Буддизм – адамгершілік-этикалық ілім


ТАҚЫРЫБЫ: «БУДДИЗМ - АДАМГЕРШІЛІК-ЭТИКАЛЫҚ ІЛІМ»
Мазмұны
Кіріспе
- Буддизм сенімі
- Буддизм этикасы
- Буддизм этикасының мақсаты
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Буддизм (санскритше - बुद्ध धर्म, buddha dharma Будданың ілімі) - дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б. з. б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрд-қа жуық адам ұстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі болып табылады.
Ал Будда (санскрит बुद्ध) - будда дінінің негізін қалаған әулиенің лақап аты. Шын есімі - Гаутама Сиддһартһа. Солтүстік Үндістанда (бүгінгі Непалжерінде), шак (сақ) халқы патшасының отбасында дүниеге келген. Будда (біздің заманымыздан бұрынғы 623-544 ж. ; санскритше Буддһа көкірегі ояу, көзі ашық деген ұғымды білдіреді) сол кездері Үндістанда үстемдік құрған Веда ілімін мойындамай, аһимсаны (тіршілік иелеріне жамандық жасамауды) уағыздаған.
Будда (санскрит тілінен аударғанда"оянған", "көзі ашық" деген мағынаны білдіреді) буддизм іліміндегі - айқындыққа (бодхиге) жеткенді айтады. Сиддхартха Гаутама (айқындыққа жеткен кезден Будда Шакьямуни есім алған), біздің заманымыздан бұрын шамамен 623-543 жылдары өмір сүрген, және бодхиге 588 ж. жеткен болатын, ең алғашқы да, ең соңғы будда да болып саналмайды. Буддизм ілімінің көзқарасы бойынша, будда деп кез келгеннің карманың жақсы, яғни оң санын айтарлықтай мол жинаған және ақиқатқа (дхармаға) көз жеткен тірі жанды айтады. Ғалам тарихында осындай тәріздес көптеген тірі жәндіктер жандар болатын. Осылайша, Гаутама Будда өтіп кеткен уақыт кезеңде де, әлі болашақта талай көптеген буддалар қатарының бір үзбесі болып табылады. Оның алдында Дипанкара будда болған еді, ал одан кейін келетін будданың есімі - Майтрейя.
- Буддизм сенімі
Ол діни шығармалар жинағы "Трипитакада" ("Үш себет") баяндалған. Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Буддизмде дүниені жаратушы құдай жайындағы идея айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт асыл ақиқатты білу қажет:
- Азап бар;
- Азапта себеп бар;
- Азапта соң бар;
- Жол азаптың тоқталуы бар.
Аһимсаны жүзеге асыру үшін Буддизм Веданы жоққа шығарады. Будда іліміндеэтика мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Буддизмнің негізіне қоршаған ортадан бөлінбей қарастырылатын жеке адамды дәріптеу және болмысты бүкіл дүниемен байланысып жатқан ерекше психологиялық процесс ретінде қабылдау принциптері алынған. Буддизмдегі негізгі ең ірі бағыттар - хинаянажәне махаяна. Буддизм өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу - өлу айналымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б. з. б. V ғ. - б. з. басы) ; екінші, бодхисаттва - құтқарушы көмегімен құтылу; үшінші, махаяна (б. з. V ғ. -ына дейін) кезі. Махаяна негізінде будда (ісөкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (V ғ. -дан кейін) . Ол важраяна деп аталады. Азияның көптеген елдерінде Буддизм қазіргі кездің өзінде қоғамдық және жалпы мемл. өмірге елеулі ықпал етіп отыр. Бұл елдердің бірқатарында Буддизм мемлекеттік дін болып есептеледі. Империалистер Буддизмнің ықпалын ескере отырып, бүл дінді өзінің реакцияшыл саяси мақсаттарына пайдалануға тырысады. Соңғы он жылдықта необуддизм немесе метабуддизмнің бірқатар жаңа бағыттары пайда болды. Қазіргі уақытта будда ұйымдары Азия елдерінде әртүрлі әлеуметтік рөл атқарады. Олардың кейбіреулері отаршылдыққа қарсы, ұлттық тәуелсіздік үшін күреске белсене қатысуда. Біздің елімізде будда ламаиттердің ізін қуушылардың шағын топтары Қалмақ, Бурят, Тывада тұрады. Буддизмң көзқарасына дүниеден безушілік, жеке даралық тән. Қанаушы қоғамда байлық, күш, өкімет кімнің қолында болса, соған жалбыры- ну жер бетіндегі азап шеккені үшін күнәдан қүтқарады деп түсіндіреді. Сондықтан адам өткінші, жалған өмір сүретін мысал денесін ойламай, мәңгі өмір сүретін жанын құтқарудың қамын ойлауы керек. Бұл - қанаушылармен келісуді уағыздайтын Буддизм діннің реакциялық жақтарынан бірі. Ол дінді қабылдаған елдердің өміріне едәуір ықпал жасады. Буддизмң таралуы синкретикалық мәдени комплекстердің құрылуына әсер етті. Бұлардың жиынтығы будда ұйымы - 1950 ж. құрылған буддашылардың дүниежүзілік бауырластығы.
2. Буддизм этикасы
Әлемдік діндер аренасына буддизм б. з. д 6 ғасырда келді. Сол уақыттан бері Оңтүстік Азия жерінің этикалық канонына айналды. Буддизм дінінде негізігі 4 ақиқат және сегіздік жол деп аталатын философиялық ұғымдар бар. Бұлар будданың негізгі философиялық мектебінің бастауы болып табылады. Буддизмде барлық категория өзара тығыз байланысты екенін түсіну өте маңызды. Сегіздік жолды кейде табалдырықтардан тұратын, баспалдақ сияқты көрсетеді. Сондықтан әрбір табалдырықтан көтерілген сайын адамға даму мүмкіндігі туады деп ойлауымыз мүмкін. Әйтседе бұл адасу. Будда айтқанындай, ондай прогресті әрбір категорияны тәжірибелі түрде меңгерсеңіз (және әрбір аспектімен) басқаларымен қоса, сонда ғана сіз рухани баиисыз.
Мысалы: адамгершілікті мінез құлық бізге даналық жағдайына жету үшін керек екенін ұмытпауымыз қажет, дәл осы сияқты даналықсыз, сана дисциплинасыз, біз адамгершілік мінез құлқына жете алмаймыз. Барлығы бір-бірімен тығыз байланысты, дана адам- қайғыға батқан адам, қайғыдағы адам-Дана адам. Сегіздік жол- сапарымыздың бағыт бағдары берілген карта сияқты, егер оны іске асыра алсаңыз, ол сізге арғы жағаға өтетін қайық болады.
Будда өз ілімін “көптің пайдасына, көптің бақытына, әлем азабынан берілген” деп айтты. Егер біз осы ілімді оқи отырып адамгершілік мінез құлқын, қалыптастыра алмасақ, онда бұл пайдасыз, керек емес ілім. Қайғыға ортақтаса білу, буддизмді үұстанушының ең жоғарғы жетістігі, демек, адамгершілік мінез құлық соңғы мақсат емес, ол тек қана адам өзіндегі қайғыға ортақтасатықты дамыту үшін, қажет құрал. Адамгершілікті мінез-құлық адамда махаббат, рақымдылық, мейірбандылық, және дұрыс өмір сүру деңгейімізден. Бұл істеріміздің арқасында біз басқа ааадамдардың қайғысын, мұңын жеңілдетеміз, және өз қайғымызға да көп көмегі тиеді. Бұдан басқа, біз өзімізді тазартамыз. Сегіз жолдағы үш аспектіні білу және іске асыру біздің элементарлы парызымыз бен дисциплинамызға теңеспеуі қажет. Бұл әрине, дұрыс бірақ бастысы біздің іс әрекетіміздің шынайы, еркін болуы, керек біз қуанышпен шын жүрекпен әрекет етуіміз керек. Егер біз сегіз жолдың ережелерін ұстанатын болсақ онда біз ізміз өмір сүретін ортаның қайғысын неғұрлым жеңіпдетеміз. Бұл жерде себептерді анализдеу қажет, бұл бізге, мұның неге өте қажет екенін түсіндіреді. Ап-айқын біздің іс-әрекетіміз, біздің тағдырымыздың, өміріміздің қандай болатынына әсер етеді. Егер кімде кім сөзбен немесе ісі мен бізге қатысты әділетсіз іс жасаса, біз өзімізді ренішті сезінеміз. Біздің жанымыз ауырып, ашуға булығамыз. Ішімізден оған дәл сондай етіп қайтару деген тілек пайда болады. Біздің рухани жағдайымыз мұндай да тұқрақсыз деп сипаттауға болады. Біздің эмоцияның әсеріне жығыламыз, ол кезде істің соңы туралы ойланбаймыз. Егер мұндай әрекеттер әр адамның тарапынан өсе беретін болса, онда бүкіл қоғам тез арада индивитті антогонизмнан әлеуметтік ретсіздікке ұшырайды, ал бұл дегеніңіз соғыс. Бұл процесті басқа жаңа бұратын жалғыз жол - бұл әрекетке жеке өз басыңа жауапкершілік алу. әрбір жеке тұлға өзіне осындай осындай шешім қабылдамайынша жағдайды өзгерту мүмкін емес. Осылайша дуккханның әрекеті көрінеді, жіне жарық дүниеде бізден басқа ешкімнен көмек сұрай апмаймыз. Шила-жалғаз. Дуккхаға қарсы шыға алады, ақиқат бақытқа жететін альтернативті басқа жолда жоқ.
Шила - бұл буддист мағынасында этикалық болып қабылданған, немесе адамгершілік, мінез-құлық, “сегіз жолда” бір-бірімен тығыз байланысқан әділ де шыншыл қадамдар. әйтсе де буддистер өсиеттің дұрыс орындалуына әрқашан да өзін-өзі жетілдірудің қажет екенін түсінеді. Өсиеттер бағдар береді деп те айтуға болады. Бұл бағдарды біз күнделікті әрекетімізге ұстануымыз керек. Басты мақсат- өз тәжірибемізде сіңісуімізге қажет. Бхавана немесе рухани даму- бұл өте тереңге тығылған, бұл өзін-өзі жетілдіру жолына түскен адамның ішінде болатын нәрсе. өзін өзі зжертілдірудің бастысы - шеберлік әдісі, мұның көмегімен әлемге, адамзатқа, әсер етуге және бақытқа жетуге болады. Біздің қиыншылығымыз біз өмірде қалаған нәрсемізге жете алмаймыз, демек біздің бақытқа деген ұмтылысымыз толық қанағаттандырылмайды. Неге? Бізге әрқашан да біздің қалауымызды төмір нәсіп еткен мүмкіншілігімізге байланыстыруға тура келеді. Сұрақ туындайды біз не қалаймыз? Біздің қалауымыздың орындалуы өміріміздің ұзақ периодын қамтыды. Ерте ме кеш пе біз қанағаттанбаушылықты сезінеміз, өйткені ойымыздағыға жете алмадық. Осыдан келе біз азапқа түсеміз, азаптан құтылу үшін құштарлықты тоқтатуымыз керек. Құштарлықтан арылу жолы қасиетті сегіз нақыл. Бұл жол нирванаға бастайтын жол. Онда сіз мәңгілік рахатта боласыз. Нирваналық деңгейге жеткен адам сансарадан құтылады. Бірақ сансара басқа заттармен, құбылыстармен себептілік заңы бойынша бөлінеді. Сансараның көпжақты себебі мен бастауы, біржағы индивидуалды санаға деген сенімді қалыптастырады, біржағы түсінбеушілікті қыздырады. Түсінбеушілікке бес негіді эммоционалдық тұрақсыздық, бес морылдың мешеулік дәнекер түрткі болады. Бұлар:
1 Мағлұматсыздық
2 Құмарлық
3 ашушаңдық
4 Тәкаппарлық
5 Қызғаншақтық
Нирвананың белгісі- бірлікке, сансараның белгісі индивидуалды “менің” немесе оның санасының көптігіне жету үшін будданың шындыққа жеткізер төрт өсиетін, сыңар жақтылықтан сақтайтын екі бағдардан, адамгершілікті толықтыратын сегіз талапты орындау қажет, шындыққа жақындататын жолдар:
1 Қанағатсыздық, қобалжу
2 Ізденіс пен үміттің себептілігі
3 Ынтаны тоқтату
4 Талпынысты тоқтататын әдіс
Әйел жандылық пен өзін - өзі азаптан қорлауда сыңаржақтылық күш алшақ. Нирванаға жеткізер сегіз біз атап көрсеттік.
Будданың өсиетін күш-көрсетуден, брахмандардың басшылығынан сақтанғысы келгендер жұбаныш етті, оны үлкен қорған көрді. Будданың басты-идеялары адамдардың әсіресе монахтардың, теңдігі туралы монархтың қайырымды басқаруы туралы шыдамдылық туралы, этикаға жүгіну туралы ұсыныстары, түрлі қауымдастықпен кастылардан, тіпті патшалардан адамгершілікті қолдаушылардан қолдау тапты. Будданы жақтаушы алғашқы қауымдастықтың қатарында тақуалар тобы алты адамнан артық, кедейлер (бхикшу) тобы, мохархтар (сангха) болды. Қауымдастыққа елуге тиым салынбаған. Оның мүшелері, біріншіден, бес діни антты орындауға уәде береді.
1 Өлтірмеу керек
2 Ұрламау керек
3 Алдамау керек
4 Зинақырлық керек
5 Мас болмау керек
Екіншіден, кедейлердің тұрмысын садақа жинайтын ыдысы, су ішетін табағы, ұстарасы аса таяғы құрады, оларға басқа заттарды иемденуге рұқсат болмады.
Үшіншіден: монастырь мүшелері отбасынан, кастылық тегінен жеке меншігінен бас тартуға ең болмағанда монастырьде болған кезде бас тартуға тиісті.
Төртіншіден: монахтардың өздері тағы да міндетті уәде қабылдады.
- Өлең айтып, билемеуге
- Жұмсақ төсекте ұйықтамауға
- Кез-келген жерде тамақтанбауға
- Пайда іздемеуге
- Сасық немесе өңсіз боялған заттарды пайдаланбауға міндеттенен алды.
“Шынайы буддизм-деп жазды Н. Х. Сид, -теориялық мазмұны адамгершілік болып табылады, бұл тнрминнің астарында позитивті адамгершілікке жақындаушылық бар”
Буддизмді жақтау дәлелі ретінде оның аппологенттері оның терең адамгершілік моралдарына сүйенеді, биік гуманизмді айтады. Егер тіпті түпкі мақсаттан бас тартып, махабаттың шыңына шығу үшін, өзін-өзі құрбандыққа шалуға зорлықты түсіндіру кісі өлімі, онда осы талаптардың бәрін тек қана шынай мәнін антогонистикалық қоғамда еңбек еткен, класстық позициядан түсінуге болады.
Буддизм адамгершілігінде, адамның рухани байлығы өте жоғары болуы керек. Мысалы буддизм ережесі бойынша “Егер сені таспен атып жатса, егер осындай жағдай бола қалған жағдайда сен, “Олар жуас және мейірімді, себебі олар мені темірмен не болмаса өткір қылышпен соғып жатқан жоқ” деп ойлауың қажет. ” Егер тіпті болмай буддисті өлтіруге дейін барса, ол өлтірушілер туралы “Олар мейірімді және жуас, өйткені олар мені осы лас өмірден, мына денеден босатып жатыр” деп ойлайтын еді. Мұндай өсиет қаналушыларды рухани тұсады, олардан толық көнгіштікті қанаушылар талап етті. “Темір шынжырды, ауыр шынжыр деп атама” - деп ақыл айтты құлдарға буддизм. “Өзіңе өзің қожа бол (демек өз құмарлығыңа) сонда қожа саған би болмайды” деп Г. Ольденберг буддизм адамгершілігінің талаптарына “Үздіксіз өзін-өзі тәрбиелеу” ретінде анықтама берді. Қарсыласпау өсиеті құтқарылу жолы болған идеология буддизмді икемді етті, ол класстың қоғамға тез бейімделетін болды. “Өз қасиеттеріңе сен өзің кінәлісің” - деп үйретті буддизм қаналу шыны. Сондықтан болашақта қиналысқа шыда және одан арылудың жолын ойла”. Құлдар бір мәтінді оқыды ол: “оларға не берсе, соған разы болуы керек, өз жұмысын жақсы атқару мырзалары туралы жаман сөз айтпау!” Мұндай моральді талаптар көріп отырғаныңыздай сол кездегі билік басында да өте тиімді қолданылған.
Әйтсе де буддистік ұғымда “біреуді өлтіру” “біреудің өмірін алу” тірі затты жою деп қарастырады. Өсиетте айтылған адам тірі нәрсеге айбат шегуге, жапа шектіруге яки өлтіруіне тыйым салынады. “Тірі нәрсе” дегеніміз “Өмірлік қуаты бар мақұлық” демек оған айналамыздағы заттың бәрі адам сияқты қорғанышқа алынады. “Өмірін алмау” ойланып қасақана өлтіре ме әлде сөзбен немесе іспен өлтіруге әрекет жасайды ма.
Егер аңдар, жәндіктер туралы айтар болсақ онда кіші жәндіктен гөрі үлкенін өлтірген дұрыс. Себебі үлкенін өлтіруге сізден күш, қуат талап етіледі, ал кішкентайын өлтіру ол әділетсіз болады.
3. Буддизм этикасының мақсаты
Буддалық этиканың басты мақсаты - мынадай жағдайларды өзгертуге бағытталады: мен оны бұдан жетілген түрге жеткізе аламын, өзіммен және басқалармен тыныштық және бейбітшілікті ұстана отырып. Буддалық этикалық негізі карма да жатты, ол ертеден- ақ этикалық жүйе ретінде келе жатты, тіпті ол ежелгі үнділердің діни ойларының негізі де болды. Бірақ буддизм, джайнизм сияқты, өз ілімінде этикалық сәттерді аса қадағалады, осылайша ол этиканы өз жүйесінде мінез-құлық нормасы және фундаменті етіп қалады.
Авидьядан айрылу демек буддалық ілімге қол жеткізу, тура осы қатаң көңіл бөлінген этикалық стандартты барлық өмір сүрушілердің негізінің түп негізі ретінде қабылдауды білдірді. Бірінші кезеңде бұл буддизмнің әдептеріне демек монахтарына қатысты болды, саналы және мақсатты түрде нирванаға ұмтылғандар үшін маңызы зор болды. “құтқарылуға тар жол”, “Кіші жол” діни топтар Гаутама Шакьямуниге ізбасушылар және жақтаушыларды дайындап берді деп айтсақ та болады. Нирванаға жетуге құштарланған монахтарларға мінез-құлық кодексі ең бірінші этикалық нормаларды сақтау болды. Және ең бірінші бес ант және басқа да шектеулер және тыйымдар оыс этикалық жүйеге келіп тіреледі. Оысншама кең және шектеулерді сақтаудағы мәні неде? Біз айтып өткеніміздей, Карма заңында Егер де джайнадағыларға карма жабысқақ материя болса (ол ешқалайда оның этикалық мазмұнын түсірген жоқ және джайнизмдегі биік этикалық стандартын төмендетпеді), онда буддистер, ежелгі үнділік дәстүр сияқты карманы сума сияқты қарады (мейрбандардың және пайғамбарлардың қоржыны сияқты) ол тек қана қазіргі кезеңде емес, оның бүкіл қайта туылу кезеңдерңнде де.
Буддалық концепция карма туралы буддизмнің этикалық нормаларына өзіндік өздерін және ықпалын қалдырды, карма астарында тек қана іс-әрекет емес, сонымен қатар қаншама саналы іатер және жақсы ниеттер моральді, (кусала) және аморольді(акусала) қалыптасты. Түрлі сананың жүйеленген тыңғылықты жұмыс жасалынған түрлері де болды, туылуға позитивті бейімделген, сол сияқты негативті (зиянды) кармалар. Сонардың ішінде бірнеше түрі қорытындылаушы ретінде ерешеленеді. “Жерлік емес сана”, “Даналықтың санасы” джайналықтар сияқты мақсаттары, кармадан құтылу біржолата және сонымен нирванаға жету жолын қамтамасыздандыру.
Карма заңы оның буддалық интепритациясында үлкен рөл атқарды, мирян буддистер ұстанатын этикалық стандартта қатаю, біріктік енгізеді. Мейлі олар монахтың жолға түспей-ақ қойсын және нирванаға да ұмтылмайды делік, - әрнәрсенің өз уақыты бар. Бірақ әркім жақсылап сезінсін, ол бүгінгі күні ол міндетті оның мүмкіншілігі өзінің болашақ кармасына фундамент қалауға өте мол ол өзінің алдындағы туылуларында тұманданбаған сана, мөлдір және нық мүмкіндіктер нирванаға жету жолдарын қамтамасыз етуі керек. Ал бұл үшін әркім өзіне осындай мейірімді жол таңдауы керек, жақсы карма үлкейіп, ал негативті карма әлсіреуіне жұмыс жасау және культивациялауы қажет. Шындығына келсек, бұл буддизмге жаңалық емес. Бірақ буддизм бұған ерекше көңіл бөлді. Ол үшін шыңайы байқау да жеткілікті, буддистер - джайналар сияқты- ахимсаның заңын қатал ұстанды. Және тек қана ахимса емес, жіне де зиян келтірмеу принципін де тіпті зұлымдыққа қарсыласпау, бұлардың бәрі буддизмге этикалық жетекші постулаттары айналды, ал сосын индуизмге де.
Джайнизмдегі сияқты, ерте буддизм этикасы оның бастапқы формасы хинаяна болды, оның елеулі әлуметтік резонанстарына қарамастан, негізінен индивидуалды, тіпті анығырақ айтсақ эгоисты: әркім басқаларға қатысты қарым-қатынаста өзін солай ұстанды, және қоғамға жақсысы, бұл оның өзіне керек болды, оның кармасын жетілдіру үшін және ірине одан босану үшін.
Буддистер барлық моральді құндылықтарға мына бес принцип бойынша қарайды:
1 ақылдың тазару және даналықтың дамуы
2 Өсиеттерді ұстану
3 Карма заңының ақиқаттылығы және қайта туылулар шындығы
4 бағыт және шебер методтар
5 Мейірімділіктің дамуы және қайғыға ыртықтасу
Егер адам өмірінде осы принциптарға қалаптасқан болса, онда оның барлық істері әлемге нұр болар еді. Шила (этикалық іс-әреке дхарманың іске асуын қамтамасыз етеді. (ақиқатты) ) егер біз күнделікті өмірімізде шилаға сүенсек, егер біз моральді ережелер мен әрекет етсек, онда әлем ретсіздіктен және аурудан құтылар еді.
Буддистке ненің жақсы, ненің жаман екенін айырудан асқан мәртебе жоқ. Сіз жазбаларға сүйенуіңіз немесе белгіпі шектеулерге жүгінуіңіз керек әйтсе де қабышлданған шешімге жауапкершілік тек қана сіздің мойыныңызда болатынын буддистік этика әрқашан есіңізге салып отырады Төменде- мен, мысалдар және осы ойды иллюстрациялайтын және буддалық этиканың басты назар аударатын мәселелеріне қатысты бағытталған мысал келтіремін.
Рейнкорнация идеясы, зиян келтірмеу идеясымен тығыз байланысты болғандықтан буддизм неліктен тірі затқа түсінушілікпен қарауға тырысатыны түсінікті.
“Чулла- волге” -нің алтыншы оның жолдарында былай делінген:
“Мен аяғы жоқ жәндікті жақсы көремін, Сонымен қатар ек і аяғы барды да, Мейлінше барлық, барлық жаны бар зат Барлық түрдің мақұлықтары Оларға ауырсыну әкелетін ешқандай затпен кездеспенсін,
Мейлінше оларға зұлымдық жақындамасын; ”
Буддизм этикасында әлдебір тіршілік иесін оның әкелетін пайдасына бола емес, оның осы тіршілікке ие болғаны үшін де жақсы көруі жоқ. Және же олар-жоғарыдағы өлең жолдарынан көріп отырғанымыздай бүкіл тіршілік иелеріне бір - бірінен бөліп жарып қарамайды. Айналадағы ортаға мұндай сүйіспеншілікпен қарау буддизм этикасының бас өсиеті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz