Қаржылық тұрақтылықты нығайту «Байсерке агро» ЖШС-нің мысалында


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ. . 3

I. КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1. 1 Кіріс және шығыстың теориялық негізі. . 5

1. 2 Кірістер мен шығыстардың есептілігі 7

II. КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАР ЕСЕПТЕРІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

2. 1 Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті . . . 9

2. 2 Негізгі құралдардың кіріс есебі. . 12

2. 3 Негізгі емес қызметтер бойынша шығыстардың есебі. . 15

2. 4 Кезең шығыстарының есебі. . 21

3. «Байсерке Агро» ЖШС-нің кірісі мен шығысын есептеу

3. 1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатына сипаттама. . 27

3. 2 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капитал есебін ұйымдастыру………. 29

3. 3 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталын талдау49

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 64

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда болуы бастауына сәйкес әрбір мекеменің, кәсіпорынның және фирманың табыстарымен шығыстары бухгалтерлік есеппен байланысты есептеліп отырады.

Кірістің сан қырлы мәні, маңызы экономикалық нарық шаруашылығының негіздеріне көшуіне қарай күшейе түсуде. Істің мәні мынада болып отыр: қаржылық дербестік пен тәуелсіздікке ие болған әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер мен аударымдары төленгеннен кейін қалған пайданы қай мақсаттарға және қандай көлемде жұмсауға құқығы бар.

Бүгінгі кәсіпорындарда кірістер мен пайданың толып жатқан жүйесі іс-әрекет етеді. "Қосымша құн" мен "Пайда" категорияларының экономикалық мазмұны іс жүзінде бара - бар. "Табыс" категориясының "Қосымша құн" категориясынан айырмашылығы оның ақы төлеуге жұмсалатын табыстарды өзіне қамтуында.

Жалпы алғанда, табыстар құн көрінісінде алынған игіліктерде және оған жұмсалған қажетті шығындардан айырмасы ретінде анықталады.

Жалпы табыс кәсіпорынның иелерінің табысы және жалдама қызметкерлерінің табысы болып бөлінеді, соңғысы жалақы деп аталады. Егер барлық табыстан жалақыны алып тастаса, онда негізінен жалпы пайда қалады.

Негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды. Табыс сондай-ақ тауарлы - материалдык қорларды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздардан, роялтиден және дивиденттерден алынуы мүмкін. Табыс өнімдерден, тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады, олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім шарттарда анықталады.

Шығыстар өнім өндіруге кетеді және олар өндіріс көлеміне тәуелді емес, тұрақты сипатқа ма, сатылған өнімнің көрсетілген қызметтің нақты бір түрімен байланысты емес. Кәсіпорын ешнәрсе өндірмесе де, белгілі бір кезеңдердің барысында кезең шығыстарын жасайды. Атап айтқанда:

  • жалпы және әкімшілік шығындары;
  • пайыз бойынша шығыстар;
  • тауар - материалдық қорларды сату бойынша шығыстар.

Үлестірмелі шығыстар - бұл амортизация және сақтандыру шығындары.

Оларға сәйкес активтер таза табыс әкеледі деп күтілетін кезең ағымына да жүйелі үйлестіріледі.

Үстеме шығыстары бұл өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші цехтардың жұмыс ұйымдастыруымен байланысты шығыстары жатады, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне жатқызуға болмайды. Үстеме шығыстар, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады:

  • кешендік сипаты - шығыстар құрамында барлық экономикалық элементтер шығындары көрініс табады;
  • екі және одан да көп бұйымдар шығарған кезде бұл шығыстары тікелей белгілі бір бұйымға жатқызуға қиынға түседі, демек олар дайын өнімнің арасына таратылады және аяқталмаған өндіріске де жатқызылады.

Табыстар мен шығыстар негізгі және негізгі емес қызметтерден алынады.

Жалпы табыс пен кезең шығыстары арасындағы айырым негізгі қызмет бойынша сальдоланған қаржылық нәтижені қамтып көрсетеді. Негізгі қызметтен алынған табыс (немесе зиян) пен негізгі емес қызметтен алынған кәдуілгі қызметтен алынғын табысты көрсетеді. Одан корпорациялық табыс салығы шегерілгеннен кейін, салық салынғаннан кейінгі кәдімгі қызметтен алынған табыс болады. Төтенше ахуалдардан болған зиянға түзетілген ол кәсіпорынның таза табысы болып табылады.

I. КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1. 1 Кіріс және шығыстың теориялық негізі

Жалпы, кірістер болып - белгілі бір мекеменің немесе кәсіпорынның күнделікті өндірістен түсетін пайдасын қарастырамыз, ал шығыстар - осы өндірістен өнім, яғни пайда алу үшін жұмсалған шығындары және де ол өндіріске қажетті құрал - жабдықтары, материалдар және шикізатқа т. б. жұмсалынатын қаржылай активтер болып табылады. Кіріс дайын өнімдерді, сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады, олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім-шартта анықталады. Ал, мәміледен шығатын табыс сомасы бағасынан немесе сатудан жасалатын жеңілдіктерін ескере отырып, олардың (мәміленің) құндарын өлшейді. Сатып алушылардың алған активтері үшін төлеген сомасын сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде тараптар өздерінің келісім-шарттарында бухгалтерлік есептің мынадай басты қағидаларына көңіл бөледі: есептеу, шындық, яғни, екі жақты бірдей көру, сақтық жасау т. б. Тауарлардан түскен табыс келесі жағдайды сақтаған кезде танылады: табыс сомасын үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарап та мәмілеге қатысқан кезде, сатушы қандай соманы сұрап отырғаны және қандай соманы сатып алушы төлейтіндігін білген жағдайда: мәмілемен байланысты экономикалық олжаны және соны кәсіпкердің алу ықтималдығы бар болуы мүмкін.

Көрсеткен қызметтен және орындалған жұмыстан алынған кірістер, мына жағдайларды қоспағанда, тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады:

  • есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезеңі үлкен деңгейдегі дәлдікпен анықталса;
  • мәмілені жүргізу кезінде жұмсалған шығыстары да үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағаланса.

Субьект барынша дәлдік деңгейде табысын анықтай алады, ол: мәмілеге қатысушылармен төлем жағдайы мен тәсіліне, күтілетін компенсациясын әрбір тараптың құқығына қатысты мәмілелер бойынша мәмілеге қатысушылармен ортақ шешімге келген жағдайда қол жеткізеді. Қызмет көрсетудің, яғни мәміленің нәтижесінде үлкен деңгейдегі дәлдікпен табысты анықтау мүмкін болмаған жағдайда, табыс жұмсалған шығыс мөлшерінде танылады, яғни ол сол шығыстың орнын жабады. Өнім өндіруге кеткен шығыстардан кезеңдік шығыстар емес, тұрақты сипатқа ие, сатылған түрімен байланысты емес, кәсіпорын ешнәрсе өндірмесе де, белгілі бір кезеңдердің барысында кезең шығыстарын жасайды. Кезең шығыстарына мыналар жатады:

  • жалпы және әкімшілік шығыстар;
  • пайыз бойынша шығыстар;
  • тауарлар мен материалдық қорларды сату бойынша шығыстар.

Кірістер - бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы. Табыс дайын өнімдерден сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады, олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісімшартта анықталады.

Яғни кіріс дегеніміз -белгілі бір мекеменің немесе кәсіпорының күнделікті өндірістен түсетін пайдасы болып табылады. Кіріс түрлері:

  • дайын бұйымдар мен тауарларды сатудан алынатын табыстар;
  • қызмет көрсетуден алынатын табыстар;
  • дивиденттер, роялтилер және пайыз түрінде алынатын және тағы да басқа табыстар жатады.

Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес.

Шығыстар дегеніміз - осы өндірістен өнім, яғни пайда алу үшін жұмсалған шығындары және де ол өндіріске қажетті қүрал - жабдықтары, материалдар мен шикізатқа, т. б. жұмсалынатан қаржылай активтері болып табылады.

Кірістер мен шығыстар туралы есептілік мекеменің қаржы шаруашылық қызметінің қорытындыларын көрсетеді және келесі мақсаттар үшін қолданылады:

  1. Инвесторлар мен кредиторларға қажетті ақпараттарды дайындайды;
  2. Ақшалай ағымның өзгерісін болжайды.

Кірістер мен шығыстар туралы есептілік 2 түрлі болуы мүмкін:

  1. Бөлінбеген табыс есептілік ретінде, бұл жерде таза табыстар немесе зиян табыстардаң түзетілуі бөлінбеген пайда шоты белгіленеді.
  2. Акционерлік капитал туралы есептіліктің 2-ші бөлігінде табыстар мен шығыстар тіркеледі.

2 бөлімде кірістер мен шығыстар есебінің бірнеше түрлерге бөлінуін қарастырдық.

Алынған табыстар түріне және бағытына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:

  • негізгі қызметтен алынған табыстар;
  • негізгі емес қызметтен алынған табыстар.

Негізгі қызметтен алынған табыстары деп - кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі өндіріс шығарған тауарларды сатудан, көрсеткен қызметтерден, сондай-ақ орындалған жұмыстардың барысында тапқан табыстары саналады. Кәсіпорындармен үйымдардың негізгі емес қызметінен түскен табыстары деп - кәсіпкердің нақтылы негізгі қызметінен басқа жұмыстарды орындауы барысында тапқан табыстары жатады.

Негізгі қызметтен алынған табыстары мен негізгі емес қызметінен алынған табыстарының қосындысы жалпы жиынтық табысты береді.

Өнімді өндіруге кеткен шығыстардан кезеңдік шығыстары болады. Және олар өндіріс көлеміне тәуелді емес, тұрақты сипатқа ие, сатылған өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты бір түрімен байланысты емес. Кәсіпорын ешнәрсе өндірмесе де, белгілі бір кезең шығыстарын жасайды. Кезең шығыстарына мыналар жатады:

  • жалпы және әкімшілік шығыстары;
  • пайыз бойынша шығыстар;
  • тауар-материалдық қорларды сату бойынша шығыстар.

Жалпы және әкімшілік шығыс. Шығыстың бұл түріне бүкіл және өндірістік-шаруашылық қызметін басқаруға байланысты кезеңдік шығыстары жатады.

Пайыз бойынша шығысқа - банк несиесі және жалға беру бойынша төленетін пайыздар жатады.

Ал үстеме шығыстарға өндіріске қызмет көрсетімен және негізгі және көмекші цехтардың жұмыс ұйымдастыруымен байланысты шығыстары жатады, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне жатқызуға болмайды.

Үстеме шығыстарға, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады:

- кешендік сипаты

- шығыстар құрамында барлық экономикалық элементтер шығындары.

Үстеме шығындарды тарату тәсілі өндірістің ерекшелігіне және есептік саясатына тәуелді болып келеді. Негізінен ол шаруашылық есеп саясытына сәйкес көрініс табады.

  • өндіріс жұмысшыларынң еңбек ақысына пара-пар етіп таратылады,
  • тікелей материал шығыстарына пара-пар етіліп таратылады;

-цех құнына пара-пар етіп немесе шикізат құны шегерілген цехтың өзіндік құнына пара-пар етіп таратылады;

  • алдын-ала берілген шығыедардың тұрақты коэффициенттері бойынша таратылады;
  • басқа да таратылу базалары бойынша таратылады (құрал-жабдықтың жұмыс сағатына және т. б. ) .

Барлық кірістер кредитінде есептеліп, дебетінде жабылады. Ал шығыстар дебетінде есептеліп кредитінде жабылады.

1. 2 Кірістер мен шығыстардың есептілігі

Кірістер мен шығыстар туралы есептілік мекеменің қаржы шаруашылық қызметінің қорытындыларын көрсетеді және келесі мақсаттар үшін қолданылады:

  1. Инвесторлар мен кредиторларға қажетті ақпараттарды дайындау;
  2. Ақшалай ағымның өзгерістерін болжайды.

Осы есептіліктегі кірістер 2 әдіс арқылы анықталуы мүмкін:

  1. Капиталға жету әдісіне таза активтерді қолданады;
  2. Келісімшарттар әдісі бойынша табыстар мен шығыстар шоттарынқолдану арқылы пайдалармен зияндар белгіленеді;

Кәсіпорынның қаржы шаруашылық нәтижелерінің есептілікте тіркеген кезде келесідей халықаралақ стандарттары қолданылады:

  1. "Аралық қаржылық есепкерлік" - Қ. Е. Х. С. - 34.
  2. "Консолидацияланған қаржылық есепкерлік жіне туынды компанияларға жасалған инвестицияның есебі" - Қ. Е. Х. С. - 27.
  3. "Қаржылық есепкерлікті ашып көрсету" - Қ. Е. Х. С. - 1.

Аталған стандарттарға сәйкес кірістер мен шығыстар туралы есептілік келесі бөліктерден тұрады:

1. Сипаттамасы бойынша - екі жақты болады: кірістер мен шығыстар;

2. Функциялары бойынша - көрсеткіштердің категорияларына байланысты:

а) операциондық қызметтердің қорытындылары: Негізгі және негізгі емес табыстары мен шығыстары;

б) шығыстардың жіктелуіне байланысты: өндірістік шығыстар, өткізу бойынша, шығындар әкімшілік шығындар.

Келтірілген есептілікте реттелмейтін баптар көрсетіледі, оларға қосымша табыстар мен шығыстар қарастырылады және есептік мерзімнің соңында жиынтық табыс пен зиян шотына кіргізіледі.

Кірістер мен шығыстар туралы есептілік 2 түрлі болуы мүмкін:

1. Бөлінбеген табыс есептілік ретінде, бүл жерде таза табыстар немесе зиян
табыстардың түзетілуі бөлінбеген пайда шоты белгіленеді.

2. Акционерлік капитал туралы есептіліктің 2-ші бөлігінде табыстар мен
шығыстар тіркеледі.


II. КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАР ЕСЕПТЕРІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

2. 1 Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті

Негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған кіріс жылдық жиынтық табысты құрайды және ол №7 Бухгалтерлік Есеп Стандартына сәйкес стандартқа сай есептелінеді. Кіріс сондай-ақ тауарлы - материалдық запастарды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздар және дивиденттерден алынуы мүмкін.

Кіріс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады: олардың сатылу қүны тараптар аясында жасалған келісім - шартта анықталады. Ал мәміледен шығатын кіріс сомасын бағасынан немесе сатудан жасалатын жеңілдіктерін ескере отырып, олырдың (мәміленің) құндарын өлшейді. Сатып алушылардың алған активтер үшін төлеген сомасын сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде, тараптар өздерінің келісімшартында бухгалтерлік есептің мынадай басты қағидаларында көңіл бөледі: есептеу, шындық, алаламау, яғни, екң жақты да бірдей көру, сақтық жасау т. б. тауарды сатқаннан түскен табыс келесі жағдайды сақтаған кезде танылады: табыс сомасын үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарап та мәмілеге қатыскен кезде, сатушы қандай соманы сүрап отырғанын және кандай соманы сатып алушы тқлейтіндігін білген жағдайда. Мәмілемен байланысты экономикалық олжаны және соны кәсіпкердің алу ықтималдығы бар болуы мүмкін. Ал бүл сатушының сатқан тауары үшін келісім - шартта көрсетілген (айтылған) соманы сатып алушының төяейтіндігі туралы сенімін білдіреді.

Келісімшарт сатушыдан сатып алушыға өтетін меншік құқығы болып табылады, бұл әдетте берілген кезден басталады, ал егер сатушы меншік иесі ретінде құқығын және міндеттемесін сақтаған болса, онда ол сатылған болып табылмайды және табыс танылмайды; мэміле бойынша күтілетін шығын үлкен нөлдік деңгейдегі бағалауды қажет етеді.

Көрсетілген қызметтен және орындалған жұмыстан алынған табыстар, мына жағдайларды қоспағанда, тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады:

  • есеп беру күніне мэміленің аяқталу кезеңі үлкен деңгейдегі дәлдікпен анықталса;
  • мәмілені жүргізу кезінде жүмсалған шығыстары да, мәмілені аяқтау үшін қажет шығыстары да үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағаланса.

Субьект барынша дэлдік деңгейде табысын анықтай алады, ол: мәмілеге қатысушылармен төлем жағдайы мен тәсіліне, күтілетін компенсациясына әрбір тараптың қүқығына қатысты мэселелер бойынша мәмілеге қатысушылармен ортақ шешімге келген жағдайда қол жеткізеді.

Өнім өндіруге кеткен шығыстардан кезеңдік шығыстары болады және олар өндіріс көлеміне тәуелді емес, тұрақты сипатқа ие, сатылған өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты бір түрімен байланысты емес. Кәсіпорын ешнәрсе өндірмесе де, белгілі бір кезең шығыстарын жасайды. Кезең шығыстарына мыналар жатады:

  • жалпы және әкімшілік шығыстар;
  • пайыз бойынша шығыстар;
  • тауар-материалдық қорларды сату бойынша шығыстар.

Бұл шығыстар тауар-материалдық қорлардың қалдығына жатқызылмайды, олар өзі орын алған есептік кезеңнің жиынтық табысын азайтып есептен шығарылады. Олар сатылмаған өнімнің және аяқталмаған өндірістің қалдықтарына жатқызылмайды.

Үстеме шығыстары. Үстеме шығыстарға өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші цехтардың жұмыс үйымдастыруымен байланысты шығыстары жатады, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне жатқызуга болмайды.

  1. Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру.
  2. Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есепте уақтылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету.
  3. Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдалануында бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
  4. Негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеулерді, қайта құруды және жаңғыртуды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақытылы көрсетуді жүзеге асыру.
  5. Моральды және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау.
  6. негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтердік есептің деректері банкін уақтылы және дұрыс қалыптастыру.

Негізгі құралдардың ғылыми негізделген жіктемесі алға қойған мақсаттарға жету үшін, маңызды шарт болып табылады. Жіктемелік топтарға өндірістік-техникалық мақсаты бойынша, тозу қарқыны, қызмет мерзімі, жөндеудің ерекшелігі, икемділігі мен техникалық жаңалығының дәрежесі бойынша өте жақын негізгі қорлар енгізіледі.

Өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:

  • Өндірістік;
  • Өндірістік емес.

Өндірістік - бұл өндірістік процеске тікелей қатысатын немесе өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар.

Олардың шамасы мен техникалық күйіне шаруашылық субъектісінін, жалпы елдегі салалардың экономикалық қуаты тәуелді. Бұлардың құрамына өндірістік үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өлшеуші және реттеуші аспаптар мен құрылғылар, көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар, керек-жарақтар, жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін малдар, көп жылдық өсімдіктер енеді. қор қайтарымдылығы, яғни негізгі құралдардың бірлігіне натуралды және ақшалай өлшеуіштермен, өнім өндіру негізгі өндірістік қорлардың тиімді пайдалануын сипаттайтын, жалпылауышы экономикалық көрсеткіш болып табылады.

Өндірістік емес - бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды, ол ұжымның мәдени-тұрмыстық қажеттігін қамтамасыз етуге арналған (үйлер, ғимараттар, керек-жарақтар,

ТКШ, денсаулық сақтау, спорт) .

Тиістілігі бойынша негізгі қорлар былайша бөлінеді:

  • Меншікті - бұл субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар;
  • Жалданған - жалдау шарты бойынша, онда белгіленген мерзімге басқа субъектілерден алынған негізгі құралдар.

Қысқа мерзімді жалға алынған негізгі құралдарды жалгер баланстан тыс 001-шотта ескереді.

Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар жалдау мерзімі аяқталған бойда немесе ол аяқталғанға дейін жалгер шартта келісілген өтемін төлеу бағасын түгелдей енгізген болса, негізгі құралдар жалгердің меншігінде өтеді, олар тиісінше 2400 - 2410-шоттардғы «Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар» суб-шотында ескеріледі.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:

  • Қолданыстағы - бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар қолданылмаған (тоқтатылған) - консервацияға немесе басқа да себептерге байланысты уақытша қолданылмай тұрған негізгі құралдар;
  • Қорда тұрған - қолданылып жүрген негізгі құралдардың жөнделуі, жойылуы, апатқа ұшырауы жағдайында оларды алмастыру үшін қор құрайтын негізгі құралдар.

Заттық құрамы бойынша негізгі құралдар былайша бөлінеді:

  • инвентарлық - бұл заттай нысанға ие және айырбастау мен заттай санауға болатын объектілер (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) ;
  • инвентарлық емес - бұл жер, орман және су дақылдарына (ғимараттан басқа) арналған күрделі салым, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, егістік алаңдарын өңдеу) .

Экономика саласы мен қызмет түрлері бойынша негізгі құралдар осы қорлардың қатысуымен өндірілген өнім немесе көрсетілген қызмет жатқызылған экономика саласы мен қызмет түріне жатады. Өнеркәсіп саласына экономиканың барлық салаларында өнеркәсіптік өнімдерді өндіру процесімен тікелей байланысты негізгі қорлар жатады.


2. 2 Негізгі құралдардың кіріс есебі

Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі құралдарының өсуі мен олардың сапасына байланысты болады. Сондықтан шаруашылық объектісі әрдайым негізгі құралдарын жаңартып, оларды сапасы және өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отыратыны дұрыс.

Кәсіпорындарға негізгі құралдар сатып алу, салу, құрылтайшылардың үлес қосуы, басқа ұйымдардың және адамның сыйға, яғни тегін беруі, сондай-ақ жоғары үкімет орындарының беруі және тағы да басқа жағдайлар арқылы келіп түседі. Бұл келіп түскен кіріске алынған негізгі құралдарға кәсіпорын үлгілі түрі НҚ-1 санды қабылдау тапсыру актісін толтырады. Егер шаруашылықта пайдаланатын бір түрлі, құны бірдей құрал-саймандарының немесе жабдықтардың бірнешеуі бір уақытта келіп түссе, яғни кіріске алынса, оларға жоғарыда аталған қабылдау- тапсыру актісінің бір данасын ғана толтыруға болады. Салынып біткен, яғни аяқталған құрылыстар үшін ол объектілерді қабылдап алуға тағайындалған комиссия үшін ол объектілерді қабылдап алуға тағайындалған комиссия алдымен оларды іске қосу-қабылдау актісін толтырады. Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады.

Бұл актіде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:

  • объектінің аты;
  • объектіні қабылдап алушы мен тапсырушы ұйымның аты;
  • салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы;
  • құрылыстың салынып біткен уақыты;
  • амортизациялық аударым мөлшері;
  • бастапқы құны;
  • басқа шартты белгілері.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қосымша төленбеген капиталдың есебі
Ұйымның меншікті капиталының есебі, талдауы және аудиті
Меншік капиталының аудиті
Негізгі капиталдың пайдалану тиімділігін бағалау
Байсерке Агро ЖШС-ң өнім өндірісіне сипаттама
ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР БАСҚАРУДЫҢДЫ ЖЕТІЛДІРУ
Өндірістік шығындар есебінің теориялық мәселелері
«Байсерке-Агро» ЖШС-ның өндірістік–қаржылық қызметі
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Сауда шығындар есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz