Жаттығу түрлері, жаттығу арқылы тіл дамыту


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы

«Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын)

Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжі» МКҚК

Тіл және әдебиет кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ЖАТТЫҒУ ТҮРЛЕРІ, ЖАТТЫҒУ АРҚЫЛЫ ТІЛ ДАМЫТУ

Мамандық атауы 0111000 «Негізгі білім беру»

Пәні Қазақ тілін оқыту әдістемесі

Орындаған Г. Қайролла

Ғылыми жетекшісі ф. ғ. м Т. Жоламанова

Курстық жұмысты қорғаған бағасы

Кафедра меңгерушісі г. ғ. м. О. Бекмагамбетова

Хаттама № 20__

Көкшетау, 2017

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І ЖАТТЫҒУ ТҮРЛЕРІ, ЖАТТЫҒУ АРҚЫЛЫ ТІЛ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1. 1Жаттығу түрлері, жаттығу арқылы тіл дамытудың теориялық негізін көрсету . . . 5

1. 2 Жаттығу түрлері, жаттығу арқылы тіл дамытудың практикалық… . . . 17

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 22

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 25

ҚОСЫМШАЛАР . . .

Курстық жұмыс бойынша жетекшінің пікірі

1. (студенттің аты-жөні) (жетекшінің аты-жөні)

2. (тобы, бөлімі) (қорғалған күні, айы, жылы)

3. Курстық жұмыс тақырыбы бойынша шығармашылық ізденісі, ғылыми сараптауы, әдебиеттермен жұмыс істеу жүйесі, өз ой-пікірін, көзқарасын жеткізе білу қабілеттілігі туралы

4. Тақырыптың жаңашылдығы, проблемалық мәселелерді ашудағы студенттің зеректігі, бейімділігі

5. Курстық жұмыс тақырыбындағы өзекті және негізгі түйінді ашудағы студенттің қабілеті

туралы

6. Жетекшінің студент еңбегін бағалаудағы ұсынысы

7. Комиссияның шешімі:

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі.

Қазақ тілі сабағындағы грамматикалық жаттығу материалдарымен жұмыс жүргізу әдістері жаттығу жұмыстарының жүйесіне қарай материалды таңдауға қойылатын талаптар туады. Жаттығуларды жүргізу үшін алынатын материалдар бірден-бірге күрделеніп отырылады. Мұндай жаттығу жұмыстарының әдісі - оқушылардың білімін пысықтап, қалыптастырып, қайрат-жігерін дамытатын әдістің түрі. Жаттығу жұмысын жүргізу үшін оқытушы, ең әуелі, оның түрлі мақсатын айқындап алады. Содан кейін оқушыларға жаттығу жұмысының үлгісі көрсетіліп, орындау тәсілдері түсіндіріледі. Программалап оқыту әдісі бойынша, жаттығу жұмыстары белгілі бір жүйеге құрылып, жаңаша тәсілдермен жүргізіледі. Оқытушы оқушылардың жаттығу жұмыстарын тексеріп, дер кезінде кемшіліктерін түзетіп отыруы, оқушының сауатты жазуына ықпалын тигізеді. Жаттығу түрлері арқылы оқушылардың оқу материалын қалай ұғынғаны айқындалады, яғни жаттығу әдісі оқыту ісінің теориясын практикасымен байланыстыру принципін жүзеге асырады. Сабақтағы жаттығу жұмысы оқушылардың қандай тілдік материалмен жұмыс жасауына қарай фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, т. б. болып бөлінеді. Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларды орындауда мынадай талаптар қойылады: 1. Белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуларды орындай алатындай білімі болуы шарт. 2. Жаттығу оқушының тілге қызығуын, ынтасын арттыруы тиіс. 3. Жаттығу кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен келуі керек. 4. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру қажет. 5. Шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болуы керек. Жаттығуды іріктеу барысында шамамен мынандай талаптар қамтылуы тиіс: 1) жаттығудың өтілген тақырыпты пысықтауға, бекітуге бағытталуы; 2) жаттығудың талаптарының түрлі болуы оқушылардың бойында түрлі дағдыларды қалыптастыратыны ескерілуі керек. Бұл талап-тілектердің орындалу, орындалмауы мұғалімнің қабілетіне және оқулықтағы жаттығулар сапасына да байланысты. Сыныптағы жаттығулар көбіне бірге талданады, түсініксіз болса, мұғалім тарапынан бағыт-бағдар беріледі. Қандай қиын жаттығуды да табандылықпен орындауға мүмкіндік бар. Жаңа тапсырмаға байланысты жаттығулардың біразы сыныпта орындалып барып, осыған ұқсас жаттығулар үйге беріледі. Үйге берілетін жаттығулар мазмұн мен сипаты жағынан оқушыға таныс, орындалуы аса қиындық келтірмейтін, жалықтырмайтын, тым ұзақ емес, әрі тәсіліне қарай аралас тұрғыда болғаны жөн. Мұғалімнің оқулық жаттығуларымен шектеліп қоймай, шығармашылық бағыттағы тапсырмаларды өз тарапынан беруі тәжірибеде кездеседі. Ол көбінесе, қатыстырып сөйлем жаз . . . көркем шығармадан теріп жаз, сұрақтарға жауап бер, жанұя мүшелерінен сұхбат ал, мәтін ішінен керекті сөзді тап, талда деген сияқты сипатта болады. Қосымша берілетін бұл іспеттес жаттығулардың басы артық деп айту қиын. Құрастыру, қазақша реферат салыстыру, талдау, табу, топтау, дәлелдеу, қорытынды шығара білу дағдыларын қалыптастыратын жаттығулардың әр сабақта жүргізілуі мұғалімнің шеберлік қабілетіне, табандылығына байланысты. Жаттығу жұмыстары оқушыға теория мен практиканы ұштастыруға өте тиімді. Өздігінен білімін сынап, нығайтуда өте қолайлы.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Жаттығу түрлері, жаттығу арқылы тіл дамытудың тиімді жолдарын көрсету

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Жаттығу түрлері, жаттығу арқылы тіл дамытудың теориялық негізін көрсету;
  • Жаттығу түрлері, жаттығу арқылы тіл дамытуды практикамен ұштастыру;
  • Жаттығу түрлері, жаттығу арқылы тіл дамытудың жолдарын талдай отырып сараптама жасау, қорытындылау.

І ЖАТТЫҒУ ТҮРЛЕРІ, ЖАТТЫҒУ АРҚЫЛЫ ТІЛ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1. 1Жаттығу түрлері, жаттығу арқылы тіл дамытудың теориялық негізін көрсету

Тіл дамыту барысында жаттығу жұмыстарының рөлі өте маңызды. Қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін жаттығу жұмыстары жүйелі, мағыналы, тиімді болу керек. Сол себепті дұрыс жоспарланған жаттығулар жүйесі оқыту үдерісін сапалы өткізуге, тақырыпты тез меңгеруіне әсер етіп, нәтижесінде өз ойын, пікірін, болып жатқан оқиғаны дұрыс бағалап айта білуге үйренеді. Әрбір меңгерілген білім бойынша жұмысты тиянақты орындауға дағдыландырады. Қазақ тілі сабақтарында грамматиканы оқыту, фонетиканы меңгеру, лексика бойынша жүйелі білімдерін қалыптастыруда жаттығу жұмыстарының маңызы өте зор. Оқушылар фонетика, лексика, грамматикалық материалды оқулық пен бағдарламаға сай меңгергендерімен, жаттығу жұмыстары тұрақты жүргізілмесе, білімдері тиянақты болмайды, үйренгендерін тез ұмытып қалады. Сондықтан да оқытушы сапалы да терең, берік білім бергісі келсе, жаттығу, дағдыландыру жұмыстарын жүргізіп отыруы тиіс. Әрбір оқытушы оқушылардың керекті дағдыларын қалыптастыратын және қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да ұқсас құбылыстарына қолдана алатын жаттығу әдістерін білгені жөн. Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дәрежесіне ие болады. Жаттығу арқылы оқушылардың алған білімдері нығайтылып, нақтыланып қана қоймайды, сонымен қатар өз беттерімен жұмыс жасауға үйренеді, ойлау қызметтерін жақсартады. Өйткені, оқушылар жаттығу жұмыстарын жүргізу кезеңінде үздіксіз талдау, жинақтау жұмыстарын жасайды, жаттығу жұмыстары арқылы білімдерін жүйелейді.

Жаттығулар оқушылар қандай тілдік материалдармен жұмыс жасауына қарай фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік жаттығулар болып бөлінетінін білеміз. Қазақ тілі сабағындағы грамматикалық жаттығу материалдарымен жұмыс жүргізу әдістері жаттығу жұмыстарының жүйесіне қарай материалды таңдауға қойылатын талаптар туады. Жаттығуларды жүргізу үшін алынатын материалдар бірден-бірге күрделеніп отырылады. Мұндай жаттығу жұмыстарының әдісі- оқушылардың білімін пысықтап, қалыптастырып, қайрат-жігерін дамытатын әдістің түрі. Жаттығу жұмысын жүргізу үшін оқытушы, ең әуелі, оның түрлі мақсатын айқындап алады. Содан кейін оқушыларға жаттығу жұмысының үлгісі көрсетіліп, орындау тәсілдері түсіндіріледі. Программалап оқыту әдісі бойынша, жаттығу жұмыстары белгілі бір жүйеге құрылып, жаңаша тәсілдермен жүргізіледі. Оқытушы оқушылардың жаттығу жұмыстарын тексеріп, дер кезінде кемшіліктерін түзетіп отыруы, оқушының сауатты жазуына ықпалын тигізеді. [2] Жаттығу түрлері арқылы оқушылардың оқу материалын қалай ұғынғаны айқындалады, яғни жаттығу әдісі оқыту ісінің теориясын практикасымен байланыстыру принципін жүзеге асырады. Сабақтағы жаттығу жұмысы оқушылардың қандай тілдік материалмен жұмыс жасауына қарай фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, т. б. болып бөлінеді. Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларды орындауда мынадай талаптар қойылады:

1. Белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуларды орындай алатындай білімі болуы шарт. 2. Жаттығу оқушының тілге қызығуын, ынтасын арттыруы тиіс. 3. Жаттығу кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен келуі керек. 4. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру қажет. 5. Шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болуы керек. Жаттығуды іріктеу барысында шамамен мынандай талаптар қамтылуы тиіс:1) жаттығудың өтілген тақырыпты пысықтауға, бекітуге бағытталуы; 2) жаттығудың талаптарының түрлі болуы оқушылардың бойында түрлі дағдыларды қалыптастыратыны ескерілуі керек. [3] Бұл талап-тілектердің орындалу, орындалмауы мұғалімнің қабілетіне және оқулықтағы жаттығулар сапасына да байланысты. Сыныптағы жаттығулар көбіне бірге талданады, түсініксіз болса, мұғалім тарапынан бағыт-бағдар беріледі. Қандай қиын жаттығуды да табандылықпен орындауға мүмкіндік бар. Жаңа тапсырмаға байланысты жаттығулардың біразы сыныпта орындалып барып, осыған ұқсас жаттығулар үйге беріледі. Үйге берілетін жаттығулар мазмұн мен сипаты жағынан оқушыға таныс, орындалуы аса қиындық келтірмейтін, жалықтырмайтын, тым ұзақ емес, әрі тәсіліне қарай аралас тұрғыда болғаны жөн. Мұғалімнің оқулық жаттығуларымен шектеліп қоймай, шығармашылық бағыттағы тапсырмаларды өз тарапынан беруі тәжірибеде кездеседі. Ол көбінесе, қатыстырып сөйлем жаз . . . көркем шығармадан теріп жаз, сұрақтарға жауап бер, жанұя мүшелерінен сұхбат ал, мәтін ішінен керекті сөзді тап, талда деген сияқты сипатта болады. Қосымша берілетін бұл іспеттес жаттығулардың басы артық деп айту қиын. Құрастыру, қазақша реферат салыстыру, талдау, табу, топтау, дәлелдеу, қорытынды шығара білу дағдыларын қалыптастыратын жаттығулардың әр сабақта жүргізілуі мұғалімнің шеберлік қабілетіне, табандылығына байланысты. Мұның бәрі мұғалім үшін жаңалық емес, қайта «Нені үйреттім?», «Қандай дағды мен іскерлік қалыптастырдым?», «Жаттығудың орны мен қызметі қаншалықты?» деген, сұрақтарға байланысты пікірді ортаға салады. [4] Әрбір ұстаз оқушыларға керекті дағдыларды қалыптастыратын немесе қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да ұқсас құбылыстарында қолдана алатын жаттығу әдістерін білгені жөн. Жаттығу арқылы балалардың алған білімдері нығайтылып, нақтыланып қана қоймайды, сонымен қатар өз беттерінше жұмыс жасауға, ойлау қабілетін дамытуға дағдыланады. Оқушылар жаттығу кезеңінде үздіксіз талдау, жинақтау, бір тұлғаны екінші тұлғамен салыстыру, абстракциялау, жалпылау жұмыстарын жүргізеді. [2] Жаттығулар оқушылар қандай тілдік материалдармен жұмыс жасауына қарай фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік жаттығулар болып бөлінетінін білеміз.

Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Оқушылар грамматикалық материалды оқулық пен программаға сай білгендерімен (терминдерді меңгереді, анықтамаларды индуктивтік жолмен есте қалдырады), жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады. Сондықтан да мұғалім оқушыларға грамматикадан саналы да терең, тұрақты да берік білім бергісі келсе, жаттығу, дағдыландыру жұмыстарын жүргізу арқылы олардыңдағдыларын қалыптастыратын және қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да ұқсас құбылыстарына тасымалдай алатын (ережелерді жаңа фактілерге қолдана алатын) жаттығу әдістерін білуге тиіс. Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады. Жаттығу арқылы балалардың алған білімдері нығайтылып, нақтыланып қана қоймайды, сонымен қатарөз беттерімен жұмыс жасауға, ойлау қызметіне дағдыланады. Өйткені оқушылар жаттығу процесінде үздіксіз анализ-синтез жасайды, бір тұлғаны екінші тұлғамен салыстырады, абстракциялайды, жалпылайды, жаттығу арқылы білімін жүйелейді. Грамматикалық жаттығулар, оқушылардың қандай тілдік материалмен жұмыс жасауына қарай, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық болып бөлінеді[13] .

Фонетикалық тұлғаларды оқыту.

Қазақ тілін үйренуде тілдің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерудің маңызы зор. Дыбыстарды дұрыс айта білу - түсінікті сөйлеудің ең негізгі шарты. [1. 177]

Рас, лингвистикалық және әдістемелік әдебиеттерде дыбыстарды айта білу дағдысына байланысты бекіген апросимация принципі бар. Бұл принціпті барлық әдіскерлер мен тілшілер еңбектерінде негіз етіп алады.

Апросимация принціпі дегеніміз - үйренетін тілдің дыбысталуы кезінде оны сол тілге бейімдеп, жақындатып айту. Бұл принціп бойынша, дыбысты, яғни сөзді айту барысында әр ұлттың тілдік акцентін сақтау шарт. [1. 178]

Фонетикалық дағдыларды меңгерту - сөйлеу кезінде сөздің құрамындағы дыбыстарды дұрыс айта білу және жазылған әріптік таңбаларды тілдік дұрыс айта білу және жазылған әріптік таңбаларды тілдік дұрыс қолдану арқылы түсінікті сөйлеу тәжірибелерін жан - жақты игеру. Яғни бұл дұрыс сөйлей білу мен сөйлеген сөзді дұрыс түсіне білу дағдыларын меңгеру дегенді білдіреді. Тілдік дыбыстарды үйрету барысында жазылған әріп пен жазбаша сөзден гөрі, айтылған дыбыс пен ауызша сөз әлдеқайда есте сақталады.

Басында сөздің дыбысталуы дұрыс айтылмаса, не дұрыс үйретілмесе оны кейін түзету өте қиын. Ол сөйлесудегі әдетке айналады да, оқушы басқашатайту нормасын қабылдамайды.

Сонымен қатар фонетикалық дағдыларды игеру әдістері қанша жақсы нәтижеге жетсе де, кейіннен тоқтап қалмай, үнемі қайталанып, іске асырылып отыруы қажет. Фонетикалық дағдыларды игеруді күн сайын, сабақ сайын жетілдіріп отыру керек. Ол үшін әр түрлі ерекшеліктерді білуге тура келеді. Мысалы:

  1. Дыбыстардың жасалуына қатысты артикуляциялық базаны игеру.
  2. Дыбыстардың айтылуына байланысты ерекшеліктерді білу.
  3. Дыбыстардың естілуіне қатысты өзгешеліктерді тану.
  4. Дыбыстардың қолданылу ережелеріне қатысты ерекшеліктерді меңгеру.

Дыбыстардың жасалуына қатысты ерекшеліктерге фонетикалық тұлғалардың пайда болуы, олардың жасалуына қатысты дыбыстау мүшесі мен сөйлеу мүшесінің қимыл - қозғалысы жатады. Сондықтан сөйлесім әрекетінің тәлдесім, айтылым, тыңдалым түрлері арқылы іске асуы дыбыстардың артикуляциялық базасына қатысты болады.

Мысалы, қазақ тілінің дыбыстарының жасалуы ауыз куысы мүшелері мен көмейге тығыз байланысты. Әсіресе ерін, тіл, тіс, дауыс шымылдығының белсенді қимыл әрекеті мен қызметі дауыстылар мен дауыссыздарға бірдей ықал етеді. Қазақ тілі дыбыстарының жасалуы қаншама тілшілердің еңбектеріне өзекті зерттеу болды. Осының өзі - ақ оның маңызды мәселе екенін дәлелдейді.

Дыбыстардың айтылуына байланысты ерекшеліктер фонациялық ауаның қозғалысына қарай танылады. Дыбыстарды айту, сөздерді дауыстап жүргізу фонациялық ауаның жиілігін, ықпалын, әуезін ескеруді талап етеді. Мысалы, қазақша «а», «о» т. б. дыбыстардың айту созылыңқылығы, басқа тілдегі осы дыбыстардың айтылуымен тепе - тең емес, сол себепті осының бәрін оқушыға ден қою арқылы дұрыстап түсіндіріп, ұғындыру керек. Айтылуы, жасалуы ерекшеліктері бар әріптер (қ, ғ, ң, і, ә, ү, ұ, ө, һ) орнына орыс сыныптарында өз ана тіліне ұқсас әріптерді ( к, г, н, е, о, и, у) қойып оқығанын қоспағанда, өз ана тіліндегі бар әріптерді өзін де дұрыс оқымайтындары байқалады. Мысалы, «кел» деген сөзді «кель» деп жіңішкертіп оқиды. Енді осы дыбыстарды оқушыларға қалай меңгертеміз деген мәселеге көшейік. Мысалы, «ы» дыбысы (әрпі) былай түсіндіріледі.

  • Произносите звук «ы» и скажите, что делается с губами? (оқушылырға ойлануға сәл ғана уақыт беріп, кейін жауаптарын күтпестен, ойын ары қарай жалғастыра береді) . Губы чуть растягиваются, язык приподнят к небу. (осы айтқандарды оөушылардың өздеріне айтып түсіндіп, байқату керек) .
  • Произносите букву «к» и скажите, что делается с губами и языком? (Мұғалім осы кезде оқушылардың өздеріне ең алдымен іштей, сонан соң дауыстап «к» дыбысын айтқызып, өзі бұл дыбысты айтқан кездегі еріннің, тілдің жағдайларын тағыда қайталап түсіндіреді. Можно ли звук «к» тянуть как «ы», или «і» деген секілді сұрақтар қойып, пысықтау жаттығуларын жасатады. [4, 21-28]

Қазақ тіліндегі дыбыстардың айтылуы мен жасалуын үйрету мұғалімнің шеберлігін ғана емес, бірнеше тәсілді қатар меңгерген әдісқойлылығын да қажет етеді. Өйткені сабақты оқытушы тек дыбыстардың жасалуын оқытумен шектесе, сөйлеуді үйрету мақсатына жетпейді.

Дыбыстардың естілуіне қатысты ерешеліктер олардың жасалуы мен айтылуынан келіп туындайды. Дыбыс алдымен жасалып, сонан соң айтылғаннан кейін барып естіледі. Естілген дыбысты дұрыс қабылдағанда, оның айтылу ерекшелігін білгенде ғана сөз түсінікті болады.

Қазақ тілінің жалғамалы тіл ретіндегі заңдылықтарының бәрі түбір мен қосымшаның қандай дыбыс, фонема, буындар арқылы жалғануына байланысты екенін оқытушылар біледі. Дыбыстардың осы жасалу, айтылу, естілу, қолдану қасиеттерін меңгеруге сай фонетикалық дағдылардың даммуын бірнеше кезеңге бөлуге болады.

  1. Айту және есту дағдыларының қалыптасуы.
  2. Айту және есту дағдыларының сақталуы.
  3. Айту және есту дағдыларының жетілуі.

Фонетикалық дағдылардың сақталу, тұрақталу кезеңіне байланысты жүргізілетін жұмысар: лексико - грамматикалық материалдарды қоса отырып, фонетикалық жаттығуларды орындату, ауызша оқыту жіне айтқызу, мәтінмен, суретпен фонетикалық жұмыс жүргізу.

Фонетикалық дағдылардың жетілуі, даму кезеңіне орай жүргізілетін жұмыстар: фонетикалық тапсырмаларды өз бетімен орындау, ауызша ойды жеткізу барысында дыбыстардың айтылуын жаңа сөздермен байланысты қарастыру, тың, жаңа тілдік материалдармен жұмыс істеу. Фонетикалық дағдылардың қай кезеңі болсын оқылым, жазылым, тыңдалым, сөйлесім әрекеттерімен және олардың негізгі ерекшеліктерін игерумен қатар жүреді. Фонетикалық дыбыстармен танысу көрнекілік арқылы дыбысты сөз құрамында не мәтін ішінде көрсетуден басталады. Үйретілетін дыбыстар сөйлеу ыңғайына байланысты алынады. Сондықтан бірінші сабақтан бастап, жасалуы күрделі фонемалар енгізіле береді.

Тіл үйренушілерге енді жаңа буындар, сол буындармен сөздер, сөздермен тіркестер және сөйлемдер құрау үшін жаттығулар беріліп, олардың өз ойларын осы үйренген дыбыстар, сөздер арқылы айтуға жетелеуге болады. Дыбыстарды ауызша айтқызу әр түрлі формалармен жүреді:

  • Хормен айтқызу;
  • Жеке айтқызу;
  • Жұппен айтқызу;
  • Сыңармен айтқызу.

Хормен айтқызу оқушыларды жасқанудан, ұялудан сақтайды. Бірігіп айтылған дыбыс нық әрі анық естілледі. Содан есте жақсы қалады.

Жеке айтқанда оқушы көпшілікпен бірігіп айтқан дыбысын нақтылай түседі, есінде жақсы қалдырады, кемшіліктерін түзетуге мүмкіндік алады.

Жұппен айтқанда, оқушылар мұғалімнің айтқанын қайталап отырып, дыбыс артикуляциясын бірігіп меңгеруге үйренеді, бірінің білмегенін бірі түзетіп өзара жұмыс жасайды.

Сыңармен айтуда жұптың құрамындағы оқушының біреуі мұғалімнің айтқанан қайталайды, сұрағына жауап береді. Мұғалім жұптың сыңарларын ауыстырып отырады. Бұл оқытушының жаңа буындарды, сөздерді, тіркестерді үзбей қосып отыруына жағдай жасайды. Тіл үйренушілерді ынталандырады.

Оқушылардың ойында фонетикалық дағдылардың тұрақталуын қамтамасыз ету үшін жүргізілетін фонетикалық жаттығулар шағын көлемді лексико-грамматикалық материалдарды біріктіре отырып, дыбыстарды жете меңгеруге мүмкігдік жасайды. Мұндай жаттығулар жасағанда қатарынан бірнеше мақсат қою дұрыс емес, өйткені оқушылар ынтасы бірнеше жаққа бөлінеді. Мысалы, «Берілген сөйлемдерді бірінші жаққа қойып айтыңдар да, жуан дауысты дыбыстары бар сөзді бөлек көрсетіңдер», - деген тапсырмалары бар карточкаларды оқушыларға таратады. Оқушылардың біруі тапсырмаларды орындап, екінші түрлі жаттығуға көшеді.

Сабақта қазақ тілі дыбыстарын өту бірнеше сатыдан тұрады:

  1. Дыбыстың таңбасын жазып көрсету;
  2. Дыбысты ауызша оқу;
  3. Дыбыстың айтылу ерекшелігін түсіндіру;
  4. Дыбыстың артикуляциясын таспалар, аудиқұралдар т. б. арқылы тыңдату;
  5. Дыбысты оқушылардың өзіне айтқызу;
  6. Дыбысты буын, сөз құрамында таныстыру;
  7. Дыбысты тіркесте қолдана білу;
  8. Дыбысты меңгеруге арналған жаттығулар орындату.

Дыбысты толық меңгеруге арналған жаттығулар ауызша да, жазбаша да орындала береді. Мұндай жаттығулар бірнеше түрге бөлінеді және бір сабақта бірнеше жаттығу жұргізіледі. Жаттығулардың атқаратын қызметі де, мақсаьы да әдістері де түрліше болады.

Фонетикалық минимумды таңдап алудың негізгі өлшемдерін белгілеп алған жөн. Мұндай өлшемдер мыналар:

  1. Оқытылатын дыбыстар фонетикалық жүйеден тұрақты орын алған, оқуға да, жазуға да тікелей қатысы бар, жиі қолдатылатын тұлғалар болуы керек.
  2. Фонетикалық минимумға кіретін дыбыстардың өзіндік әріптік таңбасы бола келіп фонемалық қасиетке ие болуы шарт.
  3. Бұл дыбыстар қазақ тілінің ерекшелігін белгілей отырып, алфавиттік тізімді құрайды.
  4. Алынған фонетикалық тұлғалардың өзіндік жасалу қасиетіне орай дербестік мәні бар болуы қажет.
  5. Сұрыпталған дыбыстар сөз жасамда, тіркес құрамында, сөйлемде маңызды қызмет атқарып келіп, өзіндік орнымен ерекшеленуі шарт.
  6. Осы фонетикалық бөлшектер сөйлеу процессін жүзеге асырушы ең қажетті құралдар, материалдар болғаны жөн.

Мұндай өлшемдер арқылы іріктелген фонетикалық минимумдардың (дыбыс, әріп, фонема, буын т. б. ) құрамына енетін дыбыстар оқыту процессінде бірнеше топқа жіктеледі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаттығулар арқылы тіл дамыту жолдары
ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. МОНОГРАФИЯ
ЖАТТЫҒУ ТҮРЛЕРІ, ЖАТТЫҒУ АРҚЫЛЫ ТІЛДІ ДАМЫТУ
«Грамматика, емле және тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс-тәсілдері»
Грамматика және тіл дамыту
Тіл меңгертудегі жаттығулар жүйесі
Лексиканы оқытудың принциптері
Орыстілді мектеп оқушыларының жазбаша сөйлеу тілін дамыту әдістемесі (5-6 – сынып)
Оқушылардың тілін дамыту үшін бір тақырыпқа бірнеше мәтін алған дұрыс
7-8 сыныптардағы араб тілі сабақтарында жаттығуларды ұйымдастыру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz