«Мектепке дейінгі балалардың уақытты қабылдау ерекшеліктері»



Кірісп ... ... ... ... ...3
І. Мектепке дейінгі балалардың уақытты бағдарлауының теориялық әдістемелік негіздері ... ... ..6
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың уақытты қабылдау ерекшеліктері ... ... ... ..6
1.2. Уақыт және оның ерекшеліктері ... ...9
1.3. Мектепке дейінгі балалардың уақыт бойынша бағдарлауын дамыту міндеттері...12
ІІ. Балаларға уақыт туралы білім берудің және уақыт өлшемдерімен таныстырудың практикалық негіздері ... .17
2.1. Уақыты қабылдаудың ерекшеліктерін көрсетуге арналған әдістеме ... ... 17
2.2. Уақыт туралы білім беруге арналған ұйымдастырылған оқу іс.әрекеттері ... ... .18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... 34
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Балаларды уақытты қабылдай білуге және мүмкіндік туғызу. Біз дүниедегі заттар мен құбылыстарды белгілі бір уақытта және кеңістікте қабылдаймыз. Уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан нәрсе болмайды. Уақыт дегеніміз – дүниедегі заттардың өзгеріп, бір қалыптан, екінші қалыпқа көшіп, ескі заттардың өшіп жаңа заттардың оның орнын басып отыратынын айтамыз. Уақыттың кеңістік сияқты шегі болмайды. Уақыт - өткен шақ, осы шақ, келер шақтарға байланысты. Уақытқа байланысты түрлі сөздерді қолданамыз: кеше, бүгін, ертең. Тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін: (таңғы уақыт – кешкілік уақыт, күндізгі уақыт – түнгі уақыт) анықтай білуі тиіс.
Швейцар психологы Ж.Пиаженің пікірінше «Баланың оқуға дайындығының ең жоғары деңгейі бұл баланың уақытты бағдарлай алып, өзін басқа адамның позициясында сезіну біліктілігінің қалыптасуы», - деген. Яғни, мектепке дейінгі баланың уақытты қабылдай алуы, оның оқу материалын меңгерудің жолын жеңілдетеді.
Уақиғалардың уақыт бойынша өтуретін дәлірек шектеу және түсіну қабілетін дамыта келе, осы уақиғалардың себептік тәуелділіктерін санамен түсіну мүмкін болады, ал негізгісі сол алуан түрлі уақыт эталогдарымен пайдалана білу іскерлігін дамыту, мұның өзі уақыт қатынастарын сан көрсеткіштері жағынан өрнектеп көрсетуге мүмкіндік береді.
1. Аббасов М.Г. «Особенности воспрятия предстовлений и пониманий времени учащихся вспомагательных школ». //Дефектология 1983 г. №5
2. Ананьев Б.Г. «Анализ трудности в процессе овладения детьми чтением и письмом» 5. Акимова М.К., Козлова В.К. Психлогическая коррекция умственного развития школьниов.М, 2001г.
3. Ананьев Б.Г. «Пространственные различения». Ленинград,1958 г.
4. Ананьев Б.Г. Рыбалко Е.Ф. «Особенности воспрятия пространства у детей». Ленинград, 1964 г.
5. Бабенкова Р.Д. Юревский С.Ю. « Пространственная диянизация движений учащихся вспомогательной школы», //Дефектология
6. Балбөбек бағдарламасы - Алматы: Шартарап. 2000
7. Бондаренко А.К. Дидактические игры в детеком саду.- М.,1990.
8. Гигиенические основы воспитателя детей от 3 до 6 лет сост.В.И.Телснчи.-М.: Просвещение, 1987.
9. Гульянц Э.К. Базик И.Я. Что можно сделать из природного материала. М.: Просвещение, 1991.
10. Детский сад в Японии. Пере с япән Л.Д. Гришевой-М.: Прогресс, 1987.-240 с.
11. Дошкольная педагогика //Под. Ред В.И.Логиновой,П.Т.Саморуковой.- М.:Просвещение, 1989-25
12. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, 1994 -280 бет.
13. Козлова С.А., Куликова Т.А. Дошқольная педагогика. - М.: Издательский центр. Академия, 2002-416 с
14. Кравцов Г.Г., Кравцова Е.Е. Шестилетний ребенок: Психологическая готовность к школе.- М., 1987.
15. Краних Э.М. Евободные вольдорфские школы.- М.: ПариФоль, 1993.-93 с.
16. Леушина А.М. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі.–Алматы, 1987.
17. Маркова Т.А. Воспитание трудолюбие у дошкольников. М.: Просвещение, 1991.
18. Марковская М.М. Уголок природы в детском саду. М.: Просвещение, 1989.
19. Мектеп. 1982. 133-150 б.
20. Мендлина П.Я. Дошкольное воспитание во Франций.-М.:Педагогика, 1994.
21. Меңжанова А.Н. Мектепке дейінгі педагогика. Алматы. Рауан.1992.
22. Пилюгина Э.Г. Занятие по сенсорному воспитанию с детьми раннего возраста. М:Просвешение, 1983.
23. Сенсорные воспитание в детекому саду. Под.ред/Н.Н.Подьякова. В.ИАванесовой- М,:Просвещение,1981 -192с.
24. Стреляева О.И. Организация трудовой деятельности детей дошкольного возраста. Алматы, Рауан.1994.
25. Усова А.П. Обучение в детском саду. М.: Просвещение. 1970.
26. Ядэшко В.И,.Сохина Ф.А. Мектеп жасына дейінгі педагогика. Алматы,

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
кафедрасы
Пәні: Қарапайым математика

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мектепке дейінгі балалардың уақытты қабылдау ерекшеліктері

Орындаған: Ғизатова Г.О. 3п КДО
топ студенті
Жетекші: Маденова Т.Ө.

Орал, 2013ж.
Мазмұны
Кірісп ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Мектепке дейінгі балалардың уақытты бағдарлауының теориялық әдістемелік
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 6
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың уақытты қабылдау
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Уақыт және оның
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..9
1.3. Мектепке дейінгі балалардың уақыт бойынша бағдарлауын дамыту
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
ІІ. Балаларға уақыт туралы білім берудің және уақыт өлшемдерімен
таныстырудың практикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.1. Уақыты қабылдаудың ерекшеліктерін көрсетуге арналған
әдістеме ... ... 17
2.2. Уақыт туралы білім беруге арналған ұйымдастырылған оқу
іс-
әрекеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...37

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Балаларды уақытты қабылдай білуге және
мүмкіндік туғызу. Біз дүниедегі заттар мен құбылыстарды белгілі бір уақытта
және кеңістікте қабылдаймыз. Уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан нәрсе
болмайды. Уақыт дегеніміз – дүниедегі заттардың өзгеріп, бір қалыптан,
екінші қалыпқа көшіп, ескі заттардың өшіп жаңа заттардың оның орнын басып
отыратынын айтамыз. Уақыттың кеңістік сияқты шегі болмайды. Уақыт - өткен
шақ, осы шақ, келер шақтарға байланысты. Уақытқа байланысты түрлі сөздерді
қолданамыз: кеше, бүгін, ертең. Тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін: (таңғы
уақыт – кешкілік уақыт, күндізгі уақыт – түнгі уақыт) анықтай білуі тиіс.
Швейцар психологы Ж.Пиаженің пікірінше Баланың оқуға дайындығының ең
жоғары деңгейі бұл баланың уақытты бағдарлай алып, өзін басқа адамның
позициясында сезіну біліктілігінің қалыптасуы, - деген. Яғни, мектепке
дейінгі баланың уақытты қабылдай алуы, оның оқу материалын меңгерудің жолын
жеңілдетеді.
Уақиғалардың уақыт бойынша өтуретін дәлірек шектеу және түсіну
қабілетін дамыта келе, осы уақиғалардың себептік тәуелділіктерін санамен
түсіну мүмкін болады, ал негізгісі сол алуан түрлі уақыт эталогдарымен
пайдалана білу іскерлігін дамыту, мұның өзі уақыт қатынастарын сан
көрсеткіштері жағынан өрнектеп көрсетуге мүмкіндік береді.
С.Л.Рубинштейн былай жазады: Уақыт жөніндегі түсінік балаларда әдетте
кеш дамитын болғанмен (әсіресе оны тәрбиелеуге жеткілікті көңіл бөлмеген
жағдайды), оған баланың ой-жотасы жете бермейді деп қорқуға болмайды.
Б. Г. Ананьев өз жұмыстарында қоршаған ортаның бейнесі, уақыт пен
кеңістің бейнесі бір уақытта тануы да болып табылатын екі негізгі формада
көрініс табатындығын айтып өтеді. Яғни ол формалар: сезімді бейнелі және
логика – түсінікті. Бұл негізгі формалардың бірлігімен байланысы объективті
қызмет бейнеленетін уақыттық бейнеден көрініс табады.
Бала жазу жазуда қарындашты немесе қаламды дұрыс ұстап үйретуіңізді
ұмытпаңыз. Мектепке дайындық баланың үйлесімпаздылығынан туындайтын кезде
оңтайлы мүмкіндіктері арқылы жан-жақты тәрбиеленуі мен дамуын талап етуі
бала оқу және тәжірибе мәселесін шешу үшін өзіндік білімін пайдалануы,
танымдық әрекеттері мен ойлануы жеткілікті даму деңгейін көтерілуі тиіс.
Психологиялық және физиологиялық зертеулер бойынша білгеніміздей,
уақытты қабылдау түрлі анализаторлардың арақатынасына негізделген. Бала
дамуындағы уақыт бастауы түрлі анализаторлардың арасындағы уақыттық
байланыстардың құрылуымен тығыз байланысты. Көптеген психологтар өз
зерттеулерінде В.И. Павлов пен И.М Сеченовтардың анализаторлардың уақытта
атқаратын қызметіне берген кешенді сипаттамаларын тәжірбие жүзінде растады.
Сонымен балаларды мектепке психологиялық даярлау бағыттарын тәжірибеде
жүзеге асыратындар - ата-аналар, мұғалімдер және мектеп және балабақша
психологтері.
Зерттеу объектісі. Мектеп жасына дейінгі балаларға уақытты бағдарлауға
үйретуге арналған әдістер.
Зерттеу нысаны. Мектеп жасына дейінгі балалар өміріндегі уақытты
бағдарлауы.
Зерттеу мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым
математикалық түсініктерін қалыптастыру және уақытты бағдарлауға үйрету
және оны теориялық-әдістемелік тұрғысынан зерттеу болып табылады.
Зерттеу міндеттері: мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу, уақытты
бағдарлау - тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтай білуін дамыту және
ересектер мен балалардың іс-әрекеттерінің өзгеруі бойынша тәулік бөлігін
ажырата білуге үйрету, балаларға уақытты бағдарлауға үйрету әдістері және
балалард мектепке даярлау ерекшеліктері туралы толық мағлұмат беру.
Зерттеу нысаны. Отбасында бала тәрбиесін нәтижелі қарастыру.
Зерттеу пәні. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу.
Зерттеу әдістері. Ғылыми–педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге
теориялық талдау, бақылау, байқау; ата–аналар және ұстаздармен әңгіме,
сұхбат жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- бала мен ата–ана қарым–қатынасының түрлері мен күрделі тұстарына
теориялық тұрғыда сипаттама берілді;
- отбасы тәрбиесінде ата–ана қарым–қатынасының ықпалын арттырудың
тетіктері анықталып зерделенді,
- бала мен ата–ана қарым–қатынасының тәрбиелік ықпалын арттырудың
педагогикалық шарттары белгіленді.
Практикалық пайдасы. Эксперименттік – тәжірибе жұмысының нәтижелерін
ата–аналардың педагогикалық сауатын ашуда, мектепте сынып жетекшілерінің
ата–аналармен жұмысында, педагог–психологтардың практикалық іс –
шараларында қолдануға болады.
І. Мектепке дейінгі балалардың уақытты бағдарлауының
теориялық әдістемелік негіздері
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың уақытты қабылдау
ерекшеліктері
Көптеген әдебиеттерде зияты бұзылған балалардың уақытты түсініктерді
түсінбеуі туралы айтылады (К.И. Вересотская, Т.Н. Головина, В.И. Липа, И.М.
Соловьев, А.А. Хилько).
Зияты бұзылған балалардың көпшілгі уақыттық ұғымдарын бағдарлай
алмайды. Көптеген ғалымдардың зерттеуі бойынша, сөйлеу тілінің кемдігінен
уақыттық ұғымдарын бағдарлай алмау мектеп бағдарламасын меңгеруде
айтарлықтай қиындықтар туғызады. Зияты бұзылған баланың сөйлеу тілінің
кемістігін түзетепей жалпы уақытты бағдарлай алу мүмкіндігі шектеледі.
Сондай-ақ, уақытты бағдарлау түсініктері есте сақтау қабілетінің дамуымен
тығыз байланысты. Уақытты болжау туралы арнайы педагогика мен психология
әдебиеттерінде сипатталған. Ж.И.Шиф, Н.Ф.Гнездилов көмекші мектептердің
алдына сапалы білім беруді мақсат етіп қойды.
Зияты бұзылған балалармен арнайы мекемелерде арнайы бағдарламалар
негізінде тәрбиелеу мен оқыту, түзете-қалыптастыру тапсырмаларын шешуде
және түрлі іс-әрекеттерін қалыптастыруда баланың генетикалық қағидасы
ескеріліп, кешенді жұмыс жүргізілуі тиіс, бұл баланың әр түрлі дамуында
және олардың қабылдауында, ойлауында, сөйлеуінде ақаулықтарына түзетуді
қамтамасыз етеді.
Зияты бұзылған балалармен жүргізілетін түзету жұмыстардың жүйесі
қоршаған ортада пайда болған шынайы заттар мен құбылыстарды елестету
негізінде іске асырылады. Бұл қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын
арнайы таныстырғанда, яғни іс-әркеттің әр түрлі бағыттарын игеру барысында
жүзеге асырылады (қарапайым еңбек негізінде, ойын, сурет салу, құрастыру).
Бірақ, зияты бұзылған балалардың уақыттық ұғымдарды түсінуі мен
елестетулері баяу қалыптасып, алдағы уақыттарда оқуына кедергі келтіреді
(Т.Н.Головина, И.А.Грошенко, В.А.Литвак).
Зияты бұзылған балалардың уақыттық ұғымдарды түсінбей, бағдарлай
алмауына, оның біршама танымдық үрдістерінің зақымдануымен түсіндіреді.
Сөйлеу тілінің ақаулығы, ұзақ уақыт еске сақтай алмауы, зейін
мөлшерінің бағдарламаны меңгеруде қиындықтар туғызады. Оқыту негізінде және
зерттеу қорытындысы бойынша уақыттық ұғымдарын түсіну және қолдану
ерекшеліктері туралы алынған мәлеметтер балаларда уақыт ұғымдарды
қалыптастырудың тиімді бағыттарын анықтауға көмектеседі. Нәрселердің шама-
шарқы мен түр-түсінің тұлғасының тұрақтылығына қатысты өзге де
қасиеттерімен толықтыруға болар еді. Бұл мәселенің бәрі тікелей бақыланатын
қасиеттер құрылымы деп аталады. Тікелей бақылаудың өзі тағы да заттарды
дұрыс қабылдай білу. Соңдықтан біздер тікелей бақылау нәтижесінде нәрселер
мен құбылыстардың құлпырып өзгеруі уақыттың орналасу жағдайына қарамастан,
оларды бұрмаламай дәл сол күйінде тұрақты жағдайында қабылдаймыз.
Г.Гельмгольц осы мәселенің тоқырап қапуына өкініш білдіріп, қабылдау
процесін бақылау негізгі әдіс емес, оның дамуына орай пайда болған көзқарас
деген-ді. Қабылдау процесінің өзге де қасиеттері жайында Гельмголыцтік
өзіндік пікірлері мен идеялары болды. Алайда оның зерттеулеріңде қабылдауды
тікелей бақылау нәтижесі деп санауы шындыққа сай келе бермейтін жағдай еді.
Өйткені қабылдау бастапқы порцесс емес, ол пси-хикалык дамудың жемісі деп
санау керек еді. Мұңдай шындыққа сай келетін кесімді пікірді Гельмгольц өз
кезіңде ғылыми талапқа орай көтере алмады.
Б. Г. Ананьев өз жұмыстарында қоршаған ортаның бейнесі, уақыт пен
кеңістің бейнесі бір уақытта тануы да болып табылатын екі негізгі формада
көрініс табатындығын айтып өтеді. Яғни ол формалар: сезімді бейнелі және
логика – түсінікті. Бұл негізгі формалардың бірлігімен байланысы объективті
қызмет бейнеленетін уақыттық бейнеден көрініс табады. Яғни бейненің
сезімділігі және уақытқа бейімделудің негізінде, балада уақыттың бейнесі
мен бағдарының жоғарғы формасы қалыптаса бастайды. Уақытты бейнелеу мен
бағдарлаудың жаңа деңгейіне өту әдетте баланың сөздік құрам мен
грамматикалық құрылымның мамандануымен бірге қалыптасатын сөйлеу кезеңімен
байланыстырады. Бұл процестегі ерекше рөл баланың арнайы уақыттық
терминін меңгеруі және мұғалімнің оқыту функциясына беріледі. Уақытты
қабылдауда үш қызмет түрі қатысады: бағалау, өлшеу және уақыттық
интервалдың жаңғыруы:
· Бағалау кезінде адам оған көрсетілген материалды ауызша анықтайды
(мысалы: 1 минут.) ;
· өлшеу кезінде өзі айтқан материалды бағалайды;
· уақытты жаңғырту кезінде оған көрсетілген интервалды қайталайды.
О. Б. Эльконинның ойы бойынша, уақыттың әртүрлі жағын тану үшін ми
құрылымының әртүрлі қабыршақтарының функциясы қажет. Ең аз дәлдікпен уақыт
интервалын ауызша бағалау сипатталады. Сол сияқты тура дәлдік уақыт
интервалын жаңғыртуда байқалады. Бұл, яғни адам бағалау және өлшеу кезінде
тереңірек санайды, ойда сақталынған интервалды үлгімен байланыстырады, ал
жаңғырту кезінде ішкі салыстырудан басқа, алдыңғы көрсетілген материалмен
салыстыру мүмкіндігі болады. Сонымен, сөз және уақытты бағалауды
қабылдаудың ерекше рөлі бар екенін айтуға болады.
1.2. Уақыт және оның ерекшеліктері
Уақыт объективті түрде, біздің санамыздан тыс және әрі одан тәуелсіз
түрде болады. Оны қабылдау әрі танып білу – нақты уақыттың біздің санамызда
бейнелеуі ғана.
Уақытттың сипатты ерекшеліктері болып табылатындар:
- оның озып өтуі, уақыт қозғалыспен баланысты;
- оның қайтымсыздығы;
- көрнекі формаларының болмауы, ол көрінбейді де, естілмейді де.
Орыс тілінде время (уақыт) ежегі орыстың время сөзінен шыққан, ол
айналу деген мағынагы білдіреді екен. Өткен, келер және осы шақтар; олар
алмаса айлмайтындай болып, өзара байланысқан. Уақыттың қайтымсыз болу
қасиеті, уақттың бір бағытпен өтуі табиғат пен қоғамның жоғары өрлеу сызығы
боймен мәңгі даму, ескіден жаңаға өту белгісі.
Түйсіктің қабылдау деген уақытты қабылдаудың негізі болмақ. Алуан
түрлі анализаторлар комплексі уақыттың баяу өтетіндігін түйсікпен
қабылдауға септігін тигізеді, алайда И.М.Сеченов есіту және бұлшық еттер
түйсіктеріне ерекше мән берген. Тек дыбыс пен бұлшық еттер түйсігі ғана
адамға уақыт жөнінде түсінік береді, онымен бірге өзінің мән мағынасымен
емес, бір жағынан ғана, дыбыстың созылыңқы және бұлшық еттер түйсігінің
баяулығы арқылы барып сезінеді. Сондықтан есіту мен бұлшық еттер түйсігін
И.М.Сеченов уақыттың жарым-жартылай анализаторы деп атаған.
И.П.Павлов уақыт санағы нерв жүйесінің әрбір элементіне, әрбір
клеткасына тән деп көрсетті және де ол анализатордың қай-қайсысы да
уақытты санай алатындығын эксперимент жүзінде дәлелдеп берген. И.П.Павлов
уақыт қабылдауының физиологиялық негізі болып табылатын қозу мен тежелудің
алмасып отыруы, осының өзі уақыт санауға мүмкіндік береді деген-ді. Біл
пікір бірқатар зерттеулермен дәлелденген; екінші сигналдық системада
салыстырмалы түрде қозғыш процесі басымырақ болғанда уақыт кемдеу
бағаланады да, тежелу процесі басымырақ болғанда артығымен бағаланады.
Сөйтіп, уақыт аралықтарын дл бағалау сайып келгенде қозу мен тежелу процесі
динамикасымен анықталады. Ал уақыт аралықтарын дифференциялау уақытқа деген
шартты рефлекстер нәтижесі болып табылады.
Адам уақытты қабылдаудан бұрын жануарлар дүниесінің бүкіл даму жолын
өтіп отыр. Алайда тіпті сол психологиялық жоғары сатыдағы жануарлардың
уақытты қабылдауы – уақытты адамның қабылдауынан сана жағынан өзгеше таза
биологиялық құбылыс. Адамның уақытты саналы түрде қабылдауы әлеуметтік-
өндірістік практика жүзінде қалыптасқан. Уақыт өлшеудің алуан түрлі құрал-
жабдықтары, эмоция, уақыт ұғымдары, қондырғылар мұның бәрі жануарларда
атымен болмайды т.б. уақыт жөнін адам бағдарлағанда уақыт бейнесінің өзара
бірін-бірі толықтыратын әрн түрлі екі формасы болады. Олардың бірі – уақыт
ұзақтығын тікелей түйсіну, бұл висцераль сезумен шарттасып жатады.
Екіншісі – уақыттың өзін қабылдау анағұрлым күрделі әрі жетілген бейнелеу
формасы бұл болса, жалпылама органикалық негізде дами келе екінші сигналдық
системаның қорытындылау функциясымен тығыз байланыста болады. Уақыт
ұзақтығын тікелей қабылдау болса, ол біздің оны сезіну қабілетіміз,
ешқандай көмекші құралсыз-ақ уақыты бойынша қабыладу және тікелей бағалау
арқылы білінеді. Осы қабілет уақытты сезіну деп аталады. Алуан түрлі іс-
әрекеттерде уақытты сезіну не темпті сезу ретінде, не ритмді сезу
ретінде, не жылдамдықты сезу ретінде білінеді. Осы сезімді қалыптастыруда
көптеген анализатор әрекеті негізінде уақытты дифференциялау тәжірибесі
белгілі бір роль атқарады. Мәселен, уақытты сезіну дегенге сезіп
қабылдаумен қатар логикалық компоненттер де енеді. Олар: уақыт өлшекіштерін
білу. Сонымен уақытты сезіну деген бірінші және екінші сигналдық
системалардың өзара әрекеттесуіне негізделеді.
Уақытты сезу әр түрлі даму басқышында болуы мүмкін. Ерте кезде уақыт
эталондарын білмей тұрып та сезім тәжірибесіне сүйеніп қалыптасады. Нәресте
дыбыс береді, өйткені тамақтанатын мерзім жетті. Нәресте тойынды – ол
тыныш, жымиып жата береді, ұйықтайды. Оның әзір уақытты сезіну деген жоқ,
ондай сезім нақтылы әрекетпен байланысты ғана қалыптасқан, яғни оның
қолданылу сферасы аса тар. Уақыт бірліктерін игергеннен кейін және оларды
қолдана келе уақытты сезу кеңінен пайдаланылатын болды.
Уақытты сезіну адамның практикалық іс-әрекетінде арнайы
ұйымдастырылған жаттығулар және де уақытты бағдарлау әдістерін игеру
нәтижесінде дамиды әрі жетіледі. Мұндай жағдайда оқу іс-әрекетті реттеуші
рөлін атқара бастайды.
Психологиялық зерттеулердің көрсетуінше, екінші сигналдық система
уақыт жөнінде түсінік қалыптастыруда, уақыт аралықтарын бағалауда зор роль
атқарады. Ал сөзбен қабылданған өлшеу бірліктері есебімен әр түрлі уақыт
мөлшерін айтамыз, процестердің темпін, ритмін, олардың алмасуын және
периодтылығын өрнектеп айтамыз.
1.3. Мектепке дейінгі балалардың уақыт бойынша бағдарлауын
дамыту міндеттері
Физиологиялық зертетулердің көрсетуінше, ерте жастағы балаларда
уақытқа деген шартты рефлекстерді тәрбиелеу жылдамдығы әр түрлі, ал мектеп
жасына дейінгі балаларда үлкен қиындықпен келеді және аса тұрақсыз.
Алғашқы қадам, Зерек және Біз мектепке барамыз атты мектепке
дейінгі бағдарламаларда уақытты бағдарлау (күн, таңертең, сәске түс, бесін,
ақшам, ымырт, бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні) туралы білімдерін бекіту
туралы енгізілген.
Таңертең, күн, кеш, түн мезгілдері тәулікті құрайтыны туралы ұғымдарын
қалыптастыру. Кеше қай күн болғаны, бүгін қай күн екенін, ертең қай күн
болатынын анықтап, бұрын не болғанын, одан кейін не болатыны, аптаның қай
күні екені туралы түрлі жағдайларды ретімен орналастыра білуге үйрету. Жыл
12 айдан тұратынын, оларды ретімен дұрыс айта білу шеберлігін қалыптастыру
міндетті оқу іс әрекетіне жатады.
Балаларға тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтай білуін дамыту:
таңертең-кеш, күн-түн. Үлкендер мен балалардың іс-әрекеттерінің өзгеруі
бойынша тәулік бөлігін ажырата білуге үйрету және тәулік бөліктері, олардың
бірізділігі туралы ұғымдарын қалыптастыру, сонымен қатар кеше, бүгін,
ертең түсініктерімен таныстыру, жақын күндердің аттарын ретімен айтуға
үйрету, шапшаң, тез, баяу түсініктерін ажыратуға үйрету керек.
Уақыттың созылмалы өтіп жататын, оның қайтымсыздығын және
периодтылығын балалардың қабылдауы аса қиын, өйткені көрнекі формалар жоқ.
Балалар үшін уақыт қатынастарын белгілейтін сөздің мәнісін түсіну де
күрделі, өйткені ол салыстырмалы сипаты; мысалы, енді – қазір немесе бүгін
– кеше – ертең т.б. сөздер нені білдіреді, айырмашылығы неде. Бұл уақыт
белгілеулердің мәні теңбе-тең болғанда реалды нақтылы момент, олардың
көрсетіп отырғаны, үздіксіз жылжып отырады. Бұл баланың бірден игере
алмайтын қиындығы, - деп жазды С.Л.Рубинштейн. Сондықтан мектепке дейінгі
балалар ересек адамдардан: Бүгн деген ертең бе, ал енді бүгін бе?, Жел
деген айналып тұратыны рас па?: жаз еді, өтіп кетті, тағы орала ма?
дегендерді жиі сұрайды.
Ерте даму кезеңдерінде бала уақыт жөнінен уақыттан тыс, сапалық
белгілер негізінде бағдарлайды.
Мысал келтірейік, Сана.Н. 2 жас 6 айда, жатар алдында жуынады, сосын
мамасына былай дейді: Қазір мен Қайырлы таң! деймін. Мамасы Жоқ, оны
сен ертеңгісін айтасың, ал қазір кеш болды. Сана: Оның не айырмашылығы
бар?, Мамасы: жымияды. Сана: Біз жуындық қой, енді Қайырлы таң деу
керек. Мамасы: Айырмашылығы сол, ертеңгісін жарық болады, адамдар жұмысқа
барады, ал кешкісін қараңғы түседі, адамдар ұйықтайды. Кешкісін Қайырлы
түн деу керек. Сана: Жоқ, қайырлы түн дегенді шешініп, ұйықтарда киетін
көйлегімді кигеннен кейін айту керек. Ал мен қазір тек жуындым, Қайырлы
таң деймін.
Бұдан біз балалардың уақыт қатынастарына ерте қызығатынын байқаймыз.
Балдырғандар біз балалардың уақыт терминдерін қиындықпен игерсе де, олардың
сөз қорының дамуына қарай қазіргі, өткен және келер шақ етістіктің уақытқа
байланысты айырмашылығын орынды пайдаланатын болады.
Кіші топтың балалары сапалық белгілері бар оқиғаларды уақыт жағынан
айқын шектей біледі. Олар тәулік бөліктерін, тұсында атқарылатын әдепкі
әрекеттермен байланыстырып, айыра біледі, өздеріне жақсы таныс және де
өздерін эмоция жағына қызықтыратын кейбір уақиғаларды белгілі бір уақыт
мерзімімен байланыстырады. Елка – қыс түскенде, Жаз келгенде дачаға
барамыз т.с.с. Төрт-бес жасар балалар мазмұны жөнінен өзінің жеке
тәжірибесінен белгілі бір түсінігі бар кішігірім уақыт аралықтарын
әжептәуір дәл анықтайды, мысалы, олар демалыс күннен кейін музыка сабағы не
санау бойынша сабақ өтетінін біледі, оны күтіп жүреді, оған дайындалады,
тәрбиешіден оны сұрап қояды. Алайды, ол сабақтардың ұзақтығы туралы
түсінігі дәл емес, тәрбиеші сабақтың ақырына дейін бір минут қалғанын
бірнеше рет ескертіп, тездетіңдер десе де, бұны елең қылмайды, өйткені
минуттың ұзақтығын олар білмейді, минут деген сөқ оларда сезімдік
қабылдаумен байланыспаған.
Ал ұзағырақ уақыт аралықтары жөніндегі түсінікке келсек, ересек
балаларда да олар дәл емес. Аса аөне заман жөніндегі олардың түсінігі тіпті
де бұлдыр. Солай бола тұрса да, ертеде өткендерге балалар қызығады, алайда
әр бала уақыт тұрғысынан әр түрлі шектейді, бұның бәрі ересек адамдардың
балаларды уақыт тұрғысынан шектеу жөнінде әңгімелесе ме, соған байланысты.
Байқасақ, дұрыс басшылық берілсе, бала көптеген нәрсені игере алады екен.
Мысал келтірейік. Ересек адамдар Пушкин тауарларына баратынын
әңгімелеп отыр. Сана Н. (5 жас 2 ай) қуанып отыр. Мамасы: Біз Пушкин
тауарларына барамыз Пушкиннің тұрған және қызмет еткен жері Михайловск
селосына барамыз. Сен оның бәрін өзің көресің - Ой, мама күлдірмеші.
Пушкин қайтыс болды емеспе? - Қашан?, Әлдеқашан, 100 жыл өтті ғой.
Әлдеқашаны қалай сенің кішкене кезіңде ме? - Қойшы мама (күледі)! Сен
де, папам да Пушкин қайтыс болған кезде болмаған едіңдер. Сен білесің бе
мама, оны тіпті өлтірмегенде де ол қазір қартайып барып өлер еді. Ол,
бәлкім, мен тіпті кішкене кезімде өлген болар еді.
Осы сияқты мысалдарға қарағанда, мектеп жасына дейінгі ересек топтағы
балалара кейбір ескілікті тарихи оқғаларды белгілі бір дәрежеде түсіне
біледі.
Балалар бақшасында тәрбиелеу программасы ересек топтағы балаларды
кейбір тарихи оқиғалармен таныстырады, осы жастан бастап-ақ балаларда уақыт
жөнінен бағдарлай білуді қалыптастыру қажет.
Уақыт жөнінде түсінік қалыптастыруда сөздің атқарар рөлі үлкен:
ұзақтығы әр түрлі уақыт аралықтары сөз арқылы абстракцияланады және
қорытындыланады: секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл т.б. осы
арнаулы атаулармен балалардың пайдалану дәлдігі уақыт эталондарының
әрқайсысының нақты мазмұны қандай, ол қандай негізгі белгілермен
сипатталады – соған байланысты. Алайда қандай уақыт аралықтарын болса
дасипаттайтын нақтылы белгілер аса шектеулі келеді, өйткені олар адам
өмірінің тұрмыстық, экономикалық және географиялық шарттарымен айқындалады.
Күн дегенде – ол әр уақытта да, қай жерде же жарық және халықтың еңбек етуі
деп, ал түн болса – қараңғы және халық ұйықтайды деп сипаттала бермейді.
Сондықтан, тәуліктердің, жыл мезгілдерінің т.с.с. алмасу тәуелділігін
айырып көрсететіндей, көрнекі құралдарды табу аса маңызды. Қай эталонды
болсын түсіу үшін ортақ белгілерді табу қажет. Мәселен,ғ кеше, бүгін,
ертең, т.б. сөздердлің мәнісін айқындау үшін, ең алдымен тәуліктердің өтіп
жататын және алмасып отыратынын түсіну қажет. Әдетте бір тәуліктің
екіншісімен алмасу белгісі деп кішкене балалар Москва куранттарының соғысын
біледі. Тәулік айналып тұрады дейді 4-5 жасар балалар. Тәулік эталонын
оның құрамын (ертеңгілік, күн, кешкілік, түн), олардың ұзақтығын және
алмасуын үш-төрт жасар балалар ересек адамдар дұрыс басшылық беріп отырған
жағдайда саналы түрде түсіне алады.
Тәуліктің алмасып отыруын түсіну балаларды уақыттың басқа
эталондарының (апта күндері, айлар мен маусымдар, жылдар) мәнісімен
таныстырғанда негізге алынады, бұлардың әрқайсысын балалар өзінше
бірнақтылы белгілермен байланстырылады.
Мәселен, уақытты балалар реал өмірлік процестердің сипаты ретінде
түсінеді: ол процестердің ұзақтығын, шапшаңдығын, өту ретін, темпі мен
ритмін сипаттайды.
Мектеп жасына дейінгі және төменгі кластардағы уақыт категориясын іс-
жүзінде қалайша айтады екен? Зерттеулердің көрсетуінше, алты жеті жасар
балалар уақыт үстеулерін орынды қолданатын көрінеді. Бірақ уақыт
категорияларының бәрін бірдей бірден саналы түрде түсіне бермейді де дұрыс
айта да бермейді. Уақиғаларды уақыт жөнінен шектейтін және шапшаңдығын
өрнектейтін үстеу сөздерді баяу игереді. Алайда балалар қиын ұғынатын уақыт
үстеулерін ашып түсіндіру жөнінен бірнеше сабақ өткізсе, олардың түсінігін
нықтай түсер еді. Бұдан шығатын қорытынды:
Алты-сегіз жасар балалардың уақыт ұғымдары сөйлеу процесінің үздіксіз
өсу стадиясында болады. Бұлайша даму баланың алты жеті жасар аралығында,
егер ол процесті біреу басқарып отырса, әсіресе қаулап өседі. Алайда уақыт
қатынастарының мектеп жасына дейін аса нәзік дифференциясы аса баяу
қалыптасады және де жалпылама баланың ақыл ой әрі сөйлеу қабілетіне тікелей
байланысты. Баланы оқыту мен тәрбиелеу – оларды басқарудың құдіретті
құралдарының бірі.

ІІ. Балаларға уақыт туралы білім берудің және уақыт өлшемдерімен
таныстырудың практикалық негіздері
2.1. Уақыты қабылдаудың ерекшеліктерін көрсетуге
арналған әдістеме

Әдістеме №1.
Тақырыбы: Уақытты қабылдау.
Мақсаты: Уақытты қабылдаудың жеке тұлғалық факторларға байланыстылығын
көрсету.
Керекті құралдар: секундтық тілі бар сағат.
Барысы: сағатты қолданбай және санамай тәжірибеге қатысушылар бір
минуттың өткендігін қолдарын көтеріп білдіреді. Уақытты болжаудың
басталғандығын қарандашпен столды тарсылдату арқылы білдіреді. Тәжірибе ең
соңғы қатысушы қол көтерген соң аяқталады. Тәжірибе барысында келесі кесте
толтырылды.

Тәжірибеге қатысушылардың аты-жөні Көрсеткен шынайы уақыт
(секундпен)
Абатова М. 80с
Аленов Р. 50с
Бакытжанов Б. 92с
Бауыржанова Г. 69с
Габбасов А. 100с
Жалғасов Б. 50с
Жолдас Е. 80с
Идиятов Қ. 97с
Қаман М. 100с
Канафин Ш. 58с

Қорытынды. Байқағанымыздай, оқушылардың көпшілігі уақытты қабылдауда
қателеседі. Бұл мақсатты түрде қабылдауымызды дамытуды жаттықтырудың
қажеттілігін көрсетеді және мұғалім өз жұмысында осындай мәселелерге де
көңіл бөлу керек екендігін білдіреді.

2.2. Уақыт туралы білім беруге арналған
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері
Орта топ балаларына арналған технологиялық карта №1
Білім беру саласы: Таным
Тобы: Орта
Бөлімі: ҚМТҚ
Тақырыбы: Уақыт
Құзіреттілікке жеткізетін ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің мақсат
міндеттері
Ақпараттық құзіреттілік Балаларға уақыт туралы білім беру, оларды уақыт
өлшемдерімен таныстыру.
Тәулік,сағат,жыл,ай деген т.б ұғымдармен
Коммуникативтік таныстыру.
құзіреттілік Тапсырмаларды бере отырып,берілген білімді
бекіту.
Балалардың бойындағы уақытты ажырата алу
Проблема шешу дағдыларын қалыптастыру.
құзіреттілігі Тапсырмаларды орындата отырып,уақыт деген
ұғымның жалпы мағынасын ашу.
Уақыт өлшемдерін ажырата алуға үйрету.
Ұйымдастырылған оқу іс Ойын
ірекетінде қолданылатын
педагогикалық
технологиялар
Пәнаралық байланыс Тіл дамыту, айналамен таныстыру.
Ұйымдастырылған оқу іс
әрекетінде қолданылатын Көрнекілік, әңгімелесу, сұрақ жауап
әдіс тәсілдер
Ұйымдастырылған іс әрекетЖаңа тақырыпты меңгерту
түрі
Оқыту құралдары Уақытты сипаттайтын суреттер, өлшеу құралдарының
суреті, карандаш, дәптер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қарапайым математикалық ұғымдары қалыптастыру әдістемесі»
Мектеп жасына дейінгі баланың қабылдау түрлері мен қасиеттері
Мектепке дейінгі балалардың кеңістіктік бағдарлауының теориялық әдістемелік негіздері
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Мектепке дейінгі балалардың геометриялық түсініктері
«Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауды дамытуға арналған психологиялық әдістеме қолдану мүмкіндіктері»
Танымдық психикалық процестерді дамытуға арналған ойындар
Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математиканы оқыту процесі
Қабылдаудың формалары және жеке даралық ерекшеліктері
Балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің тарихы
Пәндер