Ақпараттарды бір орталықтан басқаруды жүзеге асыру үшін деректер базасын құру


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Мәліметтер базасы дегеніміз - ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер базасы ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталған. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер базасын басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушылармен және басқа да ақпараттық программалық кешендермен қарым - қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек мәліметтер ғана емес, ақпарат та сақталады деп айта аламыз.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі дегеніміз жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған программалық құрылғылар кешені.
Дүние жүзінде мәліметтер базасын басқару жүйелерінің түрлері өте көп. Олардың әрбіреулерінің түрлі объектілермен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, қолданушыға ұсынатын қызмет түрінің өзгешелігіне қарамастан, оларда ортақ ұғымдар кешені қалыптасқан.
Мәліметтер базасының пайда болуы жалпы алғанда есептеуіш техникалардың жетілдірілуі мен олардың құнының төмендеуіне байланысты. Алғашқы кезде есептеуіш техникалар тек “қолмен” шығаруға болмайтын математикалық кұрделі есептеулерді шығару үшін қолданылды. Кейін компьютерлік техпологиялардың дамуына байланысты бұндай есептеулер тек автоматтандырылған жүйелер арқылы есептеле бастады. Сол уақытта компьютерлерді ақпаратты сақтау мен өңдеу үшін қолдану ойластырылды. Адам өмірінің кез келген саласында қажет болатын ақпараттар мен мәліметтерді есептеуіш техника арқылы сақтау, өңдеу және беру/алу өте ыңғайлы болып шықты. Соған сәйкес қазіргі заманда адамдар өз қызметтерінде ақпаратты көп пайдаланатындықтан есептеуіш техникалар ақпаратты сақтау мен өңдеуге ыңғайлы етіліп жетілдірілуде.
1. Мәліметтер базасы жобалау сатылары
1. 1Пән аймағының сипатталуы
Мәліметтерді пайдаланушының көзқарасы тұрғысынан қарастырғанда мәліметтер базасын былайша түсіндіруге болады:
1. нақты атауы бар біртекті өнімдердің жиымы. Бұл жиымның ішкі құрылымына тәуелсіз іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілген. Жиымда магниттік таспаға немесе дискетке жазылған ауыл шаруашылығының барлық салалары мен ғылым саласы бойынша баспада жарияланған және жарияланбаған құжаттардың библиографиялық немесе фактографиялық алғашқы және соңғы сипаттамалары тұрады;
2. жүйелі түрде ұйымдастырылған және пайдалануға ұсынылған мәліметтер жиынтығының объективтік формасы. Бүл мәліметтер компьютер көмегімен оңай табылады және өңделеді;
3. мәліметтердің реттелген жиынтығы;
4мәліметтердің өзара байланысты жиынтығы. Оны ұйымдастырудың ережесі мәліметтерді сипаттаудың, сақтаудың және амалды әрекет жасаудың жалпы принципіне негізделген. Мәліметтер базасынан библиографиялық және библиографиялық емес деп бөлу қабылданған. Библиографиялық
Мәліметтер базасында құжаттар жайында екінші ретті ақпарат берілген. Мұнда рефераттар мен аннотациялар да қамтылған. Библиографиялық емес мәліметтер базасының көптеген түрлері бар: алуан түрлі объектілер мен құбылыстар жайындағы анықтамалық мәліметтер базасы алғашқы ақпараты бар мәліметтер базасының толық мәтіні, объектілер мен құбылыстардың сандық сипаттамалары мен параметрлері бар сандық мәліметтер базасы объектлердің бейнеленуі мен сипаттамалары бар мәтіндік-сандық мәліметтер базасы банктер, биржалар, фирмалар және т. б. берген қаржылық ақпараты бар қаржылық мәліметтер базасы салалар, аймақтар, елдер бойынша құқықтық құжаттары бар заңды мәліметтер базасы. Мәліметтерді өңдеу технологиясы бойынша мәліметтер базасы - орталықтандырылған мәліметтер базасы және үлестірілген мәліметтер базасы болып екіге бөлінеді. Орталықтандырылған мәліметтер базасы есептеуіш жүйенің жадында сақталады. Егер бұл есептеуіш жүйе компьютер желісінің құраушысы болса, онда мұндай базаға үлестірілген қатынас құруға мүмкіндік болады!
Мәліметтер базасынан н пайдаланудың мұндай тәсілі дербес компьютердің жергілікті желілерінде жиі пайдаланылады. Үлестірілген мәліметтер базасы есептеу желісінің алуан түрлі компьютерлерінде сақталатын ' бірнеше бөліктерден, тіпті бірін-бірі қайталайтын бөліктерден тұрады. Мұндай базамен жұмыс істеу үлестірілген мәліметтер базасынан басқару жүйесінің көмегімен орындалады. Мәліметтерге қатынас құру тәсілі бойынша мәліметтер базасы жергілікті қатынас құру мәліметтер базасы және қашықтан (желілік) қатынас құру мәліметтер базасы болып екіге бөлінеді. Мәліметтер базасынан пайдаланушыларға алуан түрлі қолданбалы программалар, программалық кешендер, сондай-ақ, тұтынушы рөліндегі пән салаларының немесе мәліметтер көзінің мамандары жатады. Мәліметтер базасының қазіргі замангы технологиясында мәліметтер базасынан жасау, оны толықтыру және мәліметтерді пайдаланушылардың оған қатынас құруын жасақтау арнайы программалық аспаптар арқылы, яғни мәліметтер базасынан басқару жүйесі арқылы орталықтандырылған түрде жүзеге асырылады.
Дерекқор, деректер базасы - ұзақ мерзімге сақтауға (әдетте, компьютердің жадында), өңдеуге және күнделікті қолдануға арналған деректердің (мәліметтердің) реттелген жиынтығы.
Жазба деректерді реттелген жүйеге келтіру адамзат мәдениетінің ажырамас белгісі болып табылады. Компьютерлік дерекқордың негізін түрлі кестелер, каталогтар, телефондық, кітаптар, күнтізбелер, карталар мен атластар, әртүрлі картотекалар, анықтамалықбасылымдар, құжаттар, т. б. құруы-мүмкін.
Ақпарат қорын бір жерге шоғырландыру (ЭЕМ-нің жадында) ақпараттарды сақтауды әрі оны толықтырып отыруды қамтамасыз етеді; ал орталық ЭЕМ-мен желілік байланыс арқылы ақпаратты тұрақты әрі жылдам алуға болады. Компьютерлік дерекқор деректерді сақтауды, реттеуді, іздеуді және ЭЕМ-нің сыртқы құрылғыларына жіберуді қамтамасыз ететін белгілі бір файлдық жүйеге сүйенеді. Пайдаланушылар мен дерекқор арасындағы қарым-қатынас дерекқорды басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Басқару жүйесі пайдаланушының сұранысын қабыл алады да файлдық жүйеге қажетті бұйрықтар беріп, ақпараттық хабарды пайдаланушының қолдануына ыңғайлы түрге келтіріп береді.
Дерек алмасу бірлігі ретінде арнаулы жазу өлшемі қабылданған. Әр жазудың құрамында өзіндік тақырып немесе осы жазуды іздейтін кілт («кілттік сөз») болады. Жазутақырыптары дерекқордың мазмұны іспетті анықтамалық кестелерге біріктіріледі. Кілттер мен анықтамалық кестелер жасау дерекқордағы ақпараттарды іздеу мәселесін толықтай автоматтандыруды қамтамасыз ететін формальдық ережелерге бағынады. Дерекқорға өзгерту енгізу әрі толықтырып отыру компьютерлік желі әкімгерлері арқылы орындалады.
1. 2 Сенімділікке қойылатын талаптар
Деректер қоры толық сенімді функционалды жұмыс жасауы үшін тапсырыс беруші ұйымдық - техникалық шаралардың жиынтығын қамтамасыз ету керек. Олар төмендегідей болады:
- техникалық құралдарға үзіліссіз қоректену көзін ұйымдастыру;
- лиценциялық бағдарламалық қамтуды пайдалану;
- ақпаратты қорғау;
- компьютерлік вирусқа бағдарламалық құралдарды тексеру.
1. 3 Техникалық құрылғыларға қойылатын талаптар
Сервер қызметін атқаратын дербес компьютер болуы керек.
Оның сипаттамалары төмендегідей:
- процессор Intel Core i7;
- жедел жады 8 Гигабайт көлемінен кем емес;
- HDD, 500 Гбайт аз емес;
- операционды жүйе Windows vista, 7 және Windows 8;
Microsoft SQL Server 2008 немесе Microsoft SQL Server 2012.
1. 4 MYSQL туралы жалпы ақпарат
MS SQL Server -мәліметтер базасын реляциялық басқару. MS SQL Server әдістерінің келесідей жобалары қолданылады:
· Enterprise Edition. ММБ Жобаның ең қуатты нұсқасы - серверлік баспа, ол ірі кәсіпорындарда құрылады. Бұл нұсқа Internet-жүйесіндегі шешулерді іске асырудың ең жақсы тәсілі болып келеді. SQL Server ұстанатын барлық мүмкіндіктері бар және МБ-да 2 Гб жоғары көлемде жұмыс істей алады;
· Developer Edition. МББ жобаның бір нұсқасы. Enterprise Edition функционалды амалдарының барлық түрлерін қамтиды. Бірақ бұл баспаны тек қана жұмыс станцияларында құруға рұқсат берілген.
· Standart Edition - МББ Жобаның серверлік баспасы Enterprise Editionның серверлік және жем функциясының барлығын қолданбайды тек орташа кәсіпорындарда ғана жұмыс істеуге бейімделген 4жүйелік блоктан артық және 4 Гбжоғары қолданылмайды;
· Personal Edition. Клиенттік компьютерде локальді түрде кішкене МБ жүзеге асыру үшін қолданылатын жоба. Үлкен емес жұмыс топтарының қолдануына болады тек желіге қосылу кезінде клиенттер санына шек қойылған (5-ке дейін) ;
· SQL Server CE Edition. МББ жобасының ОС Windows CE жұмыс істейтін ықшамды ПК арналған жобасы;
· Desktop Edition. Алайлы әрекетткр жасай алатын, құралған МБ-да шығарылатын, МББ жобасы басқа да жобаларында құрастырылған, пайдаланушылық қосымшыларды ешқандай әкімшілік функцияларынсыз іске қосуға болатын SQL Server жобасы.
Кесте 1
Операциялық жүйеге қойылатын талаптар
Enterprise
Standart
Windows NT Server 4. 0
Windows NT Server Enterprise Edition 4. 0
Windows 2000 Server
Windows 2000 Advanced Server
Windows 2000 Data Center Server
Windows NT Server 4. 0
Windows 2000 Server (все варианты)
Windows 98
Windows 2000 Professional
Windows 2000 Server
MS SQL Server-ді басқару
MS SQL Server жай және тиімді пайдалануды рұқсат ететін аспаты амалдарына мыналарды жатқызуға болады:
· Enterprise Manager;
· Service Manager;
· Query Analyzer.
Enterprise Manager - бұл MS Management Console бір бөлігі (MMC, Консолды басқару MS) . Enterprise Manager серверді іске қосады және тоқтата алады; локальді және жойылған серверлерді үйлестіреді, серверді тіркейді, жүйеге кіруді икемдеп және жаңа пайдаланушыларды, операторларды, әкімшілік жүйелерді қосады және тіркейді, тапсырмаларды жоспарлайды және құрады; мәліметтер базасын, кестелер, индекстер, ұсынымдар, траиггерлерді құрады. SQL Server басқа да қызметтерін басқарады. MS SQL Server Enterprise Manager басты мәзірдегі StartProgramsMS SQL ServerEnterprise Managerкомандасымен іске қосылады. Enterprise Manager серверлік құрылысы иеархиялық талдық-құрылым ретінде орналасады (сол жақ панельде), олардың түйіндерінің негізгі қалпы бүктелген күйінде болғанда ( +белгісін түрту арқылы қайта ашылады) . Түйіндердің қандай да бір тізімін ажырату кезінде олардың компоненттері оң жақ панельде орналасады. Он жақ панельдің түрі мәзірдегі View командасымен ауысады. View мәзіріндегі қарау режимдері келесідей: Ірі белгілер, Ұзақ белгілер, тізім, Кестелер. Тағы да бір режим қолданылады- Тапсырма панелі. Бұл МБ панельдер сынары, мұнда бір сыңардан екінші сыңарға көшу үшін Tab пернесінің көмегі арқылы жүргізіледі. Тапсырма панеліне мыналар кіре алады. Жалпы мәліметтер кестелер туралы мәліметтер, мастерлер. МБ объектің енгізу үшін кестелер туралы мәліметтер сынарынан «іздеу» өрісін іздеуге қолайлы интерфейсін пайдалану үшін Server Manager утилиттерін қолдануға болады. Әдетте ол белгілер орналасқан жерде іске қосылған процестерді фондық тәртіпте және экранда панельдің астынғы оң жақ ұрышында минималды түрде көрсетілген.
Егер де белгі орнында болса, Service Manager екі рет түрту арқылы іске қосыңыз. Егер де белгі болмаса онда бас мәзірдегі StartProgramsMS SQL Server Service Manager терезесінде басқа қалыпқа келтіру үшін серверді болу арқылы оны тергеп және қызметін бөліп көрсету қажет.
Query Analyzer - SQL Server жүйелік блогымен әрекеттесу үшін қолданылатын тағы бір интерфейс Query Analyzer келесідей 2 түрлі жолмен іске қосылады:
· Enterprise Manager арқылы. Query Analyzer іске қосылу үшін ондағы серверді болу қажет . Сосын мәзірден Tools бөлімін таңдап, онда SQL Query Analyzerкомандасын орындаңыз. Осы сәттен бастап Query Analyzer іске қосылады және командалар орындауға дайын болады;
· Start мәзірі арқылы. StartProgramsMS SQL ServerQuery Analyzer командасын орындаңыз. Диологтың кіру терезесі пайда болады ондағы өрісте Start SQL Server if is stopped жолаушасын толтыру және құру қажет. SQL Server өрісіндегі сервердің атының орнына көрсетілген (. ) нүктеге назар аударыңыздар. Егер де SQL Server жойылған компьютерде құрылған болса онда өрісте оны таңдауға болатындай сол компьютердің аты блуы қажет. Оны үш нүкте( . . . ) түрту арқылы таңдауға болады.
Object Browser объектілерді Query Analyzer терезенің сол жақ панелінде орналасқан Object Browser екі қосымшадан тұрады: объектілер (Object) және үлгілер (Templates) . Қосымшаларды таңдау панельдің артыңғы жағында жүргізіледі. Object Browser мәліметтер базасының құрылған түрі бар. Олардың төрт түрі SQL Serverөзі пайдаланады, ал қалған екеуі - демонстрациялық (көрсету) үшін пайдаланады. Мәліметтер базасын құрастырушы объектілері(МБ-ның демонстративті немесе пайдалануларының құруына жататын болса да) Жүйелі объектілермен аталынады. Query Analyzer терезесін алғашқы рет ашу кезінде талдық түйіндегі жүйелердің объектілері бүктелген күйде болады. Түйіндер (+) белгісін түрту арқылы қайта ашылады. Common Object түйінінде орналасқан жалпы объектілердің белгілері - бұл мәліметтер базасына тән емес объектілер болып табылады.
Бұл торапта SQL Server шақыруға болатын функциялар, пайдаланушы қатынай алатын деректер типтері, SQL командалары бойынша анықтамалар орналасқан. Templates қосымша бетінде шаблондар орналасады -SQL Server құрамдас, сонымен қатар пайдаланушылық. Шаблон - бұл құрамына Query Analyzer пайдаланылатын кейбір процедураның негізгі операторлары кіретін файл. Сұраныстар панелі оң жақтағы Object Browser терезесінде орналасады. Нәтижелер панелі сұраныстар панелінен жіберілген орындалатын SQL-кодтың нәтижелері мен хабарларын шығару үшін пайдаланылады. Ол әр қашан сұраныстар панелінің астында орналасады. Келісім бойынша оған шығару орындалмайды. Бұл орындалу үшін панельді қосу қажет болады. Панель сұранысты іске қосумен, аспаптар панелінің батырмасымен немесе WindowsShow Result pane меню командасымен қосылады. Нәтижелер панелін қосу/сөндіру үшін CTRL+R батырмалар комбинациясын пайдалануға болады.
Windows ОЖ үшін кез-келген программа сияқты, Query Analyzer утилитасының оның жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ететін командалар жинағы бар менюі болады. Пайдаланушы қатынай алатын меню бөлімдері: File, Edit, Query, Tools, Windows, Help.
Менюдің File бөліміне келесі командалар кіреді: Connect - ажыратылған қосылуды қалпына келтіру үшін немесе басқа сервермен қосылуды орнату үшін пайдаланылады; Disconnect - ағымдағы сұраныстар панелінде сервермен орнатылған қосылуларды ажыратады; Disconnect All - барлық серверлермен қосылуларды ажыратады; New - бос сұраныстар панелін немесе фунция шаблонын жасайды; Open - белсенді сұраныстар немесе нәтижелер панелінде ерекшеленген файлды ашады; Save - сұраныстар панеліндегі бастапқы мәтінді немесе нәтижелер панеліне шығарылған сұраныс нәтижесін дискте сақтайды; Save All - тек белсенді сұраныстар және нәтижелер панелдеріне қатысты әрекет етеді; Print - тек бір сұраныстар панеліне қатысты орындалады; Exit -SQL Server барлық қосылуларды ажыратады және Query Analyzer жабады.
Менюдің Edit бөліміне келесі командалар кіреді: Clear Windows - белсенді панельдің барлық мазмұнын жояды; Bookmarks - бетбелгілерді басқару командалары кіреді. Бетбелгілер - сұраныстар панеліндегі операторлар белгіленетін уақытша маркерлер; Insert Template - шаблондар топтарының тізімдері бар диалогтық терезе ашылады. Сәйкес капшықты ашу және қажетті шаблонды табу керек; make Selection Lower Case - мәтіннің ерекшеленген бөлігін төменгі регистрге түрлендіреді; make Selection Upper Case - мәтіннің ерекшеленген бөлігін жоғарғы регистрге түрлендіреді; Increase Indent - бастапқы мәтіннің шегінісін терезенің сол жағынан ұлғайтады; Decrease Indent - бастапқы мәтіннің шегінісін терезенің сол жағынан кішірейтеді; Comment Out - жөндеу процесінде сұраныс панеліндегі бастапқы мәтін бөлігінің уақытша жойылуы үшін пайдаланылады; Remove Comment - жолдық түсініктемелер белгілерін жояды.
Менюдің Query бөлігіне №4 зертханалық жұмыста түбегейлі қарастырылатын командалар кіреді.
Менюдің Tools бөліміне келесі командалар кіреді: Option Menu - Query Analyzer параметрлерін редакциялау үшін бірнеше қосымша бетпен диалогтық терезе ашады; Costomize - батырмалардың белгілі командалармен сәйкестігін салыстыру үшін пайдаланылады.
Меню бөлімдерін қарастырып, стандартты Help және Windows өткізіп жіберіп, Query Analyzer аспаптар панелін қарастыруға көшейік. Аспаптар панеліндегі батырмалар саны аз емес және олар орнатылуы және шешілуі мүмкін. Аспаптар панелінің батырмалары меню командаларымен және Query Analyzer басқа аспаптарымен функциялардың іске қосылуын қайталайды. Аспаптар панеліндегі батырманы орнату немесе орнатылғанын шешу үшін, маус көрсеткішін аспаптар панеліне апарып, оң батырмасын шертіңіз. Costomize Toolbar диалогтық терезесі ашылады. Бұл терезе аспаптар панеліндегі батырмаларды басқаруға және Reset батырмасын шертумен панельдің бастапқы күйін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
1. 5 Деректер базасы. Деректерді ұсынудың модельдері
Деректерді интеграциялау концепциясына негізделген қазіргі ақпараттық жүйелер үлкен көлемді және құрылымы жағынан күрделі болып келеді. Олар көптеген пайдаланушылардың әртүрлі деңгейдегі талаптарын қанағаттандыруы тиіс. Кеңінен түсіндірер болсақ, қазіргі уақытта барлық ұйымдарда қызметтік ақпараттарды өңдеу және сақтау үшін қомпьютерлер қолданылады. Бұл ақпарат деректер базасында сақталады.
Деректер базасы дегеніміз- шынайы өмірдегі белгілі бір сала бойынша бар объектілер жайлы мағұлматтар жиынтығы. Шынайы өмірдің бір бөлігін пәндік аймақ деп айтуға болады. Бұл бөлік басқарудағы ұйымдастыру мәселелерін зерттеу үшін және соңында оның жұмыстарын автоматтандыру үшін қажет. Мысалы, кәсіпорын, жоғарғы оқу орындары және т. б. Деректер базасын құрғанда пайдаланушы әртүрлі белгілері бойынша реттеп, одан көптеген басқа да белгілердің жинақталуы бойынша таңдау жүргізе алады. Мұндай жұмысты деректер құрылымы тәртіптелген жағдайда ғана жүргізуге болады.
Қажетті деректер базасын жылдам жасауға рұқсат ететін әртүрлі программалар жиыны бар: Microsoft Access, Microsoft FoxPro, Paradox, dBase, InterBase, Oracle. Олардың ішінде Paradox пен dBase-да деректер базасы папкалар сияқты, ал әрбір кесте жеке файл сияқты анықталады, ал Access, InterBase және SQL-серверлерінің көпшілігі деректер базасынан тұратын бір үлкен файлды қолданады.
Деректер базасы - белгілі бір пәндік аумаққа жататын құрылымдық түрі бар деректердің атауы бар жинақ. Заманауи ортада деректер базасы ерекше орынға ие. Оның себебі ұйымға қатыста ақпаратты бір орталықтан басқару болып табыладыҚазіргі таңда деректер базасын құруда аса кең таралған ДББЖ MS SQL Server 2008 жатқызуға болады.
MS SQL Server 2008 - деректер базасын басқаруға арналған реляционды жүйе. MSSQLServer 2008 келесі түрлерін атап кетуге болады:
- Enterprise Edition. ДББЖ қуатты нұсқаларының бірі - серверлік редакция, аса үлкен кәсіпорындарда орнатылады. Көппроцессорлы баптау мен түрлі ақпараттық қамсыздандыру платформаларын қолдауды қамтамасыз етеді. Бұл нұсқа Internet-шешімдерді ұйымдастыруда таптырмас шешім бола алады. SQL Server қолдайтын барлық мұмкіндіктерге ие және көлемі 2 Гбайтық деректер базасымен жұмыс жасай алады;
- Developer Edition. Бағдарламашыларға негізделген ДББЖ. Enterprise Edition-ның барлық дерлік функционалдық мүмкіндіктеріне ие, бірақ бұл редакцияны орнату тек жұмыс станцияларына ғана мүмкін;
- Standart Edition - ДББЖ серверлік редакциясы. Enterprise Edition-ның барлық серверлік және желілік функцияларына ие емес, орта көлемдегі кәсіпорындардың жұмысына негізделген. 4 процессорден және 4 ГБ оперативтік жадыдан жоғары өлшемді қабылдай алмайды;
- Personal Edition. Көлемі шағын, клиент компьютерінде локальді қол жеткізе алатын деректер базасын құруға арналған ДББЖ. Шағын жұмыс топтарында қолданыла алады. Желіде шектік (5-ке дейін) клиенттік қосылуларға мүмкіндік береді;
- SQL Server CE Edition. Windows CE операциялық жүйесінің қолдауымен жұмыс жасайтын дербес компьютерлерге арналған ДББЖ;
- Desktop Edition. ДББЖ басқа нұсқаларында құрылған деректер базасынан алынған мәліметтерді басқаруға мүмкіндігі бар SQL Server түрі. Онда қолданушы қосымшаларын қандай да бір администратор функцияларын орындамай-ақ жұктей аламыз.
Сурет 1. 1- SQL Server шығарылымдары жұмыс жасай алатын
операциялық жүйелер
Мәліметтермен манипуляция жасау тілі ретінде SQL тілінің таңдалу себебі келесілермен шартталған:
- нақты ДББЖ -не тілдің тәуелсіздігі;
- реляциялық негіздігі;
- ағылшын тілімен жұмыс жасай алуға мүмкіндік беретін жоғары деңгейлі құрылымы;
- мәліметтер базасына бағдарламалық қол жетулерді қамтамасыз етуі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz