Дәрі ішу әдістері және мөлшері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

I. Кіріспе бөлім

II. Негізгі бөлім

а) Дәрі ішу әдістері мен мөлшері

ә) Орталық жүйке жүйесінің препараттары

және олардан туындайтын аурулар

б) Жүрек-қан тамырлар жүйесіне әсер

ететін дәрілер, пайда болатын аурулар

в) Зәр айдағыш және тыныс алу мүшесінің

препараттары және туындайтын аурулар

г) Иммунитетке әсер ететін және аллергияға

қарсы препараттар және олардан пайда

болатын аурулар

III. Қорытынды бөлім

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе бөлім

Көптеген табиғи полимерлер ежелден халықтық медицинада қолданылып келеді. Атап айтсақ, кәріптас-базед ауруын емдеуде, прополис (“ара желімі”) -іріңді жаралар мен тері ауруларын емдеу үшін, озокерит (“тау балауызы”), әр түрлі өсімдіктердің шайырлары (бальзамдар дайындау үшін), агар-агар, желатин, крахмал, мумие, т. б. емдік мақсатта пайдаланылғанын білеміз. Алайда, тек өсімдік немесе жануар тектес табиғи материалдарды қолдану медицинаның мүмкіндіктерін шектеп келеді. Медициналық терапияның қол жеткізген тамаша жетістіктері, негізінен, синтетикалық дәрілік заттардың алынуына байланысты. Медицинада қолданылатын синтетикалық дәрілік заттардың басым көпшілігі кіші молекулалы қосылыстар. Қазіргі кезде белгілі синтетикалық кіші молекулалы дәрілердің көптігіне қарамастан, олардың жаңа тиімді түрлерін іздестіру мәселесі күн тәртібінен түспей отырған міндеттердің бірі. Орыс оқымыстылары Н. А. Платэ мен А. Е. Васильев егілген физиолоиялық белсенді полимерлердің (ФБП) құнды қасиеттерін саралай келе, дәрәлік заттарды полимерлермен байланыстыра қолданудың негізіне полимерлердің келесі ерекшеліктерін жатқызады

1. ФБП қасиеттерінің аддитивтілігі. Бұл қасиеттің мәнісі мынада: жүйенің физика-химиялық қасиеттері полимер-тасымалдаушыға, ал емдік қасиеттері жалғанған дәрілік затқа байланысты. Бұл физиологиялық белсенді заттардың (ФБЗ) организмде еруін мүмкін етіп, таралуын реттеуге мүмкіндік береді.

2. Полимерге жалғанған дәрілік жүйенің жасуша мембраналары арқылы өту қабілетінің төмендігі. Бұл дәрілік заттың организмде таралуын шектейді. Бұның нәтижесінде ФБЗ-тың фармакокинетикасы түбегейлі өзгереді. Мұның маңызды нәтижелері- ФБЗ-тың улылығының төмендеуі және әсер ету мерзімінің ұзаруы. Себебі, полимермен байланысқан дәрілік заттың бүйрек арқылы сүзіліп өтуі баяулайды. Екінші жағынан, бұл құбылыстың кері әсерін де ескермеуге болмайды:полимерлердің организмнен шығаруылуын қиындатады. Сондықтан полимердің молекулалық массасын шектеу немесе организмде биологиялық ыдырауын қамтамасыз ету қажет.

3. ФБП-дің зат алмасуына түсу қабілеті төмен. Бұл олардың полимерлік табиғатына байланысты және пролонгациялық әсерінің тағы бір себебі болып табылады.

4. ФБП-дің жасушаға ену механизмі кіші молекулалы ФБЗ-мен салыстырғанда өзгеше. Айталық, полимерлер үшін ол эндоцитоз, ал кіші молекулалы дәрі үшін-диффузия жолымен жүзеге асады.

5. ФБП-дің организммен әрекеттесу механизімінің өзгешелігі. Жоғарыда айтылғандай, полимерлерге кооперативті әрекеттесулер тән. Ал кіші молекулалы дәрілердің ондай қасиеті жоқ.

Айтылған дәрілік заттардың атқаратын міндеттерін және жоғары молекулалы қосылыстардың маңызды ерекшеліктерін бағамдай отырып, физиологиялық белсенді заттарды полимерлермен байланыстыра қолдану арқылы дәрінің емдік әсерін ұзарту, ағзаға улы әсерін кеміту, активті бастаманы ауру-ағзаға бағытты тасымалдау тәрізді аса маңызды мәселелерді шешуге болатынын байқаймыз.

Осы жерле медицинада қолданылатын қандай физиологиялық белсенді қосылыстарды полимерлерге қоса пайдаланған тиімді екеніне тоқталайық. Барлық дәрілік заттарды полимерге қоса берудің реті жоқ. Зерттеушілердің пікірі бойынша, қысқа уақыт әсер ететін, баяу ыдырайтын немесе организмнен баяу шығарылатын, сондай-ақ, активтілігі төмен және үлкен дозаларда қолданылатын физиологиялық белсенді қосылыстарды полимерлерге қосу дұрыс емес. Керісінше, белсенді заттардың кейбір түрлерін полимерлерде иммобилизациялау өте жақсы нәтижелер береді. Олар мыналар:

-созылмалы ауруларды емдеуде пайдаланылатын, жиі, әрі ұзақ уақыт қабылдауды қажет ететін физиологиялық белсендіі заттар(ФБЗ, жылдам ыдырайды немесе шығарылады) -әсер ету мерзімін ұзарту, қабылдау жиілігін азайту және емдік әсерін тұрақтандыру үшін;

-терапевтік емдеу ауқымы тар ФБЗ, бұларға химия-терапиялық заттардың көбісі жатады-олардың таңдамалы әсерін күшейту үшін;

-жоғары активті биореттеушілер (гормондар, витаминдер, коферменттер, т. с. с), олар аз дозада және ауық-ауық қабылданады;

-жергілікті қолданылатын ФБЗ-олардың бүкіл организмге таралуының алдын алу және қосалқы эффектілерді болдырмау үшін;

-бос күйінде тұрақсыз(мысалы, ферменттер) немесе өте улы ФБЗ-тұрақтылығын арттыру және улылығын азайту үшін.

С. Н. Ушаковтың мәлімдеуінше полимерлер медицинада мынадай мақсатта пайдаланыла алады:

a) қосалқы дәрілік материалдар ретінде (пластырьлер, пасталар және жпқпа майлар, ерітінділер мен эмульсиялардың тұрақтандырғыштары, т. с. с. ) ;

ә) қан алмастырғыштар, пролонгаторлар және детоксикаторлар ретінде;

б) тікелей дәрілік препараттар ретінде.

Медициналық мақсатқа арналған полимерлерге қойылатын негізгі жалпы талаптарды былайша тұжыруға болады: материал организм үшін мүлде зиянсыз, канцерогендік немесе аллергендік қасиеттер көрсетпеуі, биоүйлесімді; уақыт өткен сайын өзгеріске ұшырамауы жәнеденатурация тудырмауы; жеңіл өңделуі; бактерицидтік қасиеті болуы тиіс. Бұл талаптардың ішіндегі, біздің ойымызш, ең маңыздысы болып саналатын біріншісіне кеңірек тоқталайық. Бұл мәселенің маңыздылығы ”зиян келтірме” деген Гиппократтың мызғымас қағидасынан туындайды десек те болады.

Негізгі бөлім

Дәрі ішу әдістері және мөлшері қайнатпа дәрілерді көбінесе жылы күйінде ішеді, құсып ауырғанда азырақ немесе дәріні салқындатып бөліп-бөліп ішу керек. Мәселен, кешке-бірінші қайнатпасын, ертеңіне азанда екінші рет қайнатпасын ішеді, қуат беретін-дәрілерді-тамақтан бұрын, асқазанға ем болатын дәрілерді-тамақтан соң, құрт түсіретін және іш жүргізетін дәрілерді көбінесе-аш қарында, ал ұйықтайтын дәрілерді жатарда ішкен пайдалы. Сонымен бірге мына жайттарға көңіл бөлу керек. Жүкті әйелдерге кейбір дәрілер түсік тастауы, ерте босануға әсер етуі мүмкін. Сондықтан жүкті әйелдерге дәріні сақтықпен немесе шектеп беру керек. Мысалы, у қорғасын, тазаланған сор, кротон, үш қырлы өлең, бозбұға, шабдал дәні, мақсары, сүлік, сона, жұпар, сүттегін, алакүліктен жасалған дәрілер жүкті әйел организмдеріне қауіпті болып саналады.

Қарттарға, балаларға, әйелдерге және әлсіз адамдарға беретін дәрі мөлшері аз болады, әдетте 1-5 жастағы балаларға ересек адамдар ішетін дәрілердің ¼ беріледі, 5-6 жастағы балаларға ½, 16 жастан жоғарыға ересек адамдардан тең мөлшерде беріледі.

Дәрі-дәрмектерге қарсы ағзаның тұқым қуалаушылық

арқылы дамитын патологиялық реакциялары

Генетикалық белгі

(вариант)

Белгіні тудырушы дәрі-дәрмек
Потологиялық реакция
: 1
Генетикалық белгі(вариант): Г-6ФД жетіспеушілігі (полимерлі жүйе)
Белгіні тудырушы дәрі-дәрмек:

Примахин,

сульфанил амидты препараттар

(40жуық)

Потологиялық реакция:

Эритроциттердің гемолизі

(еруі)

: 2
Генетикалық белгі(вариант): Баяу ацетилдену (ацетилтрансфераза генінің полиморфизі)
Белгіні тудырушы дәрі-дәрмек:

Изониазид,

гидрацинин,

сульфадемазин,

диафенилсульфон

Потологиялық реакция: Әрбір дәрі дәрмекке тән әсерлер (эффекттер)
: 3
Генетикалық белгі(вариант): Дитиминге сезімталдық (бұзылған холинэстераза)
Белгіні тудырушы дәрі-дәрмек: Дитимин
Потологиялық реакция: Тыныс алудың ұзақ уақыт тоқтатылуы
: 4
Генетикалық белгі(вариант): жетіспеушілігі
Белгіні тудырушы дәрі-дәрмек:

Дифенилсульфон, осингалин,

примахин

Потологиялық реакция: Цианоз (көгеру)
: 5
Генетикалық белгі(вариант): Глюкортикоидто қабылданғаннан кейін қан қысымының жоғарылауы (көтерілуі)
Белгіні тудырушы дәрі-дәрмек: Көзге тамызатын глюкокортикидтер
Потологиялық реакция: Көзшілік қан қысымының жоғарылауы (көтерілуі)
: 6
Генетикалық белгі(вариант): Кейбір тұрақсыз гемоглобиндер
Белгіні тудырушы дәрі-дәрмек: Тотықтырушылар
Потологиялық реакция: Эритроциттердің гемолизі (еруі)
: 7
Генетикалық белгі(вариант): Гепиртермия ісігі
Белгіні тудырушы дәрі-дәрмек: Жалпы анестездеуші заттар
Потологиялық реакция: Гипертермия
: 8
Генетикалық белгі(вариант): Феноцетинмен индукцияланған метгемоглобинемия
Белгіні тудырушы дәрі-дәрмек: Фенацетин
Потологиялық реакция: Цианоз (көгеру)
: 9
Генетикалық белгі(вариант): Дифениннің жеткіліксіз гидроксильденуі
Белгіні тудырушы дәрі-дәрмек: Дифенин
Потологиялық реакция:

Атаксия,

нистагим

: 10
Генетикалық белгі(вариант): Спартеиннің аномальды дегридрогенациялануы
Белгіні тудырушы дәрі-дәрмек: Спартеин
Потологиялық реакция: Жүрекке аритмиясын емдегенде байқалатын зілді әсерлер (эффекттер)

Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер қатарына мыналар жатады:

1. Наркозға қолданылатын дәрілер.

2. Ұйықтататын дәрілер.

3. Тырыспаға қарсы құралдар: а) эпилепсияға қарсы.

4. Психотроптық дәрілер: а) нейролептиктер;

ә) транквилизаторлар;

б) седативті дәрілер;

в) антидепресанттар.

5. Паркинсон ауруын емдеуде

қолданылатын дәрілер.

6. Анальгетиктер: а) елітетін;

ә) есірткілік емес.

Наркозға арналған ингаляциялық емес құралдар.

Гексенал -ұйықтататын және есірткілік әсері бар зат. Негізінен кіріспе наркоз үшін азот тотығы, фтораттан, эфирмен қоса қолданылады. Жеке түрде мерзімді операция (15-20 мин. ), эндоскапия, бронхоскопия, алкогольдік психоз, катетеризация, тігісті алған кездерде қолданылады.

Сомбревин- ауыртатын манипуляцияларда, таңу жасағанда, шығып кеткен сүйекті орнына салғанда, сынған сүйектерді түзегенде, гинекологиялық және стоматологиялық практикада қолайлы. Наркоздың қозу кезеңі болмайды, 2-3 минуттан кейін есін жинайды.

Калипсол- кіріспе наркоз және базалық наркозда қолданылады .

Ұйықтататын препараттар.

Ұйқының дамуына және қалыпқа келуіне көмектеседі. Ұйықтататын дәрілер ретінде барбитураттар қолданылады. Олар аз мөлшерде седативті әсер, орташа мөлшерде-ұйықтататын әсер, ал көп мөлшерде-есірткілік әсер береді. Бірақ оларды наркоз дәрілері ретінде қолданбайды. Бұл топқа: демидрол, донормил, бролизавал, хлоралгидрат, этаминал- натрии, фенобарбитал, итразепам деген препараттар жатады. Бұл жоғарыда аталған препараттарды белгілі бір мөлшерде, сақталу мерзіміне сәйкес, дәрігердің рұқсаты болған дұрыс. Себебі, біздің ағзамыздағы мүшелердің жұмысын, қызметін, басқа мүшелермен байланысын реттеп отыратын орталық жүйке жүйесі болып табылады. Егер де дәрілік препараттарды талаптарға сәйкестіре отырып пайдаланбайтын болсақ психикалық ауруларға, тіпті кейде өлім жағдайына әкелуі мүмкін.

Жүрек-қан тамырлар жүйесіне әсер ететін дәрілерге

тоқталсақ.

Моэкс (моэксиприл) - таблеткада 7, 5мг, 15мг. Артериалдық гипертензияға қолданылады. Қолқаның тарылуы, митральды тарылуы, гиперртофиялық кардиомиопатия, бүйрек және бауыр қызметінің бұзылыстары, гемодиализ, жүктілік қолданылады. Ортостатикалық гипотензия болуы мүмкін, стенокардия, миокард инфарктісі, инсульт, протеинурия, диария, гиоссит, жөтел, лейкопения, қаназдық болуы мүмкін.

Жүрек-қан таммырларына әсер ететін дәрілер.

Жүрек гликозидтері жүректің жиырылуын күшейтетін дірілер. Бұл қасиеттер көп дәрілерде кездеседі. Мысалы адреналин, кофеин, камфора т. б. дәрілерді.

Препараттары

Дигитоксин , А тізімі

Таблеткада 0, 0001 г

Балауыз 0, 00015 г

Қолданарда дозасын бірте бірте азайтып, белгілі тәртіппен қолданылады.

Целанид , А тізімі

Таблеткада 0, 00025г

Ампулада 0, 02-1мл

Флаконда 0, 05%-10мл ішке қолдану үшін

Лактозид , Б тізімі

Флаконда 15 мл

Оймақгүл өсімдігінен алынған жаңа гален препараты. Ішке тамшыдан енгізеді.

Строфантин , А тізімі

Көк тамырға қолданар алдында мл глюкозаға немесе изотоникалық натрии хлор ерітіндісіне араластырып, баяу қолданады.

Каргликон , Б тізімі

Ампулада 0, 06% 1мл

Меруертгүл өсімдіктіктерінен алынады. Көк тамырға стофантин сияқты қолданады. Көп мөлшерде қолданарда, жүрек гликозидтері жинақталып, адам ағзасын уландырады. Улану белгілері асқа тәбетінің соқпауы, жүрек айну, елес, сандырақтау. Қатты уланғанда жүрек тоқтап қалуы мүмкін.

Ендігі кезекте зәр айдағыш препараттар жөнінде айтамыз.

Зәр шығару жүйесінің препараттарын мынадай топқа бөлеміз.

1. Күшті немесе “төбелік” әсер ететін препаратттарға фуросемид, этакрин қышқылы, маннит, сорбит, мочевина, клопамид.

2. Орташа күшті әсер ететін препараттарға гидрохлортиазид, циклометазид.

3. Төмен әсер ететін препараттарға спиналоктон, триамтерон, дихлорфенимид жатады. Егер дәріні қолдану талаптарына сәйкес болмаса мынадай аурулар

1) Гипонатриемия (құсу, лоқсу, диария, әлсіздік) .

2) Гипокалиемия (анорексия, іш жүрмеу) .

3) Глюкозурия пайда болып, онда зәр айдағыш құралдарды алып тастаған жөн,

4) Гиперурикемия альтаргия, ятрогенді подагра.

5) Гипомагниемия (жүрек тұсының ауруы, аритимия) .

6) Тиазидтер бұл топқа гидрохлортиазид, циклометазид, клопамид, оксадолин жатады. Артық молшерде пайдалансақ гиперлипидемия, гиперкальциемия, гипокамиемия пайда болады.

Калий сақтаушы зәр айдағыш препараттар.

Триамтер және амилорид бұл препараттар жарғақша арқылы натрии және калии тасмалын бөгейді.

Спиранолактон және калии канреонаты гиперкалимия, гинекомастия белсіздік, әйелдерде вирилизация, етеккір циклінің бұзылуы.

Карбоангидроз ингибиторы тобына ацетазоламид және дихлорфенамид жатады. Гипокалиемия, гиперхлоремиялық ацидоз, остеотпороз, кальцииконкременттің түзілуі. Үлкен дезосы диспепсия парестезия тудырады. Ал тромбоцитопения, лейкопения сирек болады.

Тыныс алу мүшелерінің дәрілері.

Амбросан белсенді зат амброксал гидрохлорилі. Амбросанның 1таблеткасында 30 мг амброксал гидрохлориді бар өзінің мөлшерінен артса тері бөртпесі, есекжем, ангионевротикалық ісік түріндегі аллергиялық реакциялар науқастардың 1% кемінде кездеседі.

Амбробене 1 таблетканың құрамында 30 мг амброксал гидрохлориді бар. Бөлуге арналған біржақты кертігі мен қыры бар, ақ, домалақ, қос дөңесті таблеткалар. Артық мөлшерлеу препаратпен улану оқиғалары осы уақытқа дейін анықталған жоқ. Орын алған жағдайларға симптоматикалық терапия қажет болады.

Иммунитетке әсер ететін препараттар

Ацетилсалицил қышқылы:

Шт:таблеткалар балалар үшін г

Ересектер үшін г және г

Синонимдері:Анопирин, Апо-Аса, Аспиватрин, Аспилайт, Аспирин, Аспирин УПСА, АСС Ратиофарм, Ацилпирин, Буфферан, Буфферин, Камфорит, Новандал, Новасен, Соларин, Тромба АСС, Упсарин УПСА, Эйч-Эл-Пэйн, Ронал.

Ацетилсалицил жанама әсерлердің болуына байланысты құлақта шуылдаудың болуы, ангионевроздық ісік, сақтықпен қолдану шартын есте сақтаған жөн.

Ацетилсалицил қышқылы ұзақ қолданған уақытта дәрігер бақылауынсыз диспепсиялық бұзылыстар мен асқазаннан қан кету, асқазан ғана емес, ұлтабардың да шырышты қабығының бұзылуы, интерстициальді нефрит, азотемия және бүйрек жетіспеушілігі, сондай-ақ жүрек жетіспеушілігі симптомдарының артуы сияқты жерлердің байқалуы.

Салицилаттарды ұзақ қолдану барысында қаназдық, лейкопения және тромбоцитопения даму мүмкіндіктерін ескерген жөн.

Пиразолидиндион тудыратындары:

Бутадион шт:1г сықпаларында.

Синонимдері: Фенилбутазол, Alindor, Butalon, Dutadion және тағы басқалар. Ісіну, құсу, қышыма, есекжем, ейкопения және қаназдық тағы басқалары.

Аллергияға қарсы дәрілер

Аллергия -ағзаның әр түрлі заттарға аса сезімталдығынан туатын патологиялық жағдай.

Глюкокортикоидтар препараттарды аллергиялардың пайда болу кезеңі әсер ету арқылы аллергия белгілерінен Алайда сырқа қолданылғанда қосымша әсерлері болады, мысалы теріде атрофикалық өзгерістері тері жұқпалы аурулардың асқынуынан туғыздырады

Қорытынды бөлім

Дәрілік препараттарды пайдаланудың туындайтын аурулар деп аталатын жұмысымды қорытындылай келе, мынадай жобаларымды ұсынамын:

1) Дерттің шешуші сатысына әсер етуі;

2) Мүмкіндігімізше қосалқы әсер етуі;

3) Терапевтік әсері жеткілікті дәрежеде ұзақ болуы ең дұрысы, аурудың жағдайы дәріні бір дүркін қабылдағанда қалыпқа түскені;

4) Дәріні қолдану тәсілі мүмкіндігінше қарапайым болуы;

5) Дәрі дерттің шоғырланған жерінде өздігінен қажетті тераппевттік концентрация деңгейінде жинала алу қабілеті болуы;

6) Дәрілік затты өндіру әдісі мүмкіндігінше жеңіл, ал оның бағасы арзан болуы керек.

Қазіргі өзіміз өмір сүріп жатқан қоғамда көптеген белгісіз аурулармен ұшырасып

жүрміз. Ғалымдар, профессорлар, зиялылардың, фармацефттердің күні түні ізденісі нәтижесінде мыңдаған дәрілік препараттар шығуда. Осы препараттардың нәтижесінде біршама аурудың алдын алып, емдеп жатырмыз.

Кемшіліксіз дәрілік препарат мынадай шарттарды қанағаттандыруы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асқазан-ішек жолдарының секрециясын зерттеу әдістері
Маскүнемдік пен девианттық мінез - құлық мәселелерін алдын алу шаралары мен әдістері
Қарашай өнімінің сипаттамалары
Алоэның емдік қасиеттеріне шолу
Шайдың адам ағзасына әсері
Алкоголдің әлеуметтік әсерлері
Асқабақтың емдік қасиеті
Тамақтану жайлы ғылым
Тірек - қимыл аппараты аурулары әдебиеттерге шолу
Халық емшілігінің осы заманда алатын орны мен жөн жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz