Бақылау түсінігі және оның түрлері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

  1. Бақылау түсінігі және оның түрлері.
  2. Бақылау жүргізу әдістері.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді. Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және сауаттылығына байланысты. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады.

  1. Бақылау түсінігі және оның түрлері.

Бақылау - зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға орай алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге бөлінеді:

  1. міндеттері мен мақсаттарын айқындау;
  2. бақыланатын объект, оның элементтерін жəне ситуацияларын таңдастыру;
  3. бақылау жəне оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы əрі тиімді тəсілдерді іріктеу;
  4. байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру;
  5. жинақталған ақпараттарды өңдеу жəне дəйектеу.

Бақылаудың негізгі міндеті - тәжірибе мәселесіне жауап беретін ғылыми-зерттеу мәселелерін дұрыс анықтап алу. Бақылау әдеттегідей алдын-ала белгіленген жоспар бойынша нақты бақылау нысандарын анықтау арқылы жүзеге асырылады. Мақсатты түрде бағытталған бақылау ғылыми қызметкерге қызығушылық тудырған құбылыстарды айқындайтын жағымды және жағымсыз факторларды жинастыруға мүмкіндік береді.

Бақылау түрлері: араласа бақылау - ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау- зерттеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық жəне жасырын бақылау; тұтастай жəне таңдамалы бақылау.

Бақылау - орындалуы тұрғысынан ең оңай əдіс, бірақ өзіндік кемшілігі де жоқ емес: көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нəтижеге зерттеушінің тұлғалық-əлеуметтік жеке -дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайылылықтан ауытқуына себепші болуы мүмкін.

Бақылауды жіктеудің түрлі жолдары бар. Бақылау жиілігіне қарай тұрақты, қайталанбалы, біржолғы болып бөлінеді.

  • Тұрақты бақылау, мысалға белгілі бір уақыт жиілігінде кейбір пән бойынша сабақты қамтиды;
  • Қайталанбалы белгіленген мезгіл аралығын қамтиды;
  • Біржолғы - бір сабақтағы көрініс қана тіркеледі;

Нысанды қамту көлемі жағынан тұтас және тұтас емес бақылау болып бөлінеді. Бірінші жағдайда барлық зерттелетін нышандар бақыланса, екіншісінде, оның бөлігі ғана. Мәлімет жинау тәсіліне қарай бақылауды тікелей және қосалқы деп бөледі. Тікелей немесе тура бақылауда зерттеуші бақылау кезінде көрген деректерді тіркейді. Қосалқы немесе жанама бақылауда нысанның өзі емес, тек оның нәтижесі бақылауға түседі.

Бақылаудың қосылған түрі болады, мұнда зерттеуші бақылау жүргізілетін топ мүшесі болып қосылады. Және «қосылмаған» түрі болады, яғни «сырттан» (инкогнито) . Сонымен қатар тұтас, таңдамалы түрлері болады.

  1. Бақылау жүргізу әдістері.

Бақылау жүргізудің келесідей әдістері бар:

Өзін-өзі бақылау адамның өзін-өзі бақылау әдісі. Бұл әдіс өзіне-өзі есеп берудің негізінде жатыр. Ол көбінесе қосымша ретінде қолданылады.

Сауалнама - арнайы дайындалған жауаптар және зерттеудің негізгі міндетіне сәйкес сұрақтар негізінде ақпарат алудың эмпирикалық әлеуметтік-психологиялық әдісі. Сауалнаманы дайындау - кәсібилік пен жауапкершідікті талап ететін іс. Сауалнгіма құрастыруда:

  1. сұрақтардың мазмұны,
  2. олардың түрі - ашық немесе жасырын, соңғысына «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру қажет,
  3. олардың тұжырымдалуы (анықтылығы, жауаптарға көмек берілмейді, т. б. )
  4. сұрақтардың саны мен реті ескеріледі. Педагогикалық тәжірибеде сауалнамаға 30-40 минуттан аспайтын уақыт беріледі. Сұрақтардың тізбектелу тәртібі көбінесе кездейсоқ сандар тәсілімен анықталады. Сауалнама ауызша-жазбаша, топтық-жеке бола алады. Сауалнама материалдары сапалық және сандық өңдеуден өтеді.

Әңгіме әдісі . Бақылау мәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен материалдармен толықтырады. Әңгіме әдісін дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар жасап, онда негізгі сұрақтар мен жаңа сұрақтардың және әңгіме жасаудың әдістері мен тәсілдерінің нақты көрсетілгені жөн.

Сұхбат - әңгімелесудің ерекше түрі ретінде, ол туралы хабарлар, сұхбат алынып отырған адам туралы аңпарат алу үшін ғана емес басқа да адамдар, оқиғалар, т. б. туралы мәліметтер алу үшін қолданылады.

Анкета . Бұл - арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауап нұсңаларының қатал логикалық құрылысы. Анкета мүмкін деген бірнеше жауаптары бар жабық сұрақтардан тұрады. Егер анкетадағы сұрақтардың жауаптары болмаса, онда ол ашық сұраңтар деп аталады. Жабық сұраңтарға қарағанда, ашық сұрақтарға статистикалық талдау жасау қиынырақ. Анкета әдісі, көбінесе, адамдардың бір-біріне, оқиғаларға, іс-әрекет, пікірлерді зерттеу түрлеріне деген қатынасын анықтау үшін қолданылады.

Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, педагогикалық процесті әдейі зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Педагогикалық эксперименттерге сүйеніп, зерттеуші оқытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін, формалары мен мазмұнын тексереді. Эксперимент зерттеулердің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін педагогикалық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметтерін салыстыру үшін екі объект алынады. Олардың бірі - эксперименттік, екіншісі - бақылау объектісі деп аталады.

Туристік шара бойынша анализ жүргізу

«Методика» деген сөз грек тілінен пайда болған «метод» деген сөз - «бір нәрсеге жол» деп аударылады. Методиканың жалпы ұғымы - алдына қойған мақсатқа жетуі. Ал, «экскурсия» (excursio) латын тілінен аударғанда «серуендеу» деген мағынаны білдіреді.

Экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көруі. Негізінен бұл пән оқу үрдісіне Батыс Европа және Ресей оқытушылары арқылы ХVIII-ХІХ ғғ. енгізілді. 1910 жылы Мәскеуде «Орталық экскурсиялық комиссия» құрылды оқушылар мен оқытушыларға қызмет көрсету үшін. Совет үкіметі экскурсияны оқу үрдісінде ең қажет элементі деп қарастырды. 1918 жылы Мәскеуде «Орталық оқушылар экскурсиялық бюро» құрылды. Экскурсиялар туризмде мәдени-танымдық түрі ретінде, құрама бөлігі ретінде 20-жылдардың сонымен 30-жылдардың басында өрлей бастады. 1928ж «Советский турист» АҚ құрылды, 1930 ж «Бүкілсоветтік пролетарлық туризм және экскурсия еркін қоғамы» (ОПТЭ) болып өзгертілді. Көптеген қалаларда «Норкампросаның» эксурсиялық-туристік орталықтары ашылды. 1936 ж бастап туризм және экскурсияны дамыту төрағалығын ВЦСПС және оның өкілдігіне иық артылды.

Экскурсия методикасының негізгі ережелері

  • Экскурсия маршрутын жасау
  • Жаңа экскурсияны дайындау
  • Объектілерді таңдап алу
  • Маршрутты аралап шығу
  • Бақылау мәтінін дайындау
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тасымалдау шарттың түсінігі мен жүйесі
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
«Статистика» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
Жалға алу шарты
Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулар
ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz