Бас қаңқасы туралы жалпы түсінік


Бас сүйек(cranіum) - адам . Ондами, көру, есту органдары, ас қорытужәне тыныс алу органдарының сыртқы мүшелері орналасады. Барлық омыртқалыларда Бас сүйек екі бөліктен тұрады:ми сауытыжәне бет бөлігі. Ми сауыты - маңдай сүйек, жұп тастөбе, самайсүйектері меншүйдесүйегінің (қарақұстың) бір жартысынан құралады да, күмбезсияқты, миды жауып тұрады, ал, мидың астында шүйде сүйегінің екінші жартысы, сына тәрізді сүйектер жатады. Мидың астыңғы бөлігіндегі үлкен шүйде тесігі арқылы жұлын өтеді. Қарақұсосы тесіктің екі жағындағы өсінділер арқылы буындасып, бас қаңқасын омыртқамен байланыстырады. Ал Бас сүйектің бет бөлігінде жақ сүйектер, бет, таңдай, тіл асты сүйектері, мұрын, көз шұңқыры және ауыз қуыстары болады. Сөйтіп, адамның бас қаңқасы 23 сүйектен тұрады. Басқа сүйектер сияқты оларда қан тамырлар, жүйке талшықтары өтетін саңылаулар және бұлшық еттер бекитін бұдырлар, төмпешіктер болады. Бас сүйек шеміршек және жамылғы сүйек түрінде ұрықтың 2 айлығында пайда бола бастайды. Жаңа туған нәрестеде Бас сүйектің жіктері әлі сүйектенбеген, былқылдақ күйде болады. Төбе сүйектерінің аралығындағы осындай жікті “еңбек” деп атайды. Оның бекуі 1, 5 жаста, ал жалпы Бас сүйектің өсуі 23 - 25 жаста аяқталады. Бас сүйек ми сауытының өлшемдеріне байланысты қысқа -брахикранды, орташа -мезокранды, ұзын -долихокрандыболып бөлінеді. Осыған орай, ғылымда ми сауыты неғұрлым ұзын болса, соғұрлым адам ақылды келеді деген бұрыс пікір болғаны да мәлім. Бірақ ғылым Бас сүйектің пішінінің әр алуандығы нәсілдердің айырмашылықтарын емес, қайта олардың ұқсастығын, бір тектен шыққанын дәлелдеді деп тұжырымдайды. Барлық нәсілдерде бастың шеңбері 53 см-ден 61 см-ге дейін өзгеріп отырады. Бас сүйек жақсы сақталатын болғандықтан, антропогендік зерттеулерде бұрын өмір сүрген адамдардың дене тұрқын анықтау үшін қолданылады. Әр түрлі сырқаттардың патологиялық асқынуына байланысты Бас сүйек түрліше өзгеріп отырады. Өлген адамның Бас сүйекгі де қабірде жатып өзгеріске ұшырайды. Бас сүйекті қолдан да өзгертуге болады. Мысалы, бесікте, құндақта үнемі шалқасынан жатқызған нәрестенің қарақұсы жалпайып кетеді. Жастайынан баланың маңдайы мен қарақұсын орамалмен айналдыра қыса байлап өсірсе, төбесі шошақ болып қалыптасады. Кей жағдайда, маңдай мен қарақұсқа тақтай немесе құм салынған дорба байлап та Бас сүйектің пішінін өзгертуге болады. Кейбір халықтар баланы жас кезінен төбесін жалпақ етіп өсіреді. Егертақия, бөріктіүнемі тастамай кисе де, Бас сүйек пішіні өзгеріске ұшырайды. Бас пішінін әдейі өзгерту дәстүрі ерте замандаАзия, Еуропа, Америкатұрғындарының арасында болған, кейбір халықтарда қазірде де бар. Ғұндар, сарматтар, т. б. көшпелі тайпалар бас пішінін қолдан өзгерткен. Мұндай салт б. з. б. 3-1 ғасырларда қазақ жерінде де орын алған. [1]
Бас сүйектері екі негізгі бөліктен тұрады:ми сауытыжәнебет сүйектері.
Ми сауыты- маңдай, жұптасқан төбе, шүйде, екі самай, негізгі және көз торы сүйектерінен тұрады. Ми сауыты сүйектері бір-бірімен жіктесе байланысқан.
Бет сүйектері- жоғарғы және төменгі жақ сүйектері, бет, таңдай сүйектері, кеңсірік, мұрын сүйегі, көз қуысы сүйектерінен тұрады.
Бас сүйектерінде бір ғана қозғалмалы сүйек (төменгі жақ сүйегі) болады.
Бас сүйектерінің жастық, жыныстық, жеке ерекшеліктері
Кішкентай балалардың ми сауыты бет сүйектерінен ертерек дамиды. Бет сүйектері 1 жаста, жыныстық жетілу кезінде жақсы дамиды. Ми сауытының көлемі бет сүйегінің көлемінен (нәрестеде) 8 есе, ересектерде 2-2, 5 есе артық.
Жаңа туған сәбидің ми сауытының сүйектері бір-бірімен жұмсақ дәнекер ұлпадан тұратын қабықшамен жалғасады. Бұл қабықша бірнеше сүйектерден қосылатын жерінде үлкен болады. Оны баланың еңбегідеп атайды. Оның саны төртеу. Маңдай еңбегі 1 жаста, қалғандары 2-3 айда бітеді.
Нәрестенің жақ сүйектерінде тістері болмайды. Ең алғаш сүт тістері 5-6 айда шыға бастайды. 6 жасқа жақындағанда сүт тістері түсіп, тұрақты тістері шыға бастайды.
Кішкентай балалардың ми сауыты бет сүйектерінен ертерек дамиды. Бет сүйектері алғашқы 1 жаста және жыныстық жетілу мерзімінде, әсіресе 13-14 жаста күшті өседі. Дегенмен ересек адамның өзінде ми сауытының көлемі бет сүйектерінің көлемінен артық болады: нәрестенің ми сауыты бет сүйектерінен 8 есе, ересек адамда 2-2, 5 есе артық.
Жаңа туған сәбидің ми сауытының сүйектері бір-бірімен жұмсақ дәнекер ұлпадан тұратын қабықшамен жалғасады. Бұл қабықша бірнеше сүйектердің қосылатын жерінде үлкен болады. Ондай жерін баланың еңбегі деп атайды.
Ми сауытының ондай жерлері екі-екіден самайда (жалпы саны 4), маңдайда және шүйдеде бір-бірден болады. Бар 1 жасқа жақындағанда, қалғандары 2-3 айда бітеді де, қатты қабықпен жабылады. ми сауыты сүйектерінің арасындағы жіктері 4 жасқа жақындағанда бірігіп кетеді де олардың өсуі тоқталады. Бет сүйектері жыныстық жетілуге дейін өсіп, содан кейін өсуі тоқталады.
Нәрестенің жақ сүйектерінің т і с т е р і болмайды. Баланың тісі ең алғаш 5-6 айда өсе бастайды (сүт тістері шығады), 6 жасқа жақындағанда сүт тістері түсіп, орнына тұрақты тістері шығады. Ең соңғы тұрақты тістері - ақыл тістері жыныстық жетілуден кейін пайда болады. Жалпы алғанда тістердің шығуы, осуі, тұрақты тіске ауысуы баланың дене шынығуына, жетілуіне байланысты. Сондықтан жастардың тісінен олардың биологиялық жетілуін анықтауға болады.
Бет сүйектері өсіп жетілгеннен кейін баланың тұрақты бет әлпеті қалыптасады., яғни оның түрі тұрақты болады.
Баланың сүйектерінің ерекшелігі. Жалпы алғанда балалар мен жас өспірімдердің сүйектері серпімді, жұмсақ, оңай өзгергіш келеді. Сондықтан гигиеналық талаптарды дұрыс орындамағанда сүйектері тез бүзылып, ден саулығына зиян болады. Әсіресе мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының сүйектері өте серпімді болады. Олардың сүйектері еркін қатпағандықтан үйде, балалар бақшасында, мектепте дене еңбегі мен спорт ойындарын ұйымдастыруға деген гигиеналық талаптарды, үстелде дұрыс отыру ережелері, баланың үйықтайтын төсегіне арналған талаптар сақталмаған жағдайда сүйектері тез ерекшеленіп жетіледі.
Сүйектердің дұрыс өсіп жетілуіне, мезгілінде қатаюына тамақтың құрамындағы минерал заттарының, витаминдердің әсері көп. Әсіресе алғашқы жылы тамақтану және далаға шығып ауа жұту талаптары бұзылғанда мешел ауруы туып, жілік сүйектері, көкірек қуысы мен омыртка сүйектері дұрыс қалыптаспайды. Бұл түрғыдан алғанда кішкентай баланы далаға шығарып, күннің ультракүлгін сәулелері әсер етуіне мүмкіндік тудырудың маңызы зор. Себебі ол сәулелердің әсерінен баланың денесінде Д витамині түзіледі де, минерал заттарының алмасуы дұрыс реттеледі. Әсіресе сүйектің құрамындағы кальций, фосфор тұздары ның алмасуы жөнделеді, ал күннің ультракүлгін сәулелері терезенің шынысынан өтпейді, сондықтан үйден шықпаған баланың сүйегі дұрыс жетілмейді. Ауа райына қарамай баланы далаға шығарып отырса, тіпті өте қалың киімнен де сәуле өтіп, бала дұрыс өседі.
Краниометрия.
Бассүйектің милық және бет сүйектің индекстерін анықтау
Краниометрия (грекше craniometria, краниум - бас; метрия - өлшеймін ), яғни басты өлшеймін дегенді білдіреді. Бастың пішінін, оның көлемін зерттейтін ілім - антропология, оның бір саласы краниология. Бұл көбінесе соттық медициналық экспертизада қолданылады. Бассүйегі, жақсы сақталатындықтан, құрып кеткен нәсілдер туралы соған сүйеніп қорытынды жасауға болатын қазба материал болып табылады. Бассүйек пішіні жеке адамдарда едәуір өзгергіш келеді. Бассүйек көрсеткішіне, яғни көлденең диаметрінің бойлық диаметріне проценттік қатынасына қарай ми сауытының негізгі үш формасын ажыратады: Қысқа-бронхикранды (бассүйек көрсеткіші 80-нен жоғары) ; Ұзын-долихокранды (75-тен төмен) ; Ұзын долихокранды (75-тен төмен) . Ұзын бассүйек көбірек дамыған ми жайғасатын орын деген бір жақты түсінікке сүйеніп, бірқатар кертартпа ғалымдар түрлі адам нәсілдерін сипаттайтын жоғарғы және төменгі бассүйек типтері болады деген нәсілшілдік теорияны дамыта бастады. Әрине, еуропалық бассүйектер жоғарғы, ал түсті халықтардікі төменгі болып шықты. Айталық, мәселен, бушмендердің бассүйектері мен австриалықтардың бассүйектерін неандерталдықтардың бассүйектерімен ұқсас болғандықтан қарапайым деп есептеледі. Алайда объективті ғалымдардың зерттеулері көрсеткеніндей, австриялық бассүйектің негізгі белгілерінің бірі - ми сауыт бет көрсеткіші бойынша айырмасы болады, ал неандертальдық белгілердің өздері қазіргі кездегі барлық нәсілдерде таралған. Мұның ең бір қызық мысалы - американ палеонтологы Коптың бассүйегі, ол Шаппель-О-Сен-нен табылған неандерталдықтың бассүйегімен керемет ұқсас болып шықты. Ұлы Отан соғысы қарсаңы мен кезінде гитлерлік Германияның антропологтері дилихоцефальды бассүйек пішіні солтүстік нәсілге, немесе арий нәсіліне тән немістердің басқа нәсілдерден биологиялық жағынан артықтығын көрсетеді, мұның өзі немістерге басқа халықтарды жаулап алып, дүние жүзіне үстемдік құруға жол береді дегенді дәлелдеуге тырысты. Алайда нәсілдік белгілердің маңызы туралы мәселені дүрыс шешу үшін нәсіл мен ұлт ұғымдарының ара жігін ажырату керек. Нәсілдегеніміз табиғи-тарихи категория. Ол белгілі бір территорияда тұратын адамдар тобына ортақ, тұқым қуалау берілетін морфологиялық белгілердің жиынтығымен сипатталады. Қазіргі бүкіл адамзат дамудың бір сатысында тұр, бірақ адамзат тіршілігінің түрлі дәуірінде жекелеген топтардың белгілі бір мекен ортасына байланысты түрлі нәсілдер пайда болды. Бұл жағдайда қоғамның материалдық тіршілік жағдайлары, яғни оның даму жағдайлары үлкен роль атқарды. Алайда адамдардың барған сайын тығыз аралаласып-құрасуы олардың араласып, нәсілдер арасындағы тым көзге ұратын шектерінің жойылуына әкелді. Сондықтан нәсілдері жоғары және төменгі деп бөлуге ешқандай ғылыми деректер жоқ. Адам нәсілдері ұлт, тайпа, халық деген сияқты әлеуметтік бөліністерден де өзгеше келеді. Ұлт дегеніміз әлеуметтік категория. Сопдықтан саяси, яғни әлеуметтік үстемдік құруға ұмтылуын нәсілдік, яғни биологиялық белгілермен ешбір ақтауға болмайды. Анатомиялық фактілер де осыны дәлелдейді. Мәселен, шетел және совет ғалымдары дәлелдегеніндей, бссүйектің ұзарған формасы қазіргі барлық нәсілдерде кездеседі. Барлық нәсілдерде ұзын немесе қысқа бассүйектердің, ал кейде неандертальдық белгілердің болуы қазіргі барлық нәсілдердің айырмашылықтары емес, керісінше олардың ұқсастығын, бір тектен - неандерталь ата-тектен шыққанын дәлелдейді. Сол сияқты барлық нәсілдерде бастың шеңбері бірдей өзгеріп отырады (53-61), ол бірқатар дарынды адамдарда (Лейбниц, Кант) біршама кіші (55 см), ал Дантеде тіпті 54 см болған. Эволюция барысында адам бассүйегінің сыйымдылығы орташа алғанда үздіксіз өсіп отырды (питеконтропта - 900 см3, ал осы кездегі адамда - 1500 см3) . Қазіргі уақыттағы краниометрия Қазіргі кездегі халықтардың әлеуметтік және мәдени дамуының түрлі деңгейінде болуы биологиялық факторға (нәсілдік белгілерге) емес, әлеуметтік факторларға байланысты. краниометриялық индекстерді анықтау сызықтары Бастың өлшемі әр адамда әртүрлі болады. Жас ерекшеліктеріне байланысты, жынысына байланысты әрқалай болып келеді. Бассүйектің дамуы дененің барлық сүйектері сияқты дәнекер ұлпалы сатыдан басталады. Бастың негізіндегі сүйектер дамудың шеміршекті және сүйекті сатысынан өтеді, ал бет және бастың қақпақ сүйектері сатысынан өтпейді. Сондықтан жсте туған кезде оның бас сүйектерінің аралығында дамудың дәнекер үлпасы сатысының белгілері қалады. Олар баланың еңбегі (родничок, fonticulis) деп аталады. Алдынғы еңбек екі төбе сүйегінің аралығында болады. Бүйірдегі еңбек баланың екі-үш айында, ал алдынғысы екі жаста қатай ады. Әртүрлі ауруларда еңбек өзгеріп тұрады. Мысалы: денеде сұйықтық азайғанда, баланың іші өтіп тұрады. Мысалы: денеде сұйықтық азайғанда, баланың іші өткенде еңбек төмен түседі. Бастың екінші жас ерекшеліктері нәрестеніңбасының негізіндегі сүйектердің арасында шеміршектер болады. Үшінші ерекшелігі - жас нәрестенің бас сүйектерінде ауа қуыстары, өсінділер, тістер болмайды. Жақ сүйектері жақсы дамыған болады. Бастың жіктері 3-5 жаста тоқтайды. Ерлердің басы денесінің құрылысына қарай, әйелдердің басынан үлкенірек болады. Қарттардың басындағы қырлар, борпылдақ заттар сорылып сүйек жеңіл болып қалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz