Бас миы және жұлынның өткізгіш жолдары


Бас миы және жұлынның өткізгіш жолдары
Организм тітіркенуді сыртқы және ішкі орталардан қабылдайтындықтан, сыртқы, ішкі тітіркенулерді қабылдайтын рецептордан келетін импульстарды таситын жолдар болады.
Сыртқы тітіркенулерді қабылдайтын рецепторлар экстероцепторлар леп аталады. Эволюцияның ерте кезеңдерінде олар негізінен дененің сыртқы жабындыларында орналасқан, бұл сыртқы тітіркенулерді қабылдау үшін қажет еді, сондықтан адамда да олар эмбриогенезде сыртқы ұрық жапырақшасынан - эктодермадан дамиды. Қызметі жағынан асқорыту жүйесімен тығыз байланысты, сондықтан эндодермадан дамитын дәм сезу мүшесінің ғана қатысы болмайды.
Тері анализаторнының аферентті талшықтары үлкен ми қыртысына тактилді тітіркенулерін, стереогнозия сезімін, ауыру және температура тітіркенулерін жеткізеді. Осыған байланысты олар бірнеше топқа бөлінеді.
Терінің тактилді сезімталдығын өткізгіш жолдар - tractus . Рецептор тері қабатында жатады. Өткізгіш жол үш нейроннан тұрады. Бірінші нейронның жасушалық денесі сезімталдықтың барлық түрлерінің шеткі нейрондары жасушаларының жиыны болып табылатын жұлын түйінінде орналасады. Бұл түйін жасушаларынан шығатын қсінді екі тармаққа бөлінеді; олардың шеткісі тері нерві құрамында рецептордан шығады, ал орталық тармақ артқы түбіршік құрамында жұлынның артқы жіпшесіне барып, сол жерде жоғары көтерілетін және төмен түсетін тармақтарға бөлінеді. Талшықтардың бір бөлігі мен жанама тармақтарын жұлынның артқы мүйіздерінде аяқталады. Жоғарылаған талшықтардың басқа бөлігі артөы мүйіздерге енбей, жұлынның артқы жіпшелеріне жүріп fasciculus cuneatus et gracilis құрамында сопақша мидың аттас ядроларына жетеді.
Жұлынның артқы мүйіздері мен сопақша мидың аталған ядроларында екінші нейронның жасуша денесі жатады. Артқы мүйіздерде орналасқан жасушалардың аксондары comissura alba - арқылы ортаңғы жазықтықты қиып өтіп, қарама - қарсы жақтың бүйір жібінде орналасқан tractus spinothalamicus lateralis құрайды.
Жұлын - таламустық будалардың айқасуы артқы түбіршіктің жұлынға кіретін деңгейінен 2-3 сегмент жоғарылау жерде өтеді. Бұл фактінің клиника үшін елеулі маңызы бар, себебі бұл буда біржақты зақымданғанда қарама - қарсы жақтағы тері сезімталдығының бұзылуы зақымданған деңгейде емес, одан төмендеу байқалады.
«Жұлын (medulla spіnalіs) - адам мен омыртқалы жануарлардың омыртқа жотасының ішінде орналасқан орталық жүйке жүйесінің бір бөлігі. Жұлын адамда ауыз омыртқаның жоғарғы тұсынан басталып, 1-, 2-бел омыртқаларына дейін жетеді; 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1 - 3 құйымшақ бунақтарынан (сегменттерінен) тұрады. Ересек адамда Жұлынның ұзындығы 41 - 45 см-дей, салмағы 26 - 28 г-дай, қалыңдығы 1 см-дей. Жұлын сырты өрмек тәрізді жұмсақ және қатты қабықтармен жабылған. Қабық арасындағы қуыста Жұлын сұйығы бар. Қатты қабық әр жерінен сүйекпен жалғасады. Жұлынның ортасын бойлай жатқан сұйықтыққа толы өзек сұр заттан тұрады. Сұр заттың көлденең қимасы “Н” әрпі немесе қанатын жайған көбелек пішінді болып көрінеді. Сұр заттың сыртында ақ зат болады. Бұлар, негізінен, жүйке талшықтары мен нейроглиядан түзіледі. Жүйке талшықтары орталық жүйке жүйесіне баратын және одан шығатын импульстерді өткізеді. Жұлын, негізінен, рефлекторлық және өткізгіштік қызмет атқарады»
Таламуста үшінші нейронның жасуша денесі жатады, оның аксондары құрамында үлкен ми сыңарлары қыртысына, орталық артындағы қатпар мен тері анализаторының қыртыстық шеті орналасқан шеке бөлігіне барады.
Ауырсыну және температура сезімталдығының өткізгіш жолдары
Бірінші нейронның жасуша денесі жұлын түйінінде жатады, ол түйіннің жасушалары шеткі өсінділері арқылы терімен, ал орталық өсінділері арқылы екінші нейронның - жасуша денесімен жайғасқан жұлынның артқы мүйіздерімен байланысқан. Екінші нейрон аксоны comissura alba құрамында басқа жағына ауысып, көтеріледі. Таламуста үшінші нейронның жасуша денесі жатады, оның өсіндісі үлкен ми сыңарыны қыртысына келіп, сол жерде орталық артындағы қатпарда аяқталады.
Экстерорецептордан шығатын өткізгіш жолдардың екінші нейрон талшықтарының айқасу нәтижесінде ауырсыну, температура, ішінара жанасу және қысым сезу сезімталдығы импульстары дененің қарама - қарсы жағынан орталық артындағы қатпарға беріледі. Сондықтан айқаспаға дейін бірінші немесе екінші нейронның зақымдануы сол зақым келген жақтың сезімталдығын бұзатындығын есте сақтау керек. Егер айқаспадан кейін екінші нейрон немесе үшінші нейрон зақымдалса, онда осы зақымданған жердің қарсы жағында байқалады.
Ішкі тітіркенулер рецепторларынан шығатын өткзгіш жолдар
Ішкі тітіркенулер рецепторларынан шығатын өткзгіш жолдар қозғалыс аппараттарынан - проприоцепторлардан шығатын жолдар қозғалыс анализаторы және ішкі ағзалар мен тамырлар рецепторларынан шығатын жолдар - интероцепторлар деп бөлінеді, жолдардың екінші тобы интероцептивтік анализатор болып табылады.
Қозғалыс анализаторының өткізгіш жолдары
Қозғалыс анализаторы терең проприоцептивтік сезімталдықты қабылдайды, оған бқлшықет - буын, діріл, қысым мен салмақ сезімдері жатады. Проприоцептивтік сезімдалдықтың негізгі түрі - бұлшықет-буын, яғни буын қабының, сіңірлердің керілуі мен бұлшықеттердің кернеуі дәрежесінің өзгеруінен пайда болатын импульстар, осы импульстардың әсерінен адамда өз денесі мен оның бөліктерінің кеңістіктегі орналасу қалпы және оның өзгеруі туралы түсінік қалыптасады. Қозғалыс анализаторының өткізгіш жолдары - tractus gangliobulbothalamo-corticalis және tractus spinocerebellaris anterior et posterior болып табылады. Tractus - рецепторлары сүйектерде, бұлшықеттерде, сіңірлерге, буындарда, яғни меншікті денеде жатады, сондықтан проприоцепторлар деп аталады.
Өткізгіш жол үш нейроннан тұрады. Бірінші нейронның жасуша денесі жұлын түйінінде орналасады. Бұл жасушаның аксоны екі тармаққа бөлінеді: шеткі тармақ бұлшықеттің нерві құрамында проприоцептордан шығады, орталық тармақ құрамында жұлынның артқы жіптеріне өтіп, fasciculus gracilis пен fasciculus cuneatus құрамында сопақша миға дейін барады. олар осы жерде аталған жіптердің аттас ядроларында - nucleus gracilis және nucleus cuneatus аяқталады.
Бұл ядроларда екінші нейрондардың денелері орналасады. Олардың аксондарының құрамында үшінші буын басталатын таламустың латералды ядроларына жетеді. Үшінші буын жасушаларының аксондары арқылы қозғалыс анализаторының қыртыстық шеті орналасатын орталық алдындағы қатпар қыртысына келеді.
Мишыққа баратын проприоцептивті жолдар. Қозғалыс аппаратынан шығатын сезімталдық, санадан тыс импульстар жұлындық пропроцептивті жолдар арқылы мишыққа жетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz