Ғылыми жұмысты рәсімдеуге қойылатын формальді талаптар



Кіріспе
1. Қазақстан Республикасында ғылыми.зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
2. Ғылыми . зерттеу жұмысының кезеңдері.
3. Ғылыми зерттеу жүргізу жоспары.
4. Ғылыми жұмысты рәсімдеу тәртібі.
Қорытынды
Пайланған әдебиеттер
Ғылым – бұл табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білімдерді алуға бағытталған зерттеу ортасы.
Қазіргі таңда, ғылымның дамуы ғылыми еңбек бөлінуі және бірігуімен, ғылыми мекемелердің пайда болуымен, экспериментті және зертханалық құралдармен тығыз байланысты. Еңбектің қоғамдық бөлінуі әсерінен ой және дене еңбегінің арақатынасы анықталғаннан бері ғылым пайда болды. Кәсіпорындарда ірі машиналар пайда болғалы ғылым кәсіпорынның белсенді факторы бола бастады. Ғылыми-техникалық революция тұрғысында ғылым түсінігі өзгерді, яғни ғылым техника дамуынан кейін емес, керісінше материалдық өндірістің негізгі күші болып табылады.
Қоғамдық өндіріске белсенді әрекет ете отырып, ғылым қоғамдық өмірдің барлық саласын сипаттайды. Материалдық өндіріс, экономика, саясатта, басқару ғылымы мен білім алуда ғылым қарқынды түрде дамуы керек.
1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
2. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
3. Шкляр, М.Ф. Основы научных исследований: учеб. пособие / Михаил Филиппович Шкляр.- 3-е изд.- М.: Дашков и К, 2010.- 242, [2] с.
4. Абдулина, А.Б. Типовая программа курса "Компьютеризация научных исследований": Алмагуль Бектасовна Абдулина; КазГНУ им. аль-Фараби.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2000.- 10, [2] с.
5. Кожухар, В.М. Основы научных исследований: учеб. пособие / В.М. Кожухар.- М.: Дашков и K', 2010.- 216 с.
6. Шкляр М.Ф. Основы научных исследований. Учебное пособие. – М.: издательско-торговая корпорация «Дашков и К», 2008. – 244 с.
7. Концепция государственной программы развития науки Республики Казахстан на 2007-2015.
8. 9. Андреев Г.И., Смирнов С.А., Тихомиров В.А. Основы научной работы и оформление результатов научной работы
9. Безрукова В.С. Как написать реферат, курсовую, диплом. – СПб, 2004.
10. Мухтарова К.С., Джумамбаев С.К. Методические указания по выполнению дипломной работы для студентов 4 курса специальности 5B050700 - «Менеджмент», КазНУ им. аль-Фараби, 2013 г.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
Рекреациялық география және туризм кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Ғылыми жұмысты рәсімдеуге қойылатын формальді талаптар

Орындаған:_______________________
Тексерген________________________

Алматы, 2016 ж.
Жоспар:
Кіріспе
Қазақстан Республикасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Ғылыми - зерттеу жұмысының кезеңдері.
Ғылыми зерттеу жүргізу жоспары.
Ғылыми жұмысты рәсімдеу тәртібі.
Қорытынды
Пайланған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Ғылым - бұл табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білімдерді алуға бағытталған зерттеу ортасы.
Қазіргі таңда, ғылымның дамуы ғылыми еңбек бөлінуі және бірігуімен, ғылыми мекемелердің пайда болуымен, экспериментті және зертханалық құралдармен тығыз байланысты. Еңбектің қоғамдық бөлінуі әсерінен ой және дене еңбегінің арақатынасы анықталғаннан бері ғылым пайда болды. Кәсіпорындарда ірі машиналар пайда болғалы ғылым кәсіпорынның белсенді факторы бола бастады. Ғылыми-техникалық революция тұрғысында ғылым түсінігі өзгерді, яғни ғылым техника дамуынан кейін емес, керісінше материалдық өндірістің негізгі күші болып табылады.
Қоғамдық өндіріске белсенді әрекет ете отырып, ғылым қоғамдық өмірдің барлық саласын сипаттайды. Материалдық өндіріс, экономика, саясатта, басқару ғылымы мен білім алуда ғылым қарқынды түрде дамуы керек.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҒЫЛЫМИ - ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Қазақстан Республикасының жоғарғы ғылыми мекемесі - елдің барлық жоғарғы оқу орындары мен ғылыми мекемелеріне қоғамдық және жаратылыс ғылымы салалары бойынша ғылыми жұмыстарды іске асыратын ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы болып табылады.
ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы тікелей ҚР Үкіметіне бағынышты. Академия мүшелерінің жалпы жиналысы олардың жоғарғы органдары болып табылады. Төрт жылда бір рет жалпы жиналыс академия жұмысынажетекшілік жасайтын Президентті, Президиумды тағайындайды.
Осы мақсатқа сәйкес Президиумда барлық ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз ететін ұйымдар құрылған. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясына өндіріс салаларының ғылыми-техникалық прогресстік жағдайына тікелей әсер ететін, ғылымның маңызды бағыттарын зерттеуді орындап отыратын бірқатар ғылыми-зерттеу институттары бағынады.

Жоғарғы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары
Еліміздегі ғылыми зерттеулердің көп бөлігі жоғары оқу орындарында орындалады. Осы мақсатта ғылыми зерттеулерді орындауға жоғарғы мектептің негізгі ғылыми ядросын құрайтын профессорлық - оқытушылар құрамы кең көлемде тартылады. Ғылыми зерттеулерді орындау әрбір оқытушының жеке жоспарына енгізіледі және мемлекеттік бюджет арқылы қаражат, зертханалық құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Ғылыми бағыттың дамуы үшін үлкен әсерін тигізетін жоғары оқу орындарында ғылыми мекемелер - проблемалық ғылыми-зерттеу лабораториялары ұйымдастырылады, ал кей жағдайларда жекелеген ғылыми-зерттеу институттары құрылады. Проблемалық лабораториялар мен ғылыми-зерттеу институттары үшін ғылыми-техникалық қызметкерлердің арнайы құрамы бөлінеді.
Кафедраларда, проблемалық лабораторияларда және ғылыми-зерттеу институттарында негізінен бастапқы және ізденушілік тақырыптар жасалады. Қолданбалы зерттеулерді ережеге сәйкес қосымша жұмыс уақытында (алты сағаттық жұмыс күнінің сыртында) қосымша ақы төлеу негізінде профессорлар мен оқытушылар орындайды.

Шаруашылық келісім-шарт негізінде зерттеулерді орындау үшін кафедралар белгіленген шектен тыс қосымша штат қызметкерлерін тартуға құқылы, яғни оқу-көмекші тұлғалар, аспиранттар мен студенттер.
Кафедралардың салалық министрлікпен байланысы тұрақты болып, ал өткізілген қолданбалы зерттеулер нәтижелі болған жағдайларда салалық минстрлік бөлген ғылыми-зерттеу лабораториялары ұйымдастырылады. Осылайша, елдің жоғарғы мектебі ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен мамандарды дайындаудан басқа ел үшін маңызы бар зерттеулердің үлкен бөлігін орындайды. ЖОО-да өткізілген зерттеулердің тиімділігі - кешенді ғылыми жұмыстарды орындауға жағымды жағдай туғызатын ғалымдар мен мамандардың қатысуынан байқалады.
Кафедралардағы, ғылыми мекемелердегі, жоғары квалификациялы ғалымдар жетекшілігіндегі ғылыми зерттеу концентрациясы, таңдау мүмкіндігі мен барынша дарынды студентті ЖОО-да қалдыру - халық шаруашылығы саласында жоғарғы ғылыми беделі бар ғылыми мектеп қалыптастыруға жақсы жағдай туғызады.

ҒЫЛЫМИ - ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

Ғылыми-зерттеу жұмысының кезеңдері келесіден тұрады:
* Техниклық-экономикалық негіздеме (ТЭН)
* Зерттеуге дайындық
* Жұмыс жоспары және зерттеу жүргізу
* Зерттеу нәтижелерін қолдану

Техниклық-экономикалық негіздеме (ТЭН)
Мәселемен жалпы танысу нәтижесінде тақырып қалыптасу барысында негізгі алғашқы алғыжоспар құжат - тақырыптың технико-экономикалық негіздемесі дайындалады және зерттеу жүргізіледі. Осындай негіздеме арқылы ғана тапсырыс беруші тақырыпты жоспарлап, қаржыландыра алады.
ТЭН-нің бірінші бөлімінде дайындау себептері (оның негіздемесі), бұрын алынған нәтижелер мен зерттеу деңгейін сипаттайтын қысқаша әдеби шолу келтірілген. Бұл шешім, мәселе әдістерін және зерттеу кезеңдерін нобайлауға, мәселенің орындалуының соңғы мақсатын анықтайды. Мұнда тақырыптың патентті қайта өңделуі мен лицензия сату сәйкестілігін анықтау жатады. ТЭН-ді құру сатысында ҒЗЖ-ның күтілетін нәтижесін қолдану аймақтары анықталады, сол салада тәжірибелік орындау мүмкіндігі, жаңа техника (ҒЗЖ мен НКЖ дайындық нәтижесіне байланыс) қолдану кезіне жобаланатын (әлуетті) экономикалық нәтиже анықталады. Экономикалық нәтижеден басқа ТЭН- де жобаланатын саяси нәтижелер көрсетіледі (жұмыс өндірісінің өсу шегі, өнім сапасы, қауіпсіздік деңгей және өндіріс тазалығының жоғарылауы, қоршаған орта мен табиғатты қорғауды қамтамасыз ету).
ТЭН құру нәтижесінде ҒЗЖ мен НКЖ орындалу қажеттілігі мен сәйкестік тұжырымдамасы келтіріледі. Технико-экономикалық негіздеме сала министрлігімен бекітіледі.

Зерттеуге дайындық
ТЭН бекітілгесін зерттеу мақсаттары мен мәселелері айқындалады. Отандық және шетел әдебиетінің библиографиялық тізімі, сәйкес бейіндегі түрлі ұйым тақырыбында ғылыми-техникалық есеп берулер, әдеби дереккөздер аннотациялары жасалады, керек жағдайда тақырыптар бойынша реферат дайындалады, зерттеу әдістері (теориялық, тәжірибелік т.б.) мен нақты зерттеуді қамтитын құбылыс, зат, процестер анықталады.
Теориялық зерттеу мақсаты заттың физикалық мағынасы болып табылады. Нәтижесінде физикалық жобасы құрылып, математикалық жобасы қайта жасалады және алдын-ала алынған нәтижесі талданады.
Тәжірибелік зерттеуді ұйымдастыру алдында мәселелер қайта жасалады, тәжірибе жоспары мен әдістемесі таңдалынады. Оның нәтижелілігі өлшеу құралдарының таңдау маңыздылығымен байланысты. Бұл мәселені шешуде нұсқаулар мен Мемлекеттік стандартты басшылыққа алған жөн.
Қолданатын әдістемелік шешімдер тәжірибе жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау ретінде қалыптасады.

Жұмыс жоспары және зерттеу жүргізу
Зерттеу әдістемесін дайындағаннан кейін тәжірибе жұмыстарының көлемі, әдістері, техникасы, еңбек сыйымдылығы және мерзімі көрсетілген жұмыс жоспары дайындалады.
Теориялық және тәжірибелік зерттеулерден кейін алынған нәтижеге жалпы талдау жүргізіледі, тәжірибе нәтижесі мен ғылыми болжам салыстырылады. Айырмашылық талдау нәтижесінде теориялық жобалар нақтыланады. Керек жағдайда қосымша тәжірибелер өткізіледі. Содан кейін ғылыми және өндірістік тұжырымдар қалыптасады, ғылыми-техникалық есеп беру құралады.

Зерттеу нәтижелерін қолдану
Тақырып дайындаудың келесі кезеңі зерттеу нәтижелерін өндірісте қолдану және нағыз экономикалық тиімділігін анықтау болады. Өндіріске іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеуді қолдану шеберханалар мен тәжірибелі зауыттарды, жобалық ұйымдарда, тәжірибелі-құрастырушы бюроларда жүргізілетін дайындық арқылы жүзеге асады.
Дайындық жұмыстары тәжірибелі-технологиялық немесе тәжірибелі- құрастырушы жұмыс түрлері: тақырып құру; дайындық мақсаты мен мәселелері; әдебиетті үйрену; тәжірибелік үлгідегі техникалық жобалауға дайындық; техникалық жобалау (техникалық жоба нұсқаларын сызба дайындығы мен есептерімен дайындау); жеке шығырлар дайындау, олардың жүйеге бірігуі; техникалық жобамен келісуі және оның технико-экономикалық негізделуі арқылы әзірленеді. Осыдан кейін еңбек жобасы (жобаның бөлшекті дайындығы) орындалады; тәжірибелі үлгісі дайындалады; оны байқып көру, дәлелдеу және реттеу жасалады; өндірістік және қабырғалық сынақтар өткізіледі. Тәжірибелі үлгіні жөндеу жүргізіледі (өндірістік сынақ талдауы, жеке торапты қайта жасау және айырбастау).
Кезеңдер бойынша табысты орындалған жұмыс үлгісін мемлекет сынағына ұсынып, нәтижесінде үлгі топтамалық өндіріске өткізіледі. Жұмысты жасаушылар бақылау жүргізіп кеңес береді.

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУ ЖОСПАРЫ
Тақырып өзектілігін анықтау
Әр түрлі материалдарды оқып, сұрау арқылы өз тақырыбыңызға байланысты проблеманы анықтаңыз. Ол проблеманың неге өзекті екенін негіздеу.
Таңдалған тақырыппен айналысатын және оны шешуге жауапты ұйымдармен жеке мамандарды анықтау. Басқа тәуелсіз ортаның пікірін тыңдап көру керек.
Ақпарат жинау.
Тақырыпты анықтап алғаннан кейін қажетті әртүрлі ақпарат көздерін анықтап, тізімін жасау керек.
а) Кітапханадағы газет, журналдар, интернет, оқулықтар мен әдебиеттермен жұмыс жасау
ә)Жеке мамандар мен ұйымдардан интервью алу.
Проблеманы талдау, зерттеу.
Жиналған материалдар бойынша талдау жасау және проблеманың шешу жолдарын қарастыру қаже
а) Басқа ұйымдар мен жеке мамандар бұл проблеманы қалай шешуде?
б) Ол шешімдер қандай оңтайлы нәтижелер беруде?
в) Немесе нәтижесі неге ойдағыдай болмай шықты?
Түрлі ұйымдар осы проблеманы шешуде қандай жоспар ұсынып отыр? Өзіңіздің жеке көзқарасыңызды білдіру арқылы баға беріңіз.

Іс-әрекет жоспарын құру.
Осы проблеманы шешуге өзіңіздің жасаған жоспарыңызбен, ұсынысыңызға басқару ұйымдарының назарын аудару үшін не істеу керек деп ойлайсыз? Сол іс-әрекеттердің жоспарын жасаңыз.
Осы проблеманы зерттеуде жинақтаған барлық материалдар өзіңіздің зерттеу портфолиоңызды құрғанда керек болады.
Портфолио - сіздің тақырыбыңыз бойынша арнайы өзіңіздің көзқарасыңызды білдіретін жинақталған материалдар құрамы. Ол сіздің тақырыбыңыздың қаншалықты терең зерттелгенін көрсетеді. Оған мынадай материалдар кіруі мүмкін:
1.Газет, журналдардың қиындылары
2.Интернет материалдары
3.Өзіңіздің пікіріңіз бен сараптамаларыңыз, жазба жұмыстарыңыз
4.Интервью материалдары мен сараптамалары
5.Мамандардың пікірлері
6.Аудио, бейне материалдар
7.Статистиканы немесе басқа мәліметтерді көрсететін кесте, сызбанұсқа, графиктер мен диаграммалар, суреттер
8.Сіздің қысқаша баяндама- ұсынысыңыз.

Осы материалдар арқылы сіз мына мәселелерді көрсетуді ұмытпаңыз:
1.Осы тақырыппен жұмыс істеу барысында сіз нені үйрендіңіз?
2.Осы проблеманы шешудің альтернативті жолдары туралы не білдіңіз?
3.Осы проблеманы шешу үшін сіз қандай қоғамдық пікір тудырдыңыз?
4.Сіз айналысқан проблеманы шешудің жолдары туралы өз ұсынысыңыздың жоспарын презентациялап дайындалыңыз.

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТЫ РЕСІМДЕУ ТӘРТІБІ

1.1 Ғылыми жұмыс компьютер, принтер арқылы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт-қалыпты, Times New Roman 14.
Ғылыми жұмыстың мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағынан - 30 мм, жоғары жағынан - 20 мм, оң жағынан - 10 мм және төменгі жағынан - 25 мм. Айқындалып назар аударылатын терминдерге, формулаларға, теоремаларға, компьютерлік жағдайлардағы түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалануға рұқсат беріледі.
1.2 Ғылыми жұмысты орындау тәсіліне қарамастан басылған мәтіннің сапасы мен иллюстрациялардың, кестелердің ресімделу ЭЕМБ - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үш корпусты абсорбция қондырғы аппаратын шығын мен концентрациялар параметрлерін реттеуге арналған контроллерді программалау
Компьютерлік модельдеу түсінігі
Педагогикалық зерттеулердің сапасына қойылатын талаптар
Машинажасау мамандығының білім алушыларына Машинажасау мамандығына кіріспе пәнінен студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар
Академиялық жазу және мәтін
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Білімнің жаңа мазмұны негізінде ана тілі пәнінің оқыту ерекшеліктер
Ветеринария ісін ұйымдастыру
Жұмысты жетекшіге қол қоюға ұсыну
Пәндер