Алғашқы ветеринариялық көмек



І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. Негізгі бөлім ... ... ... 7
2.1. Жедел жәрдем қобдишасы ... ... 7
2.2. Құралдарды стерилдеу. Залалсыздандыру ... ... ... .10
2.3. Емдік көмек көрсету үшін ота жасайтын аймақты және қолды дайындау ... ... ... ... ...14
2.4. Дәрілік препараттарды сақтау әдістері ... ...15
2.5. Төлдеу кезіндегі алғашқы ветеринарлық көмек ... ... 17
2.6. Жана туған төлдерге алғашқы көмек көрсету ... ... ...21
2.7. Төлдердің жұқпалы емес аурулары кезинднгі алғашқы көмек ... ... ... ... ..24
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... .29
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Алғашқы ветеринариялық көмек мал дәрігерін маман ретінде қалыптастыратын ең негізгі клиникалық пәндердің бірі болып табылады. Оны игеру, студенттерге хирургиялық патологияға дербес диагноз қоюға қабелеттік береді, жедел ем жүргізуге, диспансеризацияны және қажетті алдын-алу шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Алғашқы ветеринариялық көмек студенттерге өз бетінше жауапты шешім қабылдауға , уақытылы оларды орындауға және сол үшін оталық араласудың нәтиежесі мен өлімі сияқты емделушінің денсаулығына және өміріне жеке жауапкершілікпен қарауды үйретеді.
Хирургиялық шеберлікті меңгеруімен қатар студент этиканың практикалық сұрақтарын және ветеринариялық медицинаның деонтологиясын меңгереді. Сонын арқасында болашақ маман өндіріс жағдайында адамдармен, алғашқы көмек көрсетілу үшін пациенттерді қабылдауға жеткізетін жануарлардың иесімен, мемлекеттік және ферма қожалықтарының қызметкерлермен дағдырылы жұмыс жасауға ие болады. Сонымен қатар, студент өзінің емделушілерімен әрдайым ізгі ниетте сөйлесу керектігін және әріптестері үшін үлгі болуы қажет екенін есте сақтауы қажет. Клиникалық ойлау және деонтология негізінде ветеринарлық дәрігер толыққанды қазіргі заманғы талаптарға сәйкес өзіне жүктелген міндетті атқаратын лауазымына сәйкес атқаруы қажет. Ветеринариялық маманды хирургиялық салада дайындаған кезде ең маңыздысы ол түлектерге білім беру,тиісті кәсіби біліктілікті мен диагностикалаудың кәсіби дағдылығын қалыптастыру қажет, хирургиялық патология бойынша емдеу мен алдын алу шараларын өткізілетін орны мен шарттарына қарамастан өткізу.
1. Бурделев Т.Е. Жильцов В.Г. Практикум по основам ветеринарии. М.: Колос, 1982.-256 б.
2. Ветеринария. Большой энциклопедический словарь. Гл. ред. Шишков В. П. М.: НИ «Большая Российская энциклопедия», 1998. 640 б.
3. Дорош М. Болезни крупного рогатого скота. М.: Вече. 2007. 182 б.
4. Камсаев К.М. Ветеринарлық ортопедия. Оқу куралы. – Астана: КазАТУ, 2003. – 61б.
5. Камсаев К.М., Даманов Д.И. Аумақты ветеринарлық хирургия. Оқу куралы. – Астана. КазАТУ. 2005. – 70 б.
6. Мүрәлінов К.Қ. Оперативтік хирургия. Оқу куралы. – Алматы: Нур Принт. 2009. – 416 б.
7. Семенов Б. С., Ермолаев В. А., Тимофеев С. В. Практикум по оперативной хирургии с основами топографической анатомии домашних животных. – М.: Колос, 2003. – 263 б.
8. Қолдаланылған әдебиеттер тізімі
9. Авроров В. Н., Лебедев А. В. Ветеринарная офтальмология. - М.:
10. Агропромиздат, 1985.
11. Акаевский А. И. Анатомия домашних животных. - М.: Колос, 1984.
12. Герцен П. П. Профилактика и лечение травм в промышленном животноводстве. - Кишинев, 1981.
13. Калашник А. И., Лабунский В. М., Передера Б. Я. и др. Практикум по общей хирургии. - М.: Колос, 1982.
14. Кашин А. С. Профилактика и остановка кровотечений у животных. - М.: Колос, 1982.
15. Кононов Г. А. и др. Учебник по незаразным болезням для оператора по ветеринарной обработке животных. - М.: Колос, 1982.
Ғалам тордағы ветеринарлық сайттар:
1. http://www.allvet.ru/
2. http://mcx-consult.ru/veterinarnye_sayty
3. http://www.veterinars.ru/top/
4. http://vetmedical.ru/
5. http://www.veterinar.ru/

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.1. Жедел жәрдем қобдишасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2.2. Құралдарды стерилдеу. Залалсыздандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.3. Емдік көмек көрсету үшін ота жасайтын аймақты және қолды дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.4. Дәрілік препараттарды сақтау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.5. Төлдеу кезіндегі алғашқы ветеринарлық көмек ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..17
2.6. Жана туған төлдерге алғашқы көмек көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.7. Төлдердің жұқпалы емес аурулары кезинднгі алғашқы көмек ... ... ... ... ..24
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

КІРІСПЕ
Алғашқы ветеринариялық көмек мал дәрігерін маман ретінде қалыптастыратын ең негізгі клиникалық пәндердің бірі болып табылады. Оны игеру, студенттерге хирургиялық патологияға дербес диагноз қоюға қабелеттік береді, жедел ем жүргізуге, диспансеризацияны және қажетті алдын-алу шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Алғашқы ветеринариялық көмек студенттерге өз бетінше жауапты шешім қабылдауға , уақытылы оларды орындауға және сол үшін оталық араласудың нәтиежесі мен өлімі сияқты емделушінің денсаулығына және өміріне жеке жауапкершілікпен қарауды үйретеді.
Хирургиялық шеберлікті меңгеруімен қатар студент этиканың практикалық сұрақтарын және ветеринариялық медицинаның деонтологиясын меңгереді. Сонын арқасында болашақ маман өндіріс жағдайында адамдармен, алғашқы көмек көрсетілу үшін пациенттерді қабылдауға жеткізетін жануарлардың иесімен, мемлекеттік және ферма қожалықтарының қызметкерлермен дағдырылы жұмыс жасауға ие болады. Сонымен қатар, студент өзінің емделушілерімен әрдайым ізгі ниетте сөйлесу керектігін және әріптестері үшін үлгі болуы қажет екенін есте сақтауы қажет. Клиникалық ойлау және деонтология негізінде ветеринарлық дәрігер толыққанды қазіргі заманғы талаптарға сәйкес өзіне жүктелген міндетті атқаратын лауазымына сәйкес атқаруы қажет. Ветеринариялық маманды хирургиялық салада дайындаған кезде ең маңыздысы ол түлектерге білім беру,тиісті кәсіби біліктілікті мен диагностикалаудың кәсіби дағдылығын қалыптастыру қажет, хирургиялық патология бойынша емдеу мен алдын алу шараларын өткізілетін орны мен шарттарына қарамастан өткізу.
Ветеринариялық хирургияны зерттеу басқа да мамандандырылған пәндермен - клиникалық диагностикамен , терапиямен, фармакологиямен, қалыпты және патологиялық физиологиямен, антомиямен, патологиялық анатомиямен,паразитологиямен және эпизоотологиямен,акушерлікпен, гинекология және көбеюі биотехникасымен өзара байланыста жүзеге асырылады. Хирургиялық өнерді меңгеруде үлкен рольді философияның негізгі заңдарымен санаттарын білу ойнайды. Дәл соның негізінде логиканың талаптарына сәйкес дұрыс диагнозды қоюға болады,сонымен қатар дәрігерлік міндеттерді қабылдауға және орындауға болады.
Клиникалық ойлау мен дамуды философияны білей қалыптастыру мүмкін емес. Егер философия - ойлау өнері болса,әдебиет - сөйлеу өнеріболса, онда хирургия - іс-қимыл өнері. Тек ота жасау арқылы студент хирург болуы мүмкін. Ауру жануарларды жемісті емдеу үшін дәрігердің терең білімі және қарапайым отадан күрделі ота жасауда практикалық тәжірбиесі болуы қажет. Сондықтан да студенттерге хирургияны оқытқан кезде олар жоғарғы мектеп 5 бітіргеннен кейінгі нақ сол жағдайда көбірек ота жасауы тиіс.Тек пән бойынша жан-жақты дайындау болашақ ветеринарлық дәрігерге маңызды хирургиялық асетикалық,аспаптық және ұлпалық рефлекстерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл ота кезінде бір және сол мануальды әс-қимылдарды жануарлардың үлкен санына ота жасау арқасында пайда болады. Оталардың ешқандай имитациясы студенттерге клиникалық тұрғыдан ойлау қасиетін,емделушіні зерттеуді, диагноз қоюды, жоғары кәсіби деңгейде ота жасауды отадан кейінгі жіптерін алынғанға дейінгі кезенді яғни жануар сауыққанғат дейінге кезендерді үйретпейді. Пәнің мазмұның игеруге дейінгі қойылатын талаптар.
Алғашқы ветеринариялық көмек пәнін білу материалистік әдіснама негізінде органикалық емес, органикалық, биологиялық және аналитикалық химияны, биофизикаға негізделген физиканы, қалыпты және патологиялық физиологияны, қалыпты және патологиялық анатомияны, фармокологияны, клиникалық диагностиканы, акушерлік және гинекологияны, терапияны, паразитология мен эпизоотологияны, микробиологияны, философияны білуге және басқа да дәрігердің оларға деген ойлау қасиетіне негізделген. Философиясыз аурудың дұрыс диагнозын қою мүмкін емес.
Алғашқы ветеринариялық көмек пәнін зерттеу кезінде студенттер кәсіби дағдыларға ие болу керек және келесіні білуі тиіс: жануардың тұрған қалпында және жатқан кезінде дұрыс бекітуді жүзеге асыру тиіс; дәрі- дәрімекті тыныштандыруды өткізу және жануарды ота алдында қозғалтпай тастауы қажет; хирургияның ережелеріне сәйкес қолды және кез-келген жағдайдаларда оталық алаңды дайындауы тиіс; құралдарды,тігу,таңу материалдарын және хирургиялық төсекті залалсыздандыруы тиіс; жансыздандыратын және басқа да дәрігерлік ерітінділерді дайындауы тиіс; жергілікті және жалпы жансыздандыруды жүзеге асыру керек; новокайндік блокаданы және физиотерапиялық шараларынды жасауы қажет; инъекцияны, инфузияны,плевранын, іштің қуықтың қызметтеріне жасау керек, ірі қара малдың жалбыршақ қарнын ал жылқыларда соқыр ішекті тесу қажет; амбулаториялық қабылдау жасау және ауру жануарға хирургиялық зерттеу жасау арқылы дұрыс диагноз қою қажет; хирургиялық ауруларға дифференцианалдық балау жасауы қажет; асептикалық және іріңді жараларды емдеу сүйектердің шеткі бөліктері сынған кезде оны балау және рентгенографияны ұсақ малдарда остеосинтезды өткізу қажет; хирургиялық ота жасаудың жоспарын құру , жаралар және күйік кезінде хирургиялық өңдеуді өткізу,жараланған жануарға алғашқы көмекті көрсету қажет; уақытша және ақырғы қан кетудң тоқтатуды толығымен жүзеге асыру, дәкелік және иммобилиздейтіе таңбаны таңу ; аутогемотерапияны өткізу қажет; емдеушілерге отадан кейінгі кезенде емдеу жұмыстарын жүргізу қажет; тұяқтарын зерттеу және оларға тазарту жұмыстарын жүргізу қажет; жануарларда көз ауруларына диагностика,емдеу және алдын алу шараларын өткізу қажет хирургиялық диспансеризацияны өткізу тиіс. Білім алушы оқу қралын меңгеру барысында міндетті: барлық тірі заттарға ізгі ниетпен және 6 қамқор өарауы тиіс; философия заңдарының негізінде әрдайым дамуы керек және үнемі клиникалық тұрғыдан ойлауын жетілдіруі тиіс; дәрігерлік этика және деонтология ережелерін сақтауы тиіс; дәрігерлік шеберлігін артыруы тиіс; болашақта мамандығының шынына жетуі үшін жақсы оқуы керек.

Негізгі бөлім.
2.1 Жедел жәрдем қобдишасы
Мал иелері аздаған жарақаттар кезінде көрсетілетін алғашқы ветеринарлық көмекпен қатар, мал өміріне қауіпті жарақаттар кезінде көрсетілетін көмекті білуі қажет. Даулы жағдайларды болдырмау үшін кенеттен болатын жағдайларды алдын-ала ойластырып, дайын болуы қажет. Яғни шұғыл жағдайда қол астында ветеринарлық қобдиша болып, ветеринармен қалайда байланыс жолдарын ойластыру керек. Фермада келесі құралдар болу керек: термометр, мал түгін қырқуға арналған қайшылар, пинцеттер. Операцияға арналған скальпель, Эсмарх крушкасы, трокар дезифектанттар қажет.Сонымен қатар дәріханалық таразылар, сүлгі және халат болуы абзал.
Қобдишада (аптечка) болу қажет:
вазелин - қабынулармен соққы алғанда теріні жұмсарту үшін сүртпе жасауға, желін үрпілерін жұмсарту үшін қолданылады. Сонымен қатар сүртпе майлар әзірлеугеде пайдалы.
глаубер тұзы - түссіз, мөлдір кристалды ұнтақ. Іш жүргізу үшін қолданады.
йодоформ - өзіне тән иісі бар, лимонды сары түсті, ұсақ кристалды зат. Йодоформды сүртпе майлар әзірлеуде және жараға сеппе ретінде қолданады.
ихтиол - қара-қоңыр түсті сұйықтық. 10-20% ерітінді және сүртпе май түрінде жарақаттарды өңдеуге, тері қабынуларында, соғылып, ұрылуларда т.б. жағдайларда қолданылады. Ашытуға қарсы зат 20-40 г ішуге арналған.
калий перманганаты (марганцовка) - кристалды ұнтақ. Жұтқыншақ пен жатыр қабынуларында, жарақаттарды өңдеуге, суға қосып ерітінді ретінде қолданылады.
сутегінің асқын тотығы 3%-дық ерітіндісі іріңді жараны өңдеуге арналған.
бор қышқылы - ақ кристалды ұнтақ. Ауыз қуысын, мұрынның кілегей қабаттарын және көздің коньюктивасын өңдеу үшін қолданылатын суға араластырылған 2-3%-дық ерітінді.
дезинфекциялық креолин - өзіне тән иісі бар, қара-қоңыр түсті май тәріздес, қоймалжың сұйықтық. Қора-жаймен, құрал-саймандарды, аяқ киімді залалсыздандыруға т.б. жағдайларда пайдаланады.
камфора - орталық жүйке жүйесін қоздыруға, тыныс алумен қан айналымын ынталдарады. Ампулада 20% май ерітіндісі, 2-20 мл тері астына енгізуге арналған.
кофеин - 3-5 мл тері астына орталық жүйке жүйесін қоздыруға.
лизол - мөлдір қызыл май текті сұйықтық. Судағы 1%-ды ерітіндісін теріні, құрал-саймандарды, жараны, қолды залалсыздандыру үшін қолданады.
мырышты май- ақ түсті қою зат, жараны емдеуге, зақымдалған теріге және т.б. қолданады.
кастор майы - әлсіз иісті, сары, мөлдір, май текті сұйық зат. Жеңілдететін әсері бар, 250-800 мл ішке.
өсімдік майы( күнбағыс, зығыр, кендір) - теріні жұмсартуға, асқазан, ішек ауруларына қабылдайды.
карболды сабын (дегтярное, борлы) - қолды жууға арналған, залалсыздандыратын сабын.
йод тұнбасы (5-10% - ды спирттегі йод ерітіндісі) - жараға жағуға, операция алдында теріні майсыздандыруға арналған күңгірт сұйықтық.
скипидар - сарғыш немесе түссіз, смола тәрізді иісі бар сұйықтық. Жиі тері сыртына қолданылады. Асқазан мен ішек ауруларына, сонымен қатар кеуде қуысының тері жасушаларына, өкпе ауруларына қолданылады.
қоскөмірқышқылды тазартылған сода - ақ түсті қышқыл, дәмді, кристалды ұнтақ. Жатырды, қынапты, ауыздың кілегей қабығы және мұрынның кілегей қабығын жуып-шаюда сумен арласқан ерітінді ретінде қолданылады.
анальгин - 1 және 2 мл мөлшерлі ампуладағы 25% және 50% ерітінді. Жансыздандырғыш зат, тамыр ішіне немесе бұлшық етке 3-6 мл-ден, тәулігіне 2 рет егіледі.
магния сульфаты - 20-25% ерітінді, бұзаулардың қалшылдауын басатын 50-100 мл зат, фтор, қорғасын, барий, сынап, мышьякпен уланғанда - 1% ерітіндіні қарынды жуғанда қолданады.
сульфадимезин - таблетка. Пневмонияда, мүшелер қабынуында және ұлпаға қолданады.
трицилин - ақ, ұнтақ зат, ол стрептоцид, стрептомицин және пеницилиннен құралады. Ақ стрептацид секілді қолданылады.
ақ стрептацид - дәмсіз, иіссіз, ақ түсті, ұсақ кристалды ұнтақ. Жараларды емдеуге, ұлпалардың қабынуында қолданылады.
пенициллин - антибиотик, ақ түсті ұнтақ, флаконмен 500000 және 1000000 ӘБ (әсер бірлігі).
сульфадиметоксин - микробқа қарсы препарат (кокцидиоз, пастереллез, пневмонияларда, ішек қабынуларында) 1 кг салмаққа 50-60 мг ішке, тәулігіне1 рет 4-6 күн егеді.
фурациллин - сыртқы қолдануға ерітінді және майын жасауға пайдаланатын таблетка. Конъюктивит, ангина, терінің ұсақ зақымдалуларында, стоматитте, сырттан микробтың түсуінде қолданады т.б.; 1 л қайнап жатқан суға 0,2 г.
фуразолидон - асқазан ішек аураларын алдын алу және емдеуге 1 кг тірі салмаққа 5 грамнан.
калций хлориді - венаға арналған 10%-ы ерітінді. Қабынуға қарсы, улануда, қан жоғалтуда кеңінен қолданылады, глюкоза ерітіндісімен 100 мл-ге дейін тамыр ішіне, 30-60 мл ішкізуге;
хлорлы әк - хлор иісті, ақ түсті ұнтақ. 2-5% сулы ерітіндісін, немесе құрғақ түрде қолданылады. Мал қораларын, топырақты, көңді залалсыздандыру үшін пайдаланылады.
Сонымен қатар, байлайтын (таму) заттары: гигроскопты мақта, стерилді бинт, марлы, резенкелі бұрау (жгут) болуы керек.
Барлық дәрі-дәрмектерді бекітілетін шкафта сақтау керек және құрал-саймандар таза болуы керек. Флакон салынған дәрі-дәрмектер тығындармен дұрыс жабылуы керек.
0.2. Құралдарды стерилдеу. Залалсыздандыру
Стерилизация - бұл физикалық факторлар мен химиялық препараттар арқылы әсер ету жолымен микроорганизмдер мен олардың спораларын жою болып табылады. Стерилизацияланатын заттар: жаралы беткейлермен жанасатын; қанмен контактіге түсетін; иньекцияланатын препараттар және шырышты қабаттарға жанасқанда жара туғызуы мүмкін жеке медициналық құралдар және т.б. Стерилизация бөлінеді: Физикалық; Химиялық; физикалық (термиялық) стерилизацияға ультракүлгін-сәулелер (cур.1): процедуралық, операциондық, ультракүлгін ауамен шағылыстыру жатады. Клиникалық практикада физикалық факторлармен әсер ететін стерилизациялар жиі қолданады Физикалық стерилизацияға жатады: Автоклавтау Құрғақ ауамен стерилизациялау Қайнату Ультракүлгін сәулелермен стерилизациялау Автоклавтау - қысымдағы бумен әсер ететін стерилизация болып табылады. Булы стерилизация жоғары температура (138 С) мен жоғары қысым (2,5 ат.қ.) арқылы әсер етумен жүзеге асады. Нәтижесінде стерилизациялы камерадан барлық ауа ығыстырылады.
Емдеу мекемелерінде бұл әдістің 2 режимі қолданылады: 1 режим - температура 132 С, қысым 2 атмосфералық қысым, уақыты 20 мин. Бұл режим арқылы шыны құралдар, шприц, корозияға тұрақты металдар стерилизациядан өтеді. 2 режим температура 120 С, қысым 1,1 атмосфералық қысым. Бұл режимде жұқа резеңкеден жасалған құралдар, латекстерді (хирургиялық қолғап және т.б), полимерлердің жеке түрлері стерилизациялайды.
Бумен стерилизациялайтын құралдарды алдымен фильтрлі стерилизациялы қораптарға салып маркирлейді. Фильтрсіз бикстер 3 күн, фильтрлі бикстер 20 күн сақталады. Булы стерилизаторларды әдетте автоклавтың атымен атайды (гр. ауто -- өзі лат. клавис -- кілт) Құрғақ ауадағы стерилизация Металлдан, шыныдан жасалған құралдарға арналған.тСтерилизацияның бұл түріне көбінесе су өтпейтін құрғақ қағазбен қапталған (немесе қапталмаған) заттар ұшырайды. Қағазбен стерилизацияланған заттарды 3 күннен артық сақтауға болмайды. Стерилизациялы камераның жұмыс температурасы 180 С, ұстау уақыты 60 мин. Қағаз қапшықтарды қолдан жасап, 5% крахмалмен желімдейді.
Құрғақ ауадағы стерилизация жұмысының орындалу реті: Салқын стерилизатор Қыздыру Стерилизация: қажетті температура 180 С, белгіленген уақыт 60 минут Суыту: 40-50 С дейін Қайнату Бұл әдіспен ұсақ хирургиялық құралдар, шприц, заттық үстелше және т.б. Құралдар стерилизацияланады. Оларды су құйылған арнайы стерилизаторларға орналастырады. Судың қайнау температурасын жоғарылату үшін 1-2% натрий бикарбонатын қосады. Қайнату уақыты 30 мин. Бірақ бұл әдіс толық стерилизацияны қамтамасыз етпейді, себебі кейбір вирустар (гепатит вирусы) мен бактерия споралары толық жойылмауы мүмкін. Ультракүлгін сәулелермен стерилизациялау (cур.1) Бұл әдіс толқын 8 ұзындығы 260-300 мкм ультракүлгін сәулелермен әсер ету арқылы жүзеге асады. Бокстағы, операциондық бөлмедегі, балалар бөліміндегі ауаны тазарту үшін қуаты әр түрлі (БУВ-15, БУВ-30) бактерицидті шамдар қолданылады.

Сурет 1 - Құралдарды арнайы ультракүлгін-сәулелермен стерилдеу

Химиялық стерилизация Стерилизациялаудың химиялық әдісінде полиэтиленнен жасалған құралдар, өкпені жасанды вентиляциялайтын аппараттар, эндоскоптар дезинфекциялаушы ерітінділер немесе газдармен стерилизацияланады. Химиялық стерилизация Газды Ультрадауысты Инфрақызыл шағылыстыру Газбен стерилизациялау. Бұл әдіс газды, стерилизациялы камерада өтеді. Негізінен бұл әдіспен медициналық құралдарды этилен ерітіндісінде стерилизациялайды.
Стерилизацияланатын заттар: кардиостимуляторлар, оптикалар, резинкелер, шыны ыдыстар, түрлі аппараттардың пластмасты бөліктері. Стерилизацияның дұрыс жүруін қадағалау. Стерилизацияның барлық әдістері жұмыстың дұрыс орындалуын талап етеді. Сондықтан жұмысты сақтықпен орындау керек! Стерилизацияның дұрыс жүруін қадағалау.
Бактериологиялық әдіс - ең нақты, бірақ уақытты көп қажет етеді. Бұл әдіс стерилизацияның дұрыс жүруін қадағалайды.
Техникалық әдіс - манометрмен дұрыс жұмыс істеуді, камераға максимальді термометр орналасқандықтан периодті түрде температурасын тексеруді талап етеді. Термиялық әдіс -- күнделікті өткізіледі. Ол құрамында құм тәрізді заттардың түсін өзгертіп, олардың белгілі бір температурада еруіне негізделген
Құралдарды формалин буымен зарарсыздандыру жүргізу.
1. Хирургиялық құралдарды ыстық султілі су ерітіндісінде зарарсыздандыру жүргізу (көмірқышқылды содамен немесе күйдіргіш натрий).
2. Шприц және резеңке заттарды, жібекті Садовский және Губарев кетгутымен зарарсыздандыру жүргізу.
3. Қан кетуді тоқтату мен таңу үшін қажетті таңу матералдарының негізгі формаларын дайындау керек (марлі және мақталы-марлі тампон, құрғату компресстері, сулық, бинт және т.б.) және оларды автоклавта зарарсыздандыру.
4. Хирургиялық киімді (халат, орамал, жайма) зарарсыздандыру, автоклавтау, өтектеу және булау.
Барлық металл құралдарды: қандауыр пышақ, қайшы, ине, пинцет, түрлі қысқыш және басқаларды тазартылған суда зарарсыздандырады. Суға сілті қосуға болады: 1% - ного натрий карбонат; 3% - ного натрий тетраборат (бура), 0,1% - ной гидроокис натрий. Ыстық қолдану алдында құралдарды шаң-тозаңнан тазартып, инъекциялық инелерді, құралдардың ұшкір жерлерін қыл сүңгілерден тазартып,шыныларды марліге орау керек.
Ереже бойынша, сұйықтықты арнайы металл ыдыстарда қаунату қажет. Қолданылған құралдарды (іріңді алудан кейінгі, өліктің матералдарымен жұмыс істеу) сілтілі сұйықтыққа 2% лизол немесе фенол қосу арқылы қайнатуға (30 мин аз емес) болады.
Шыны заттарды (шприц және т.б.) зарарсыздандырғышқа бұзылған күйінде ол ысымай тұрып салу керек. Шприц және шыны ыдыстарды анестезиялау ерітіндісінде тазартылған суда қайнату керек, себебі сілтілі ерітінділер анестезиялау құралдарын ыдыратуға әкелуі мүмкін. Қайнатқаннан кейін құралдардың торын зарарсыздандырғыштан алып, құралдарды құрал үстеліне орналастырады. Егер құралдарды алдын-ала дайындап қою керек болса, оларды зарарсыздандырғанна кейін зарарсыздандыру тампондарымен сүртіп, 2-3 қабатта зарасыздандыру жаймаларымен немесе сулықтармен орайды, содан кейін клеенкаға, құралдарды зарарсыздандырғышта сақтау керек.
Зарарсыздандырудың басқа тәсілдері жағдайға және құрал түрлеріне байланысты қолданылады. Шұғыл жағдайда металл құралдарды фламбирлеу жүргізіледі; оларды ыдысқа салып, үстіне спирт құяды және күйдіреді. Алайда датталатын және қадалғыш құралдар күйдіруден кейін дүзін жоғалтып, түрін өзгертеді. Резеңке заттар: трубка, сүмбі, дренаж, катетер, сепкіш және басқаларын 30 минут қайнаған тазартылған суда зарарсыздандырады. Теріні тігу және тігілген катетерді формалин буында зарарсыздандырады. Ол үшін жуғаннан және кептіргеннен кейін оларды 24- 48 сағат герметикалық жабық жәшіктерде немесе қораптарға салады, түбіне ашық үшкен формалинді ыдыс қояды. 10 Күйдіру арқылы зарарсыздандыру тек эмаль және фарфорлы ыдыстарға: шылапшын, ванна және т.б. қолданылады. Ол үшін ішкі жағын және жан-жағын ішуге жарамсыз спирт сіңген ыстық тампонмен өңдейді.

0.3. Емдік көмек көрсету үшін ота жасайтын аймақты және қолды дайындау.
Қолдарды отағадайындаудың қазіргі кезде 3 негізгі түрі бар: а) механикалық тазарту, б)химиялық дезинфекция, в)терінімалмалау. Кейбір антисептикалық заттардың бактерацидті және малмалды қасиеттері аз емес (йодтың спиртті ерітіндісі, жасыл бриллианттың ерітіндісі және т.б), олар солай өздерін бактерацидті илеуші және мал малды антисептик ретінде көрсетеді. Қолды саусақтың ұшынан бастап тырнаққа дейін тазартады.
Ота жасалатын (ота жасайтын аймақ) жерлерді 4 негізгі түрге бөледі: түкті жерлерді тазарту, майсыздандырылған механикалық тазарту, илеу арқылы беткейді дизенфекциялау (асептизация) және қоршаған дене мүшелеріне низоляциялау.
Түкпен қапталған жерлерді қиып немесе қырқып тастайды. Соңғыларында көптеген басымдылық бар, себебі теріні тазартуға үлкен мұқияттылық керек.
Ота жасайтын аймаққа дезинфекцияны былайша жасайды. Ең алдымен теріні майсыздандырып, оны механикалық жолмен тазартады. 0,5% нашатыр спирті ерітіндісі немесе бензин сіңірілген стерилді марлы тампонымен 1-2 мин бойы сүртеді, содан соң теріні 2 рет ( илеп, дизенфекциялайды) тазартады: алдымен 5% спиртті йод ерітіндісімен содан кейін техникалық тазарту жасайды. Оны теріні кесерден бұрын немесе инфильтрационды анестезиядан (Н.М.Филончиковәдісібойынша) соң жасайды. Асығыс жағдайда, тек кана 96% этил спиртімен тазартады. Ота жасайтын аймақты тазарту кезінде тері беткейіне белгілі бір ретпен орта бөлімінен бастап периферийге дейін сүртіп, жағады. Оған тек ашылған іріңді аймақ қана жатады. Ол жағдайда периферийден басқа ортаға дейін тазартады.

0.4. Дәрілік препараттарды сақтау әдістері.
Дәрілік препараттардың сипаттамасының ерекшеліктері. Дәрілік препараттарды сақтау Мемлекеттік фармокопия мен нормативті-техникалық құжаттардың талаптарғына сай және оның құрамындағы заттар, яғни ингредиеттер тізімі болуы қажет. Дәрілік препараттарды шкафтарда(сур. 4), сөрелерде, стеллажда сақтаған кезде өнеркәсіптік қорабынан алынып тасталынуы қажет. Дәрілік препарат сақталған жерде стеллажды карта болуы керек, және онда дәрілік препараттың аты, сериясы, жарамдылық мерзімі, саны болуы қажет. Дәрілік таблетка пішіндегі және драже тріндегі дәрілік препараттар құрғақ және жарық түсікден қорғалған жерде сақталуы тиіс. Инъекцияға арналған дәрілік формаларды құрғақ, жарықтан қорғалған, бөлек сөрелерде, оқшауланған жерде, тоғанақтылық ерекшеліктеріне қарай (сынғыштық), дәрілік препараттың басқа нұсқаулығы болмаса, сақтау қажет.

Сурет 2 - Дәрілік заттарды сақтауға арналған шкафтар

Сұйық түрдегі дәрілік формаларды (сироп, тұнба) герметикалық бітелген тоғанақта, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде сақтау қажет. Плазмо алмастырушы және дезинтоксикационды ерітінділерді оқшауланған жерде, 0- +40 С температура арасында, жарықтан қорғалған жерде сақтайды. Дәрілік 16 заттың сапасына әсер етпесе, кейбір жағдайларда ерітіндінің қатуы орын алады.
Тығын дәрілерді сақтау құрғақ, жарықтан сақталған жерде болуы керек. Аэрозолды кораптардағы дәрілік препараттардың сақталуы +3С тан +20С-қа дейінгі температурада болуы керек. Құрғақ, жарықтан қорғалған 58, оттан және өртендіргіш заттардан оқшау (дәрілік препараттың қорабындағы қолданылуы бойынша нұсқаулығында басқа ештеме көрсетілмесе) болуы керек.
Аэрозолды қорабтардағы дәрілік препараттарды ұрып-соғудан және механикалық зақымдалудан сақтау қажет. Отқа қауіпті дәрілік заттарды сақтау ерекшеліктері. Отқа қауіпті дәрілік заттарға тез балқитын, тез өртенетін қасиеттері бар дәрілік заттар жатады. Отқа қауіпті дәрілік заттардың сақталуы басқа дәрілік заттардан оқшау болуы қажет.
Тез балқитын дәрілік заттарды (коллодий, этил спирті, скипидар, эфир және т.б) қатты нықталған,шыны немесе металды тараларда сақтайды, буыннан сұйықтықтың ұшып кетпеуі үшін.
Үлкен бөтелке немесе баллондардағы тез балқымалы және тез өртенбелі дәрілік заттарды стелажжды полкаларда ұзындығы бойынша бір қатарларда сақтау қажет. Оларды бірнеше қатарға қоюға және басқа да алынбалы материалдармен қолдануға болмайды. Көрсетілген дәрілік затты отқа қауіпті заттарға сақтауға болмайды. Стеллаж бен штабелдің арақашықтығы балқытқыш элементке дейін 1м аз болмауы керек. Тез балқитын және тез өртенетін дәрілік заттарды нық толтырылған тараларда сақтауға болмайды. Толтырылуы 90 %-дан жоғары болмауы керек. Көп көлемді спирттер металды заттарда сақталынады және 75% артық толтырылмауы қажет. Тез балқымалы дәрілік заттарды минералды қышқылдармен бірге сақтауға болмайды (әсіресе күкірт және азот қышқылы), сырылған және төмендетілген газдармен, тез жанатын заттармен (сұйық май, күкірт, таңғыш материалдар), қабыршықтанған заттармен, сонымен қатар органикалық емес тұздар, органикалық заттармен беретін жарылуға қауіпті қоспалар (калий хлорат, калий перманганат, калий хромат және т.б).

Медициналық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клиникалық өлім жағдайындағы (шок, коллапс, талу, тұншығу, күн өту, ыстық өту) жануарларға алғашқы ветеринариялық көмек көрсету
Күйіктер және көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринериялық санитариялық сараптау
ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық Ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Семей өңірлік филиалы
Мал шаруашылығындағы жүргізілетін ветеринариялық – санитариялық іс-шаралар
Күйіктер және алғашқы ветеринариялық көмек жайлы
Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР ветеринария туралы заңын талдау
Үсіктер және алғашқы ветеринариялық көмек туралы мәлімет
Базарлардағы ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
Улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек
Пәндер