Автобустардың классификациясы


Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Автобустардың классификациясы.

2. Автотасымалдауларды жергілікті және халықаралық дәрежеде реттейтін нормативті-құқықтық құжаттар.

3. Автотурларды жобалау жоспарын құрастыру

Туристік саяхаттарды ұйымдастыруда автокөлік маңызды роль атқарады. Ол негізінен оның мобильділігімен, ақпараттылығымен, арзандылығымен ерекшелінеді. Авто тасымалдаулардың ерекше­лігі болып, олардың тек қана туристердің көпшілік тасымалдауы емес, әуе, темір жол, су көліктерін пайдаланылатын жолаушылар­дың трансфері ретінде қолдануға мүмкіндік табылады.

Автосаяхаттардың ерекшелігі болып, олардың өзінің тұратын жақтың көрікті жерлерін көру мақсатымен ұзақ емес ара қашық­тыққа жасалуы табылады. Қазіргі уақытта автосаяхаттар жеке, арендаға алынған немесе қоғамдық көлікте пайдаланылып жасалады. Қоғамдық көлік бір елді мекеннен келесі елді мекенге тасымалдау үшін қолданылады. Елді мекендер ішінде тасымалдау және қызмет көрсету үшін арендаға немесе жеке көлікті бірнеше күнге маршрут бойынша алынған автокөлік ыңғайлы.

Автокөліктің басқа көлік түрлерінен басымдылығы: жоғары маневрілігі, мобильдігі, қолайлығы, тарифтердің төменділігі, қажеттілік бойынша шығуға мүмкіншіліктері, кең шолу, «есіктен-есікке» қызмет көрсету, яғни ол вокзалдар, станциялар, порттар салу үшін капиталдық шығындарды қысқартады.

Ұзақ маршруттарда авто саяхаттар комфорттық деңгейінің төмендігімен сипатталады.

Автосаяхаттардың басқа да кемшіліктері бар: жылдамдылы­ғының төмен болуы және айналадағы ортаның ластануы. Соңғы уақытта мамандар жетілген автомобильдер түрлерін жасады.

Туристер группаларын тасымалдау үшін автобустар қол­данады. Автобус бұл - көп орынды, вагон типті құрлықта жүретін көлік түрі. Микроавтобустардың ұзындығы бес метр, ал қосылған және автопоездар 24 метрге жетеді.

Автобустың өзінің классификациясы болады:

- орындарының санына қарай;

- орынның түрі бойынша;

- категориясына байланысты;

- комфорттық атрибуттары бойынша.

Сонымен қатар автобустардың сыйымдылығы да әртүрлі болып келеді: 170 орыннан жоғары (ең үлкен сыйымдылық) ; микроавтобустарда 5-12 адамға дейін.

Двигатель отын түрі: бензин, солярка, сығылған газ. Сонымен қатар электр және маховиктік механикалық энергиясы, күн қолданылады.

Қабаттылығы бойынша автобустар: бір, бір жарым, екі, үш қабатты және арнайы болып бөлінеді. Лифтермен жабдықталған арнайы автобустар қозғалу функциялары нашар адамдарды, туристерді және күрделі құрал-жабдықтарды бар спортшыларға арналған. Автобус категориясы комфорттық деңгейі мен көр­сетілетін қызметтерімен анықталады. Категориясы жоқ автобустар өзінің орындықтарының қаттылығымен, шуларды шектейтін жоғарғы деңгейімен, т. б. сипатталады.

2*- жұлдызды автобус категориясында- жұмсақ орындар, тоңазытқыш, жылыту жүйесі, перделер, радио орталығы, микрофон бар.

3*- жұлдызды автобуста. Жұмсақ биік орындар, тоңазытқыш, радио орталық, көлеңке түсірген жалюзи, әр туристке арналған жарық пен вентиляция, дәретхана.

4*- жұлдызды автобуста: душ, мини-бар, гардероб, теледидар, радио, арнайы жарық, вентиляция, кондиционер, артқа қарай жылжитын орындар, дәретхана.

Ең жоғарғы категория: 5*- жұлдызды. Осындай автобуста. Орындықтар екі қатарда орналасқан, аралары жақсы ашылады, теле-видео аппаратура, шағын асхана, т. б. бар.

Саяхаттарға арналған ең комфортты автобустар: «Мерседес», «Тойота», «Вольво», «Неоплан», «Ман», «Сетра» жатады. Осындай көлік түрінде бірнеше мыңдаған шақырым жүріп өтуге болады.

Халықаралық автобус турлары өзінің ұзақтылығымен, экскурсиялық бағдарламалардың мазмұнымен және саяхат кезінде қызмет көрсету жағдайларымен ерекшеленеді. Осы факторларға байланысты олар: экономикалық, стандартты, фирмалық және эксклюзивті болып бөлінеді. Экономикалық турларда саяхатқа жақсы экскурсиялық бағдарлама, 2-3* жұлдызды отельде орна­ласу, түнде жүру кіреді.

Стандартты турларға: бір түнгі жүру, орналасу, 3-5* жұлдызды отельде, жақсы экскурсиялық бағдарлама, саяхаттайтын ірі пунктерде бос уақыт берілуі кіреді.

Эксклюзивті турлар: фирмалық турлардың негізінде құрылады. Бірақ осында клиенттің жеке сұраулары көңілге алынады.

Қазақстандық турагенттіктер ірі ресей туроператорлармен шарттарға отырып, адамдарды Еуропаның әртүрлі қалаларына жібереді. Оларға қызығушылық күннен күнге өсуде, оның себебі осы турлар көбісіне қолайлы. Мысалы: Польша, Бельгия, Берлин, Мюнхен, Дрезден, Амстердам қалаларын көріп өту және Парижде үш күн туры 400$ құрайды. Турдың бағасына: тоғыз күндік тасымалдау, таңғы ас, айтылған қалалар бойынша шолу экскурсиялары кіреді. Автобустарда телеаппаратура және дәрет­хана жұмыс істейді.

Қазақстандық турагенттіктер Мәскеуге дейінгі ақыны төмен­детуге тырысады, бірақ формальдықтар үшін (Шенген және транзиттік визалар) жолдаманың бағасы екі есе өседі. Осындай саяхат түрлерін ұйымдастыру талаптары Қазақстанның солтүстік-батыс және орталық облыстарында жүргізіледі. Ал ішкі маршрут­тар және көрші мемлекеттерге бару саяхаттары кәдімгі жағдайға айналған.

Соңғы кезде, аралас турлар әйгілі болуда- «темір жол + автобус», «ұшақ + автобус», «паром + автобус». Осындай жағдайда туристер авто саяхат басталу пунктіне темір жол немесе әуе көлікпен жеткізілуі мүмкін. Егер мысалға аралас тур темір жол тасымалдауын кіргізілсе, онда туристер Брестке дейін поездбен жеткізіледі, осында оларды автобус күтеді. Темір жол + автобус турлары комфортты жағдайда өтеді. Ұшақ + автобус турлары ақшасы бар саяхаттаушыларға есептелген. Аралас турлардың жетістігі болып, олардың көп мемлекетті өтуі, көруі табылады.

Автосаяхаттарды ұйымдастырған кезде нормативтік-құқықтық актілермен танысу қажет. Құжаттармен танысу авто тасымалдауды реттейтін негізгі талаптарды білу үшін қажет. Оның ішінде. «Жолаушыларды және жүктерді халықаралық автомобильдік тасымалдау туралы келісімнің конвенциясы», Ол 01. 03. 1973 Женева конвенциясының негізінде құрылған, 1989 жылы туризм бойынша Гаага деклорациясы, Шенген келісімі және т. б. туризм жөніндегі деклорациялар. ТМД шегінде туристік тасымалдаулар 1993 жылы жасалған. «Туризм саласындағы серіктестік туралы» келісіммен «ТМД туризм кеңесі туралы» 09. 09. 1994, т. б. келісімдермен реттеледі.

Қазақстан келесі конвециялар мен келісімдерге қосылады:

- жүктерді халықаралық жол тасымалдау келісімі туралы конвенция (КДПГ) 19 мамыр 1956 жылы.

- ХЖТ кітапшасын қоладанып жүктерді халықаралық тасымалдау туралы кеден конвециясы 18 қаңтар 1975 жылы.

- Халықаралық автокөліктік тасымалдауды жүзеге асыратын көлік түрлерінің жұмысы туралы Европалық келісім (ЕСТР) 1 шілде 1970 жылы.

- Халықаралық және тағы басқа автомагистральдар туралы Еуропалық келісім (СМА) 15 қараша 1975 жылы.

Мемлекетте бірқатар құжаттар жасалған, олар жолаушыларды және жүктерді тасымалдауда көмек атқарады. «Қазақстан Республикасы көлік туралы заңы» 21 қыркүйек 1994 жылы, түзетулер мен қосымшалармен 27 қаңтар 1996 жылы және 28 желтоқсан 1994 жылы қабылданған. Содан кейін басқа да құжаттар қабылданды. Олар: «Жол жүру қозғалысының қауіп­сіздігі туралы заң», сонымен қатар көліктің жеке түрлері бойынша заңдар мен үкімет қаулылары қабылданды.

Автотурларды құрудағы маңызды көмекті мемлекеттік және халықаралық ұйымдар атқарады. Олар: автомобиль көлігінің халықаралық одағы (МСАТ), координациялық көлік кеңесі (КТС) . Қазақстан Республикасы халықаралық автомобиль тасымал­даушылар одағы (КазАТО) 1993 жылы құрылған, 1995 жылы МСАТ-қа қабылданды. КазАТО Қазақстандық тасымалдау­шылардың мүделерін қорғайды және халықаралық тасымалдау қызметтерін ұйымдастырады. Сондықтан автотурларды құру жұмысы көп уақытты алуы мүмкін. Автосаяхаттарды ұйымдас­тырудың маңызды кезеңі болып іс-әрекет жоспарын құру болып табылады. Автосаяхаттарды жоспарлау келесі кезеңдерден тұрады:

1. Саяхаттың мақсаты мен тақырыбын анықтау. Осының алдында маркетингтік талдау жүргізілуі керек. Саяхаттың мақсаты әртүрлі болуы мүмкін (туристердің, халықтың демалуға сұранысын қанағаттандырудан түсетін табыс, өзінің білім деңгейін жақсарту, белгілі бір халық қабатын туризмге қызықтыру, эксклю­зивті маршруттар құру, қызмет көрсетудің жаңа түрін ұсыну, т. б. ) Саяхаттың тақырыбы да әртүрлі болып келеді: діни, тарихи-өлкетану, оқу, көңіл-көтеру, этнографиялық, қызық оқиғалы, т. б.

2. Болжаулы трассаны жобалау. Осы кезеңде авто жолдардың картасы, маршруттың эскизі құрылады.

3. Туристік ресурстармен танысу және оларды таңдау. Ең алдымен, ресурстар таңдаған кезде, турдың тақырыбына сай көрікті жерлердің болуына акцент жасалады.

4. Маршруттағы шектеуліктерді анықтау. Олар: қорықтар, қорықшалар, экологиялық постар, шекара және кеден зоналары, жолдың болмаулығы болуы мүмкін.

5. Тіршілікпен қамтамассыз ету жерлерін зерттеу: түнеу пунк­терін, орналасы, тамақтану, медициналық санитарлы-тұрмыс­тық қажеттіліктер, су көздері.

6. Маршрутта қауіпсіздікті қамтамассыз ету. Осы кезеңде туристерді демалу және тоқтайтын жерлерді, т. б. қорғау сұрақтары зерттеледі.

7. Маршрутты көріп өту. Оның мақсаттары: трассадағы шектеуліктерге қоса уақыт хронометражы, тіршілікпен қамтамассыз ету пунктерін таңдау, автокөлікке техникалық қызмет көрсету мүмкіншіліктерін зерттеу (СТО), заправкалар, жол ақпараты жоспарын құру, жарнама үшін материалдарды жинау, қызмет көрсету жұмыстары аяқталғаннан кейін серіктестерді таңдау. Маршрутты көріп өтуде туристік мекеменің, авто мекемелердің, ал қажеттілік туса МАИ қызметкерлері қатысады.

8. Маршрут схемасына түзетулер енгізу.

9. Келісім-шарттарға отыру. Ол маңызды этаптардың бірі болып табылады, осы этаптан жолдаманың бағасы, қызмет көрсету сапасы, маршруттағы қауіпсіздік тәуелді болады. Келісім шарттар орналасу пунктерімен, ТЖО, автомекемемен, группаның бастығы немесе инструкторымен жасалады.

10. Маршруттың технологиялық картасын құру. Ол алдын-ала жасалады. Осында: жүріп өту уақыты анықталады және ол маршруттың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамассыз етеді. Оның негізгі пуктері болып: елді мекендермен қосылған картасхема, жүру графигі, тоқтаулар мен түнеулерді белгілеу, МАИ поста­рының ТЖО-ның орны, жол жамылғысының жағдайы, маршрут­тағы туристер саны, маршруттың созылуы табылады.

11. Калькуляцияны жасау. Жолдамалардың бағасының есеп­телуі келісілген бағалармен анықталады. Бір маршрутқа бірнеше калькуляцияны жасауға болады. Ол қызмет көрсетуді дифферен­цияциялауға көмектеседі.

12. Маршрутты бекіту. Барлық әдістемелік, келісім, қаржы құжаттарын дайындаған және маршрутты авто мекеме мен МАИ бекіткен соң, оны бекіту туристік мекеменің бастығымен жасалады.

Автотурларды ұйымдастырған кезде маңызды уақытты болып автомекемемен немесе туристерді тасымалдау үшін автокөлік түрлерінің иесімен шарт жасасу болып табылады. Мекемеге маршрут бойынша мәлімет, керекті құжаттар беріледі. Саяхаттың режимі бойынша, бір немесе екі жүргізуші тағайындалады. Осы жағдайлар алдын-ала келісіледі. Келісімде автокөлік мекемелер мен туристік мекемелердің міндеттері қарастырылады. Авто­мекемелердің міндеттерінде автобустың санитарлық жағдайы мен дұрыс жұмыс істеуі, авто көлікпен уақытында қамтамассыз ету, егер сынып қалған жағдайда ақысыз қосымша көлікпен қамтама­сыз ету, «тапсырыс берушінің» алдын-ала бағалардың өзгеруі туралы айту қарастырылады. Сонымен қатар келісімде немесе оның қосымшаларында көрсетіледі: салондағы техникалық құрал­дардың бар болуы, автобустың тұру жағдайымен қамтамассыз ету, басқа елді мекендерде жүргізушілерге тамқтану және орналасу, форс-мажорлық жағдайларды шешу, маршрутта қауіпсіздікті қамтамасыз ету, т. б.

Туристік мекеме, өзінің тарапынан келесі міндеттерді атқарады: туристерді тасымалдау графиктері мен жазбаша заявка­ларды уақытында беру, автоқызметтер үшін төлеу. Туристік группаларды санына және автобус орындарына қарай жинау, автокөлікті тек қана келісілген белгілеуге ғана қолдану, туристер ішінде тәртіпті қамтамасыз ету, транспорттық құралдың бүлдіру­ден болған шығындарды өтеу, т. б.

Кей кезде таза тыс қаптардың, перделердің, таза судың, микро­фонның т. б. жоқ болуы, туристердің көңіл-күйлеріне әсер етуі мүмкін, ал кейде клиенттердің санының төмендеуіне әкеледі. Сондықтан келісім-шарт және оған қосымшалар заңдармен, нормативтік құжаттар мен ережеге сай болуын тексеру керек.

Кету күні туристер алдын-ала жиналу керек. Туристік меке­менің қызметкері оларды тіркеу, туристерді тізім арқылы тексеру және құжаттарды тексеру керек (жеке куәлік, туу туралы куәлік, жолдама, т. б. ) . Автобусқа отырғызу жұмысы дұрыс ұйымдас­тырылуы үшін, жоладманың ішінде салондағы орынды жазу керек.

Автобустық маршруттың басшысы жол бойы экскурсиялық ақпаратты, тәртіп туралы ережелерге инструктажды, маршруттың қысқаша сипаттамасын, санитарлы-тұрмыстық тоқтаулардың орнын, уақытын, және созылуын беру керек. Осындай тоқтаулар­дан кейін, туристердің санын тағы да тексеру керек.

Саяхаттың табысы жүргізуші мен топтың басшысының өзара түсінушілігіне байланысты. Туристік топтың басшысы (инструктор, экскурсовод, методист) оның туристердің тәртіп ережелерін дұрыс орындауына жауапты екенін есте сақтау керек. Осы ережелер туристердің автобустық маршруттағы міндеттер ретінде беріледі.

Туристің міндеттері: туристік топ басшының және жүргізу­шінің талаптарын қатаң орындауы тиіс, автобус тоқтаған жерге уақытында келу, автобустың салонында тазалық пен тәртіпті сақтау, автобустың құрал-жабдықтарына ұқыпты қарау, экскурсиялар мен жол бойы ақпарат берілген кезде тыныштықты сақтау, автобустың техникалық бұзылғаны туралы туристік топтың басшысына айту керек, т. б.

Туристке (экскурсантқа) рұқсат берілмейді:

- өзінің іс-қимылы мен сөздерімен жүргізушінің көңілін ау­дару;

- автобус жүрген кезде салонда жүруге;

- автобуста шылым шегу, арақ-шарап ішуге;

- автобустың терезелерінен заттарды лақтыруға;

- автобус есіктерінің ашылу механизмдерін іске;

- автобус салонын түнеу мақсатында қолдануға;

- тез жанатын, қауіпті, улы, заттарды, қару-жарақ және т. б. тасымалдауға;

- тоқтатуға және маршрутты өзгертуге.

Автобус жүргізушісі мен топ басшысы туристің құжаттары, ақшалары, затары сақталуына жауапты емес.

Басқа ережелер «Қазақстан Республикасы көлік туралы» «Қазақстан Республикасы туристік іс-әрекет туралы» заңдармен реттеледі.

Автобус маршруты ақпараты.

Маршруттың жол бойғы экскурсиялық ақпараты алдын-ала құрылады және қабылданады. Жол бойғы ақпарат үш бөліктен: кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан құралады.

Кіріспе ұйымдастырушылық және ақпараттық болып бөлінеді. Ұйымдастыру бөлігінде: туристік топ басшысы өзін

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жолаушы тасымалдау көліктер
Автомобиль ісі сабақтарын оқыту
Жол қозғалысын ұйымдастырудың құрылымы
Автомобильдік және автобустық турларды ұйымдастыру, жоспарлау негіздері
Жолаушыларды тасымалдау шарты
40 қалаішілік автобус маршрутының жүріс жиілігін арттыру арқылы жолаушы тасымалын жүзеге асыруды жақсарту жұмыстары
Жолаушылар тасымалданатын маршруттың сипаттамасы туралы
Қазақстандағы туризм инфрақұрылымның даму факторлары. Көлік түрлерінің қазіргі жағдайы
Автобус маршрутының жалпы сипаттамасы
Автобус маршруттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz