Бұлшық ет тіні


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

БҰЛШЫҚ ЕТ ТІНІ

Бұлшық ет тіндері құрылысы мен шығу тегі әр түрлі болғанымен атқаратын қызметі ұқсас. Дененің ауыстыруы, жүректің соғуы, қан мен лимфаның жылжуы, асқазан, ішек бойымен тағамның жылжуы, несептік шығу, жатырдфң жиырылуы (босану) т. б. қозғалыс-қимылдар ағзадағы жиырылғыш қызмет атқаратын ет тіндері арқылы жүзеге асады. Ет тіндерінің морфологиялық ерекшеліктеріне құрамындағы жасушалары - миоциттері мен талшықтарының ұзынша пішіні, бұлардың құрамындағы арнайы органеллалары - миофибриллалары мен миофиламенттері жатады. Сонымен қатар, ет тіндерінің миоциттері мен миосимпласттарының цитоплазмасында жасуша қосындыларынан гликоген, миоглобин мен липидтер, жиырылғыштық қызметке энергия қоры болып табылатын митохондриялары өте көп. Арнайы жиырылғыш элементтерінің құрамында кальций ионының қатысуымен өзара әрекеттесетін актин және миозин белоктары да бар.

Ет тініндегі миоглобин белогы бұлшық ет тінінің жиырылуы кезінде оттегімен байланысып, тіпті О 2 артық қорын өзіне жинайды.

Ет тіндерінің жіктелуі

Ет тіндерінің жіктелуіне негіз етіп морфофункциональді және гистогенетикалық ерекшеліктері алынған. Морфофункциональді жағынан құрамындағы жиырылғыш органеллаларына байланысты екі топқа жіктеледі.

Бірінші топқа - көлденең жолақ бұлшық ет тіндері , цитоплазмасында кезектесе орналасқан миозин мен актин филаменттері бар түрі жатады.

Екіншісіне - тегіс салалы ет тіні , полимеризациялану қасиет кальций ионның қатысуы арқылы жүзеге асатын, бұлар көлденең жолақтары жоқ, біркелкі боялатын - миоциттері болады.

Шығу тегіне немесе гистогенетикалық ерекшеліктеріне байланысты ет тіндері бес топқа жіктеледі: а) мезенхимадан дамыған , б) эпидермальды (тері энтодермасы мен прехордиальды пластинкасынан дамыған) в) нейральды (нерв түтігінен дамыған), г) целомды (сомиттің миоэпикардиальді пластинкасының висцеральді жапырақшасынан), д) соматикалық (миотомнан дамыған) . Алғашқы үш тобы тегіс салалы ет тіндеріне жатса, ал соңғы екеуі көлденең жолақ бұлшық ет тіндеріне жатады. Ет жасушалары миоциттер , ал ет талшықтары - симпластар болып саналады.

Көлденең жолақ бұлшық ет тіндері

Көлденең жолақ ет тіндеріне қаңқалық және жүрек миокарды жатады.

Қаңқалық бұлшық ет тіні

Гистогенезі. Көлденең жолақ бұлшық ет тінінің шығу тегіне миотомның жасушалары - миобластар қатысты. Дифференциялану кезінде екі түрі жасушалық топтар қалыптасады. Бірінші жасушалардан симпластар, бұлардың цитоплазмасында арнайы органеллалары миофибраллалары пайда болатынмиосимпласттар.

Ал, екінші жасушалар жеке дифференцияланып миосателиттер миосимпласттардың үстінде орналасады.

Құрылысы. Қаңқалық бұлшық ет тінінің құрамындағы бірлігі болып ет талшықтары саналады. Ет талшықтарының сыртқы базальді мембранамен қоршалған, құрамында миосимпласт пен миосателлиттері бар - құрылым. Ет талшықтарының ұзындығы сантиметрден 50-100 мкм болады.

Миосимпласттың құрылысы . Миосимпласттың құрамында көптеген сопақша келген ядролары болады, олар сарколемманың астында орналасады. Миофибриллалары миосимпласттың бойында ұзынша созылып орналасады.

Саркомер - миофибриллалардың құрылыс бірлігі болып саналады, әрбір миофибриллалардың бойында жарықты бірдей өткізбейтін (анизотропты - А-дискісі, изотропты И - дискісі) күңгірт және ашық түсті дискілері болады. сыртын түйіршіксіз эндоплазмалық торқоршайды. Көршілес саркомерлердің арасында Z-сызығы орналасады. Z-сызығының құрамында белок а-актинге актин филаменттерінің ұшы бекінеді де, екінші ұшы саркомердің ортасына бағытталады, бірақ оған жетпейді. Саркомерлердің күңгірт дискісінің ортасындағы торы миомезин молекуласына тұрады. Бұл М - сызығымен байланысады. М - сызығына мизин филаменттерінің бір ұшы бекінеді, ал екінші ұшы Z - сызығына бағытталып, актинге филаменттерінің арасына енеді, бірақ Z-сызығына жетпейді. Миозин молекулаларының ұзын құйрығы мен екі басы болады. Кальция ионының концентрациясы көбейген кездемиозин басының байланысқан жеріндегі молекула өзінің конфигурациясын өзгертеді де, миозин актинмен айқасады, бұған тропонин, тропомиозин белоктары ықпал етеді. Осының нәтижесінде миозин филаментінің басы өзімен бірге актин молекуласының М - сызығына қарай тартады да, Z-сызықтары бір-біріне жақындап саркомер қысқарады. Кальций ионының қоры ьолып түйіршіксіз эндоплазмалық тор саналады. Мұндай торлар Z-сызығы мен A, J - дискілерін бойлай орналасады.

Миосимпласттың плазмолеммасы ішіне қарай ойыстанып еніп Т тік түтікшесін түзеді. Бұл түтікшк ашық және күңгірт түсті дискінің арасынан өтіп Z-сызығымен саркомерге енеді. Миосимпластқа жиырылғыштық жайында сигнал келіп түскенде Т-түтікшесі арқылы қозғаушы потенциал түрінде түйіршіксіз эндоплазмалық тордың мембранасына беріледі де, осының нәтижесінен актин - миозин комплексі өзара әрекеттеседі. Қозғаушы потенциал аяқталғаннан кейін, кальций ионы бөлінбейді, миофибраллалардың қызметі тоқталады. Ет талшықтарының қызметіне энергия қажет, бұл энергияның қоры болып миосимпласттардың саркоплазмасындағы АТФ-ті синтездейтін митохондрялар. Миосимпласттардың қызметіне миоглобин мен гликогеннің алатын орны ерекше. Гликоген энергия қоры болса, миоглобин оттегімен байланысады.

Миосателлитоциттер - аз дифференцияланған жасушалар, ет тінің регенерациясына қатысады. Бұлар миосимпласттың сыртында орналасады. Ет талшықтарықұрамындағы миофибраллаларының қатынасына қарай, митохондриялы байланысты ақ, қызыл және аралас талшықтар болып бөлінеді Қызметіне байланысты тез-жәй, орташа жиырылатын талшық түрлері де бар. Мұндай жіктелудемиозиннің алатын орны ерекше. Ақ ет талшықтарында гликоген көп те, ал миоглобилині аз болады. Қызыл ет талшықтарында ( белсенді) миоглобині көп, ал гликогені аз. Ет талшықтарының ерекшелігі адамның атқаратын қызметіне байланысты: спортшыларда, кәсіби мамандықтардағы адамдарда, экстремальді жағдайларға қарай өзгеріп те отырады., көптеген ауруларда (ет тінінің атрофиясы мен дистрофиясында, денервацияның әсерінен) ет тіндері өзгереді, мұндайжағдайда аурулардың диагнозын анықтап, зерттеуге ет талшықтарынан биоптаттар алынады.

Жүректің көлденең жолақ ет тіні

Жүректің көлденең жолақ ет тіні немесе ет қабығы - миокард. Шығу тегі спланнотомның втсцеральді жапырақшасынан - миоэпикардиальді пластинкадан дамыған (ұрықтың мойын бөлігінен) . Жүректің миокардысының жасушалары - кардиомиоциттер. Даму барысында кардиомиоциттердің бірнеше түрлерін ажыратады. Олар: жиырылғыш, өткізгіш, аралық болып болып бөлінеді. Жүректе секреторлық кардиомиоциттер де бар.

Жиырылғыш кардиомиоциттер . Пішіні цилиндр тәрізді, ұзындығы 200-150 нм, қалыңдығы 10-20 нм-дей. Бір-бірімен қыстырма дискілер арқылы байланысқан, сыртқы базальды мембранамен қапталып, ретикулярлы, коллаген талшықтармен қоршалған. Ядролары сопақша кардиомиоциттердің ортасында орналасады. Цитоплазмасында түйіршіксіз эндоплазмалық тор жақсы дамыған. Бұл тор «Т»-тік түтікшесінің айналасында тығыз орналасады да, түтікшелері бір-бірімен анастомоз жасап байланысады. Кардиомиоциттерінің цитоплазмада жасуша қосындыларынан гликоген менлипидтер бар. Митохондриялар цитоплазмасында өте көптеген тізбектер құрап орналасады. Ал, миофибрилланың құрамындағы актин мен миозин миофиламенттер ретімен, кезектесе орналасып, ашық түсті - изотропты (J), күңгірт түсті - анизотропты (А) дискілерін түзеді. Бұл дискілердің бекінетін жері «Т» - телфрагмаға - актин немесе «Z» - сызығы, екі телефрагманың ортасында орналасқан мезофрагмаға немесе «М» - сызығы болады. Мезофрагмаға миозин бекінеді. Бұлар бір-біріне параллель орналасады, ерекшелігі әрбір қалың филамент миозинді 6 жіңішке актин филаменттері қоршайды. Жүректің көлденең жолақ ет тінінің құрылыс-қызметін атқаратын бірлігі саркомер болып табылады. Мұнда да, саркомер - екі телефрагманың немесе Z - сызығының арасы. Сарколеммадан осы телефрагма тұсына «Т»-тік түтікшесі өтеді. Түтікшенің құрамында базальді мембрана енеді де, неры импульсін алып келіп, АТФ-тың әсерінен милофиламенттер жиырылып, әрі қайта босаңсып, өзінің бұрынғы қалпына келіп отырады. Мұнда да, актин миофиламенттері жылжып, қалың миозин филаменттерінің арасына өтіп әрекеттесетіні байқалады. Миофиламенттер молекулаларының жылжуына осы екі филаменттің белоктары - тропонин, тропомиозиннің болуы зор әсер етеді.

Өткізгіш кардиомиоциттердің ерекшеліктері. Бұл кардиомиоциттер өте ірі, ұзындығы 100 мкм, қалыңдығы 500 мкм-дей, гистологиялық препараттан оңай табуға болады. Цитоплазмасында жалпы қызмет атқаратын органеллалардың біразы болады, бірақ, құрамында көлденең жолақтары жоқ кардиомиоциттер болып табылады. Негізгі қызметі: Пейсмекер элементтерінен нерв импульсін қабылдап, оны жиырылғыш кардиомиоциттерге өткізеді. Сондықтан олар жиырылғыш кардиомиоциттердің арасында орналасады. Өткішгіш кардиомиоциттері үш топқа бөлінеді: І, ІІ, ІІІ-топтағы кардиомиоциттер болып. Бұл жасушалар жүректегі синустарды құрайды.

Сонымен, бұлшық ет тінінің негізгі қызметі кеңістікте организмнің түгелдей немесе осы элементтеріне түрткі беретін импульстердің әсерінен өздерінің түрін өзгертуге, яғни жиырылуға қабілеттілігі арқылы іске асады. Бұлшық еттің жиырылуына мембранальдық потенциалының өзгеруі сәйкес келіп отырады. Ал, бұларды тіркеп, анықтау, осы замандағы диагностиканың маңызды құралы болып табылады.

Бұлшық еттің регенерациясы

Миосимпластта жасуша орталығы болмағандықтан бөлініп, көбеймейді. Сондықтан бұлшық еттің регенерациясы миосателиттері арқылы жүзеге асады. Көлденең жолақ бұлшық ет талшықтарының қайта қалпына келіп даму екі түрлі жолмен: бірі симпласттың өзінің гипертрофиялық белсенділігінің артуы арқылы, ал екіншісі миосателиттердің көбеюінің арқасында өтті. Миосимпластта түйіршікті эндоплазмалық торымен Гольджи аппаратының функцмональді ерекшелігі артады да, синтетикалық процестері күшейіп, жарақаттанған талшықтардың саркоплазмасы мен миофибраллалары қайта қалпына келеді. Екіншісінде - жарақаттанған ет талшығына жақын жатқан миосателиттер бөлініп, тіпті миобласттар пайда болып көртеген жаңа талшықтар да қалыптасады.

Бұлшық ет - мүше

Бұлшық ет тіндерінің арасында борпылдақ талшықты дәнекер тіндері - эндомизий жатады. Эндомизий құрамындағы ретикулярлы және коллаген талшықтары сарколемма талшықтарымен қоса өріліп, жиырылу кезінде күштің бірігуіне жағдай жасайды. Әрбір бұлшық ет талшығының ұшында сарколемманың терең қуыстары болады, коллаген және ретикулярлы талшықтар осы қуыстарға еніп жатады.

Бұлшық ет талшықтарының белгілі бір құрамы жеке жіктерге немесе өрімдерге бөлінеді де, олардың арасында борпылдақ талшықты дәнекер тінінің жуан қабаттары - перемизий орналасады. Перемезий құрамында серпімді - эластинді талшықтар болады. Ал, бұлшық еттің сыртын тұтас орап тұратын дәнекер тін - эпимизий деп аталады.

Тегіс салалы ет тіндері

Тегіс салалы ет тіндері мезенхималық, эпидермальді, нейральді болып жіктеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шеміршектің жасқа байланысты өзгеруі
Анатомия пәнінің даму тарихы. Анатомияның түрлері мен зерттеу әдістері
Ет ткані. Қаңқа ет тканінің регенерациясыциясы
Бұлшықет тіндері
Бұлшықет тіндерінің жасқа байланысты өзгеруі және қалпына келуі
Тыныс алу жүйесі туралы
Анатомия пәні мен міндеттері, аралас пәндермен байланысы
Дәнекер тіндері
Тіндердің шығу тегі мен заңдылықтары
Тіндердің жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz