Құммен сурет салу өнері



Кіріспе
1.Практикалық зерттеу
2. Практикалық жұмыс: «Құммен қызықты ойындар»
3. «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ БАРЫСЫНДА «ҚҰМ ТЕРАПИЯСЫН» ҚОЛДАНУ
4.Құм ойындары
Қорытынды
Әдебиеттер
Бала үшін құм терапиясы – өзін танытуға мүмкіндік. Су, құм , жануарлардың мүсіндері, заттар балалардың кейде сөзбен айтып жеткізе алмай ашылуына көмектеседі және сезімдерін білдіруге ықпал етеді. Құм терапиясы баланың ішкі күйзелісінен арылуға, өзін ретке келтіруге көмектеседі. Құм терапиясының сеанстары толық еркіндікті және қорғаншылықты береді.
Құм терапиясы бұл шын мәнінде ойын. Себебі бұл ойын балаларға қатарластарымен және сыртқы әлеммен қарым-қатынасты орнатуды, өз сезімдерін білдіруге көмектеседі.
Шешім: Құммен сурет салу – бұл балаға деген кішкентай мейрам, себебі оны балабақшада, үйде, мектепте немесе басқа жерде өткізуге болады.
Қазіргі таңда құм анимациясы өте танымал және сонымен қатар оған маңызды себептері де бар. Құммен сурет салу өнері –жай, қолжетімді, аса қымбат емес қызықты іс.
Әйнек бетіне құммен сурет салу таңғажайып әдемі . Құммен сурет салу өте қызық іс болғандықтан, мен өзім бірнеше жұмыстар жасап көрдім. Содан сыныптастарыма айтып бөлістім.
Алдымен сұрақ жүргіздім «Құммен жұмыс жасаудың көптеген түрлері жайлы не білетіндерін?» Бұл сұраққа жауап алу үшін, ен сныптастарымның арасынан социологиялық зерттеу жүргіздім. Бұл сұраққа 2-7 сынып оқушылары кірді, нәтижесі мынадай болды.
1 сұраққа: Құм сөзімен сіздерді қандай ассоцация байланыстырады? Бұл сұраққа әр түрлі жауаптар болды. Көбінесе «теңіз, құмзар, достар, қарындасы, балалар, жаз, жол » сөздері кездесті.
2 сұраққа: «Құммен қандай ойындар ойнатынын сен білесің бе? » деген сұраққа, көбінесе 2-7 сынып оқушылары 100% «иә» деп жауап берді. Бірақ жауаптарда үлкен ерекшелік болмады. Көбінесе «құмнан үйлер тұрғызу, құммен және сумен ойнау» деген сияқты мысалдар келтірілді. «Құмнан әр түрлі суреттер шығарып салуға бола ма?» деген сұраққа 75,6% «жоқ» деп жауап берді.
Оразбекова К. Ұлттық психология мен халық тәрбиесі болшақтың бастауы хақында. – Алматы: Дәуір, 2000 ж.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
1.Практикалық зерттеу
2. Практикалық жұмыс: Құммен қызықты ойындар
3. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ БАРЫСЫНДА ҚҰМ ТЕРАПИЯСЫН ҚОЛДАНУ
4.Құм ойындары
Қорытынды
Әдебиеттер

Кіріспе
Біздің ойлап жүргенімізді қолымыздың көмегі арқылы шешуге болады Карл Густав Юнг.
Кішкене кездеріңіз естеріңізде ме? Кішкене болса да есте қалған шығар? Қалай сіздер есік алдында немесе ата-аналарыңызбен судың жағасында құммен және сумен ойнағанды жақсы көруші едіңіздер. Құммен әртүрлі қалашықтар, пирамидалар жасап, олар әлемдегі ең әдемі болсын деп түрлі-түсті тастармен безендіргендеріңіз. Немесе құмнан бәліштер жасап пыырушы едіңіздер. Құмды қазып, шұңқыр, туннель жасау арқылы суға жетуші едік. Құммен ойын балаға қалай қызықты болса, солай үлкендерге де қызықты.
Құммның ерекшелігі неде, оның қандай құпиясы бар? Осы сұраққа өз жұмысымда жауап тапсам деймін.
Зерттеу өзектілігі: Құммен жұмыс жасау барысында әр бір бала өзінің мүмкіндігіне қарамастан танымдық қабілеттерін дамыта отырып, керемет суреттер жасай алады.
Зерттеу мақсаты: Құмнан керемет суреттер жасауды өзіде үйрену, өзгеніде үйрету.
Зерттеу объектісі: Құм.
Зерттеу әдісі: Баланың дамуына құмның әсері.
Зерттеу бөлі мі: Оқушылар, ата-аналар, денсаулығында ақауы бар балалар.
Зерттеу барысында мынадай болжам жасадым: Құммен сурет салу тек қызықты әрі танымды ғана емес, ол пайдалы.
Зерттеу міндеті:
Сауалнама жүргізу;
Зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша танымды және әдебиетті энциклопедияны оқып танысу.
Құм өнерінің техникасымен танысу.
Құммен қызықты ойын практикалық жұмыс жүргізу.
Құммен сурет салу творчествалық жұмыс жүргізу.
Зерттеу әдісі: Өзіндік ойлау.
Сауалнама жүргізу.
Ғаламтордағы ақпаратпен жұмыс.
Бақылау жүргізу.
Денсаулығында ақауы бар балалармен бірігіп жұмыс жүргізу.
Зерттеу жұмысының барысы: Бәрімізге таныс бұл зат жай ғана - құм. Бірақ шын мәнінде бұл таңғажайып керемет материал. Құм әр түрлі болады. Жеңіл және құрғақ, ауыр және сулы, ол әр түрге ыңғайланады. Бірақ бұл құмнан жасалған фигураларда шашылып , тіл алмай қоюы да мүмкін. Балалар сағат сайын үйлер, фигуралар жасап немесе жай ғана құмның үстімен жүруіде мүмкін. Ғаламторда құм жайлы көптеген мағлұматтар бар. Соның ішінде менің тапқаным құммен ойын туралы 1929 жылы Англияның педиатры Маргарет Ловенфельд жазған екен. Арнайы құм салынған ыдыста балалар өздеріне ұнаған фигуралармен суды пайдалана отырып, әр түрлі композициялар жасаған. Балалар өзерінің жасағандарын менің әлемімдеген екен және Ловенфельд өзінің техникасын Әлемнің құрылуы деп атаған екен.
Қазіргі заманның құм суретшілері құмнан портрет, пейзаждар, мультфильмдер жасайды. Құммен сурет салу техникасы қазір өте танымал. Құм өнері барлық әлемге кең таралған.
Бұл құмның осындай құпиялығы неде? Құмды адам өзінің саусақтарының ұшымен ұстаған кезде шексіздікті сезінеді. Құмның су өткізгіш қасиеті бар. Мамандардың айтуынша құм адамның жағымсыз психикалық энергиясынан тазартып, эмоционалды жағдайын қалпына келтіреді.

1.Практикалық зерттеу
Зерттеу бөлімдері.
Менің гипотезамды тексеру үшін зерттеу үш бөлімнен тұрды.
1 Кесте
Бөлім
Мақсат
Қолданылатын әдістер
1. Бөлім
Теориялық зерттеу әдістері
Құм және оның қасиеті туралы әдебиет энциклопедияларынан оқып танысу
-Өзім ойлану
-ата-аналарға, мамандарға сұрақ қою
-ғаламторға қарау
-кітаптардан қарау
2.Бөлім
Практикалық зерттеу
-Құммен жұмыс істеу барысында ұсақ қол маторикасын және эмоционалды сферасын дамытатынын білу.
- Құммен жұмыс істеу бір-бірімен тіл табысып және бірігіп жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу
- Денсаулығында ақауы бар балаларға тигізетін әсері қандай
-бақылау
-сараптама
-салыстыру
-сауалнама жүргізу
3.Бөлім
Нәтижені практикада қолдану
Ұсыныстар дайындау, деректер жинақтау, денсаулығында ақауы бар балалармен жұмыс жүргізу
Қорытынды жасау

Зерттеу методикасы
Теориялық зерттеу әдісі
Мен осы зерттеу бөлімінде, балалармен ойын ұйымдастыру барысында құм терапиясын әр түрлі тәсілдермен қолдануға болатынымен таныстым. Олар маған өте қызықты болып көрінгендіктен, мен сіздермен бөліссем демін.
Балалардың белсенді, толыққанды дамуына құм өте қажет. Бұл материалды қандай пішБұл материалды қандай пішге келтірем десеңізде ол оңай көндіге кететін зат. Құм - бұл керемет психотерапиялық материал. Ол адамның қиялын оятып, барлық сезім мүшелеріне әсер етіп, тыныштандырып, жандандырады.
Құм балалардың тілектерін білдіруге, жағымсыз әсерлерді шығаруға, қорқыныштарын сейілтуге әсерін тигізеді.
Қазір құммен сурет салу өнері өте көп. Бұл тек қана қызықты іс емес, ол балаларға өз әлемін ашуға көмектеседі. Құммен сурет салу көркемэстетиканы дамытуға көмектеседі. Ол ұсақ қол маторикасын, пластиканы ,координацияны, танымдық процестерді жақсы дамытады.
Бала үшін құм терапиясы - өзін танытуға мүмкіндік. Су, құм , жануарлардың мүсіндері, заттар балалардың кейде сөзбен айтып жеткізе алмай ашылуына көмектеседі және сезімдерін білдіруге ықпал етеді. Құм терапиясы баланың ішкі күйзелісінен арылуға, өзін ретке келтіруге көмектеседі. Құм терапиясының сеанстары толық еркіндікті және қорғаншылықты береді.
Құм терапиясы бұл шын мәнінде ойын. Себебі бұл ойын балаларға қатарластарымен және сыртқы әлеммен қарым-қатынасты орнатуды, өз сезімдерін білдіруге көмектеседі.
Шешім: Құммен сурет салу - бұл балаға деген кішкентай мейрам, себебі оны балабақшада, үйде, мектепте немесе басқа жерде өткізуге болады.
Қазіргі таңда құм анимациясы өте танымал және сонымен қатар оған маңызды себептері де бар. Құммен сурет салу өнері - жай, қолжетімді, аса қымбат емес қызықты іс.
Әйнек бетіне құммен сурет салу таңғажайып әдемі . Құммен сурет салу өте қызық іс болғандықтан, мен өзім бірнеше жұмыстар жасап көрдім. Содан сыныптастарыма айтып бөлістім.
Алдымен сұрақ жүргіздім Құммен жұмыс жасаудың көптеген түрлері жайлы не білетіндерін? Бұл сұраққа жауап алу үшін, ен сныптастарымның арасынан социологиялық зерттеу жүргіздім. Бұл сұраққа 2-7 сынып оқушылары кірді, нәтижесі мынадай болды.
1 сұраққа: Құм сөзімен сіздерді қандай ассоцация байланыстырады? Бұл сұраққа әр түрлі жауаптар болды. Көбінесе теңіз, құмзар, достар, қарындасы, балалар, жаз, жол сөздері кездесті.
2 сұраққа: Құммен қандай ойындар ойнатынын сен білесің бе? деген сұраққа, көбінесе 2-7 сынып оқушылары 100% иә деп жауап берді. Бірақ жауаптарда үлкен ерекшелік болмады. Көбінесе құмнан үйлер тұрғызу, құммен және сумен ойнау деген сияқты мысалдар келтірілді. Құмнан әр түрлі суреттер шығарып салуға бола ма? деген сұраққа 75,6% жоқ деп жауап берді.
Балалардың жауаптарын талдай келе мен өз зерттеулеріді жалғастыра отырып, әр түрлі ойындарды жинап және өзімнің сыныптастарыма қатысуларына болатынын ұсындым.

2. Практикалық жұмыс: Құммен қызықты ойындар
2 кесте
Құммен ойын
Құммен жұмыс
Мазмұны
Коктейілге арналған трубачкалармен құммен сурет салу
Балалар құмды ішіне тартпай, трубочкамен тыныс алуды үренеді. Өз достарына алдымен жақсы тілектер айтып, тілекті құм еліне құмға үрле отырып
Сыйлауға, сонымен қатар
құмнан шұңқырлар жасап үрле отырып, бір әріпті немесе санды жасауға болады.
Құмды бір қолдан екінші қолға құю немесе ыдыстан ыдысқа құю.
Құммен танысқанның өзі пайдалы, адам құмды қолына алып құйып, құмшалардың іс-әрекетін бақыла отырып, оларды түзетіп немесе жай сипаудың өзі күйзелісті түсіреді.
Құмда әріптерді, әр түрлі заттармен, сандарды қойып, әр түрлі ойыншықтарды қолдана отырып құмда композициялар жасау.
Түймелер, шемішкелер, сіріңкелер, кеспелер, тастар және басқа материал.
Қолмен құмда сурет салу.
Балалар құмда сурет салудан қорықпайды. Себебі жіберген қателігін түзетуге болады. Қанша түзетем десе де өз еркі. Мысалы әріппен танысқан кезде, бала оны құмға жазып көреді, егер дұрыс жаза алмай, қателік кетсе өзгертуге болады.

Шешім: Құмда сурет салу методикасы өте қарапайым болғандықтан, үлкендер мен балалардан ешқандай алдын ала дайындықты қажет етпейді.
Менің сыныптастарымның 100 % риза болып, жұмысты аяқтағылары келмеді. Көптеген қызықты жұмыстар болды.
Неге мүмкіндігі шектеулі балаларға осы қызықты жұмысты ұсынбасқа деген ойда қалдым. Себебі ойын сен саусың ба, аурусың ба, ерекше баласың ба деп бөліп жармайды.
Біздің қалада бала өте көп, олармен дені сау балалар араласпайды. Олар мүгедек балалар. Біздің қалада сол балаларға арналған Мемлекеттік коррекциялық № 10 ППКК мемлекеттік мекеме бар. Ол жерде мүгедек балалармен психологтар, мұғалімдер көп уақыт өткізеді. Біздің балабақшада да кішкентай бүлдіршіндермен құм терапиясы жүргізіледі.
Терапия - емдеу деген ұғымды білдіреді, ал құм терапиясы - бұл құммен емдеу, ол жерде ешқандай дәрі де қажет емес.
Мүгедек балаға құммен жұмыс қалай көмектеседі? Бұл сұраққа мынадай жауаптар таптым.
Фантазировать етуді үйрену.
Өзіңнің ерекше нәрсеңді жасау.
Қорқыныш пен үрейден құтылу.
Құммен жұмыс тілдерін, ұсақ қол маторикасын, жадыны, қиялдарының жетілуіне бірден бір көмек. Сонда мен ерекше бала тобында бір баламен таныстым, оның диагнозы
Мен ол балаға бірге құмнан сурет салуды ұсындым. Бала қуана келісті.

3. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ БАРЫСЫНДА ҚҰМ ТЕРАПИЯСЫН ҚОЛДАНУ

Құм терапиясының маңызы: Бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастырады және танымдық, психикалық процестерді дамытады ол түйсік (форманы, түсті, тұтас түйсік), есті, зейінді, қиялды, кеңістік түсінікті, тактильді-кинестетикалық сезімділік пен қолдардың ұсақ моторикасын дамиды.
Құм терапиясының мақсаты: Балалардың құм терапиясында қиял, көрнекі - бейнелік ойлауды, сөздік - логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Құм терапиясы арқылы баланың қандай құзіреттіліктері дамиды:
● Шығармашылық
● Танымдық
● Интеллектуалдық
● қарым - қатынас
Құм терапиясын қолданудың әдіс - тәсілдері:
Әңгімелесу
Түрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салу ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салу қабілетін дамыту
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ СУРЕТ САЛУҒА ҮЙРЕТУДЕ ӘР ТҮРЛІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕ БАУЛУ
Далаппен сурет салу
Бейнелеу өнері туралы мәліметтер
Бейнелеу өнері сабағында танымдық және шығармашылық белсенділіктерін дамыту
Балабақшада бейнелеу өнері арқылы балалардың шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру әдістері
Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың бейнелеу өнерін дамытудың әдістері мен тәсілдері
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері сабағы арқылы қиялын дамыту
Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының балалардың бейнелеу шығармашылығын жетілдірудің теориясы мен әдістемесін толық игеруге бағытталған кәсіби дайындығын жетілдіру
Пәндер