;
• аксессуарлар мен әшекейлері ұстамды;
• орташа өкшелі немесе өкшесіз жайпақ аяқкиімдер.
Сурет 2. Классикалық (қатаң, іскерлік, элегантты) стиль
Романтикалық стиль – бұл қиял, еске алу, ізденістер саласы,
тарихи костюмге меңзейді және оның пішімін, сәндік әрлеуін алып
пайдаланады. Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді
пайдаланады.
Сурет 3. Романтикалық стиль –қиял, еске алу, ізденістер
Спорттық стиль –(спорт үшін міндетті емес) қозғалысқа, түрлі жұмысқа
ыңғайлы. (демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін ыңғайлы киімдер).
Бұл киімдерді тігу үшін жаңа технология, ерекше материал түрлері
пайдаланылады. Спорттық киім қорғаныштық және ақпараттық қызмет аткарады
(спортшы денесін мүмкіншілігінше әртүрлі келеңсіз жағдайлардан қорғайды)
жарыстарда командаларды бір-бірінен киімдерінің түстеріне қарай ажыратамыз.
Сурет 4. Спорттық стиль (демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін
ыңғайлы киімдер).
Фольклорлық стильді этникаль (этникалық) – ұлттық сипаттағы осы
заманғы киімдер. Фольклорлық сипаттағы киімдер сәнділігімен ерекшеленеді.
Онда ұлттық құрастырмалы ою — өрнек, кестелер, қол жұмысының көптеген
элементтері кеңінен пайдаланады. Бұл стильге жататын киім түрлі халықтың
және дәуірдің ұлттық рухын бейнелейді.
Сурет 5. Фольклорлық стильді (этникалық) – ұлттық сипаттағы киімдер
Қазақстанның қазіргі сәнгерлері (модельлер) ұлттық киімдердің
дәстүрлерін сақтап, дамытуда, көненің құндылықтарын біздің
замандастарымызға жеткізуге тырысады.
Қазіргі заман тұрмыстық киім стилі, өзінің таза көрінісін сирек
қолданады. Көбінесе стильдердің араласуы кездесіп отырады. Бұл құбылыс
электика деп аталады.

стиліне бағынышты. ХVIII ғасырда жаңа рококо (фрнац. раковина таңғажайып
түрлі әшекей) стилі пайда болады. Рококо – сәнді, нәзік, кейбір
сезімталдық, нақыштық, майысқақтық белгіні алып жүретін сәндік стиль.
Бароко стиліндегі киімдермен салыстырғанда, рококо стилінің киімдері көп
өзгеріске ұшырамады.тек сызықтары бұрынғысынан да көріктірек, мәндірек
болды.
Ал қазіргі заманғы костюмдерді шартты түрде қарапайым геометриялық
мүсіндерге жатқызуға болады.
Түзу силуэт өзінің ерекшілігі бойынша тіктөртбұрышқа немесе шаршыға
жақындау. Трапеция силуэті үстіңгі жағы тар, төменгі жағы кең трапецияны
елестетеді. Үшбұрыш силуэті төменгі жағы үшкірлеу келеді де, үстіңгі жағы
кеңейіп кеоген үшбұрышқа жақын. Сопақ және Жартышар силуэттері
геометриялық сопақ мүсінді елестетеді. Бұл силуэттерді екі геометриялық
фигуралардың қосындысы деуге де болады: жартылай сопақ және төменгі бөлігі
төртбұрыш.
Бұйымның ұзындығы мен енінің арақатынасы, бұйымның жалпы көлеміне
қарай әрбір бөлшектің өлшемі келесі бөлщектің өлшеміне байланысты алынады.
Мысалы: үсті қысқа, төменгі жағы ұзын; үстіңгі жағы ұзын, төменгі жағы
қысқа; үсті мен төменгі жағы бірдей.
Әйелдердің жеңіл киімдерін жіктеу және сипаттау.
Әйелдердің жеңіл киімдері көйлектерден, белдемшелер мен блузкалардан,
белдемшелер мен көкрекшелерден, бешпенттерден, блузкалар мен жеңсіз
көйлектерден тұрады.
Қазіргі заманғы киімдерді шалбарсыз елестету мүмкін емес. Бешпент,
блузкамен немесе көкрекшемен үйлесе тігілген шалбарлар әйелдер гардеробының
ажырамас бөлігі болып табылады.
Әйелдер киімін қолданылуына қарай; тұрмыстық, спортық, әр түрлі арнайы
киімдер, сахналық киімдер болып бөлінеді.
Тұрмыстық киімдерді екі тәсілмен өндіреді. Тігін өнеркәсібі жүйесінде
немесе — ателье, нақты тапсырыс берушінің талаптарын есепке ала отырып,
жеке тігуге болады.
Киім-кешек ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға
сәйкес сұлулық туралы белгілі-бір ұғымын бейнелейтін модамен тығыз
байланысты болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді,
яғни мода да үнемі жаңарып отырады. Киімді әркім өзінше таңдайды, таңдау
барысында адам жеке талғамы мен мода ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білу де
– өнер. Бұл өнерді игеру үшін модалар журналы мен мерзімді баспасөздің
белгілі тарауларында жазылып тұратын мода талаптарын білу аз, бұған қоса өз
талғамында жетілдіріп, дамытып отыру керек. Бұл ретте адамның өз мәдениеті,
оның моральдық және адамгершілік принциптері және талғамы мен бейімі үлкен
роль атқарады.
Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған
анықтамалардың бірі – әдемілік, сәнділік. Қазіргі заманғы киімдердегі сәнді
түстердің үйлесімділігі әдетте түрлі ренктегі бірнеше топтардан тұрады.
Өзара жақын (сарғыш қоңыр мен қоңыр, көк пен көгілдір) сондай-ақ көзге
қонымды (ақ сары,ашық жасыл, ақшыл, сұр, ашық көк т.б.) түстерді
сәйкестендіре пайдалану арқылы әсемдікке қол жеткізуге болады. Қара немесе
көк түсті ақ түспен астастырса қолдану да сәнді деп саналады. Олар бір-
бірінен айқын бөлініп тұрады, мұндай әр түстің пропорциялары бір үлгіде
немесе ансамбльде нақты сақталғанының маңызы зор.
Сәндік ұғымына киімнің әсемдігі ғана емес, сонымен бірге нақты
жағдайға байланысты киіне білу, адамның шұғылданатын ісіне, жас шамасына
сәйкестігі де ескерілуі жатады. Киімнің сәнділігіне кереғар тұрпайы киіну
де бар ( мысалы, жұмыс кезінде үлкен сырға, жылтырауық түйреуіш пен бірнеше
жүзік тағу, киім ансамбліне тым айқын, қанық бояуларды пайдалану, жағасы
тым кең ойылған көйлек пен селдір блузка кию, джемпер, юбка, шалбардың өте
тар болуы – бір сөзбен айтқанда моданы әсіре қолданудың бәрі). Ол
талғамсыздықтың белгісі деп танылады.
Қазіргі моданы жоққа шығаруға ұмтылатын кейбір адамдар өздерінің
модамен киінбейтінін мақтан тұтады, бір-ақ олар қателеседі. Модадан тыс
киім болуы мүмкін емес: соңғы модамен де, сонымен бірге сәл бұрынырақтағы
немесе ертеректе қолданған модамен де киінуге болады. Киім адамды маңайдағы
жұртқа тым оқшау, ерекше көрсетпеуі керек, ал ол талғамның жоғарылығына
тікелей байланысты.
Жұрттан ала-бөле жаңа модалы киім де, қазір ұмытылып кеткен көне
модалы киім сияқты анайы, оғаш көрінеді. Киім сырт пішінді әсемдеп (немесе
бұзып) қана қоймайды, сонымен бірге адамның өзін қоршаған ортаға қарым-
қатынасын да білдіреді. Мысалы, той-жиын, мерекелі сәттерде қалай болса
солай, салақ киіну ол адамның жиылған жұртпен қоса өзін де сыйлай
білмейтінін көрсетеді.
Киімге деген талғампаздылық адамның өзіне сын көзбен қарай
алатынының белгісі болып табылады. Киімді дұрыс таңдау үшін жас ерекшелігін
де ескеру керек. Жастар ашық бояулы, кейді тіпті әдеттегіден ерекше
тігілген көбіне-көп спорттық немесе ескі халықтық үлгідегі киімдерді киюіне
болады. 30-жасқа келген қыз-келіншектер өзінің сыртқы пішініне лайық, бітім
сұлулығын айқындап тұратын киімдерді таңдай білулері керек. Қырықтан асып,
жас ұлғайған кезде білінетін тұлғадағы кейбір кемшіліктерді бүркемелеу
жағын ойластырған жөн. Толық денелі жас әйелдер толықтықты жасырады екен
деп тым қоңырқай түсті киім киюмен шектелмегендері жөн. Ең бастысы, киімнің
түсі мен формасында белгілі -бір талғамды сақтай білу. Толық денелі, жасы
ұлғайған әйелдердің де ашық түсті маталардан қашқақтауы орынсыз, дегенмен
бұл маталар тым қанық бояулы болмауы қажет.
Сурет 6. Жас қыз-келіншектердің классикалық үлгідегі киімдері
Киіміне қарап қарсы алып, ақылына қарап шығарып сал, дегендей, сәнді
киім адамның қоғамдағы орнынан, байлығынан, білімінен хабардар етіп тұрады
деген. Киіну үрдісі бір орында тұрып қалмай, үнемі алға қарай дамып
отырады. Соған орай мода талабына сай киімді жаңғыртып отыру – адам
мәдениеттілігінің де белгісі.
2 Классикалық стильдің көркемдік сипаты.

Көркемдік - құрастыру, шығару деген мағананы білдіреді. Костюм
көркемдік ережелеріне сәйкес өндіріс орындарында, шағын тігін
шеберханадарында, сондай-ақ тігін сән ательсінде түрлі киім үлгілері
дайындалуда. Суреші-модельер өнер туындысын әзірлеуде өз ойын толық жеткізу
үшін осы көркемдік заңдылықтарын меңгеруі қажет. Бұл заңдылық бойынша
көркем шығарманың барлық құрамдас бөліктерінің гормониялы тұтастығы,
сонымен қатар функциональдылығы мен конструктивтігі және киім формасының
кейіпкерлігінің өзара үйлесімділігі ескерледі. Мұндай тұтас көркемдік
заңдылығы бар туындыны шығару кәсіби суретшінің басты міндеті болып
саналады.
Костюмді көркемдік түс үлкен рөл атқарады. Түсті дұрыс қолдану киім
моделін жасауда көп көмегін тигізеді. Қазіргі заман жеткіншектерінің киім
үлгілері, көңіл – спорттық, фольклорлық еркін стильде болуымен сипатталады.
Оқушылар түстер үйлесімділігін көз алдарына келтіріп, елестете алуы керек.
Әдебиеттерге шолу нәтижесінде көркемдіктің негізгі заңдылықтары мен
ережелеріне мыналар кіретіндігін анықталды:
1. Көркемдеу барлық құралдар киімнің қолдануына сай келіп оны айқындай
түсуі қажет.
2. Көркемдеу барлық элементері мен бөліктері бір-біріне мөлшерлес әрі
өлшемдес болуы қажет.
3. Міндетті түрде көркемдік орталық болуы тиіс.
4. Көркемдеу тұтас болуы қажет.
Бірінші заңдылыққа байланысты бірнеше ережелерді атан өтуге болады,
бірінші ереже: киімнің қолдануына байланысты оның формасының сай келуі әрі
біртұтас үйлесімділігінде. Мысалы шомылуға арналған киім денеге қанымалы
болып, тұлға формасын айқындап тұратын формаға ие болса, адамның суда
жүзуіне ыңғайлы болады, ал керсінше төсек киімнің формасы кең, қимыл
қозғалысқа ыңғайлы етіп, ауа өткізгіш материалдан тігіледі. Сонымен, киім
формасы оның қолдануына сай келсе, онда киімнің практикалық маңыздылығы
арта түседі.
Екінші ереже: киімнің қолданылуы мен формасына материалының сай
келуін суретші-модельер алдын-ала ойластыру қажет. Мысалыға, жоғарыда
айтылған шомылуға арналған киім денеге қынамалы боуы қажет дедік, осы
форманы шығару үшін біз созылмалы, су өткізгіш химиялық талшықтан жасалған
материалды пайдаланамыз.
Көп қыртыстанатын матадан қынамалы формалы, шаршаулы, бүрмелі
көйлек немесе қатпарлы белдемшелерді жасауға болмайды, мұндайда көп
қыртыстанбайтын матаны пайдаланған жөн. Тез қыртыстанатын матадан жеңсіз,
жағасыз, етегі кең, қарапайым формалы киімдерді тігуге болады. Дегенімен,
қазіргі уақытта ғылым мен техниканың өркендеуі нәтижесінде тоқыма
өндірісінде түрлі жоғары сапалы, әрі түрлі қасиетке ие материалдар
шығарылуда. Осы материалдарды қолдануда, дайындалатын киім моделінің тұтыну
мақсатына орай киім матасының сай келуін ескеріп, оны дұрыс пайдалана
білуді қажет етеді.
Үшінші ереже: Киімнің формасының және матасының, тұтыну
мақсатына орай сәндеу элементтерінің сай келуі. Киімді көркемдік кез
келген сәндеу элементерін қолдануда, оның түрі мен атқаратын ролін айқындау
қажет, яғни сәндеу элементтері матаның қасиетіне, фактурасына, киімнің
қолданылуна және формасына қайшы келмеуін ескеру. Мысалы, нәрестеледің
мақта масынан тігілген жейдесіне жеңіл кесте немесе жұмсақ тақыма бау,
таспа бауларды қолдану арқылы киімнің көркемдік шешімін табуға болады.
Жазғы ыстық аптада киетін киім матасы салқын болатын кенеп
немесе мақта материалдарын қолданымыз. Бұл маталардан тігілген киімдерге
кесте, мережка немесе аппликация, баспа суреттер, таспа баулар, тоқыма
бауларды қондану арқылы киімнің сапасын арттырамыз. Кей жағдайларда сәндеу
арқылы киімнің Көркемдіклық шешімділігін, тұтастығын нашарлатып, киімнің
қолдануына кері әсер етеді, оған мысал, оқушының мектеп формасына шетелдік
эстрада әншілері мен түрлі тақырыптық суреті бар аппликация мен баспа
суреттерді қолдануға болмайды. Бұл жерде, әрбір сынып оқушыларының жас
ерекшелігіне сай олардың қызығуы мен мақсаттарын ескере отырып бастауыш,
орта буын, жоғары сынып оқушыларына арнап маңызды тақырыпқа ие эмблемалар
қолдану арқылы оның көркемдік шешімін арттырамыз.
Көркемдеудің екінші заңдылығы бойынша Көркемдіктің барлық элементтері
мен бөліктері бір-біріне мөлшерлес әрі өлшемдес болуы қажет , яғни киімнің
жеке бөліктерінің (жең, өңір, юбка) өлшемдерінің, мата түсімен фактурасы
(юбка, жейдемен, көйлек сәнді жаға мен белдік, клапанмен т.б.), жеке
бөлшектері (жаға, қалта т.б.), сәндеулері (кесте, аппликация, түйме,
қатпар, шаршаулар, рельефті тігістер т.б.) бір-біріне өлшемдес әрі
мөлшерлес болуы қажет.
Көркемдеудің үшінші заңдылығы бойынша міндетті түрде Көркемдіклық
орталық болуы тиіс, яғни киімді Көркемдіклауда ең басты нәрсе киімдегі
Көркемдіклық орталық болып саналады. Көркемдіклық орталықты – назар аудару
орталығы деп түсінуге болады. Киімдегі Көркемдіклық орталық бант, гүл,
мойын шалғы, белдік және т.с.с. сәндеу элементері немесе киімнің жағасы,
иініші сонымен қатар киім матасының түсі, пішімі, екі-үш түстің үйлесімі
болуы мүмкін. Барлық жағдайда да негізгі басты дақ Көркемдікның басқа
элементерін толықтырып оны айқындай түседі.
Көркемдеудің төртінші заңдылығы – Көркемдік тұтас болуы қажет. Киімнің
Көркемдіклық бірегейлі тұтас болуы, ондағы басты элементке жеке
элементердің бағынышты болуында. Киім Көркемдіксының тұтас болуы ойды толық
жеткізуіне әсер етеді, әрі ол жеңіл қабылданады. Костюмнің барлық
бөліктері, аумағы, пішімі, түсінің өзара сай келуі әрі қосымшаларымен
үйлесімді болып, адаммен бәсекеге түспеуі қажет.
Осы аталған көркемдік заңдылықтары мен ережелері жөнінде алған білімді
студентер практикалық жұмыстарды орындауда басшылыққа алап отырып,
Көркемдіклық шешімі дұрыс табылған киім модельдерін дайындауға болады.
Көркемдік ұғымын оқу материалы ретінде қолдану үшін Көркемдік
заңдылықтарын мынандай төрт топқа бөлінеді: 1. тұтастық заңы; 2. Үлгі
(типизация) заңдылықтары; 3. Қарама-қарсылық (контраст) заңдылғы; 4.
Көркемдікның барлық заңдылықтары мен мүмкіндіктерінің идеялық ойға бағыну
заңдылығы.
Көркемдеу бүтіндік заңының сақталуының нәтижесінде өнер
шығармаларындағы көріністер тұтастай қабылданады. Бүтіндік заңының мәні
көркемдік тұтастығын көрсетеді. көркемдік идеялық ой бірнеше өмір
көріністерінен құралады. Осы бірнеше көріністер бейнелік, логикалық
байланыстар арқылы берілген жағдайда идеялық ой тұтастай қабылданады. Бұл
көріністер бір-бірімен байланыспаса идеялық ой тұтастықпен көрушіге жете
бермейді.
Көркемдеудің барлық заңдылықтары мен бейнелеу мүмкіндіктерінің негізгі
идеялық түпкі ойға бағынуы – суретші туындысындағы ұғымның бүтіндігін,
шығарманың айқындығын, идеялық мазмұндылығын,ондағы көркемдік шеберлікті
байланыстырады. Көркемдеудің маңызын ашатын мүмкігндіктер төртке бөлінеді:
олар, ырғақ, көркемдеудің сюжетті ортасы, симметрия және ассиметрия, басты
тұлғаның екінші орынға орналасуы.
Ырғақ–Көркемдік бейненің кезектесіп орналасуы, олардың белгілі ретпен
қайталануы, сонымен қатар ондағы бейнеленген адамдар мен жануарлар
көрінісіндегі қимыл қозғалысындағы қайталанулардың және олардың динамикалық
ерекшеліктері.
Сюжеттік орталық заңдылығы – өзіне ерекше назар аударатын, көркемдік
идялық мазмұнды ашатын картинаның басты бөлігі. Сюжеттік аралықта идеялық
ойды білдіретін кейіпкер көрінісі немесе зат, табиғат көрінісі берілуі
мүмкін. Көркемдіклық ойды ашатыннегізгі көріністермен қатар картинада
қосалқы элементтер де болады. Олар идялық ойды толықтыру қызметін атқарады.
Симметрия заңдылығы. Симметрия атауы көркемдіктің оң және сол жақ
бөлігінің салмағының, пішінінің, түсі мен реңінің тепе-теңдігін, ондағы
элементтердің өзара үйлесімділігін сұңғақтығын қамтамасыз етеді. Симетрия
ою-өрнекті бейнелеуде жиі қолданылады.
Өлшем үлкендігін түс өлшемдерінің қанықтығы т.б. мүмкіндіктері арқылы
тепе-теңдікке жақындатылады. Көркемдік бейнелеудің ассиметриялық орналасуы
кескіндемені салмағы, пішіні, өңі жағынан тең екі бөлікке бөліп қойғандай
әсер қалдырмайды, ондағы бейнелер тынымсыз, бір-бірімен араласып, тепе-
теңдік жағынан ауытқып жатады, бірақ шығармадағы жалпы тепе-теңдік
көркемдік ырғақтылықтың үйлесімді берілуі нәтижесінде сақталады.
2. Киімге қойылатын талаптар
Қазіргі заманғы мода ағымы, киімге деген сұраныс, қажеттілік, киім
матасы, пішімі, силуэті қандай пішімге ие, киімге қойылатын талаптар
жөнінде түсінік беруге болады. Қазіргі кезде мода ағымында киім киюге
киімде жаңаша көз қараста қалыптастырылды, құрылды.
Киімнің функциясы дегеніміз киімнің қолданылуына қарай атқаратын ролі,
Мысалы, қысқы пальтоның атқаратын қызметі адамды суықтан қорғауы.
Қазіргі кезде киім функциясын 2-ге бөлеміз.
1. Әлеуметтік-эстетикалық,
2. Пайдалы функция.
Кмиімнің пайдалы функциясы дегеніміз - киімнің адамды қоршаған ортадан
сақтауы. Адам организмі қоршаған ортада белгілі бір t-да 330 C, ылғалдылығы
20-40 %. көмірқышқыл газы 0,08% ауа қысымы атмосфералық және ауа
қозғалысы 2 мс артық болмайтын жағдайда өмір сүреді.
Қазіргі кезде киім адамды қолайсыз әсерлерден қорғайды.
Мысалы, физикалық ортадан (электрден, шаң-тозаңнан, темір ұшқынынан
жоғары және төменгі қысымнан, ыстықтан, салмақсыздықтан) қорғайды.
Химиялық ортадан адам денесін әр-түрлі химиялық әсерлерден қорғады
қышқылдар мен сілтілерден.
Биологиялық ортадан- оған әр түрлі улы насикомдардан қорғайтын
бактериялық вирустиардан, грибок, улы өсімдіктерден денені қорғауы.
Табиғат ортасынан - күн радициясынан, атмосфералық немесе
ылғалдылықтан, желден т.б.
Механикалық соққылардан - транспорттардан, су басудан, құлаудан,
кесеуден т.б. қорғау.
Адам өмірлік азығынан яғни адам денесінің жылуы, ылғалы антропотоксинді
ылғалды, басқа бөлінетін заттарды сыртқа шығаруға киім қолайлы болуын
ескеру қажет. Осы функцияларды іске асыру үшін киім тігу барысында
материалды дұрыс таңдап, киімнің конструкциясын, формасын және
үйлесімділігін анықтау қажет.
Сонымен қатар киімнің формасына шолу жасасақ.
Форма - бұл бұйымның сыртқы көрінісі мен түрі, кейіпі. Қазіргі кездегі
киімнің формасы өте тұрақсыз. Киімнің формасына оның құрылысы мен
конфигурациясы, дене бетінің көрінісі жатады. Заманауи киімнің түріне
өлшеміне, дене пішіміне және жас ерекшіліктеріне (балалардың киімдерінің
пішімі үлкендердікінен өзгеше болады) байланысты киімнің материалына және
мода ағымындағы эстетикалық талаптарына байланысты болады. Киім формасы
құрылысына байланысты күрделі және қарапайым формалы болып келеді.
Қарапайым формалы киім түрі - бөліктердің біркелкі құрылысынан тұрады.
Күрделі формалы – бірнеше бөліктерден құралған тұтас киім.
Иықты киімнің негізгі бөліктеріне кеуде, белдемше, жең, жаға,
желбіреуіктер мен жиырылымдар т.б. жатады. Киімнің атқару функциясына
байланысты киім формасы негізгі, қосымша және сәндеу бөліктеріне
бөлінеді.
Киім формасының негізгі бөлігі - киімнің негізгі түрі анықтайтын
бөліктері. Мысалы, көйлектің негізгі бөлігіне кеуде мен белдемше болса,
пальтоның негізгі бөліктеріне бұларға қоса жең мен жаға енеді.
Киім форомасың қосымша бөліктері - осы киімнің түріне оншалықты қажеті
жоқ қосымша бөліктер. Мысалы көйлектің жағасы мен жеңі, бірақ бұларды
қондыру арқылы киімнің атқаратын функциясы мен сыртқы көрнісін
түрлендіреді.
Киім формасының сәндік бөліктеріне - форманың негізгі және қосымша
бөліктерін сәндеу. Яғни желбезек, жиырулар, шаршаулар т.б. жатады.
Форманың конфигурациясы дегеніміз - сыртқы нобайды сызу, форманың
геометриялық көрінісі болып табылады.
Гигиеналық талаптардың өзі – адам денсаулығын сақтауға бағытталған ауа
мен ылғал өткізгіштігі, жылу сақтау қасиетті, кір жұқтырмаушылық, киіске
ыңғайлылығы, су сіңірушілігі және басқалары, киімнің негізгі гигиеналқ
көрсеткіштері болып табылады. Гигиеналық талаптар бұйымның мақсатына
байланысты. Көйлек пен жазғы киімдердің ауаны жақсы өткізіп, ылғал
өткізбейтін қасиеттері болады, киюге ынғайлы, жууға жеңіл болуы тиіс. Қысқы
киім жылы, плащтар су өткізбейтін болуы керек.
Киімге қойылатын техникалық талаптардың – тігін материялдарының сапасы
мен киімді дайындауға қойылатын талаптар. Киім мейілінше тозбайтын
жыртылмайтын жууға және химиялық тазалауға төзімді болуы шарт.
Киімге қойылатын эстетикалық талаптары сәнділікке байланысты. Қандай
мақсатқа тігілген киім болса да ыңғайлы және әдемі болуы тиіс .
Тігін бұйымдарының өнімінің ұлғаюы мен ассортиментінің кеңеюі мақта,
жүн, жібек және зығыр мата шығаратын тоқыма өнеркәсібінің дамуына
байланысты. Жасанды және синтетикалық талшықтар өндірудің жедел дамуына
байланысты тоқыма өнеркәсібінің шикізат базасы үнемі кеңеюде.
Тұтынушылар талабы – бұл да тұтынушының өзіндік материалдық және рухани
талаптарын қанағаттандыруы үшін киімге берілген қасиеттердің барлығын
қамтамасыз ететіндігінің көрсеткіші. Материалдық сұранымдар организмнің
қоршаған орта және киім мен өзара әрекеттескенде оның бірқалыпты қызметін
қамтамасыз етуге негізделген. Осыған байланысты материалдық сұранымдар
организмнің қоршаған ортамен және киімнің өзара әрекеттесуі, киімнің
қызметке икемді болуы талап етіледі.
Киім – ең бірінші қажеттілікке жатады, оны өндірумен - әр түрлі
өнеркәсіп салалары, ал сатумен орасан көп дүкендер айналысады. Осы тұрғыдан
алғанда сән – экономикалық құбылыс. Басқа да өнер түрлері сияқты, костюм
жасауда өнер болғандықтан сән – эстетикалық құбылыс, жекелеген елдердің,
дәуірлердің тұтас адамзаттың көркемдік мәдениетінің бір түрі.
2.3 Мода ағымына сипаттама
Сəн костюм эволюциясының басты факторы болып табылады. Сəнді адам
мəдениетінің феномені ретінде ХVIII ғасырдың аяғынан бастап оқи бастады.
Сəнге əр түрлі көзқараспен қарады: əлеуметтік психология жəне психоанализ.
Сəн үлгісін құрастырушы дизайнер сəн əлемінің барлық қыр-сырын меңгеруі
керек. Киім дизайнері сəн индустриясында жетістіктерге жету үшін сəн
əлеміндегі басты заңдылықтарды, өзгерістер мен жаңалықтарды жетік меңгеруі
тиіс. Бұның бəрі сəн үлгілерін жасап қана қоймай, оны басқаруға мүмкіндік
береді.
Сəн - киім əлемінің алға жылжуы ғана емес, барлық қоғамның дамуы.
Адам баласының мəдени феномені ретінде сəнді XVIII ғасырдан бастап
эстетикалық құбылыс негізінде игере бастады. XIX-XX ғасыр аяғында сəн
зерттеушілері сəнді алдымен психологиялық феномен, оның қоғам дамуына əсері
жəне экономикалық – мəдени жалғастығы ретінде қарастырды.
Сəнді əлеуметтік психология, экономикалык, мəдени көзқарастармен
жан-жақты зерттеді, əр жағдайда сəн адам баласының қоғамдағы даму деңгейін
айқындап тұрады. Əрбір европалықтардың тілінде, орыс тілімен түбірлес сəн
сөзі бар. (Латын тілінен енген modus - өлшем, ереже, құбылмалы үлгі деген
мағынаны білдіреді). Сəн – қазіргі замандағы қоғамның жалпыға бірдей
деңгейі. Осыдан сəн сөзінен төмендегідей анықтама шығаруға болады: Сəн –
бұл ерекше əдіс, үлгі, əлеуметтік ақпараттың негізгі өлшемі. Сəн – көп
адамға əсер ететін үлгі. Ол жана үлгідегі объектіні таңдаудың мерзімді
ауысымы. Сəн – қоғамдық топтардың қалауын уақтылы өзгертетін кезек. Сəн
дəстүрімен қоса қоғамды өзгертетін құбылыс. Сəн – көпшіліктің жүріс-тұрысы
мен циклдік мінез – құлқының даму үлгісін спецификалық қалыпқа келтіруші
кезекті ауысым. Сəн мəдени құбылыстар мен материалдық, рухани
құндылықтардың барлығына тарап, үнемі өзгеріс үстінде болады: өнер
(əдебиет, музыка, театр, кино, дизайн), ғылым, техника, саясат, спорт.
Дизайн – сəн механизмінің үнемі қозғалыста болатын мəдени ортасы
болып табылады. Сəн адам баласын қоршаған ортасының барлық заттарына əсер
етеді; атап айтар болсақ; дүкен сөрелері мен интерьерді орналастыру,
тұрмыстық заттардың дизайны, мерекелердің ұйымдастырылып безендірілуі, ойын
– сауықтарының алға жылжыуы т.б. Сəн, əсіресе адамның тілінен, шаш
үлгісінен, бет бояуынан, басқа да заттарынан анық байқалады. Бұл аңыздар
немесе сəнге деген адасушылық – сəн мен киім арасындағы түсінікті жиі
теңестіреді.
Киім мен адамның жүріс - тұрысы сəннің өзгеруіне бəрінен бұрын
жылдам əсер ететіндіктен танымал кутюрье жəне киім дизайнерлерін сəн
жасаушылар деп санауына əкеліп трейді. Адамдардың киімдерінен оның ниетімен
талпынысы, өзін-өзі ұстауы, қоршаған адамдарға қарым-қатынасы, қоғамдағы
орны анық байқалатындығы канадалық М. Маклюэнға киім мен үйді біздің
теріміздің жалғасы деп атауына негіз болады.

стиліне бағынышты.

мүсіндерге жатқызуға болады. Түзу силуэт өзінің ерекшілігі бойынша
тіктөртбұрышқа немесе шаршыға жақындау. Трапеция силуэті үстіңгі жағы
тар, төменгі жағы кең трапецияны елестетеді. Үшбұрыш силуэті төменгі жағы
үшкірлеу келеді де, үстіңгі жағы кеңейіп кеоген үшбұрышқа жақын. Сопақ
және Жартышар силуэттері геометриялық сопақ мүсінді елестетеді. Бұл
силуэттерді екі геометриялық фигуралардың қосындысы деуге де болады:
жартылай сопақ және төменгі бөлігі төртбұрыш. Бұйымның ұзындығы мен енінің
арақатынасы, бұйымның жалпы көлеміне қарай әрбір бөлшектің өлшемі келесі
бөлщектің өлшеміне байланысты алынады. Мысалы: үсті қысқа, төменгі жағы
ұзын; үстіңгі жағы ұзын, төменгі жағы қысқа; үсті мен төменгі жағы бірдей.
Костюмді Көркемдіклауда түс үлкен рөл атқарады. Түсті дұрыс қолдану киім
моделін жасауда көп көмегін тигізеді.
Қазіргі заман жеткіншектерінің киім үлгілері, көңіл – спорттық,
фольклорлық еркін стильде болуымен сипатталады. Оқушылар түстер
үйлесімділігін көз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz