«Есті зерттеу»
Кіріспе ... ... ... ... 3
І тарау. Есте сақтау үрдісінің теориялық негіздері
1.1. Есте сақтау қабілеті туралы жалпы ұғым
1.2. Есте сақтау үрдісінің қалыптасу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3. Ес жұмысы мен ойлау үрдісіні дамуы ... .15
ІІ тарау. Есте сақтау үрдісін зерттеудің тәжірибелік.эксперименталды негіздері
2.1 Есте сақтау қабілетін қалыптастыру ... ... ...18
2.2. Есте сақтауды дамытуға арналған әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қазіргі уақытта оқу-ағарту саласында мектепке дейінгі тәрбиелеу бағытынан баланың жеке басының дамуына, оның есте сақтау қабілеттерін дамытуға аса көңіл аударылуда. Баланың есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге бағытталған мекемелердің қазіргі танда балалардың есте сақтау қабілетін психолого-педагогикалық диагностикалау мәселесінің өзектілігін көрсетеді. Мұның өзі мектепке дейінгі мекемелердің, балабақшалардың психодиагностикалық методикалармен қамтамасыз етуді қажет етеді.
Ал, қазіргі уақытта В.Д.Шадриков көрсеткендей ес дамуының бірнеше бағыттарын байқауға болады: Ес – психикалық процесс ретінде: мұнда мнемикалық операциялар мен есте сақтау сатылары, естің ауыспалы процестері көрсетіледі және есті есте сақтау, қайта жаңғырту, тану, есте тұту, ұмытумен сипаттайды.
Ес – ақпаратты есте ұстайтын, сақтайтын, қайта жаңғыртатын психикалық функция. Есте сақтау көлемі, қайта жаңғыртуы, ес жылдамдығы және т.б. нәтижелік жағы талданып тіркеледі.
Ес – тек тәжиірбенің жиналып, сақталу міндеттерімен ғана емес іс-әрекет жүйесін ұйымдастыруда, уақыт қатынасына байланысты өзекті әрекеттер жоспарының арақатынасымен байланысты жеке адамның құрылымы болып табылады. /5/.

1. Аймауытов Ж. Психология.- Алматы, 1995.
2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.- Алматы, “Білім” 1996.
3. Алдамұратов Ә. Қызықты психология.- Алматы, “Қазақ университеті”.
4. Әбдірахманов А.,Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша - қазақша сөздік.- Алматы, “Мектеп”, 1976.
5. Бастауыш мектеп, №11-2008 жыл
6. Возрастная и педагогическая психология. Тексты. - М.: МГУ, 1992.
7. Вопросы нравственного воспитания школьников. /Сборник статей: Изд-во Ленинградского Университета, 1960.
8. Выготский Л.С. Педагогическая психология. – М., 1991.
9. Выготский Л.С. Проблема возраста./ Собрание сочинений. – М.,1984.
10. Грэйс Крайг. Психология развития. - СПб., 2000.
11. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. - М., 1996.
12. Елеусізова С. Қарым- қатынас психологиясы.- Алматы, 1995.
13. Ерментаева А.Р. «Субъектілікті дамыту тренингі» 2007 жыл
14. Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары.- Алматы, 2000.
15. Кисловская В.Р. Школьники в среде сверстников и взрослых - Алма-Ата, 1975.
16. Кулагина И.А. Возрастная психология: Развитие ребенка от рождения до 17 лет. – М., 1998.
17. Леонтьев А.Н. Проблемы развитие психики - М., 1981.
18. Мухина В.С. Возрастная психология. - М., 1998.
19. Обухова Л.Ф. Детская психология: Теория, факты, проблемы. – М., 1995.
20. Оклендер В. Окна в мир ребенка. / Руководства по детской психотерапии. – М., 1997.
21. Слободчиков В.И. Психологические проблемы становления внутреннего мира человека. // Вопросы психологии. - 1986 № 6.
22. Смирнова Е.О. Психология ребенка. - М., 1997.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
Педагогика және психология
кафедрасы
Зерттеу жұмысы
Тақырыбы:
Есті зерттеу
Орындаған:
Тексерген:
Орал - 2015ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Есте сақтау үрдісінің теориялық негіздері
1.1. Есте сақтау қабілеті туралы жалпы ұғым
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Есте сақтау үрдісінің қалыптасу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 10
1.3. Ес жұмысы мен ойлау үрдісіні дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
ІІ тарау. Есте сақтау үрдісін зерттеудің тәжірибелік-эксперименталды
негіздері
2.1 Есте сақтау қабілетін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2. Есте сақтауды дамытуға арналған
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..28
Кіріспе
Қазіргі уақытта оқу-ағарту саласында мектепке дейінгі тәрбиелеу
бағытынан баланың жеке басының дамуына, оның есте сақтау қабілеттерін
дамытуға аса көңіл аударылуда. Баланың есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге
бағытталған мекемелердің қазіргі танда балалардың есте сақтау қабілетін
психолого-педагогикалық диагностикалау мәселесінің өзектілігін көрсетеді.
Мұның өзі мектепке дейінгі мекемелердің, балабақшалардың
психодиагностикалық методикалармен қамтамасыз етуді қажет етеді.
Ал, қазіргі уақытта В.Д.Шадриков көрсеткендей ес дамуының бірнеше
бағыттарын байқауға болады: Ес – психикалық процесс ретінде: мұнда
мнемикалық операциялар мен есте сақтау сатылары, естің ауыспалы процестері
көрсетіледі және есті есте сақтау, қайта жаңғырту, тану, есте тұту,
ұмытумен сипаттайды.
Ес – ақпаратты есте ұстайтын, сақтайтын, қайта жаңғыртатын
психикалық функция. Есте сақтау көлемі, қайта жаңғыртуы, ес жылдамдығы
және т.б. нәтижелік жағы талданып тіркеледі.
Ес – тек тәжиірбенің жиналып, сақталу міндеттерімен ғана емес іс-
әрекет жүйесін ұйымдастыруда, уақыт қатынасына байланысты өзекті әрекеттер
жоспарының арақатынасымен байланысты жеке адамның құрылымы болып табылады.
5.
Есте сақтау қабілеті функцияларының қайта құрылуы, оның
эффективтілігіне қойылатын талаптарға негізделген. Оның жоғары деңгейі оқу
іс-әрекетінде пайда болатын әр түрлі есептерді шешуде қажет. Естің оқу
барысындағы маңыздылығын П.П. Блонский былай жазды, "баланың негізгі
қызметі ойлана отырып меңгеру, және осы жастағы негізгі функциясы – ойлаушы
ес, яғни нені қалай есте сақтау, ойланумен бірге жүретін есте сақтау, және
нені қашан еске түсіру, ойлаумен бірге жүретін еске түсіру". Ойланушы ес –
логикалық ес. Енді бала көп нәрсені есте сақтауға, материалды жаттауға,
сондай-ақ жаттағанын есте ұстауға және ұзақ уақыттан соң қайта жаңғырта
білуі керек. Баланың есте сақтай білмеуі, оның оқу іс-әрекетіне әсерін
тигізеді.
В.В.Кочетков диагностикалық әдістерді екі топқа бөледі:
1. окудың жемістілігін анықтайтын әдістер (баланың үлгерімін
бағалайтын дәстүрлі әдістер);
2. педагогикалық процестің қатысушыларының қабілеттерін
диагностикалайтын әдістер (мысалы: ақыл-ой дарындылығының коэффиценті)
Сонымен қатар ол, бұл әдістердің қазіргі талаптарды қанағаттандырмайтынын
және оларды қайта қарау керектігін айтады. 2
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында “Біз бүкіл елімізде әлемдік
стандарттар деңгейінде мектепке дейінгі білім беру қызметін жолға қоюға
тиістіміз” делінген. Бұл жолдауында келесі мәселелер қарастырылған:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды даярлық
топтарында педагогикалық процесті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді
пайдалану арқылы балаларды тәрбиелеу, білім беру мазмұнын, оның деңгейі мен
сапасын іріктеуге қойылатын талаптарды регламенттеу, мектепке дейінгі
тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды даярлық топтарының қызметін
баланың денсаулығы мен оның физикалық дамуын сақтауға бағдарлау, баланың
дамуының әрбір жас кезеңінде әлеуметтік ахуалды іске асыру үшін жағдайларды
қамтамасыз ету, баланың есте сақау үрдісін дамытуға арналған
технологияларды, ойындарды жаңа әдістерді пайдаланып білім беруді енгізуді
болжайды.
Зерттеу мақсаты: есте сақтау қабілеттерін диагностикалау
ерекшеліктері.
Зерттеу міндеттері:
- Есте сақтау қабілеттері жайлы теорияларға талдау жасау;
- Есте сақтау қабілеттердің операционалды даму деңгейі мен сапалық
құрылымын анықтау;
- есте сақтау қабілеттердің функционалды даму деңгейін
анықтау;
Зерттеу пәні: есте сақтау қабілеттер мазмұны мен құрылымының
диагностикасы.
Ғылыми болжам: есте сақтау қабілеттерін дамыту, олардың есте сақтау
өнімділікгерін арттыра отырып білім сапасын жоғарылатады. Есте сақтау
қабілетін дамыту табысты өтеді, егер тілдік теорияны үйрету үрдісінде
көрнекілік пайдалану; мағыналы жаттаудың оңтайлы тәсілдеріне үйрету, есте
сақтау өнімділігін арттыруға бағытталған жаттығулар, жанама есте сақтауды
қалыптастыру, яғни есте сақтау үшін қосымша құралдарды пайдалану, оның
ішінде символ-белгілер сияқты жағдайлар жасалса.
Зерттеудің теориялық мәні: адам психологиясының ерекшеліктерін
зерттеуге байланысты негізгі теорияларды зерттеу негіз болды (В.Д.Шадриков,
С.А.Изюмова, Т.В.Зотова, Л.В.Черомошкина).
Зерттеу әдістері және процедуралары. Ғылыми–педагогикалық, тарихи-
әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, ғылыми зерттеулер, бақылау, байқау;
әңгіме, сұхбат жасау.
Зерттеу құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және
әдебиеттер тізімінен тұрады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе,
ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып
табылады.
Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау
қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен
құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт.
Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы
кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп,
ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға
белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына
ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін
қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-
анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды.
Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен
білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-
тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға
шығармашылықпен үлес қосып отырса.
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен
балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы. В.С. Мухина
бойынша мектепке дейінгі шақ есте сақтау мен еске түсіру қабілеттілігінің
пәрменді дамуымен сипатталады. Адамдар, оқиғалар есте сақталатын кезең
мектепке дейінгі шақта анықталмаған мерзімге ығысады. Шындығында, бізге
сәбилік шақтағы оқиғалардан бірдеңені еске түсіру қиын немесе мүлде дерлік
мүмкін болмаса, мектепке дейінгі балалық шақ көптеген әсерлі сәттерді есте
қалдырады. Бұл әсіресе мектепке дейінгі ересектерге тән. Мектеп жасына
дейінгі баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала көбіне
өзінің алдына бір нәрсені есінде қалдыру үшін саналы мақсаттарды
қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен
санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі
іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса,
оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды.
Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы,
баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне іс-әрекет процесінде
оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде
өтетіндігіне байланысты. Мысалы, суреттерді жай ғана қарап шыққанда оларды
баланың есінде сақтау анағұрлым нашар балады, ал осы суреттерді, өз
орындарына, мысалы, бақшаға, ас үйге, балалар бөлмесіне, қораға дәл келетін
жеке заттарды қою ұсынылғанда бала оларды есінде жақсы сақтайды. Ықтиярсыз
есте сақтау баланың орындайтын қабылдау және іс-әрекеттерінің жанама
қосымша нәтижесі болып табылады.
Мектепке дейінгі балалық шақта заттардың, құбылыстардың, іс-
әрекеттердің арасындағы байланыстар мен қатынастарды бөлу мен пайдалануды
талап ететін күрделі де сан алуан міндеттерді баланың шешуіне тура келеді.
Ойында, сурет салуда, құрастыруда , жапсыруда, оқу және еңбек тапсырмаларын
орындауда бала үйреніп алған іс-әрекеттерді жай ғана пайдаланып қана
қоймайды, жаңа нәтижелер ала отырып олардың тұрақты түрін өзгертеді. Мектеп
жасына дейінгі балалар өздерін қызықтырған мәселелерді түсіну үшін өзіндік
эксперименттер жасауға кіріседі, құбылыстарды бақылайды, оларды талқыға
салып, қорытындылар жасайды. Мектепке дейінгі балалық шақтың соңында кейбір
механикалық физикалық және басқа байланыстар мен қатынастарды түсінуді, осы
байланыстар мен қатынастар туралы білімді жаңа жағдайларда қолдана білуді
талап етеді. Осы жастағы балалардың жылдың соңына дейін абстрактылы
логикалық ойлауы жақсы дами түседі. Бірақ тәжірибе түрінде, бала затты
көрмей тұрса, берген сұраққа толық жауап бере алмайды. Бала ойлаудың барлық
операцияларын жақсы қабылдауға тиіс [11, 13, 14, 16].
Балалардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі шешуші роль
атқарады. Бала ойлауын дамыту үшін мұғалім тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы
тиіс. Ой тәрбиесі адамның психологиясын жан-жақты етіп тәрбиелеумен ұштасып
жатады.
Таным әрекетінің бірі - қабылдау. Тілдік мәліметтерді және жазылымдағы
қатысымдық тұлғаларды ұғыну қабылдаудан басталады. Тілді меңгеру барысында
тіл үйренуші есту, көру, сезу арқылы дыбыстарды, сөздерді, сөйлемді
қабылдауға үйренеді. Бала қоршаған ортаны жақсы қабылдауға тиіс.
Д.Б. Эльконин бойынша кіші мектеп жасындағы балаладың танымдық
үрдістердің дамуына келсек, олардың оқу ісіндегі қабылдауы – формамен
түстерді тану және атауға келіп тіреледі. Мысалы, түрлі түсті құмыра салу
үшін, олар форма, көлем жағынан әртүрлі болып келеді. Төменгі сыныптарда
оқитын балалардаң қабылдауында төмендегідей ерекшеліктер болады. Олар әлде
де болса құбылыстарды тұтас зат күйінде жөндеп қабылдай алмайды. Мәселен,
ол заттың өзіне ұнағанын, олардың көзге бірден көрінетін сыртқы белгілерін
қабылдауға ұмтылады. Мұндай қабылдауда белсенділік жағы аз болады. Үшінші
сыныптан бастап балалардың қабылдау саласындағы қателер азая бастайды. Бала
заттың негізгі белгілерін байқай алатын болады. Қабылдауда анализ бен
синтез қатар жүреді. Бала әр заттың өзіндік белгісін ұққысы келеді, оның
мәніне ішкі,сыртқы құрылысына, жасалу принципіне зе сала бастайды. Қабылдау
процесінің күрделене түсуі балаларда байқай алу қабілетінің көрінуімен
ұштасады. Алайда, байқаудың қарапайым элементі бірінші сынып балаларында да
бар. Байқау – белсенді ой-әрекетінің балада дамып келе жатқандығының
көрінісі [16].
Мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын педагогтар мен
тәрбиешілер, ата-аналар балалармен жылдың қай мезгілінде болмасын далаға
шығып, серуендегенде, әртүрлі ойын ойнағанда осы ойланту әдісіне баса көңіл
бөлуі қажет. Бала бойына ерекше әсер етіп түрткі болатын айналадағы өлі
және тірі табиғаттардың сан түрлі құбылыстары.
К.Д. Ушинский – баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның
өзіндік логикалық ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін
көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары
болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге
жетелейді. Сондай-ақ, кімде-кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең
алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс, - деп көрсетеді [1, 6, 15].
Онтегенездің бастапқы кезеңдерінде қарым-қатынас бала өмірінде аса
маңызды функция атқарады. Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім,
іскерлік, дағдыны біреудің жай қасында емес, өзара әсерлесу нәтижесінде,
өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі.
Мектепке дейінгі балалар әдетте ойынды, сурет салғанды жақсы көреді,
ересектермен және өзі қатарлы балалармен лезде тіл табысып кетеді. Мектепке
дейінгі шақтың әсіресе, алғашқы үш жылы психологияда қауіпті кезең
аталып, өзіне зерттеушілердің үлкен зейінін аударуда. П. Бадалян ...осы
уақытта сәби арнайы үйрету мен тәрбие көрмесе, кейін ол өте қиынға түсіп,
тіпті кеш болуы да мүмкін деген. Дер кезінде тәрбие мен үйрету көрген бала
бес жасында еш қиындықсыз таза сөйлей білуі тиіс [1, 6, 15].
Атақты психолог ғалымдары Л.С. Выготский, А.И. Леонтьев, А.С.
Запорожец, Л.Д. Венгер, Д.Б. Эльконин, Е.И. Игнатьева, Ю.К. Бабанский, И.Я.
Лернер т.б. зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың
жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің ішіндегі ең
маңыздысы шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады. Алайда
мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей
өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-
бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамымен ажыратылады. Олай
болатын болса, балаларға психологиялық қолдау жасау бiлiм беру
мекемелерiнiң (балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi болып табылады.
1.2. Есте сақтау үрдісінің қалыптасу ерекшеліктері
Ес процесінің дамуына шолу жасап, оның мән-жайын ашып көрсету ниетімен
мен мынадай екі мәселеге әдейі тоқталмақпын. Оның бірі – совет
зертгеушілерінің бірсыпыра еңбекттерінде жарияланған. Соны атап өтейін.
Балалар есінің дамуында екі түрлі із бар, естің дамуы бір ізді емес-ті,
оның негізі бірнеше зерттеулер арқылы іздестірілді. Оған менің де қатысым
бар. А.Н.Леонтьев пен Л.В.Занков жүргізген зерттеулерде сол пікірлер
расталады. Бұл зертгеулерде әр алуан психологиялық іс-әрекеттер нәтижесінде
қажетті мәліметтерді тікелей есте сақтау мен аспап-құралдар көмегімен есте
сақтауға тиісті баламен салыстырғанда, сол материалды тиісті бала өзінің іс-
әрекетін өзгеше жоспар жасап құрады. Өйткені аспап-құралдар мен белгілерді
қолданушы бала оларды есінде сақтау үшін сол аспап-құралдарды пайдалана
отырып берілген тапсырманы орындайтын болады, Соның әсерінен баланың есте
сақтауы өзге де психикалық процестерді дамытуға ықпалын тигізеді. Оның
қиялы мен ойлауының өрістеуіне әсер етіп отыратыны да сөзсіз.
Тәжірибе арқылы анықталған тағы бір жәйт мұнадай: егер біздер кез
келген кластағы балалардың тікелей -есте сақтауы мен жанама есте сақтау
қабілеттерін ажыратып білгіміз келсе, оларды екі топка бөліп зерттейміз.
Нәтижеде осы екі топтағы балалардың есте сақтау тәсілдерінін әрқайсысына
тән өзіндік динамикасы болатындығын айқын көрсетті. Бұл тәжірибені жүйеге
келтіріп дәледдеуге А.Н.Леонтьев ерекше күш жұмсады.
Мұндай зерттеулер нәтижелерін сіздер белгілі кітаптар мен жаңадан
басылып шыққан енбектерден білесіздер. Сондақтан бұл мәселелерді баяндауға
тоқталмаймын.
Теориялық зерттеулер адам есінің тарихи дамуы жайындағы жорамалдың
ақиқатығын анықтады. Адамның есі негізінен жанама жолмен оның әр алуан амал-
тәсілдерді қолдану арқылы мақсат мүлделеріне сәйкес болып отыратындыры
тәжірибелермен зертгелініп анықталды. Есте сақтау саналы әрекет және оның
өзіндік бейнелеу сипаты бар. Адамның есте сақтау әрекеттерінің қалыптасуы
онын сөйлеуімен, мәдени өмірінін деңгейімен ұштасып отыратындығын
көрсетеді. Ес күрделі психикалық процесс және адам ақылының қоймасы.
Баланың ойлау есте сақтау қабілеттерінің дамуы саусақтарының ұсақ
бұлшық еттерімен, қолдарының қимыл үйлесімділігімен тығыз байланысты екенін
ескерген жөн. Суретті жақсы салатын және әдемі жазатын балалардың
байланыстырып сөйлеу және ауызша- логикалық даму деңгейлерінің жоғары
болатыны белгілі. Бала саусақтарының ұсақ бұлшық еттерін дамыту үшін әр
түрлі заттарды саусақтармен теру,алуан түрлі және әр түрлі көлемдегі
тығындар мен бұрандаларды бұрау,илеу,жапсыру,сурет салу,үзік сызық сызу
сияқты түрлі жаттығуларды пайдалануға болады.Аталмаған жаттығулар ішінде
қарындашпен сурет салу мен үзік сызық сызудың мәні зор.Кітабымыз
тапсырмалардың осы түрлерін ұсынады.Оларды орындай отырып бөбек қолдарының
қимыл үйлесімділігі мен саусақтарының ұсақ бұлшық еттерін дамытып қана
қоймайды,сонымен бірге ерікті зейінін,есте сақтау,көру және ойлау
қабілеттерін дамытады және қағаз бетінде бағдарлау мен өз әрекетін
бақылауды үйреніп,алдына қойылған міндеттерді орындау барысында тапжылмай
жұмыс істеуге дағдыланады, ынтасы, талабы артады.Қоршаған орта
құбылыстары,заттар туралы түсінігі тереңдеп,өз қабілет мүмкіндігі сезінеді.
Графикалық тапсырмаларды орындау барысында балаға үзік сызық сызу мен
сурет салуға қойылатын талаптарды қатаң сақтау және үзік сызықты
көрсетілген бағытта ғана сызуды, олардың арасында бірдей қашықтық сақтауды,
сурет шегінен шығып кетпеуді ескерту керек.Мұндай тапсырмаларды орындау
үшін балаға жақсы ұшталған түрлі-түсті қарындаштар қажет.
Бала суреттерді мұқият қарап, тапсырманы орындау кезінде тәжірибесін
пайдаланып, бейнені толықтыра түседі.Ол жағдаяттарды қиыстырып, өз үлесіне
икемдейді. Нәтижесінде оның өзіндік ішкі позициясы, негіздей алатын пікірі
туады. Мұндайда ересектердің міндеті баланың сөзін бөлмей оны тоқтатпай,
асықпай тыңдау өз әрекетіне өзінің баға беруіне мүмкіндік жасау. Баланың
шығармашылақ белсенділігіне қолдау көрсетіп, тіпті елеусіз деген табыстарын
ескеріп отырыңыз.
Бала ақыл – ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес
танымдық іс-әрекет амалдары мен тәсілдерін игеруімен есте сақтау, елестету
танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Баланың дамуы
үшін есте сақтау мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған
орта және өзі туралы білімді меңгеруі, мінез – құлық нормаларын игеруі,
білім, білік, дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілеттерімен
тығыз байланысты. Сөз бен сөйлеу әрекеті ойлау құралы болып табылады.
Өйткені олардың негізінде логикалық ойлау, ұғым қалыптасады. 5 жасында
бала көрнекі – әрекеттік ойлаудан көрнекі – бейнелі ойлауға ауысады және 6
жасқа қарай ауызша – логикалық ойлауға үйренуі керек. Баланың көрнекі
әрекеттік ойлауы заттармен нақты әрекеті арқылы жүзеге асады. Ол түрлі
заттарды пайдалану, қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынас жасау
барысында білім және тәжірибе жинақтайды. Көрнекі – бейнелі ойлау мен оған
ықпал ететін көрнекі – схемалық ойлаудың мәні одан туындаған жағдайларды
шешу үшін бала заттардың өзіне емес, олардың бейнесіне сүйенуі арқылы
бейнеленеді. Ол құбылыстар мен заттардың тек және қасиеттерін ғана емес
неғұрлым маңызды байланыстарды, олардың арасындағы қатынастарды анықтап,
схема бойынша жұмыс жасай біледі, заттарды әртүрлі кеңістікті елестете
алады, оларды ойша орнынан ауыстыра алады. Бұл кітаптағы тапсырмалар
мазмұны қоршаған орта қоғамдық өмірдегі құбылыстар, олардың арасындағы
байланыстар мен қатынастар, адамның әлемдегі орны, табиғат пен оның
құбылыстары,өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдерді қамтиды. Оларды
орындау барысында бала заттар мен құбылыстардың мәнді белгілерін
айқындауды, кейбір дерексіз ұғымдарды сипаттауды, уақыт қатынасын, себеп-
салдарды, кеңістік, көлем, өлшем туралы түсініктерді игереді. Ол сөздерді
еркін қолдануды, өз пікірін айтуды, оны негіздеуді, қарапайым заңдылықтарды
анықтауды, салыстыруды, талдауды, пайымдау логикасын, ойлануды үйренеді.
Сөздік қоры, тіл байлығы артады, сюжеттік әңгімелер құру қабілеті дамиды.
Әр беттегі материал бір сабаққа есептелген. Әр сабақтан соң балаға
парақ соңындағы жолақты өзі қалаған түске тапсырылады. Таңдаған түсіне
қарап, сол сәттегі эмоционалдық – психикалық күйін аңғаруға болады. Ол
сіздің баламен әңгімеңізге дұрыс бағдар береді. Кітап – дәптер бақылау
тапсырмаларына құрылған. Бала оларды ересектердің көмегінсіз орындап болған
соң өз жұмысына өзі баға береді. Егер жұмысын өте жақсы орындалды деп
есептесе қызыл түспен, егер жақсы деп есептесе жасыл түспен бояйды.
Сабақ мерзімін естен шығармаңыз, ол 20 – 30 минут созылуы мүмкін. Бұл
баланың жасына, екеуіңіздің көңіл күйіңізге байланысты. Жұмысты баланың
көңіл күйіне жағымды ықпал арқылы бастағаныңыз жөн. Әйтпесе сіздің жайсыз
күйіңіз балаға кері ықпал етеді. Сондай-ақ, баланы жиі мақтаңыз. Титтей
жетістігінің өзіне шын жүрегіңізден қуантуыңызды қаблеттілігіне сеніміңізді
ашық білдіріңіз.
Оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын қалыптастыру мақсатында мектеп
алды баласын мектеп өміріне енгізудің өзі таңдаулы технология мен асқан
шеберлікті талап етеді. Баланың мектепке келгенге дейін Мен бәрін де
мектептен үйренемін – деген үмітін анықтау, бүкіл мектеп ұжымымен ата-
анасының, туған-туысының қатысуымен жүзеге асырады.
Бұл жауапты кезеңдегі ең басты шаруа – баланың сауатын ашуы, тілін
сындыруы. Яғни, өзінің ойын толық айтуы мен қатар оқуға, жазуға үйренуі.
Тіл дамытудағы сабақ бір-бірімен пікір алысу, қарым-қатынас құралы
болып қоймай, қазіргі кезеңде – кез-келген адамның мәдени және рухани
өсуінің басты көрсеткіштерінің бірі саналады. Сондықтан да жас ұрпақтың тіл
дамыту жұмысын отбасында баланың кішкене күнінен бастап қолға алудың
қоғамдық әрі тәрбиелік мәні зор. Өйткені мектепке дейінгі шақ баланың тіл
құбылыстарына аса сезімталдығының байқалатын кезі сондай – ақ бұл шақта
баланың өзін қоршаған дүниені танып білуі құмарлығы, қызығушылығы ерекше
дамиды. Танымдық белсенділік баланың сөйлеу, бір нәрсені сұрап білу өз ойын
хабарлап жеткізу қажеттіліктерін тудырады. Осыған байланысты тәрбиешілермен
ата-аналар үшін ұсынылып отыр бұл құрал мектепке дейінгі балалардщың тіл
дамыту мақсатын көздейді.
Мектеп алды класс балаларының осылайша шығармашылығын дамыта отырып,
қазіргі заманғы педагогикалық теориямен практиканы басшылыққа алып, жұмыс
жасаудамын. Педагогикалық озық техналогияларды сабақ барысында пайдаланып,
балалардың шығармашылағын дамытуға ақпараттық технологияларды пайдалану
арқылы жүзеге асырдым. Қортындылай келе мектеп алды класс тәрбиешісі ең
озық педагог, психолог, ғалым және аса дарын иесі болу керектігіне көз
жеткіземіз. Бес жастағы бала зейінін дамытып, жеке тұлғаға айналдыру әр
тәрбиешінің басты міндеті. Сондықтан бала жүрегіне жылылық ұялатып,
қабілетімен дарынын ашу әр тәрбиешінің алдына қойылған ең басты міндеті
болуы тиіс.
Өз баяндамамда мектеп алды тәрбиешісінің оқу тәрбие процесіндегі бала
шығармашылығын арттыруға арналған қазіргі заманғы педагогикалық теориямен
практиканы көрсеттім. Баяндама барысында зерттелген жұмыстармен тәжірибелер
арқылы баланы 5 жасынан даму зонасының айқын аймағына қол жеткен аймаққа
дейінгі қабілетке жеткізуі ұстаздардың шығармашылық жұмысының міндеті зор.
1.3. Ес жұмысы мен ойлау үрдісіні дамуы
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz