Монғолияның рекреациялық ресурстары мен сапасы


Тақырыбы: «Монғолияның рекреациялық ресурстары мен сапасы»
Мазмұны:
Кіріспе
- Монғолияның географиялық орналасуы, климат жағдайы, табиғаты
- Монғолиядағы туризм дамуының алғышарттарыТабиғи рекреациялық ресурстарӘлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Рекреациялық ресурстарды кешенді бағалау негізінде Монғолиядағы туризмнің дамуын анықтау, экономика саласындағы маңызы мен орнын негіздеу. Мақсатқа орай келесі мендеттердің шешімі туындады: туризм географиясын туризм дамуындағы және экономика саласындағы ғылыми әдістемелі қор ретінде негіздеу; аймақ бойынша мәліметтер қоры негізінде рекреакциялық ресурстарға талдау жасау және бағалау; территориядағы туризмнің одан әрі дамуына объективті сипаттама беру; рекреациялық ресурстарды туризмді дамыту мақсатында қолдану деңгейі мен жағдайын анықтау; елдегі туризм дамуының жалпы ғылыми жобасын жасау.
Теориялық және әдістемелік зеттеуде келесі дерек көздері пайдаланылды:
- монғолдық зерттеушілерден: Ц. Дамдсүрэн, А. Амар, Д. Титидорж, Ш. Шагдар, Т. Х. Газар Нүтгийн, Б. Цог, А. Ж. Үндэс, Д. Магиярсүрэннің еңбектері қолданылды.
- ресейлік және қазақстандық ғалымдардан: Д. Майдар, Ю. Цэдэнбал, И. И. Потемкина, ВУ. А. Менделев, Н. О. Сиретенко, В. П. Максаковский, З. Қинаятұлы, Л. Н. Гумилев, Н. Я. Бичуриннің жұмыстары қаралды.
- шетелдік ағылшын тіліндегі әдебиеттерден: Д. Титидорж, Ь. А. Нурий кітаптары мен журналдар аудармалары енгізілді.
Тапқырлықтың кешенді сипаты қазіргі таңдағы зерттеушілердің аймаққа берген бағасы мен туризмге шақырылған жарнамалар және маршруттар кестесімен толықты. Оған интернеттегі көптеген сайттар қолданылды.
1. Монғолияның географиялық орналасуы, климат жағдайы, табиғаты
Монғолия - орталық Азияда орналасып, батысында Монғол Алтайы тауынан, шығысында Үлкен Хинганға дейін, солтүстігінде Шығыс Саяннан, оңтүстігінде Гоби шөліне дейін созылып жатыр. Жер көлнемі 1565 мың км. кв. -ты құрап, дүние жүзінде жер көлемі жағынан 17-орында. Территориясының батысынан шығысына дейін 2392 км, ал оңтүстігінен солтүстігіне дейін 1259 км.
Мемлекет негізінен екі елмен ғана шектеседі: 3400 км Ресеймен, 4758 км Қытаймен.
Халқының саны 2, 5 млн. адам. Ел территориясының адам аз қоныстанған бөлігі шығыс далалық және оңтүстік жартылай жазықты аймақ.
Монғолия әкімшілік-территориялық жағынан сумындардан тұратын 20 аймаққа (облыс) бөлінеді.
Монғол елінің табиғаты негізінен бастапқы жаратылған қалпын сақтаған. Оның бірнеше себебі бар:
1) халқы табиғат ерекшелігіне сай көп жылдар бойы мал шаруашылығымен айналысып келеді;
2) қоныстанушылардың негізгілерінің сенімі бойынша табиғатқа сиынып, оны қорғайды.
3) ғылыми-техникалық өркендеудің әсері төмен;
4) адам саны аз болғандықтан антропогендік ықпалы да аз.
Монғолияның шырышы бұзылмаған бұл табиғи жағдайы да туризмнің негізі болып табылады. Ел территориясын теңіз деңгейінен шамамен 1500 км биіктікте орналасқан. Республикада жазық жерлер аз, ал ойпат мүлде жоқ.
«Гоби» сөзі құм көмкерген кеңістік дегенді білдіреді. Бірақ бұл дәл солай ғана емес. Құмдар бүкіл ауданның 3 пайызын құрап, өсімдіктермен бекітілген. Мұнда адамдар да мекен етіп, жайылым ретінде пайдаланады.
Монғолияның оңтстігіне орналасқан орналасқан Гобидің ландшафты ерекше әсем. Кең аңғарлар төбелермен, тау тізбесімен алмасып отырады, өзеннің ежелгі тасты салалары күнге жарқырайтын жартастармен, әдемі тақтатастармен қоршалған, шөлді далалардағы үстірттер әртүрлі пішінге келген тау қалдықтарымен кезектесіп келеді. Бұл қияли қорғандар мен тас мүсіндерді еске түсіреді.
Гурван-Сайхан тау тізбегін Оңтүстік Гобидің маржаны деп атауға болады. Ол үш құзбен бөлінген, өте тереңге кеткен тау жотасынан тұрады. Олардың аралығынан асау тау өзендері өтеді. Беткейлері жапырақты ағаштармен жабылған. Тізбектің шығысында жер сілкінісінен пайда болған атақты Елын-але шатқалы бар. Мұның сұлулығы саяхатшыларды таң қалдырды:ағыны күшті, сарқырама қатты сел тудырады, шатқалдар мен үңгірлерде мәңгі мұздар жатады, оның ары қарай түбінде лабиранттер орналасқан. Салқын бұлақтар мен мұз бастаулар Гобимен жанамаласып жатыр. Осы Гурван-Сайханда елдегі үлкен туристік базалардың бірі орналасқан.
Мұнымен Манғолия жерінің туризм дамытуға қолайлы бір ғана аймағын айтуға болады. Жалпы Монғол елінің айнала биік тауларымен қоршалып жатуы, оның территориясының теңіз деңгейінен 1500 м биікте орналасуының өзі тек сол мемлекетке ғана географиялық жағдай. Елдің рельефі онда орналасқан адам табаны тимеген әсем табиғаты мен таңғажайып жаратылысы әлем туристерінің қызығушылығын оятып, ел экономикасында жетекші кіріс көзі болатынын да әлдеқашан дәлелдеп үлгерген.
- Монғолиядағы туризм дамуының алғышарттарыТабиғи рекреациялық ресурстар
Жалпы елдің табиғи байлығы сол елдің әсем бейнелі көркем жаратылысымен сипатталады. Сондай-ақ ол объектілер туризммен тікелей байланысты.
Оны мемлекеттік және халықаралық тұрғыда белгілі бір стандартқа сай етіп қалыптасқан заңды түрде қорғауы тиіс.
Өзге елдер сияқты Монғолияда да ерекше қорғалатын аймақтарды Халықаралық табиғатты қорғау ұйымы Дүниежүзілік табиғатты қорғау мониторингі орталығымен бірлесіп 1993 жылы оны тізімдеді. Ол бойынша былай жіктелді: қорық жерлер, табиғи байлық, тарихи орындар, табиғаттағықор; қорғалатын ландшафт деп негізгі 5 топқа бөлген. Оның алғашқы төртеуі монғол елінде кездеседі. Енді соның әрқайсысына кеңінен тоқталсақ:
1 Кесте
Ерекше қорғалатын аймақ (20530588 га, яғни 48 елді мекен)
Қорық жерлер
Табиғи байлық
Табиғи қорлар
Тарихи орындар
Табиғи алқаптардың ерекшелігін, сондай-ақ ежелден өзінің жаратылысын, қасиетін сақтап, адамзаттың қорғануының нәтижесінде әлі күнге дейін жалғасын тауып келе жатқан жерлер.
10494283 га - 12 елді мекен.
Монғолия жеріндегі Алтай, Хангай, хэнтэй, үлкен Хянган, Ховсгол сияқты таулар елдің 5 негізгі табиғи рекреакциялық аймағына жатады. Осыған орай туризм ошақтары да осында шоғырланған. Бұлардың ішіндегі Алтай таулы жүйесі (1, 2 кесте) .
Монғол Алтайының туризмдегі орны Алтай таулы жүйесі Еуразия континентінің орталық бөлігін алып жатыр. Алтайлық тау жүйесінің солтүстігі Ресей мен Қазақстанға қарап, Орыс Алтайы деп аталады. Оңтүстіктегі монғолия мен қытай жерінде жатқан бөлігі Монғол және Гоби Алтайы деп аталады. Оның ұзындығы 1000 км, ені 300 км, биіктігі 4374 м-ге дейін жетеді. Жоталарының шыңдары тегістелген, жұмырланғанмәңгі ерімейтін қар мен мұздың ауданы 810 км. кв. Оның ішінде ірісі - Потанин мұздығы. Оңтүстік-батыс беткейлері ылғалды, орманды-шалғынды келеді. Ал баурайын дала, жоғарғы бөлігін альпілік шалғын алып жатыр.
Мұнда келушілерге бұл саяхат көптің қолы жете бермейтін Монғол және Орыс Алтайында болып көру мүмкіндігін сыйлайды. Алтай тауы күрделі табиғи бітімнен тұрады. Оның территориясында орталық-азиялық және сібірлік әлем ұштасып жатыр. Алтайдың орыс жағындағы бөлігі табиғаттың сібірлік түрін көрсетсе, сол мезгілде Монғол Алтайынан орталық-азиялық аймақ бейнесін тамашалауға болады.
2 Кесте
Табиғи байлық жерлер
№
Мемлекеттік қорғауға алынған жерлердің аты
Қорғаудағы жер
көлемі
8133420 га
(39, 6 пайыз)
Қорғауға
алынған
жыл
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
Ховсгол көлі
Хорло-Гэрхидің ақ көлі
Гобидің үш кереметі
Горхи-Гэрэлж
Алтай Бесбоғда
Хангай жотасы
Қарасу көлі
Неон хангай (патша Хангай)
Хустайн жотасы
Ханхохий-Хорлос
Сийлхэн жотасы
Цамбагар тауы
Тарбағатай жотасы
Онон-Балж
838070
77267
2694737
293168
636161
888455
850272
59088
50620
553350
140080
110960
525440
415752
1992
1995
1993, 2000
1993
1996
1996
1997
1998
1993, 1998
2000
2000
2000
2000
2000
Монғол Алтайындағы туризмнің тамыры тереңде. Ол бағыт бойынша жүреді: биік таулы треккинг, төрт мың метрлік биіктікке шығу, атпен көрсетілетін ойындар, түйемен серуендеу, Хариустағы спорттық балық аулау. Айта берсе әр келушінің таңдауына қарай жіктеп, сол бағытпен ғана дем алдыруға да болады.
Монғолдар глобализацияға ұшырамаған, өз дәстүр, ұстанымдарын жақсы сақтайды. Олар бұрынғы ата-бабаларындағы атпен жүреді. Бұрынғыдай өте сұлу және өздері де бұрынғыдай ат құлағында ойнайды. Халқы көбінесе киіз үйде тұрады, сүт ішеді, ет жейді.
Монғол Алтайының негізгі табиғи байлығы да көлдері. Жағалауында ақ шағаладай киіз үйлері мен жайылымы бар жүзге тарта көлі бар. Сонымен бірге тау өзендеріндегі балық аулау да өзінше бір қызық. Егер саяхатшылар оны мақұлдаса таудың асау Қобда өзеніндегі ойпаңдау жерлеріне жайғасуына әбден болады. Сагсай өзенінің жағасына да аялдаушылар өте көп.
Алтай тауына көтерілуші туристердің соңғы туры өздері аяғымен басып көріп үйренген таулы орман мен биік тундра зонасы болып табылады. Ондағы Актру мұздығы, аңғарлар алаңшасы, тау бұлағы мен көл жағасында отырып от жағып, ежелгі қорғандармен петроглифтерді тамашалау.
Монғолия елінің рельеф түзуші элементтері көбінесе тау туризмін, оның ішінде әсем табиғат аясында болып, балық аулап, аң атуға, биік таулар мен шыңдарды бағындыруға бағытталған. Сол тауларының ішіндегі әсемі алтайдан басталатын тау туризмінің толық бір үлгі жоспарына тоқталсақ.
Бұл жоғарыда айтылған Монғолияның табиғи байлығының туризмнен алатынорнының бір шеті ғана. Соның бірі таулы Алтайдың ғана туризмді байытуда тамырының тереңде екені, өз жалғасын табатыны көрініп тұр. Бұл Алтай болса Монғолияда сондай бірнеше тау бар екені - туризмнің ертеңінің дәлелі.
Сонымен ашық аспан астындағы ақ үй - гэр еліндегі саяхат тамамдалады. Бұл ел Азияның кіндігінде орналасса да әлемдік өркениеттен шет қалған. Монғол жеріндегі халықтар өте азға қанағкат етіп те өмір сүруге болатынын әлемге таныту арқылы саяхатшыларды таң қалдырып отыр.
Көшпелілер үшін зәулім тымырық қаланың маңызы шамалы. Қазір де олардың жартысына жуығы қала территориясын мекендемейді. Табиғи өнімдерден жасалған киіз үйдің маңызы еш нәрсемен теңдессіз. Қатал табиғат пен көшпелі өмір бұл азға қанағат етуге үйреткен. Оларға керектің барлығы өздерінде бар. Мысалы, тек бір ірі қара малының өзі ғана жылжымалы азық, әрі отын, әрі көлік. Сол секілді айта берсек әр түліктің өз орны бар. Осыған орай бұл елді қоныстанушылар да тіршілігі мен өмір салтын бейімдеп алған. Ол көзқарас пен діни сенімі, қазіргі таңдағы сол жердің шырышы бұзылмаған табиғаты айтпаса да көзге ұрып тұр.
2. 2 Әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстар
Ежелгі қалалар мен қорғандар.
Шыңғыс хан қаласы. Хэн Тэй аймағының Баян - адарга сумынының ескі орталығы болған жерде ұзындығы 500 - 600 кг дейін созылатын топырақ астындағы қорған. Осы ежелгі камалдың алдыңғы жағы мен артқы қақпасындақарауыл әскерлер отырған көлемі 40х50 төрт бұрышты қорғандар көп болған.
Мысалы, Х. Перлдің жазғаны бойнша Шыңғысханның қамалы қамалы жанында Дорволжин (төртбұрышты) қоныстар, жыланды мкенді қоныстар, Өгоөмар қонысы, Баян булаг қоныстары сияқты бір-бірінен 8 - 12 км қашықтықтағы қорғандар көптен табылған. Бұл қорғандарды Жапония, Қытай елдерінің ғалымдары зерттеген.
Хор болгас (қара көне қала) . Біздің елімізде ұйғыр мемлекетінің астанасы болған. Орда балық немесе Қара қала деген діни орталық болған көне қала табылған. Ұйғыр мемлекетінің астанасы Хор болгас (қара қала) немесе ертедегі ұйғыр тілінде Орду Болын қаланың орнын Архангай аймағының Хотон сумынында Орхон Жирмэнт деген өзендер бойында. Мұны ХІХ ғасырдың соңғы жылдарында орыс ғалымы Д. А. Клемец, В. В. Родловтар көп уақыт бойы зерттеп, жазба деректерде анықтап жазған. 1993-1994 жылдары Монғолияның зерттеу ғылыми орталығында жұмыс атқарған орыс ғалымы Букиничта өз зерттеу жұмыстарын арнаған. Зерттеушілердің айтуы бойынша Хор Болгас (қара көне қала) 25 км2 алаңды алып жатқан өте үлкен қала болған дейді. Қаланың орталық алаңы сауда, қолөнершілер бөлімі, Хан сарайы, мегіт сияқты бөліктерді қамтыған. Хан сарайын қоршаған дуал бекіністер сондай - ақ жануарлардан қорғаған қоршаулар болған. Дуал бекіністерінде Ұйғыр ханның ордасы болғаны қазба жұмыстарынан көрініп тұр. Мұның қақпаларының Қытай, Орхан - Енисей жазуларындағы құлпы тас ескерткіштер көптеп табылған. Бұл көне қалада жасыл, қоңыр, сарғыш түсті қыш ыдыстар, диірмен және басқа да әшекей бұйымдары көптеп кездеседі. Бұл көне қала орнына 1975 жылдан бастап 1990 жылға дейін қазба жұмыстары жүргізілеген.
Бийбулаг көне қаласы. Булган аймағының Хутагандар сумынының жерінен 13 км қашықтықта жатқан Селенга өзені бойынан табылған ежелгі Ұйғыр мемлекетінің мәдени, діни орталығы болған. Бұл қаланың ежелгі аты Бойбалық деп аталған. Кейін келе ол Бийбулаг талып кеткен. Зерттеушілердің айтуы бойынша бұл қаланы негізінен Ұйғыр мемлекетін басқарған хан балалары қалаған дейді.
Қарақорым қаласы. Ежелгі қалаладың үлгісі Қарақорым ХІІІ ғасырлардағы Манғолияның астанасы болып табылады. Сол кезде Монғолияға бағынып келген Азия, Еуропаның көптеген елдерінің басшыларының тұрған жолымен саяхаттаған туристер манголдың ежелгі астанасы Қарақорым қаласы туралы көрсетілген кеңейтілген естеліктер жазып қалдырғанда дәл географиялық орналасуы жайлын нақты белгілеп қалдырмаған екен.
Оны 50 жыл бұрын Үгедей ханның ордасының іргетасын алғаш рет орыс ғалымы Киселев тапқан дейді. Ол тек бір жағынан ғана қазып, орданың бағаналарының іргетасын анықтаған. Ал, Д. Бояр барлық бағаналарды ашып шығарып отыр. Киселевтың тоқтамы бойынша 4 бұрыш тас тұғырлы 64 бағана болуы керек және орданың алдыңғы жағының едені жасыл (паолан) қаптаушы, артқы жағы сұр сазбен жасалған дейді.
Ал, Д. Бояр қазбасынан едені жасыл жылтыр, ернеуі метрге жуық қалың және діни заттармен бірге қаншама мыңнан астам мұнаралар, құдай мүсіндерінің сынық үлкен - үлкен саусақтары, мұрын, құлақ, еріннің сынықтары көптеп шықты. Бұл ғажайып қазбалады қарап Германия ғалымы Үгедей ханның ордасы емес, мүмкін діни ғибадатхана болған шығар деп күианданады.
Қарақорым ежелгі қаласы сонша қирап қалғанына қарамай ордадан бірнеше бағананың тұғырлық ыдыраған тастардың сынықтары қалған. Шыныда да Қарақорым қаласы соғыстың зардабынан қирағанымен, Эрдэнэзуу ғибадатханасын тұрғызып орналастырғанда көп әшекейлеуден қалып қойған тәрізді. Осыдан Үгедей ханның ордасы қандай көлемді және пішінді болғанын анақтау мүмкін емес болса да, Қарақорым қаласының жер аумағы болатын Орхонның бөктерінен табылған барлық қазба заттарды қадағалап зерттегеннің негізінде құрылыстың өзі, түсі пайдаланып келген құрылыс материалымен жасап, қалай өрнектеп келгенін анықтауға болады. Негізі Қарақорым қаласының іргетасының зерттелімін анықтауға жүздеген жыл қажет болады.
Қарақорымды ЮНЕСКО - ның қорғауына өткізу дүние жүзінің мәдени ескерткіштер жерінің қорын байытты.
Бухэгин қаласы. Бұл қаланы Х. Пэрээ зерттеген Алайда, нақты деректер жоқ болып бұл қаланың шыққан мезгілі анықталмай қалған. Оны кецінірек орта ғасырлық ескерткіштерді зерттеу тобы қидандар салып, екінші рет манчжурлар жайлағанын анықтап отыр. Оны керамика, қидандарп кезіндегі арыстаны бейнелеген баспалар қалдықтары т. б. дәлелдеп отыр. Ежелгі қидан қаласы күшті өрттен кейін жойылған. Екінші рет оны қоныстанғанда циндік кезеңде болғанын ол территорядан табылған цмндік форфор ыдыстар, Конси - ун - бао тиындары айғаптап отыр.
Булган аймағындағы қалалар. Бұл территориядағы Дошинчияғы сумынына таяу көптеген ескерткіштер тобы ашылды. Оның біріншісі - Хадаасан тауы маңындағы Харбухин өзенінің оң жағалауындағы қидан қаласы. Мұнда бұрын археологиялық зерттеу жүргізілгендіктен онда табылған қышқанаға көбірек назар аударылды. Осыған қарап, Харбухин қаласының тұрғындары ыдыстарды қыштан жсаған деуге болады.
Дашинчилэн сумына жақын жердегі өзге қызықты ортағасырлық ескерткіш, бұл да қидандар дәуіріне қатысты болып, Чин - Толго жотасының бурайынан таман табылған. Ол кейінгі қайта құрылыс салу кезінде бұзылуға ұшырамағандықтан Х-ХІІ ғасырдағы қидандар мәдениетінің тамаша үлгілерінің бірі болып отыр.
Архангей аймағы. Огийнур көліне жақын, Орхонның оң саласындағы көтеріңкі жерде ежелгі қала қалдығы сақалған. Ол жспарда бірнеше бөлікке бөлінген. Бұл тұрақтың солтүстік бөлігі жер қорғандарымен қоршалған. Оңтүстік жартысының қабырғалары бір метрден аспайды, кей жері тіптен құлауға шақ қалып тұр. Қаланың солтүстік шығыс бұрышы 10-16 метрге дейін жасанды көтерілген. Платформаның өзінде «П» әріпі сияқты көтерілу, әсіресе шеттерінде байқалады. Мұнда барлық болжам бойынша ірі үйлер құрылысы болған. Оның салыну уақытын белгілеу үщін платформа шетіне солтүстік батыстан 1х1 метрлі шурф салынды. Оның қимасы келесі стратегияны көрсетті: жоғарғы қабат қалың 30 см дейінгі саздан төменгі қабат 10 см дейін жететін құрамында әктас, жануарлар, құс, балық сүйектері бар, қабат одан соң құрлық деп аталатын өнертуындысы болатын қабат қапталған. Сонымен бірге мына нәрсе табылды- үй төбесін жабатын қыш- Черепица және өте нашар сақталған сүйек құралдар, құм қабатының арасынан оқ ұштары, музыкалық аспаптар табылды. Төменгі шатырдың көлемінің ұзындығы 40 см, ені 25 см. Сонымен қорыта келе, бұл жердегі заттар қаланың VІІ-ІХ ғасырлардағы ұйғыр тұрағы екендігін айғақтайды.
Огейнұр сумын территориясындағы тағы да бір қызықты ескерткіш биік емес Сарлык-Толгой тауындағы Юань дәуіріндегі жер шаруашылығымен айналысушы мекен. Бұл таудың биігінен Черепица мен кірпіштер табылды. Ал тұрақтың өзі тау етегіндегі жазық жерде көшелерде тұрады. Дәл осы жерден Юань кезеңінің форфор және керамикалық ыдыстары табылды.
Цэцэрлэг тауынан бірнеше километр батысқы қарай Оңтүстік Камир өзені аңғарынан шамамен бір-бірінен 0, 5 км қашықтықта жатқан екі қаланың орны табылды. Оның бірі төртбұрышты пішінде болып, жазған мәліметтерге қарағанда ХVІІІ ғасырда маньчжурлар салған. Ондағы табылған Канций тунбао тиындары, форфорлы сынықтары. Ол жер Сарай - Хром болған деген болжамға жетелейді.
Қасындағы көршілес қаланың пішіні дұрыс емес сияқтанып келіп саудан, қолөнер онына ұқсайды. Ол аймақтың ішкі құрылысы ерекше есеппен салынған. Мұнда екі көше қиылысады. Оның да әрқайсысының қызметі бар.
Орта ғасырлық ескерткіштер, әсіресе, Батценгел суымына таяу солтүстік Тамир өзенінің төменгі ағысы бойынан табылған. Мұнда жеті ескерткіш зерттелген. Оның бірі - Зосын - Химиа қаласы. Ол өте нашар сақталынған. Тек орталық бір көшені анықтауға мүмкіндік болады. Одан табылған құмыра қидан кезеңін көрсетеді.
Батценгел сумынына таяу әртүрлі жерлерде төрт қала қазылды. Оның барлығына ортақ нәрсе: тікбұрыш секілді етіп салынуы, бір метрден биік болмауы, жазық, тұщы суға таяу жерден салынуы. Оның барлығы манғолдың ерте орта ғасырлық тарихына жатқанынан өзге айтарлықтай заттық дәлелдер табылмады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz