Ірі қара малдың қазақтың ақбас тұқымын толық құнды азықтандыру


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

«Биотехнология, мал және балық

шаруашылығы» кафедрасы

Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Ірі қара малдың қазақтың ақбас тұқымын толық құнды азықтандыру»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны

І КІРІСПЕ БӨЛІМ . . . 3

Әдебиетке шолу . . . 5

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. Етті бағыттағы ірі қараны азықтандыру ерекшеліктері . . . 11

2. 2. Ірі қара малды бордақылау және жайып семірту . . . 13

2. 3. Қазақтың ақбас сиырларын азықтандыру, азық рационын құру . . . 21

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ . . . 27

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 29


І КІРІСПЕ БӨЛІМ

Мал денсаулығын сақтап, өнімділігін арттыру берік азық қорына негізделеді. Берік азық қорынсыз шаруа қожалықтағы мал басының өсіп-жетілуіне және өнімділігіне әсер ететін сыртқы ортаның ең күшті факторы қоректік заттардың жеткілікті де қажетті түрде жеткізілуі мүмкін емес.

Сондықтан, мал шаруашылығын өркендетуді жеткілікті жем-шөп қорынан бастайды.

Жем-шөп қорын нығайтуды ондағы азық түрімен мөлшерін көбейтумен қатар, қолдағы бар азықты үнемді де физиологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді жұмсай білу керек.

Мал организмінің тіршілігін қамтамасыз етуге қажет энергия мен қоректік, биологиялық пәрменді заттар күнделікті желінген жемшөбін жеткізіледі. Демек, тіршілік барысын дұрыс, зат алмасуына қажетті барлық қосындылармен жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету - малға берілетін азық мөлшері мен сапа-сала тікелей байланысты келеді.

Азық сапасы ең алдымен оның химиялық құрамы, қоректік затқа байлығы және берілген малға жұғымдылығымен айғақталады. Оны жете зерттеп, күнделікті бақылау үшін азық биохимиясын, гигиенасын және азықтандыру тұрғысынан құнарлылығын білу қажет.

Өсімдікті немесе жануар, микро тектес азықты дайындағаннан бастап малға бергенше оның құрамы мен құрылысында біршама биохимиялық өзгерістер өтеді. Соның нәтижесінде олардың жалпы сапалық көрсеткіштері, сайып келгенде қоректілігі өзгереді. Өзгерушілік көлемі көптеген жағдайларға, ен, алдымен жемшөпті дайындау кезеңі мен сақтау технологиясына байланысты. Ондағы орын алатын биохимиялық өзгерістер барысында азық сапасы жақсарып, қоректілігі жоғарылауы да немесе, керісінше, бір жағынан қоректік заттары ыдырап, ал екінші жағынан қажетсіз, тіпті зиянды, улы заттары жиналып, қоректілігінің күрт төмендеуі де ықтимал.

Мүйізді ірі қара мал басқа да күйіс қайыратын мал сияқты жеген жемшөбін алдымен төрт камерадан тұратын асқазанның алдыңғы камералары - таз қарын, жалбыршақ және тақия қарындарда алдын-ала өңдеуден өткізеді. Күйіс қайыру барысында шайналып, мол сілекейленіп, қайта жұтылған азықпен ауыз қуысынан таз қарынға көп мөлшерде сілекей құйылатындықтан, ондағы микроағзалар тіршілігіне қолайлы сілтілік орта орнайды. Қараңғы, яғни микроағзаларға қауіпті сәулелер өтпейтін, жылы, жемшөпқоректік заттарына бай ортада таз қарын микрофлорасы қаулап өсіп, өз ретінде, олармен қоректенетін микрофауна көбеюіне де жағдай туғызылады. Олар азық азотымен қатар карбамид сияқты химиялық қосындылар азотын да игеріп, мүйізді ірі қара малға құнды микробиологиялық ақуыз жеткізеді.

Эволюция барысындағы күйіс қайыратын мал макроағзасы мең оның ас қорыту жолдарындағы микроазғалардың бір-бірінің тіршілігіне себептесіп, пайда келтіруің синергистік биоценоз деп атайды. Соның нәтижесінде қарын жыны биотүзуде басқа аминқышқылдарымен орны толықтырылмайтын, яғни ауыспайтын аминқышқылдарымен және де бірқатар К мен В тобының витаминдерімен байытылады. Демек, алдыңғы қарындардағы микробиологиялық процесті неғұрлым өрістете алсақ, соғұрлым ағзаны сапалы ақуыз және маңызды витаминдермен қамтамасыз ете аламыз.

Қазіргі кезде жемшөп кұрамын тек зоотехникалық зерттеумен жүргізу жеткіліксіз. Ол азықтың сол кездегі құрамын ғана көрсетеді. Ал мал өнімділігін жоғарылату үшін азықта өтетін биохимиялық өзгерістерді мал организмінде жалғастырып, зат алмасуына қажетті бағытта ықпал еткізуді кездеу қажет. Ол үшін азық құрамындағы жалпы және қорытылатын протеинді біліп қана қоймай, оның аминқышқылдарын, түрлері мен дисперсілігін, түрлі қызмет атқаратын топтарын анықтайды. Ірі жемшөптегі құрылыстық және энергетикалық көмірсулар арқатынасын, олардың физико-химиялық қасиеттерін зерттейді. Мал маманына малға берілген азықтағы жалпы каротин мен қатар оның игерімді түрі - бетакаротиннің қаншалықты екенін білу қажет. Сондай-ақ, дайындалған азықтың ферменттік, ингибиторлық, фитогормондық және де басқа маңызды биологиялық пәрменді қасиеттеріне жете үңіліп, анықтау керек.

Ірі қара етін өндіруді молайтып, оның сапасын жақсартуда етті ірі қара шаруашылығының алатын орны ерекше. Бұл еліміздің ет қорын жедел түрде толықтыруға мүмкіндік беретін мал шаруашылығының айрықша саласы. Қазақстанның аграрлық секторы үлкен экспорттық мүмкіндіктерге және инновациялар енгізу үшін жоғары әлеуетке ие екендігін атап өткен жөн. Қазіргі уақытта Республикада аграрлық - өнеркәсіп кешенінде, соның ішінде мал шаруашылығында үлкен құрылымдық өзгерістер болып жатыр. Ет көлемін арттыру, әсіресе ірі қара шаруашылығы есебінен, мал шаруашылығының маңызды мәселерінің бірі болып келеді.

Қазақтың ақбас ірі қара малы етті тұқымға жатады. Қазақтың ақбас сиырының тұқымы жергілікті қазақы және қалмақ сиырларын герефорд тұқымдас бұқаларымен будандастыру әдісімен шығарылған. [1] Бүгінде облыс бойынша өсіретін шаруашылықта мыңнан астам ірі қарасы бар. Шаруалар малдың санын қайта көбейтіп қана қоймай, сапасына да көңіл бөлуде. Қазақстанда негізінен 15 шаруашылық айналысады. Қалған тұқымдардың саны аз және оларды негізінен өндірістік будандастыруда пайдаланылады.

Әдебиетке шолу

А. Ә. Төреханов, Д. Қ. Найманов., Н. Ә. Жазылбеков (2006) зерттеулерінде

кәсіпорындағы бұқалардың құрамын асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтардан келетін жас аталықтармен толықтырып отырады. Олардың таңдаулыларын мүмкіндігінше кеңінен пайдалану үшін, ал нашарларын жарамсыздар тобына шығару үшін немесе олардың ұрпағының көбеюін шектеу үшін бұл малдың қандай асыл тұқымдық қасиеттері бар екенін ертерек анықтаудың маңызы зор. Тұқымдық бұқаларды олардың ұрғашы ұрпағының өнімділік және басқа қасиеттеріне қарай тексеру және бағалау жұмыстарын жоспарланған тұқымның малы өсірілетін шаруашылықтарда және фермаларда жүргізеді. Мұндай шаруашылықтар мал азығымен жақсы қамтамасыз етіліп, жұқпалы аурулардан таза болуы тиіс, олардағы зоотехниялық және асыл тұқымды мал өсіру есебі жақсы жолға қойылуы қажет. Алдағы уақытта бір аталықты таңдап алу үшін тиісті жоспарлы аталық ізге жататын кемінде 3-4 өгізшені сынауға қою ұсынылады. Әрбір бақылау шаруашылығында немесе фермада бірдей жағдайларда өсіріліп, сауылатын ұрпағын салыстыру арқылы бір мезгілде кем дегенде үш бұқаны бағалау керек. Асыл тұқымды мал шаруашылықтарында тексерілетін әрбір аталыққа кемінде 60, ал қатардағы өндірістік шаруашылықтарда - кемінде 100 сиырды (таңдамастан), оның ішінде 20 тайыншаны бекітеді. Мұнда жақын туыстардың шағылысуына жол беруге болмайды. Аталыққа жұптастырылған аналықтардың тұқымы, шығу тегі, жасы мен өнімділігі жөнінен өзара ұқсас болғаны жөн. Тексерілетін бұқалардың бәрін бір мезгілде пайдаланады: ай сайын олардың әрқайсысының спермасымен аз уақыттың ішінде бірдей мөлшердегі сиырлар мен тайыншалар ұрықтандырылады.

А. Б. Байжұмановтың (1987) деректерінде ірі қара малының Бордақылайтын малдарды, тұқымына, жынысына, жасына, қондылығына қарай бірнеше топқа бөледі. Арық өгізшелерді семіртудің алдында жоғары сіңірімді белоктық азықтармен қамтамасыздандырады. Бордақылаудың алдында малдардың салмағын өлшейді, өрі қарай малдың салмағын ай сайын өлшейді. Жоспарлы үстеме салмақ қоспайтын (привес) малдарды жеке азықтандырады. Бордақылау дегеніміз - ет малын аз уақыт ішінде мейлінше азықтандыра отырып, салмағын көтеру жөне етінің сапасын жақсарту. Жайылымдық жері мол аймақтарда мал семірткен тиімді. Бұл кезде мал тәулік бойы жайылады. Жайып семіртілгсн мал 4-5 айда 100-150кг-ға ауырлайды, ол жас малдың бұған дейінгі салмағының 60-70 пайызы, ал сақайған мал 30-50 пайызға ауырлайды. Мал дұрыс жайылып семіртілсе күніне 1000г-дай қосымша салмақ қосады. Жайылымда семірмеген малды қосымша 1-2 ай бордақылау керек. Мал бордақылауға пайдаланылатын негізгі азықтар: сыра, шарап өндірісінің қалдықтары малға жақсы тамақ болады, бидайдың сабанында болатын дән сабағы, жүгерінің, арпаның, бидай кебегінің жармалары, пішеннің түрлері, шалғын шөп, қызылша қалдығысығынды, ащы сығынды, жаздық бидайдың сабаны, сірне - азықтық сірне, крахмал сірне өндірісіндегі, дәнді астық тұқымдастарынан дайындалған пішен, арпаның кебегі, жүгерінің сүрлемі, тамыр жемістілер мен түйнек жемістілер, дәннен дайындалған жем, аралас құрама азықтар, күнжара майынан алған дән қалдығы. Сығындыны малға беру үшін 5-12 күннің аралығында малды үйретеді. Егер бордақылаудағы мал сығындысы, оңды жемесе, дәмдеп дәмін келтіріп беру керек. Бордақылаудағы мал үшін рационда қыс кезінде: 40-50% жемдік азық, 25-30% - ірі азық, 20-40% - шырынды азық. Ал жаз кезінде, 35-40% - жем, 15-20% - ірі азық, 35-45% - көк шөп т. б. Азықтандыру түрі рацион құрылысына байланысты: пішендік, сүрлемдік, жемдік, сүрлем пішендік, сүрлем тамыр жемістілер, сүрлем сығынды, сүрлем пішендеме жемдік, шөптік+шөптік сүрлем, шөптік жемдік т. б. Минералдық азықтар: ас тұзы ұсақталған күйінде немесе қатты түз түрінде бордақылаудағы мүйізді ірі қара малға 40-60 сиырға 50-60г, сақа шошқаға 30-40г, жылқыға 20-40г, тайға 10-15г беріледі.

Алимжанов Б. О. (1961) мағлұматтары бойынша мал азығы, жемшөп - мал азығына, яғни жемшөп қорына, мал жайылуына пайдаланылатын табиғи және екпе жайылымдар мен мал азықтандыруға жұмсалатын, яғни жемшөп қорын толықтыратын, табиғи және екпе шөп шабыстар, сонымен қоса мал азығын дайындауға пайдаланылатын азықтық дақылдар мен олардан дайыңдалатын азықтар мен түрлі азықтық қалдықтар мен қосыңдылар жатады. Жайылым оты (шөбі) оларға малды жайғаңда немесе орып, алдарына салынып көк азық түріңде пайдаланылса, шөпшабыс көгі шабылып, пішенге кептіріліп, жиналып, сақталып, қысқы ірі, яғни қатайып іріленген азық ретінде пайдаланылады.

Арғынбаев X. (1969) деректері бойынша ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1, 3 млрд-қа жетіп отыр.

Арзуманян Е. А., Бегучев А. П., Соловьев А. А., Фандеев Б. В. (1984) зерттеулерінде ет өндіру бағытындағы ірі қара өсіру көбінесе қала маңы мен халық тығыз қоныстанған аудандарда дамыған. Әсіресе Еуропа мен Солтүстік Американың орман зонасында орналасқан елдерде жақсы жолға қойылған. Жайылымдық жерлер мен шөптесін өсімдіктердің жеткілікті болғанына қарамастан, Африкада, әсіресе оның тропиктік аймақтарында ірі қара саны өте аз. Оның басты себебі - ұйқы ауруының қоздырғышын тарататын цеце шыбыны.

Б. П. Завертяев (1986) деректері бойынша сиырларға қызылшаны тәулігіне 30 кг, ал картопты 15 килограмға дейін беруге болады. Малға берер алдында оларды тазартьш, турап, ал жас малға ыстың суға, буға бөрттіріп береді. Көк азықтардың қоректік қасиеттерін қыста сақтап қалудың тиімді жолы - сүрлем салу.

Байжұманов А. Б. (1990) айтуы бойынша іpi қарамалдың биологиялық ерекшеліктері мен шаруашылыққа, экономикаға пайдалы белгілері. етті және қос бағыттағы ipi қарамалдар экстерьерінің, интерьерінің және конституциясының ерекшеліктері. Жекелеген дене мүшелерінің дамуы мен интерьерлік ерекшеліктердің ішкі органдар қызметімен және өнімділігімен байланысы. Дене құрылысының типі мен конституциясын бағалауды оқып үйрену әдістері. Етті бағыттағы ipi қарамалдардың экстерьері мен конституцияларына қойылатын қазіргі талаптар. Малдарға ен салу. Ipi қарамалдың жоғары нерв жүйсі және оның эталогиядағы маңызы. Ipi қарамалдың мінез-құлық әрекеттері.

Бегімбеков Қ. Н., Төреханов А. А., Байжұманов А. Б. (2006) тәжірибелік жұмыстарында ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру бағытындағы мемлекет саясатының түрлі тиімді несиелер мен субсидиялау көрінісіндегі қолдауы мал шаруашылығын дамыту мен асылдандыруға тың серпін беріп, шаруашылық құрылымдарының ілгерілеуіне септігін тигізіп отырғандығын анықтады.

Борисенко Е. В. (1984) ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру бағдарламасының мақсат-міндеттері, күтілетін нәтижелері жөнінде айтты. Тауарлық табынды тұқымдық түрлендіру, еліміз бойынша шетелдік асыл тұқымды ірі қара өсірумен шұғылданып жатырған шаруашылықтардың озық тәжірбиесі, жетілдіру жолдары сөз етілді. Мал шаруашылығындағы тарқалмаған түйіндердің бірі бруцеллез ауруымен күрес жолдары көрсетілді. Асыл тұқымды табынды ұдайы өсіру, олардан төл алу, шаруа қожалықтарының қаржылық моделі, асыл тұқымды ірі қара өсірудегі біздің табиғат өзгешеліктерімізге бейімдеу мәселелерін зерттеді.

В. Ф. Зубрянов (1963) деректерінле малға азық дайындау кезінде азықтың құрамында минералды заттар кальий сонымен қатар, Д витаминіне мұқтаждығын қамтамасыз ету шарт екендігін айтты. Қазіргі кезде барлық витаминдердің химиялық құрамы анықталды және олардың бәрі синтездік жолмен алынды. Оларға химиялық атау берілді, мәселен, А витамині - ретинол (ол жалғауы молекуласында спирт тобы бар екенін білдіреді) деп аталады. Д витамині - кальциферол деп аталады, яғни "кальций ионын, тасымалдайды" деген мағынаны береді. Сол сияқты витаминдерді ол жетіспеген кезде ұшырайтын аурудың атымен атау кабылданған. Ол кезде "анти" деген қосымша жалғанады. Бұл қосымша сәз болып отырған витаминге сәйкес авитаминоз ауруының алдын алады және одан сақтандырып жазады деген мағынаны білдіреді. Мысалы, Д витамині антирахит витамині (рахитке қарсы) деп, С витамині антицинготтық (құр-құлаққа қарсы) витамин деп аталады т. с. с

Востриков Н. И., Бельков Г. И., Туников Г. М. (1988) деректерінде Сиырды дұрыс азықтандыру үшін олардың негізгі ас қорыту ерөкшеліктерін білген жөн. Басқа да күйіс қайыратьш мал сияқты сиыр жеген азық та алдымен төрт камерадан тұратын асқазанының алдыңғы камералары - үлкен қарын, жалбыршақ және тақия қарындарда алдынала өңдеуден өтеді.

Всяких А. С. (1984) зерттеулерінде сиыр азықтандыруда мерзімдік азық үлестерін жетіспейтін қоректік элементтер мен қуаттар бойынша теңестіру мақсатында сондай ақ төл өсіру кезінде толық алмастыру үшін арнайы таңдап алынған көптеген бөліктерден тұратын зауыттарда дайындаған қоспалар құрама азықтар пайдаланады.

Д. А. Кисловский (1959) жүргізген тәжірибелерінің мәліметтері бойынша, Қазақстан жағдайларында ет бағытындағы ірі қара бұзауларын 8 айлығына дейін енесінен айырмай, орташа қарқынмен өсіргенде (тірілей салмағының тәуліктік өсімі 750-800- ден 1000г-ға дейін), оларға жұмсалған құнарлы азықтар енесінен айырғандағы тірілей салмағының 100кг-на шаққанда 0, 8-0, 85-тен 0, 9-1, 2 центнерге дейінгі мөлшерде болған.

Дүйсембаев К. И., Бегімбетова Г. С., Жүнісов A. M. (1995) бұрын Қазақстанда ірі қараның басым көпшілігі жергілікті қазақы мал болды да, солтүстік облыстардың кейбір аудандарында ғана қырдың қызыл сиыры, Жетісуда және оңтүстік облыстарда швиц тұқымы мен қара ала тұқым малы өсірілді. Қазақстанда отызыншы жылдардың басында герфорд, швиц, симментал, қырдың қызыл сиыры және қара сиыр тұқымы көптен әкелінді де, олармен жергілікті ірі қараны будандастыру кеңінен жүргізілді. Мал өнімділігі бірнеше жағдайларға байланысты келеді. Осы орайда ауызға малдың шыққан тегі оралады. Бұл тұқымның асылдығына келіп саяды. Содан кейін тұқымдық қасиеттерінің тіршілікте дамып, іске асуы да қалыс қалмауға тиіс. Осы жағдайларға ең алдымен жас кезінде азықтандырып, күту жатады. Сонымен қатар, осы малдан ілгерілікте туылған төлдің өсіп-жетілу барысын, өнімділігін, оның азығын да ескергеннің артықтығы жоқ. Егер олар мол өнімді болса бұл бұқа не сиырдың өз өнімділік қасиеттерін төліне жақсы дарытатындығын көрсетеді. Қара малдың денсаулығы мен өнімділігі әр организмдернің өзіндік құрылысына тән конституциялық ерекшеліктеріне байланысты келсе, сол ерекшеліктер оның сыртқы дене пішіні мен тұлға ерекшеліктері - экстерьермен, сонымен тығыз байланысты ішкі құрылыс ерекшеліктері - интерьерімен белгіленеді.

Изилов Ю. С. (1988) тағы басқа шет ел оқымыстыларының жүмыстары дәлелдеп берді. 1896 жылы голланд дәрігері Эйхман ақталған күрішпен тамақтанатын адамдардың "бери-бери" ауруымен көп ауыратынын, ал ақталмаған немесе жартылай ақталған күрішпен тамак- тандырылғанда адамдар ол аурумен ауырмайтынын байқады. Кейіннен Гопкинс (1906 жылы) күріш дәнінің сыр- тқы қауызында белгісіз бір заттың бар екенін, ал ақталған күріште ол заттың болмайтындығын анықтады. 1912 жылы поляк оқымыстысы К. Функ ашытқыдан витаминге ұқсас құрамында амин тобы бар кристалды затты бөліп алды. Бұл затпен полиневрит аурымен ауырған көгершінді емдеп жазды.

Искакбаев Б. Б. (1996) ірі қараға жүргізген тәжірибесінде енесі неғұрлым үлкен, эмбриондық уақыты ұзақ болған малдан ірі бұзау туады деген тұжырымға келеді.

К. Ж. Каримов., А. Ә Төреханов., Ш. Д. Дәленов., Н. Ә. Жазылбеков. (2005) зерттеулерінде асыл тұқымды мал зауыттары, асыл тұқымды мал шаруашылықтары, мал тұқымын асылдандыру станциялары мал тұқымын асылдандыру базалары болып саналады. Асыл тұқымды мал шаруашылықтарының басты міндеттеріне малдың өнімділік және тұқымдық қасиетін жақсарту, өздерін және басқа өндірістік шаруашылықтарды қамтамасыз ету үшін сапалы тұқымды мал өсіру жатады.

Каримов Ж. К., Даленов Ш. Д. (2006) зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қарағанда аудандастыру жоспарын жасағанда үш қағида басшылыққа алынады: 1) халық шаруашылығына қажеттілігі; 2) мал тұқымының биологиялық және өнімділік ерекшеліктері; 3) аймақтың табиғи-климаттық және экономикалық жағдайы. Өзге тұқымдарға араластырмай, таза күйінде өсірілген малдың бағалы қасиеттері сақталады.

Л. К. Эрнст., Н. А. (1987) мал өнімділігі бірнеше жағдайларға байланысты келеді. Осы орайда ауызға малдың шыққан тегі оралады. Бұл тұқымның асылдығына келіп саяды. Содан кейін тұқымдық қасиеттерінің тіршілікте дамып, іске асуы да қалыс қалмауға тиіс. Осы жағдайларға ең алдымен жас кезінде азықтандырып, күту жатады. Міне, осы жайттарды ескере отырып, малдың шыққан тегі мен сырт пішініне қарап-ақ оның келешектегі өнімділігін болжауға әбден болады. Ірі мал азығына орылып, дәні алынған сабан, топан да жатады. Көк жүгері, күнбағыстың шырынын, яғни сөлін сақтау үшін оларды сүрлемге, ал қиын сүрлемделетін бұршақ тұқымдастар (жоңышқа, беде, т. б. ) көгін пішеңдемеге салады.

Лобанов ВТ. (1988) мәліметтерінде Алатау сиыры ХХ ғасырдың 30-50-жылдарында жергілікті сиырларды швиц, кострома тұқымының бұқаларымен ұрықтандыру арқылы алынған. Сиырларының басы үлкен, тұмсығы сүйірлеу, кеудесі ауқымды, жалпақ, арқасы біртегіс келетіндігі анықталды.

Н. Ф. Растовцев И. И. Черкащенко. (1971) мал азығының қоректілігін сипаттағанда тірі организмде зат пен энергия сақталу заңдылықтарының орын алатынын ескеру қажет. Бұл заңдылықтарға сүиене отырып малға жегізілген жемшөп қоректік заттар жоғары дәрежеде өндірілетін өнім қосындыларына айналдыруға болады. Жоғарыды келтірілгне мал азығының қоректілігі көрсеткіштерінің әрқайсысы азық қоректілігі мен құнарлылығының жеке қырларын сипаттайды. Олардың әрқайсысының қоректенудегі өзіндік маңызы зор.

П. Н. Кулешов ( 1890) ірі қара шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді көп беретін саласы. Ірі қараның арғы тегі ертеде Еуразия құрлығының далалы, орманды далалы өңірінде таралған жабайы тур . Ол бұдан 7-10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген. Ірі тұлғалы, денесінің биіктігі 2 м шамасында, мүйізі алға қарай бағытталып, ұзын болып келеді. Ерте кездерде көп аулағандықтан, тұрлар саны азайып, XVII ғасырдың басында біржола жойылып кеткен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малдың өнімділігі
Симментал тұқымына жататын сиырлардың асыл тұқымы және өнімдік көрсеткіштері
Қазақстандағы мал шаруашылығының саласы
Отандық мал шаруашылығы және ветеринария
Ірі қараны асылдандыру технологиясы
Мал шаруашылығын өркендету
Сүтті бағыттағы ірі қара малын өсіру, асылдандыру ерекшеліктері
Сіңіре будандастырудың тәсілдері
Герефорд асыл тұқымды малының өнімділік қасиеттерін зерттеу
ГЕРЕФОРД БҰҚАЛАРЫ, АҚБАС СИЫРЛАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz