Мектепке дейінгі балаларға ән салуды үйрету



Кіріспе
1 бөлім. Балабақшада балаларға музыкалық тәрбие берудің
мақсат.міндеттері
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды әншілік өнерге баулудың тәрбиелік мәні
1.2. Балалардың әншілік дағдылары мен шеберліктерін қалыптастырудың міндеттері
1.3. Халық педагогикасы арқылы балаларға
музыкалық тәрбие беру
2 бөлім. Мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ән салуға үйрету
2.1.Кіші, орта, ересек топтарды ән салуға үйретудің әдіс.тәсілдері
2.2. Ән салу репертуарларына қойылатын талаптар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Музыка – адам сезiмiнiң нәзiк тiлi, яғни адамдардың бiр-бiрiмен эстетикалық тәрбие беруде адам өмiрiнде музыканың атқаратын рөлi аса зор. Сондықтан жаcтарымызды музыка мәдениетiне тәрбиелеу iсiн жан-жақты ойластырып, олардың музыкалық талғамын әрдайым дамытып отыруға мейлiнше көнiл бөлуiмiз керек. Екі жастағы бала музыка мен көркемсөзге әуес келеді. Балалар би және байсалды орындалатын музыканы түрліше қабылдайды. Қарапайым ән айту ырғақтары пайда болады, балалар жеке буындарға қосылып, ырғақты қайталайды. Қимылдарын музыкамен сәйкестендіру қабілеттері дамиды, қарапайым ырғақтылығы пайда болады, музыкамен орындалатын қимылдар әртүрлі болады.Музыкалық ойлау – күрделі эмоциялық сенсорно - интелектуалдық білімділік процесс және музыкалық шығарманы бағалауы. Күрделі деген, әлі де не музыкатануда, не психологияда, не педагогикада ортақ шешім жоқ деген сөз. Оны не «интелектуалды қабылдауы», «музыкаға адамның сәулесі», «музыканы меңгеру» дейді т.с. Сондықтан, 4 пен 7 жас кезінде баланың музыкалық - қабылдау ойлауы бірлік пен қарым - қатынасы екі негізгі бағытта дамиды: а) өз-өзіндік интонациялық қабылдауда және музыканы сезінуі; ә) өмірлік пен тәжірибе алған баланың жеке қабылдаушылығы.
Музыкалық импровизация - өнімді көркем іс-әрекетінің формасы, одан жаңа туынды туады. Осы әрекетте баланың шығармашылық музыкалық ойлауы жатыр, ол музыкалық тіл арқылы қалыптасады.
Музыкалық тіл – бұл арнайы құрал, ол арқылы музыкалық «ақпаратты» жеткізеді және сақтайды. Музыкалық тіл – «грамматикалық норма» жүйесі, қолдану ережесі, «сөз-моделді» қосуы. Музыкалық тіл – барлық дыбыс құрылысының байланыс жүйесі, оның нақты мағынасы. Музыкалық тіл – музыкалық әрекетінің фундаменті және музыканы жүзеге асыру.
1. Алиев Ю.Б. Методика музыкального воспитания детей от детского сада - к начальной школе / Ю.Б. Алиев .– Воронеж : НПО МОДЕК, 1998 .– 352 с.
2. Алиев Ю.Б. Настольная книга школьного учителя – музыканта / Ю.Б. Алиев .– М.: Владос, 2000 .– 336 с.
3. Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе / О.А. Апраксина .– М.: Просвещение, 1983 .– 224 с.
4. Ардақ : ән-күйлер туралы көркем шығармалар жинағы .- Алматы, 1989.- 256 бет.- (Өнер тақырыбындағы туындылар).
5. Байжігітов Б. Көркем өнер терминдерінің қысқаша түсіндірме сөздігі / Б. Байжігітов .- Алматы : РБК, 1998 .– 78 бет.
6. Балтабаев М. Әсем саз : бастауыш сыныптарға арналған музыка әліппесі / М. Балтабаев, Б. Өтемуратова .- Алматы: Атамекен, 1993 .– 104 бет.
7. Гизатов Б. Музыкальное образование в Казахстане / Б. Гизатов .– Алма-Ата : Мектеп, 1975. - 81 с.
8. К.Д.Ушинский, Баланың білімін қалыптастыру жолдары. , Алматы, 1989.
9. Қазиева Б. Музыка сауатынан практикалық көмек / Б. Қазиева .- Алматы : РБК, 1995 .- 110 бет.
10. Қамақов Ә.Жеткіншектердің көркемдік талғамын қалыптастыру. \\ Отбасы және балабақша. – 1997. № 1 – 3. 53 – 54б.
11. Қонақбаева Р. Д. Балаларды эстетикалық тәрбиеге баулу. \\ Отбасы және балабақша. – 2008. № 2. 29 – 30б.
12. Құдашева Д. Т. Баланың жан – дүниесін әсемдікке баулу. \\ Отбасы және балабақша. – 2007. № 3. 15 – 16б.
13. Н.К.Крупская. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. Алматы. 1973.
14. Я.А.Каменский, Педагогикалық теория негіздері, 1980ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мектепке дейінгі балаларға ән салуды үйрету

Орындаған: Шукулова Д.Б.
Жетекші: Калмурзина Р.С.

Орал, 2012ж.

Мазмұны
Кіріспе
1 бөлім. Балабақшада балаларға музыкалық тәрбие берудің
мақсат-міндеттері
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды әншілік өнерге баулудың тәрбиелік мәні
1.2. Балалардың әншілік дағдылары мен шеберліктерін қалыптастырудың
міндеттері
1.3. Халық педагогикасы арқылы балаларға
музыкалық тәрбие беру
2 бөлім. Мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ән
салуға үйрету
2.1.Кіші, орта, ересек топтарды ән салуға үйретудің әдіс-тәсілдері
2.2. Ән салу репертуарларына қойылатын талаптар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Музыка – адам сезiмiнiң нәзiк тiлi, яғни адамдардың бiр-бiрiмен
эстетикалық тәрбие беруде адам өмiрiнде музыканың атқаратын рөлi аса зор.
Сондықтан жаcтарымызды музыка мәдениетiне тәрбиелеу iсiн жан-жақты
ойластырып, олардың музыкалық талғамын әрдайым дамытып отыруға мейлiнше
көнiл бөлуiмiз керек. Екі жастағы бала музыка мен көркемсөзге әуес келеді.
Балалар би және байсалды орындалатын музыканы түрліше қабылдайды. Қарапайым
ән айту ырғақтары пайда болады, балалар жеке буындарға қосылып, ырғақты
қайталайды. Қимылдарын музыкамен сәйкестендіру қабілеттері дамиды,
қарапайым ырғақтылығы пайда болады, музыкамен орындалатын қимылдар әртүрлі
болады.Музыкалық ойлау – күрделі эмоциялық сенсорно - интелектуалдық
білімділік процесс және музыкалық шығарманы бағалауы. Күрделі деген, әлі де
не музыкатануда, не психологияда, не педагогикада ортақ шешім жоқ деген
сөз. Оны не интелектуалды қабылдауы, музыкаға адамның сәулесі,
музыканы меңгеру дейді т.с. Сондықтан, 4 пен 7 жас кезінде баланың
музыкалық - қабылдау ойлауы бірлік пен қарым - қатынасы екі негізгі бағытта
дамиды: а) өз-өзіндік интонациялық қабылдауда және музыканы сезінуі; ә)
өмірлік пен тәжірибе алған баланың жеке қабылдаушылығы.
Музыкалық импровизация - өнімді көркем іс-әрекетінің формасы, одан
жаңа туынды туады. Осы әрекетте баланың шығармашылық музыкалық ойлауы
жатыр, ол музыкалық тіл арқылы қалыптасады.
Музыкалық тіл – бұл арнайы құрал, ол арқылы музыкалық ақпаратты
жеткізеді және сақтайды. Музыкалық тіл – грамматикалық норма жүйесі,
қолдану ережесі, сөз-моделді қосуы. Музыкалық тіл – барлық дыбыс
құрылысының байланыс жүйесі, оның нақты мағынасы. Музыкалық тіл – музыкалық
әрекетінің фундаменті және музыканы жүзеге асыру.
Балалардың музыкалық шығармашылығында қалыптасуы ол: түрлі және сұлу
әуендегі музыкалық аспаптар; балалар алдында қызығушылық музыкалық-танымдық
мақсат қою, олардың өмірлік және көркемдік әсемдігінің актуалдығы, қор
жинау т.б.; үлкен кісілердің бала шығармашылығына қатынасы, баланың
музыкада өз-өзінің әсерлігі.
Зерттеудің өзектілігі. Музыка – адам мен ұрпақ арасындағы қарым-
қатынас формасы, басқа адамды түсіну тәсілінің ерекшелігі және өзінің
басқаға мәнерлеушілігі. Музыка ерекше қарым-қатынас мәдениеті, ерекше тілі.
Музыкалылығы – адамның музыкалық тілін ерекше сезінуі, музыкалық тілінің
ерекше стилі. Қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде музыкалық білім беру,
музыкалық тәрбие беру баланың шығармашылық талабы мен музыканы қабылдауының
дамуына бағытталған. Балаларға ән айтуды үурету барысында музыкалық көңіл-
күйінің, ой сезімінің, көзқарасының үлкен маңызы бар.
Зерттеу объектісі. Мектеп жасына дейінгі балаларды ән салуға үйретудің
ерекшеліктері мен әдістемесі.
Зерттеу нысаны. Мектеп жасына дейінгі балалар өміріндегі музыканың
орны.
Зерттеу мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балаларға әнді дұрыс ырғақпен
айтуға үйрету және музыкалық қабылдау ерекшеліктерімен таныстыру және
теориялық-әдістемелік тұрғысынан зерттеу болып табылады.
Зерттеу міндеттері:
1. Мектепке дейінгі балаларға ән айту дағдыларын үйрету
ерекшеліктері туралы;
2. Балалардың музыканы қабылдай білу қабілеттілігі жөнінде;
3. Мектепке дейінгі балалардың музыканы қабылдау ерекшеліктерімен;
4. Баланың музыкаға бірінші реакциясы және алғашқы музыкалық тілдің
элементтерін меңгеруі туралы толық мағлұмат беру.
Зерттеу мәселесі – отбасында және мектепке дейінгі ұйымдарда бала
тәрбиесін нәтижелі қарастыру, балаларға ән айтқызып үйрету. Музыкалық
білімдерін қалыптастыру.
Зерттеу пәні – Мектепке дейінгі балаларға ән салуды үйрету.
Зерттеу әдістері – ғылыми–педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге
теориялық талдау, бақылау, байқау; ата–аналар және тәрбиешілермен әңгіме,
сұхбат жасау.
Зертеудің кезеңдері – мектепке дейінгі балалар (орта және ересек
топтағы балалар).
Зерттеу көздері – мектепке дейінгі ұйымдар, балабақшалар және отбасы
тәрбиесі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
1. Балаларға ән үйретудің түрлері мен күрделі тұстарына теориялық
тұрғыда сипаттама берілді;
2. Ән айту дағлыларымен таныстырылды және отбасы тәрбиесінде
ата–ана қарым–қатынасының ықпалын арттырудың тетіктері анықталып
зерделенді,
3. Бала мен ата–ана қарым–қатынасының тәрбиелік ықпалын арттырудың
педагогикалық шарттары белгіленді.
Тәжірибелік маңызы: эксперименттік – тәжірибе жұмысының нәтижелерін
ата–аналардың педагогикалық сауатын ашуда, тәрбиешілердің ата–аналармен
жұмысында, іс – шараларында қолдануға болады. Балалардың музкалық
білімдерінің қалыптасуына және оны күнделікті өмірде пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курс жұмысының белгілі бір құрылымы,
құрамдас бөлімдері бар. Ол кіріспеден, теориялық бөлімдерден, қорытындыдан,
әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 бөлім. Балабақшада балаларға музыкалық тәрбие берудің
мақсат-міндеттері
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды әншілік өнерге баулудың тәрбиелік мәні
Мектепке дейінгі мекемелерде музыкалық тәрбие берудің басты міндеті -
балалардың музыканы дұрыс тыңдап, түсінуге және оны әсерлі орындай білуге
баулу. Орындаушылық шеберлікті шыңдау ән айту дағдыларын жүйелі түрде жолға
қоя білумен тығыз байланысты. Ән салу дағдыларын жүйелі түрде жолға
айтқандай үйренеміз де, ал ән үйрену кезінде оларды пысықтап қайталау
арқылы есте қалдыруды көздейміз.
Ән салу – музыкадағы іс-әрекеттің бір түрі. Ән салуға үйретуде
балалардың музыкалық қабылдау дағдысы басты рөл атқарады.
Алдымен, әннің өзі не дегенге тоқталайық. Ән – музыка мен сөздің
бірлігі ғана емес, осылар арқылы орындаушының өз сезімін білдіруі. Өз
сезімін орындаушы ән арқылы бере алғанда ғана орындалған ән тындаушының
сезіміне әсер етіп, музыка мазмұнын түсінуге жол ашады. Балабақшада ән
салу – әрбір өз сезімін музыка арқылы бере білуі үйренуі, сол арқылы
музыканы тереңірек қабылдау процесі.
Осы орындаушылық шеберлікті меңгере отырып, баланың
музыкалық–теориялық білімі артады.
Бала музыканың ішкі сырын қаныға отырып, кейбір нашар әдеттерден
(қысылу, ұяңдық, сылбырлық , т,б.) арылуға мүмкіндік алады. Әнді
көпшілікке қосылып орындау баланың өзіне деген сенімін оятады, оны жеке
орындауға психологиялық жағынан біртіндеп төселеді .
Баланың орындаушылық шеберлікке жеткізетін көрсеткіштің бірі - ән
репертуары. Ән репертуарына қызықса ғана баланың әнді жақсы орындауға
деген ықыласы артады.
Баланы ән сала білі шеберлігіне үйретуші басты тұлға – тәрбиеші. Ол
балалардың дамуын, жас ерекшелігін ескере отырып, соған сай репертуар
таңдап, жүйелі жұмыс жүргізсе, балалар әнді толғана сезініп, шығарма
мазмұнына үңіле отырып, сол мазмұнын өз даусы арқылы бере біліуге
жаттығады.
Әуенде дыбыс жасау дыбыс аппараттарының құрлысына байланысты.
Балалар даусының ересектер даусынан ерекшелігінің өзі де осында. Бала даусы
жоғары болғанымен, дипазоны шектеулі. Көмекейдің (дыбыс апараттарының)
жоғары орналасуы, қысқалығы мен майысқақ, жұмсақтығы дауыс сипатын
анықтайды.
Баланың әнді жай болса да орнықты, дыбысты толқытпай айтуы табиғи
жеңілдік пен дыбыс бояуын сақтауға көмегін тигізеді. Сонымен, балаларға ән
айтқызуда олардың даусының әлсіздігін, нерв жүйесінің тез шаршап, дауыс
апараттарының жетілмегендігін үнемі естен шығармаған жөн.
Әнді таза айта алмайтын балалармен жұмыс жасау. Мұндай балалардың
барлығы бірдей ән айтуға шамасы жетпейді немесе музыкалық есту қабілеті жоқ
деп қарауға болмайды. Олармен жұмыс жасауды әнді таза айта алмау себебін
анықтаудан бастаған жөн. Балалардың кейбірі әнді қысылып, ұялшақтықтан яғни
психологиялық дайындығының жоқтығынан айта алмаса, енді біреулер естіген
дыбыс биіктігін даусымен бере алмайды. Екінші біреулерінің вокальдық
дағдысының төмен болуы мүмкін. Алайда бұл екі топтағылар да дыбыс биіктігін
анық сезе алатын балалар болып келеді.
1.Әнді таза айта алмаушылардың дауыс регистрі төмен болып, көкірек
резонаторымен айтады да, бұлардың дауысы біртіндеп кіші октавада
қалыптасады. Естігенін жоғары немесе орташа регистрде сәйкестендіре
алмайды.
2.Таза айта алмаушылардың ішінде музыкалық есту қабілеті төмен балалар
кездеседі. Бұлардың дауысын,есіту қабілетін жетілдіру ұзақ уақытты қажет
етеді.
3..Әнді қатты, айқайлап айтқандықтан, дауысы жарықтанып шығатында
балалар кездеседі. Ал жай айту кезінде дауыста қосалқы шуыл пайда болады.
Балалар дауысындағы бұл кемшілік көбіне үйретушінің вокальдық білімінің
төмендігінен және баланы қоршаған ортаның әсерінен (теледидардан, радиодан
тыңдаған концерт), орындаушылардың немесе өз ата-аналарының ән айту
мәнеріне еліктеуден туындайды.
4. Балалардың кейбірінің ән айту қабілетінің төмен болуы музыкаға,
оның ішінде ән айтуға бөлінетін уақыттың шектеулі болуына да байланысты.
Тағы бір себеп-ән айтудың жалпылама хор түрінде жүргізілуінен.
Мұндай балалармен мынадай жұмыстар жүргізілуі тиіс:
1.Бір топта әнді таза айта білмейтін балалардың кімдер екенін анықтап,
музыкада олардың отыратын орнын белгілейді. Мұндай балалардың қасына әнді
таза айта білетін сенімді балалар отырғызылады.
2.Үйретілетін әннің орындауға қиын соғатын бөлігі вокальдық есітуі
нашар балаларға бөлек үйретіледі.
3.Алғашқы үйрену кезеңіндегі әндерді баланың іштей орындауы арқылы
есіту мен дыбыс жасау мүмкіндігі арасында бірлікті қалыптастыру, ішкі
сезімін жетілдіру.
4.Үйретілген әнді сүйемелдеусіз орындату балаға бірыңғай өз дауысын
бақылауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс баланың дауысын жеке бақылау үшін
мұғалімге де тиімді.
5.Бұл топтағы балалардың үйретілген әнді игеру сапасын тексеру кезінде
әнді таза айтатын балалармен бірге сұрау оны қыслып, ұялудан арашалайды.
Ән айту қабілеті төмен балалармен үнемі үздіксіз жұмыс жүргізу баланың
вокальдық сезімінің біртіндеп дамуына жол ашады. Баланың ән айта алмауы
үйретушіге үнемі жауапкершілік жүктейді.
Ән айту жаттығулары негізінде мына төмендегі бағыттарда қолданылады:
а) жаттығулар жасап, дауысты ән айтуға дайындау;
б) балалардың назарын дайындық кезінде шешілуге тиісті көптеген
маңызды, әрі түйінді мәселелерге бағыттап, олардың ынтасын арттыру.
Төменгі топ балаларының дауыс аумағы (диапазоны) аса кең емес.
Сондықтан жаттығуларды да, репертуарды да балалардың дауыс мүмкіндіктерін
ескере отырып таңдаймыз. Оларды тамағына күш түсірмей, әнді айқайламай
айтуға дағдыландыру керек. Осыған байланысты жаттығулар дауыс еркін
жететін дыбыс аумағында (примарная зона) жүргізіледі. Бұл –бірінші
октаваның до- си ноталар аралығы.
Ән айту кезінде ең басты назар аударатын нәрсе – дұрыс тыныс ала білу.
Балаларды дұрыс тыныс алудың негізгі үш ережесімен таныстырамыз:
Дем өте қысқа, әрі жылдам, жеңіл ғана алынады;
Тыныс ала салысымен бір сәт тына қалып, демді айқындап, әнді барлық
бала бір мезетте бастауы керек;
Ән айтқан кезде ауа легін асықпай біртіндеп, әрі бір келкі шығарып
отыру қажет.
Демнің ережеге сай өте жеңіл, қысқа болуын және дем алған кезде
иықтың көтерілуін қадағалаймыз. Ал ыңылдап жабық ауызбен айту үнінің
жинақы және нақтылы шығуына көмектеседі. Алайда бұл әдісті дұрыс орындай
білу қажет: ерінде бірі – біріне сәл ғана жанасып, ал астыңғы және
үстіңгі тістер мүлдем жақындаспай тұруы тиіс. Көмекей ашық (сәл
есінегендей), таңдай көтеріңкі келіп, ауызда кішкентай алма бар сияқты
әсер болуы керек. Сонда дыбыс еркін, әрі жарқындау шығады. Бұл жаттығулар
тамақты қысып айтатын жағымсыз әдеттен арылуға да септігін тигізеді.
Жаттықтыру бірінші октаваның до- ля ноталары аралығында жүргізіледі.
Балаларға үйретілетін келесі негізгі дағды- әнді дыбыс сарынын үзбей,
үнемі жалғастыра, ұластыра әдемі үнмен айта білу. Ол үшін ән өлеңде
кездесетін дауысты дыбыстарды дұрыс қалыптастыра білудің маңызы зор.
Мысалы: ә, е, и, і, а, я сияқты езулік ашық дауысты дыбыстарды
ерінді шеңберлей жинақылап, жабыңқы үнмен айту талап етіледі. Оларды
орындаған кезде еріннің дөңгеленуі, иектің төмен түсіп, таңдайдың жоғары
көтерілу мөлшері, көмекейдің ашылу кеңдігі барлық орындаушыларға бірдей
болып келуі – вокалды хор дикциясының басты шарты. Осы шартты орындағанда
ғана әншілердің үндері бірігіп, таза унисон болып шығады.
Әнде дауыстылармен қатар дауыссыз дыбыстарды да дұрыс айта білу талап
етіледі. Ол үшін дауыстау мүшелерінің жұмысын жақсартатын, атап айтқанда,
ерінге, тілдің ұшына және таңдайға әсер ететін жаттығулар пайдалы. Жылдам
екпінде орындалатын әндердің үзіндісін де осы мақсатта жаттығу ретінде
пайдалануға болады. Әсіресе тез айтылатын әндерді айту тиімді. Осылайша
жаттығулар айтқызу арқылы біртіндеп балалардың дауыс аумағын ұлғайтып, оның
икемділігі мен жүрдектілігін қалыптастырамыз. Балалар әнді бірде баяулатып,
бірде асқақтата шырқай, әр түрлі екпінде және жылдамдықта орындай алуы
тиіс. Әрине, репетиция кезінде ән айту дағдысы үйрету және балаларлардың
дауысын тәрбиелеу мақсатында пайдаланылатын жаттығулар сан алуан.
Ән айту дағдысын қалыптастырудан бұрын балалардың дауыс аппараттарының
кедергісіз, еркін жұмысын қамтамасыз ету міндеті қойылады. Ол үшін денені
дұрыс ұстап отырудың мәні зор: басты төмен салбыратпай немесе өте
шалқайтпай, еркін, түзу ұстау қажет, өйтпеген күнде көмекей қысылып,дауыс
еркін шықпайды.
Дене салмағын екі аяққа тең түсіріп, нық тұру, отырғанда аяққа салмақ
салып, орындықтың шетіне ғана отыру,денені тік,еркін ұстау,әнді отырып
айтқанда қолды тізеге еркін қою қажет.
Әншілердің бүкшиіп отыруы тек дауысқа ғана емес, дене бітіміне де
зиянды әсер етеді. Балалардың омыртқасының майысуына әкеліп соғады,
диафрагмаға салмақ түсіреді.
Тынысты дұрыс алу-вокальдық – ән айту шеберлігін меңгерудің негізі.
Дыбыс жасаудың сапасы вокальдық ән айту шеберлігінің осы түріне
байланысты.Ән айту кезіндегі тыныс алу мен әдеттегі тыныс алудың арасында
үлкен айырмашылық бар.Ән айтуда дауысты дыбыстардың созылыңқы,ұзақ
айтылуына байланысты ауа көп шығындалады.Сол себепті балаларларды дұрыс
тыныс ала білуге үйретудің де маңызы зор.
Жалпы, ән сөздерінің айтылу ерекшеліктері шығарманың мазмұнына,
жылдамдығы мен жанрына байланысты болады. Марш екпініндегі героикалық
немесе патриоттық мазмұнындағы салтанатты әндерде дауысты дыбыстар
іріленіп, қомақтыланып, ал дауыссыздар нық айтылады;
Балалар ән әсерінен туған ішкі жан тебіренісін бет бейнесіне , дауыс
ырғағына, үн бояуына берсе, шығарманы сезіммен әсерлей орындауы тиіс.
1. Барлық дауысты дыбыстарды анық айту. Бұл - балалардың бір дыбысты
екіншісінен ажыратып анық сөйлемеуіне байланысты қойылатын талап.
2. Қосарланып келген екі- үш дауыссыз дыбыстардың барлығында анық,
түсінікті етіп айту. Дауыссыз дыбыстар қосарланып келген кезде буынды
ауырлатпасс үшін соңғы дауыссыз дыбыс бәсеңдетіп айтылады. Бұл дыбыстар
сонымен қатар бір- біріне барынша жақын, қысқа айтылуды талап етеді.
Мысалы: Б.Ғизатовтың Біз өмірдің гүліміз әнінің сөзін алайық;
Зеңгір көктем,
Нұрын төккен,
Ортақ біздің күніміз.
Жайнап өскен,
Жайдары өскен,
Біз өмірдің гүліміз.
Бұл әндегі дауысты дыбыстардың барынша әндете созып, ал дауыссыз
дыбыстардың барынша қысқа орындалуына көңіл бөлінбесе, балалар әнді көбіне
тақпақ тәрізді айтып кетеді.
3. Сөзбен музыкадағы күшті үлестің бәріне бірдей екпін түсірмей,
логикалық екпін түсіру арқылы сөйлеу тұтастығын сақтау.
3. Балалардың ән айту сәтіндегі көңіл күйі: зейінінің шоғырлануы,
қызығушылық сезімінің сақталуы, ерекше күш түсіп, шаршамауы қарастырылады.
Бұған ән айтуға бөлінген уақыт ұзақтығы мен дұрыс жоспарлануы (ән салудың
іс- әрекеттің қай түрінен кейін қойылуы) ықпал етеді.
4. Ән салудағы үйретушінің басшылығы мен бақылауы: балалардың әуендік
және гармониялық есту қабілетін жүйелі түрде жетілдіріп отыру.
Музыка бірнеше іс- әрекеттің түрлерін қамтиды, соның бірі- нотамен ән
салу. Балаларға бұл іс- әрекеттің түрін меңгерту үшін музыканың алғашқа
күндерінен бастап-ақ дайындық жүргізіледі. Нота сауатын өтуді дайындықсыз
жүзеге асыру мүмкін емес. Ал, дыбыс биіктігін түсіне меңгеріп, нотаны
білмейінше әеді айтуды жақсы үйрету қиын. Балаларды біршама уақыт
дыбыстардың биіктігі мен ұзақтығын сезінуге дағдыландырған жөн. Ал, нотамен
ән айтудың уақытын сыныптағы балалардың музыкалық даму деңгейі, дайындығы
шешеді. Дайындық кезінде дыбыстың ұзақтығы мен биіктігі жөнінде мәлімет
түрлі көрнекіліктер, танымдық қимылдар немесе графикалық жазулар арқылы
беріледі.
Әннің дыбыс биіктігін, ырғақтық ерекшелігін оңай меңгере бастағанда
оларды нота аттарымен таныстыруға мүмкіндік туады.
Нота сауаты бойынша әрбір жаңа материал осы тақырыбына байланыстырылып
алынған музыкалық сүйене отырып өтіледі.
Нотамен ән айтудың алғашқы кезеңінде дауыс жаттығуына арналған бір
қайырым әндер алынады. Бұл әндердіің шағын көлемі баланың тезірек
меңгеруіне, дыбыс биіктігі лад басқыштарының тартылыс заңдылықтары
жөніндегі түсінігін қалыптастыруға қолайлы.
Балалар ән айтуға дауыс жаттығуы арқылы дайындалып, белгілі бір
вокальдық дағдыны меңгеруге бағытталады. Ғ. Қарамолдаева бұл жөнінде:
Жаттығуларды өз алдына оқшау нәрсе емес, күрделі де қиын, әншілік өнерге
баулудың негізгі құралы деп қараған жөн. Қандай жаттығу болмасын, вокальдық-
техникалық талаптарды жүзеге асырып қана қоймай, сезімталдықты баулуды
қанағаттандыруы тиіс - дейді. Ән айту дағдыларын қалыптастырудағы
вокальдық жаттығулардың рөлі деген мақаласында ол қ дыбысынан басталған
жаттығулардың дауыс аппаратын активтендіретіні, ал г, к дыбыстары
таңдай дыбыстары болғандақтан дауыстың жоғары позицияда шығуын, у дыбысы
дауыс аппараттарын бастауға көмегін тигізетінін айтады. Дауыс жаттығуы
ретінде шағын әндерді, үйретілетін әндердің вокальдық орындау тұрғысынан
қыйындық тудыратын бөлігінен үзінді, бір дыбысқа құралған әуенмен
жаңылтпаштар алуға болатындығын мысалдар арқылы дәлелдеп көрсетеді. (ле,
ля) байланысты орындату бастауыш сыныптың балаларын қызықтыра қгоймайды.
Сондықтанда вокальдық ән айту дағдыларын меңгеруге септігін тигізетін
дыбыстан басталатын түрлері өлеңнен алынған үзінділер арқылы орындатқан
тиімді.
Тыңдалатын шығарманың әуендік ерекшелігі мен сипатын аша алатындай
шағын бөлшектерді дауыс жаттығуы ретінде орындату музыкалық шығарманы
баланың тұтастай қабылдауын жеңілдетумен бірге оның сезіміне,көңіл күйіне
әсер етеді.
Музыкада жаңылтпаштар айтқызу баланың ән мақамын анық айтуына көмегін
тигізеді:
Көп көкек, Көкектеп ,
Көптен келді. Көкек кеп,
Көктен көк, Көктем келді.
Жаңылтпашты айтқызуға сөздің анықтығымен бірге біршама - өлеңдете
орындалуын мән берілгені жөн.
Ас аспай бас аспазшы,
Ас асты жас аспазшы.
Жаңылтпаштағы с, ш дыбыстары қысқа айтылуы керек .
Кейде сөздердің жазылуы мен айтылуы сәйкес келмейді, яғни нота саны
мен буын саны дәл емес. Мұндай жағдайда әдеби тілімізде эпонтеза, протеза
деп аталатын фонетикалық заңдылықтарды пайдаланамыз: р, л, ш
дауыссыздарының алдына і немесе ы дауысты дыбыстарын қосып, буын мен
нота санын туралаймыз. Бұл ережелерді әсіресе жылдам айтылатын әндерде
бұлжытпай орындау қажет.
1.2. Балалардың әншілік дағдылары мен шеберліктерін қалыптастырудың
міндеттері
Музыкалық қабілет – баланың өзіндік тұлғалығының психологиялық
қасиеттері: музыка саласындағы оқуы, музыканы қабылдауы, орындауы, музыка
жазуы (шығаруы). Ал музыкалық қабілет адамда аса жоғары деңгейдегі
бейнелеушілігі музыкалық дарындылығы дейді.
Музыкалық қабілет – жеке тұлғалық - психологиялық қасиетінің өз
алдындағы кешені. Ал енді, музыкалық қабілет деп айту сандық аспект емес,
сапалық аспектінің сәулеленуі, адам мен музыканың психологиялық
байланысы. Сондықтан, музыкалық қабілет, музыкалық әуесқойлық, ерекше
қасиет, қабылдауының сапасы, уайымдауы және музыканы орындауы.
Музыкалық дарынды адамдардан музыкаға әуесқой адамдар басым.
Музыкалық әуесқойлықты дамытуға болады. Ол адамның нақты ісінде дамиды
және қалыптасады. Оған музыкалық есту сезімі, музыканың сұранысы, музыкалық
әсерлігі, музыкалық белсенділігі және мәнерлеушілік орындаушылығы жатады.
Амузия деген ұғым - керісінше, музыкаға деген ешқандай қабілеті
жатпайтын, ол адамдардың саны 2-3 пайызды құрайды (қабылдаудың бұзылуы және
дыбыс биіктілігінің нашар сезімділігі – ой-сезім бірлігінің дыбыс
бірізділігі).
Қабылдай ала алмайтындығы – адамның мінезі, музыкалық әрекетін
қабылдамайтындығы, қарсылығы. Ол нәтиженің тілегі мен жұмысының қажырлығы
болмағандықтан.
Адамда бірдеме бар (задатки) – адамдардың қаблеттілігінің табиғи
негізіндегі түрлері (ұрпақтылық, табиғи пайда болуы, жас өсуіне байланысты
және әлеуметтік-мәдениеті, оларды бір-бірінен айыру қиын).
Психологтар музыкалық қабілетті 150 жылдай зерттеп келеді. Бірақ та
осы күнге дейін әлі біржүйелі көзқарастар жоқ, не оның табиғаты, не оның
құрылысы, не негізгі түсініктерінің мазмұны, осы құралдар арқылы
психологтардың музыкалық қабілет, дарындылығы дегені не?
Н.А.Римский-Корсаков: ... музыкалық қабілетке ... ырғақтық және
гармониялық есту сезімін жатқызады, бұл саздылығын, күйін есту, екпін мен
өлшемді сезінуі, тональдықты сезінуі т.с.с.
Б.М.Теплов: ... сазды сезінуі, есту сезімінің қабілеттілігі, ырғақ
сезімі. Америкалық психолог К.Сишор: ... қандай да болсын музыкалық
қабілеттілік, ол адамның дыбыс биіктігін, бояуын, күштілігін, ұзақтылығын
айыра білу қабілеті: биіктікке, бояуына, есту сезімінің әуен мен гармонияны
қабылдауы және қандай да болсын дыбыс биіктігінің вариациясын сезінуі
Неміс психологі Г.Ревеш: ... музыкалық қабілет - ол жай ғана есту
сезімі, аккордты сезінуі (аккордтың негізгі түрі, оның ауысуы, дыбыс
бірлестігін, тональдықты сезінуі), берілген әуенді, таныс әуенді жатқа
орындауы, шығармашылық қиялы
Сондықтан, музыкантта, жай адамда музыкалық қабілеттің психологиялық
құрылысының ерекше айырмашылығы болады: музыканттарда – жеке психологиялық
функция мен қасиеттерін нәзік те күрделі байланысын сезінуі, сонда жеке
тұлғаның көркемдік стилі қалыптасады. Және де музыкалық қабілетінің
психологиялық құрылысы нақты музыкалық мамандыққа байланысты (аспасшы,
әнші, композитор), музыкалық аспаптың ерекшелігі, нақты кәсіби әрекетінде
(жеке, оркестрде). Кім дыбыстың биіктігін жақсы сезеді: скрипкашы, дирижер,
сыбызғышы, не пианист пе? Осы үлгі арқылы музыкалық қабілетінің қарапайым
және күрделі түрлері байқалады.
Қарапайым музыкалық қабілет (дыбыс биіктігін сезуі, сазды, ырғақты
сезуі) – музыкалық қабылдауды, орындаушылық, әндетудің мүмкіншілігі.
Күрделі музыкалық қабілеттілік – кәсіби музыкалық іс-әрекетінде
(композиторлық, орындаушылық), музыкалық форманы сезінуі, стильді байқауы,
музыкалық дарындылығы.
Сондықтан айтуға болады – қаншама музыкалық дарынды адамдар, жай ғана
музыканы сүйетін адамдар болса, соншама музыкалық қабілетінің құрылымы
болады.
Музыкалық қабілет құрылым өтімінің (компенсациясының) 4 түрі бар
(дамуы мен адамның қабылдау мүмкіншілігі):
- білім мен икемділік арқылы қалыптасуы (үлгі – парақтан нотаны
оқуының дамуы, осы кезде білімділік пен икемділік жаңа психологиялық
механизмді құрайды);
- жекеменшік стилі мен әрекетінің тәсілі (баяу бала өзінің екпіні
арқылы еңбегінің жоғары деңгейінде ұтады (тиянақты, дәл жоспарлауы,
бірізділігі, мақсат бағыттылығының әрекеті);
- өтімінің (компенсация) қабылдаушылығы арқылы мүмкін (қабылдауының
жылдамдығынан зейінін реттеуі);
- музыкалық қабілетінің жеке компонентінің қатысы арқылы болуы мүмкін
(бір музыканта гармониялық есту сезімі фактура-гармониялық жағынан, ал
басқа музыкантта - әуенділік не сазгармоникалық).
Ізденіс жұмысының арқасында балада музыкалық ырғақ қатынасы ерте
қалыптасады (9-10 айда – Б.М.Теплов). Балада музыкалық ырғақ элементі дене
қимылынан бастап музыканың ырғақ қысымына қосылады.
Г.А.Ильин: ... баланың бірінші музыка туралы түсінігі ырғақтық
қабылдауы. 2,5 – 3 жаста бала музыка уақытының теңдігін байқайды, қарапайым
ырғақтарды қабылдайды (екі кішкене ұзақтық және бір ұзағырақ ұзақтықты). 3
- 5 жаста әндеткенде ырғақтық қимылмен жүреді. 6 – 7 жаста, біріншіден,
музыканың әсерлік (динамикалық) және ырғақтың жағын сезеді, ал әуені мен
гармониясын нашар қабылдайды
Музыкалық-ырғақтық үлгілер жүйесі арқылы музыкалық ырғақ сезімі дамиды
және қалыптасады. Олар: екпіні жай, орташа, жылдам. Екпін, метр және
ырғақтық сурет – міне, ол музыкалық сипатын білдіреді (6 – 7 жасар
балалар). Метр - 24, 44 және ¾ ырғақ өлшемдер арқылы. Екпіндік сезімі –
дыбыс қатарларының жүрісін қабылдау (екпіні жай, орташа, жылдам).
Балалардың ырғақтық сурет сезімі баяу дамиды, ауырлау. Музыкалық
әрекетіндегі басты және тез алда дамуы – ол музыкамен музыкалық жүріс.
Музыкалық жүріс – бұл ерекше әрекет, барлық музыкалық қабілет жүйесінің
дамуы, алда жүретіні – ырғақ сезімі.
Музыкалық жүріс – халықтық, тұрмыстық, сахналы би және ырғақтық
гимнастика мен аэробика т.б.
Музыкалық есту қабілет және мектепке дейінгі балаларда қалыптасуы.
Музыкалық есту сезімі - музыкалық қабілетінің негізі. Ол дыбыс биіктік есту
сезімі, оның ішінде тембрлік, динамикалық. Дыбыс биіктік есту сезім
бірдауысты әуен болса, оны әуенді дейміз. Сондықтан, баланың әуенді таза
алуының қалыптасуы мен дамуы 6 кезеңнен тұрады.
Бірінші - бала жай ғана әннің сөзін бір қалыпты ырғақта айтады, ол
берілген әннің ырғағымен сәйкес келсе.
Екінші – бала әуеннің бір-екі дыбысын таниды, сол бір-екі дыбысқа
әуенді әндетеді.
Үшінші - әннің жалпы жүрісін таза алуда.
Төртінші – жалпы жүрісіндегі таза алудағы әуеннің кей бөлімдерін таза
алады.
Бесінші - әуен таза алынады. Осы бес кезең фортепиано сүйемелдеумен
қалыптасады.
Алтыншы – сүйемелдеудің керегі жоқ; бала әуенді сүйемелдеусіз таза
орындайды.
Біреулері ішкі есту сезімді есту елесінде ертеде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түрлі сипаттағы музыкалық шығарманы ажыратуға, кейбір балалар композиторларының шығармаларын атауға үйрету
Бейнелеу өнерінің қысқаша тарихы
Бала бақшадағы бейнелеу өнер сабақтарында сәндік өнерді оқытудың маңызы
Ертегі мазмұны бойынша балаларды сурет салуға үйрету
Бейнелеу өнерінің тарихы
Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық мәдениетке тәрбиелеудің жүйесі
Ертегі мазмұны бойынша ересек балаларды сурет салуға үйрету
Мүсіндеу өнерінің бөлімдері
Балалардың музыканы қабылдай білу қабілеттілігі жайында
Балауыз бояуымен бояу өнері
Пәндер