Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы
Кіріспе
1. БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ (1924.1991)
1.1 Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы
1.2 Халқы сүйген қаламгер
2. Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылық тілі
2.1 Бердібек Соқпақбаев . балалар әдебиетінің атасы
2.2 Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары
бойынша әдеби ойын
2.3 Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кітап – адам баласының ақыл-ойынан туған байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Кітап – біздің ақылшымыз, сырласымыз, досымыз. Кітапты оқи білу, түсіну, есте сақтау қабілеттерін арттырады. Ғасыр көші ілгері жылжып, тарих беттері қалыңдығымен адамзаттың кітапқа деген құрметі, пейіл-ықыласы ортаймаса керек. «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге», - деген Абай атамыз «кітап» атты құдіреттің ғажайып күшін бойына жинап, өмірлік азық етпеп пе еді?! Бүгінгі күні теледидар, компьютер, интернет үлкен рольге ие болып отырған уақытта кітап оқудың сиреп бара жатқаны ащы да болса шындық.Сондықтан, кітапты насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін пайдаланып, оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру бағытында жұмыс жүргіземіз. Соның бірі – балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығы.
Бердібек Соқпақбаев аса талантты қазақ жазушысы. Ұлттық әдебиетіміздің классигі.
Жазушының «Менің атым – Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді» атты туындыларын білмейтін оқырман кемде-кем. «Менің атым – Қожа» повесіне түсірілген көркем фильм де көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп келеді. Бұл, сөзсіз, қаламгер туындысының құдіреті. Көрермен қауым осы фильмді көрген сайын балалық шақтарына саяхат жасап қайтқандай болады.

1. Бітібаева Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары. Алматы, 1990.
2. 3. Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. А. 1965.
4. Қазақ әдебиеті тарихы Іт. Ікіт.-Алматы,1960.
5. Ғабдуллин М. Қазақ халық ауыз әдебиеті.-1974.
6. Бердібаев Р. Қазақ эпосы. Алматы,1982.
7. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. –Алматы, 1993.
8. Батырлар жыры 1-6т. –Алматы, 1986-1990.
9. Тарихи жыр. Іт. Алматы 1995.

Мазмұны
Кіріспе
1. БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ (1924 - 1991)
1.1 Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы
1.2 Халқы сүйген қаламгер
2. Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылық тілі
2.1 Бердібек Соқпақбаев - балалар әдебиетінің атасы
2.2 Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары
бойынша әдеби ойын
2.3 Б.Соқпақбаев Менің атым Қожа
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Кітап - адам баласының ақыл-ойынан туған байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Кітап - біздің ақылшымыз, сырласымыз, досымыз. Кітапты оқи білу, түсіну, есте сақтау қабілеттерін арттырады. Ғасыр көші ілгері жылжып, тарих беттері қалыңдығымен адамзаттың кітапқа деген құрметі, пейіл-ықыласы ортаймаса керек. Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге, - деген Абай атамыз кітап атты құдіреттің ғажайып күшін бойына жинап, өмірлік азық етпеп пе еді?! Бүгінгі күні теледидар, компьютер, интернет үлкен рольге ие болып отырған уақытта кітап оқудың сиреп бара жатқаны ащы да болса шындық.Сондықтан, кітапты насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін пайдаланып, оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру бағытында жұмыс жүргіземіз. Соның бірі - балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығы.
Бердібек Соқпақбаев аса талантты қазақ жазушысы. Ұлттық әдебиетіміздің классигі.
Жазушының Менің атым - Қожа, Балалық шаққа саяхат, Өлгендер қайтып келмейді атты туындыларын білмейтін оқырман кемде-кем. Менің атым - Қожа повесіне түсірілген көркем фильм де көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп келеді. Бұл, сөзсіз, қаламгер туындысының құдіреті. Көрермен қауым осы фильмді көрген сайын балалық шақтарына саяхат жасап қайтқандай болады.
Бердібек Соқпақбаев бала табиғатына терең бойлап, мінезінің нәзік иірімдерін, балаға тән шыншылдықты, таңғы шықтай мөлдірлікті, періштедей пәктікті, тазалықты, адамзат баласының өн бойындағы асыл қасиеттерді жан-жақты суреттей білген дарын иесі.
Ол қазақ балалар әдебиетінің мәртебесін биіктетіп, мазмұнын байытты. Әлемге мойындатты. Қаламгердің өнегелі шығармашылық жолы замандастарына, өзінен кейінгі ізбасарларына жарқын үлгі.
Бердібектей жазушысы бар қазақ халқы бақытты. Оның мәңгі өлмес шығармалары, дара қолтаңбасы біздің де, бізден кейінгі ұрпақтардың да жүрегін тербеп, жанын жадырата берері сөзсіз.
Қазақтың көрнекті жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шара Нарынқол кентіндегі Б.Соқпақбаев атындағы мектеп алдына қойылған ескерткішке гүл шоқтарын қоюдан басталды. Қай ауылға барсаң да, көз қуантып, жаныңа жылылық ұялататын бірден-бір орын білім ұясы, мектеп емес пе?! Ал бұл жолы қонақтарды күтіп алуға дайындалған Бердіағаң атындағы мектеп ерекше құлпырып кеткендей.
Зерттеу жұмысының мақсаты: қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту. Ойлау қабілеттерін, көркем жеткізе білу дағдыларын дамыиу. Елжандылыққа тәрбиелеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығын зерттеу.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ 1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауылында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, кейіннен Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген. Біраз жыл ауыл мектебінде бала оқытқан. Қазақ әдебиеті газетінде, Балдырған журналында, Ш.Айманов атындағы Қазақфильм киностудиясында істеген. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесші болған. Шығармашылық жолын өлеңмен бастап, 1950 жылы Бұлақ атты жыр жинағын шығарған. Кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынды. Менің атым Қожа, Балалық шаққа саяхат, Бозтөбеде бір қыз бар, Өлгендер қайтып келмейді және Қайдасың, Гауһар секілді туындылары КСРО халықтарының және шетелдердің көптеген тілдеріне аударылып, сахналық, экрандық нұсқаға айналған. 1967 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестивалінде Менің атым Қожа фильмі (Б.Соқпақбаевтың сценарийі) арнаулы жүлдеге ие болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.
Балаларға арнап шығарма жазу, сол арқылы кішкентай оқырманның құрметіне бөлену үлкен таланттылықты қажет етеді. Міне, біздің қазақ балалар әдебиеті де осындай таланттарға кенде емес. Біз Ыбырай атамыздан бастап Мұзафар Әлімбаев, Сапағали Бегалин, Сейтжан Омаров, Кастек Баянбай, Сәкен Жүнісов, Мұқан Иманжанов, Мұхтар Мағауин, Тұманбай Молдағалиев, Сайын Мұратбеков, Қадыр Мырза Әли т.б. көптеген балалар жазушыларын білеміз. Солардың ішінде шоқтығы биік, бірегей таланттардың бірі - Бердіьек Соқпақбаев аталарың болатын. Оның шығармаларын оқыған кез келген бала өмірбаянымен де танымып шығады. Себебі жазушының шығармаларының басты кейіпкері өзі болып табылады. Балалық шағына деген сағынышын өз шығармаларына арқау еткен.
Белгілі жазушы Б.Соқпақбаев 1924 ж. 13 қазанда Алматы облысы, Нарынқол ауданы (қазіргі Райымбек ауданы) Қостөбе ауылында дүниеге келген. Осы жерде мектеп бітірген. 1949 ж. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітіріп, туған ауылында мұғалім болып қызмет етті.
1952-1970 жылдар аралығында Жұлдыз, Балдырған журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызметтер атқарды.
Өзінің шығармашылық өмір жолын балалрға арнап өлең жазудан бастаған ол кейін прозалық шығармалары арқылы балалардың сүйікті жазушысына айналды. Сондай-ақ балаларға арналған бірнеше киноға сценарий, пьесалар жазды.
Б.Соқпақбаевтың таланты ертерек танылды. 14-15 жасында-ақ ел аузына іліге бастады. Алғашқы кітабы 1950 жылы Пионер журналында Бұлақ атты өлеңдер жинағымен жарық көрді. Кейін қасым Аманжолов Қаламыңды енді прозадан сынап көрші деп жанашырлықпен жол көрсеткен. Содан кейін жазушылыққа шыңдап ден қойып, Бақыт жолы (1952), Алыстағы ауылда (1953), Балалық шаққа саяхат (1965), Дала жұлдызы (1963), Аяжан (1965), Жолда (1955), Менің атым қожа (1957), Өлгендер қайтып келмейді (1-томы, 1967, 2-томы, 1974ж.), Қайдасың, Гауһар? (1966) т.б. шығармаларын дүниеге әкелді. Жазушының көзі тірісінде 20-дан астам кітабы жарық көрді.
Бұл шығармаларының ішіндегі Қайдасың, Гауһар? өз отбасына арналған шығарма. Осы тақырыпта, үнемі қамауда қалатыг кішкентай Самалдың құлыпты ошақтағы күлдің ішіне тығып тастағаны жайлы - Құлып деген әңгімесі жарық көрді. Тағы бірде кинотеатрдан Антон мен Кнопкадеген австриялық фильмді көрген. Фильмде Антон - кедейдің баласы, Кнопка байдың қызы. Кнопка Антон екеуміз бірдей болумыз керек деп киімдерін тесіп, сандалын кесіп тастайды, мұны көрген Самал үйге келген соң аяқ киімін кесіп тастайды. Аңғарымпаз жазушы осы оқиғаны арқау етіп Сандал деген әңгімесін жазады.
Жазушылықты бар ғұмырының өзегі деп санаған Б.Соқпақбаевтың шығармашылық жолы да қиыншылықпен, кедергіге толы болды. Жазушының соңғы жазғаны Өлгендер қайтып келмейді романы. Бұл кітабының басылып шыққанына қатты қуана қойған жоқ. Қара бояудың қалың жаққансың деп көп жерін, тұздығы татиды-ау деген нағыз дәмді жерлерін сызды да тастады деп күйіне, қажып айтып жүрген.
Өмірден ойып алынған шындықты ғана жазғаны үшін жоғарғы жаққа жақпады, шетқақпайлыққа ұшырады. Сөйтіп Бердібек атамыз нағыз кемеліне келген, жазар шағында жазуды қойыпты.
Жазушы шығармаларының ішіндегі бала жүрегіне жол тапқан үздік туындысы Менің атым Қожа повеі болды. Бұл - қарапайым тілмен жазылған, шындықтан туындаған шығарма. Өтірік ештеңе қоспаймын деп уәде берген автор уәдесін орындайды да, повесте жазушы балаларға бала болып бар сырын ашады. Өзінің бар болмысын, жамандығын да жақсылығын да жасырмай жазады. Сол жасырмай жазуының арқасында оқырманның ыстық ықыласына бөленеді.
Жазушы бұл кітабын шығарарда өз елінен алғашқыда қолдау таба алмады. Кеңестік тәрбиеге қайшы. Біздің оқушылар Қожаның сотқар қылығына еліктеп, тәрбиеден аттап кетеді. Мұғалімнің сөмкесіне бақа салған оқушы ертең қандай азамат болады? деген пиғылдағы әңгімелер желдей есті. Сосын оны естіген орындаушылар жазушының кітабын басудан бас тартқан. Бірақ оған мойымаған Б.Соқпақбаев шығармасын Москвадан шығатын Детская литература баспасына апарып береді. Сөйтіп бірінші Менің атым Қожа кітабы орыс тілінде басылып шықты. Қазақтың қожасы оқырман қауымының қызығушылығын туғызды. Одан кейін екінші болып француздар өз тілдеріне аударды. Бірден 30 шақты тілге аударылып шартарапқа жайылды.
Содан кейін ғана өз елі Б.Соқпақбаевты мойындады. Повесть 1957 жылы жарық көріп, жазушыны бірден оқырманына танытты. 1963 жылы Қазақфильм киностудиясы осы повесть бойынша сценарий жазып, көркемфильм етіп шығарды. Қазақ киносында соны соқпақ салған режиссердің бірі Абдолла Қарсақбаев сияқты екі ірі тұлғаның ортақ шығармашылығы Францияның Канн қаласында өткен халықаралық кинофестивальда арнайы сыйлыққа ие болды. Фильмде Қожа ролінде басты кейіпкер Нұрлан Сегізбаев ойнадым, - дейді. Ол да өмір жолын әуелі мұғалім болып бастап, кейін кітап жазған, қазір әл-Фараби атындағы КазҰУ-да мұғалім, актер.
Сұлтанның рөлін сомдаған Сұлтан Какенов жүрек талмасынан ертерек қайтыс болып кеткен. Жантас - Ерік Құрмашовтан хабар жоқ. Жанар рөлінде Гүлнар Құрабаева. Жұмағұл қойшының баласы Дәулет - Юнус Шамусов бокстан Қазақстан құрамасының дәрігері. Ал Майқанова апайларың - Рая Мұхамедиярова, танымал актриса.
Б.Соқпақбаев атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Талғат Оразымбетұлының:
Бала жайлы шығарманың төресі,
Менің атым Қожа деген повесі.
Өзімізді сол повестен табамыз,
Шалқып-тасып қиялардың кемесі, - деп өзінің жүрек-жарды лебізін өлең жолдары арқылы білдірген екен. Шындығында да Қожа бейнесі біздің жүрегімізде, мәңгі жас қалпымызбен есімізде сақталады.
Қазақ балалар әдебиетінің классигі, тамаша жазушы Бердібек Соқпақбаев тірі болғанда биыл 80 жасқа толар еді. Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді демекші, балалардың сүйікті жазушысы артына Менің атым Қожа, Балалық шаққа саяхат, Қайдасың, Гауһар және Ергежейлілер елі сынды бірқатар әңгіме, хикаялар қалдырды. Балалардың бал мінезін ішкі дүниесімен жақсы сезіне білген жазушы әрбір шығармасында өзі туып өскен Нарынқол таулы өңір табиғатының жанды суреттерін оқырманға үлкен шеберлікпен жеткізе білген. Б.Соқпақбаевтың әңгіме, повесть, романдары және пьесаларында балғын шаққа батыл саяхаттар жасап, таңдандырып, тамсантып, бал дәурен әсерлерінің қаймағын бұзбай, ақиқаттан алшақтамай, балаға тән қиялдап, өмірдің өз болмысын тебірене толғайды. Оқысаң еріксіз езу тарттырып, кейде күрсінтіп терең ойға жетелейді. Лезде кейіпкерлермен етене араласып, олар өзің күнде көріп жүрген адамдардай Беркен, Қожа секілді кейіпкерлерімен жадыңда жатталып қалады...
Жазушы еңбектерін тізімі
Еңбектері:
Менің кербез жеңгем
"Здрәсти, нәшендік!"
"Кеңсе ана ауылда"
"Киікбай!","Найза!"
Арам сорпа
Арбасу
Ағаларым
Бір табақ ұн, бір табақ арпа
Бір, екі, сол аяқ!
Балалық шаққа саяхат үзік-үзік суреттер
Бел-белестер
Бөпке әжем және біз
Елеміс екеуміз
Жібек белбеу
Жаңа дос
Жол үстіндегі кездесу
Жылауық Тұрдыбек
Жылқыбайдың сұмдығы
Жұмабай
Каза
Концерт
Көне заттар музейі
Көпекбай және оның балалары
Майра
Мал-адамның бауыр еті
Махаббат хаты
Мектеп
Менің атым Қожа
Менің жауым-Жанбосын
Менің салақ жеңгем
Менің ғажап пималарым
Менің әкем
Менің өнерлі жеңгем
Оқимын
Рамазан және мен
Сары атқа міндім, сазға түстім
Сарыбастау сапары
Сембай атам және біз
Сүмбе сапары
Табылған тәсіл
Тепең-тепең
Тоғыз ауыз
Шайтан екен деп қалсам
Шешем жайлы
Қайран менің Әлиман жеңгем
Қапасқа қамалғаным
Қара шапан
Қостөбе "Застап". Шекара
Қостөбеге қыс келді
Үйге келу
Әдемі өмір туралы аңыз
Өгей шеше
Өлем -ау өлем!
1.2 Халқы сүйген қаламгер
Жазушы, Қазақ әдебиеті газетінің бас редакторы Жұмабай Шаштайұлы Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығы жайында тыңдарманды ұйытқан тұщымды баяндама жасады. Баяндаманың назар аудартқаны - жазушы шығармашылығына жаңа биіктерден шолулар жасап, философиялық тұрғыдан талдауға ұмтылыс жасауы болды.
Мұнан кейін мінбеге көтерілген Кәдірбек Сегізбаевтың, Қуанышбек Құрманғалиевтың, Нұрдәулет Ақыштың, Гүлнәзия Рақымбердіқызының, Рысбек Сәрсенбайұлының,Сағатбек Медеубекұлының, Нұрлан Сегізбаевтың, Қанат Тәкебаевтардың сөздерінде Б.Соқпақбаев шығармашылығына деген сүйіспеншілік атойлап тұрды.
Көзі тірісінде қазақ балалар прозасының көш басында тұрған қаламгер осы ширек ғасырға жуық уақыттың ішінде әлі де сол биіктігінен тұлғаланып көрінеді. Өйткені балалар жазушыларының арасынан Бердібек ағамыз шыққан көркемдік биіктікті әлі ешкім толық бағындыра қоймапты.
Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 15-қазанда қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қостөбе ауылында өмірге келген. 1949 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін, кейіннен Москва қаласындағы М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы жоғары әдеби курсты бітірген.
Біраз жыл ауыл мектебінде бала оқытқан. Қазақ әдебиеті газеті, Балдырған журналының редакцияларында, Ш.Айманов атындағы Қазақфильм киностудиясында, Жамбылдың музей-үйінде қызмет істеген. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесшіліктен біржола шығармашылық жұмысқа шықты.
Б.Соқпақбаев әдебиетке келген алғашқы қадамынан бастап-ақ өзінің талантымен оқырман назарына ілікті. Өмір шындығы мен жазушылық суреткерлікті сәтті ұштастыра білген қаламгер шығармаларында негізінен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы, одан кейінгі кезеңдегі ауыл өмірі, оның ішінде жеткіншектер мен жастардың жан дүниелері суреттелген.
Өзіндік сырлы бояуы айқын, көркемдігі басым болып келетін Бердібек шығармашылығы шыншылдығымен баурайды. Өз заманында қазақ балаларының арасында Бердібек Соқпақбаевтай кең танылған жазушы сирек болды. Тіліндегі ойнақылық, езу жиғызбас юмор, кейіпкерінің ұшқыр қиялшылдығы, тапқырлығы мен тентектігі, ең бастысы автордың да, кейіпкердің де адамға деген шексіз махаббаты сияқты факторлар - Б.Соқпақбаев шығармашылығының ең ұнамды сипаттары. Қай туындысы болса да, қызықты сюжетімен, психологиялық иірімдерімен үнемі еліктіріп, қашан аяғына жеткеніңше бас көтертпейді.
Балалық, жастық шағы қиындыққа толы, қайғылы да, мұңды кезеңдері көп болғанымен, Бердекеңді шығармашылық қадамын бірден сәтті бастаған, жолы болған жазушы деп айтуға болады. Оның тұңғыш кітабы Бұлақ атты өлеңдер жинағы 1950 жылы Оқу құралдар баспасынан сол кездегі қазақтың майдангер ақыны Әбу Сәрсенбаев директор боп тұрғанда сол кісінің қамқорлығымен жеке кітап боп шығыпты.
Бұдан кейінгі туындыларын қысқаша тізбелеп өтсек, Алыстағы ауылда (1953) Он алты жасар чемпион (1957), Менің атым - Қожа (1957, 1972), Балалық шаққа саяхат (1960), қазақтың ғалым-демократы Шоқан Уәлихановтың өмірі туралы жазылған Дала жұлдызы (1960), Аяжан (1963), Қайдасың Гауһар (1966, 1977) повестері мен Өлгендер қайтып келмейді (1967, 1974) романдарын шығарады. Жексен - жеке меншік сурет кітапшасы (1982) жарық көрді.
Бұлардың едәуір бөлігі басқа тілдерге аударылған. Кейбір шығармалары сахналық, экрандық нұсқаға айналған. 1967 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Франциядағы Канн қаласында өткен халықаралық фестивалінде Б.Соқпақбаевтың сценарийі бойынша түсірілген Менің атым - Қожа фильмі арнаулы жүлдеге ие болды.
Мерекеге жиналған жұртшылық осы айтылған деректерге қаныға отырып, Бердібек Соқпақбаевтың көркемдік әлемін әр қырынан кеңінен танығандай болды.
Түркітілдес жұрттардың өнері мен мәдениетіне қамқорлық жасап отырған халықаралық Түріксой ұйымының жауапты өкілі Мәлік Отарбаев, Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Ермек Келемсейіт мерейтойға орай өз құттықтауларын әкеліпті. Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың осы мерейтойға арналған арнайы құттықтауы да конференция үстінде оқылды. Келушілерге жеке демеушілердің арқасында жарық көрген Б.Соқпақбаев кітаптары сыйға тартылды. Мерекеге арнайы тіктірілген күйіз үй маңында халық серуені, концерттік нөмірлер мен ат бәйгесі, ұлттық ойындар келушілерді бір серпілтіп тастады.

Есімі әлемге танылған Қожаның өз бейнесімен есімін талдаған монологы (Оқушы орындауда).
... Менің атым Қожа. Көріп отырсыңдар, пәлендей әйдік ат емес.
Шынымды айтсам, бұл о баста қожа емес, Қожаберген екен. Туу куәлігінің өзінде солай жазылған. Бірақ дүниеде не қилы ғажайып құбылыстар бола беретіні тәрізді, бертін келе Қожабергеннің құйрығы үзіліп түсіп қалыпты. Бұл құбылыстың дәл қай жылы, қай айда, қай күні болғанын тап басып ешкім айта алмайды
Ал, балалар, сендердің бұл кітапты оқығандарыңды, ұшқыр, жылдам ойлай алатындарыңды көру үшін мынандай сұрақтар қойғалы отырмын.
1. Қайтсем екен деп біраз ойлап тұрдым да, тәуекел деп, ішке кезексіз кірмекші болдым... Өзге болмаса да, әуелі оқулықтарың сай болсын. Мен былай деп мақалдаған болар едім: Қожа қандай мақал айтты?
Жауабы: Оқулығы сай бала - көңілі жай бала.
2. (Оқушы сұрақ қояды)
Мұғалімдердің алды тысқа шығып та үлгерді. Дымымды ішіме бүгіп, теректің діңіне жабысып, қаттым да қалдым. Ахметов пен Майқанова оқшауланып, бермен қарай бұрылды. Екеуі мен тұрған теректің тура түбінен өтіп бара жатыр...
Қожа Майқанова мен мектеп директорынан өзі жөнінде қандай пікір естіді?
Жауабы: Қадыров түбінде адам болатын бала, - дейді Майқанова.
Оты бар, - деп қостады Ахметов.
Мына сипаттамадан шығарма кейіпкерлерін қаншалықты дұрыс тани алатындарын тексеріп көрейік.
3. (екі оқушы жатқа оқып, қалғандары жауап береді.)
-Бұл кім?
-Мен ғой, ата
-Менің кім?
-Мен...
-Мұнда неғып отырсың?
-Педсоветке келдім.
-Онда сенің не шаруаң бар?
-Мен жөнінде мәселе қарап жатыр.
-Мәселе. Қандай мәселе? Сені мұғалім етеміз дей ме?
-Директор етейміз дейді.
Бұл кімдердің арасындағы әңгіме?
(Әкесінің көзін көрген, мектеп күзетшісі Сәйітбек қарт пен Қожаның әңгімесі).
Көрініс: Қожаның Дәулетпен танысуы
-Ей, атың кім сенің, - деп сұрады Сұлтан.
-Дәулет.
-Атың әдемі екен. Дәулет деген тамаша ат. Менің ағайымның аты да Дәулет.
-Дәулеті мол, дастарханы бай, алақаны кең болсын деп қойған ғой. Ей, Дәулет, біз асығып отырмыз. Сен бізге бір-бір кеседен қымыз бер.
-Апам ұрсады. Оны ауылға беріп жібереміз деген.
-Нені?
-Жүктің астындағы қымызды.
-Жұмекең өзі айтты ғой, бір-бір кесе құйып ішіндер деп. Әкел, кесе әкелші.
-Апам ұрсады...
-Ұрыспайды, біз саған ақша төлейміз. (Сұлтан қалтасынан қобыратып, бірнеше бір сомдық сарықұлақтарды суырып алды).
-Иә, төлейміз, - дедім Сұлтанды қоштап.
-Мамам кеп қалса, қайтем (Бұл Дәулеттің көнгені еді)
-Келмейді, - деп Сұлтан орнынан ұшып түрегелді.
-Қай жақтан келуші еді. Мынау, - Сұлтан мені нұсқады, - киіздің жыртығынан бақылап тұрсын. Екеуміз тездетіп құйып жіберейік.
Дәулет қолын созды.
-Әуелі ақша бер.
-Мә, деп, Сұлтекең Дәулетке бір сомды ұстата берді.
-Мынау жыртық, ескі ақша ғой.
-Ендеше мынаны ал, мә, - деп Сұлтан оның қолындағы шытырлаған су жаңа бір сомдыққа айырбастап берді. Ақшаның сиқыр күші Дәулеттің шырайын күрт өзгертті.
Сұлтекеңнің қимылына көз ілеспейді. Жүктің астындағы месті дереу суырып алып, аузын шешіп жатыр. Дәулет өрешенің ішінен кішірек кастрюльді алып шықты.
-Кәне, тос.
Сұлтекең сар еткізіп құя салды.
-Көп боп кетті! - деп шыж ете қалды.
-Ештеңе етпейді.
-Тағы бір сом бер, - деп, қолын созды.
-Не үшін.
-Сендер екі кісі емес, көп іштіңдер ғой.
-Өй, жолын болғыр, - деп кейіді Сұлтан, - біз оны ішейік деп іштік пе. Мамаң кеп қалса, сені құртады екен деп, саған жанымыз ашыған соң іштік қой. Бекер ішкен екем. Қарнымды сыздатып кетті.
-Сен, онан да бізге жейтін бірдеңе бер. Қымыз ішімізді ашыта бастады, - деді Сұлтан.
-Нан жейсіңдер ме?
-Әкеле бер. Май бар ма? Оны да әкел. Мына біреу піскен омыртқа ма? (Саудадан пайда тауып қалған Дәулет)
-Тамаққа да ақша төлеңдер, - деп, ескертті.
-Жарайды, төлейміз, - дейді Сұлтан.
-Қазір төле. (Сұлтан Дәулетке тағы бір сом берді).
-Ал кеттік, - деді Сұлтан. Дәулет менің алдымнан тосқауылдай қалды:
-Бәкінің керегі жоқ па?
-Қане, қандай бәкі, - дедім мен (ұнатпадым да басымды шайқадым).
-Белбеу керек емес пе?
-Қайсы?
-Өзің қайтесің? Шалбарың түсіп кетпей ме?
-Түспейді. Қайыспен байлап алам.
-Керегі жоқ, хош бол.
-Хош болыңдар.
-Енді балалар осы повесті барлығымыз талдап, шығарманың негізгі ойын ашайық, пікір алмасайық.
Барлығына сұрақ.
1. Б.Соқпақбаевтың Менің атым Қожа повесі кімдерге аранлған шығарма? (Менің атым Қожа повесі балаларға арналған туынды.Өйткені мұнда қарапайым ауыл тіршілігі, қараша қазақ қауымының күйбеңі, ауыл балаларының мінез-құлықтары көркем де, қарапайым түрде суреттелген. Бұл шығарма шын мәніндегі өмір жолын табуға тәрбиелік үлесімен қымбат. Сонымен бірге балалық шақтың балған мезгілдерін көз алдымызға әкелетін шығарма болғандықтан, өзімізге өте жақын.)
2. Повестің басты кейіпкері Қожа қандай бала? (Қожа ақылды тентек. Ол тентек болғанымен адамның жан дүниесін түсіне білетін бала. Менің ойымша, Қожаның тентек болуының бірінші себебі әкесінің жоқтығы.
Екіншіден, бос жүрген Сұлтанға еріп жаман әдеттерге жолығады. Ол өзін-өзі түзегісі келгенмен оны бос жүрген Сұлтан өзімен бірге ертіп алып кетіп отырады. Бірақ Қожа өз тентектеріне есеп бере білетін бала).
3. Тағы кім толықтырады? (Қожа туралы айтар болсам, ол тентек болғанымен, ақылды, ақкөңіл. Оның іс-әрекеттері кездейсоқ жағдайлардан өрбіп отырады. Қожаның ой-қиялы бай. Адам жанын түсінбейтіндерге ол қарадай қас. Мұнысын басқалар тентек деп түсінеді. Бірақ оның бойында жақсылық жасауға ұмтылу, басқаларға көмек қолын созу сияқты жақсы қасиеттер мол).
4. Повестегі Жанар қандай оқушы деп ойлайсыңдар? Ол Қожаға несімен ұнайды? (Жанар сыныпта үздік оқушы. Сабақты өте жақсы оқиды. Ол Қожаны ақылды тентек деп бағалайды. Және ішкі жан дүниесін түсіне біледі. Екеуі де дойбы ойнағанды ұнатады. Жанар Қожаға осы қалпымен ұнайды деп ойлаймын).
Тағы кімнің қандай ойы бар? (Жанар ол сұлу, ақылды, ән айтқанда даусы жақсы, сыныптағы үздік оқушы. Жанар Қожаға үлілігімен, ақылдылығымен ұнайды. Жанар мен Қожаның арасында балалық сезім болады. Қожа өзі өлең шығарғанда Ж.-ға арнаймын деп айтады. Бұл сөзді естіген Жанар қызарып кетеді. Бұдан біздер Қожа Жанарды жақсы көретінін түсінеміз. Жанар да Қожаның ішкі сезімін түсінеді. Қожаның тентектіктеріне кешіріммен қарай біледі. Яғни Қожаның жан дүниесін түсіне біледі деп ойлаймын).
5. Қожаның қателіктерге ұрына беруінің себебі не, қалай ойлайсыңдар? (Қожа тентек бала, ол өзін қаншалықты түзелемін деп жолға қойғанымен, түзеле алмайды. Бұл оның әлсіздігін көрсетеді. Өзі сияқты Сұлтанға еріп біреудің бөркін, біреудің тымағын, қымызын алдап ішулері тентектік емеспе? Өзі жақсы болса қожаны ешкім келемеж етпес еді. Алған тәрбиесіне байланысты қателіктерді әдейі жасайды)
Тағы қандай себебі болуы мүмкін? (Жоқ, бұл пікірге келісе алмаймын. Қожа тентек болса да, ақылды тентек. Оның қателіктерге ұрына беруінің себебі бос не істерін білмей жүрген тентек Сұлтанға еруі. Ол барлық тентектіктерін абайсызда істейді. Кейін өкініп, қателіктерін түсініп, өзіне-өзі баға береді. Неге олай істедім деп өкінеді. Мысалы: жолдама ала алмай қалғанда Майқанова апайға тарсылдатып кіріп барғаным жөнсіз болды-ау деп ойлайды. Бұл оның өз ісіне есеп бере алатын бала екендігін көрсетеді).
6. Жантас қандай бала? (Жантас пәлеқор, мақтаншақ өзімшіл бала. Қожаны сыныбында оқудан шығарылсын деген жалғыз сол ғана. Педкеңес, сынып оқушылары, яғни Қожаның жолдастары шешсін деп ұйғарады. Темір бастаған сынып оқушылары Қожаға сенім артып, осы мектепте қалдырылсын деп шешті. Әрине, бұл дұрыс шешім. Тек жалғыз Жантас қана мектептен шығарылсын деді. Бұл оның өзімшіл, басқаға жаны ашымайтын, қиын кезде жолдасына көмек қолын соза алмайтын, қызғаншақ, жаман бала екенін көрсетеді.
7. Қожа Майқанованы не үшін жек көрді?
Жақсы көретін мұғалімі кім?
Қожа мен Майқанованың ерегесі, Қожаның өтірік айтып, кезексіз кітап алып шығуынан басталады. Қыркүйекте сабақ басталғанда Майқанова Қожаға біз екеуміз таныс сияқтымыз деп айтқанын, кекеткені деп түсінеді. Кейін, педкеңестен шыққан Майқанова мен Ахметовтың өзі туралы пікірін естігенде, өзінің қате пікірде екенін түсінеді.
Қожа орыс тілінен сабақ беретін Анфиса Михайловнаны жақсы көреді. Бірде сабаққа кешігіп мұғаліммен бірге кіреді. Балалар орындарынан тұрып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz