Ажырайтын немесе ажырамайтын қосылыстар



Кіріспе ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
1. Ажырамайтын қосылыстар ... ... 4
2. Ажырайтын қосылыстар ... ... ... ... ... ... ... 8
3. Бұрандалардың негізгі өлшемдері, профильдері және белгіленулері ... ... ..10
4. Тетіктердің жұмыс сызбасына қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
5. Тетіктер қосылыстарының кескіндері ...17
6. Бұрандалардың қолданылуы ... ... ... ... ... 24
Қорытынды ... ... ... ... ... .26
Пайдаланылған әдебиеттер
Әр түрлі машиналардың механизмдерінде кездесетін қосылыстарды типтік қосылыстар деп атайды. Оларды станоктар, автоматтық желілер және т. б. жасауда пайдаланады. Типтік қосылыстарды қолдану, машиналарды құрастыру және жасау жұмыстарын әлдеқайда жеңілдетеді. Сызуда тетіктердің типтік қосылыстарының кескіндерін жиі қарастыруға тура келеді.
Тетік қосылыстардың түрлері тетіктердің қосылыстары ажыратылатын және ажыратылмайтын болып бөлінеді. Техникада тетіктердің мынадай негізгі қосылыстарын қолданады: болтты шпилькалы, шпонкалы, тойтармалы (заклепка), штивті, дәнекерлі, бұрандалы.
Бірнеше детальдардан тұратын бұйымдардың кескіндері және оларды құрастырып, тексеруге арналған мәліметтер бар сызбаларқұрастыру сызбалар деп аталады.
Техниканың дамуына байланысты детальдардың қарапайым қосылыстары жетіле түсті.Олар көптеген механизмдерде пайдаланылады.
Әр түрлі машиналардың механизмдерінде қайталап кездесе беретін қосылыстарды типтік қосылыстар деп атайды.Олар станоктарды, автоматтық линияларды және т.б жасағанда қолданылады.
Сызуда детальдардың типтік қосылыстарының кескіндерін жиі кездестіруге тура келеді.
1. Нәби Ы.А. Сызба геометрия және инженерлік графика. - Алматы: Мектеп, 2005.
2. Нәби Ы.А., Есмұхан Ж.М., Дүйсенов С.А. Машина жасау сызуы: Техникалық оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: РОНД, 2004. – 200 б.
3. Жаңабаев Ж. Инженерлік және компьютерлік графика. - Алматы: Мектеп, 2005.
4. Мұқашев М.Ш., Дүйсенов С.А., Қалиев Б.З. Инженерлік графика.1-бөлім. Сызба геометрия. Оқу құралы - Алматы: АЭжБИ, 2003. – 81 б.
5. Мұқашев М.Ш., Дүйсенов С.А., Қалиев Б.З. Инженерлік графика. 2-бөлім. Техникалық сызу. Оқу құралы. - Алматы: АЭжБИ, 2004. – 86 б.
6. Динасылов А.Д., Тойбаев С.Н. Инженерлік және компьютерлік графика. AutoCAD компьютерлік жүйесіне кіріспе. Оқу құралы. - Алматы: АЭжБИ, 2007. – 90 б.
7. Романычева Э.Т., Соколова Т.Ю., Шандурина Г.Ф. Инженерная и компьютерная графика.- М.: ДМК Пресс, 2001.
8. Есмұханов Ж.М. Сызба геометрия. - Алматы: Мектеп, 1997.
9. Нәби Ы.А. Компьютерлік графика негіздері. - Алматы: Бастау, 2009.
10. Дүйсенов С.А., Мұқашев М.Ш., Төлбаев Ә.Ә. Инженерлік және компьютерлік графика геометриялық тұрғызулар. - Алматы: АЭжБИ, 2003.
11. Дінасылов А.Д., Төлбаев Ә.Ә., Яхъяев Э.А. Инженерлік және компьютерлік графика.Айналу беттердің өзара қиылысуы. - Алматы: АЭжБИ, 2004.
12. Дінасылов А.Д., Төлбаев Ә.Ә., Яхъяев Э.А. Инженерлік және компьютерлік графика.Айналу беттердің қиылысуы. - Алматы: АЭжБИ, 2004.
13. Дүйсенов С.А., Мұқашев М.Ш., Қалиев Б.З. Инженерлік және компьютерлік графика.Сызбаларды тұрғызу теориясы бойынша есептерді шығару. - Алматы: АЭжБИ, 2003.
14. Мұқашев М.Ш., Досаева А.Б. Инженерлік және компьютерлік графика. Аксонометриялық проекциялар. - Алматы: АЭжБИ, 2007.
15. Мұқашев М.Ш. Инженерлік және компьютерлік графика. Кескіндер – түрлер, тіліктер,қималар. 1-бөлім- Алматы: АЭжБИ, 2008.
16. Мұқашев М.Ш. Инженерлік және компьютерлік графика. Кескіндер – түрлер, тіліктер,қималар. 2-бөлім- Алматы: АЭжБИ, 2008.
17. Динасылов А.Д., Досаева А.Б., Яхъяев Э.А. Инженерная и компьютерная графика. Общие правила выполнения электрических схем. Методические указания к выполнению семестровых работ. - Алматы: АЭжБИ, 2006.

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
" Ажырайтын немесе ажырамайтын қосылыстар"

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім
1. Ажырамайтын
қосылыстар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...4
2. Ажырайтын
қосылыстар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...8
3. Бұрандалардың негізгі өлшемдері, профильдері және
белгіленулері ... ... ..10
4. Тетіктердің жұмыс сызбасына қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
5. Тетіктер қосылыстарының кескіндері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
6. Бұрандалардың
қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .27

Кіріспе
Әр түрлі машиналардың механизмдерінде кездесетін қосылыстарды типтік
қосылыстар деп атайды. Оларды станоктар, автоматтық желілер және т. б.
жасауда пайдаланады. Типтік қосылыстарды қолдану, машиналарды құрастыру
және жасау жұмыстарын әлдеқайда жеңілдетеді. Сызуда тетіктердің типтік
қосылыстарының кескіндерін жиі қарастыруға тура келеді.
Тетік қосылыстардың түрлері тетіктердің қосылыстары ажыратылатын және
ажыратылмайтын болып бөлінеді. Техникада тетіктердің мынадай негізгі
қосылыстарын қолданады: болтты шпилькалы, шпонкалы, тойтармалы (заклепка),
штивті, дәнекерлі, бұрандалы.
 Бірнеше детальдардан тұратын бұйымдардың кескіндері және оларды
құрастырып, тексеруге арналған мәліметтер бар сызбаларқұрастыру
сызбалар деп аталады.
Техниканың дамуына байланысты детальдардың қарапайым қосылыстары
жетіле түсті.Олар көптеген механизмдерде пайдаланылады.
Әр түрлі машиналардың механизмдерінде қайталап кездесе беретін
қосылыстарды типтік қосылыстар деп атайды.Олар станоктарды, автоматтық
линияларды және т.б жасағанда қолданылады.
Сызуда детальдардың типтік қосылыстарының кескіндерін жиі кездестіруге
тура келеді.
Енді детельдардың қосылыстарының түрлерімен танысайық.Деталь
қосылыстар ажырайтын және ажырамайт ынболып екіге бөлінеді.
Ажырайтын қосылыстар екіге бөлінеді: 1-қозғалмайтын қосылыстар, 2-
қозғалмалы қосылыстар болып.

Негізгі бөлім
1. Ажырамайтын қосылыстар
Бөлшектерді пісіріп (балқытып) біріктіру
Қазіргі уақытта ажырамайтын қосылыстардың ішіндегі негізгісі
бөлшектерді өзара пісіріп (балқытып) біріктіру болып табылады. Пісіріп
біріктірудің көптеген түрлері мен оларды орындау әдістері бар. Олардың
ішіндегі кең тарағандары электрдоғалы және газбен пісірулер.
Электрдоғалы және газбен пісіріп біріктірулерді жалғастырылатын
бөлшектердің өзара орналасуына байланысты төмендегідей түрлерге бөледі:
түйістірілген (С), бұрыштық (У), тавролық немесе Т әріпі тәрізді (Т),
беттестірілген (Н).
Өзара біріктірілетін бөлшектердің дайындалған жиектерінің сыртқы
пішініне және пісірілген жерінің өзгешілігіне байланысты, пісіріп
біріктірулерге әріп пен саннан тұратын тиісті белгілеулер ұсынылған,
мысалы,
С1, С2, У3, Т2, Н4 және т.с.с. Пісірілген жерлердің типтері мен
олардың конструкциялық элементтері стандартталған. Мемлекеттік стандарт
ГОСТ 2.312-72 –ге сәйкес сызбаларда көрінетін пісірілген жер негізгі
сызықпен кескінделеді (1 – сурет).

1-сурет

Пісірілген жерлердің типтері
Көрінетін пісірілген жердің шартты белгілеуі шығару сызығының
сатысының үстіне, ал көрінбейтін пісірілген жердің – астына жазылады (1 –
сурет). Шығару сызығы бір жақты стрелкамен басталып пісірілген жердің
кескінінен жүргізіледі (1,2 – суреттер).

2-сурет
Пісірілген жердің шартты белгіленуінде сызбада төмендегідей
мағлұматтар көрсетіледі (2 – сурет):
1 – пісірілген жерлердің типтері мен конструкциялық элементтерінің
мемлекеттік стандарты;
2 – мемлекеттік стандарт бойынша пісірілген жердің әріп пен саннан
тұратын белгіленуі;
3 – мемлекеттік стандарт бойынша пісіріп біріктірудің орындалу
тәсілінің шартты белгіленуі;
4 – “” таңбасы және пісірілген жердің катетінің өлшемі;
5 – үзік-үзік пісірілген жердің пісірілетін бөлігінің ұзындығы, “ ”
немесе “ Z ” таңбалары және қадамы;
6 - ″″, ″″ немесе ″ ″ көмекші таңбалары;
7 - ″ ″ немесе ″ ″ көмекші таңбалары.
Пісірілген жердің шартты белгіленуінде қолданылатын кейбір көмекші
таңбалар төмендегідей мағынаны білдіреді:
 - пісірілген жер бұйымды жинау кезінде орындалады;
- тізбек орналасқан үзік-үзік пісірілген жер;
Z – шахмат тәрізді орналасқан үзік-үзік пісірілген жер;
 - тұйық сызық бойымен пісірілген жер.
Егер сызбада бірнеше бірдей пісірілген жерлер кескінделсе, онда
олардың белгіленулері бірақ рет көрсетіледі де, пісірілген жерлердің қалған
кескіндерінен шығару сызықтары жүргізіліп, сатыларына пісірілген жердің
реттік нөмірі жазылады. Ал бірдей пісірілген жерлердің жалпы саны
белгіленуі көрсетілген шығару сызығында көрсетіледі (1 – сурет).
Бөлшектерді дәнекерлеп және желімдеп біріктіру.Бөлшектерді өзара жеңіл
балқитын қортпалардың (припой) көмегімен біріктіру дәнекерлеу, ал желімнің
көмегімен біріктіру желімдеу деп аталады.
Сызбаларда дәнекерленген және желімделген жерлер ГОСТ 2.313-82-ге
сәйкес қалыңдығы 2S –қа тең тұтас сызықпен кескінделеді (4.3, 4.4 –
суреттер).
Дәнекерлік және желімдік қосылыстарды белгілегенде шығару сызығына
тұтас негізгі сызықпен төмендегідей таңбалар қойылады:
( - дәнекерлік қосылыста (3 – сурет);
K - желімдік қосылыста (4 – сурет).
Егер жоғарыда аталған қосылыстар тұйық сызық бойымен орындалса, онда
шығару сызықтары диаметрлері 3...5 мм болатын жіңішке сызықпен сызылған
шеңберлермен аяқталады (3, 4 – суреттер).

3-сурет

Дәнекерлік қосылыстың сызбада кескінделуі және белгіленуі

4-сурет

 Қортпа (припой) немесе желімнің белгілі бір стандарт бойынша
белгіленуі сызбаның техникалық талаптарында көрсетілуі тиіс. Мысалы ″ПОС 40
ГОСТ ...″, немесе ″Желім БФ-2 ГОСТ ...″, т.с.с.
Желімдік қосылыстың сызбада кескіленуі және белгіленуі

5-сурет

2. Ажырайтын қосылыстар
Бұранда деп белгілі бір жазық контурдың цилиндрлік немесе конустық
бетпен винтті қозғалысынан пайда болған бетті айтады.
Бұрандалар бірнеше белгілері бойынша 6 – суретте көрсетілген схемаға
сәйкес топтастырылады.
Схемаға қосымша айтарымыз, барлық бұрандалар екі топқа бөлінеді:
стандартталған және стандартталмаған.
Бұрандаларды сызбаларда ГОСТ 2.311-68 – ге сәйкес шартты түрде
кескіндейді.
Стерженьдегі бұранданы былайша кескіндейді: бұранданың сыртқы
диаметрімен қалың негізгі сызықпен және ішкі диаметрімен тұтас жіңішке
сызықпен.

6-7 сурет

8 сурет

Тесіктегі бұранданы бұранданың ішкі диаметрімен қалың негізгі сызықпен
және сыртқы диаметрімен тұтас жіңішке сызықпен көрсетеді

9-сурет

Стерженнің немесе тесіктің осіне параллель жазықтыққа проекциялау
арқылы алынған кескіндерде тұтас жіңішке сызық бұранданың ұзына бойына
жүргізіледі. Стерженнің (тесіктің) өсіне перпендикуляр жазықтыққа
проекциялау арқылы алынған кескіндерде ішкі (сыртқы) диаметрмен тұтас
жіңішке сызықпен шамамен шеңбердің 34 бөлігіне тең доға жүргізіледі. Доға
кез келген жерден үзілуі мүмкін
Бұранданың кескінінде жіңішке сызықты негізгі сызықтан кемінде
0,8 мм – ден бұранданың қадамының өлшеміне тең аралықта жүргізеді.
Профилі стандартталмаған бұранданы 8 – суреттегі әдістердің бірімен
барлық қажетті өлшемдерін қойып көрсетеді. Өлшемдерінен басқа сызбада
бұранданың кіріс саны, сол бағыты және т.б. қосымша мағлұматтар бұранда
деген сөзді қоса көрсетіледі.

10-сурет

Бұрандалы қосылыстардың айналу өсьтеріне параллель жазықтықтағы
тіліктерінің кескіндерінде тесіктегі бұранданың тек қана стерженнің
бұрандасымен жабылмаған бөлігі көрсетіледі

3. Бұрандалардың негізгі өлшемдері, профильдері және белгіленулері

Стандартты бұрандалардың барлық түрлері сызбада бірдей кескінделеді,
сондықтан кескіні бойынша олардың түрін ажырату мүмкін емес. Бұранданың
түрі, оның негізгі өлшемдері және оны жасауға қажетті басқа да мағлұматтар
бұранданың белгіленуі аталатын ерекше жазумен көрсетіледі.
Бұранданың негізгі өлшемдері мыналар:
d – сыртқы бұранданың сыртқы диаметрі (болттың);
D – ішкі бұранданың сыртқы диаметрі (гайканың);
d2 – болттың орта диаметрі;
D2 – гайканың орта диаметрі;
d1 – болттың ішкі диаметрі;
D1 – гайканың ішкі диаметрі;
P – бұранданың қадамы;
n – кіріс саны;
nP – бұранданың жүрісі, гайканың бір айналғандағы өстің бойымен
жылжуы.
Енді қысқаша бұрандалардың профилдері мен белгіленулеріне тоқтала
кетелік.
Техникада ең көп қолданылатын метрлік бұрандалар. Метрлік бұранданың
профилі төбесіндегі бұрышы 600 болатын теңбүйірлі үшбұрыш (ГОСТ 9150-81).
Бұранданың сыртқы, орта және ішкі диаметрлерінің негізгі өлшемдері ГОСТ
24705-81, диаметрлері мен қадамдары ГОСТ 8724-81, жасалынуының дәлдік
дәрежесі ГОСТ 16093-81 мемлекеттік стандарттарында белгіленген.
 

11-сурет

Белгілі бір диаметрдегі метрлік бұранда бір ірі және бірнеше ұсақ
қадамды болып жасалуы мүмкін. Мысалы, диаметрі d = 20 мм бұранданың ірі
қадамы әруақытта да 2,5 мм, ал ұсақ қадамы 2; 1,5; 0,75 немесе 0,5 мм болуы
мүмкін. Сондықтан метрлік бұранданың белгіленуінде ірі қадамы
көрсетілмейді, ал ұсақ қадамы міндетті түрде көрсетіледі. Сонымен қатар
бұранданың белгіленуінде шектік өріс (ГОСТ 16098-81) және LH әріптері
көрсетіледі, егер бұранда сол болса.
Бұранданың белгілену мысалдары:
а) диаметрі 20 мм сыртқы бұранда (стерженьдегі) – М20-6д; М20 LH-6д;
М201,5-6д; М201,5LH-6д. ә) диаметрі 20 мм ішкі бұранда
(тесіктегі) – М20-6H; М20 LH-6H; M201,5-6H; M201,5 LH-6H. б) көп
кірісті бұранда – М2410(Р1)-6д, бұл жерде 10 – бұранданың жүрісі, 1 –
қадамы, 6д – сыртқы бұранданың шектік өрісі (дәлдік дәрежесі).
Құбырлық цилиндр бұрандалар (ГОСТ 6387-81) су, газ құбырларында,
оларды өзара қосатын бөлшектерде (муфта, фитинглерде), шүмектерде және т.б.
жерлерде қолданылады.

12-сурет

Сыртқы және ішкі құбырлық бұрандалардың профилдері ортақ, ұштары
дөңгелек келеді (11 – сурет). Сол себепті де мұндай бұрандалы қосылыстар
неғұрлым саңылаусыз (ауа кірмейтіндей) болып келеді. Бұранданың
белгіленуіне G - әріпі, бұранданың дюйммен берілген өлшемі, бұранданың орта
диаметрінің дәлдік дәрежесі – А немесе В және бұралатын бөлігінің ұзындығы
(егер ол стандартта белгіленгеннен артық болса) енеді.
Мысалы:
G ¼ - A; G ½ LH – A;
G ⅜ LH – B – 40; G ⅜ - A – 20,
бұл жерде 20 және 40 сандары
12 – сурет бұралатын бөлігінің ұзындықтары, мм.
Құбырлық бұранданың белгіленуіндегі оның дюйммен берілген өлшемі
шамамен құбырдың өткізушілік қабілетін есептейтін ішкі диаметрінің дюймға
айналдырылған өлшеміне тең.

13-сурет
Сондықтан құбырлық бұранданың белгіленуін 13 – суретте көрсетілгендей
қылып шығару сызығының сатысына жазады.
Трапециялық бұранда ерсілі – қарсылы қозғалысты беретін винттерде
қолданылады. Трапециялық бұранданың профилі бүйір қабырғаларының арасындағы
бұрышы 300болатын тең бүйірлі трапеция (ГОСТ 9484-81). Трапециялық
бұрандалар бір немесе бірнеше кірісті болады.
Белгілену мысалдары:
а) бір кірісті – Тr 40 6 - 8e;
ә) бір кірісті, сол – Tr 40 6LH - 8e;
б) көп кірісті (үш кірісті) – Tr 40 9(P3) - 6e.
бұл жерде 40 – диаметрі, 9 – бұранданың жүрісі, 3 – қадамы, мм.
Тіректік бұрандалар бір бағыттағы күштер түсетін, винттерде
қолданылады, мысалы домкраттарда. Бұранданың профилі және негізгі өлшемдері
ГОСТ 10177-82, ал шектік өрісі ГОСТ 25096-82 бойынша анықталады.
Белгілену мысалдары:
S 80 20 – 7h;
S 80 20LH – 7h;
S 80 20(P5) – 7h,

14-сурет
бұл жерде 80 – диаметрі, 20 – жүрісі, 5 – қадамы.
Аса үлкен күштерге арналған немесе диаметрі 80 ... 2000 мм винттерде
профилінің бұрышы 450 болатын тек қана бір кірісті тіректік бұрандалар
қолданылады
(ГОСТ 13535 – 87). Олар былай 14 – суретбелгіленеді: S
200 12 450 ГОСТ 13535-87, 12 – бұранданың қадамы. Тік бұрышты
бұрандалар винттер, домкраттар, пресстер және т.б. механизмдерді жасағанда
пайдаланылады. Тік бұрышты бұрандаларды қолданғандағы негізгі мақсат винтке
түскен күштен оның өз бетімен бұралып кетпеуі. Бұл бұранданың профилі
стандартталмағандықтан, сызбада оны жасауға қажетті барлық өлшемдері
көрсетіледі.

15-16 – сурет

17-сурет

кейбір кең тараған бұрандалардың сызбада кескінделуі мен белгілену
мысалдары келтірілген (а – ірі қадамды метрлік; ә - ұсақ қадамды метрлік; б
– құбырлық цилиндрлік; в – құбырлық конустық ішкі; г – екі кірісті
трапециялық; ғ – тіректік; д – дөңгелек Эдиссон бұрандасы; ж – тік
бұрышты). Жоғарыда көрсетілген бұрандалар мен қатар машина және прибор
жасауда бұрандалардың басқа да түрлері қолданылады.Мысалы : оптикалық
приборлар үшін окулярлық бұрандалар (ГОСТ 6359-75); диаметрі 1 мм-ден кіші,
дәл механиканың құралдарында қолданылатын метрлік бұрандалар (ГОСТ 9000-
81); жоғары қысым мен температурада жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Машинаның бөлшектері мен тораптары бірімен - бірі қосылыс түрлері
Ферменттер және коферменттер
Пісіру процесінің мәні
ЗИЛ – 130 автомобилінің су сорғысын жөндеу
Құрастыру сызбасы
Пісірудің даму тарихы
Жасалған бұйымдар мен конструкторлық құжат түрлері
Толқын өткізгіш - коаксиалды ауысу
Кәбіл трассасын ескеріп желі топологиясын таңдау
Қосылыстарды есептеу
Пәндер