Лицензиялау. Туристік қызметті лицензиялау


Тақырыбы: «Лицензиялау. Туристік қызметті лицензиялау»
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
1. Лицензиялаудың негізгі түсініктері
2. Туристік қызметті лицензиялау ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Туристік қызметті мемлекеттік реттеудің мақсаттары, басым бағыттары және тәсілдеріне келетін болсақ, оның негізгі мақсаттары болып:
- азаматтардың туристік қызмет саласында демалу, еркін жүріп тұру құқықтарын қамтамасыз етуі;
- қоршаған ортаны қорғауы;
- туристерге тәрбие, білім беруге және оларды сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасауы;
- саяхат жасау кезінде азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін туристік индустрияны дамытуы;
- туристік индустрияны дамыту есебінен жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттің және Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстарын молайтуы;
- халықаралық туристік байланыстарды дамытуы болып табылады
Туристік қызметті мемлекеттік реттеудің басым бағыттары:
- туризмді Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары рентабельді саласы ретінде қалыптастыру;
- туристік ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін ескеру, табиғи және мәдени мұраларын қорғау;
- балалардың, жасөспірімдердің, жастардың, мүгедектер мен халықтың күнкөрісі төмен топтарының арасында туристік және экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгізу;
- туристік индустрияны инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасау;
- Қазақстан Республикасының аумағында келу туризмімен және ішкі туризммен айналысатын туристік ұйымдарды қолдау және дамыту.
Туристердің құқықтарымен мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасында туроператорлық, турагенттік, қызмет, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметтер лицензияланады. Туроператорлар мен турагенттер лицензия алу үшін туроператордың және турагенттің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуы қажет. Сақтандыру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады.
Осыдан келе бұл жұмыста лицензия түсінігі мен оның принциптері, мақсаттары, түрлерімен танысамыз. Сонымен қатар туристік қызметті лицензиялау ерекшеліктерін қарастырамыз.
- Лицензиялаудың негізгі түсініктері мен оның принциптері
Лицензия нысаны - лицензиялық келісім бойынша берілетін техниканың немесе технологияның нысаны.
Лицензиялық жүйе тауарлардың әкелімі мен әкетілімін ұйымдастыру нысандарының бірі. Мұнда импортшы немесе экспортшы өзінің тауарларының әкелімі немесе әкетілімі құқығын сатып алу үшін жазбаша рұқсат (лицензия) алуға тиіс, бұл орайда, лицензиялық алым алынатын болса, осы алымды төлейді.
Лицензиялық келісім лицензияларды, "ноу-хауды", тауар белгілерін, т. б. пайдалану құқығын беру туралы келісім; Бұл келісімде патенттік лицензия беру; бірнеше патентті және олармен байланысты "ноу-хауды" кешенді түрде беру көзделуі мүмкін.
Лицензиялық паспорт - нысанды лицензиялық келісімшарт бойынша шетелдік сатып алушыға сатудың заңдылығын негіздейтін құжат. Онда лицензия пәніне қатысты техникалық құжаттардың көлемі; ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қажет шығындар; лицензия нысанына кіретін өнер табыстар мен өнеркәсіп нысандарын патенттеу туралы мәліметтер және т. б. болады.
Лицензиялық төлемақы заңды немесе жеке тұлғаның меншік иесіне немесе бір нәрсені жасаушыға (авторына) осы меншікті коммерциялық мақсатта пайдалану құқығы үшін ақы төлеуі.
Лицензиялар мынадай белгілері бойынша бөлінеді:
1. Субъектілер бойынша:
1) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына берілетін;
2) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және халықаралық ұйымдарға берілетін болып бөлінеді.
2. Қызмет көлемі бойынша:
1) бас лицензия - қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға қолданыс мерзімі шектеусіз берілетін;
2) біржолғы лицензия - рұқсат етілген мерзім, көлем, салмақ немесе саны шегінде (заттай не ақшалай алғанда) жекелеген қызмет түрімен айналысуға, сондай-ақ «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзім шегінде ойын бизнесі саласында қызмет түрлерімен айналысуға және «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген көлем шегінде үлескерлердің ақшаларын тарту есебінен тұрғын үйлердің құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметпен айналысуға;
3) операциялық лицензия - банк қызметінде жекелеген операциялармен айналысуға, сақтандыру қызметінде сыныптарды (сақтандыру сыныптарын) иеленуге берілетін болып бөлінеді.
3. Тауарлар экспорты мен импорты саласында:
1) бас лицензия - кеден одағына мүше мемлекеттің шешімі негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін және лицензияда айқындалған санымен жекелеген тауар түрінің экспортына және (немесе) импортына құқық беретін лицензия;
2) ерекше лицензия - сыртқы сауда қызметіне қатысушыға жекелеген тауар түрінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық беретін лицензия;
3) біржолғы лицензия - сыртқы сауда шарты (келісімшарты) негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін және белгілі бір санымен лицензияланатын тауардың экспортына және (немесе) импортына құқық беретін лицензия.
- Туристік қызметті лицензиялау ерекшеліктері
Лицензиар
Облыстық атқарушы органдар (республикалық мағынасы бар қалалар мен астаналар)
ескерту
Лицензия заңды тұлғаларға облыстық атқарушы органдармен оның әділет органдарындағы тіркеу орндарына байланысты, ал жеке тұлғаларға - салық органдарына тіркелген орны бойынша беріледі. Лицензияны алғаннан кейін 7 ай ішінде ҚР Үкіметінің бекіткен туристік қызмет көрсетуге сәйкес сертификат алуы тиіс, оның көшірмесін лицензиарға береді.
Лицензия-лауға жататын қызмет түрлері
- туроператорлық;
- турагенттік;
- туризм инструкторының қызметі
Лицензия алуға қажетті құжаттар
Туроператорлық қызметке лицензия алу үшін:
- бекітілген формасындағы өтініш;
- лицензиялық жинақ төлемін анықтайтын құжат;
- заңды тұлғаның тіркелуі туралы куәлігінің, жарғының және статистикалық картаның нотариуспен бекітілген көшірмелері;
- офиске қажетті жеке иелігіндегі немесе жалға алынған кеңістікті анықтайтын құжат;
- туристердің, туристік жабдық-тұрмандар мен көлікті орналастыратын материалды-техникалық базасы бар жалға алынға материалды-техникалық база немесе өз иелігіндегі материалды-техникалық базасын анықтайтын құжат;
- жұмысшылардың білімі туралы және еңбек өтілі туралы құжат көшірмесінің қосымшасы бар жұмысшылар тізімі;
- туристік қызмет келісім-шарты бойынша азаматты-құқтық жауапкершілікті сақтандыратын келісім-шарт көшірмесі;
- тасымалдаушымен келісім-шарт көшірмесі;
- туристік жолдама мен туриске арналған жадуал көшірмелері;
- психикалық денсаулық жағдайы туралы меданықтамасы, жоғары оқу орнын бітіргені туралы құжаты бар экскурсоводтар мен гидтер тізімі бар туристік ұйымдармен келісім-шарт көшірмесі;
- жарнамалық-ақпараттық материал (даңғылдар, буклеттер, видеоматериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар) ;
- туристік маршруттер реестрі;
- туристерге қызмет көрсету бағдарламасы;
- «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңның 17 бабындағы талаптарға сәйкес туристік қызмет көрсету келісім-шартының үлгісі;
- туристреге елден шығу мен елге кіру туралы ақпарат беру.
Турагенттік қызметке лицензия алу үшін:
- бекітілген үлгідегі өтініш;
- лицензиялық жинақ төлемін анықтайтын құжат;
- жеке кәсіпкердік немесе патенттің жарғысының, мемлекеттік тіркеуі туралы куәлігінің, жеке куәлігінің нотариалды бекітілген көшірмесі (жеке кәсіпкер үшін) ;
- офиске қажетті жалға алынған немесе өз иелігіндегі кеңістікты анықтайтын құжат;
- өз иелігіндегі немесе жалға алынған материалды-техникалық базаны анықтайтын, немесе туристерді, көліктерді орналастыруға қажетті материалдық-техникалық база қызметі бар ұйыммен жасалған келісім-шарт құжаты;
- білімі туралы және еңбек өтілі туралы қосымшамен жазылған жұмысшылар тізімі;
- туристік қызмет көрсету келісім-шарты бойынша азаматтық-құқықтық жэауапкершілікты сақтандырудағы келісім-шарт көшірмесі;
- тасымалдаушымен келісім-шарт;
- туристік жолдама және туриске берілетін жадуал көшірмелері;
- жарнамалық-ақпараттық материал (даңғылдар, буклеттер, видеоматериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар) ;
- «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңның 17 бабындағы талаптарға сәйкес туристік қызмет көрсету келісім-шартының үлгісі;
- туристреге елден шығу мен елге кіру туралы ақпарат беру.
Туризм инструкторы қызметіне лицензия алу:
- бекітілген үлгідегі өтініш;
- лицензиялық жинақ төлемін анықтайтын құжат;
- туристік маршруттарда тәжірибеден өту мен біліктілік, кәсіби дайындыққа сәйкестігін анықтайтын құжаттар;
- жасалған туристік маршруттардың сипаты және карта-сызбасы;
- психикалық денсаулық жағдайы туралы меданықтама.
Лицензия беру мерзімдері
Өтінішті барлық қажетті құжаттармен алғаннан бастап:
- 1 ай
- шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - 10 күн
Лицензиялық жинақ
- туроператорлық, турагенттік - 10 АЕК
- туризм инструкторы қызметі - 1 АЕК
Лицензияны қайта жасау
Заңды тұлғаның атауы, орналақан жері өзгеретін болса, қажетті мәліметтер көрсетілген құжаттармен бірге бір ай ішінде лицензияны қайта жасау туралы өтініш беруі тиіс. Лицензиар 10 күн ішінде өтініштегі мәліметтерге сәйкес лицензияны қайта толтырады.
Лицензия бір данамен беріледі, егер лицензиат оны жоғалтып алса, көшірмесін алу туралы өтініш беруі тиіс.
Лицензияны тоқтату, бас тарту, қызметін тоқтату
Лицензияны беруден бас тарту мына жағдайларда жүзеге асады:
- туроператорлық, турагенттік және туризм инструкторы қызметімен айналсуға аталған тұлға категорияларына заңнамалық актілермен тыйым салынса;
- лицензия алуға қажетті құжаттар толық ұсынылмаса;
- лицензиялық жинақ төленбесе;
- өтініш иесі біліктілік талаптарына сәйкес болмауы;
- өтініш иесіне аталған қызмет түрлерімен айналсуға сот шешімімен тыйым салынса.
Лицензия мына жағдайларда қызметін тоқтатады:
- лицензия қайтарылса;
- азаматтың жеке кәіспкерлігін тоқтатқанда, қайта құрғанда немесе заңды тұлғаның таралуында.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz