Балаларға арналған киім топтамасын үлгілеу
Кіріспе. ... ... ... ...3
Негізгі бөлім
1 Киімнің шығу тарихы ... ... 5
1.1 Балаларға арналған киімдерге тарихи шолу ... ...5
2 Балалар топтамасының көркемдік сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.1 Сән және киімнің көркемдік шешімі..
2.2 Балалар киіміне қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ..13
2.3 Мода ағымына сипаттама ... ...18
2.4 Балаларға арналған киім топтамасын тігуге маталарлар ...20
3 Киімді конструкциялау жөнінде жалпы мәліметтер ... .24
3.1 Адам денесінің өлшемдерін алу техникасы ... ... ... ..24
3.2 Балаларға арналған киім топтамасын конструкциялау және модельеду ... ...25
Қорытынды ... ... .38
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ...39
Қосымшалар

Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейі және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Оның басты міндеттерінің бірі ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде және адамды қалыптастыру, дамыту үшін қажетті жағдайлар жасауды талап етеді.
Бүгінде еліміздегі ұлттық құндылықтардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Оған Н. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді.... Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдени дамытуға барынша қолдау жасап отыр, - деген сөзі осының дәлелі [1].
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылқтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпкерлік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам ен еңбек нарығының өзгеріп отырытын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану» деп көрсетуі, қазіргі кезде педагогтардың алдына қойып отырған басты міндеттердің бірі – оқудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру [2].
Мектеп формасы философиялық тұрғыдан талдауда үлкен қызығушылық тудырады. Өмірдің өркендеу үрдісінде әртүрлі үлгілердің, білім ұғымдарының, бейнелеу тәсілдерінің көп түрлілігіне қарсымыз, бірақ осы көп түрліліктің заңдылықтарын үнсіз қабылдаймыз, әрі оны бағалаймыз. Осы бағытты дизайн саласынан алып қарағанда философиялық және көркемдік мәселелерді зерттеу үшін ыңғайлы сала болып табылады.
Ақпаратта көрсетілгендей, оқушылардың бірыңғай мектеп формасын киюі еліміздің «Білім беру туралы» Заңында да көзделген. Бұдан бөлек, министрлік тарапынан жүргізілген сауалнама нәтижесінде ата-аналардың 80 пайызы бірыңғай мектеп формасының қолданысқа енуіне қарсы болмаған. Ал ата-аналардың 10 пайызы бірыңғай формаға наразылық танытса, тағы 10 пайыз қалыс қалыпты

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Осы заманғы білім беру және білікті кадрлар жүйесін дамытудың және «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет және Еуразия ұлттық университеттерінде оқыған лекция
2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.//Қазақстан жоғары мектебі, №1, 2004.
3. Жолдасбекова С.А., Қалабаева Қ.Р. «Киімді конструкциялау мен модельдеу». -Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2007- 127 бет.
4. Жолдасбекова С.А. Костюм тарихы: Оқу құралы. – 2-ші басылым, қайта өңделген. –Алматы: Триумф «Т», 2007. – 5-8 бет.
5. Жолдасбекова С.А. Костюм композициясының практикумы /оқу құралы/ Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ 2005ж.
6. А. Асанова., Ж.Айдынбекова., С.Нүрпейісова. «Киімді конструкциялау және модельдеу». Астана-2008
7. Р.И.Егорова, В.П.Монастырная “Іс тіге біл” – Алматы. 2007ж.
8. Шершнева Л.П. «Әйел және балалар киімін конструкциялаудың негіздері». (ауд. Орынбаева Ә.) Алматы, Рауан-1996.- 25-26 беттер.
9. С.Қ.Бағжаева Әйелдер мен балалар киімдерін сәндеу технологиясы/оқу құралы/ Республикалық баспа кабинеті Алматы, 2013ж – 199бет.
10. Байбатшаева.А.Е. Салалық материалтану және конструкторлық материалдардың технологиясы – Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ 2008 - 132 б.
11. Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы (Оқулық). - Алматы 2002.344б.
12. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков., М., Медицина, 2004.
13. Асанова А. Тастанбекова Г. Киімді конструкциялау және тігу технологиясы.-Астана, 2008ж. 95б.
14. Асанова А. Айдынбекова Ж. Нұрпейісова С. Киімді конструкциялау. Астана, 2008ж.- 115б.
15. Рослякова Т.А. Крою и шью 2-е изд. - СПб:Питер, 2014.-320 с:ил
16. Чернышева Л.А. Энциклопедия кроики и шитья. - Минск. Харвест, 2014.-160с.:ил.
17. Егорова Р.И. Іс тіге біл. Алматы. 2010.- 160 б.
18. Богардус Э., Гофман. Основы художественного конструирования женской одежды. - М.: Легкая А.и пищевая промышленность, 2013.-189с.:ил.
19. Тәкішева Г.Ә., Асанова Б.Е. Киімді модельдеу және көркемдік безендіру. Аламты. 2014.- 236 б
20. Ермилова В.В., Ермилова Д.Ю. Разработка конструкций женских швейных изделий по моделям. - М.: Легкая и пищевая промышленность, 2012.-205 с.:ил.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім
1 Киімнің шығу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .5
1.1 Балаларға арналған киімдерге тарихи
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2 Балалар топтамасының көркемдік
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .9
2.1 Сән және киімнің көркемдік
шешімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .. .9
2.2 Балалар киіміне қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.3 Мода ағымына
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 18
2.4 Балаларға арналған киім топтамасын тігуге маталарлар
... ... ... ... ... ... ... ... 20
3 Киімді конструкциялау жөнінде жалпы
мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... .24
3.1 Адам денесінің өлшемдерін алу
техникасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...24
3.2 Балаларға арналған киім топтамасын конструкциялау және
модельеду ... ...25
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... ... 38
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .39
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
Кіріспе
Жұмыстың көкейтестілігі. Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің
адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейі және кәсіби
біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз
процесі. Оның басты міндеттерінің бірі ұлттық және жалпы адамзаттық
қазыналар ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде және адамды
қалыптастыру, дамыту үшін қажетті жағдайлар жасауды талап етеді.
Бүгінде еліміздегі ұлттық құндылықтардың қайта өркендеуіне жол ашылды.
Оған Н. Назарбаевтың Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде
атты еңбегінде: Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар
көзі болып келеді ... Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдени дамытуға барынша
қолдау жасап отыр, - деген сөзі осының дәлелі [1].
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің
басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылқтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және
кәсіпкерлік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар
жасау, оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру
бағдарламаларының қоғам ен еңбек нарығының өзгеріп отырытын қажеттеріне тез
бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтықтан оқыту, ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану деп көрсетуі,
қазіргі кезде педагогтардың алдына қойып отырған басты міндеттердің бірі –
оқудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық
технологияны меңгеру [2].
Мектеп формасы философиялық тұрғыдан талдауда үлкен қызығушылық
тудырады. Өмірдің өркендеу үрдісінде әртүрлі үлгілердің, білім ұғымдарының,
бейнелеу тәсілдерінің көп түрлілігіне қарсымыз, бірақ осы көп түрліліктің
заңдылықтарын үнсіз қабылдаймыз, әрі оны бағалаймыз. Осы бағытты дизайн
саласынан алып қарағанда философиялық және көркемдік мәселелерді зерттеу
үшін ыңғайлы сала болып табылады.
Ақпаратта көрсетілгендей, оқушылардың бірыңғай мектеп формасын киюі
еліміздің Білім беру туралы Заңында да көзделген. Бұдан бөлек, министрлік
тарапынан жүргізілген сауалнама нәтижесінде ата-аналардың 80 пайызы
бірыңғай мектеп формасының қолданысқа енуіне қарсы болмаған. Ал ата-
аналардың 10 пайызы бірыңғай формаға наразылық танытса, тағы 10 пайыз қалыс
қалыпты
Қазіргі заман киім үлгісін дайындау үшін алдымен оның ыңғайлылығын,
үйлесімділігін, тиімділігі мен эстетикалық сапасын ескеру қажет. Себебі,
дизайнер костюм үлгісі арқылы көрерменге белгілі бір ақпаратты жеткізуге
ұмтылады. Суретші модельер немесе дизайнердің шығармашылық еңбек етуіне
әсер ететін факторлардың бірі шынайы өнім мен қиялдан туындаған туындылар
нәтижесінде және де қоғамдағы әр бір аспектті дизайнер саласында көркем
образды шығаруға, туындатуға әсер етіп, бұйым үлгілерін жобалауға тамаша
жетістіктерге жеткізеді.
Курстық жұмысты жазу барысында біз келесі авторлардың еңбектеріне
сүйене отырып жұмыс жасадық. Олар: Жолдасбекова С.А., Қ.Р. Қалабаеваның
Киімді конструкциялау мен модельдеу, Костюм тарихы оқу құралдары,
Жолдасбекова С.А. Костюм композициясының практикумы [3,4,5], А. Асанова,
Ж.Айдынбекова, С.Нүрпейісова Киімді конструкциялау және модельдеу [6],
Р.И.Егорова, В.П.Монастырная “Іс тіге біл”, [7] Шершнева Л.П. Әйел
және балалар киімін конструкциялаудың негіздері [8], оқулығымен бұдан
басқа Бақжаева С.Қ.Әйелдер мен балалар киімдерін сәндеу технологиясы [9],
Байбатшаева.А.Е. Салалық материалтану және конструкторлық материалдардың
технологиясы [10 ] т.б. және т.б. оқулығы бойынша оқу құралында киім
түрлері, оларға қойылатын талаптар, өлшем алу техникасы мен
қосымшалар қосу жөнінде мәліметтер берілген.
Зерттеу еңбектеріне жасаған талдау авторлардың өздерінің зерттеу
объектісіне қарай педагогика ғылымына айтарлықтай үлес қосқанын, олардың
зерттеу нәтижелерінің практикада қолданылып жүргенін, сондай – ақ бұл
еңбектерде оқушыларды кәсіпке баулу сабақтарында тігін бұйымдарын
конструкциялау және модельдеуге үйрету жеке мәселесі ретінде
зерттелмегені, бұл мәселе әлі де тереңірек зерттеуді қажет ететін, әрі
ұлтымыздың ұрпағы үшін ең маңызды, өзекті мәселе екенін дәлелдейтін жағдай.
Осы қарама – қайшылықты негізге ала отырып біз зерттеу жұмысымыздың мақсаты
мен міндеттерін былайша жоспарладық:
Зерттеу нысаны - балаларға арналған киім топтамасын үлгілеу үдерісі.
Зерттеу пәні - балаларға арналған киім топтамасын үлгілеу барысы.
Курстық жұмыстың мақсаты: балаларға арналған киім топтамасын үлгілеу,
конструкциялау және модельдеу жолдарын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті:
- балаларға арналған киімдерге тарихи шолу жасау;
- киімнің көркемдік ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтау;
- киімге қойылатын талаптарды анықтау;
- балаларға арналған киім топтамасын конструкциялау және модельдеу
Зерттеудің практикалық құндылығы: балаларға арналған киім топтамасын
конструкциялау, модельдеу жолдары ашып көрсетілді және қазіргі
сұраныстарға байланысты балаларға арналған киім топтамасы эстетикалық
гигиеналық талаптарға жауап береді. Сондықтан әр баланың дене бітіміне
сәйкес келетін киім топтамасының үлгілерінің сызбасын сызу арқылы тігін
бұйымдарын сұранушылардың талабын қанағаттандыруға болады.
1 Киімнің шығу тарихы.
1.1 Балаларға арналған киімдерге тарихи шолу
Мыңдаған жылдар бойы кішкентай балалар үлкендер секілді киінді.
Балалардың костюмі үлкендердің киіміне ұқсас, тек кішірейтілген үлгіде
тігілді. Жалғыз тек өзгешелік, киімдерін ластамас үшін кішкентай сәбилерде
алжапқыш қолданылды. XVIII ғасырдан бастап Англияда балаларға ыңғайлы
киімдер кигізе бастады. XIX - XX ғасырларда балалардың жас ерекшеліктеріне
байланысты киімдерді топтастырып өндіре бастады.
Балалар киімін жыл мезгіліне қарай төрт топқа бөледі: жазғы киім, көктем
- күзге арналған киімдер және қыс киімі. Жынысына қарай - қыз бала мен ер
балаға арналған киім. Киім қолдануына қарай: күнделікті, үй киімі,
спорттық, мерекелік кештерге арналған киім болып өзара ерекшеленеді.
Балалар гардеробында түрлі киімдер кездеседі, мысалы: женіл көйлек,
жейде, сарафан, блуза, иткөйлек, туника, шалбар, комбинезон, шорты, жилет,
футболка, спорттық комплект, костюм, жакет, куртка, польто, тон, пуховик,
ветровка, плащ т. б.
Балалар киімін жобалау - күрделі твочестволық процесс. Сол себептен
балалар киімін жобалаумен айналасатын мамандарға көптеген талаптар қойлады.
Мысалы: олар балалардың жас ерекшелігін, физикалық және психологиялық
тұрғыдан дамуын, сәнге деген қызығушылықтарын ескере отырп, ынғайлы әрі
денсаулығына әсер етпейтің киім үлгілерін жобалап әзірлеу қажет. Балалар
киімін әзірлеуде жие таза табиғи талшықтарынаң өңделген маталар мен
материалдарды өндірісте қолданады. Мысалы: мақта, жүн, зығыр талшықтарын.
Бұйымның сапасын жақсарту және эстетикалық тұрғыдан сырқы түрін безендіру
мақсатында әртүрлі әшекейлерді пайдаланады. Мысалы: жасанды материалдар,
метал, ағаш, сүйек, пластмасса, айнек, тесьма, бау, ілгек, ырғақ, сыдырма,
ою - өрнектер, әдіптер, шілтерлер т. б. Жалпы барлық жастағы балаларға
ұсынылған киім конструкцияға байланысты өте ынғайлы, жыл мезгілі мен
қолдануына лайықты, баланын дамуына әсер етпейтін түрде болу қажет.
Ежелгі дәуірден бастап киім дайындауда түрлі материалдарды
пайдаланған. Қай кезеңде болмасын, киім формасы климаттық жағдайға және
материалдың сапасына байланысты түрлі пішімде, құрылымда, сол қоғам
талаптарына лайықты деңгейде тігілді. Киімнің матасына салт-дәстүрге
байланысты оны денеге түрліше орап жамылғы етті. Бертін келе киімдерді
пішіп, тігіп киетін болды.
Киім адам денесін қоршаған ортаның әр түрлі әсерінен (ыстық, суық,
ылғал, шаң-тозаң және т.т.) қорғайтын құрал ретінде пайдаланылады.
Қоғамдық дамудың қазіргі сатысында киім деп өсімдік, мал тектес және
жасанды материалдардан тігіп, адамды қоршаған ортаның қолайсыз
әсерлерінен қорғайтын, ағзаның қалыпты температурасын сақтайтын және
сонымен бірге, оған көрік беретін әр түрлі заттарды атайды.
Киім адамзат материалдық мәдениетінің элементтерінің бірі болып
табылады. Адамзат қоғамының әрбір тарихи даму кезеңінде тігін бұйымдары
өзгеріске ұшырап отырады. Ол қоғамдық құрылыстың, техника мен экономика
дамуының, сондай-ақ ұлттық мәдениеттің өзіндік ерекшелігін, халық
тұрымысының, көркемдік талап-талғамы мен салт-дәстүрлерінің талаптарын
бейнелейді. Біз, шын мәнісінде, іш киім, жеңіл киім және сырт киім, бас
киім, аяқ киім, биялай, шұлық және басқа бұйымдар сияқты заттардың кең
жиынтығын киім деп түсінеміз.
Сурет 1. ХІХ ғасыр балалар киімдерінің топтамасы
Балалар киімін көркемдеп сәндеу немесе жобалауда климаттық жағдайларға
байланысты болады. Температураның әсер етуінен дене салқындайды
немесе қызады, сондықтан температуралық әсерлерден қорғау
мақсатында өндірістен түрлі киім үлгілерін шығаруды талап етеді.
Бір климаттық белдеудің өзінде қала мен дала жағдайында киетін киімге
қойылатын талаптар түрліше.
Балалар киімінің кейіптілігі мен киім массасының көлемін,
пропорциясын шешуде балалар дене бітімінің ерекшеліктерімен анықталады.
Балалар киімі тәрбиелік функцияны атқара отырып мода ағымынан тек өзіне
қажетті жақтарын ғана алады. Олардың өсіп жетілуіне және киімнің қалдану
мақсатына сай келуін ескеру қажет. Мысалыға, ХІХ ғасырдың аяғына қарай
балалар киімі тұрмыста ерекше орын ала бастады. Бұл кезге дейінгі қыз
балалар киімі кең, тік бұрышты пішімде, ал ұл балалардың киімі ашық түсті
көйлек пен шалбар бөліктерінен тұрды.
Соғыстан алдыңғы кезде, 1941 жылға дейін балалар киімдері ұлттық
мотивте шығарылды. Ұлттық пішім, киімдердегі кестелер, аппликация және т.б.
сәнді элементтер балалар киімінің сәнділігін байыта түсті. ХХ ғасырдың 60
жылдары мода ағымында балалар киім үлгісіне жақын болды, яғни түрлі
клеткалы матадан тігілген әрі қатпарлы белдемшелер, өте үлкен жағалы
көйлектер жастар модасына енді. Ал, бұл өзінің ыңғайлығымен балалар киіміне
жақындай түсті.
Жасөспірім қыз баланың киімі, бұл жаста қызды қыз деп бөле бастайтын
кез. Баланың есі кірер жасында, яғни төрт-беске толғанда, қысқа шаштарын
екі не бір жағынан тартып өріп қойып, басына ою-өрнекпен не моншақтармен
өрнектелген, үкісі бар тақия, ал үстіне тізесін жауып тұратын түрлі-түсті
көйлек кигізіп қоятын. Қыздардың тақиясы ұлдардың тақиясынан басты
айырмашылығы келесіде: ол қымбат, сапасы жоғары матадан тігілуі және
үкісінің бар болуы. Кішкентай қыздың ұлттық киімінін тағы біреуі- желетке.
Желеткені де әдемі көрінсін деп неше түрлі оюлармен, немесе моншақтармен
тігіп қоятын. Желетке көбінесе қыз баланын жылы жүрсін деп кигізіп қоятын,
соңдықтан оны жылы, қалын маталардан тігетін. Аяқтарына теріден жасалған
етік киетін, балалардың етігі жұмасқ және жеңіл болған, бұл бүлдіргендердің
еш қиындықсыз қимылдап жүре алуы үшін. Әлі кішкентай болғандықтан, оларға
аса қымбат әшекей бұйымдарды тағуға рұқсат болмаған. Тек қана құлағына
кішігірім сырға мен саусақтарына сақина тағуға болатын. Соңымен қатар,
баланың аяғы тоңбасы үшін оған байпақ кигізіп қоятын. Байпақ дегеніміз аса
жылы аяқ киім, ол киізден жасалып, ал кейде жүннен тоқылып, етіктің ішінен
киілетін. Негізінде байпақ тізені жауып тұруы керек, сол себепті оның
қонышы етіктің қонышынан ұзынырақ болады. Тізеге келетін жері былғарымен,
барқытпен не басқа матамен көмкеріледі. Қыздардың шашын шашбаумен бірге
өретін, бұл әдемі көрініп және де шашты төмен тартып оның тез өсуіне
себептес болады деп есептелген. Шашбау деген тиындармен тігілген қыздың
шашына тағылатын лента.
1970 жылдары мода ағымында, денеге жабысып тұратын ''өте кішкене''
формадағы киімдер пайда болды, ал балалар киімінің формалары ұзара түсті,
бірақ қимыл-қозғалысқа ыңғайлы етіп тігілді. Қазіргі кезде денеге қынамалы
болып тұратын киімдер (тирикотаж майка, футболка, свитер), кең формалы
киімдермен бірге (куртка, сулық, блузон) қолданылып жүр.
Барлық жастағы балалар киіміне қойылатын басты талап оның ыңғайлылығы
мен гигиенаға сай болуы.
Сурет 2. Балалар киімдері
Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде жалпы еуропалық киім үлгілері
(пиджак, шалбар – балдар (ерлер) үшін; көйлек, белдемше, сарафан, жекет
және басқалары –қыздар үшін қабылданған.
Әр ғасырдан ғасырға қарай киім пішімінің өзгеру барысында адамдардың
қоғамдағы орны киім пішімінің түріне әсер етті.
Балаға әдемі, ыңғайлы және төзімді киім кигізу әрбір ананың ең басты
қамқорлығының бірі.
Сурет 3. Балалар киімдерінің топтамасы
Пішімнің формасы мен сұлбасы баланың тұлғасының ерекшелігіне
байланысты. Тікелей баланың бойы, денесінің ұзындығы, аяқ қолдарының
ұзындығы және бел сызығының ерекшеленуі киім формасымен ұзындығына әсер
етеді.
Ер балалар киімдерінің сипаты басқа да факторлармен анықталады:
Әлеуметтік тәрбие, климаттық жағдайы, сәннің дамуы. Ер балалар киімі тік
формада келеді. Гардеробқа түнде киетін жейде, пижама, шалбар, көйлек,
алжапқыш немесе халат, жартылай комбинезон, комбинезон, әр түрлі
комплектілер, кеудеше, пальто, күртешелер кіреді.
7 - 8 жастағы ер балалардың негізгі нұсқасы еркін және жартылай бос; 9 -
10 жастағы ер балалар үшін сондай - ақ киімнің тіке нұсқасы келеді, бірақ
жартылай бос нұсқа басымдық алады, себебі олардың тұра бойы сымбаттырақ
болады. Бұл нұсқада күртешелер басымдық алады. Пальто, тікенұсқадан
жартылай босқа жақынырақ, күртеше мен жейделердің төменгі жағына белбейлер,
қысқыштар, қымтамалар және басқаларын орналастырады.
Спортқа құмар ер балалардың пропорциясы ересектердің жастардың киім
үлгісіне шамалас. Тігістің негізгі түрі – реглан және жамалған жеңдер.
Декоративті – конструктивті бөлшектердің қайып тігілуі кең қолданылды. Бұл
жастағы топтар үшін киім құрылысына күрделі конструктивті сызбалар мен әр
түрлі бөлшектер қосуға болады.
Спорттық стильдегі киімдерде кокеткалар, салынбалы қалталар, металл және
ағаш бөлшектер қосуға болады. Матадағы суретті таңдау баланың жасына, оның
дене пішімінің ерекшеліктеріне, түріне, оның санасының дамуына байланысты.
Суреттер тек матадағы әдемі сәндік өңді беріп қанақоймайды, сонымен
қатар тәрбиелілік мағынада балаға болмыстың ақиқаттығын тануға, әдемілікке
деген талғамды, табиғатқа және жануарларға деген қатынасын түсінуге себепші
болады.
2 Балалар топтамасының көркемдік сипаты.
2.1 Сән және киімнің көркемдік шешімі
Ер балалар киімдерінің конструктивті және композициялық шешімдерінің
өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен, киім бөліктерінің өзара қарым
қатынастарына көңіл бөлу қажет. Пропорционалдық өнімдердің ұзындығы негізгі
рольде, себебі оның көмегімен тұлғаға сыртқы сипатта пропорционалды өң
береді. Балалар киімдерінің ұзындықтары әр дәйім жас топтарымен анықталады.
Киімді модельдеу процесінің басты мазмұнын –көркемдік сипаты құрайды.
Киімнің әсемділігі мен мәнділігі композициялау өнерінің арқасында іске
асады, яғни киімнің жеке бөліктері және олардың түсі мен формасы,
материалының өзара үйлесімділігін костюмнің әсемділігін құрайды.
Көркемдік негіз компоненттеріне мыналар жатады: көркемдеу стилі, силуэт
пен сызықтар, материал пропорция, түс, әшекей. Тарихқа көз салсақ, әрбір
дәуірдің және әрбір халықтың өзіндік көркем стилі калыптасқан. Олар сәулет
өнерінде, тұрмыстық бұйымдарда байқалады. Белгілі бір стильдің өзінде
киімнің жеке бөліктерінде өзгерістер болады. Бұл өзгерістер белгілі бір
уақыт аралығында байқалады және ол киім тарихында сән ағымы яғни -мода
деп аталады. Модаға байланысты киім жаңарып және жетіліп отырады. Әрбір
мода бағытына сай киімнің мынадай сызықтары айқындалады: силуэтті,
конструкторлы және сәндік.
Силуэт сызықтары – иық сызығы, бел сызығы және бұйымның төменгі сызығы
(киімнің орналасу деңгейіне және қыналу дәрежесіне қарай). Осы негізгі үш
сызық арқылы киімнің силуэтін айқындап, оның мәнділігін арттырып
пропорционалдығын ашып көрсетеді.
Конструкторлы сызықтар – бұл бұйымның негізгі формасын шығаруға
қатысатын сызықтар жатады, атап айтсақ: иық сызығы, бүйір сызығы, бел
сызығы, жең ойындысы мен жаға ойындысы, бүкпелер мен қатпарлар және т.б..
Сәндік сызықтар – олар түрлі әшекейлердің (кестелер, мережкалар,
шымшымалар, бүрмелер және т.б.) сонымен қатар сәндік бөлшектер (жағалар,
манжеттер, қақпақтар және т.б.) арқылы киімге түседі.
Сәндік-конструкторлы сызықтар киім формасын шығаруда негізгі роль
атқарады. Конструкторлық сызықтар көбіне сәндік ролін атқарады. Мысалыға:
жағаның, қақпақтың, қалтаның жиек, рельефті сызықтары әрі конструкторлы,
әрі сәндік сызықтар болып саналады.
Киімдегі сызықтардың ерекше маңыздылығымен анықталады: олар көлемді
формаға біздің назарымызды аудара отырып, түрлі эмоциялық күйге ұшыратады.
Мысалы: көлденең сызықтар - бірқалыптылықты, вертикалды сызықтар - биікке
бағыттап, қисық сызықтар - қимыл қозғалысты, көлбеу сызықтар тұрақсыздықты
білдіреді. Түрлі кейіпкердің киімін әзірлеу үшін эмоциялық күйді білдіреді.
Киімнің композициялық шешімін табуда эстетикалық талаптарға сай келуі үшін
конструкторлы сызықтар сәнді-конструкторлы рольді атқаруы тиіс. Сондықтан
ондағы сызықтар вертикальді, горизонтальді, диагональді және қиғаш қисық
сызықты болуы мүмкін.
Көркемдеудің басты элементтерінің бірі киім элементтерінің
пропорциясы мен киімнің адам денесіне пропорционалды қатынасы.
Киімнің силуэтіне және жалпы композициясына адам тұласының
қатынасына сай бұйымның ұзындығы мен енін анықтап, бел сызығының деңгейін
белгілейді.
Киімді көркемдеуде материалдың сыртқы көрінісі көркемдік қасиетке ие,
олар: матаның фактурасы, суреті, түсі.
Таңдалған алғаш модельге сай киімдегі матаның көрерменге әсерін ескеру
қажет. Мата өзіндік ерекшелігімен болашақ бұйымның конструкциясын анықтауға
әсер етеді. Белгілі бір түстер арқылы адамның жеке ерекшеліктерін
айқындауға немесе оны керісінше жоғалтуға болады. Сондықтан, тұтынушының
талғамына және оның сыртқы кейіпін қоршаған ортада қабылдауға әсер етуде
киім матасының түсі, фактурасы, суретінің маңызы үлкен.
Киімнің әсемділігі мен мәнділігі композициялау өнерінің арқасында
іске асады. Көркемдеуде негізгі компоненттеріне мыналар жатады: көркемдеу
стилі, силуэт пен сызықтар, материал пропорция, түс, әшекей.
Тарихқа көз салсақ, әрбір дәуірдің және әрбір халықтың өзіндік көркем
стилі қалыптасқан. Олар сәулет өнерінде, тұрмыстық бұйымдарда байқалады.
Белгілі бір стильдің өзінде киімнің жеке бөліктерінде өзгерістер болады.
Бұл өзгерістер белгілі бір уақыт аралығында байқалады және ол киім
тарихында сән ағымы яғни – мода деп аталады. Модаға байланысты киім
жаңарып және жетіліп отырады. Әрбір мода бағытына сай киімнің мынадай
сызықтары айқындалады: силуэтті, конструкторлы және сәндік.

сызығы, жең ойындысы мен жаға ойындысы, бүкпелер мен қатпарлар және т.б. (2-
сурет).

атқарады. Конструкторлық сызықтар көбіне сәндік те рольді атқарады.
Мысалыға: жағаның, қақпақтың, қалтаның жиек, рельефті сызықтары әрі
конструкторлы, әрі сәндік сызықтар болып саналады.
Көркемдіктің басты элементтерінің бірі киім элементтерінің

Киімнің силуэтіне және жалпы көркемдік адам тұласының

белгілейді. Мысалы, ұзын бойлы толық әйелге, қысқы киім қонымсыз болады,
себебі пропорциялық қатынас өзгеріп, дене тұлғасы қысқарып көрінеді, тіпті,
қысқы бойлы әйел көйлегі, квадрат, ауыр секілді көрінеді. Ал, жас әрі бойы
орташа, толық емес әйелдерге мұндай көйлектер жарасымды келеді.
Киімді композициялауда материалдың сыртқы көрінісі көркемдік қасиетке
ие, олар: матаның фактурасы, суреті, түсі.
Таңдалған алғаш модельге сай киімдегі мата суретінің көрерменге әсерін
ескеру қажет. Мата суретінің ерекшелігі болашақ бұйымның конструкциясын
анықтауға әсер етеді.
Адам тұлғасының пропорциялық заңдылығын канон деп атайды. Белгілі бір
канон құрастыруға таңдап алынған өлшем бірлігін модуль дейміз.
Гректер адам тұлғасын модельдеуде өлшем бірлігі ретінде бас биіктігі
өлшемін алған. Ол адам тұлғасының табиғи пропорциясына жақсы арақатынас ең
әдемі жетілген, ''дұрыс'' арақатынас болып есептеледі. Жасына қарай адам
өмірінің барлығында дене пропорциясы құбылмалы. Мысалы, әр жасқа тән адам
денесінің ерекше өзгерістері бар.
1-2 жасар қыздардың денесі бойына 1:4 қатынаста, яғни аяғы мен қолы
қысқа, басы үлкен, іші шығыңқы болады. Сондықтан оларға қысқа, етегі кең
қимыл қозғалысқа ыңғайлы көйлектер мен күртешелер ұсынылады.
Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
1. Нәрестелер (туғаннан бір жасқа дейін);
2. Сәбилер (1жастан 3 жасқа дейін);
3. Мектеп жасына дейінгі балалар (3 жастан 6 жасқа дейін);
4. Бастауыш сынып оқушылары (6-10 жас аралығы);
5. Жеткіншектер (11-14 жас аралығы);
6. Жасөспірімдер киімі (15-17 жас аралығы).
Балалардың сырт киімдерін модельдеуде көбіне оларды қалпағымен бірге
қосып жасайды.Олардың киімін көркемдеп сәндеуде түрлі сәндеу элементтерін
пайдаланып, безендіруде тіптен көп салмақ салмау қажет. 5 жасар баланың
дане бітімі 1:5 қатынаста болып, іші тартылып, аяғы мен қолы ұзара түседі.
Бұл кезеңде балалар бәрін білгісі айналадаға құбылыстарды танығасы келеді.
Анау не?, Мынау не? деген сияқты көп сұрақтарды жаудыратын кезеңі.
Сондықтан бұл жастағы балалар киімдері конструкциялау мен модельдеуде киім
пішімі мен сәндік әшекейлерді таңдағанда балалардың қызығуын ескеруді қажет
етеді. 7-жасар кезінде балалар алғаш мектепке баратын болғандықтан киім
гардеробында жаңа киім үлгілерімен толыға түседі. Сонымен қатар, қазақ
салты бойынша бұл жастағы балалар мектепке бармай тұрып мұсылмандыққа
отырғызатын шақ болып саналады. Бұл кезеңде балалардың дене бітімі 1:6
пропорциялық қатынаста болады. Балалар киімі қимыл қозғалысқа ыңғайлы әрі,
көңілді түстердің үйлесімділігімен шешілуі қажет. Ашық, айқын түстер
балалардың психологиясына да әсер етеді.
Балалардың дене құрлысының пішімі өлшемі, олардың өсуіне байланысты
тұрақты болмайды. Әсіресе дененің пропорциялық қатынастарының айырмашылығы
айқын көрінеді. Суретте нәресте денесінің пропорциялық қатынасы бас
биіктігі денесіне ¼ қатынаста болып келеді. Ал, үлкен бойжеткен қыздың
басының биіктігі денесіне 18 қатынаста болады. Оның ішінде азия елдерінде
17; 17,5 қатынаста болып келеді. Жаңа туылған нәрестенің көкірегі мен
мойны қысқа, іші дөңгелек әрі ұзындау, аяғы қысқа болып келеді. Бала
денесінің өсу барысында жеке бөліктерінің қарқындап өспеуі бірдей болмайды.
Бұл кезде әсіресе аяқ пен қол тез өседі. Дәлірек айтқанда қалыпты дене
болып жетілуіне дейін аяқ - бес есе, қол - төрт есе өседі.
Көкірек тұсы баяу өседі, оның көлемі 3 – есе өседі, ал бастың
биіктігі 2 - есе ғана өседі. Балалардың дене бітімінің өсу кезеңі барысында
да, әр түрлі болып келеді. Мысалы: айта кетсек 5-7; 10-11; 13-16 жас
аралығында өсу барысы жақсы қарқындайы.
1. бойы
2. көкрек айналымы
3. бел айналымы
4. мықын айналымы
5. шалбар ұзындығы
Сурет 4. Жеткіншектердің дене өлшемдерін алу
13-16 жастағы жеткіншектердің дене бітімі үлкендердікі секілді
қалыптаса түседі. Қыздар 12-13 жасында, ал ұлдар 13-14 жастан бастап тез
жетіле бастайды. Бас биіктігі денеге 1:7 қатынаста немесе 1:7,5 қатынаста
болады. Қыздардың көкірегі мен мықын айналымы ұлғайып барлық дене бітімі
үлкендердікіне ұқсай түседі.
Жоғары сынып оқушылары үшін адамды бағалау көрсеткіштері - өз ұжымына
деген қарым-қатынасы және бұл қарым-қатынас баланы басқалар сияқты
киінуге итермелейді. Бұл жағдайда бір қалыпқа түсіп қалыптасқан киім
үлгісін мүмкіндігінше көбірек жобалау өте маңызды.
Оқушылар киімінің негізгі түрі маңыздылығына қарай бөлініп,
негізінен, әбден қалыптасқан. Қазіргі уақытта спорт түріне, оқу
шеберханаларындағы жұмыс түріне, үйірме жұмыстарына, т.б. байланысты
арнаулы киімнің пайда болу мүмкіндігі көбейді.
Моданы көшеге алғаш жастар киіп шығады себебі олар жаңалыққа
құмар әрі батыл әрекет жасай алады, суретші модельердің, дизайнердің іс-
әрекеті мен заттық дүние, қоршаған орта олардың эстетикалық талғамы
мен мәдениеттілігін байқатты. Сондықтан да, жастардың психологиясын
біздің қоғамымыздың эстетикалық көрсеткіштеріне байланысты ұлттық
дәстүрге сай жағымды қасиеттерге тәрбиелеуіміз қажет.
2.2 Балалар киіміне қойылатын талаптар
Адамды қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен қорғайды, терінің бетін
механикалық зақымданудан, ластанудан сақтайды. Киім арқылы, адам денесінің
айналасында қоршаған орта климатынан біршама айырмашылығы бар, жасанды,
киім астындағы микроклимат қалыптасады. Оның температурасы 280С- 340С
мөлшерінде, салыстырмалы ылғалдылығы 20-40%, ауа қозғалысы өте төмен 0,006-
0,097% мөлшерінде болып келеді.
Киімдер киім асты микроклиматын қалыптастыра отырып, организмнің жылу
жоғалтуын біршама төмендетіп, дене температурасының тұрақтылығының
сақталуына жағдай жасайды, терінің термореттеу қызметін жеңілдетіп, тері
арқылы газ алмасу процессін қамтамасыз етеді.
Балалық шақта термореттеу механизмі жетілмегендіктен, организмнің
салқындауы немесе ыстықтауы денсаулық жағдайының жедел бұзылуына әкеліп
соғатындықтан, балалар организмі жылу өндіруі 3-4 есеге дейін жоғарылайтын
өте жоғары қимыл-қозғалыс белсенділігінде болатындықтан, балалар терісі өте
нәзік, жылдам жарақаттанғыш келетіндіктен, зат алмасуда терінің тыныс
алуының меншікті үлесі ересектерге қарағанда үлкен болатындықтан киімнің
қорғаныштық қасиетінің балалар үшін маңызы өте зор.
Балалар киімі өзінің конструкциясы және материалының физикалық-
гигиеналық көрсеткіші бойынша жас мөлшерінің анатомиялық-физиологиялық
ерекшелігіне, іс-әрекеттің түріне және метеорологиялық жағдайға сәйкес
болуы керек, және оңай киіліп, оңай шешілетін, бала тәрбиесінде эстетикалық
таным қалыптастыруға жағдай жасауы керек.
Балалар киіміне баға беру үшін, санитарлық-гигиеналық экспертизаға
балалар киімін даярлауға арналған - киімнің сыртқы қабатына, ортаңғы
қабатына және ішкі астарына арналған маталардан әрқайсысының размері
1м2 алынған бір бумасын және даяр болған өнімдерді жібереді.
Мата жасалатын талшықтар табиғи (мақта, кендір, жібек, жүн т.с.с.),
жасанды немесе синтетикалық болуы мүмкін. Талшықтардан жасалған жіптер
иірілген, қатты немесе бос, үлпілдек болуы мүмкін. Маталар құрылысы бойынша
маталық және тоқыма-трикотаждық болып бөлінеді.
Маталардың түрлерін балалар киімінің өндірісінде пайдалану, олардың
физикалық-гигиеналық көрсеткіштеріне: қалыңдығы, массасы, көлемдік массасы,
кеуектілігі, ауа- және буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы,
ылғалсақтағыштығы, гидро- және липофильділігіне және жылуөткізгішітігіне
байланысты болады.
Матаның қалыңдығы - миллиметрмен өлшенеді және негізінен матаның
жылусақтағыштық қасиетіне тікелей әсер етеді. Қалыңдығы жоғары маталардың
құрамында жылу өткізгіштік қасиеті өте төмен ауа көп болады. Яғни, мата
неғұрлым қалың болса, соғұрлым жылы болады (мыс. бәтес-0,1мм, драп-5мм,
табиғи жүн-30-50мм).
Матаның массасы – матаның белгілі ауданына (1м2 немесе 1см2) алынған
грамм көлемімен өлшенеді. Өзіне қажетті қасиеттердің бәрі (мыс. крепдешин-
25гм2, драп-77гм2, табиғи жүн-1000,0гм2) сақталған және массасы төмен
болып келетін маталар гигиеналық тұрғыдан ең дұрысы деп саналады.
Көлемдік масса - матадағы тығыз заттар мен ауа құрамының қатынасын
анықтайды, 1см3 матаның граммен алынған массасы. Бұл көрсеткіш төмен болған
сайын, матаның массасы жеңіл болады. Көлемдік масса сонымен қатар,
қалыңдығы бірдей маталардың жылусақтау қасиетінің критерийі болып табылады,
яғни, көлемдік массасы төмен маталар жылылау болып келеді (мыс. жүн
трикотаж-0,07гсм3, брезент-0,6-0,7гсм3).
Кеуектілік - кеуектілік көлемінің берілген матаның жалпы көлеміне
пайызбен алынған қатынасы арқылы анықталады және ол көлемдік масса
көрсеткішімен тығыз байланыста болып келеді. Матаның кеуектілігі оның
жылылық қасиетін анықтайды (мыс. драп-50%, жүн трикотаж-93-95%, жартылай
жүннен жасалған ватин-97%, мақта мата-99%, мақта матадан жасалған ватилин-
99%).
Ауа өткізгіштік - дециметр кубы (дм3) арқылы өлшенеді және 1м2 матаның
кеуектілігінен сүзу арқылы секундына ауа өткізу қабілетін көрсетеді.
Әртүрлі киімдерді өңдеуге арналаған маталардың, ауа өткізгіштігі әртүрлі
болады. Мысалы, салқын ауадан сақтану үшін күз және қыс киімдерінің сыртқы
қабатының ауа өткізгіштігі төмен болуы керек. Жаздық киімдер жақсы
желдетілетін, яғни, ауа өткізгіштігі барынша жоғары болуы керек (мыс. мақта
матадан жасалған жеңіл маталардың ауа өткізгіштігі секундына 111дм3м2,
табиғи жібек секундына-341дм3м2, капрон секундына-125дм3м2).
Бу өткізгішітік - 1м2 матадан сағатына өтетін су буының көлемі, граммен
өлшенеді және матаның киім астында тұрақты түрде пайда болып тұратын су
буларын (мата талшықтарына сіңірілуі арқылы) өткізу қабілетін анықтайды.
Әсіресе, жылу беруі, негізінен булану арқылы жүретін ыстық климаттық
аймақтарға арналған киімдердің бу өткізгіштігі өте жоғары болғаны дұрыс
(мыс. мақта матадан жасалған жеңіл маталар сағатына-16,2гм2, табиғи жібек
сағатына-4,62гм2, капрон сағатына-1,09гм2 бу өткізедіт.с.с.).
Гигроскопиялылық - матаның су буларын сіңіру қасиеті, пайызбен алынады.
Жақсы гигроскопиялылық іш киімдерге арналған маталардың жақсы қасиетіне
жатады. Тері сыртына пайда болатын тер тамшыларын сіңіреді. Атмосфералық
ылғалдылықтан, жылу жоғалту қасиетінен сақтану үшін, қыс және күз
киімдерінің сыртқы қабатына арналған маталардың гигроскопиялылығы төмен
болғаны дұрыс (мыс. бәтес, шыт-90%, мақта матадан жасалған мадополам-18%,
жеңілдетілген драп-17,2%, табиғи жібек-16,5%, репс-7-8%, су өткізбейтін
заттармен қанықтырылған репс-1,2%, капрон-5,7%, лавсан-0,5% т.с.с.).
Су сіңіргіштік - матаны суға салып қойғандағы су сіңіргіштігі, пайызбен
алынады. Ылғалдық әсер еткен кезде ауаөткізгіштікті белгілі деңгейге
жеткізіп, жылылық қасиетінің өзгеруін төмендететіндіктен, матаның
кеуектілігінің белгілі бөлігінің бос болуының маңызы өте зор.
Гидрофильділік - матаның суды толық және жылдам сіңіріп алу қасиеті,
пайызбен алынады. Дененің тері қабатына тиіп тұратын және тері бетіне пайда
болатын су буларын сіңіретін маталардың гидрофильділігі жоғары болғаны
дұрыс .
Гидрофобтық (суланбайтын) - гидрофильділікке қарама-қайшы қасиет. Сыртқы
киімдерге әсіресе қар, жаңбыр, тұмандардан қорғануға арналған киімдердің
гидрофобтығы жоғары болуы керек.
Липофильділік - матаның тері бетіндегі майларды өзіне сіңіріп алу
қасиеті, пайызбен алынады. Әсіресе синтетикалық маталарға тән қасиет,
талшықтар арасындағы ауа өтетін кеуектіліктер тығыздалып, матаның физикалық-
гигиеналық қасиеттері төмендейтіндіктен, олардың нашар қасиеті болып
табылады. Жылуөткізгіштік - матаның жылусақтау қасиетін сипаттайды; бұл
көрсеткіш төмен болған сайын, матаның жылылық қасиеті жоғарылайды.
Жылулық қарсылық - жылуөткізгіштікке қарама-қайшы қасиет, температура
өзгерісі 10С болған жағдайда, 1м2 матадан 1ккал жылу өтетін уақытпен
(сағатпен) өлшенеді және жылу өткізгіштікке кері шама болып табылады.
Балалар киімін дайындау үшін табиғи талшықтардан жасалған маталар және
қатал түрде СанНменЕ сәйкес келетін химиялық талшықтар қосылған маталар
алынады. Балаларға арналған басқадай заттарға жасанды жүндер мен
синтетикалық жылу сақтағыштарды (желімденген, көлемдік, ине өтетін)
қолдануға болады.
Жаңа туған сәбилер мен сәбилер жасындағы балалардың (28 размерге дейін)
іш киімдеріне химиялық жіп қосылмаған болуы керек, бастауыш мектеп жасына
дейінгі жастағы балалардың киімінде ол 30%-ға, одан жоғары жастағы
балалардың киімінде 50%-ға дейін рұқсат етіледі. 30 размерге дейінгі суға
түсуге арналған костюмдер мен спорт киімдері тек қана табиғи жіптерден
жасалуы керек.
Іш киімдер - тері қабатымен тікелей байланыста болатындықтан, киім
астындағы аралықта пайда болып отыратын зат алмасу заттарынан (ылғалдылық,
май, газдар) тазартып отыруға қатысады және олар ыңғайлы, кең, киім асты
аралығының желдетілуіне, терінің “тыныс алуының” қамтамасыз етілуіне жағдай
жасауы керек. Іш киімдер үшін ауа-, ылғал-, буөткізгішітігін,
гигроскопиялылықтың және гидрофильділіктің жоғары болуын қамтамасыз ететін
жұқа, жұмсақ, құрылысы тоқыма-трикотаждық маталар алынады. Жаңа туған
нәрестелер мен 3 жасқа дейінгі сәбилердің киімінің ішкі қабаты тек табиғи
талшықтардан (кендір, мақта, жібек) немесе вискозадан жасалуы керек.
Мектепке дейінгі жастардағы балалардың іш киімдерін дайындауға мақта-сиблон
маталарын (70% мақта және 30% сиблон) қолдануға рұқсат етіледі.
Балалар киімдерінде қалың, ыңғайсыз тігістер, қатты, тар резеңке баулар
болмауы керек. Жазда климаттық және метеорологиялық жағдайларға байланысты
балалар бір немесе екі қабат киім киеді. Бірінші қабаты - іш киімдер,
екінші қабаты – көйлек, жейде, шолақ шалбар, юбкалар. Жаздық жейде,
көйлектерге арналған маталардың да қасиеті, іш киімдікі сияқты жұмсақ, ауа-
, буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы, ылғалсіңіргіштігі, гидрофильділігі,
жылуөткізгіштігі жоғары болуы керек. Жаздық киімнің пішімі кең және киім
асты аралығын жақсы желдететін болуы керек. Жаз киімдеріне қысып тұратын
белбеулер, резеңкелер, биік жағалар салуға болмайды.
Қыс кезінде ауа температурасы 200С жоғары жылы бөлмелерде балалар жаз
киімдеріне қойылатын талаптарға сәйкес келетін 2 қабат киім киіп жүреді.
Егер бөлме температурасы 190С төмен болса, үй киімі үшін қалыңырақ, жүн
талшықтарынан жасалған, жылусақтау қасиеттері жоғары маталар алынады.
Мұндай жағдайда киімдер үш қабатқа дейін киінуге болады.
Сыртқы жылы киімдер - олардың негізгі міндеті денеге қажетті жылуды
сақтау және оны атмосфералық жел мен ылғалдылықтан қорғау болып табылады.
Ол 3 қабаттан тұрады. Сыртқы, жабын қабаты ауа-, буөткізгіштігі,
гигроскопиялылығы және ылғал сіңіргіштігі төмен, яғни, суық атмосфералық
ауаның киім астындағы аралыққа дейін өтіп кетуін тежейтін, қар мен жауын
суынан сақтайтын, жылу қорғау қасиеті жоғары матадан тігіледі. Балаларға
арналған қыстық киімдердің сыртқы қабатын су өткізбейтін заттармен
қанықтырылған табиғи талшықтардан жасалған маталардан немесе синтетикалық
жолдармен алынған маталардан тігуге болады.
Киімнің жылу қорғағыш қасиетіне физиологиялық-гигиеналық баға берілуі
қажет. Киімнің жылу сақтау қасиеті туралы толығырақ мәліметті энергия
шығынын, тері температурасының көлемін, жылу ағынының тығыздығын - радиация
және конвекция арқылы, дененің белгілі аумағынан белгілі уақытта жоғалатын
жылу санын анықтау арқылы алуға болады.
Киімнің жылу қорғағыш қасиеті дегеніміз, оның жылу ағынының тығыздығын
төмендету қасиеті. Жылу ағыны қоршаған ортаның температурасының өзгеруіне
және киімнің жылу қоғағыш қасиетіне байланысты болады. Жылу беру көлеміне,
терінің орташа алынған температурасына, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz