Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі
I. Оң жақ тәжді артериялардың қойнауы.
2. Сол жақ тәжді артериясының қойнауы.
3 Жүректің қанмен қамтамасыз етілуінің қысқаша жүйесі
4 Өкпенің қанмен қамтамасыз етілуі.

Соңғы онжылдықта жүректің қанмен қамтамасыз етілуіне байланысты сұрақтарға ерекше көңіл бөлініп келуде. Ол қазіргі кездегі ең көп таралған жүректің ишемиялық ауруымен (ЖИА) байланысты. Оның өзі жүрек қантамырларының бұзылысымен айқындалады. Бұл кезде қалыпты жағдайға қарағанда өзгеше құбылыс байқалады: тыныштық күйдегі жүрек сағатына 300 л шамасындағы қанды айдай отырып, өзі аштықта қалады. Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі екі тәжді артериямен жүреді де, жүрек негізін тәж тәрізді орап жататындықтан, соған байланысты атауын алған. Олардың саңылаулары қолқа буылтығының қабырғасында орналасады, нақтырақ айтқанда, қолқа қақпағының жартыайлы жармасының бос ұштарында орналасқан. Систола кезінде қолқа буылтығының ішкі қабырғасы мен қысылған жармалар тәжді артериялардың кіреберісін жабады (айта кететін жағдай, осы кезде жүрек веналарының қаны шығарылады). Диастола кезінде, керісінше, қақпақ жармалары буылтық қабырғасынан кетіп, қарынша кіреберісін жаба отырып, тәжді артериялардың саңылауын ашады. (10 сурет)
Сөйтіп, тәжді артериялар адам денесіндегі систола кезінде емес, диастола кезінде толатын жалғыз артерия болып табылады. Сондықтан диастола уақыты үлкейе берген сайын, миокард өте жақсы қанмен қамтамасыз етіледі.

Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі.
Тарауға қысқаша сөздік.
Қолқалы қойнау (sinus aortae)-қолқа буылтығының ішкі беті мен жартылай
қақпақ жармасының арасындағы қуыс.
Тәжді жүлге (sulcus coronarius)-жүрекше мен қарынша арасының шекарасынан
өтетін сала. Тәж тәрізді жүрек негізін қоршап тұрады (оның ұзына бойлық
өсіне перпендикуляр).
Тәжді қойнау (sinus coronarius)-тәжді қойнаудың көкетті бөлігінде
орналасып, жүректің үлкен венасының терминальді кеңейген жері мен ірі жүрек
веналарының жиналып, оң жақ жүрекшеге құйылатын орны болып табылады.
Жүрек ұшы (apex cordia)-жүректің конус тәрізді дөңгеленген бөлігі. Төмен,
алға және солға бағытталған. Сол жақ қарынша қабырғасынан пайда болған.
Жүректің төстік-қабырғалық беткейі (facies sternocostalis)-алға және жоғары
бағытталған (төстік пен қабырғалардың ішкі беткейіне қараған) жүрек
беткейі.
Диастола – жүрек бұлшықеттерінің босаңсу кезеңі.
Жүректің көкеттік беткейі (facies diaphragmatica)-артқа және төмен, көкетке
қарап жататын жүрек беткейі.
Артқы қарыншааралық жүлге (sulcus interventricula posterior)-қарыншааралық
қалқа проекциясына сәйкес келетін, жүректің көкеттік беткейіндегі ұзына
бойлы жүлгесі.
Миокард (myocardium)-ортаңғы (бұлшықетті) жүрек қабықшасы.
Жүрек негізі (basis cordis)- жоғары, артқа және оңға бағытталған,
жүрекшелерден түзілген жүректің кеңейген бөлігі.
Алдыңғы қарыншааралық жүлге (sulcus interventricularis)-қарыншааралық қалқа
проекциясына сәйкес келетін, жүректің төстік-қабырғалық беткейіндегі ұзына
бойлы жүлге.
Перикард (pericardium немесе жүрек жанындағы қалта)-жүректі, өкпе бағанасын
және қолқаның бастапқы бөлігін орап жататын тығыз, сірлі-талшықты қапшық.
Сыртқы (париетальды) және ішкі (висцеральды) жапырақшалардан тұрады.
Систола-жүрек бұлшықеттерінң жиырылу кезеңі. Бұл кезеңде қан сол жақ
қарыншадан қолқаға шығарылса, ал оң жақтағысынан өкпе бағанасына
шығарылады.
Жүрекше құлақшасы (auricula)-жүрекшенің толықтырушы қуысы, сырттай
қарағанда жүрекше қабырғасының шығыңқысы тәрізді көрінеді.
Эндокард (endocardium)-ішкі (дәнекертінді-эпитеальді) жүрек қабықшасы.
Эпикард (epicardium)-сыртқы сірлі жүрек қабықшасы, сонымен қатар
жүрекқаптың ішкі табақшасы болып табылады.
***
Соңғы онжылдықта жүректің қанмен қамтамасыз етілуіне байланысты сұрақтарға
ерекше көңіл бөлініп келуде. Ол қазіргі кездегі ең көп таралған жүректің
ишемиялық ауруымен (ЖИА) байланысты. Оның өзі жүрек қантамырларының
бұзылысымен айқындалады. Бұл кезде қалыпты жағдайға қарағанда өзгеше
құбылыс байқалады: тыныштық күйдегі жүрек сағатына 300 л шамасындағы қанды
айдай отырып, өзі аштықта қалады. Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі екі
тәжді артериямен жүреді де, жүрек негізін тәж тәрізді орап жататындықтан,
соған байланысты атауын алған. Олардың саңылаулары қолқа буылтығының
қабырғасында орналасады, нақтырақ айтқанда, қолқа қақпағының жартыайлы
жармасының бос ұштарында орналасқан. Систола кезінде қолқа буылтығының ішкі
қабырғасы мен қысылған жармалар тәжді артериялардың кіреберісін жабады
(айта кететін жағдай, осы кезде жүрек веналарының қаны шығарылады).
Диастола кезінде, керісінше, қақпақ жармалары буылтық қабырғасынан кетіп,
қарынша кіреберісін жаба отырып, тәжді артериялардың саңылауын ашады. (10
сурет)
Сөйтіп, тәжді артериялар адам денесіндегі систола кезінде емес, диастола
кезінде толатын жалғыз артерия болып табылады. Сондықтан диастола уақыты
үлкейе берген сайын, миокард өте жақсы қанмен қамтамасыз етіледі.
Көріп тұрғандай, тәжді тамырларда қалыпты қан айналуы үшін маңызды рөлді
қолқа қақпағының жартыайлы жармасы атқарады. Басқа жүрек қақпақтарының
зақымдануына қарағанда, қолқа қақпақтарының кемістігі бар ауруларда қанмен
декомпенсациялау тез басталады. Бұл жағдайда миокард тек қана асқын
салмақтан және капиллярлы арнаның тәжді артериялар жүлгелерінің тұрақты
арақатынасынан, жүрек бұлшықеттерінің үлкен иегіне дейін массасының
көбеюімен қатар, диастола кезінде тәжді артериялар саңылауының қолқа
қақпағының жармаларының толық ашылмауынан пайда болып, тәжді қан айналу
жүйесінің бұзылуына әкеп соғады. Нәтижесінде қолқа қақпағының кемістіктері
бар аурулардың өмірі (жүрек жетіспеушілігінің пайда болған уақытынан
бастап), өкінішке орай, 2-4 жылдан аспайды. (Братислав Ионаш, Прага, 1962).
Тәжді қан ағуының жиілігін реттеу тәжді артериялардың қарсыласып өзгеруімен
жүреді және оттегі қажеттілігі көбейсе (мысалы, дене жұмысымен
айналысқанда), жиілігі 4-5 есе үлкеюі мүмкін.
Жүректің қанмен қамтамасыз етілуінің көптеген түрлері бар. Бұл оң жақ және
сол жақ тәжді артериялар жүйесінің әртүрлі бөлігінің қатысуымен
негізделген. Бұл сұрақтың түпкілігін түгендемей, жүректің негізгі қанмен
қамтамасыз етудің 3 түрін атап өтеміз: 1. теңестірілген түрі (әрбір
қарынша аттас артериямен қанмен қамтамасыз етіледі);
2. сол жақ тәжді түрі (сол жақ тәжді артериясы сол жақ қарыншамен бірге, оң
жақ құлақшаның бөлігін және қарыншааралық қалқаны қанмен қамтамасыз етеді);
3. оң жақ тәжді түрі (оң жақ қарыншаның артқы қабырғасын және қарыншааралық
қалқаның артқы бөлігін қанмен қамтамасыз етеді).
Одан басқа, бөлінуі мен калибрленуіне тәжді артерияларды магистральді және
жайылма типті қанмен қамтамасыз етілуімен ажыратылады. Магистральді типте
инфарктер жиі және кең көлемде болады. Жүректің қанмен қамтамасыз етілу
типі тәрізді, тәжді артериялар жалғыз немесе, керісінше, ондай
артериялардың саны 2-ден көп (3-4) болуы мүмкін.
Жүректің қанмен қамтамасыз етілу принциптерін түсінуге болатын, жүйені
ұсынамыз.
***
I. Оң жақ тәжді артериялардың қойнауы.
Көптеген жағдайда оң жақ қарынша қабырғасын (жүректің өткізгіш жүйесіндегі
синартериальді түйінімен бірге), жүрекшеаралық қалқасын (жүректің өткізгіш
жүйесіндегі атриовентрикулярлы түйінімен бірге) және қарыншааралық қалқаның
артқы үш бөлігін қанмен қамтамасыз етеді. Оң жақ тәжді артерия (a.coronaria
dextra). Оң жақ қолқалы қойнауынан басталып, басталған жерінен оңға қарай
жүрекше құлақшасының астынан жүріп, тәжді салаға құяды да, оның оң жақ
бөлігінен өтіп, жүректі айналып, көкеттік беткейіне өтеді. Осы жерде оң жақ
тәжді артерия бастамасынан оң жақ жүрекше қабырғасына бағытталған
тармақтар:
1. Жүрекше тармақтары (rr. atriales)
Одан бөлек, оң жақ қарынша қабырғасына тарайтын тармақтар:
(2А) Алдыңғы қарыншалық тармақтар (rr. Ventriculres anteriores)
(2B) Оң жақ шеткі тармақтар (r. Marginalis dexter)
(2C) Артериальды конус тармағы (r. Coni arteriosi)
Оң жақ тәжді артериясының жалғасы болатын тармақтар:
3. Артқы қарыншааралық тармақтар (r. Interventricularis posterior). Аттас
саламен жүректің жоғарғы ұшына бағытталып, жолында майда тармақтар береді:
(3А) Артқы қарыншалық тармақтар (rr. Ventriculares posteriores)
(3Б) Артқы қалқалық тармақтар (rr. Septales posteriores), аттас салаларына
барады.
II. Сол жақ тәжді артериясының қойнауы.
Қөптеген жағдайда сол жақ жүрекшені, сол жақ қарыншаны және қарыншааралық
қолқаның алдыңғы бөлігін қанмен қамтамасыз етеді.
Сол жақ тәжді артерия (a. coronaria sinistra) жиі оң жақтағыға қарағанда
ірі болып келеді. Сол жақ қолқалы қойнаудан басталады және ерте тармақтарға
бөлінетіндіктен қысқа болып келеді.
Сол жақ тәжді артериясының бастамасынан сол жақ жүрекшеге тарайтын
тармақтар:
1. Жүрекшелік тармақтар (rr. atriales). Артерияның негізгі сабауы әрі қарай
солға және төмен жүріп, сол жақ жүрекше құлақшасы мен өкпе сабауының
бастапқы бөлігінен түзілген қуысқа енеді. Сол қуыстан шыға берісте сол жақ
тәжді артериясы өзінің негізгі 2 тармағына бөлінеді:
2. Алдыңғы қарыншааралық тармақтар (r. Interventriculares anteriores).
Жүректің жоғарғы ұшына аттас жүлгемен түседі (оң жақ тәжді артериясының
артқы қарыншааралық тармағына ұқсас). Мұнда алдыңғы және артқы
қарыншааралық тармақтар бір-бірімен анастомоздалады. Соның барысында
алдыңғы қарыншааралық тармақтар таралады:
(2А) Алдыңғы қарыншааралық тармақтар (rr. Ventriculares anteriores)
(2Б) Алдыңғы қалқалы тармақтар (rr. Sertales posteriores)
(2С) Қиғаш тармақ (r. diogonalis)
Сол жақ тәжді артерияның тік жалғасы болып табылады:
3. Бүгуші тармақ (r. circumflexus). Өзінің атына сәйкес, ол жүректі сол жақ
бөлігінің тәжді жүлгесімен бүгіп, оның көкеттік беткейінде оң жақ тәжді
артериясының тармақтарымен анастомоздалады. Бүгуші тармақтан ұсақ тармақтар
тарайды:
(3А) Артқы қарыншалық тармақтар (rr. Ventriculares posteriores).
(3Б) Сол жақ шеткі тармақ (rr. Marginalis sinister).
Сирек кездесетін туғаннан болатын ауытқуларға сол жақ тәжді артериясының
қолқа буылтығынан емес, өкпе сабауынан басталуы жатады (Блонда-Уайта-
Гарленд синдромы).
Олардың ірілері мен маңыздылары жүректі екі сақынадай қоршайды да, бір-
біріне перпендикуляр жазықтықта жатады:
(А) Көлденең артериалды сақина – жүректің тәжді саласында орналасқан (Сол
жақ бүгілгіш тармақтары мен оң жақ тәжді артерия тармақтары арасындағы
анастомоз).
(Б) Ұзына бойлық артериалды сақина – алдыңғы және артқы қарыншааралық жүлге
арасында орналасқан (алдыңғы және артқы қарыншааралық тармақтар арасындағы
анастомоз).
Сипатталған тармақтардан мүше қалыңына ішкі бұлшықеттік артериялар еніп,
оның қабырғаларының барлық бөліктерін қанмен қамтамасыз етеді. Тәжді
артериядан басқа, жүректің қанмен қамтамасыз етілуіне тұрақсыз толықтырушы
артериялар қатысады. Көбіне бұл тармақтар иілген жартылай шеңберлі қолқа
доғасынан және төмендеген қолқа тармақтарынан (бронхиальды, перикардиальды
артериялардың) таралып, сонымен қатар перикардиальды-көкетті артерияларынан
(ішкі көкірек артериясының тармағы) құралады. Олардың диаметрі (жүректі
қанмен қамтамасыз етілуіне қатысуы) үлкен емес.
Толықтырушы артериялардың болуы кейбір кардиохирургтердің жүрек
тамырларының ауытқуларын, ЖИА хирургиялық емдеу әдісін ойлап табуға әкелді.
Әртүрлі уақытта, әртүрлі авторлармен түрлі операция ұсынылды. Оның негізі
жақын тұрған қандай да бір тамырдан тәжді артериялар жүйесіне қосымша
артериялық қан жіберу болатын. Мысалы, аутовена кесіндісінің бір ұшын өрлеп
келе жатқан қолқаға жалғанса, екінші ұшы бұзылған тәжді артерияға
жалғанады. Мұндай қосылыс ішкі көкірек артериясының дистальды ұшы (a.
thoracica interna) мен бір тәжді артериясының арасында болуы мүмкін. Басқа
түрінде қанның перикардиальды тармақтардан активті ағып шығуы үшін, ішкі
көкірек артериясын перикардиальды тармақтардың тарамдарына дистальды
байлайды. Сол кезде перикард пен жүректің қанмен қамтамасыз етілуі
жақсарады. Айта кететін жағдай, тәжді артериялар тармақтарының саны мен
диаметрі, анастомоздану жағдайы және жүректің толықтырушы артерияларының
реттелген саны дене жұмысының ағзаға түсіретін салмағы кезінде көбейеді.
Бұл жүректің ишемия ауруына ең жақсы профилактика болып табылады. Жүректен
веналық қан миокардтық, эндокардтық және эпикардтық веналық торларынан
түзілген венамен ағып өтеді.
Бұлшықетішілік жүрек веналары көп жағдайда аттас артериялармен жүріп
отырып, осыған сай мүше беткейіне шығып, одан негізгі веналар түзіледі.
Олардың ең тұрақтылары болып келетіндер:
1. Жүректің үлкен венасы (v. cordis magna) ең жоғарғы ұшылық аймақта
басталып, жоғары көтеріле сол жақ тәжді артерияның алдыңғы қарыншааралық
тармағымен бірге жүреді. Тәжді жүлгеге жете, оның бойымен солға бұрылып,
жүректің көкеттік беткейінде тәжді қойнауға айналады.
2. Жүректің ортаңғы венасы (v. cordis media). Ең жоғары ұшылық аймақта
басталып, жоғары көтеріле оң жақ тәжді артерияның артқы
қарыншааралықтармағымен бірге жүреді. Тәжді жүлгеге жеткенде тәжді қойнауға
құйылады.
3. Жүректің кіші венасы (v. cordis parva). Тәжді жүлгенің оң жақ бөлігінде
орналасып, тәжді қойнауға құйылады.
4. Сол жақ жүрекшенің қиғаш венасы (v.obliqua atrii sinistri) сол жақ
жүрекшенің артқы беткейімен тәжді қойнауға түседі де, сонда жалғасады.
5. Сол жақ қарыншаның артқы венасы (v. posterior ventriculi sinisttri)
жүректің ең жоғарғы ұшылық аймағында сол жақ қарыншаның артқы беткейінде
түзіліп, содан жоғары көтеріле келе, тәжді қойнауға немесе жүректің үлкен
венасына құйылады. Тәждік қойнау оң жақ жүрекшенің сәл төменірек
сағасындағы күретамырға ашылады.
6. Жүректің алдыңғы веналары (vv. cordis anteriores) өзінің атына сәйкес,
төстік-қабырғалық (алдыңғы) жүрек беткейінен басталады және алдыңғылардан
ерекшелігі тәжді қойнауға жалғаспайды, өзі бөлек оң жақ жүрекшеге ашылады.
7. Жүректің кішіректеу веналары (vv. cordis minimae) немесе Тебезий-Вьессен
веналары. Бұл веналардың ерекшелігі жүрек беткейіне шықпай, керісінше,
қабырға қалыңынан қуыстарға бағытталып, 20-30 санында кішіректеу веналардың
тесіктері (foramina verarum minimarum) болып ашылады.
Сөйтіп, жүрек веналар үлкен қан айналу шеңберіндегі жалғыз веналар болып
табылады. Себебі одан қан қуыс веналардан өте отырып, оң жақ құлақшаға
жалғасады. Сондықтан олар кейбір авторлармен жеке жүйе ретінде жоғары және
төменгі қуыс веналар жүйелері тәрізді бөледі. (М.Р.Сапин).
Жүректің қанмен қамтамасыз етілуінің қысқаша жүйесі:
I. Оң жақ тәжді артерия
1. Жүрекшелік тармақтар
2А. Алдыңғы қарыншалық тармақтар
2B. Оң жақ шеткі тармақтар
2C. Артериальды конус тармағы
3. Артқы қарыншааралық тармақтар
3А. Артқы қарыншалық тармақтар
3Б. Артқы қалқалық тармақтар
II. Жүрекшелік тармақтар
2. Алдыңғы қарыншааралық
2А. Алдыңғы қарыншааралық тармақтар
2Б. Алдыңғы қалқалы тармақтар
2С. Қиғаш тармақ
3. Бүгуші тармақ
3А. Артқы қарыншалық тармақтар
3Б. Сол жақ шеткі тармақ
III. Веналар:
1. Жүректің үлкен
2. Жүректің ортаңғы венасы
3. Жүректің кіші
4. Сол жақ жүрекшенің қиғаш
5. Сол жақ қарыншаның артқы венасы
6. Жүректің алдыңғы веналары
7. Жүректің кішіректеу веналары
Жүректің лимфа тамырлары:
Жүректің қою және тармақталған лимфалық торы бар. (Д.А.Жданов, 1952;
А.П.Дитковский, 1968). Өткен ғасырда Rauvier (1889) сүтқоректілердің
жүрегін лимфалық губка деп атаған.
Жүректің лимфа тамырлары 3 торды қалыптастырады: эндо-, мио- және
эпикардта. Бірінші екі тордан лимфа эпикардиальді торға ағады, ол аяғында
екі ірі лимфа тамырларына қосылады: сол және оң жақ. Олардың бойымен және
бірнеше ұсақ тұрақсыз тамырлармен лимфа парааортальді, паратрахеальді және
трахобронхиальді лимфа түйіндеріне ағады.
Өкпенің қанмен қамтамасыз етілуі.
Тарауға қысқаша сөздік.
Альвеольдер (alveoli) – альвеолярлы қапшықтың қабырғаларын және жолын
түзетін, диаметрі 0,2 мм шамасындай болатын көпіршіктер. Альвеолярлы
ағаштың соңғы бөлігі болып табылады.
Альвеолярлы ағаш (arbor alveolaris) – бұл тыныс алу бронхиолдарын,
альвеолярлы жолдарын және альвеолалары бар альвеолалық қапшықтарды
байланыстыру деген түсінікті береді. Альвеолярлы ағашта газ алмасу процесі
жүреді.
Альвеолярлы жолдар (ductuli alveolares) – тыныс алу бронхеоласынан кейінгі
ацинустың бөлігі.
Альвеолярлы қапшықтар (sacculi alveolares) – альвеолярлы жолдан кейінгі
ацинустың бөлігі. Әрбір альвеолярлы жол екі альвеолярлы қапшықпен
аяқталады.
Ацинус (acinus-гроздь) - өкпенің құрылымдық-функционалдық бірлігі болып
табылады. Оның құрамына бір тыныс алу бронхиоласы және одан таралатын
альвеолярлы жолдар мен альвеолалары бар альвеолярлы қапшықтары кіреді.
Бронхиальды ағаш (arbor bronchialis) – бұл негізгі бронхан ақырғы
бронхиолдарға дейінгі әртүрлі реттегі бронхтардың жиынтығы. Газ алмасуға
қатыспай, ауаны жіберіп отырады.
Бронхиальды артериялар (aa. bronchiales) – бронх қабырғаларына және өкпенің
басқа тканьдеріне артериальды қан алып баратын, үлкен қан айналу шеңберінің
артериясы болып табылады. (өкпелік артериялармен шатастырмаңыздар)
Висцеральді плевра (pleura visceralis) - өкпенің бетін жауып тұратын сірлі
қабаттың бөлігі. Онымен тығыз бітіскен болады.
Өкпе қақпасы (hilus pulmonіs) – мүшенің медиальды беткейінің ойысы, сол
арқылы оның паренхимасына өкпе түбірінің элементтері кіреді.
Өкпе үлесі (lobus pulmonis) – үлестік брохпен, тамырлармен және нервтермен
ерекшеленгенөкпе бөлігі. (анатомиялық және физиологиялық). Оң жақ өкпеде 3
үлес, ал сол жақ өкпеде 2 үлесті ажыратады.
Өкпе үлестері (lobuli pulmonales) - бір-бірінен жұқа дәнекертінді қалқамен
бөлініп тұрған, өкпе паренхимасының пирамида пішінді, өлшемі 0,5-1 см
болатын бөлігі. Әр бөлшекте 12-ден 19-ға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz