Спортқа арналған киім үлгілерін конструкциялау


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Спортқа арналған киім үлгілерін конструкциялау

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім

1 Киімнің шығу тарихы . . . 5

1. 1 Шалбардың шығу тарихы . . . 5

2 Спорттық киім үлгісінің көркемдік сипаты . . . 13

2. 1 Сән және костюмнің көркемдік шешімі . . . 13

2. 2 Спорттық киім үлгілеріне қойылатын талаптар . . . 16

2. 3 Талғам және мода ағымына сипаттама . . . 18

2. 4 Спорттық киім үлгілеріне арналған маталардың қасиеттері . . . 20

3 Киімді конструкциялау жөнінде жалпы мәліметтер . . . 26

3. 1 Адам денесінің өлшемдерін алу техникасы . . . 26

3. 2 Спорттық киім үлгілерін конструкциялау және модельдеу . . . 33

Қорытынды . . . 50

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 51

Қосымшалар . . . 52

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі: Білім беру адамның, қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін ұрпақ тәрбиелеу және оқыту үдерісі болып табылады. Қазіргі білім саласына көптеген өзгерістер еніп жатыр. Бұл өзгерістер тек қана білімнің кейбір салаларына ғана емес, жалпы оқыту мен тәрбие жүйесіндегі түбейгелі өзгертулер. Қазақстан республикасында білім беру жаңа бетбұрыс алуда. Ол экономикалық және рухани дамуын қамтамсыз ету жолындағы жеке тұлғаның адамгершілік, парасаттылық, эстетикалық және физиологиялық, психо-логиялық жағдайын үнемі жетілдіріп отыруын көздейді.

Матадан тігілетін бұйымдарды әзірлеу технологиясына бірнеше жұмыстар кіретіндіктен де оларды модельдеу және конструкциялау, лекалоларды дайындау, матаны пішуге дайындау және пішу, бұйымдардың бөліктерін өңдеу және оны біріктіру, дымқылды-өңдеу жұмыстары және бұйымдарды әсемдеу кезеңдерін оқыту кәсіптік оқыту мұғалімінің басты міндеті болып саналады. Сондықтанда тігін ісі бағыты сән әлемінің өзгерісіне байналысты әруақытта зерттеуді қажет ететін мәселе. Технология- грек сөзінен шыққан, ол өнімді өңдеу процесінде матадан даяр бұйым шығару шеберлігі, оның ғылымы туралы мағына береді.

Қазіргі кезде жастарға адамгершілік-этетикалық тәрбие, мәдени
білім беру және барлық деңгейдегі кәсіби кадрларды көркемдік жағынан
даярлау ісі, маңызды мәселелердің бірі. "Киіне білу де өнер" - демекші,
жастардың киім кию мәдениетіне үйретіп, өздеріне қажетті киім үлгілерін
эзірлеуге эстетикалық талғамын арттырамыз. Шалбар - сырт киім. Шалбар жүріп-тұруға ыңғайлы пішімделеді де, тізеден төмен жері тар, бел тұсы қапсырылған, балағы кең, ышқыры бітеу етіп тігіледі. Ғалымдардың көпшілігі оны кем дегенде ерте темір дәуірінде мал шаруашылығымен және аңшылықпен айналысқан көшпелі тайпалар ойлап тапқан деп есептейді.

Дәстүрлі қазақ қоғамында шалбар қалтасыз әрі кең етіп тігілген. Ол тұрмысқа (мініске, малдас құрып отыруға, тағы басқа) қолайлы болу үшін жасалынған. Балағы кейде етік қонышына салынатындай тар немесе сыртқа шығарылатындай кең болады. Көшпелі тұрмысқа ыңғайластырылған Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі. Оның атқа мініп-түсуге кедергі келтірмеуі үшін ешқандай түймесі, ілмешегі жоқ, белдік орнына бау пайдаланылды. Ертеде қазақ қоғамы шалбарды жаздық және қыстық деп екіге бөледі. Алғашқысына матадан тігілген сырма шалбар мен жарғақ шалбар жатады. Түгі қырылып иленген мал терісін қына, тал қабығы, жосамен бояп, алды мен балақ жағын түрлі жібек жіптермен айшықталған жарғақ шалбарды байлар, жас жігіттер сәндікке киген. Қой терісін өңдеп илеген, жүн бетін ішіне қаратып, кең етіп тігілген тері шалбарлар да болған. Жарғақ пен тері шалбардың ышқырбауына жіңішкелеп тілінген қайыс бау тағылды, қажет жағдайда балағына да балақбау тағылған. Егер балағы етік сыртына кететін кеңдеу болса, оны зермен көмкерді, сырып кестеледі. Матадан (барқыт, ұлпа, пүліш, шұға, шибарқыт, тағы басқа) да шалбар көптеп тігілген. Жылы болуы үшін қой, түйе жүні, мақта қосылған шалбарды сырма деп атады. Қазақ шеберлері шалбарды неше түрлі жібек жіптермен өрнектеп кестеледі, балақ аузын жұрындап, әдіптеп, түсті матамен балақтаған, сондай-ақ терісі бағалы аң терілерімен жұрындаған. Қарт адамдар көбіне балағы жырық кең шалбар киіп жүрген. Шалбар қазақ халқының ертеден келе жатқан ұлттық киімдерінің бірі

«Киімді конструкциялау мен модельдеу» бойынша оқу құралы практикалық жұмыстарды орындауға арналып отыр. Оқу құралында киім түрлері оларға қойылатын талаптар, өлшем алу техникасы мен қосымшалар қосу жөнінде мәліметтер берілген. Сонымен қатар, әйелдер мен қыздардың белдемшелі иықты киімдері және ұлттық бас киімдері конструкциялау мен модельдеу жөнінде мәліметтер берілген. Оқу құралында лаборатория-практикалық жұмыстың тақырыптары, жұмыстың мазмұны, орындалу барысы, қажетті әдебиеттер ашылып корсетілген Жолдасбекова С. А. Костюм тарихы[1], Жолдасбекова С. А., Қалабаева Қ. Р., [2], Жолдасбекова С. А. Киімді конструкциялау мен модельдеу бойынша практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау[3], Егорова Р. И., Монастырная В. П. Істіге біл [4], Шершнева Л. П. «Основы конструкции женской и детской одежды» [5], Бланк А. Ф., Фомина З. М. «Практическая книга по моделирование женской одежды» [6], Козлова Т. М. «Моделирование и художественное оформление женской и детской одежды» [7], Махмутова Х. И. Конструируем модельируем, шьем. [8], Шершнева Л. П. «Әйел және балалар киімін конструкциялаудың негіздері» [9], Асанова А. Тастанбекова Г. Киімді конструкциялау және тігу технологиясы[10] және т. б. оқулығы бойынша оқу құралында киім түрлері, оларға қойылатын талаптар, өлшем алу техникасы мен қосымшалар қосу жөнінде мәліметтер берілген.

Біз өз жұмысымызда мектептің оқу үрдісінде оқушыларды тігін ісіне үйрету қажеттілігін ескере келе зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Спортқа арналған киім үлгілерін конструкциялау» деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеу нысаны - спортқа арналған киім үлгілерін конструкциялау мен модельдеу үдерісі.

Зерттеу пәні - спортқа арналған киім үлгілерін конструкциялау және модельдеу

Курстық жұмыстың мақсаты: спортқа арналған киім үлгілерін конструкциялау және модельдеу жолдарын ашып көрсету.

Курстық жұмыстың міндеті:

- киімнің шығу тарихына шолу;

  • киімнің көркемдік ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтау;
  • адам бейнесінің өлшемдік сипаттамасын беру;
  • спортқа арналған киім үлгілерін конструкциялау

және модельдеу.

Зерттеудің практикалық құндылығы: спортқа арналған киім үлгілерін конструкциялау және модельдеу жолдарын ашып көрсетіліп, сызба жұмыстары әзірленді.

1 Киімнің шығу тарихы.

1. 1 Шалбардың шығу тарихын шолу

Спорттық стиль - ХІХ ғасырда спорпен шұғылдану немесе басқа ойындар үшін шығарылды. Бүгінгі күндерде бұл киімдер түрлі спорттық жаттығуларды орындау үшін пайдаланылады. Бұл киімдер қимыл қозғалысқа ыңғайлы, берік, табиғи материалдардан жасалған, қолдану функциясына сай, түрлі фурнитураларды пайдалана отырып әзірленген, сәндік тігістерімен, белгі символдарымен ерекшеленетін киім үлгілері болып табылады.

Біздің қоршаған ортамызда киімнің шығу тарихы өте қызықты кезеңдерден өткенін байқауға болады. Шалбар кәдімгі киімнің бір бөлшегі ретінде қолданылып келетін шалбардың шығу тарихына тоқталсақ.

Ертедегі киімдердің белінде және мықын тұсына белдік байланатын болған. Шалбар - теріден және тропикалық өсімдіктердің жапырағынан, талшығанан сонымен қатар ағаштың жұмсақ қабығынан тоқылып жасалынды. Шалбар мен белдемше адам үшін өте ыңғайлы киім болып саналады.

Климаттың ыңғалды аймақтарында киім түрлері де әртүрлі болды. Ніл өзенінің жағалауындағы тұрғындар үшін киім аса қажет болмады. Онда тек ұятты жерлерін жабу ғана жеткілікті болды. Ерте кездегі Египет ерлері беліне жолақты белдік тағып жүрді.

Шалбар роман тілінен аударғанда «broсk» - сырт киім ретінде қолданды. Ол аяқ пен кеуде бөлігін жауып тұрды. Бұл киім түрі Рим қаласында алғаш рет қолданылды. Рим империясының беделді адамдары осы киімді күнделікті тұрмыста киді. Ал германдықтар алғашында белдемше киетін болған, ол жүн матасынан тігілген және оның ұзындығы тізеге дейін жетті. Мұндай ұзын жартылай белдемше қазіргі таңда шотландықтардың таулы аймағанда сақталған. Ал скифтер үнемі шалбар киіп жүрді. Шалбарды киюді әдетке айналдырған германдықтар, викингілер, варварлар, голлы болды.

Перғауынның алжапқышына (схенти) алтын жіпті парша матасына тігіліп қатпар салынды, әрі схентидің алдына патша өрнегі түсірілген үшбұрышты тығыз тоқылған мата ілінді.

Орта ғасырларда ерлер мықынға ұзындығы тізеге дейінгі қысқа әрі, белтұсында байланған шалбар киді. Ол шалбар сыртқы шалбардың балағын бекітіп тұрды. Ерлер гардеробында шұлық шалбарларда қолданылды. Әр бір шұлық жеке киілді. ХV ғасырда ашық түсті қынамалы, әрі қысқа киімдерді киюге құмартты. Онан соң мода ағымына ұзындығы тізеге дейін жететін, қатпарлы сыртқы шалбар үлгісі енді. Реформациялау дәуірі кезінде ХV ғасыр соңында киім пішімінде өзгешіліктер болды. Яғни денеге қынамалы күртеше мен шалбар шұлықтарын ысырып, киімнің қимыл - қозғалысы ыңғайлы болу үшін, тізе, иық және белек тұстарын астарлап, тұсқа ұзын «тіліктер түсірді». Қиықтың астынан ашық түсті астар киімге өзіндік сән берді. Қиықтың шетін өңдеу үшін тігіншілер бұйымның шетін әдіптен өңдеу технологиясын меңгерді. Бұл модаға алғашында ақсүйектер қарсы болса, соңынан дүние жүзіне мода ретінде таралды.

Контрреформация деп аталатын уақыттың келгеніне қарамастан «тілме» сән элементтері енді қысқа шалбарданда табуға болады. 1589 жылы трикотажды мата машина ойлап табылып, аристократтар арасында ерлер аяқтарына, тығыз тоқылған шұлық немесе жібек шалбар, трико кеңінен тарады. Кейінірек қысқа шалбарлар қымбат қаусырма мен сәнделіп, балағының пішімін дөңгелетіп көрсету үшіп, астар арасына жүн немесе сабанмен толтырылды және жастықша түріндегі қалташалар қондырылады, оларды күртешеге ілгектерімен кигізіп бекітеді - сонда әйгілі үйрек қарын пішімді киім үлгісі (XVI ғ) пайда болады.

Контрреформация уақытында «испандық кастюм» тар әрі қатқыл болып, ол қозғалысқа күшті әсер етті. Осы қаталдылықтың едәуір әлсіреуі отыз жылдық соғыс қарсаңында XVII ғасырдың басында басталды.

XVII ғасырдың ортасынан сән шығарудағы басымдық рөл француз сарайына ауысты. Сән дамыту бағытындағы көрініс «версалдық диктатқа» көшеді. Елестетіп көріңдерші: қысқа жеңді, қысқа ашық күртеше. Бұл париж балаларына былай деп айтуға мәжбүрледі: «Жолдас, сіз шалбарыңызды жоғалтасыз!» Бұл қандай шалбар болды десеңізші! 1602 - жылы бұл қысқа шалбар пішімі тізені айнала түсіп, әйелдер белдемшесіне ұқсас келеді.

Олардың ішінен едәуір қысқа ақ (шілтері) манжетті шалбар, оның иесін әйелдер киіміне жақындата түсті. Оны Людовик ХIV Француз корольі киімінен көруге болады.

Сурет 1. Панталондар

Рококо стиліндегі еркек кастюмінде борокко дәуірінің шілтірімен безендірулері сақталып отырды. Кейінірек рококо стилі сәндік түрлі бояулармен байытты. Тізеге дейінгі шалбарлар - кюлеттер (фр. culotte), жібек шұлықтармен башмактар пайда болды. Француз революциясының қанды тербелісінен соң жүруші карикатура ретінде көрінетін «адам сенгісіз» - таңғажайыптар пайда болды. Ит құлағы тектес ұзын, қысқартылмаған шаштар ерекше күлкі туғызды .

Ерлер костюмінде романтизм әйелдегідей түс пен форма молшылығында көрініс бермейді. Көк немесе қоңыр фрактағы, ұзын шалбардағы азамат едәуір біркелкі, қарапайым көрінді.

XIХ ғасырда сән моряк кастюмдерінде, орманшылар мен балықшылар киімдерінде бүкіл ортағасыр бойында сақталған ежелгі германдақ ұзын, әрі кең шалбарларға оралды.

Панталондар - моряктардың ұзын шалбарлары - тек ерлер киім ілгішінде ғана емес сонымен бірге әйелдерде жұқа шілтері панталон түрінде болады.

Әйелдер гардеробында үлкен орынға шалбарлар 1910 - 1920 ж. ж.

XIХ ғасырда Европада шалбарлы кастюмдер пайда болды, велосипедті айдауға қолайлы кастюмдер, машина жүргізуге қолайлы голифе шалбар, саяхатқа арналған манжетті шалбарлар, демалысқа арналған етегі кең шалбарлар бүгінгі күні қолданыста көп.

Ол уақытта шалбар киген әйелдерге театрға кіруге, көшеде жүруге арнайы рұхсат берілген жоқ.

Шалбар моделінің түрлілігі бұйымның формасының әртүрлілігі шешілуіне, силуэтіне, ұзындығы мен кенділігіне, белдіктің формасына, балағының өзгеруіне, кадамыш (қалта, қондырма, белдік, жөне т. б. ) төменгі бөлік детальдарының орналасуына байланысты. Тұрлі шалбар моделін алу тәсілдерінің бірі-детальдарды жеке бөліктерге бөлу, сызықгарды тігістермен, бейкамен, жиекпен көмкеру.

Ежелгі дәуір қоғамында киім дайындауда түрлі материалдарды пайдаланды. Қай кезеңде болмасын, киім формасы климаттық жағдайға және материалдың сапасына байланысты түрлі пішімде, құрылымда, сол қоғам талаптарына лайықты деңгейде тігілді. Киімнің матасына, салт-дәстүрге байланысты оны денеге түрліше орап жамылғы етті, яғни: денені шаршаулап орау, денені айналдыра орау, мойын ойындысын ою арқылы орау.

XІX ғасыр костюмінің қалыптасуына XІІІ ғасыр киім үлгілері әсер етті. Біздің бүгінгі күнде киіп жүрген киім үлгілеріміздің де негізгі бөліктері сол уақыттағы киім бөлігінің негізінде дами түсті. Тіпті кейбіреулерінің пішімі де осы уақытқа дейін өзгермеген. XІX ғасыр ерлер костюмі - жұмыс костюміне қолайлы болды.

Ерлер етікке дейін ұзын панталондар киді. Олардың белі тарпа баумен тартып байланды. Панталондары өте кең, әрі сәнді болып, тізе тұсына байланды. Аяқтарына ақ шұлық киді. Оның жоғары бөлігі қайырылып, шілтерімен-канондармен сәнделді. Олар панталон бауларына бекітілді. Бұл киім үстінен кей кездері қысқа юбка ренграв (Ренграф ван Сальи-Париждегі голландық елші есіміне сай аталды) киді. Юбка астынан шұлықтың кружевалары көрініп тұрды.

Пред-а-порте тарихын 20-шы жүзжылдықтың екінші жартысынан бастап есептейді. Соғыстан кейінгі жылдардағы жастар киімінде ыңғайлы жақтары бағаланды, нәтижеде онша қымбат емес, бірақ сәнді киімдерге сұраныс көбейді. Фабрикалар мен кішігірім фирмалар сәнді киімдерді сатып алушыларға лайықтап шығара бастады. Сөйтіп, дайын көйлектерді көптеп шығаруға өтті. 60-шы жылдардың аяғында, әлемдегі бар киімнің жартысынан көбі, 25 жастағыларға арналып сатылды.

Банан-шалбар тропикалық жемісті еске түсіреді. Тізе тұсында кең, тобық тұсынан тарылған, үгікпен қыр салынбайды.

Сурет 2. Банан шалбарлар

Ретро стиліндегі шалбар-жалпақ белдікті, бел тұсында жатқызылып тігілген қатпарлары бар, мықын тұсында балағы кеңейтілген.

Сурет 3. Ретро стилдегі шалбарлар

Силифет -шалбар балағы біркелкі тар, жіліншік тұсында жатқызылып тігілген қатпарлары бар. Бұл шалбарды биік өкшелі туфлимен немесе балағын етік қонышына салып кию керек.

Сурет 4. Силифет -шалбарлар

Галифе- тізеден жоғарғы жағы делдиген кең тар балақты шалбар.
Бұрын негізінен әскери адамдар киген. Киім киюге ыңғайлы әрі әдемі болуы тиіс. Галифенің басты артықшылығы да осы. Бұл шалбар қазіргі таңда бишілерге таптырмас киім болып саналады. Сонымен қатар, спортшыларға да, тіпті қарапайым демалысқа шыққанда да пайдасы жоқ емес. Галифені аяқ киімнің көптеген түрлерімен киюге болады. Заманауи киінетін жастар мен спорттық стильді жақсы көретіндер бұл киімді өз гардеробында міндетті түрде сақтайды.

Заманауи галифе шалбарлар түрлі маталардан тігіледі: эластан, мақтадан, джинсыдан және тіпті жібектен де тігіле береді. Егер шалбар дұрыс таңдалса дене сымбатына көңілі толмайтындар осы фасонды көп киетініне назар аударғанымыз да жөн.

Сурет 5. Галфе шалбарлары

Белдемше-шалбар - ұзындығы модельге байланысты кең балақты шалбар. Бұл киімнің тұрін біздің ғасырымыздың басында (30-шы жылдар) киген.

Сурет 6. Белдемше-шалбар

Джинсы-шалбар қара көк түсті (индиго) тығыз мақта-матадан
тігілген. Бастапқыда шалбар американдық фермерлер мен нөкерлердің жұмыс
киімі ретінде пайдаланылды. Бұл атау итльяндық Гонуз (Дженова) қаласының
атынан шыққан.

Сурет 7. Джинсы-шалбар

Шорты- қысқа шалбар , спорттық және жағажай киімі.

Short - бұл қысқа шалбар. Ағылшын тілінде «short» қысқа деген мағынаға ие. 19 ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап бұл атрибут колледждер мен гимназия оқушыларының негізгі киімі ретінде танылды. Ер балалар оны кәмелеттік жасқа дейін ғана киген, ал бұл жастан өткен соң бұл киімді кию ұят саналған. Жалпыға ортақ осынау қалыптасып кеткен заңдылыққа америкалықтар бірінші болып қарсы шықты. Ал еуропада қысқа шалбар олардан 20 жыл өткен соң ғана киіле басталды. Сөйтіп, бүгінге дейін қысқа шалбарды барлық елдің ер азаматтары кие бастады.

Сурет 8. Шорты- қысқа шалбар

Комбинезон - тұгастырылып тігілетін бешпент-шалбар. Комбинезонның көмегімен ерекше және сәнді бейне жасау өте оңай. Оның бір ерекшелігі - бел аймағында көлденең жолақ болмайтындықтан бейнені ұзын етіп көрсетеді. Бұл дегеніміз, комбинезон аласа бойлы қыздарға да, екі-үш келі артық салмағын жасырғысы келетін қыздарға да жарасады.

Белі қиылған. Жеңі артқы және алдыңғы бойлармен қосылып пішілген. Жіңішке, ұзынша жаға. Алдыңғы және артқы бойда иық тігісі арқылы бір-бірден ұзынша қатпар салынады. Шалбар балағы төмен қарай қусырыла түскен.

Сурет 9. Комбинезондар

Бермуды - тізеге дейін ұзындықга манжетті жеңіл шалбар. Қысқа шалбар киімінің консервативті моделі бриджи деп аталады. Оның балағы тізе мен одан да төмен болады. Бриджиді күнделікті жағдайларда да, демалыста да кие беруге болады.

Сурет 10. Бермуды

Гольф -шалбары - түймелі манжетті тізеден сәл төмен шалбар.
Ашық түрлі-түсті шалбармен киеді. Тізеден төмен тұймеленді.

Гольф -шалбар (ағылшын -спорттық ойында киетін шақпақ матадан тігіледі) ХХ ғасырдың 20 жылдары сәнге спорттық киім ретінде енген.

Сурет 11. Гольф -шалбары

Кюлоты - қысқа әйел шалбары. Балағы біркелкі кең, беліңде кең
қатпарлары бар жөне тізеден төмен қалтасы бар.

Сурет 12. Кюлоты- қысқа әйел шалбары

Әр кезде подиумнан қылаң беріп тұратын кюлот соңғы кездері қыз-келіншектердің сүйікті киімдердің біріне айналды.

Бір кезде тек аристократтар мен байлар ғана киген кюлотты, тренчкот сияқты қазір көбіне қалалықтар, талғамы жоғары жандар ғана киеді.

Ең алғаш кюлотты Эльза Скиапарелли 30-жылдары өз коллекциясында пайдаланған екен. Кюлот - тобықтан жоғары тұратын қысқа, кең балақ шалбар. Оның подуимда кестеленген, біртегіс, принтті, былғарыдан, күдеріден, қалың, жұқа маталардан тігілген алуан түрлері көрсетілді.

Кюлот бойы ұзын қыз-келіншектерге сөзсіз жарасады. Тым қысқа шалбар (шорты) киюге қысылатындар үшін кюлот - таптырмайтын шешім. Әсіресе күннің ыстығында өте ыңғайлы. Ал аласа бойлы бойжеткендер кигісі келсе, аяғына биік киюді ұмытпағаны жөн. Себебі қысқа шалбар бойды одан сайын аласартып көрсетуі мүмкін.

Сурет 13. Торкөз-жолақ әйел шалбарлары

2 Спорттық киім үлгісінің көркемдік сипаты.

2. 1 Сән және костюмнің көркемдік шешім

Дизайнер көркемдік жобалауды жақсы меңгеру, костюмді моделдеу, костюмді сəндеу, талдау, моделдерді ұсыну, объективті сапасын бағалау, эстетикалық жағынан сауатты анықтау жəне композицияны дамыту қажет. Ұсынылып отырған жұмысты орындағанда біріншіден жеке силуэттің, ою-өрнек композициясын құрастыру, оның түстік шешімін табу, əртүрлі техниканы қолдану əрбір білімгердің ой-өрісін кеңейтіп, еңбекқорлыққа үйретеді. Осы жұмысты орындай отырып білімгер силуэт түрлерін, формаларын, əртүрлі киімдердің киетін орнын, ыңғайлы, қонымды болуын, əрбір жеке бөлшектерінің орналасуы белдеулерін дұрыс таба білу, т. б. мəліметтерді өз біліміне қосып алады.

Көркемдік негіз компоненттеріне мыналар жатады: көркемдеу стилі, силуэт пен сызықтар, материал пропорция, түс, әшекей. Тарихқа көз салсақ, әрбір дәуірдің және әрбір халықтың өзіндік көркем стилі калыптасқан. Олар сәулет өнерінде, тұрмыстық бұйымдарда байқалады. Белгілі бір стильдің өзінде киімнің жеке бөліктерінде өзгерістер болады. Бұл өзгерістер белгілі бір уақыт аралығында байқалады және ол киім тарихында сән ағымы яғни -«мода» деп аталады. Модаға байланысты киім жаңарып және жетіліп отырады. Әрбір мода бағытына сай киімнің мынадай сызықтары айқындалады: силуэтті, конструкторлы және сәндік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спорттық форма маталарының сипаттамасы
Балаларға арналған киім топтамасын үлгілеу
Жеңі тұтас пішілген киім үлгілерін конструкциялау және модельдеу жолдарын ашып көрсету
Киімнің негізгі қызметтері
Іскерлік әйел костюмін конструкциялау және үлгілеу
Киім үлгілерін модельдеу
Әйел шалбарларының үлгілерін конструкциялау
Киім қию этикасы мен мәдинеті (Дизайн)
Ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың конструкторлық білімін дамытудың шарттары
«Ай-ару» ұлттық киім үлгілері зерттеулері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz