Армения елі жайлы жалпы сипаттама



Кіріспе
1. Армения елі
1.1. Армения еліне жалпы сипаттама
1.2. Армениядағы курорттар
2. Севан . Арменияның курортты қаласы
2.1. Даму тарихы
2.2. Табиғи.рекреациялық ресурстар
2.3. Әлеуметтік.экономикалық ресурстар
2.4. Тарихи.архитектуралық ескерткіштері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Курорттық іс – бұл табиғи емдік реусурстарды қолдану негізінде науқастарды емдеуді және реабтлттаиялауды, аурулар пракфиоакториясын ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша ғылыми тәжірибелік іс-әрекеттің барлық түрлерінің жиынтығы, сонымен өатыр олардың құрылымын және іс-қимыл механизмін зерттеу, курорттарды ұйымдастыру, құру және басқару ьойынша іс-ашаралар кешені, азаматтарға емдікжәне мәдени тұрмыстық қызмет көрсетудегі қамтамасыз ету, табиғи емдік ресурстарды қолдану және қорғау және курорттарды санитарлы қорғау іс-әрекеттерінің жиынтығы.
Экономиканың бұл қызмет көрсету аясының секторы маңызы әлеуметтік міндеттерді орындайды, олардың ішіндегі ең бастысы:
 Табиғи рекреациялық реусрстарды және отандық курорттық кешенді рационалды қолдану негізігде халықтың денсаулығын жақсарту;
 Еңбек ресурстарын қайта толтыру, халықты жұмыспен қамтамасыз ету және курортты дамыту.
Бұл жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Армения мемлекетіндегі орналасқан Севан курортын алдым. Зерттеу мақсаты – Армения елі жайлы жалпы сипаттама, оның курорттары мен көрікті жерлерімен танысып өту. Севан курортты қаласына толықтай зерттеу жүргізіп, оның ерекшеліктерін айқындау және ресурстарын талдау.
1. Авдокушин Е.Ф. Международные экономические отношения. – М.:ИВЦ Маркетинг, 1996.
2. Г.И.Анохин. Малый Кавказ. — М.: Физкультура и спорт, 1981. — 191 с.
3. Байгісиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар: Оқу құралы. – Алматы: Санат, 1998
4. Бабин Э.П. Основы внешнеэкономической политики. – Учеб. Пособие. – М: ОАО Экономика, АОЗТ МИКО, 1997.
5. Буглай В.Б., Ливенцев Н.Н. Международные экономические отношения – Учеб. Пособие. – М: Финансы и статистика, 1996.
6. Доғалова Г.Н. Халықаралық экономика. – Алматы: Экономика, 2000.
7. Друкер, Питер Ф. Нарық: топ жарып, алға шығу: Практика мен принциптер. / Орыс тілінен аударғандар Р.Шаймерденов, Н. Бөлекбаев. – Алматы: Білім, 1994. – 320 б.
8. Кекенова А.Т. Сыртқы қарыз мәселелері және дамушы елдерде сыртқы қарызды басқару: Э.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған дис.
9. Кешенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. – Алматы: Экономика, 2000. – 328 б.
10. Государства и территории мира. Справочные сведения // Атлас мира / сост. и подгот. к изд. ПКО «Картография» в 2009 г. ; гл. ред.Г. В. Поздняк. — М. : ПКО «Картография» : Оникс, 2010. — С. 14.
11. http://www.armstat.am/file/article
12. http://www.booking.com
13. http://hetq.am/rus/news/60733
14. http://www.panarmenian.net/rus
15. https://ru.wikipedia.org/
16. http://www.km.ru/referats/332622-

Жоспар:

Кіріспе
1. Армения елі

1. Армения еліне жалпы сипаттама

2. Армениядағы курорттар

2. Севан – Арменияның курортты қаласы

1. Даму тарихы

2. Табиғи-рекреациялық ресурстар

3. Әлеуметтік-экономикалық ресурстар

4. Тарихи-архитектуралық ескерткіштері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Курорттық іс – бұл табиғи емдік реусурстарды қолдану негізінде
науқастарды емдеуді және реабтлттаиялауды, аурулар пракфиоакториясын
ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша ғылыми тәжірибелік іс-әрекеттің
барлық түрлерінің жиынтығы, сонымен өатыр олардың құрылымын және іс-қимыл
механизмін зерттеу, курорттарды ұйымдастыру, құру және басқару ьойынша іс-
ашаралар кешені, азаматтарға емдікжәне мәдени тұрмыстық қызмет көрсетудегі
қамтамасыз ету, табиғи емдік ресурстарды қолдану және қорғау және
курорттарды санитарлы қорғау іс-әрекеттерінің жиынтығы.
Экономиканың бұл қызмет көрсету аясының секторы маңызы әлеуметтік
міндеттерді орындайды, олардың ішіндегі ең бастысы:
❖ Табиғи рекреациялық реусрстарды және отандық курорттық кешенді
рационалды қолдану негізігде халықтың денсаулығын жақсарту;
❖ Еңбек ресурстарын қайта толтыру, халықты жұмыспен қамтамасыз
ету және курортты дамыту.
Бұл жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Армения мемлекетіндегі
орналасқан Севан курортын алдым. Зерттеу мақсаты – Армения елі жайлы жалпы
сипаттама, оның курорттары мен көрікті жерлерімен танысып өту. Севан
курортты қаласына толықтай зерттеу жүргізіп, оның ерекшеліктерін айқындау
және ресурстарын талдау.

1. Армения елі

1. Армения еліне жалпы сипаттама

Армения — солтүстігі мен батысында Грузиямен, шығысында және оңтүстік-
шығысында Әзірбайжанмен, батысы мен оңтүстігінде Түркиямен шектесіп жатыр.
Армения теңізге тікелей шыға алмайды, ал көрші мемлекеттермен шекаралары
Кіші Кавказдың асу бермес қиын тау жоталары арқылы өтеді. Ел шебінің басым
бөлігін Түркиямен және Әзірбайжанмен шекаралары құрайды, сол
себепті тарихи кезеңдерде бұл елдермен шекара жанжалы жиі туындаған
болатын. Осының бәрі Арменияның географиялық және
геосаяси жағдайына өзіндік ықпал ет еді.

1-2-сурет. Арменияның туы мен елтаңбасы

2016 жылдың 1 қаңтардың статистикасы бойынша 2 млн халқы 998,6 мың адам,
территориясы – 29 743 км2. Астанасы – Ереван. Мемлекеттік тіл – армяндық.
Унитарлы мемлекет, президенттік республика. 2008 жылдың сәуірінде
президенті Серж Саргсян болды, кейін 2013 жылы екінші рет президент болып
сайланды. Халықтың 95%-ы христиандықтар.
Армения — қызғылықты оқиғаларға бай тарихы ба р ежелгі мемлекет. Әлемдегі
көне этностардың бірі болып саналатын армян халқы Армян таулы қыратын
біздің заманымыздан әлдеқайда бұрын мекен еткен болатын. Қазіргі
Армения аумағында б.з.д. IX ғасырдың өзінде құл иеленуші ежелгі Урарту
мемлекеті болған, ал б.з.д. IV ғасырда Армян патшалығының негізі қаланды.
Біздің заманымыздың басында мемлекет аумағында христиан діні тарала
бастады. Осылайша жаңа заманның 301 жылы Армения
христиан мемлекетіне айналды. Орта ғасырларда гүлденген Армения
қалалары сауда мен өнер орталықтары болды. X ғасырдың соңына қарай елдің
оңтүстік бөлігін Византия басып алды. Армения бұдан кейін тағдыр тәлкегіне
көп ұшырады: сан ғасырлар бойы ел аумағы талай рет сырттан келген жаудың
табанында қалды. XVII ғасырда Арменияның екі қуатты көршісі бұл елді екіге
бөліл алды; ел аумағының батысы Түркияның, ал шығысы Иранның қарамағына
өтті. Кейінірек орыс-парсы соғысының нәтижесінде Шығыс Армения Ресей
империясының құрамына енді. Түркияның қол астында қалған Батыс Армения
жылдар бойы түрік билеушілерінің қатал езгісінде болды. Бұл қайғылы
оқиғалар армян халқының тағдырына елеулі ықпал етті: құртып-жоюдан аман
қалған армяндар атақонысын тастап, бас сауғалауға мәжбүр болды. Әлемнің әр
түкпірінде өмір сүретін армяндардың ірі топтарын осымен түсіндіруге болады.
1922 жылы Армения Грузия және Әзірбайжанмен б ірге Кавказ сырты Кеңестік
Федерациялық Социалистік Республикасының құрамына енді. 1936 жылы КСРО
құрамына одақтық республика ретінде кірді. Қазіргі кезде Армения БҰҰ, ТМД
мүшесі болып табылады. Республика өз тәуелсіздігін 1991 жылдың 23
қыркүйегінде жариялады.
Бұл шағын елдің табиғат жағдайлары өте алуан түрлі. Ел аумағының 910
бөлігі теңіз деңгейінен 1000 м биіктікте орналасқан, мұның өзі жер қорын
шаруашылық мақсатта пайдалануды қиындатады. Елдің оңтүстік-батыс
бөлігін Арарат жазығы алып жатыр, мұнда ТМД аумағындағы ең ежелгі және
әдемі калалардың бірі болып саналатын ел астанасы Ереван орналасқан.
Арменияның таулы бөлігі сейсмикалық жағынан қауіпті ауданға жатады, соңғы
жойқын жерсілкішсі 1988 жылы Спитак қаласы маңында болды. Арменияның ең
биік нүктесі — елдің солтүстігінде орналасқан Арагац тауы (4090 м). Ел
аумағында түсті металдардың едәуір мол қоры шоғырланған. Әсіресе мыс кең
орындары айрықша көзге түседі. Олар елдің оңтүстік-шығысы мен солтүстік-
бастысында орналасқан. Мыстан басқа, Армения молибден кең орындарымен,
алуан түрлі құрылыс материалдарымен (мәрмәр, гранит, туф және т.б.) әйгілі.
Ел аумағы субтропиктік белдеуде жатыр. Қаңтардың орташа температурасы 0°С-
тан 12°С-ка дейін, ал шілденің орташа температурасы +18°С-тан +24°С-қа
дейін ауытқиды. Жылдың жауын-шашынның ең көп мөлшері (900 мм) Кіші
Кавказдың батыс беткейлерінде түседі, ал Арарат аңғарында оның көрсеткіші
бар болғаны 220 мм ғана. Сол себепті егістік алқаптары қолдан суаруды қажет
етеді. Елдің шығысында, Әзірбайжанмен шекараға жақын жерде Севан тау көлі
орналасқан. Көлсуы әрқашан салқын, тіпті жаздың өзінде оның жағалауында
салқын леп соғып тұрады. Көл айналасында ұлттык саябақ ұйымдастырылған.
Севанға жақын манда минералды бұлақтар негізінде жұмыс  істейтін Джермук,
Арзни және басқа сауықтыру орындары орналасқан. Өзен торы біркелкі
таралмаған, ол тек биік таулы аудандарда жиірек. Елдегі ең ұзын өзені —
Аракс. Ақшасы – драм.

2. Армениядағы курорттар

Негізгі туристік орталықтары болып Цахкадзор, Джермук, Арзни, Дилижан
және т.б. Каджаран, Сисиан, Мегри қалалары өздерінің арасандарымен
танымал, олар Карловы Вары арасандарына ұксас. Сонымен қатар туристер
арасында үлкен сұранысқа Гегард монастырь кешені ие, Гарни, Нораванк
ғибадатханалары, Севан көлі, Звартноц ғибадатханасының қалдықтары мен
Амберд және Матенадаран бекіністері танымал. 2015 жылғы Минэкономика
мәліметтері бойынша Арменияда 186 тіркелген қонақ үйлер, 337 қонақжайлық
объектілері – отель, мотель, санаторий, хостел, пансион, демалыс үйлері мен
туристік лагерьлер жұмыс істеді.
Армения – ашық аспан атындағы музей деп аталуының себебі онда көптеген
мәдениет пен табиғи ескерткіштері бар. Арменияда 4 мыңдай қайталанбас
ескерткіштер бар. Олардың ішінде христиандыққа дейінгі кезеңнің – Эребуни,
Тейшебаини (урарттық), ежелгі армяндық астаналар – Армавира, Арташата,
Гелиос Гарнидің эллинистикалық ғибадатханасы. Әсіресе Армения христиандық
архитектураға жататын ескерткіштерімен мол. Табиғат ескеркіштеріне – Севан
көлі, Джермуктағы сарқырама, Парз бен Кари көлдері, Хндзореска жартастары
және де елдің көркем де әсем ландшафты.
Армания советтік уақыттан бері өзінің минералды суларымен танымал.
Армения мемлекетінде жылына жалпы көлемі 22 млрд. тонадан асатын минералды
су беретін 350 минералды көздері бар.
Джермук курорты Арменияның оңтүстік-шығысында Зангезур таулы қыратының
әдемі жерлерінде орналасқан қала-курорты. Джермук ауданы минералды және
тұщы көздер мен бұлақтарға өте бай. Олардың арасындағы ең кереметі – термо-
минералды көздері, бұл минералды қайнар бұлақ құрамы бойынша Чехия елінде
орналасқан Каролды-Варымен бірдей. Ол жердегі судың температуры 62°С-ге
дейін көтеріледі, сонымен бірге бұл жердегі сулар көмірқышқыл газымен мол
байытылған. Джермук жұмсақ әрі салқын таулы климатымен ерекшелінеді. Совет
уақытында Джермукта бірнеше шипажай орындары соғылған болатын. 

3-сурет. Джермук курорты
Дилижан курорты Армения мемлекетінің солтүстік-шығысының Агстев өзенінің
бассейнінде, орманды алқада, теңіз деңгейінен 400 метр бикітікте
орналасқан.

4-сурет. Дилижан курорты
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Дилижан курорт ретінде дами бастап, өкпе
ауруларымен сырқаттарды өзіне тартқан болатын. ХІХ ғасырдың ең қауіпті
дерті – туберкулездің осы жерде емделуінің бірнеше себептері болды. Ондай
себептерге: самал желді таулы-орманды климат, жылы қыс пен салқын жаз, ауа
ылғалдылығының салыстырмалы аздығы. Дилижан курорты өзінің минералды қайнар
бұлақтарымен бай және де бұл курорттағы сулардың емдік қасиеттері әлемге
әйгілі Грузия мемлекетінде орналасқан Боржом суларымен, Франциядағы Виши
суларымен сәйкес.
Арзни курорты қазіргі Арменияның орталығында Арарат атты өлкеде, Раздан
өзенінің көрікті шатқалында орналасқан. Бұл курорттың климаттық жағдайы
жоғарыда көрсетіп өткен курорттардың климатымен ұқсас болып келеді. Бұл
курорт та минералды көздерге өте бай. Өз уақытында осының арқасында асқазан-
ішек жолындағы әртүрлі ауруларды, неврологиялық және өкпелік ауруларды
емедеуге арналған көппрофильді шипажайларды салуға мүмкіндік берді.
Арменияның климаттық ресурстары әлемдік үздік рекреациялық ресурстардың
қатарына жатқызылады. Туризм саласының барлық бағыттарынң дамуының негізі
әрі маңызды алғышарттары болып келесілерді атап өткен жөн:
❖ Ашық және бұлтсыз шуақты күндердің саны.
❖ Эфирлік заттараға бай шипалы таулы ауа.
❖ Арменияның су ресурстары шипайлық пен туризм саласы үшін үлкен
маңызға ие.
Минералды қайнар көздерге бай облыстыр: Вайоц-Дзор, Котайк, Тавуш,
Гехаркуник және Лори. Сонымен бірге Гегаркуника, Котайка және Лори
суларының үлкен потенциалы бар.
Арасан минералды сулары маңыздылығы бойынша әртүрлі болып келеді. Ішек-
асқазан және қоғзаушы жүйке-жүйесін емдеу үшін Джермук мен Анкава
минералды суларын пайдаланады. Ал жүрек-қан тамырлары мен жүйке-жүйесінің
ауруларын емдеу үшін – Арзни, Личка және Анкавана суларын қоладнылады.
Джемрук, Арзни, Анкаван суларының негізінде бірнеше шипажайлар жұмыс
атқаруда, бұл суларды әдетте шет елдерге жіберу үшін қолданылады.
Армения мемлекеті геотермальді суларға өте бай. Олардың температурасы
80°C-ға дейін жетеді. Бұл суларды бальнеолонияда кеңінен пайдалануға
болады. Арменияның күрделі геологиялық жағдайы мен өзіндік рельефі ғылыми-
таным туризмінің дамуына үлкен алғышарт болып табылады. Сонымен бірге
Армения мемлекетінде биологиялық ортаның ерекше молдығы байқалады. Яғни,
бұл елде эндемик және реликті өсімдіктер мен жануарлар дүниесі алуан
түрлілігі өте тамсандырады.
Бұл мемлекетте керемет және адам баласы баспаған ерекше табиғат
ескерткіштерінің үлкен саны бар. Аталмыш ескерткіштер қоғам үшін ғылыми-
танымдылық пен эстетикалық құндылықтар тұрғыдан қарағанда үлкен
маңыздылыққа ие. Қазіргі уақытта Арменияда 600-дан астам табиғат
ескерткіштері кездеседі. Бұл ескерткіштер экологиялық туризм саласын дамыту
үшін маңызды рекреациялық ресурстар болып саналады.

2. Севан – Арменияның курортты қаласы

1. Даму тарихы

Севан – Армения елінде орналасқан биік таулы көл. Кавказдағы ең үлкен
көлдердің бірі, теңіз деңгейінен екі километр биік орналасқандықтан, бұл
көл аспанмен көршілес сияқты да көрінеді. Аңыз бойынша ерте уақытта бұл
көлдегі суды тек құдайлар мен жұлдыздар ғана іше ала алған екен. Ал бүгінде
Севан және оның төңірегіндегі табиғаты – Арменияның ең танымал көрікті
жерлерінің бірі болып табылады. Севан көлінің жанында Севан курортты қаласы
орналасқан. Алдымен Севан көлімен таныса кетсек.
Көл таулы жерде орналасқандықтан, Севан көлінің касында әдетте өте
жағымды салқындау климат басым болады. Жазда көлдің температурасы +18..20
градусқа дейін жетеді. Шілде және маусым айларында Севан жағажайы
демалушылармен толып турады. Олардың ішінде жергілікті демалушылармен
қатар, Арменияның қонақтары да дем алады. Ал қыс уақытында климаттың
қаталдығын қаңтар айындағы көлдің мұзбен жабылуынан байқай аламыз.
Көлдің пайда болу туралы танымал халықтық көзқарасы келесідей: ерте
уақытта көлдің орнында өте құнарлы топырақта өсетін бақтар болған. Ол
бақтар бұлақ суының арқасында көп жылдар бойы гүлдеген. Бұлақ үлкен емес
болғанымен, судың ағын күші өте күшті болды. Сол себептен су ағатын жерді
адамдар арнайы тастар арқылы жауып жүрген. Бір күні бұлақтын суын өз
құмыранына толтырған қыз бұлақ басын таспен жабуды ұмытып кетті. Осыдан
кейін бұлақ суы түнімен ағып, өз айналасы мен көршілес үйлерді су басты.
Осыны көрген ақсақалдардың бірі, ашуланып: Осыны жасаған адам тасқа
айналсын! деп айқай салды. Сол кезде қыз өз үйінің алдына шыға берген
жерінен тасқа айналды. Ал кейіннен айналаны түгелімен толтырған су тас
қызды да толтырып, қазіргі тас аралдардың бірі сол қыздың басы деп те
есептейді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі
Мүшел есебі
Халықаралық шиеленістердің негізгі бағыттары
«Қорқыт ата кітабының» зерттелуі жайлы тың деректер
Жеміс дақылдары
Ақшаның теориясы
Нәзір Төреқұлұлы және терминжасам мәселесі
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Сефевилер мемлекеті
Хазар мемлекеті
Пәндер