Студенттерге көптілді білім беруді жүзеге асыру аясында оқыту мен оқу үдерісінде кездесетін қиындықтар



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.Студенттерге үш тілді білім берудің ғылыми.теориялық негіздері
1.1.Көптілді білім беру түсінігі ... ... ... ..4
1.2.БҚМУ студенттерінің үш тілді білім алуының жүзеге асырылуы ... ... ... ...6
2.Зерттеу жүргізудің бағдарламасы мен әдістемесі
2.1.Сұхбат арқылы оқыту мен оқу үдерісін ұғынуы мен ондағы кездесетін қиындықтарды анықтау ... ... ...8
2.2.Студенттер арасында сауалнама жүргізу арқылы оқуда кездесетін қиыншылықтарды қарастыру ... ... ...10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... .13 Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ..14
Қосымша
Көптілді білім беру дегеніміз - оқу үрдісі барысында екі не одан да көп тілде білім беру.
Көптілді оқыту - жас ұрпақтың білім кеңестігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Әр адамның рухани-адамгершілігін арттыру үшін, бүгінгі тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек ету үшін жан-жақты болу қажет.Осыған орай, бүгінгі таңда Қазақстанға ақпараттық-технологиялық, ғылыми, медициналық, оқу-әдістемелік т.б. салаларда жаңалықтарды, әлемдік ілгері тәжірибелерден хабары болып, бұл жаңалықтарды өзінің ана тілінде халқының игілігіне пайдалану үшін халықаралық байланыстарды нығайтып, әлем аренасына шығу үшін көп тіл білетін мамандар қажет.
Көптілді білім беруді енгізу төмендегі мәселелерге сай жүргізіледі:
•Мемлекеттік тіл ретіндегі ағылшын тілін күшейту арқылы студенттердің ұлттық біртектілігін сақтау және дамыту ;
•Бұқаралық Ақпарат Құралдары арқылы шетел тілін оқытуды ұйымдастырудың негізгі идеясын кең насихаттаудың қажеттілігін түсіндіру және білім берудің ашық жүйесін дамыту жағдайында қоғамдық пікірді ескеру;
•Шетел тілін оқытуды жүзеге асырудағы ғылыми негіз жасауда арнайы зерттеу жүргізу;
•Шетел тілін тереңдетіп оқытатын элиталық жоғары мектептер негізінде ғана шетел тілін оқыту мүмкіндігі;
•Отандық жағдайларды ескере отырып шетел тілін оқыту технологиялары мен модельдерін жасау. ҚР орта жалпы білім беру құрылымы мен мазмұны;
•Билингвалық білім беру жалпы және жеке әдістемесін құру ;
•Полилингвалық білім беруге кезеңдеп көшу үшін кадрлық, материалды-техникалық, оқу - әдістемелік негізін айқындау;
•Шетел тілін тәжірибелік оқыту үшін ұйымдастыру-әдістемелік жағдай жасау.
1. Америка ғалымының көзқарасы. Идея триединства языков в Казахстане правильна и будет способствовать развитию страны. // Казинформ. -15 мамыр. - 2008жыл.
2. Кузьмин С. С., Шадрин Н. Л. Русско-английский словарь пословиц и поговорок. – М.: Русский язык, 1989.
3. Колпакчи М. А. Дружеские встречи с английским языком. - Ленинград, 1978.
4. Тен Т. Трудности перевода. //«Карав» газеті.
5. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». Астана, 28 сәуір. - 2007 жыл.
6. Қ.Р «Білім туралы» Заңы.
7. 12 жылдық білім. ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-сараптамалық журнал, №3 2008ж.
8. Дж. Ценос, Б.Хуфайзен,У.Джесснер.«Үш тілде білім беру» ұғымына шолу .-Б.,2001.
9.Руис де Зароб.Үш тілде білім берудің артықшылықтары.-Б.,2015.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Педагогика факультеті
Педагогика және психология кафедрасы

Студенттерге көптілді білім беруді жүзеге асыру аясында оқыту мен оқу үдерісінде кездесетін қиындықтар

Орындаған:Пимноп-23 тобының 2 курс
студенті Әжімұрат Ж.Т.
Ғылыми жұмыс жетекшісі: аға оқытушы,
магистр Ерниязов О.Н.

Орал,2017 жыл
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Студенттерге үш тілді білім берудің ғылыми-теориялық негіздері
1.1.Көптілді білім беру түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .4
1.2.БҚМУ студенттерінің үш тілді білім алуының жүзеге асырылуы ... ... ... ...6
2.Зерттеу жүргізудің бағдарламасы мен әдістемесі
2.1.Сұхбат арқылы оқыту мен оқу үдерісін ұғынуы мен ондағы кездесетін қиындықтарды анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.2.Студенттер арасында сауалнама жүргізу арқылы оқуда кездесетін қиыншылықтарды қарастыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13 Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі: Үш тілді бағдарламалар шеңберінде оқыту қалай жүргізілу керек екендігі және студенттер іс жүзінде қалай оқитындары әлі де айқын емес.Ресми құжаттардан басқа университет деңгейінде үш тілді білім беру туралы тәжірибеде негізделген оқыту жоқ десек те болады.
Зерттеу мақсаты: Көптілді білім алатын студенттердің оқыту мен оқу үдерісінде кездесетін қиындықтарын зерттеу
Зерттеу міндеті:
1)Тақырыптың өзектілігін көрсететін әдебиеттерді зерттеу;
2)Студенттердің үш тілді білім алуының жүзеге асырылуын анықтау;
3) Сұхбат, сауалнама арқылы оқуда кездесетін қиыншылықтарды қарастыру
Зерттеу нысаны: Көптілді білім алатын студенттер
Зерттеу пәні: Студенттердің үш тілді білім беру бағдарламасы шеңберінде оқыту мен оқу үдерісінде кездесетін қиыншылықтары
Зерттеу болжамы: Егер студенттер өз бетімен тілді үйренуге жұмыстанса , онда оқыту мен оқу үдерісінің курс деңгейіндегі қиындықтарын шеше алар еді.
Зерттеу әдістері: сұхбат, сауалнама
Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен , қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Студенттерге үш тілді білім берудің ғылыми-теориялық негіздері
1.1.Көптілді білім беру түсінігі

Көптілді білім беру дегеніміз - оқу үрдісі барысында екі не одан да көп тілде білім беру.
Көптілді оқыту - жас ұрпақтың білім кеңестігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Әр адамның рухани-адамгершілігін арттыру үшін, бүгінгі тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек ету үшін жан-жақты болу қажет.Осыған орай, бүгінгі таңда Қазақстанға ақпараттық-технологиялық, ғылыми, медициналық, оқу-әдістемелік т.б. салаларда жаңалықтарды, әлемдік ілгері тәжірибелерден хабары болып, бұл жаңалықтарды өзінің ана тілінде халқының игілігіне пайдалану үшін халықаралық байланыстарды нығайтып, әлем аренасына шығу үшін көп тіл білетін мамандар қажет.
Көптілді білім беруді енгізу төмендегі мәселелерге сай жүргізіледі:
::Мемлекеттік тіл ретіндегі ағылшын тілін күшейту арқылы студенттердің ұлттық біртектілігін сақтау және дамыту ;
::Бұқаралық Ақпарат Құралдары арқылы шетел тілін оқытуды ұйымдастырудың негізгі идеясын кең насихаттаудың қажеттілігін түсіндіру және білім берудің ашық жүйесін дамыту жағдайында қоғамдық пікірді ескеру;
::Шетел тілін оқытуды жүзеге асырудағы ғылыми негіз жасауда арнайы зерттеу жүргізу;
::Шетел тілін тереңдетіп оқытатын элиталық жоғары мектептер негізінде ғана шетел тілін оқыту мүмкіндігі;
::Отандық жағдайларды ескере отырып шетел тілін оқыту технологиялары мен модельдерін жасау. ҚР орта жалпы білім беру құрылымы мен мазмұны;
::Билингвалық білім беру жалпы және жеке әдістемесін құру ;
::Полилингвалық білім беруге кезеңдеп көшу үшін кадрлық, материалды-техникалық, оқу - әдістемелік негізін айқындау;
::Шетел тілін тәжірибелік оқыту үшін ұйымдастыру-әдістемелік жағдай жасау.
Көп тілді білім беру шеңберіндегі оқыту және оқу үдерісі:
* Студенттік фактор: көп тілді білім берудегі ынталандыру
* Студенттердің сабақта тілдік кодтарды алмастыруы
* Оқыту тәсілдемелері мен стратегиялары
Көптілді білім беру мәселесіне отандық ғалымдар мен шетелдік ғалымдар қызығушылық танытуда. Шетелдік зерттеулерде көптілді білім беру мәселесі туралы терең қарастырылған, ал отандық зерттеулерде көптілді білім беру мәселесі бойынша жеткілікті ғылыми зерттеу жүргізілмеген, бірақ осы бағыттағы жұмыстар өз бастамасын тапқан.
Көптілді білім беру мәселесін зерттеуде өз үлестерін қосқан ғалымдар: Б. Хасанұлы, Е.Ю.Протасова, Л.В.Щерба, Э.Сулейменова, Н.Шаймерденова, К.С. Мусин, Д.Д.Маханова, Рысалды Қ.Т.,М.П.Алексеев, А.Мартине, Б.Жумагулова. К. Ж.Кожахметова, Э.Д.Гайпов, Л.Р.Хашимов, М.Қ.Исаев, С.Выготский, Ю.С. Степонов, J.Grimes, Barbara Comrie Bernard, Crystal David, Dutcher Nadine, С.С.Кунанбаева, И.А.Зимняя, Г.В.Рогова, М.А Хасман, Дж.Хармердің, А.Г Делич, И.А .Пассов, Г.С.Суюнова.
Екітілді немесе көптілді білім беретін инновациялық әдістемені білім беру жүйесінде қолданып жүрген мемлекеттердің тағы бір міндеті - бұл халықаралық тілдермен бірге ұлттық және мемлекеттік тілдерінің де деңгейін көтеру болып табылады. Соңғы отыз жылдан бері дүниежүзіндегі көптілдікті зерттеген ғалым Р.Таккер төмендегідей ой қорытындылайды:
- Үй тілі мен мектеп тілі бір бірінен ерекшеленеді (ұқсамайды)
- Саналы тілді немесе бірінші тілді қалыптастыру үшін көп уақытты қажет етеді.
- Жеке адам өзінің бірінші тілінде сауаттық (әдеби) дағдысын өте оңай дамытады.
- Жеке адам бірінші тілде берілген материалдың мазмұнын, жоғары деңгейде қабылдап саналық дағдыларын (cognitive skills) өте оңай дамытады.
- Саналықтілдік дағдылар дамытылып материалдың негізгі мазмұны қабылданса, ол оңай түрде өңделеді.
- Екінші тілдегі саналы тілдің ең жақсы дамуы бірінші тілдегі саналы тілдің жеткілікті деңгейін көрсетеді.
Көптілділіктің негізгі мәселелері - білім беру мен тілдерді үйрету. Онда 1990 жылдардың соңында көптілділікті дамытуға қойылған талаптар қамтылады. Бұл саяси шеттетілудің аяқталғанын және Батыс - Шығыс ықпалдастығының орнауының; мемлекеттер арасындағы шекаралардың ашылуы (Шенген, Нафта), қолданылу аясы тар тілдерге мүмкіндік туғызатын аймақтандыру және толықтыру принциптерін қолдану секілді қазіргі заманауи құбылыста. Біздің ғалымдарымыз бен саясаткерлеріміз көптілдік және көпмәдениеттік білім беру таптық, саяси, экономикалық және діни қарама-қайшылықтарды, ұлттар арасындағы қақтығыстар сияқты қазіргі замандағы өзекті мәселелерді шешуде маңызды роль ойнайды деп есептейді. Мұндай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, мәдени төзімділікке тәрбиелеу үшін студенттердің бойында әр ұлттық мәдениетіне түсіністікпен қарау және танып білуге тырысу, қызуқандылыққа салынбау, құрметтеу сезімдерін дамыту керек.
Бүгінгі таңда еліміздің жоғары оқу жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне енуіне бағытталған талпыныстарды көптілділік білімге ену жағдайында білім беру мазмұнын жаңарту, оқу үдерісін жетілдіру, әсіресе жаңа жүйенің яғни көптілді білім берудегі болашақ көп тілді маманының талаптарына сай оқу үдеріс үлгісінің дербестігі мен іздемпаздығын, шығармашылығы мен оқу белсендігін дамытатын оқыту шараларын іздестіруге аса мән беруді талап етіп отыр.

1.2.БҚМУ студенттерінің үш тілді білім алуының жүзеге асырылуы

2012-2016 жылдарға арналған М.Өтемісов атындағы БҚМУ-де көптілді білім беру жүзеге асыру бағдарламасы БҒМ ҚР ұсынысы бойынша құрылды (30.07.2012 ж. №03-32280 БҒМ ҚР).
Бағдарламаның мақсаты: Үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептер үшін Назарбаев зияткерлік мектептері үшін кәсіби қазақ, орыс және ағылшын бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
2012 ж. 1 қыркүйегі мен 2015ж. 1 қыркүйегі аралығында төмендегі жұмыстар атқарылды:
1. Бағдарламаға сәйкес көптілді топтар ашылған мамандықтардың саны, көп тілді топтарда білім алушылар саны, көптілді топтарда сабақ беретін оқытушылар саны өсті.
2012-2013 оқу жылында 5В010900 Математика мен 5В011000 Физика мамандықтары бойынша 16 студент арнайы бөлімге ауыстырылды және жаңадан көптілді білім беру тобы құрылып, үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) сабақ жүргізіледі.
2013-2014 оқу жылында көптілді топқа 4 мамандық бойынша 36 студент қабылданды Математика, Физика, Информатика, Химия.
2014-2015 оқу жылы көп тілді топқа 119 студент 7 мамандық бойынша қабылданып оқыды Математика, Физика, Информатика, Химия, Биология, География, Педагогика және психология
2015-2016 оқу жылы 215 студент 15 мамандық бойынша білім алуда.

Факультеті
Мамандық атауы
Студенттер саны
1
Физика-математика
5В010900-Математика
28

5В010900-Физика
27

5В060200-Информатика
4

5В0111000-Информатика
18

4 мамандық
77
2
Жаратылыстану-георафия
5В011200- Химия
11

5В060600 -Химия
13

5В011300- Биология
28

5В011600-География
13

5В072100- ОЗХТ
6

5 мамандық
71
3
Филология
5В012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

9

5В020500- Филология: орыс тілі
5

2 мамандық
14
4
Педагогика
5В010100- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
7

5В010200- БОПӘ
15

5В010300- Педагогика және психология
27

3 мамандық
49
5
Тарих, экономика және құқық
5В050800 Есеп және аудит
4

1 мамандық
4
Барлығы:
5 факультет
15 мамандық
215 студент
Ағылшын тілінде сабақ беретін оқытушылар саны көбейді.
2013-2014 оқу жылында - 10 оқытушы:
2014-2015 оқу жылында - 17 оқытушы;
2015-2016 оқу жылында - 22 оқытушы.
2013-2015 жыл аралығында университетте студенттер мен ПОҚы үшін тілдік курстар ұйымдастырылған 191 студент және 149 оқытушы өтті.
Біліктілікті арттыру мақсатында, соның ішінде тілдік дайындықты арттыруда университетіміздің 54 ПОҚ-ы Өрлеу және академиялық ұтқырлық арқылы алыс шет елдердің ЖОО-дарына барды.
Академиялық ұтқырлық бойынша 35 оқытушы Ресей Федерациясының серіктес жоғары оқу орындарынан және және шетелден шақырылды.
Кафедраларда көптілді білім беру мәселелері бойынша тұрақты семинарлар өтіп тұрады.
Көп тілді топ мамандықтары бойынша 3 тілде модульдық ЖОЖ-ы жасалған.
Көп тілді бағдарламамен оқитын білім алушыларға бітірушінің құзыретті-тілдік моделі құрастырылған.

2.Зерттеу жүргізудің бағдарламасы мен әдістемесі
2.1.Сұхбат арқылы оқыту мен оқу үдерісін ұғынуы мен ондағы кездесетін қиындықтарды анықтау

Зерттеу тәсілдемесі: сұхбатта негізделген іздеп зерттеу үлгісі
::Үлгісі: әдейі кездейсоқ іріктеу
+ Қатысушылар: Пимноп-23, Довп-23 тобының 2 курс студенттері
+ Қатысушылар саны:13
+ Орны: М.Өтемісов атындағы БҚМУ , педагогика факультеті
::Құрал: бетпе-бет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
−орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі
Көптілді білім беру жағдайында болашақ педагог - психологтардың кәсіби құзіреттілігінің әдіснамалық тұғырлары
Шет тілін оқытуда жекелендірілген тәсілдің теориялық негіздері
Орта мектепте оқыту процесінде көптілділікті дамыту мәселелері
Кәсіби құзыреттілік ұғымының мазмұны
Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары
Мұғалімдердің АКТ құзыреттілігінің құрылымы
Оңтүстік Қазақстанның университет жастарының тіл қолдануы мен дамуын талдау
Қазақстанда CLIL екі тілде оқыту технологиясын қолдану ауқымдылығы
Xимия пәнін үш тілде үндестіре оқыту
Пәндер