«Математика пәнін оқытуда СТО технологиясын пайдалану»



Кіріспе ... ... ... ... ...3
1. Математика пәнін оқытуда СТО технологиясын қолдану
1.1 Математика пәнін оқытуда СТО технологиясының тиімділігі ... ... ... ... 5
1.2 Математика сабағында сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылықтарын дамыту ... .9
2. Заманауи талабына сай технологиялардың тиімді пайдалануы
2.1 Бастауыш сыныптың математика сабағында сыну тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану 2.2 Математика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасай дағыдыларын дамыту ... ... ... .22
Қортынды ... ... ... ... ... ... .26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор .
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұлғасынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп нақты көрсетілген.
Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең күрделісі әрі қиындығы мол деп саналатын пәндердің бірі – математика.
12 жылдық білім беру тұжырымдамасында орта білім берудің басты мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын бәсекеге қабілетті тұлға дайындау деп атап көрсетілген, сондықтан оқу тәрбие үрдісінің алдынды тұрған негізгі міндет табысты және тиімді әрекетке дайын өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс- әрекетін өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті отбасындағы, қоғамдағы, ұжымдағы әлеуметтік ролін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың бойында шығармашылық іс-әрекетті, іздемпаздықты қалыптастыру, жүйелі қортынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, оқу материалдарын сараптау, талдап салыстыру іскерліктерін үйрету қажеттілігі туындайды.
Заман талабына сай білім беру - бұл оқушыларды адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамассыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілетімен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді.
1. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДДБҰ, 2012
2. «ХХ ғасырдағы қазақ мектебі: даму болашағы» атты республикалық ғылыми – практикалық конференция материалдары. – Алматы, 2006
3. АхановаБ. Шығармашылық тұлға қалыптастыру// Сыныптағытәрбие.- №1.-19-22 б.
4. Бағдарлы мектеп және кәсіптік мектеп Журналдары.
5. Бұзаубақова Қ. Ж. Жаңа педагогикалық технология. – Тараз, 2003
6. Ешанова Г.Сұлтанбек Қожахметовтің жеке тұлғаның дамуына бағытталған ой- пікірлер// Қазақстан жоғары мектебі.-2006.-№1.96-99 б.
7. Қабдешова Ә. Сын тұрғысынан ойлау .Алматы,2006 жыл
8. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – Алматы., 2004
9. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы
10. ҚР-да білім беру дамытудың 2005- 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
11. Құзыреттілікті қалыптастыру жолдары. Г Құдайбергенова
12. Мұғалімнің кәсібилігін анықтау И Д. Бағаева
13. Педагогика. Журнал
14. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы Стил С., Крутис С.2014
15. ТашеноваА. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту //Білім-Образование .-2006. -№2

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:

Математика пәнін оқытуда СТО технологиясын пайдалану

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Математика пәнін оқытуда СТО технологиясын қолдану
1.1 Математика пәнін оқытуда СТО технологиясының тиімділігі ... ... ... ... 5
1.2 Математика сабағында сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану арқылы
оқушылардың шығармашылықтарын
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...9
2. Заманауи талабына сай технологиялардың тиімді пайдалануы
2.1 Бастауыш сыныптың математика сабағында сыну тұрғысынан ойлау
технологиясын қолдану
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...16
2.2 Математика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасай
дағыдыларын
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..22
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..29

КІРІСПЕ
Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа технологиялар
қолданудың маңызы зор .
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту
тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын
дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде
еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс,
адамгершілік тұлғасынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны
қалыптастыру деп нақты көрсетілген.
Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең күрделісі әрі
қиындығы мол деп саналатын пәндердің бірі – математика.
12 жылдық білім беру тұжырымдамасында орта білім берудің басты
мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси
өміріне белсене қатысуға дайын бәсекеге қабілетті тұлға дайындау деп атап
көрсетілген, сондықтан оқу тәрбие үрдісінің алдынды тұрған негізгі міндет
табысты және тиімді әрекетке дайын өзінің пікірін білдіруге және өзінің
іс- әрекетін өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге
қабілетті отбасындағы, қоғамдағы, ұжымдағы әлеуметтік ролін сезінетін
құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың бойында шығармашылық іс-
әрекетті, іздемпаздықты қалыптастыру, жүйелі қортынды жасай білу, дәлелді
пікір айту іскерлігін арттыру, оқу материалдарын сараптау, талдап
салыстыру іскерліктерін үйрету қажеттілігі туындайды.
Заман талабына сай білім беру - бұл оқушыларды адамгершілік,
интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамассыз
етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның
тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға
негізделген және оқушының қабілетімен бейіміне негізделген оқытудың
таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді.
Ондағы негізгі мақсат оқушының барлығын және әр біреуін жақсы оқыту
болып табылады.
Білім беру жүйесінің негізгі бөлшегі - оқушы, оқушылар тобы, сынып,
мектеп болса білім сапасы баспалдақтардың әр бір буынына байланысты біз
білім беру сапасын жақсартудың жолдарын анықтауға тырысамыз.
Оқушыларға математикалық жүйелі білім беру, олардың өздерінің алған
білімдерін өмірде қолдана білуге және арнайы дамытуға тәрбиелейтін –
мұғалім. Мұғалімнің бүкіл өмір жолы жақсылық пен адамгершілікке, өнегелі
рухани борышқа толы.
Мұғалімдердің мақсаты - оқытудың барлық компоненттерін пайдалана
отырып, оқушыға жалпы орта білім деңгейінде терең білім беру.
Әрбір оқушыны жан-жақты білімді етіп тәрбиелеу - әр мұғалімнің
негізгі міндеті. Математика - ерекше құдіретті ғылым.
Қазіргі заман - математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі.
Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай
қажет. Қазіргі ақпараттық технологияның озық жетістіктерін математика
сабағында қолдану арқылы танымдылық іс- әрекеттерін ұйымдастыра отырып
оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады.
Жаңа технологиялар мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Ақпаратты оқыту технологиясының бүгінгі күні интрактивті тақта ерекше орын
алып отыр. Оқушы интерактивті тақтамен жаңа материалдарды арнаулы
программамен мүмкіндігінше пайдалана алады. Ондағы мақсат - оқушының өзінше
ойлау қабілетін арттыру және қәзіргі заманғы интерактивті тақтамен жұмыс
істеуге үйрету. Жаңа технологиялар оқушының шығармашылық белсенділігімен
өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы болады.
1. Математика пәнін оқытуда СТО технологиясын қолдану
1.1 Математика пәнін оқытуда СТО технологиясының тиімділігі

Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында сыни тұрғысынан ойлау
технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Сыни тұрғысынан ойлау
технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын
тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім
осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы жаңа буын
оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін
көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада
дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден – бір тиімді технология. СТО
технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде, оқушы мен
мұғалім арасындағы қарым – қатынасқа дегенде көзқарасының мүлдем өзгергенін
байқайды. Бұл бағдарлама басқа технологиялардан өзінің құрылымы мен
ерекшеленеді. Сабақ жоспарының құрылымы үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің
өзінің қызметі бар. Жалпы стратегияларының саны 80 – нен асады
Математика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасай дағыдыларын
дамыту, баға жетпес құндылықтардың бірі. Жаттығуларды өз бетінше тексеріп,
қорытынды жасай білітін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар
әдістерін кеңінен қолдану қажет деп білемін.
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқыту-
дың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық техно-
логияны меңгеру. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Білім туралы
Заңында Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсетілген.
Жаңа педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы
және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс –
әрекеттер жиынтығы.
Оқыту үрдісін жандандыру оқушылардың оқу материалының теориялық
мазмұнын игеру жөніндегі еңбекті тиімді ұйымдастыру және олардың
тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу
үрдісінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемелік дайындығы және сабақ
жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологиялық
технологияларды игерулеріне тікелей байланысты болады.
Жаңа технологиялардың басты міндеті – оқушының оқу – танымдық әрекетін
жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету болып табылса,
педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып есептеледі.
Оқытудың жаңа технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен
шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат
көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеріп,
инновациялық жетілуіне әкеледі.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
- Балаға ізгілік тұрғысынан қарау
- Оқыту мен тәрбиенің бірлігі
- Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту
- Баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту
- Баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту
- Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндігіне орай оқыту
- Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу
- Оқу үрдісін оқушының сезінуі
Жаңа технология үрдістерінің талабы – оқушыларға білім беруде
белгіленген мақсатқа жету, оқушылардың іс – әрекеті арқылы ойлау
дағдыларын, оқу – танымдық іс – әрекетін белсендіре отырып, сабақтағы үш
біріккен мақсатты жүзеге асыруға қол жеткізу.
Белгілі бір дәрежеде оқу – танымдық іс – әрекетті белсендірудің
қажеттігі туындайды.
Жаңа педагогикалық технология арқылы оқыту барысында оқушыларды тұлға
ретінде қалыптастыруға бірден – бір әсер етеді. Мұғалімнің рөлі көбінесе
оқу үрдісін ұйымдастырушы топ басшысы, оқушылардың ынта – ықыласын белсенді
етуші қалпында көрінеді. Жаңа технология оқушылардың өз өмір тәжірибесіне,
біліміне сүйенулеріне негізделген. Сондықтанда олар ынтымақтастық
педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп әрекет етуге, сабақта жайлы да
жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды. Оқыту нәтижесі
оқушылардың бір – бірімен байланыс бірлігінен көрініп, оқушылар оқу
нәтижесінде бір – бірінің жауаптылығын сезінеді.
Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту бағдарламасын тек білім алу
үшін ғана емес, сонымен қатар әрбір оқушының тәрбиеленуіне, жеке тұлға
болып қалыптасуына, әлеуметтенуіне, қарым - қатынас мәдениетін қалып-
тастыруға септігін тигізеді. Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту
бағдарламасын пайдалану барысында мұғалім әрбір оқушының өзін - өзі білім
алуына ыңғайлы психологиялық-педагогикалық жағдай туғызуы қажет. Осы орайда
мен сабғымда көбіне үлестірме және қиынды қағаздарды көбірек пайдаланамын.
Оқушыда қолымен ұстай отырып сыни тұрғыда ойлануына мүмкіндік туады.
Оқушыларды оқытуда Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту
бағдарламасын қолдану барысында төмендегідей міндеттерді шешуге болады:
✓ оқушылардың өзара бірлескен іс - әрекетін ұйымдастыру, соның
нәтижесінде олардың бойында өзара көмек көрсету,
✓ еркін түрде өз ойларын көпшілік алдында қорғау,
✓ басқалармен өзін салыстырып түзеу,
✓ өз - өзіне сыни көзқараспен қарау,
✓ сыни ойлауды дамыту,
✓ еркін қарым - қатынас жасау,
✓ өзін - өзі жетілдіру
Қазіргі заман - математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі.
Математиканы оқьпудын мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай
қажет. Қазіргі акпараттық технологияның озық жетістіктерін математика
сабағында қолдану арқылы танымдылық іс- әрекеттерін ұйымдастыра отырып
оқушылардын құзіреттілігін дамытуға болады. Математика сабағында сын
тұрғыдан әр түрлі стратегияларды, жаңа акпараттық технологияларды,
(интерактивті тақтаны) қолдана отырып, өз бетінше жұмыс істеу факторы -
есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып,
оқушылардың кұзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту.
Математика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау дағыдыларын
дамыту, баға жетпес құндылыктардың бірі.
1.2 Математика сабағында сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану арқылы
оқушылардың шығармашылықтарын дамыту
Математиканы оқытудағы негізгі талап - оқушыға есептер шығара білу
жолдары мен тәсілдерін үйрету. Интерактивті тақтамен сабақ берген кезде
мұғалім, шәкірт және интерактивті тақтамен қарым-қатынас жүргізіледі.
Мұнда компьютер ойына үрдістер арқылы қозағау салып, шәкірттердің
құзіретілігін дамытуға әсер етеді. Ең алдымен оқушының ойлау қабілеті мен
білімін арттыруға үйретемін. Сонан соң оқушы кейінгі және бүгінгі өмірді
салыстырмалы түрде тани білуге тырысады.
Математика сабағында сыни тұрғыдан әр түрлі стратегияларды, жаңа
ақпараттық технологияларды, (интерактивті тақтаны) қолдана отырып, өз
бетінше жұмыс істеу факторы - есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік
дағыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы
шығармашылықтарын дамыту.
9 сыныпта өткізген математика сабағымда сыни тұрғыда әр түрлі
стратегияларды, интерактивті тақтаны қолдау арқылы сабақ өткізу болды.
Математика сабағынан алған теориялық білімдерін оқушыларға интерактивті
тақта мүмкіндігін пайдалана отырып бекіту ұсынылды. Сабақты бұлайша
түрлендіру үшін оқушының алдымен информатика сабағынан алған мүмкіндіктерін
қолдана білу дағыдыларын қалыптастыру және берілген есептерді интерактивті
тақтада жазып, сауатты орындай білуі керек.
Бұл кезде оқушылардың ойлау қабілеті іске қосылып, танымдылық іс-
әрекеті жинақталып құзіреттілігі дамиды. Оқушыны біліммен, білім алу
тәсімен қаруландырып, оның өмір салтымен, мінез-құлқын сауықтандыра отырып,
өзін үнемі дамитын оқушыны тәрбиелей отырып, саналы білім алуын жүзеге
асыру. Егер математика пәні бойынша жүйелі жан-жақты терең білім берілсе
жаңа ақпаратты технология арқылы оқыушылардың шығармашылығы қалыптасса,
онда логикалық ойлары теңеліп, өздігінен білім алу, сол білімді нәтижелі
түрде пайдалану деңгейлері уақыт талабына сай, бәсекеге қабілетті және
құзыретті тұлға болып қалыптасады.
Сабақты 3 кезеңге бөлдім.
1-кезең
- бұл кезде оқушылар өз бетімен өткен тақырыпты еске түсіреді
- оны жаңа сабақпен байланыстырады
- пәнге деген қызығушылығын арттырады
2-кезең
- оқушы интерактивті тақта арқылы жаңа ақпаратпен танысып, тақырып
бойынша жұмыс істейді
- өз пікірін оймен бере алады
3-кезең
- оқушылар үйренгенін саралап ой-елегінен өткізеді
- компьютер үдістері арқылы бір жобаға салады.
Осы кезкңнен кейін оқушылардың танымдылық іс-әрекетінің дамуының
деңгейін анықтау кестесін қолданамын. Оқушылардыің есеп шығару барысында
қабілет дәрежесі біркелкі болмайтынын ескереріліп қиындығы артүрлі есептер
берген жөн.
Мысалы, Геометриялық прогерессия тақырыбын алсақ. Формула бойынша
есептеп шығарған кезде оқушыларға төмендегідей тапсырмалар ұсынуға болады.
- бірінші мүшесі мен еселігі берілсе n-ші мүшесін қалай табуға болады?
- тізбек берілсе n-ші мүшесін қалай табамыз?
- еселігі мен n-ші мүшесі берілген болса бірінші мүшесін қалай есептеуге
болады?
Осы сұрақтарды талдау нәтижесінде –
, ,

Формуланы пайдалану керектігін айтып көз жеткіземіз.
Оқушылардың тапсырмаларының негізі болып оқушылардың ақыл-ойымен іс-
әрекеттерін шығармашылықпен дамитынын көрсетеді.
Оқушылардың шығармашылық қабілетінің аттыру мақсатында әр-түрлі
есептер дайындап келулерін ұсынамын.
Оқушылар тапсырманы орындауға теориялық дайындықпен келулері тиіс.
Оқушылар жұмысты аяқтағанан кейін тексеру парағын таратамын.
Оқушы шығарған есептерін мұқият тексеріп өзіне-өзі баға береді. Өзін-
өзі бағалау оқушыны шығармашылыққа тәрбиелеуге баулиды.
Мұғалімнің білімі - оның негізгі құралы, білімсіз мұғалімнің бір
сарынды. Леонардо да Винчи Сүйкімді асты қабылдаудың еш жағымды әсер
болмайтыны тәрізді, ынтасыз, зердесіз білім қабылдауда ақыл ойды
тоздырады, айтылған ақпараттар бойға сіңбейді, жақсы тәрбиелі ұрпақ
қалыптаспайды - деген еді. Яғни оқушыларды тәрбиелеу мұғалімнен
басталады.
Мектептерде математика пәнін оқытудың алдында жалпы мақсаттармен қатар
осы ғылымның ерекшеліктеріне сүйенетін спецификалық мақсаттар да тұр.
Олардың бірі – математикалық ойлауды қалыптастыру және дамыту. Бұл
оқушылардың математикалық жетістіктерінің пайда болуына және нәтижелі
дамуына себеп болады.
Баланың интелектуалдық ойлау қабілетін үш бағытта жылдамдатуға болады:
ойлаудың түсінікті құрылуы, сөйлеу интелектісі және жоспар құру.
Жақсы білімді қалыптастыру белгілі бір мақсатқа бағытталған ойлаусыз
жүзеге аспайды, сондықтан ол қазіргі уақытта мектептегі оқытудың негізгі
мақсаттарының бірі болып табылады.
Балалардың қарапайым есептеуді үйренуі жайлы алғашқы ақпараттар Ежелгі
Шығыс елдерінің тарихи жазбаларында кездеседі. Мектептегі математикалық
білім берудің дамуына Ежелгі Грециядағы математикалық мәдениет үлкен
септігін тигізді, мұнда б.э.д. 5 ғасырда сауданың және теңізде жүзудің
дамуына байланысты бастауыш мектептерде есеп және практикалық геометрия
оқытылды.
Уақыт өте келе білім берудің мақсаттарының көбеюіне, мектептегі
дайындауда жаңа шарттардың пайда болуына, білім беру стандартының өзгеруіне
байланысты бұл оқу пәнінің мазмұны өзгеруде.
Сонымен қатар, ғылымның үздіксіз дамуы, оның жаңа бөлімдері мен
бағыттарының пайда болуы математика пәнінің мазмұнының өзгеруін талап
етеді: тәжірибелік құндылығы жоқ бөлімдер қысқартылады, жаңа актуальді және
перспективті тақырыптар кірістірілуде. Осы айтылғандардың барлығымен қатар
педогогикалық білім де өз орнында тұрған жоқ.
Математиканың оқу курсы үнемі математика – дамушы ғылым мен математика
– оқу пәні арасындағы келіспеушіліктерді жеңіп отыруы тиіс. Ғылымның дамуы
математикалық білім берудің мазмұнының үздіксіз жаңаруын, оқу пәнінің
ғылыммен ұштастырылуын, мазмұнының қоғамдағы әлеуметтік қажеттіліктерге сай
болуын талап етеді. Математиканы оқытудың әдістемесі – бұл математиканы
оқытудағы тапсырмалар, мазмұн және әдістер жайлы педогогикалық ғылым. Ол
пәннің нәтижелігі мен құндылығын арттыру мақсақсатында математикалық білім
беру процесін оқытады және зерттейді. Математиканы оқытудың әдістемесі
математиканы қалай беру керек жайлы сұрақты қарастырады.
Математитканы оқыту әдістемесінің мақсаты мектептегі математиканы
оқыту жүйесінің негізгі компоненттері мен олардың арасындағы байланысты
зерттеу болып табылады. Мұның негізгі компоненттері деп математиканы
оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдістерін, формалары мен құралдарын түсіну
керек.
Математитканы оқыту әдістемесінің пәні өзінің қиындығымен
ерекшеленеді. Математитканы оқыту әдістемесінің пәні математикалық білім
беру болып табылады. Ол математиканы игерудегі мақсаттар мен мазмұннан,
әдістерден, құралдардан және формалардан тұрады.
Математиканы оқыту әдістемесі қазіргі кезде үлкен қиыншылықтарды
бастан өткізуде. Бұл ең алдымен мектеп қабырғасындағы математика мен
математикалық ғылымды бір-бірімен біріктіру қиынға түскендіктен, сонымен
қатар ол философия, математика, логика, психология, биология, кибернетика
және өнермен байланыста болатын педогогиканың шекарасы болғандықтан.
Математиканы оқыту әдістемесінің негізгі қызметтері:
• Сынып бойынша, сабақ тақырыбы бойынша математиканы оқытудың
нақты мақсаттарын анықтау;
• Оқу құралының мазмұны мақсаттарға және оқушылардың танымдық
қабілеттеріне сәйкес келуін қадағалау;
• Қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бағытталған сабақ берудегі
жаңа ұтымды әдістер мен ұйымдастырушылық формаларды құру;
• Оқытуға қажетті құралдарды қарастыру және мұғалімнің жұмыс
тәжірибесінде оларды қолдануға арналған көрсеткіштер шығару.
Математиканы оқыту әдістемесінің көмегімен келесі үш сұраққа жауап
алуға болады: Математиканы не үшін оқу керек? Нені оқу керек? Математиканы
қалай оқыту керек?
Бағдарламада қарастырылған мектептегі математиканың мазмұны ондағы
болып жатқан өзгерістерге қарамастан ұзақ уақыт бойы өзінің негізгі
мағынасын жоғалтқан жоқ. Бағдарламаның негізгі мазмұнының мұндай
тұрақтылығы мынамен түсіндіріледі: математика өзінің дамуында көптеген
жаңалықтарды аша отырып, оның алдында жиналған білімдерді де ескірген және
керексіз деп тастамай, сақтап отырады. Бұл бөлімдерге кіргендердің
әрбіреуінде орта мектепте оқытылатын пән ретінде өздерінің даму тарихы бар.
Оларды оқыту жайлы сұрақтар арнайы математикадан сабақ беру әдістемесінде
көрсетілген.
Оқыту әдісі – дидактикалық құралдар мен тәсілдердің кешені, олардың
көмегімен оқыту мен тәрбие берудің мақсаттары жүзеге асады. Оқыту әдісі –
бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған әрекеттерінің байланысқан
түрі. Оқыту әдісі деп мұғалім мен оқушылардың белгілі бір дидактикалық
мақсатты жүзеге асыруға арналған кезектесіп отыратын әрекет ету тәсілдерін
айтады.
Сабақ беру әдісі – оқушылардың танымдық қабілеттерін басқаруға және
бақылауға арналған құралдар мен тәсілдер, ақпарат алмасу жолдары.
Оқу әдісі – оқу материалын қабылдаудың жолдары, құралдары мен
тәсілдер, оқу мен өзін-өзі бақылаудың репродуктивті және продуктивті
әдістері.
Математикалық зерттеудің басты әдістеріне жатады: бақылау және
тәжірибе, анализ және синтез, салыстыру, жалпылау және специализация,
абстрактілеу және конкретизация.
Математиканы оқытуда қолданылатын қазіргі замандағы әдістер:
проблемалы (перспективті) әдіс; зертханалық әдіс; бағдарламаланған оқыту
әдісі; эвристикалық әдіс; математикалық модельдерді құру әдісі;
аксиоматикалық әдіс және т.б.
Оқытудың ақпараттық дамушы әдістері екі класқа жіктеледі:
1. Ақпаратты дайын түрінде беру (дәріс, түсіндіру, оқуға арналған
кинофильмдер мен видеофильмдерді демонстрациялау және т.б.);
2. білімді өз бетінше табу (оқулықпен өз бетінше жұмыс, оқу
бағдарламасымен өз бетінше жұмыс, берілгендердің ақпараттық базасымен жұмыс
– ақпараттық технологияларды қолдану).
Проблемалық-іздеуші әдістерге мыналар жатады: Оқу материалын
проблемалы талқылау (эвристикалық әңгімелесу), оқу дискуссиясы, зертханалық
іздеуші жұмыс, кіші топтармен жұмыс істеген кезде ұжымдық ойлау
қабілеттерін (ҰОҚ) ұйымдастыру, зерттеуші жұмыс, ұйымдастырушылық-әрекет
етуші ойын.
Репродуктивті әдістер: оқу материалын мазмұндау, мысал бойынша
жаттығуларды орындау, инструкция бойынша зертханалық жұмыс.
Мәдени-репродуктивті әдістер: шығарма, вариациялық жаттығулар,
өндірістік жағдайларды анализдеу, әртүрлі ойындарды ұйымдастыру және
мамандандырылған әрекеттерді имитациялаудың басқа түрлері.
Мұғалім мен оқушылардың әрекеттерінің тәсілдері оқыту әдістерінің
құраушы бөлігі болып табылады (М.И.Махмутов). Тәсілдер – белгілі бір
тапсырманы орындауға бағытталған әрекеттер, қызмет ету түрлері. Оқу
жұмысының тәсілдері ойлау әрекетінің тәсілдеріне тәуелді (анализ және
синтез, салыстыру және жалпылау, дәлелдеу, абстрактілеу, конкретизация,
қорытынды шығару, көз алдына елестету және еске сақтау тәсілдері).
Оқытудың арнайы әдістері – математиканың өзінде қолданылатын оқуға
адаптацияланған танымның негізгі әдістері,нақтыны оқуда математикаға тән
әдістер (математикалық модельдерді құру, осындай модельдерді құруда
қолданылатын абстрагтілеу тәсілдері, аксиоматикалық әдіс).
Мұның нәтижесінде математика курсына бірнеше әдістемелік
көрсеткіштерді ұсынуға болады:
2. Заманауи талабына сай технологиялардың тиімді пайдалануы
2.1 Бастауыш сыныптың математика сабағында сыну тұрғысынан ойлау
технологиясын қолдану
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түкпір-түкпірінен
жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген
Джинни Л. Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобанын негізі Ж. Пиаже,
Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан
қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға
сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты,
Сорос Қазақстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математиканы оқытудағы жаңа технология
Бастауыш сыныптың математика сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану
Мектептегі математика сабағында жобалау технологиясын қолдану
Химия сабақтарында интерактивті оқыту технологиясы
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
Математиканы оқыту әдістемесі
Инновациялық технологияларды кіріктіре отырып география пәнін оқыту
Оқушыларды сын тұрғысынан ойланту арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту
СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Шығармашылық ойлау дағдысы
Пәндер