Аустралияға кешенді сипаттама



Кіріспе
1. Аустралияның физикалық.географиялық және әлеуметтік.экономикалық сипаттамасы
2. Аустралияның туризмі
2.1. Туризм саясатының ерекшелігі
2.2. Туризмді мемлекеттік реттеу ерекшелігі
2.3. Аустралияның ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Туризм – дүниежүзілік экономиканың алдыңғы қатарлы және динамикалық саласы. Өте тез даму темпіне байланысты ол жүз жылдықтың экономикалық феномені ретінде танылған.
Көптеген елдерде туризм жалпы ішкі өнімнің қалыптастырылуында, қосымша жұмыс орындарын құру және елдің жұмыспен қамтылуы мен сыртқы саудалық баланысты қарқындатуда елеулі орын алады. Туризм экономиканың негізгі салаларына үлкен әсер етеді. Транспорт және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылық, халық пайдаланатын тауарлар өндірісіне, т.б. әлеуметтік-экономикалық дамуының катализаторы болып табылады. Сонымен қатар, туризм дамуына әр түрлі факторлар әсер етеді: демографиялық, табиғи-географиялық, физикалық, әлеуметтік-экономикалық, тарихи, діни және саяси-құқықтық.
Туризмнің көптеген елдерде валюталық түсілімдердің, халықаралық қатынастардың кеңеюіне, халықтың жұмыспен қамтылуының қайнар көзі ретінде орны өсуде. Соның бірі Аустралия экономикасының маңызды және динамикалық құрамдас бөлігі туризм болып табылады.
Жұмыстың зерттеу объектісі – Аустралия. Аустралия таңдау себебім, қазіргі уақытта өзекті тақырып болып табылады және серпінді қарқынмен дамып жатқан, рентабельділігі жоғары ел. Оның әсем табиғаты, бірегейлігі кез келген демалушы, туристерді қызықтырады. Онда жалтыраған жағажайлар, жарқыраған далала, тропикалық ормандар, шөл аудандар мен таулары бар ел. Ал туризм Аустралия экономикасының ірі секторы болып табылады, ЖІӨ-нің 10,8%-ын алып жатыр.
Бұл жұмыс мақсаты Аустралияның физикалық, географиялық, экономикалық жағдайларымен таныстыру ғана емес, ондағы туризм орны, оның мемлекетке әсері мен мемлекеттік саясатын зерттеу. Себебі Аустралияның өзіндік қайталанбас ерекшеліктері өте көп.
1. http://countrymeters.info/ru/Australia
2. https://ru.wikipedia.org/wiki/
3. http://avstralii.ru/naselenie-avstralii/
4. Tourism Forecasts – Autumn 2014, Tourism Research Australia, Canberra
5. Tourism 2020 overview: Published in December 2011
6. http://media.unwto.org/
7. Карпов Л.Н. /Социально-экономическая география зарубежного мира: Учебник. - М.: КРОН-ПРЕСС, 1998.,- 592 с., илл.
8. Квартальнов В.А. / Туризм: Учебник. – М.: Финансы и статистика, 2004,.- 320с.:ил.
9. Кист А., перевод с английского М.А. Богуславкой, Л. Л. Ждановой/ Австралия и острова Тихого океана: М.: «Прогресс», 1995., – 304 с.
10. Романов А.А., Саакянц Р.Г. / География туризма: Учебное пособие. – М.: Советский спорт, 2002., – 464 с.
11. Марко Моретти, «National Geographic. Самые красивые острова Тихого океана и Австралия. Мифы и чудеса южных морей. – М., 2011.
12. International Visitors in Australia June 2014 Quarterly Results of the International Visitor Survey
13. www.tourism.australia.com – сайт агентства по туризму Австралии
14. www.tourism2020.gov.au/frontpage.html - официальный сайт программы «Туризм 2020»
15. www.news.com.au Australian tourism industry is in trouble, claims new study by Tourism and Transport Forum SEPTEMBER 04, 2012
16. http://knoema.ru/atlas/
17. http://www.abs.gov.au/
18. http://www.forbes.ru/svoi-biznes/master-klass/318849-my-za-stenoi-ne-postoim-kak-zavlech-turistov-iz-kitaya
19. http://www.liveinternet.ru/
20. http://www.australia.com/en/facts/history.
21. https://en.wikipedia.org/wiki/Tourism_

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Аустралияға кешенді сипаттама

Жоспар:
Кіріспе
Аустралияның физикалық-географиялық және әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы
Аустралияның туризмі
Туризм саясатының ерекшелігі
Туризмді мемлекеттік реттеу ерекшелігі
Аустралияның ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Туризм - дүниежүзілік экономиканың алдыңғы қатарлы және динамикалық саласы. Өте тез даму темпіне байланысты ол жүз жылдықтың экономикалық феномені ретінде танылған.
Көптеген елдерде туризм жалпы ішкі өнімнің қалыптастырылуында, қосымша жұмыс орындарын құру және елдің жұмыспен қамтылуы мен сыртқы саудалық баланысты қарқындатуда елеулі орын алады. Туризм экономиканың негізгі салаларына үлкен әсер етеді. Транспорт және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылық, халық пайдаланатын тауарлар өндірісіне, т.б. әлеуметтік-экономикалық дамуының катализаторы болып табылады. Сонымен қатар, туризм дамуына әр түрлі факторлар әсер етеді: демографиялық, табиғи-географиялық, физикалық, әлеуметтік-экономикалық, тарихи, діни және саяси-құқықтық.
Туризмнің көптеген елдерде валюталық түсілімдердің, халықаралық қатынастардың кеңеюіне, халықтың жұмыспен қамтылуының қайнар көзі ретінде орны өсуде. Соның бірі Аустралия экономикасының маңызды және динамикалық құрамдас бөлігі туризм болып табылады.
Жұмыстың зерттеу объектісі - Аустралия. Аустралия таңдау себебім, қазіргі уақытта өзекті тақырып болып табылады және серпінді қарқынмен дамып жатқан, рентабельділігі жоғары ел. Оның әсем табиғаты, бірегейлігі кез келген демалушы, туристерді қызықтырады. Онда жалтыраған жағажайлар, жарқыраған далала, тропикалық ормандар, шөл аудандар мен таулары бар ел. Ал туризм Аустралия экономикасының ірі секторы болып табылады, ЖІӨ-нің 10,8%-ын алып жатыр.
Бұл жұмыс мақсаты Аустралияның физикалық, географиялық, экономикалық жағдайларымен таныстыру ғана емес, ондағы туризм орны, оның мемлекетке әсері мен мемлекеттік саясатын зерттеу. Себебі Аустралияның өзіндік қайталанбас ерекшеліктері өте көп.

Аустралияның физикалық-географиялық және әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы
Аустралия, ресми атауы Аустралия Одағы (ағылш. Commonwealth of Australia; лат. Australis - оңтүстік деген сөзінен шыққан) - Австралия материгі мен Тасмания аралында және көптеген кішігірім аралдарында орналасқан мемлекет.
Аустралия - Жер шарындағы ең кіші материк. Оның ауданы маңындағы аралдармен қоса есептегенде 7,6 млн км2. Материк атауының өзі латыншадан аударғанда оңтүстік деген мағына береді. Өйткені Аустралия түгелімен оңтүстік жарты шарда жатыр, оңтүстік тропик шеңбері оны дәл ортасынан кесіп өтеді.
Аустралия - Жер шарындағы ең аласа материк, орташа биіктігі - 215 м. Аустралия - сөнбеген жанартаулары жоқ бірден-бір материк. Материк жағалауындағы ұзындығы 2300 км, ені 2 км-ден 150 км-ге дейін жететін Жер шарындағы ең ірі маржандық құрылым - Үлкен Тосқауыл Рифі орналасқан. Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі - Үлкен Суайрық жотасының оңтүстігіндегі биіктігі 2228 м Косцюшко тауы, теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі - Эйр көлінің деңгейі (-12 м).
Аустралияның жер бедері онша күрделі емес. Африкадағы тәрізді, материктің негізгі бөлігін гонваналық ежелгі платформа алып жатыр.
Платформа фундаментін құрайтын кристалды жыныстар оның батысы мен орталық бөлігінде жер бетіне шығып жатыр. Мұнда орташа биіктігі 400-600м-лік аласа таулы үстірттер мен жекелеген күмбезді таулар таралған.
Аустралия жерінің көпшілік бөлігінің оңтүстік тропик аймағында жатуы климаттың аса құрғақ болуын айқындайды.
Материктің ішкі аудандарын шөлейт және шөл алып жатыр. Материк жерінің 60%-дан астам бөлігі - беткі ағынсыз аса құрғақ аудандар. Муррей-Дарлинг жүйесіне кіретін өзендер ғана мұнда суару мақсатында пайдаланылады.
Аустралияда өзен торы өте сирек, көлдер аз. Материк жерінің жартысынан көп бөлігін қамтитын ішкі тұйық алапқа уақытша кеуіп қалатын өзен арналары - криктер тән болады. Аустралияның бар болғаны 5,5%-ын ғана орман алып жатыр, негізінен, материктің солтүстік, шығыс, оңтүстік-батыс бөлігінде ғана таралған.
Аустралия экономикасы дүниежүзіндегі ірі экономикалық жүйенің бірі болып табылады, оның ЖІӨ 1,57 трлн АҚШ долларын құрайды. Аустралияның аралас байлығы 6,4 трлн долларды құрайды. 2012 жылы Аустралия номиналды ЖІӨ бойынша тізімнің 12 орнын иеленген және ЖІӨ-ң 18 орнын. Дүниежізілік экономиканың 2,1%-ы Аустралияға тиесілі. Аустралия импорт пен экспорт бойынша дүниежүзінде 19 орынды иеленеді.
Аустралияда қызмет көрсету саласы экономиканың негізгі бөлігін қамтиды. ЖІӨ-нің 68%-ы тиесілі. Тау-кен саласы ЖІӨ-нің 10%-ын алады; пайдалы қазбаларды қазумен айналысатын салалардың 9%-ы ЖІӨ құрайды. Негізгі экономикалық өрлеуге әсер ететін салаларға тау-кен және ауыл шаруашылық болып табылады, ондағы экспорт көбіне Шығыс Азияға жіберіледі.
Сиднейдегі Аустралиялық қор биржасы - Аустралия мен Тынық мұхитының оңтүстік аймағындағы ең ірі биржа. Сонымен қатар нарық капиталдандырылуының дүниежүзінде 9 орынға ие, ол 1,4 трлн долларды құрайды. Аустралия кейбір халықаралық компаниялардың отаны болып табылады - BHP Billiton, National Australia Bank,Commonwealth Bank, Rio Tinto, ANZ, Westpac, Telstra, Macquarie Group, Woolworths Limited и AMP Limited. Австралиялық доллар - Австралиялық Одақтың валютасы.
Аустралияның халқы 2016 жылдың 11 қазанына сәйкес 24 385 266. Аустралия халқы бойынша 50-ші мемлекет болып табылады. Халқы негізінен қалаларда қоныстанған. 2030 жылы 28 миллионға жетеді деп күтілуде.
Аустралия халқы жан-жағынан азиялық және мұхиттық елдермен көршілес орналасқанына қарамастан, басым түрде еуропалықтардан құралған. Еуропалықтардың 97%-ы ағылшындар. Екінші дүниежізілік соғыс кезінде Аустралия халқы Ұлыбритания мен Ирландиядан қоныс аударғандар есебінен 7,4 млн адамға жетті. Соңғы 50 жыл ішінде халық саны үш есе артты, оның 5 млн-ынан астамы иммигранттар үлесіне тиесілі. Аустралияның байырға халқы - аборигендердің үлесі өте аз, материк халқының 1%-дан астам бөлігіне келеді, яғни 160 мың адам шамасында.
Көптеген экономикалық көрсеткіштер бойынша Аустралия Одағы дамыған елдер қатарына кіреді. Ел экономикасының қарқынды дамуына қозғау салған жағдайлар: шашыраңқы орналасқан жерлердің біртұтас мемлекет болып бірігуі; минералды және жер ресурстарына бай игерілмеген өте ауқымды жерлердің болуы; өте көп мөлшерде шетел капиталының инвестиция түрінде құйылуы; әлеуметтік тұрақтылықтың сақталуы.
Аустралия экономикасының қарқынды дамуына шетел капиталы жетекші күш болып отыр, оның 70%-ға жуығы Ұлыбритания мен АҚШ-тың үлесі. Аустралия негізінен шикізатты сыртқа шығаруға бағытталған. Әсіресе тау-кен өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өнімдері басымдық танытады.

Аустралияның туризмі
Туризм саясатының ерекшелігі
Австралия мемлекеті оны қалған мемлекеттерден ажырататын және туризм саласының дамуының алғышарты болатын үлкен әрі ерекше байлықтарға (ең алдымен табиғи) және жағымды жағдай мен ресурстарға ие. Пейзаж бен табиғи көрікті жерлердің бірден-бір тамаша көріністері; байырғы халықтың мәдениеті мен мұрасы; облыс пен қалалардың алуан түрлері; толерантты және қонақжай халқы. Дегенмен серпінді өсіп жатқан бұл сала өзіне ерекше назарды талап етеді.
Туристік индустрия - жылына 94 млрд $ пайда алып келетін, ел экономикасының ең маңызды салаларының бірі. Туристік сала 500 мың жұмыс орнын қамтамасыз етеді және ел экспортының 10%-н құрайды.
Бұл индустрия қонақтарға қызмет көрсететін 280 мың кәсіпорындарды құрайды. Олардың ішінде: қонақ үйлер, кафе, казино, туристтік агенттіктер, транспорттық компаниялар және т.б. Туризмға жұмсалған 1 доллар, экономиканың қалған салаларында 91 центті өндіреді. Бұл көрсеткіш ауыл шаруашылық және өндіріс секторлары мен қаржылық қызметтен өндіретін шамадан жоғары. Туристтік қызметке деген сұраныс 1997 мен 2013 жылдар аралығында тұрақты түрде, орта шамамен 3,9%-ға артып отырған. Дегенмен 2008 жылы орын алған Бүкіләлемдік экономикалық дағдарыс салдарынан сұраныстың бұл түрі кемігенін атап өткен жөн.
Бұндай жігерлендіретін сандарға қарамастан, шын мәнінде жағдай айтарықтай жағымды емес. Елдің бүкіл түкпірінде туристтік индустрия бар күшімен бәсекеге қабілетті болуға тырысып, көп жағдайда тек аман қалу үшін ғана қызмет атқарады.
Ұлы Теңіздік жол турлары көп сұранысқа ие емес, себебі ұшақпен саяхаттау әлдеқайда арзан, ыңғайлы және жылдам. Туристтердің жоқтығы тамақтандыру мен сувенирлік тауарларды өткізумен айналысатын шағын кәсіпорындардың күйреуіне алып келеді. Бұның бәріне тағы да жыл сайын орын алатын табиғи апаттар да қосылады, мысалы Квинсленд штатында болған су басу мен жиі болып тұратын жанбырлар мен өрттер.
Жалпы туристік саясаты қытай туристерін тартуға бағытталған. Сондықтан топтық турларды қытайлықтарға жеңілдіктермен ұсынады. Сонымен қатар Аустралия өзін шет елдерде жарнамалауына ерекше мән беріп, зор қаражат бөледі.
Аустралия өзін экологиялық туризм түрімен жарнамалауды негізге алған десек те болады. Себебі қазіргі тенденция бойынша көптеген туристерге таза ауа, белсенді туризм түрлері қызықтыруда. Содан келе туристерді жаңа табиғат, экзотикалық табиғат қызықтыруда. Соның бәрін Аустралияда кездестіруімізге болады. Сонымен қатар Аустралияда өсімдіктердің және де жануарлардың сан түрлерін кездестіруімізге болады. Олар қазіргі уақытта туризмнің ЖІӨ пайыздық өлшемін жоғарылатуға барынша күш салуда. Олардың халқы көбіне иммигранттардан тұрса да, олар қонақжайлығы бойынша дүниежүзінде 9-орынды иеленеді. Олар туристерге өте қолайлы жағдайлар туғызуға тырысуда. Бұдан басқа Аустралия өзін инвестицияға өте қолайлы ел ретінде де жарнамалайды. Мысалы, Қытайлық инвесторлар Аустралияның 2 аралын сатып алған, олардың бағасы 19 млн доллардан кем емес.
Туризмді мемлекеттік реттеу ерекшелігі

Ел үкіметі туризм саласының ел экономикасы үшін маңыздылығы мен рөлі түсіне келе, бұл саланы дамыту үшін көптеген іс-шараларды атқаруда. Мысалы 2012 жылы There's Nothing Like Australia (Австралияға ұқсайтын ештеңке жоқ) деп аталатын бағдарламаны қабылдады. Бұл бағдарлама елдің нағыз сұлулығын ашып көрсететін бірнеше тартымды бейнероликтерден және арнайы дайындалған веб-сайттан құралған. Бұл сайтта саяхатшылар өз демалыс уақытының видеолары мен суреттерімен бөлісе алады, сонымен бірге турагентті тауып, өз саяхатын болжай алады. Сонымен қатар екі рет Әлемдегі ең керемет жұмыс атты конкурс өткізіліп, жеңімпаздарға 6 айға келесідей лауазымдар берілді: Көңіл көтеру бойынша бастық, Табиғат қорғаушы, Дегустатор. Осындай лауазымдар беріліп, оның жалақысы 100 мың автралиялық долларды құрады.
Бірақ бүкіл идустрияны дамыту үшін бір маркетингтік іс-шаралар аз. Себебі Австралия қанағаттандыра алмайтын сұранысты көтеру үшін қомақты қаражатты жұмсау өте орынсыз. Туристтерді орналастыру және тамақтандырудағы барлық жағдайды қамтамасыз ету керек, сонымен бірге жұмысшыларды оқыту қажет, транспорттық жүйені дұрыс ұйымдастыру қажет. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аустралия материгінің ашылуы мен зерттелу тарихы
Аустралия құрлығының ашылуы
Аустралия
АВСТРАЛИЯ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Географиялық орнының физикалық географиялық ерекшелігі
Австралия кқұрлығы
Австралия материгі
Австралияның экономикалық- географиялық жағдайы
Аустралияның табиғат зоналары
Қазақстан мен Канаданың байланыстары
Канада мемлекетіне экономикалық – географиялық сипаттама
Пәндер