«Портфельдік инвестицияны таратудың инветициялық сипаты»



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ...3
1 КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ
1.1 Компанияның инвестициялық портфелінің мәні, экономикалық негізі ... ... .5
1.2 Компанияның инвестициялық портфелінің негізгі қызметтері және принциптері ... ... ... ... ... ... .9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДАМУЫ
2.1 ҚР.дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру
көздерінің негізі ... ... ... ... .13
2.2 Қазақстан Республикасындағы компанияның инвестициялық портфелін қалыптастырудың жетілдіру жолдары ... ... .18
2.3 Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ертеде банкирлер қаржылық құжаттарды теріден жасалған дорбаларда, яғни "портфель" деп аталатынында ұстаған. Қазіргі кезде қаржылық есеп құжаттар көрінбейтін бухгалтерлік электрондық есеп айырысулар түрінде болып жатыр, ал "портфель" деген термин сақталды. Яғни, бүгінгі таңда бұл банктің барлық активтер мен пассивтердің жиынтығы дегенді білдіреді.
Портфельдік инвестициялардың мақсаты болып, инвесторлардың едәуір тиімді жұмыс істейтін кәсіпорындардың, бағалы қағаздарға және сонымен қатар мемлекеттік пен жергілікті билік органдарымен шығарылатын бағалы қағаздарға салынған қаражаттардан максималды пайда табу. Портфельдік инвестор, тікелей инвесторларға қарағанда инвестицияланатын объект - кәсіпорындарға қатысты «жақтық бақылаушыңң ұстанымына ие болады және көбінесе оны басқаруға араласпайды.
Әрі жоғары табысты, әрі жоғары сенімді, әрі жоғары ликвидті бағалы қағаздарды табу өте қиын. Әрбір бөлек қағаз ең көбі осы қасиеттердің екеуіне ғана ие бола алады. Портфельдік инвестициялаудың мэні, әртүрлі активтер топтарының арасында инвестициялық пөтенциалды тиімді бөлу болып табылады. Бастапқыда белгілі бір портфельдің қалыптасуында қандай мақсаттар мен міндеттер тұрғанына байланысты әртүрлі активтер типтерінің арасында белгілі бір пайыздық арақатынас таңдалынып, инвестордың портфель құраушылары болып келеді. Инвестордың қажеттіліктерін дұрыс ескеру және тиімді табыстылық пен мөлшерленген тәуекелді байланыстырып, активтер портфелін құрастыру -әрбір қаржылық мекемедегі менеджердің негізгі міндеті.
Сондықтан менің бұл тақырыпты тандаған себебім, портфельді басқару саласы біздің елімізде енді ғана дамып келе жатыр. Мүнда талдайтын, қарастыратын мэселелер өте көп, саланың даму барысы да қиыншылықтарға душар болуда.
Бұл тақырыптың өзектілігі де мемлекетіміздегі саланың жаңашылдығында яғни, портфельді қалыптастыруда қандай негізгі қағидалар, бағыттар және әдістер қолданатының жазып өтемін.
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Портфельдік инвестицияны таратудың инветициялық сипаты і» деп аталады. Инвестициялық портфельдің экономикалық мағынасындағы анықтамасында оны «тірі затталған еңбектің өндірісінің қуаттарын жасақтап,оның көмегімен өндіріс үрдісіне тірі еңбек тұтынуына қарағанда қосымша құнды өндіруге бағытталған салымдар үрдісі». М.И.Кулагин инвестиция дегенде ұлттық экономиканың өндіріс,көлік,ауыл шаруашылығы мен басқа салаларға,ұзақ мерзімді,пайда алу мақсатында салынған қаржыларды түсінуді ұсынады. Дж.М.Кейнс пікірінше инвестиция дегеніміз – капиталды мүліктің осы кезеңдегі өндіріс әрекеті нәтижесіндегі құндылықтардың өсімі немесе ұлттық табыстың тұтынылмаған бөлігі.
1.Мейірбеков.А.Қ, Әлімбеков.Қ.Ә Кәсіпорын экономикасы:Оқу құралы-Алматы: Экономика,2003.
2.Ихданов.Ж.О, Орманбеков.Ә.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері.- Алматы:экономика,2002,136-172 бб.
3.Каренов.Р.С. Основы государственного регулирования - Алматы:Білім,2004,148 бет.
4.Әубәкіров Я.Ә., Байжұманов Б.Б., Экономикалық теория:Оқу құралы / 2002. – 288 бет.
5.Әлжанова Н.Ш.яинвестициялық жобалау:Оқу құралы. – Алматы:Қазақ университеті,2006. – 160 бет.
6.Боқаев Д.Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістері // Экономика негіздері мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту.2006. - №6.4-7 бб.
7.Супигалиева А. Банк аясындағы инвестиция. // ҚазҰУ Хабаршысы эк.сер. 2004 ж №3, 26-29 бб.
8.Салихова А. Теоритические основы инвестиционной деятельности коммерческих банков. // Ізденіс – 2006. 5-8 бб.
9. Жолдасов Б. Анализ инвестиционных вложений в экономику региона и их структура. // Ізденіс. – 2005 – 18-20 бб.
10. Инвестиция туралы заң. /Г.Орталық Қазақстан/ 18 қаңтар,2003 жыл.
11.Мамырова.М.К. Эффективности инвестиций в промышленном производстве.:Монография.-Алматы: экономика,2008.
12. //www.uebp-sko.kz/kaz/strateg_plan.htm ресми сайты, - Абай АЛПАМЫСОВ, «Kazyna Capital Management»: «2010 жыл нақты инвестициялар жылы болады».
13. //www.inform.kz ресми сайты, - «2010 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға 4,7 трлн. теңге инвестиция салынды».
14. //kazmedia.kz ресми сайты, - «2010 жылы негізгі капиталға инвестициялар».

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Портфельдік инвестицияны таратудың инветициялық сипаты

Орындаған:

Тексерген:

Орал 2015ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ
1. Компанияның инвестициялық портфелінің мәні, экономикалық
негізі ... ... .5
1.2 Компанияның инвестициялық портфелінің негізгі қызметтері және
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДАМУЫ
2.1 ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру
көздерінің
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Қазақстан Республикасындағы компанияның инвестициялық портфелін
қалыптастырудың жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
8
2.3 Инвестициялық қызметті мемлекеттік
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
КІРІСПЕ

Ертеде банкирлер қаржылық құжаттарды теріден жасалған дорбаларда, яғни
"портфель" деп аталатынында ұстаған. Қазіргі кезде қаржылық есеп құжаттар
көрінбейтін бухгалтерлік электрондық есеп айырысулар түрінде болып жатыр,
ал "портфель" деген термин сақталды. Яғни, бүгінгі таңда бұл банктің барлық
активтер мен пассивтердің жиынтығы дегенді білдіреді.
Портфельдік инвестициялардың мақсаты болып, инвесторлардың едәуір
тиімді жұмыс істейтін кәсіпорындардың, бағалы қағаздарға және сонымен қатар
мемлекеттік пен жергілікті билік органдарымен шығарылатын бағалы қағаздарға
салынған қаражаттардан максималды пайда табу. Портфельдік инвестор, тікелей
инвесторларға қарағанда инвестицияланатын объект - кәсіпорындарға қатысты
жақтық бақылаушыңң ұстанымына ие болады және көбінесе оны басқаруға
араласпайды.
Әрі жоғары табысты, әрі жоғары сенімді, әрі жоғары ликвидті бағалы
қағаздарды табу өте қиын. Әрбір бөлек қағаз ең көбі осы қасиеттердің
екеуіне ғана ие бола алады. Портфельдік инвестициялаудың мэні, әртүрлі
активтер топтарының арасында инвестициялық пөтенциалды тиімді бөлу болып
табылады. Бастапқыда белгілі бір портфельдің қалыптасуында қандай мақсаттар
мен міндеттер тұрғанына байланысты әртүрлі активтер типтерінің арасында
белгілі бір пайыздық арақатынас таңдалынып, инвестордың портфель
құраушылары болып келеді. Инвестордың қажеттіліктерін дұрыс ескеру және
тиімді табыстылық пен мөлшерленген тәуекелді байланыстырып, активтер
портфелін құрастыру -әрбір қаржылық мекемедегі менеджердің негізгі міндеті.
Сондықтан менің бұл тақырыпты тандаған себебім, портфельді басқару
саласы біздің елімізде енді ғана дамып келе жатыр. Мүнда талдайтын,
қарастыратын мэселелер өте көп, саланың даму барысы да қиыншылықтарға душар
болуда.
Бұл тақырыптың өзектілігі де мемлекетіміздегі саланың жаңашылдығында
яғни, портфельді қалыптастыруда қандай негізгі қағидалар, бағыттар және
әдістер қолданатының жазып өтемін.
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы Портфельдік инвестицияны таратудың
инветициялық сипаты і деп аталады. Инвестициялық портфельдің экономикалық
мағынасындағы анықтамасында оны тірі затталған еңбектің өндірісінің
қуаттарын жасақтап,оның көмегімен өндіріс үрдісіне тірі еңбек тұтынуына
қарағанда қосымша құнды өндіруге бағытталған салымдар үрдісі. М.И.Кулагин
инвестиция дегенде ұлттық экономиканың өндіріс,көлік,ауыл шаруашылығы мен
басқа салаларға,ұзақ мерзімді,пайда алу мақсатында салынған қаржыларды
түсінуді ұсынады. Дж.М.Кейнс пікірінше инвестиция дегеніміз – капиталды
мүліктің осы кезеңдегі өндіріс әрекеті нәтижесіндегі құндылықтардың өсімі
немесе ұлттық табыстың тұтынылмаған бөлігі.
Инвестициялық портфель деп – шетел компаниясына бақылау орнатуға
мүмкіндік бермейтін акциялар,облигациялар және капитал салымдарының
басқадай түрлерін айтамыз. Инвесторлар пайданы тек бағалы қағаздар
ережелеріне сәйкес ала алады.
Инвестициялық портфель қаржы жағынан анықтамалығы – бұл табыс табу
мақсатында шаруашылық қызметіне жұмсалатын активтердің барлық түрлері. Ал
экономикалық жағынан экономикалық анықтамалығы – ол құруға,кеңейтуге,қайта
құруға,негізгі капиталды техникамен жарақтандыруға,сол сияқты айналмалы
капитал осымен байланысты емес өзгерістерге көпшілігінде негізгі капиталға
жұмсалатын қозғалысын түсіндіреді.
Инвестициялық портфель – ірі корпорация,орталық және жеке меншік
банктер шығаратын қарыз облигацияларын,шетел капиталын тарту арқылы
қаржыландырудың маңызды көзі. Шетелдік портфельді инвестицияларды жүзеге
асыруда делдалдық қызметті ірі инвестициялық банктер жүргізеді.
Бұл курстық жұмыстың өзектілігі – қазіргі нарықтық экономикада
компанияның инвестициялық портфеліне байланысты мәселелерді қарастыру
көздерін жетілдіру жолдарын шешу болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – осы аталған мәселелерді толығымен
ашып жеткізу. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында қалыптасып келе
жатқан компаниялардың инвестициялық портфельдерін қалыптастыруды
тұрақтандыру жолдарын қарастыру болып табылады.
Ал курстық жұмыстың міндеті – қазіргі күндегі компаниялардың
инвестициялық портфельдерін барынша дамыту, оның даму жолында алғашқы іс-
шаралар жүргізуін қамтамасыз ету.
Курстық жұмыс мынандай құрылымдардан тұрады:
Бірінші бөлімінде, жалпы компанияның инвестициялық портфелінің
нарықтық экономикада алатын орны мен негізгі қызметтері және принциптері
толығымен ашылады.
Екінші бөлімінде, Қазақстан Республикасындағы компанияның инвестициялық
портфелін қалыптастырудың даму ерекшеліктері мен жетілдіру жолдары
қарастырылған.
1 КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ

1. Компанияның инвестициялық портфелінің мәні, экономикалық негізі

Инвестициялық портфель деп – шетел компаниясына бақылау орнатуға
мүмкіндік бермейтін,акциялар,облигациялар және капитал салымдарының
басқадай түрлерін айтамыз. Инвесторлар пайданы тек бағалы қағаздар
ережелеріне сәйкес ала алады.
Инвестициялық портфель – ірі корпорация,орталық және жеке меншік банктер
шығаратын қарыз облигацияларын, шетел капиталын тарту арқылы
қаржыландырудың маңызды көзі. Шетелдік портфельді инвестицияларды жүзеге
асыруда делдалдық қызметті ірі инвестициялық банктер жүргізеді.
Инвестициялық портфель қозғалысына жекелеген елдердегі облигацияға
төленетін пайыз мөлшерлемесінің нормасындағы айырмашылық қатты әсер етеді.
Инвестициялық портфельдің тікелей инвестициялардан негізгі айырмашылығы
– портфельді инвестор өзі қаржыландыратын кәсіпорынға бақылау орнатуға
ұмтылмайды. Кейбір халықаралық компаниялар жарғыларында оның өзі қаржы
салатын кәсіпорында директорлар кеңесіне сайлануына және басқаруына
қатысуға тыйым салынған. Бұл басқаруға қатысу жаңа мамандар штаттан қажет
етіп, бас компанияның инвестициялық саясатындағы икемділігін азайтар еді.
Инвестициялық портфельдің экономикалық мағынасындағы анықтамасында оны
тірі және затталған еңбектің өндіісін қуаттарды жасақтап, оның көмегімен
өндіріс үрдісіне тірі еңбек тұтынуына қарағанда қосымша құнды өндіруге
бағытталған салымдар үрдісі. М.И.Кулагин инвестиция дегенде ұлттық
экономиканың өндіріс,көлік,ауыл шаруашылығы мен басқа салаларға,ұзақ
мерзімді,пайда алу мақсатында салынған қаржыларды түсінуді ұсынады.
Дж.М.Кейнс пікірінше инвестиция дегеніміз, капиталды мүліктің осы
кезеңдегі өндіріс әрекеті нәтижесіндегі құндылықтардың өсімі немесе ұлттық
табыстың тұтынылмаған бөлігі. Жобалық талдаудың міндеттеріне инвестициялық
жобаның іске асырылуын бағалау, жобаның нәтиелілігін бағалау, жобаның
тиімділігін бағалау және жобаны оптимизациялау жатады.
Инвестициялық қаржы жағынан анықтамалығы – бұл табыс табу мақсатында
шаруашылық қызметіне жұмсалатын активтердің барлық түрлері. Ал экономикалық
жағынан экономикалық анықтамалығы – ол құруға,кеңейтуге,қайта
құруға,негізгі капиталды техникамен жарақтандыруға, сол сияқты айналмалы
капитал осымен байланысты емес өзгерістерге көпшілігінде негізгі капиталға
жұмсалатын қозғалысын түсіндіреді.
Нарықтық экономикада инвестиция кез келген формада қаржы процесі ретінде
табыс табуға немесе қандай да болмасын басқа да нәтижеге жетуге тығыз
байланысты.
Инвестиция – бұл ресурс, оны жұмсай отырып, болжанған нәтижеге жетуге
болады. Сонымен, инвестицияның мәні инвестициялық қызметтің кері жағын
өзіне ұштастырады: ресурс шығындары және нәтижелік,яғни инвестициялар өз
нәтижелерін бермесе, онда олар пайдасыз болғаны.
Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды қысқа мерзімді немесе ұзақ
мерзімді күрделі қаржылар формасында жүзеге асырылады.
Капитал орталықтануының бірден-бір түрі болған акционерлік қоғамның
құрылуы болып табылады. Капиталдың шоғырлану мен орталықтануы өндірістің
шоғырлануына жағдай жасайды. Өндірістің шоғырлануы дегеніміз ірі
кәсіпорында барынша өндіріс құрал-жабдығын, жұмыс күшін және өнімді
шығаруды бір қолға жұмылдыруды айтамыз.
Практикада қорлану күрделі қаржыны (инвестиция) тартумен жүзеге асады.
Күрделі қаржы (инвестиция) – бұл жаңа құрылысқа,жабдықтауға,жұмыс жасап
тұрған кәсіпорынды ұлғайтумен техникалық қайта жабдықтауға,тұрғын-үй,мәдени
тұрмыстық құрылысқа кеткен шығындар.
Инвестиция немістің деген сөзі және бұл кәсіпорынға пайда табу
мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді. Осы тұрғыдан
инвестициялау күрделі қаржыға қарағанда кең мағына білдіреді.
Батыс елдері экономикалық теория мектептері инвестициялау процесін
былай түсінген: кез келген қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс, пайда немесе
пайдалық табу. Бұған акция,облигация,жинақ сертификаттары,сақтық және
зейнеткерлік қорға және басқаларға жұмсалған шығындар да жатады.
Инвестиция қайнар көзіне өнеркәсіп кәсіпорынның көптеген пайдасы, ірі
банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жиналған ақшалары, мемлкеттік
ақшалай қаржылары, яғни мемлекеттің табыстары (салық, кеден салығы және
т.б.) жатады. Одан барлық шығындарын алып тасталынады. Тұтынуға кетпеген
барлық ресурстар – жинақталған ресурстар болады. Олар инвестиция ретінде
жаңа кәсіпорынды салуға, жол құрылысына, денсаулық сақтау, оқу-ағарту,
мәдени объектілеріне бағытталады, яғни капиталдың қорлануына жұмсалады.
Қорлану теориясын К.Маркс Капиталдың бірінші томында қарастырады, онда
капиталдың қорлануының мәні мен механизмін ашады, ол өз кезінде оның
органикалық құрылымын өзгереді және жұмыссыздықты тудырады.
Инвестиция теориясын ағылшын экономисі Дж.Кейнс өзінің Еңбекпен
қамту,пайыз және ақшаның жалпы теориясы еңбегінде қарастырады,онда ол
инвестицияны өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты факторы
ретінде анықтайды[1, 5-9 бб].
Инвестицияның өсуі ұлттық табыстың ұлғаюына, өндіріске қосымша
жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни жұмыссыздықты жояды.
Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін оларды қол жеткен нәтижелермен
салыстыру керек. Күрделі қаржыны тікелей нәтижесі болып негізгі қорды іске
қосу болды. Ал, инвестицияның түпкі нәтижесі ұлттық табыстың өсуі болмақ.
Инвестиция тиімділігінің артуы дегеніміз ең аз инвестиция мөлшерімен
нәтижесі бір өнімге деген инвестицияның жеке үлесінің азаюына қоғам қажетті
прогрессивті өнімді шығаруды айтамыз.
Инвестиция тиімділігін арттыруға былай қол жеткізіледі:
- инвестицияның техникалық құрамын жақсарту, бұл жабдықтарға шығындар
оның жеке үлесінің артуын көрсетеді;
- жұмыс жасап тұрған кәсіпорында техникалық қаруландыру мен
реконструкциялауға және жаңа құрылыстың салынбауында күрделі қаржының
жеке үлесінің артуы;
- жаңа объектілерін салу мерзімін қысқарту.
Инвестициялық портфель тиімділігін арттырудың басты құралы техникалық
прогресс болып табылады. Жаңа техниканы ендіру оның экономикалық
тиімділігін анықтау қажеттілігін қарастырады және оның пайдалы
тиімділігінің ескісімен салыстырғанда мына көрсеткіштермен айқындалмақ:
машина,станоктың қуаты мен өнімділігі, ондағы детальдарды дәл өңдеу және
т.б. Сондай-ақ, пайдалы тиімділігінің басты элементі еңбек қауіпсіздігі,
қызмет жасаудың ыңғайлығы, еңбек тиімділігін арттыру және оны жеңілдету
болып табылады.
Инвестициялар ЖҰӨ-нің ең маңызды және ең өзгермелі компоненттерінің бірі
болып табылады. Қашанда болмасын құлдырау кезінде тауарлар мен қызметтерге
деген шығын қысқарады, бұл қысқарудың үлкен бөлігі инвестициялық шығындар
көлемінің құлдырауына қатысады.
Инвестициялық шығындардың үш типі ерекшеленеді. Кәсіпорынның негізгі
қорларына инвестициялар болып: кәсіпорынның өздерінің өндірістік
қызметтеріне пайдаланулары үшін алған ғимарат,құрылыс және құрал-жабдықтар
саналады.
Тұрғын-үйлер құрылысы инвестициялары тұру үшін алынған үйлерге, сондай-
ақ жалға беру үшін алынған үйлерге шыққан шығындарды қамтиды.
Сақтық қор инвестициясы – фирмалардың сақтауға қалдырған тауарларын,оның
ішінде шикізаттар мен материалдарды, бітпеген өндіріс пен дайын өнімдерді
қамтиды.
Қазақстан Республикасының шетелдік инвестиция туралы Заңында:
Портфельді инвестициялар дегеніміз – мүліктік құндылықтардың барлық
түрлері және оларға деген құқық, сондай-ақ пайда алу мақсатында
инвесторлардың кәсіпкерлік қызмет нысандарына жұмсаған интеллектуалдық
меншікке құқық.
Бұның өзі Портфельді инвестиция деген терминді спецификалық
функционалды жүктемесінен айырып, оны капитал жұмсау деген жалпы ұғымға
айналдырады.
Өйткені инвестицияларды құқықтық көзқарас тұрғысынан анықтау маңызды,
сол арқылы өндірісті ұдайы дамыту негізі ретінде инвестициялаудың бастау
көздері мен тетігі және экономикадағы өмірлік қажетті заңды процесс жайында
көрнекті түсінік беруге болады.
Сөйте тұра инвестициялар санатына деген европалық және американдық
методологиялық тәсілдің мазмұны инвестицияны капитал жұмсаудан айырып
қарайды, оларды салыстырмалы түрде біріктіреді. Қазақстан Республикасы
Президентінің, Бухгалтер есебі туралы заң күші бар Жарлығында жалпы
инвестициясының қандай да бір анықтамасы берілмеген, ол ҚР Статистика
туралы, Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы
Заңдарында да берілмеген. Қазақстандық салықтың Заңнамасы өзінің
активінде тек капитал жұмсау терминін пайдаланып, инвестициялар
санатын толықтай илемеуі, инвестициялық қызметті дамытудағы салықтық
ынталандыру жолына тосқауыл туғызады. Ал оның солай болуы бір жағынан
капитал жұмсау терминінің жалпы және арнайы заңнамада әртүрлі
түсіндірілуінде болып тұр. Екінші жағынан, кәсіпорынның ұзақ мерзімді мүлік
түрлерінің тізімі, бухгалтерлік есептің халықаралық стандартқа өтілуіне
байланысты, бұрынырақта күрделі шығындар құрамында саналған: жер
учаскелері, табиғат пайдалану объектілері, материалдық емес активтер сияқты
негізгі қаражаттар есебіне жататын ұзақ мерзімді активтермен салыстырғанда
кеңейе түседі. Сонымен, ұзақ мерзімді капитал жұмсаудың қазіргі
экономикалық мазмұны дәстүрлі капитал жұмсау ұғымының аясына енді
сыймайды [2, 25-26 бб].
Инвестициялар санатының заңдық түрде айқын жазылған анықтамасының
болмауы инвестициялық реттеуді ұлттық экономиканың айрықша мемлекеттік
реттеу сферасы етіп бөлуге, оның нысаны – инвестициялық қызметтің заңды
болуына күмән келтіреді. Капитал жұмсау және инвестициялар деген
терминдер экономиканы дамыту туралы ресми статистикалық материалдардың
басылымдарында бірін-бірі ауыстыратын синоним-сөздер секілді түсіндірмесіз
қолданылады. Сөйткенімен, халықаралық практикада инвестиция деп капиталды
екі бағытта пайдалануын айту қабылданған:
- нақтылы инвестиция – материалдық активтерге қаржы жұмсау;
- қаржылық инвестиция – құнды қағаздарға қаржы жұмсау.
Инвестицияның бірыыңғай анықтамасының жоқтығынан бүгінгі күні көптеген
инвесторлар қорлық көруде, мұның өзінде нақты қаржылық тұрғыда зардап
шегуде. Әр түрлі ой-талғамдарға жол бермейтіндей инвестицияның базалық
анықтамасы жасалынса, онда қазақстандық Заңнаманың барлық салаларында және
инвестициялық барша қызметтің қатысушыларына бұл норативтік актінің
реттеуші болуына жағдай туар еді.
Белгілі болып отырғандай, кәсіпкерлік инвестициялаудың екі негізгі
формасы айқындалады: тікелей инвестициялар және портфельдік.
Тікелей инвестиция: тікелей өндірістік кәсіпорындарға жасалынған
инвестициялауды сипаттайды.
Портфельдік инвестициялар пайда табу үшін инвесторлардың кәсіпорындардан
акция, облигация, басқадай құнды қағаздар сатып алуларын білдіреді. Олар
халық қаржысын қайтадан бөлу ісінде айтарлықтай маңызды рөл ойнайды.
Инвестициялық қорға адамдар пайда алу үмітімен ақша салады. Нарықтық
экономикасы дамыған елдерде капиталдардың ішкі құрылысында тікелей секілді,
портфельдік инвестициялар да белсенді түрде қатысады, сонымен бірге,
экономика ресурстарындағы Қазақстанның материалдық өндіріс аясынан
қаржылық аясына көшуінің спецификалық жағдайы – отандық инвестициялық
қордың мәртебесі ойға қалдырады[3,38-39 бб].
1.2 Компанияның инвестициялық портфелінің негізгі қызметтері және
принциптері

Негізгі қорға жұмсау (өндірістің негізгі қоры) босалқы
қорларға,резервтерге, сондай-ақ пайда, дивиденд және басқа да табыс табу
мақсатымен құнды қағаздар шығаруға ұзақ мерзімді капитал бөлуді инвестиция
деп атайды. Инвестицияны материалдық-заттық және ақшалай нысанына бөлуге
болады. Материалдық-заттық инвестиция – ол салынуға тиісті өндірістік және
өндірістік емес объектілер, жабдықтар, машиналар және т.б., сонымен қатар,
ол – ауыстыруға немесе техникалық паркеттерді кеңейтуге, материалдық
заттарды басқа инвестициялық тауарларды арттыруға бағытталған, ал
инвестицияның ақшалай нысаны болса, ол – ақшалай капиталдың материалдық-
заттық инвестициясын жасауға, инвестициялық тауарларды қамтамасыз етуге
жұмсалады.
Өндірістегі жалпы инвестицияны өнім инвестиция деп айтады. Ол – негізгі
капиталдың артуын қолдауға бағытталады. Жалпы инвестиция біріктірушінің
екеуінен қосылады. Оның ішінде біреу – амортизация. Ол – негізгі өндіріс
құралдарының ұдайы тозу және оның құнын өндіретін өнімге көшіру процесі.
Екінші біріктіруші таза инвестиция – бұл капиталдың қаржы жұмсау
негізгі қорларды арттыру, өсіре беру, ғимараттар салу, өндіру және қондыру,
қосымша жабдықтар, қолда бар өндіріс қуаттылығын жаңғырту мақсатында іске
асырылады. Материалдық өндіріс салаларындағы инвестициялармен қатар,
олардың едәуір бөлігі әлеуметтік-мәдени салаларына, яғни ғылым, білім,
денсаулық, дене шынықтыру, спорт, қоршаған табиғи ортаны қорғап, осы
салаларға жаңадан салынатын объектілерге, олардағы қолданып жүрген техника
мен технологияларды одан әрі жетілдіруге жұмсалады.
Инвестициялық қызмет – оның жалпы шаруашылық қызметтің ажыратылмайтын
бөлігі болып табылады. Кәсіпорынның экономикасында инвестицияның маңызы
орасан зор. Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызының өсуі
ерекше. Егер де кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өнімнің сапасын
арттыратын, шығындарды азайтатын, өндіріс қуаттарын кеңейтіп, өзінің
шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын арттыратын және рынокта өзінің
жайғасымын нығайатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы.
Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп, жоғары жағы
айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыруы қажет.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы екі біріктіруден анықталады:
көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы.
Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорынның стратегиясын қисынға
келтіруге мүмкіндік береді [4, 45-47 бб].
Сонымен, жалпы инвестиция ақша қаражаты ретінде, банктік салықтар,
акциялар және басқа да құнды қағаздар, технология, машиналар, жабдықтар,
лицензиялар, оның ішінде тауар белгілеріне, несиелер, кез келген басқа да
мүліктер немесе мүліктер құқығы, зиялы құндарды кәсіпкерлік қызмет
объектілеріне немесе басқа да қызмет түрлеріне пайда және әлеуметтік
нәтижеге жету мақсатында пайдаланады.
Инвестициялардың түрлері барынша тәуекелдік (венчурлік), тікелей,
портфельдік және аннуитеттік болып бөлінеді.
Венчурлік капитал – үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет
көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып
табылады. Венчурлік капитал жұмсалған қаржының үлкен өтелімділігі еебіндегі
өз өзінен байланысты емес жобаларды инвестициялайды. Ол өзіне түрлі
формадағы капиталды ұштастырады: несиелік, акционерлік, кәсіпкерлік.
Тікелей инвестициялау – шаруашылық субъектілерінің табыстар түсіруіне
және осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалған
капиталға жұмсалуы болып табылады.
Портфельдік инвестициялар – портфельді қалыптастыруға байланысты (түрлі
инвестициялық құндар жиынтығы) және құнды қағаздарды сатып алу сол сияқты
басқа да активтер болып есептелінеді.
Аннуитеттік – тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс
әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды
көрсетеді.
Еліміздің инвестициялық портфелі ірі салымдарды қаржыландыру үшін
жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық
қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының
бірі – инвестициялық портфельдің қызметін ұлғайту, ең алдымен еліміздің
ішкі резевтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап экономикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялық портфельді тарту жөніндегі
саясатты белсенді жүргізе бастады.
Инвесторлар стратегиялық және портфельдік болып бөлінеді. 50 пайыз + 1
акциясы бар стратегиялық инвестор қожайын боламын деп үміттенеді. Барлық
үміт стратегиялық инвесторда, себебі ол мүдделі, қаржыны салған да сол және
ол қауіп-қатерді азайтуға тырысады, мемлекет те оған сенім артады.
Портфельдік инвестордың үміттері де стратегиялық инвесторда болады.
ПОртфельдік инвестор үшін акция – пайданы бөлісуге қатысудың мүмкіндігі
болып табылады. ОСыған байланысты мемлекет стртегиялық инвесторға тәуелсіз
немесе соның атынан өз акция пакетін бере алады.
Портфельді инвесторға – инвестициялық қорларға – 51 пайыз жұмыскерлерге
10 пайыз, қалғаны стратегиялық инвесторларға [5, 89-95 бб].
Мемлекеттің жұмысы – макроэкономикалық процестерді реттеу, салықтық
жүйені қарапайымдандыруға ұмтылу, ал жеке кәсіпорындарды көтеру –
мемлекеттің жұмысы емес. Жеке меншік иесі шикізат көзін іздейді, бұл іс
оның өмір үшін күресі, ал мемлекеттік шенеунік оған соншалықты мүдделі
емес. Мемлекеттің жұмысы экономикаға инвесторлар тарту үшін тиісті заңнама
нормативті жағдай жасау. Белгілі болып отырғандай, қазіргі экономикада
тұрақтылықтың (монетарлық, валюталық) бірнеше сипаттамасы бар, бірақ, егер
мемлекет салық жинай алмаса, онда қалғандардың бәріне де ешқандай мән жоқ.
Инвестицияны тартпақ болған елде қауіп-қатер қаншалықты жоғары болса,
шетелдік инвестициялар соншалықты аз болады.
Заңнама базасы мықты болуы керек. Шетелдік инвестиция туралы Заңның
мақсаты – қауіп-қатерді мейлінше азайту:
- салықты салу шарты инвестиция үшін қолайлы болуға тиіс;
- халықаралық стандарттарға сәйкес валюталық реттеу;
- тікелей еріксіз алу қорқынышын тудырмау: қандай да бір кәсіпорынды,
материалдық мүліктерді мемлекет арқылы үрейлендірмеу, өтем туралы заң
болуға тиіс;
- беретін және алатын елдер арасында өзара қарым-қатынас жасасу;
- халықаралық және ұлттық заңдар арасындағы қатты айырмашылықтың болмауы
қауіп-қатерді азайтады.
Мемлекеттік салық заңнамасының көптеген ережелері капитал жинау
процесіне ықпал жасайды. Заң шығарушылар кейде инвестициялық сұранымның
өзгерісін тудыру үшін және тұтас сұранымға әсер ету мақсатында ол
ережелерді ауыстырып отырады. Инвестицияларды жүзеге асыруды ынталандыру
барысында салық ықпал көптүрлі болғанымен, мұнда біз корпорацияның табысына
салынатын салық және инвестициялық салықтық несие.
Инвестициялық банктердің негізгі қызметі – ұзақ мерзімді ссудалық
капиталды мобилизациялау және оны қарыз алушыларға акцияларды,
облигацияларды орналастыру арқылы, қарыздық міндеттемелердің басқа түрлері
арқылы беру.
Әр ірі фирма, корпорация әдетте өзінің инвестициялық банкісімен жұмыс
істейді және сол банктің қызметін пайдаланады.
Қазіргі инвестициялық банктердің екі түрлі қызмет етеді:
- бірінші типті инвестициялық банктер;
- екінші типті инвестициялық банктер;
Мұндағы бірінші типті инвестициялық банктер тек бағалы қағаздар
орналастыру және сатумен айналысады. Ал екінші типті инвестициялық
банктерге келетін болсақ, олар ұзақ мерзімді несиелеумен айналысады.
Батыс Еуропаның континенталды елдеріне және дамушы елдерге негізінен
осы атап кеткен екінші типті инвестициялық банктер тән.
Бірінші банктер 19 ғасырдың бірінші ширегінде жауапкершілігі шектелген
серіктестер формасында құрылған болатын. Инвестициялық банктер аса тез
дамуы 20 ғасырдың 20-шы жылдарында байқалды [6, 115-116 бб].
Инвестициялық банктердің пайда болуын негізінен мемлекеттің бағалы
қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың
акционерлік формасының пайда болумен олар үлкен компаниялар мен
корпорациялар үшін олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы
ақша қаражатттарын мобилизациялайды, жаңа компанияларды құруда, қайта
құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің
барлық деңгейінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастырады, оның ішінде
орталық үкіметтің бағалы қағаздарынан бастап, жергілікті әкімшіліктің
бағалы қағаздарына дейін орналастырады.
Бірінші типті қаржылық инвестициялық банктер әдетте құрылтайшылар,
бағалы қағааздардың эмиссиясын ұйымдастырушылар рөлінде шығады. Олар
компаниямен орналастырылмаған бағалы қағаздардың бөлігін сатып алатын
агенттер ретінде, сонымен қатар сауда, өндіріс, транспорттық
корпорациялардың бағалы қағаздар бойынша және басқа аспектілеп бойынша
консультанттар ретінде бола алады. Ұзақ мерзімді салымдары қажет етіп,
акциялар мен облигациялар шығару туралы шешім қабылдаған корпорациялардың
және мемлекеттің тапсырмасы бойынша, бірінші типті инвестициялық банктер
эмиссиясының көлемі, мерзімі, шарттары жайлы және бағалы қағаздардың типін
таңдау жөніндегі, сонымен қатар орналастыру және қайта айналысы жөніндегі
міндеттемелерді өздерінің мойындарына алады. Мұндай мекемелер шығарылған
акциялар мен облигациялардың сатып алынуына кепіл береді, яғни олар бұл
бағалы қағаздарды сатуды өздерінің есебінен немесе банктік синдикаттарды
құру арқылы акциялар мен облигацияларды сатып алушыларға ссуда береді.
Несие жүйесінде инвестициялық банктердің үлесі көп болмаса да, олар
өздерінің жақсы ақпараттылығына және құрылтайшылық байланыстарына
байланысты экономикада үлкен рөл атқарады.
Әдебиеттерде инвестициялық портфельді кейде капиталды салымдар ретінде
қарастырады. Осындай қате түсінік, инвестициялық ресурстарды пайдалану
объектілері толық анықталмағандықтан туындаған. Егер де олар тек жай және
ұлғаймалы ұдайы өндірістің негізгі қорларына бағытталса, инвестиция
түріндегі капитал салымдары құрылыс-монтаж жұмыстары, сатып алынған құрал-
жабдықтар және тағы басқадай шығындар құн енеді. Сондықтан инвестиция
түсінігі капиталды салымдар мәнімен кең ұғым болып табылады. Бұл түзетудің
маңыздылығы заңды тұлғалар, азаматтар мен мемлекеттің инвестицияларды
жүзеге асырудағы тәжірибелік іс-әрекеттер жиынтығы түсінігіндегі
инвестициялық іс-әрекет мәнін түсінуге қажет [7, 75-76 бб].

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДАМУЫ

2.1 ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі

Инвестицияны қолданудың басты бағыты: нақты жоба мен нақты компания
болып табылады. Оны басқаратын жалпы инвестицияларды қалыптастыру бәсекеден
тыс орындалады. Жалпы инвестициялық портфеельді қалыптастырудың басты көзі
ретіндегі нақты кәсіпорын мен ондағы нақтыланатын жобалары туралы
ақпараттары орналасқан аумақтың инфрақұрылымының дамуы мен қалыптастырылуы,
өндіріс салалары арасындағы пропорционалды қамтамасыз етілуіне, тұрғындар
мен еңбеккерлер ұйымдарының әлеуметтік жағдайының жақсаруының дамытылуы.
Инвестициялық портфельдің жоғарғы ақпараттануы мен талдаудың негізгі
қызметін пайдалану үшін, оларды ереуше түрде топтастыру қжет.
Ақпараттың аналитикалық тобын әрбір аумаққа ұсынуға болады, ол
инвестициялық портфельдермен жұмысының нақты жағдайын анықтайды:
- өзіндік капиталдағы инвестициялар және кәсіпорынның өзіндік құралдары
негізіндегі құрылымдары;
- экономикалық аумақ саласындағы өзіндік капиталдағы инвестициялардың
құрылымы;
- өндірістік және өндірістік емес саласында өзіндік капиталдарға
инвестициялардың қатынасын;
- экономиканы реформалау сатысында өзіндік капиталдағы инвестициялық
индекстер;
- инвестициялық қызмет атқару сферасындағы экономикаға мемлекеттік
сектордың үлесі;
- өзіндік формалардағы компанияның негізгі капиталындағы инвестициялар;
- абсолюттік негіздегі шетелдік инвесторлардың инвестициялық үлесі;
- экономика саласындағы шетелдік инвесторлардың инвестициялары;
- инвестициялық қаржыландырудың бюджеттік емес көзінің құрылымы;
- өзіндік формасындағы компанияның негізгі капиталындағы инвестицияларды
қаржыландыру негізіндегі капитал салымын қалыптастыру.
Инвестициялық портфельді қалыптастыру туралы шешім әр түрлі факторларды
бағалау негізінде болады. Бұл факторларды бағалауды екі топқа бөлуге
болады:
1. Мемлекеттік реттеудегі факторлар:
- шетелдік инвесторларға басқарманың өзіндік саясаты;
- құқықтық базаны құру;
- дамыған инфрақұрылымы;
- қаржылық жеңілдіктер;
- мемлекеттің халықаралық деңгейі. Халықаралық деңгейдегі мемлекеттің әл-
ауқаты.
2. Басқармадан тәуелсіз факторлар:
- табиғи ресурстар;
- жаңа нарыққа кіру мүмкіндігі;
- кәсіпорынның дамуы;
- мамандырылған кадрлар;
- көліктік қызметтің дамуы.
Берілген факторлар тобы өзіндік субъективтік бағаалуды көрсетеді. Олар
инвестициялық климат пен шетелдік инвесторлардың инвестициялық
портфельдерін анықтайды.
Берілген инвестициялық портфельдің көрсеткіштері арқылы мемлекеттің,
сонымен қатар белгілі бір аумақтардың экономикалық жағдайын сараптауға
болады.
Нарықтық экономикадағы экономикалық процестердің жағдайын көрсететін
көрсеткіштер арқылы инвестициялық портфельді салыстырмалы талдауларды
жүзеге асыру негізі:
- мемлекет нарығының потенциалы;
- халық экономикасын ресурстармен қамтамасыз етуі;
- экономикалық құрылымның жағдайы;
- инвестициялық портфельге заңнамалық орта;
- саясат климаты.
Инвестициялық портфельді талдаудың басты мақсаты – ортақ сұранысқа
әртүрлі көрсеткіштерді ұсыну.
Қазақстан Республикасындағы компанияның инвестициялық портфелін
қалыптастыруда факторлардың өзіндік құны есептелінуі, соның есебінен
инвестициялық сферада сапалық өзгерістері анықталынды. Бұл жүйеде экономист
Гусева К. қатысуымен, реформалар жүргізілетін аумақтарда әсер ететін
факторларды анықтады [8, 90-95 бб].
Инвестицияны тар мағынада анықтамасын капитал құнын сақтау мен оны
өсіруді қамтамасыз ететін, пайда, басқаша айтқанда оң табыс көлемін
әкелетін капитал орналастыруын айтуға болады. Бос ақшалай қаражаттар
инвестиция емес, өйткені ақшаның құндылығын инфляция азайтуы мүмкін және ол
ешқандай табыс әкелуін қамтамасыз ете алмайды. Егер осы соманы жинақтау
банкісіне салынса, оны инвестиция ретінде қарастыруға болады. Өйткені осы
салым кепілденген табыс береді. Көбінесе инвестиция деп пайда, табыс пен
әлеуметтік қажеттіліктерді алу мақсатындағы кәсіпкерлік іс-әрекет пен
әртүрлі экономика салаларының объектілеріне салынатын мүліктік және
интеллектуалды құндылықтардың барлық түрлері түсіндіріледі. Инвестиция
құрамына ақшалай қаржылар, мақсатты банк несиелері акциялар мен басқадай
құнды қағаздар, қозғалмалы және қозғалмайтын (ғимараттар, құрал-жабдықтар
және т.б.) мүлік, жерді пайдалану құқығы, табиғи ресурстар, мүліктік
құқықтар және тағы басқалары кіреді.
1950-1960 жылдары өндіріс дамыған елдерде экономикалық даму қарқынының
жеделдеуі болады. Бұл жағдайдың капиталды шетке шығаруға екі жақты әсері
болды. Бір жағынан, өндіріс дамыған елдерде капитал салу үшін жаңа сфералар
ашылды. Капиталдың артық мөлшерінің көп бөлігі әскери салаларға тартылады,
қалғаны инфрақұрылымды кеңейтуге, қызмет көрсету сферасын, ғылымды,
денсаулық сақтауға, білімді дамытуға бағытталады. Екінші жағынан,
экономикалық даму қарқынының жеделдеуі, өндірістік корпорациялардың
капиталын шоғырландырып, банк ресурстарының орталықтандырылуын қамтамасыз
ету арқылы капиталды шетке шығаруды ынталандыруға қосымша себептер
қалыптастырады.
Экономикалық жағдайдың өзгеруі капиталды шетке шығаруда жаңа
құбылыстардың пайда болуына әкеледі. Егер бұрын инвестициялар шет ел
экономикасына өз фирмаларын құру мен қабылдаушы елдердің ұлттық акционерлік
қоғамдарына капитал салу арқылы жүргізілсе, енді инвестицияның жаңа түрлері
пайда болды. Оның қатарына мыналарды жатқызуға болады:
- бірлескен кәсіпорындарды құру;
- кәсіпорындардың толық құрылысын жүргізу арқылы тапсыру;
- өнімді - қолға түріндегі келісім. Оның кәсіпорынды толық дайын
тапсырудан ерекшелігі – шетел фирмасының құрылып жатқан кәсіпорынға
жергілікті маман дайындау жүзеге асырылады;
- өнімді бөлу туралы келісімдер;
- қатерлі жобалар туралы келісімдер, көбінесе мұнайды өндіру бағытында
жүзеге асырылады;
- лицензиялық келісімдер, оның ішінде сатып алушыға басқару саласындағы
кейбір қосымша қызметке лицензия беретін франчайзинг;
- жабдықтаушы – компания кейбір ережелік ұстануы міндеттемесіне
айырбасы.
Технология экспорты капитал инвестициясының арнайы түріне айналады. Бұл
түрін жүзеге асырғанда, технология элементтерін (патент, лицензия, сауда
маркасы, басқару тәжірибесі, т.с.с.) жабдықтаушы-компания төлем ретінде
қабылдаушы компанияның пайдасының бір бөлігіне ие болады. Мысалға: ғылыми-
техникалық жетістікті белгілі бір мерзімге сатылады, бірақ сатушы сатып
алушы фирманың акцияларының бір бөлігіне айырбасталады. Осыдан, көріп
отырғанымыздай, технология экспорты ерекше тауарларды шет елге шығарумен
ғана емес, шетке шығаруға байланысты экономикалық қатынасымен де
сипатталады.
Жаңа формалар дәстүрлі тікелей инвестициялар орнын баспаса да кең дамып
келе жатыр. Олар көбінесе қабылдаушы елдің ішкі рыногына жұмыс істейтін
және алдыңғы қатарлы технология емес, толыққа технологиялармен жұмыс
істейтін салаларда кең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестиция мәні мен түрлері
Инвестициялық жобаның жіктелуі
Банктердің инвестициялық қызмет жүйесі
Қаржылық инвестициялар және оларды бағалау әдістері
Аймақтағы инвестициялық іс-әрекетті басқару
Инвестициялық қызметтің қаржылық аспектілері. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
Инвестициялық қызметті ұйымдастыру
Инвестиция есебі
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық процестерді басқару
Инвестициялық есеп
Пәндер