Аристотель – антикалық философияны жүйеге келтіруші



Кіріспе
1. Аристотель философиясы
2. Метафизика
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Аристотель (көне грекше:Ἀριστοτέλης; б.з.б. 384 ж., Стагира (Орталық Македония), Халкидики түбегі — б.з.б. 322 ж. 7 наурыз, Халкида, Эвбеяаралы) — ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (ұлы Александр) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие. Ол ғылым мен парасаттың көптеген тақырыптарын жүйелі әрі жан-жақтылы зерделеп, жаратылыс пен өмірдің түрлі құбылыстарына нақты ғылыми зерттеулер жасап, артына сүбелі еңбектер жазып қалдырды. Аристотель ғылымның көптеген саласының алғашқы негізін қалады, олардың арасында физика, метафизика,поэтика, театр, музыка, логика, риторика (шешендік өнері), саясат, этика,эстетика, биология, зоология және экономика қатарлылар айрықша аталады. Ол қалдырған философиялық пайым жүйесі мен ғылыми зерттеу дәстүрі кейінгі мұсылмандық және христиандық мәдениетке, шығыс-батыс өркениетіне айрықша ықпал етті. Қазақтың ұлы ойшылыАбай Құнанбайұлы өзінің «Ескендір» поэмасында Ескендірдің көзтоймастығына салыстырмалы Аристотельдің ғажайып даналығын айқын сипаттайды.
Сократ, Платон, Аристотель үштігі ежелгі грек философиясының шыңы ретінде айырықша құрметпен аталады.
Аристотель ең алғаш этика, эстетика, логика, ғылым, саясат жәнеметафизика сияқты мәселелерді толық қамтитын жан-жақты философиялық жүйені құрды.
Аристотельдің физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, ренессанс дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол Ньютон физикасына орын берді.
Оның алты кітаптан тұратын «Органоны» ойлау әдісін қарастыратын логиканы тұңғыш рет философиялық деңгейге көтерді. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде ХІХ-шы ғасырда формальды логика ғылымы қалыптасты.
1. Әлемдік философиялық мұра: Аристотель филсофиясы, Жиырма томдық. 3-том. Алматы, Жазушы, – 2005. 568 бет.
2. Есіркепова Г.К. “Философия”. – Шымкент, 2008.
3. Әбішев Қ.Ә, Әбжанов Т.Ы. Аристотель философиясы, Алматы: Жазушы, – 2005ж.
4. Аристотель философиясы. 3 т. /«Әлемдік философиялық мұра» сериясы. 2 томдық/ .- Алматы: Жазушы, 2005. – 564 б.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ТАҚЫРЫБЫ: Аристотель – антикалық философияны жүйеге келтіруші

Мазмұны
Кіріспе

1. Аристотель философиясы
2. Метафизика

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Аристотель (көне грекше:Ἀριστοτέλης; б.з.б. 384 ж., Стагира (Орталық
Македония), Халкидики түбегі — б.з.б. 322 ж. 7 наурыз, Халкида, Эвбеяаралы)
— ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Е скендір Зұлқарнайынның (ұлы
Александр) ұстазы, адамзаттың бірінші ұстазы деген құрметті атаққа ие. Ол
ғылым мен парасаттың көптеген тақырыптарын жүйелі әрі жан-жақтылы зерделеп,
жаратылыс пен өмірдің түрлі құбылыстарына нақты ғылыми зерттеулер жасап,
артына сүбелі еңбектер жазып қалдырды. Аристотель ғылымның көптеген
саласының алғашқы негізін қалады, олардың
арасында физика, метафизика,поэтика , театр, музыка, логика, риторика ( шешенд
ік
өнері), саясат, этика,эстетика, био логия, зоология және экономика қата рлылар
айрықша аталады. Ол қалдырған философиялық пайым жүйесі мен ғылыми зерттеу
дәстүрі кейінгі мұсылмандық және христиандық мәдениетке, шығыс-батыс
өркениетіне айрықша ықпал етті. Қазақтың ұлы ойшылыАбай Құнанбайұлы өзінің
Ескендір поэмасында Ескендірдің көзтоймастығына салыстырмалы
Аристотельдің ғажайып даналығын айқын сипаттайды.
Сократ, Платон, Аристотель үштігі ежелгі грек философиясының шыңы ретінде
айырықша құрметпен аталады.
Аристотель ең
алғаш этика, эстетика, логика, ғылы м, саясат жәнеметафизика сияқты
мәселелерді толық қамтитын жан-жақты философиялық жүйені құрды.
Аристотельдің физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына
терең әсер етіп, ренессанс дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін
ол Ньютон физикасына орын берді.
Оның алты кітаптан тұратын Органоны ойлау әдісін қарастыратын логиканы
тұңғыш рет философиялық деңгейге көтерді. Оның еңбектерінде ең алғашқы
логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде ХІХ-шы ғасырда формальды
логика ғылымы қалыптасты.

1. Аристотель философиясы

Аристотель өзінің Метафизика еңбегінде тұңғыш сөзді Адам табиғаты
білуге құштар... дегеннен бастайды. Бұл ақыл-парасат пен ғылыми білімнің
адамзат үшін маңызын да, ғаламат құдіретін де, айырықша салмағын да
аңғартса керек. Аристотельдің ойынша адам ғылым мен философияға тек табиғи
қажеті қанағаттанып, қоғамның материалдық деңгейі толысып, бос қалған кезде
(бос уақыты болған кезде) басталады және ол көбінесе таңырқауды алғашқы
себеп етеді.
Аристотель өзіне дейінгі философия мен ғылым жетістіктерін қорытып, жаңа
жүйеге келтіріп, түрлі ғылым саласынан көптеген құнды еңбектер жазып
қалдырды. Кейбір деректер бойынша оның еңбектерінің саны төрт жүзге, екінші
бір деректер бойынша мыңға жеткен.
Аристотельдің философиялық көзқарасы Метафизика, Рух туралы,
Категориялар және Алғашқы және кейінгі Аналитика деген шығармаларында
жете пайымдалған. Аристотель философияны "шынайы ғарыштың себептерін
зерттейтін ілім" деп бағалады. Бұл Платонның философияны "Идеяны тану
ілімі" дегеніне қарсы айтылған. Ұстаз да, шәкірт те философияны ғарышты
тану деп түсінген. Бірақ ғарышты қалай тану және ғарыштың негізгі мәні не
деген мәселеде екеуі екі бағыт ұстанды. Платонның айтуынша, идея барлық
нәрсені сомдаған арытқы себеп. Алдымен ғарыштық идея өмір сүреді, ол
тұрақты, баянды, бірегей, мәнді, ал құбылыс идеяның көрінісі болып,
уақыттық, ауыспалы, өткінші нәрсе[26]. Аристотель бұған келіспеді. Ол әрбір
нақты нәрсені негіз етіп ғарышты зерттеудің ғана болашағы бар екенін, егер
нақты осы заттар болмаса идея да өмір сүрмейтінін уәж етті. Платонда нақты
нәрсе мен идея ортасындағы байланыс күңгірт болып, идея ғарыштың бір
қалыбы, үлгісі дегеннен ары ұзамады. Платон нақты нәрсе туралы білім мәнді
білім емес, шынайы білім біртұтас идеяны білу деп есептеді. Аристотель тек
нақты білім ғана шынайы білім береді, біз өз тәжірибеміз бен зердеміз
арқылы нақты нәрселерді зерттегенде барып дүниенің мәнін түсіне аламыз деп
есептеді[27].
Аристотель бойынша, философияны зерттеу жеке заттардың қасиетіне бойлау
арқылы заттардың ортақ қасиетін игеру деп есептесе, Платон бойынша
философия баршаға ортақ жалпылық идеяны тану керек деді.
Платон априори(тума білуді) негіз етсе, "Үйрену дегеніміз ұмытып қалған
тума біліміңді еске түсіру" десе, Аристотель дедуктивті (жалпыдан жекеге
өту, зерделеп білу) және индуктивті (жекеден жалпыға өту, тәжірибеге сай
білу) логиканы негіз етіп логикалық ақыл мен тәжірибелік бақылауды басты
назарға алды.
Аристотель ғылым классификациясында онтологиялықфило софияны ең жоғары
орынға қояды. Басқа ғылымдар болмыстың кейбір жақтарын ғана зерттеумен
шұғылданса, онтологиялық философия болмыстың жалпы табиғатын зерттейді деп
есептеді.
Философияның басқа ғылымдардан артықшылығын Аристотель былай деп
түсіндірді: “Шындығында даналық бүтіндей үстемдік құрушы, жетекші ғылым
болғандықтан, басқа ғылымдар оған қарсы сөз айтуға дәрменсіз. Сондықтан
мақсат пен игілікті зерттейтін ғылым бірінші орынға қойылады.” (Метафизика,
М., 1934,с45).
Аристотель айтқан "Табиғат философиясы" сөзі  табиғат  дүниесіндегі
 қозғалыс,  жарық, физика заңдары қатарлылы құбылыстарды зерттеуге
қаратылады. Бұл араға бәлен ғасыр салып қазіргі заманның ғылымына, ғылыми
зерттеу методикасына арқау болды және арнайы пәндер болып философиядан
бөлінді.
Қазір философия десе көбінесе метафизика саласы көзде тұтылады, бірақ
табиғат дүниесін ғылыми зерттеу айтылмайды. Өйткені табиғатты танитын ғылым
әлдеқашан философиядан бөлініп кеткен. Аристотель заманында философия
барлық білім қабатын түгел қамтыған болатын.
Негізінен айтқанда, Аристотель философия мен логикалық тұжырымдауды бір
нәрсе деп есептеп, философияны ғылыми түсінді. Яғни, ғарыш туралы, не басқа
туралы кез келген ойда ғылыми логикалылық болса, онда ол философия
есептеледі. Бұл қазіргі ғылымдар философиядан бөлініп кеткен замандағы
нақты ғылымдардың түрлі ғылыми әдістеріне ұқсамайды.
Аристотель бойынша, ғылым (логикалық тұжырым) дегеніміз не нақты, не
қиялдауға болатын, не теориялық нәрсе. "Нақты" дегеніміз этика, саясаттану
секілді қолданылу мағынасы бар екендікті білдірсе, ал "қиялдауға болатын"
деген сөз поэтика, эстетика секілді тек елестету арқылы түсінуді көрсетеді.
Ал теориялық дегеніміз физика, математика, және метафизика секілді терең
зерттеу, толғаныс салаларын көрсетеді.
Метафизика мен философия Аристотельдің анықтамасы бойынша "пішінсіз затты
тану", яғни "бірінші философия", "теориялық философия", немесе "ең жоғары
дерексіз қабаты тану" деп атады. Ал, логиканы (анализдеу) осынау жоғары
деңгейдегі философияны үйренудің алғашқы сатысы деп есептеді.
Аристотель Философияны 3 негізгі пәнге бөлді:
1. Теориялық пәндер — математика, жаратылыстану ғылымы, метафизика деп
аталған бірінші философия. Кейінгісі болмыс туралы ілім, болмыстың
құрамы, себептері және бастауы туралы ілімдерді көрсетеді.
2. Тәжірибелік пәндер — адамдардың іс-әрекеті турлы ілімдер, мысалы
этика, саясаттану, экономика, стратегия және риторика
3. Поэтикалық пәндер — ақындық шығармашылық, сурет, музика қатарлылар.
Аристотель өз философиясында болмыс туралы ілімге, табиғатқа, яғни барлық
заттардың негізі болып табылатын алғашқы материяға көп көңіл бөлді.
Метафизика кітабында Аристотель табиғатты жан-жақты зерттеумен
шұғылданды. Табиғат – бір жағынан заттың пайда болуының, зат құрамының
негізі және “әрқайсысындағы алғашқы қозғалыстың көзі” болатын болса, екінші
жағынан, табиғат өздігінен өмір сүретін заттардың мәні, “табиғат дегеніміз
– форма және мән.

2. Метафизика

Метафизика сөзі Аристотельден басталады. Яғни, физикалық денелер туралы
кітаптарының ар жағына оның материалдық емес білім туралы жазбалары
жайғасқан көрінеді. Яғни "физиканың кейіні" (гр. τὰ μετὰ τὰ φυσικὰ βιβλία)
деген мағынада болған. "Мета" (гр. μετά) деген сөз "ар жағында",
"астарында", "тұңғиығында" дегенді білдіреді екен. Демек, метафизика —
физика шеше алмайтын, жоғары деңгейдегі бейфизикалық сырлы, күрделі, шүңет,
дерексіз ең жалпылық мәселелер туралы ілімді көрсетеді.
Кейін ортағасыр христиан ойшылдары метафизиканы тылсымдандырып, табиғат пен
өмірден ажыратып, христиандық дүниетанымды растайтын схоластикалық
философия жасап шығарды. Неміс ойшылы Фридрих
Ницше метафизиканы Платонизм деп атады. Бұл Аристотель ілімін бұрмалаудың
тамыры қайда жатқанын меңзеу болатын.
Аристотельдің өзі метафизика мен теологияны "Бірінші философия" деп те
атаған.Рене Декарт осы мағынада өзінің әйгілі Бірінші философиялық
толғаныс (ағылш.Meditations on First Philosophy) кітабын жазып, көптеген
ойшылдарға бағалатып, "Мен ойлаймын, сондықтан бармын" деген тұжырымды
жақтап шықты.
Аристотель бойынша табиғат себептілік байланысы бойынша өмір сүреді. Бұл
себеп байланысы жаңа дәуірде (ХVI-XVIII ғ.) дәріптелген себеп-салдар
теориясына ұқсамайды. Себеп байланысы "не үшін?" деген сұраққа байланысты
айтылған. Ал детерминизм болса салдар, нәтиже дегенге салыстырмалы
айтылады.
Метафизика еңбегінде және басқа да еңбектерінде Аристотель заттарды
табиғатын түсінудің төрт себебін көрсетеді. Олар: Материал (құрамы) себебі,
Форма (құрылым, пішін) себебі, Қозғатушы (келіп шығуы) себебі, Мақсат
(көздеу) себебі.
• 「Материал себебі」 (лат. Material Cause) — заттың неден құралғаны.
Яғни, бөлшегі, мүшесі, материалы. Кез келген зат мәлім бөлшектен,
құрамнан, алғышарттан, материалдар бірлестігінен құралады. Заттың
құрылымы дәл осы құрамдарға қатысты болады. Құрамы қалай болса ол заттың
сондай қасиеті болады. Осынау құрамдар арқылы бір бүтіндік (жүйе,
құрылым, қалып, бірігу, толықтық, араласу) пайда болады. Мысалы, мүсінге
пайдаланылған мәрмәр тас мүсіннің материал себебі есептеледі.
• 「Форма себебі」 (лат. Formal Cause) — заттың құрамдарының ұйымдасып
қандай пішін қалыптастырғаны. Затқа қалай анықтама беру оның пішіні,
күйі, мәні, бүтіндігі, қалыптасу ережесі, заттың зат болуында негіз
болған заң-қағидасына байланысты. Мысалы,
мүсіннің жобасы мен дизайны мүсінні ң форма себебі есептеледі.
• 「Қозғатушы себеп」 (лат. Efficient Cause) — заттың қайдан пайда
болғаны, не әсер еткені, неден жаралғаны, неден өзгеріп келгені. Ол
заттар өзгерісінің себебін көрсетеді. "Не өзгертті?", "Қандай себеп оны
осы күйге жеткізді" дегендей. Ол барлық затаралық дәнекерді
де, органикалық және бейорганикалық  заттардың қозғатушы себептерін де
қамтиды.
• 「Мақсат себебі」 (лат. Final Cause) — егер зат туралы болса оның қандай
керекке жарайтыны, пайдасы,маңызы, құны, өн імі; ал егер адам туралы
болса ол қандай мақсатпен өмір сүретіні, ертең кім болмақшы екені, оны
жетелеп жүрген (қазіргі заман психологиясындағы "мотивация  ілімі"
секілді) арман, ерік, зерде, бейақы л,этика, ниет, қалау, талап, талпын ыс,
 құлшыныс қатарлылар белгілі әрекетке алып барады. Зат атаулының өмір
сүру себебі мәлім мақсат бойынша болады. Мысалы бір қашалып біткен мүсін
мүсіншінің мақсатын көрсетеді. Дегенмен, Аристтотель де Сократтың
ықпалына ұшырап, затта да адам секілді біртұтас мақсат болады және
біртұтас мақсатқа талпынады, барша дүние ізгілікке талпынады деп
есептеген. Бұл ғылымда телеология (мақсат ілімі) деп аталады.
Бұдан басқа, заттар ортасындағы өзара әсер нәтиженің қалыптасуына әсер
етеді. Ешбір зат заттардан оқшау өмір сүре алмайды. Мысалы, тазалық жұмысы
арқылы көркем тұрмыс жаратуға болады, болмаса керісінше нәтиже келіп
шығады. Мұнда екі істің (тазалық пен көркем тұрмыс) ұқсас барысы және
қасиеті болған жоқ, бірақ бірі бүкіл істің басталуы, екіншісі бүкіл істің
нәтижесі.
Аристотель алғашқы кезде өзаралық, немесе айналымдық себеп байланысын
ортаға қойып, заттар арасындағы өзаралықтың заттарға әсерін түсіндірді.
Бірақ ұқсас істің мүлде кері нәтижесі болатынына да назар аударды.
Аристотель екі түрлі себеп байланысы моделін айқындады: дәстүрлі
(қалыптасқан) себеп байланысы және кездейсоқ (өзгеретін) себеп байланысы.
Мейлі дәстүрлі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антикалық философияның элиндік-римдік дәуірі
Орта ғасыр философиясы туралы
Схоластика, догматизм, формализм терминдері
Философия пәні мен оның қызметі
Мәдениет аясындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны
Ибн Синаның Аллаһ түсінігі
Философия және мәдениеттану
. Әл-Фараби жайлы
Будда философиясы
Тарихи - философиялық таным табиғаты
Пәндер