«Мектеп жасына дейінгі балаларды мазмұнды суретке үйрету»



Кіріспе ... ... ... ... ... .3
І. Мектеп жасына дейінгі бейнелеу оқу іс.әрекеті
1.1 Бейнелеу іс.әрекетін маңызы мен дамыту мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Бейнелеу оқу іс.әрекеті арқылы балалардың қабілеттерін дамыту ... ... ... 12
1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ..14
ІІ. Балаларға мазмұнды сурет салуды үйрету
2.1. Ересек топтағы балаларға сурет салуды үйрету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.2. Ертегі мазмұны арқылы сурет салуға үйрету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... .34
IV. Қосымшалар
Қазақстанның бүгінгі күнгі өнер туралы сөз қозғасақ, әдетке айналып кеткен қазақ бейнелеу өнеріндегі тұрмыстың мазмұндық мәселелері мен экзистенциалдылыққа тартымдылық тәрізді көріністерінің де жалғасып жатқанын атап өтпеуге болмайды. Кәсіби өнердің дамуының осы сәті суретшілердің осы заманғы тұтынушыға жеткізуге ұмтылатын идеялар кешенінің нақты байқалатын шоғырланушылығымен де сипатталады. Бүгінгі күннің бейнелеу және мүсін өнері контекстік жағынан аса толықтырылған, кей жағдайда сол себепті қарапайым көрермен оны түсіне де бермейді. Суретшілер мектебінің қалыптастырылуы сатысының алдыңғы кезеңдеріндегі тәжірибелері, бүгінгі күні толық түсінуіміз болашақтың ісі екенін біле отырып, ұлттық өнердің тұтас, сыйымды, өзіндік сипатқа ие феномен бола отырып, біртұтас түрде жиналатын сияқты болады. Түрлі түстер, композициялар, фактура немесе пластика көмегімен, шығу көздері, жылдар бойы шыңдалған, әдеттегі құндылықтар мен түсінушіліктермен тығыз байланысқан, дүниенің құрылуы туралы ұлттық түсініктерді өнерде қалыптастыра, бейнелік шығармалар мен мүсіндік копозицияларда қалпына келтіре отырып, суретшілер небір жиынтыққа, біртұтас жүйеге, шашырап қалған элементтер мен фрагменттерді жинайды деуге болады. Осы процесс барысында шығармалардың нысандарымен атқарылатын жұмыстар да жедел қойылғанын атап өтуіміз керек. Әр алуан түрлі стильдер, тәсілдер, қолтаңбалар бойынша қызмет атқаратын, сол бағыттарда тамаша туындыларды дүниеге әкелетін бейнелеушілер мен мүсіншілердің шығармаларында нысан ролін әсемдік ерекшелік факторының күшеюі немесе күнделікті эстетикалық критерийді жоққа шығару арқылы қарқындандыру жүзеге асырылуда. Осы процесс ұлттық менталитетке тығыз байланысты жаңа суретшілер тілін қалыптастырумен тығыз байланысты болып отыр.
1. «Мектепке дейінгі педагогика» журналы № 9-10 2005 ж.
2. Аманжолов С. Эстетикалық тәрбие және халықтық бейнелеу өнері. –Қазақстан мектебі. 1990 ж. №12.
3. Әлібеков Ш Мектепке дейінгі тәрбие, эстетика пәні бағдарламасы. - Қазақстан мектебі. 1992 ж. №7, 8.
4. Б.Әлмухамбетов, Ж. Балкенов «Сурет салу және істеу әдістері.»
5. Б.Әлмухамбетов, Ж. Балкенов «Сурет салу және істеу әдістері.»
6. Б.Байжігітов «Өнер тарихы мен теориясы». А. 1981 ж.
7. Базарбек Төтенаев «Бейнелеу өнері» кітабы авторы:, Алматы «Қайнар» баспасы 1994 ж.
8. Базарбек Төтенаев «Бейнелеу өнері» кітабы авторы:, Алматы «Қайнар» баспасы 1994 ж.
9. Байжігітов Б., Ибраева М. Эстетикалық оқу тәрбие жүйесі мәселелері. - Қазақстан мектебі. 1993 ж. №6.
10. Балкенов Ж. Балаларды сурет салуға үйрету. –Алматы, мектеп, 1987.
11. Беда Г.В. Мектепке дейінгі бейнелеу өнерінің негіздері», 2006ж.
12. Е. Каменова «Кемпірқосақтың түсі қандай.» А., 1981 ж.
13. Қ. Ералин, Қ. Тастемиров «Бейнелеу өнерінде балалардың кеңістік туралы түсінігін қалыптастыру.» А., Мектеп 1987 ж.
14. М. Әлімбаев, Қ. Баянбаев «Шынашақ» кітабы. Құрастырушылар –. Алматы «Балауса» 1992 ж.
15. Молдагаринов А «Казахские детские игры», Алма-Ата «Жалын» 1987г.
16. Н.Н.РРостовцев «Методика преподавания изоб. Искусства в школе.» М. «Просв.» 1980 ж.
17. Ө. Жәнібеков «Қазақ қол өнерінің мәдениеті » А., «Өнер» 1982 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мектеп жасына дейінгі балаларды мазмұнды суретке үйрету

Орындаған: 5в КДО топ студенті
Мыңжасарова А.Н.
Жетекші: Маденова
Т.Ө.

Орал, 2014ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Мектеп жасына дейінгі бейнелеу оқу іс-әрекеті
1.1 Бейнелеу іс-әрекетін маңызы мен дамыту
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Бейнелеу оқу іс-әрекеті арқылы балалардың қабілеттерін
дамыту ... ... ... 12
1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру
әрекеттерінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..14
ІІ. Балаларға мазмұнды сурет салуды үйрету
2.1. Ересек топтағы балаларға сурет салуды
үйрету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .21
2.2. Ертегі мазмұны арқылы сурет салуға
үйрету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .27
ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..34
IV.
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның бүгінгі күнгі өнер туралы сөз
қозғасақ, әдетке айналып кеткен қазақ бейнелеу өнеріндегі тұрмыстың
мазмұндық мәселелері мен экзистенциалдылыққа тартымдылық тәрізді
көріністерінің де жалғасып жатқанын атап өтпеуге болмайды. Кәсіби өнердің
дамуының осы сәті суретшілердің осы заманғы тұтынушыға жеткізуге ұмтылатын
идеялар кешенінің нақты байқалатын шоғырланушылығымен де сипатталады.
Бүгінгі күннің бейнелеу және мүсін өнері контекстік жағынан аса
толықтырылған, кей жағдайда сол себепті қарапайым көрермен оны түсіне де
бермейді. Суретшілер мектебінің қалыптастырылуы сатысының алдыңғы
кезеңдеріндегі тәжірибелері, бүгінгі күні толық түсінуіміз болашақтың ісі
екенін біле отырып, ұлттық өнердің тұтас, сыйымды, өзіндік сипатқа ие
феномен бола отырып, біртұтас түрде жиналатын сияқты болады. Түрлі түстер,
композициялар, фактура немесе пластика көмегімен, шығу көздері, жылдар бойы
шыңдалған, әдеттегі құндылықтар мен түсінушіліктермен тығыз байланысқан,
дүниенің құрылуы туралы ұлттық түсініктерді өнерде қалыптастыра, бейнелік
шығармалар мен мүсіндік копозицияларда қалпына келтіре отырып, суретшілер
небір жиынтыққа, біртұтас жүйеге, шашырап қалған элементтер мен
фрагменттерді жинайды деуге болады. Осы процесс барысында шығармалардың
нысандарымен атқарылатын жұмыстар да жедел қойылғанын атап өтуіміз керек.
Әр алуан түрлі стильдер, тәсілдер, қолтаңбалар бойынша қызмет атқаратын,
сол бағыттарда тамаша туындыларды дүниеге әкелетін бейнелеушілер мен
мүсіншілердің шығармаларында нысан ролін әсемдік ерекшелік факторының
күшеюі немесе күнделікті эстетикалық критерийді жоққа шығару арқылы
қарқындандыру жүзеге асырылуда. Осы процесс ұлттық менталитетке тығыз
байланысты жаңа суретшілер тілін қалыптастырумен тығыз байланысты болып
отыр. Ол өзінің сыртқы стильдік көріністерінде айтарлықтай шартты,
орташалау, рәміздік, метофорлік немесе тіпті ашықтан – ашық метафизикалық
сипатқа ие болды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің рөлі, ойлау
процесіне қарағанда маңызды болмаса онан кем емес.
Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің жоғары болатындығын
ғалымдар кеңінен қарастырды.
Балабақшада бейнелеу өнерімен шұғылдану болмысты танудың тиімді құралы
болып табылады және сонымен бірге көзбен көріп қабылдау, қиялдау,
кеңістікті елестете білу, есте сақтау, сезім және басқа психикалық
процестердің дамуы мен қалыптасуына жәрдемдеседі.
Бала мектепке келгенде қабылдау, ойлау және есте сақтау қабілеті
жоғары дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан балаға мектепке дейін бейнелеу
қабілетін дамыту маңызды. Ол үшін арнаулы дәлелденген, тәжірибе жүзінде
еске асырылған нәтижелі іс-әрекеттер жасалынуда.
Осы жасқа лайықты ойлау, есте сақтау қабілеті мен ақыл-ой және ересек
адамның парасатты қамқорлығынсыз баланың талабы толығымен ашылмай қалуы
мүмкін. Мектепке дейінгі балалық шақта есте сақтау, бейнелеу қабілеті
біршама дербестікке ие болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау
қабілетін дамыту баланың ес процесінің қалыптасу өрісіне бір деңгейде
көрініс бермейді, сондықтан да оны белсенді түрде ынталандыра білуіміз
шарт. Мектепке дейінгі балалардың өмір сүру қалпы, оның есте сақтау және
ойлай білу дәрежесімен тығыз байланысты. Сондықтан да есті дамыту – үлкен
өзгеріс есті-бала алдында есте қалдыру, бейнелеу мақсатын қойып, тиісті
тәсілдер қолдануды бастайтын (мысалы, есте қалдыру үшін іс-әрекетті бірнеше
рет қайталайды) арнайы мнемикалық іс-әрекетің болуы дейді. Мектепке дейінгі
балалардың есте сақтау, бейнелеу қабілетіне тән заңдылықтар да қазіргі
таңда зерттелінуде.
Мектеп жасына дейінгі шақ өмірдің ерекше әлемі немесе жұмақ сынды
кезеңі емес. Балалар өмірінде де үлкендер сияқты күрделі шешілуі қиын,
кейде тіпті шешілмейтін проблемаларда қөп және олар мектеп жасына дейінгі
балаларды жастайыннан ренжуге, қапалануға, қиыншылықтарды жеңе білуге,
күресуге, қуануға мәжбүр етеді.
Мектепке дейінгі баланың бейнелеуінде және қайта жаңғыртуында адамның
немесе жануардың бейнесі белгілі бір атпен сақталады. Және де мектепке
дейінгі балалардың суреттерінде және олардың әсіресе жұмыстарында дайын
күйінде суреттерді қою сақталған бейненің салынуы және оның тапсырманы
орындай білуі негізгі орын алады. Арифметикалық тапсырмаларды шешу әдісін
игеруге қөмектесетін бағдарламада өңделді. Негізгі заңдылығы тапсырма сұрақ
жауап түрінде өтіледі.
Жұмыстың мақсаты - Мектеп жасына дейінгі балаларды мазмұнды суретке
үйрету тәсілдерімен танысу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
а) бейнелеу және құрастыру әрекеттерінің ерекшеліктерін теориялық
негізде зерттеу;
ә) мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттері
негізінде мазмұнды сурет салуға үйрету.
Зерттеу болжамы: Егер де жүйелі түрде балалармен бейнелеу қабілеттерін
дамыту жұмыстары ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу оқу
іс-әрекетінде шығармашылық қабілеттері артады, мазмұнды сурет салып
үйренеді және жақсы нәтижелерге қол жеткізеді.
Зерттеу жұмысының объектісі: мектеп жасына дейінгі баланың бейнелеу
және құрастыру әрекеттері негізінде мазмұнды сурет салып үйренту негіздері.

Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру
әрекеттері негізінде мазмұнды сурет салып үйретудің әдістерін қолдану
мүмкіндіктері.
Зерттеу әдістері: Бейнелеу және құрастыру әрекеттері негізінде
бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын даму деңгейін анықтаушы тестермен
қалыптастыруға арналған жаттығулар.
Зерттеу базасы: Ақбота балабақшасы
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- бала мен ата–ана қарым–қатынасының түрлері мен күрделі тұстарына
теориялық тұрғыда сипаттама берілді;
- отбасы тәрбиесінде ата–ана қарым–қатынасының ықпалын арттырудың
тетіктері анықталып зерделенді,
- бала мен ата–ана қарым–қатынасының тәрбиелік ықпалын арттырудың
педагогикалық шарттары белгіленді.
Практикалық пайдасы: эксперименттік – тәжірибе жұмысының нәтижелерін
ата–аналардың педагогикалық сауатын ашуда, мектепке дейінгі ұйымдарда
жетекшілерінің ата–аналармен жұмысында, педагог–психологтардың практикалық
іс – шараларында қолдануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспе бөлімнен және екі бөлімнен,
қорытынды мен қолданылған әдебиеттерден тұрады.

I. Мектеп жасына дейінгі бейнелеу оқу іс-әрекеті
1.1 Бейнелеу іс-әрекетін маңызы мен дамыту мәселесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеуі дегеніміз – олардың
қиялынан туындаған көріністердің және құлағымен естіп, қолымен ұстаған
нәрселердің және тағы да басқалары осы рецепторлардың бәрін біріктіре
қалдырғанда ғана тиісті мағұлматты есте қалдыруы.
Бүгінгі күнгі өнерде оның алдыңғы қатарлы түрлері бейнелеу мен мүсін
өнерінің арақатынасын анықтау оңай жұмыс болмауы әбден мүмкін.
Қазақстанның ХХ ғасырдағы бейнелеушілік өнері 3-ші мыңжалдыққа парасаттылық
және рухани толысқан түрде аяқ басты. Онда қазақтың көшпенділік
мәдениетінің ежелгі тамырлары мәнін тапқан және түсіндірілген. Сол айтылған
мәдениетке сай негізгі қаланған жалпы адамзаттық құндылықтардың заман
суретшілері дүниежүзі өнеріндегі әдептер және жаңа бағыттар арқылы, ХХ
ғасырдың философия мен мәдениетіндегі ірі ағымдары арқылы өз шығармаларында
ашып көрсетеді. Соның қорытындысы ретінде, инновациялар негізінде бір ғасыр
бұрын пайда болған бүгінгі қазақ өнері рухани ерекшеліктерін жоғалтпау мен
қатар, соған сай қайталанбас пластикалық өнер тілін қалыптастырды. Мүмкін
сол себепті болар, нақты көріністердің сан алуан қырға ие болуымен бірге,
Қазақстан өнері танымал қасиеттерімен де ерекшеленеді. Олар: тұрмыстың
экзистенциалдық мәселелерін қатысты мүдделер; үйлесімділіктің адам мен
табиғаттың бірлесе өмір сүруінің негізі; шығармашылық көзқарастардың кең
ауқымды болуы; ұлттық мәдени әдет-ғұрыптар, мұраларының шектеулілігі;
дүниежүзілік мәдени кеңістікке ерікті түрде енуі. ХХ ғасырдың соңғы
онжылдығындағы және ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстандағы бейнелеу өнері мен
мүсіншілігін күнделікті өмірдің табиғатпен үйлесімділігі туралы асықпай
айтылатын әңгіме, адам мен универсумының үздіксіз байланысының философиялық
жалпыламасының көркемсуреттік таңбаға айналуы деп түсінуге болады. Бүгінгі
күн, суретшілерінің шығармаларында жұмбақтық метафоралары және мән мен
толықтырылады және сол арқылы жанданады, адам мәдениетінің ежелгі ғарышын
бүгінгі күндегі адам ой–санасының жаңа ағымдарымен байланыстыратын мәндер
мен мазмұндар пайда болады, суретшінің өмірге деген махаббаты, оны түсінуге
бағытталған мәңгілік ұмтылысы да қайталанбас түрде өмірге қайта келеді.
Классикалық академиялық халықтың көпғасырлық тарихының өзіндік
жылнамасын жасайды және менің ойымша, Қазақстан өнерінде ең маңызды орынға
ие болды. Тарих пен мифологиялық сюжеттер, көшпенділердің өмірінен алынған
фрагменнтер, далалық және таулы пейзаждар генетикалық есті бейнелі түрде
жаңғыртуға, болмыстың мызғымас категорияларын ұғынуға мүмкіндік береді.
Бейнелердің байлығы, олардың мифологиялық мәні, ғасырлар бойы қалыптасқан
дәстүрлер мен салттардың тәжірибесі, дәстүрлі мәдениеттің трансляция
талабына жауап береді және бейнелеу өнер құралдарымен ашып беруге
мүмкіндіктер береді.
Ал осы үлкен өнерге балаларды қалай баулимыз?
Әрине балабақшадан басталады. Балабақшада бейнелеу өнерімен шұғылдану
болмысты танудың тиімді құралы болып табылады және сонымен бірге көзбен
көріп қабылдау, қиялдау, кеңістікті елестете білу, есте сақтау, сезім және
басқа психикалық процестердің дамуы мен қалыптасуына жәрдемдеседі.
Бейнелеу іс-әрекетінде мектеп жасына дейінгі балалар бірқатар
графикалық және кескіндемелік білім мен дағдыларды меңгеріп, қоршаған
дүниедегі заттар мен құбылыстарды талдауға үйренеді.
Сурет салу, мүсін жасау, конструкциялау сабақтарында жеке басының
табандылық, мақсаттылық, ұқыптылық, еңбексүйгіштік сияқты қасиеттері
қалыптасады.
Бейнелеу өнерімен шұғылдану мектеп жасына дейінгі балалардың тілінің
дамуына, олардың сөздік қорының байи түсуіне жәрдемдеседі. Педагог
үйретудің негізгі әдістерінің бірі ретінде сөзді пайдаланады: сабақтың
тақырыбын хабарлайды, тапсырманың орындалу ретін әңгімелеп береді.
Тәрбиешінің айқын, әсерлі сөзі балаға бейнелеу процесін терең ой елегінен
өткізуге көмектеседі.
Бейнелеу іс-әрекетін дамыту мәселесіне көптеген ғалым, педагогтардың
зерттеулері арналған. Италияның өнер зерттеушісі Коррадо Риччидің Суретші
балалар атты еңбегі (1887 ж.) балалар суреттерін психологиялық талдауға
арналған. Балалардың көптеген суреттерін зерттей отырып, бейнелеу
шығармашылығының өзіндік ерекшеліктеріне сипаттама берген.
1911 жылы К.Риччидің осы кітабы орыс тіліне аударылды. Балалар
шығармашылығына көңіл аударатын кез жеткендігін сол кездегі суретшілер
айтып жатты. Орыс ғалымдарының балалардың бейнелеу өнеріндегі орны туралы
еңбектер жарық көре бастады (Л.Г.Оршанский, А.А.Рыбников, К.М.Лепилов,
Ф.И.Шмит және т.б.) [17].
Балалар бейнелеу іс-әрекетінің нәтижелерін педагогикалық позициядан –
балаларда байқампаздық, есте сақтау, зейін қою, эстетикалық сезімдердің
даму тұрғысынан қарау орыс авторларының жұмыстарына тән болды.
В.М.Бехтеревтың Обьективті зерттеудегі балалар суреттерінің бастапқы
эволюциясы (1910ж.) атты жұмысы ерекше қызығушылық туғызды.Ол баланың
субьективті дүниесіне ену және осының негізінле оның сезімі мен қиялдарының
ерекшеліктерін анықтау мүмкіндігі туралы қорытындыны ғылыми емес деп
есептеді. Ол бастапқы сызықтары мен шимайларында бала әлі ештеңені білмейді
деп дұрыс қорытынды жасаған. Бала айналасынан нені көрсе соны салады,
сондықтан баланың шығармашылығына дұрыс баға беру үшін оның тұрған жағдайын
анықтау қажеттігін айтты [18].
В.М.Бехтерев балаларға сурет салу техникасын үйретудің қажеттігін
мойындады; ересектерге саналы еліктеу, оның пікірінше, баланың өзіндік
ерекшелігінің де, жеке-даралығының пайда болуына да кедергі бола алмайды.
Тарихшы, педагог А.В.Бакушинский бабалар шығармашылығының қайнар
көздері биологиялық факторлар болып табылады және ол айналадағыны танып
білудің ықпалымен емес, жинақталған тектік тәжірибенің, түйсіктің ықпалымен
дамиды деп дәлелдеді.
А.В.Бакушинский тектік тәжірибе ретінде балалар шығармашылығы
жетілдірілген және онымен салыстарғанда ересектер шығармашылығы жадау әрі
кемтар сияқты деп есептеді. Сондықтан бала үлкендерден ештеңе үйрене
алмайды деп балалар шығармашылығын жоғары бағалады.
Мұнан кейінгі жылдарда көркемөнер тәрбиесін дамытуда: балалар
шығармашылығының мазмұны қазіргі заманғы болмысты бейнелеу болып
табылатынын, ал осыған байланысты баланығ қоршаған өмірмен етене араласуына
қамқорлық жасау қажеттігін мойындау, тәрбиелік мақсаттардағы өнердің және
балалармен жұмыс жүргізуде оны пайдаланудығ маңызын түсіну; баланың
шығармашылық қабілеті тек мақсатты педагогикалық ықпал жасаудың әсерімен
ғана ойдағыдай дами алады деген пікірдің орнығуы сияқты неғұрлым дұрыс
тенденциялар байқалды.
Бұл мәселелерді шешуде Е.А.Флерина үлкен роль атқарды. Ол бейнелеу іс-
әрекеті әдістемесінің негізін қалады. Балалар суреті (1924ж.) жұмысында
балалар шығармашылығына басшылық жасау негізінде алынған принциптерді
белгіледі:
- кеңінен эстетикалық тәрбие беру;
- байқампаздықты, түс пен ырғақ сезінуді дамыту.
Өткен ғасырдың 60-жылдардың аяғына қарай мектеп жасына дейінгі ересек
жастағы балалардың мүсін жасаудағы шығармашылық қабілеттерін дамыту
мәселесі жөнінде (Н.Б.Халезова), балалардың мүсін жасауының сенсорлық
негіздері туралы (Н.А.Курочкина, Е.А.Корзакова) арнаулы эксперименттік
зерттеулер жүргізді.
Бейнелеу іс-әрекетінің алуан түрлеріндегі балалар шығармашылығы
зерттелінді:
- сурет салудағы графикалық іскерліктің қалыптасуы туралы
(Т.С.Камарова);
- мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың натурадан сурет
салу ерекшеліктері және оларға басшылық жасау әдістері туралы (Р.Г.
Казакова);
- мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың сурет салудағы
шығармашылығына табиғаттың поэтикалық образдарының ықпалы туралы
(Л.В.Компанцева);
- мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың декоративтік –
өрнектік іс-әрекетінің қалыптасуы туралы (З.А.Богатеева);
- декоративтік аппликациялық жұмыстардың материалында балалардың
бейнелеу әрекетінің сенсорлық негіздері (Е.С.Рогалева) және т.б.
еңбектерінде көрініс тапты.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттерін дамыту аса
маңызды мәселе. Ал кез келген іс-әрекетке деген қабілет әрбір тұлға бойында
бар болғанымен туа біткен нышандарға байланысты олардың даму дәрежесі
барлық адамдарда әр түрлі. Дамудың ең жоғарғы баспалдағына дарынды
талантты, алуан түрлі нышандар бойында қолайлы үйлескен адамдар жете алады.
Психологияда ұғымдарды жалпы және арнаулы қабілет деп бөледі.
Бейнелеу іс - әрекетіне деген қабілеттілік арнаулы қабілет қатарына жатады.
Әрбір қабілет жетекші, негізгі және құрастырушы фонға бөлінетін
психиканың ерекшеліктеріне тәуелді күрделі құрылымға ие.
Бейнелеу іс - әрекетіне қабілеттің жетекші қасиеттері қиялдау болып
табылады, қиялсыз ойдың өз көрінісін табуы мүмкін емес.
Бейнелеу қабілетінің құрылымында оның негізгі қасиеттері толық
қабылдауды қамтамасыз ететін жоғарғы табиғи көру сезімталдығы; дағдыларды
шапшаң және жақсы меңгеруге көмектесетін қолдың ерекше іскерлігі болып
табылады.

1.2 Бейнелеу оқу іс-әрекеті арқылы балалардың
қабілеттерін дамыту
Бейнелеу іс - әрекетін қамтамасыз ететін және осы іс - әрекет фонын
құрайтын қасиеттер белгілі бір эмоциялық көңіл – күй болып табылады.
Оқыту жүйесін жасаған кезде бейнелеу және құрастыру әрекеті
құрылымының осы ерекшеліктерін ескерген жөн.
Оқыту мен тәрбиелеудің арақатынасы жөніндегі мәселе одан бергі уақытта
да, өз өзектілігін жойған жоқ. Оны психология ғылымының көрнекті
өкілдерінің бірі Л.С.Выготскийде зерттей отырып, оқыту мен дамудың
арақатынасы мәселесін шешудің өзіндік тәсілдерін ұсынды:
- Оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс;
- Оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму процесінде пайда
болатын мүмкіндіктері пайдаланады;
- Оқыту мен даму екі түрлі салыстырмалы процесс;
- Оқыту дамудан кейін жүріп отыруы мүмкін, сонымен қатар дамуды алға
жылжыта отырып, оның алдында болуы да мүмкін.
Баланы оқыту мен дамытудың арақатынасы мәселесінің шешімін түрлі
зерттеушілер әр түрлі тәсілдермен іздестіреді:
- Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов оқытудың мазмұнының өзгерісін
іздестіру керек деп есептеді;
- Н.А.Меченская, Д.И.Богоявленская, Е.А.Кабанова-Миллер білімді,
іскерлікті және дағдыны меңгеру тиімділігі ақыл-ой іс-әрекеттерінің
тәсілдерін жетілдірудің көмегімен арттыруға болады деп дәлелдеді;
- Б.Г.Ананьев, А.А.Люблинская оқытудың түрлі әдістерінің арттыру
жағдайын зерттеуге мән береді;
- Л.В.Занков оқытудың дамытушылық әдістеріне ең бірінші, оқыту
процесінің өзін жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады деп тұжырымдайды;
- П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина баланың ой-өрісінің дамуына ақыл-ой
әрекеттерінің кезеңі қалыптастырудың әсерін зерттеді.
И.И.Подласый дамыту ұғымына ғылыми педагогикалық тұрғыдан түсінік
береді. Дамыту –дейді ол- адам ағсасының сандық және сапалық өзгеріс
үрдісі, оның нәтижесі. Ол адам ағзасындағы үнемі болатын өзгерістер, ол бір
жағдайдан екінші жағдайға, қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай
жүреді. Ал егерде нені дамыту керек? деген сұраққа жауап іздестірсек,
одан мынаны көруге болады:
Л.С.Выготскийдің пікірінше алғашқыда оқытудың тиімділігі алынған
білімнің көлемінен, сапасымен өлшенсе, соңында білімнің тиімділігі
деңгейімен, психикалық іс-әрекеттің негізгі түрлерінің қаншалықты
дамығандығымен өлшенеді. Іс-әрекеттің жекелеген түрін ойдағыдай, әрі
нәтижелі етіп орындаудан көрінетін ерекшелікті – қабілет деп атайды.
Қабілеттің негізгі түрінің бірі- жалпы күрделі қабілет. Жалпы күрделі
қабілет-білім беру үрдісінде қалыптасқан жеке тұлғаның интеллектуалдық
ұйымдастырылуы.
Баланың қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының
тереңінен алады. Бүкіл бір халықтың ұстазы Абай өзінің 43-ші қара
сөзінде бала өмірге келгендегі қабілеттері әрі қарай дамытуды, шыңдауды
қажет ететін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал назардан тыс
қалған қабілеттер бара-бара жойылып, жоқ болатынын айтқан.
Бар өмірін ағарту, тәлім-тәрбие арқауы деп ойлаған үлкен жүректі
ұстаз Ы.Алтынсарин арнайы психологиялық еңбектер жазбаса да, алуан түрлі,
сандарлы ойға толы шығармаларында адамның тағдыры туысынан
белгіленбейтіндігін, адамдық қасиеттердің, қабілеттердің қалыптасатын жері-
өмір талқысы, әрекет ету екенін ескертеді.

1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру
әрекеттерінің ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі ересек балалар тек педагогтың басшылығымен
біртіндеп қана бала бейнелеу құралдарын меңгереді.
Балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін зерттеушілер –
Е.А.Флерина, Н.П.Сакулина, Т.С.Комарова, Т.Г.Казакова, Н.Б.Халезова және
басқалар живопись пен скульптурада суретші пайдаланатын көптеген әсерлі
құралдарға белгілі бір дәрежеде мектеп жасына дейінгі баланың шамасы
келетінін атап айтады.
Бір өнерге деген қабілеттілік адамның өзіне тән ерекшелігі болып
табылады, мұның өзі оны жануарлар әлемінен бөліп шығарып, болмысты
пайдалануға ғана емес, сонымен бірге оның турін өзгертуге де мүмкіндік
береді.
Адамның кез келген еңбек қызметі әрқашан ол қызметінің мақсаттарын
ұғынумен, ақырғы нәтижені болжай білумен байланысты, мұның өзі іс-қимылдың
әдісі мен сипатын анықтап, адамның ерік- жігерін жұмылдырады.
Балалар шығармашылығының мүмкіндіктері мен өзіндік ерекшеліктері
дұрыс түсіну педагогтан жалпы өнер саласындағы қызметтің қандай сипаты
барын, көркем образды жасау үшін суретші қандай әсерлі құралдарды
пайдаланатын, оның шығармашылық қызметінің қандай кезеңдерді барын білуді
талап етеді.
Бейнелеу өнеріндегі шығармашылық ерекшеліктерге тоқталсақ, біраз
өзгешіліктерге тап боламыз. Суретшінің шығармашылығы - қоғамдық маңызы бар
жаңа өзіндік заттарды жасайтын белгілі бір қызмет. Суретшінің қызметі
қоршаған өмірді бейнелейтін өнер шығармаларын жасаумен байланысты.
Бұл бейнелеу құбылысты жай ғана фотографиялау болып табылмайды;
суретші қабылдағандарын өз санасында ой елегінен өткізіп, неғұрлым елеулі,
сипатты, типтік белгілерді іріктеп алады да көркем образ жасай отырып
жинақтайды.
Сонымен бірге көркем образ жеке - дара нақты бейнелеу түрінде
беріледі. Көркем шығарманың объективті негізі нақты дүниені бейнелеу болып
табылады. Бірақ субъективті жағы - суретшінің бейнеленетін затқа қатынасы
да бар. Суретші дүниені жай ғана зеттеп, бейнелей салмайды: ол образға
өзінің көңіл-күйін, сезімін береді, осының арқасында бұл образ басқа
адамдарды да тебіренте алады.
Эмиль Золя Франсуз суретшілерінің шығармашылықты талдай келіп, көркем
шығармаларға; ...бұл болмастың бір бөлігі, жалт етіп көрінген қан қызуы
деген анықтама берді.
Суретшінің шығармашылық қызметінің қажетті шарты қабілеттіліктің,
барлық психикалық процестердің айналадағы өмірді тез қабылдап, терең
сезінетіндей дәрежеде болуы болып табылады. Суретшінің тәжірибесі неғұрлым
бай болған сайын, оның шығармашылығы жан-жақты, жасаған образдары соғұрлым
жетілген бола түседі.
Мектеп жасына дейінгі ересек балаларда қабылдау мақсатқа бағытталған
сипатқа ие болады. Олардың көпшілігі көзбен көріп сезінуге негізделеді,
олардың көмегімен бала түсті, көлемді, форманы қабылдай алады. Бірақ балада
тәжірибе әлі онша үлкен болмағандықтан, тек көру арқылы толық қабылдай
алмайды, сондықтан неғұрлым толық елестетуге мүмкіндік беретін сезім
түйсігі және басқа түсінулерді қабылдауға кіргізу қажет.
Дүниені көре білуге баланы үйрету – тәрбиеші міндеттерінің бірі. Ал
мұның өзі балаларға байқампаздықты, көргенгі ой елегінен өткізе білуін
дамыту, яғни балалардың бойында ойлау, пікір айту, талдау, қорытындылар
шығару қабілетін дамыту деген сөз.
5-6 жастағы бала айналасындағы объектілерді қабылдай отырып, олардың
ерекшеліктерін бөліп алуға, талдауға, жинақтауға, өз қорытындыларын жасауға
тырысады. Бірақ әзір бұлар үстірт дәрежелі, көбіне сурет үстінде жұмыс
жасауда елеулі маңызы жоқ детальдар қызықтырады. Мұның өзі олардың зат
туралы түсінігінің сипатына да, суреттегі немесе мүсіндегі бейнелеуге де
әсерін тигізеді.
Мектепке дейінгі ересек жасқа қарай балада барған сайын аналитикалық –
синтетикалық ойлау дәрежесі көбірек дамиды, мұның бейнелеу процесі үшін
маңызды мәні бар.
Іс-әрекетте қиялдай барған сайын үлкен роль атқара бастайды. Бірақ
мектепке дейінгі кіші жастағы балаларда қиял образдары әлі де болса
тұрақсыз, үзінді түрінде болып келеді, бұл баланың суретіне де әсерін
тигізеді. Жасы өскен сайын қиял байи түседі, балалар өз жұмысының мазмұнын
өз бетімен ойлап тауып, жаңа образдарды кіргізе алады.
Бейнелеу іс-әрекетіне ынтаның тууына, жасалған образға баланың көңілі
мен сезімін шоғырландыруға жәрдемдесетін, қиялдай жұмысын күшейтетін
эмоциялар үлкен роль атқарады.
Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу іскерлігін, дағдыларын меңгере
алады. 2-3 жаста бала қалам мен қылқаламды дұрыс ұстау, оларды пайдалану
дағдысын жеңіл үйренеді. Алты жасқа қарай ол дағдылардың жеткілікті қорын
игеріп, оларды саналы түрде қолдануға, жаң заттарды бейнелеу кезінде
қажетті тәсілдерді өз бетімен таңдауға қабілетті болады.
Балалар шығармашылығының мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеулерде
баланың іс-әрекетінде шығармашылық бастаманың бар екенін сипаттайтын
бірқатар белгілер атап көрсетіледі.
Бұл – жұмыстың бұрын игерілген тәсілдерін жаңа мазмұнға қолдануда,
алға қойылған міндеттерді шешудің жаңа әдістерін табуда, түрлі бейнелеу
құралдарының көмегімен өз сезімдерін әсерлі білдіруде белсенділік,
дербестік және инициатива көрсету. Әуелі баланың айналадағыны бейнелеу іс-
әрекетінде тануы шығармашылық көрініспен байланысты емес әрі материалдың
қасиеттерін танып-білуде болып табылады, осының көмегімен бала әрекет
жасайды: қаламдар мен бояулар қағаз бетінде із қалдырады, жұмсақ саз
балшықтан мүсін жасауға болады.
Мұнан әрі бейнелеу іс-әрекеті мен шығармашылық бастаманы дамыту үшін
бұл кезең маңызды роль атқарады, өйткені бала өз ойын образдар арқылы
көрсетіп бере алатын материалмен танысады.
Бала қаламның қалдырған іздері әлденені білдіретінін түсініп, өз
ынтасымен немесе ересек адамның ұсынысымен қандай да бір заттың суретін
салуға ұмтыла бастағанда, оның іс-әрекеті бейнелеу сипатына ие болады.
Балада ой, мақсат пайда болып, оларды жүзеге асыруға ұмтылады.
Бірақ көптеген мектепке дейінгі балалар педагогтары мен төменгі класс
оқушыларының сурет мұғалімдерінің, сондай-ақ арнайы психологиялық
зерттеулердің нәтижелері кейбір психологтар қолдап, дамытып отырған бала
түсінігі туралы кереғар ілімді батыл түрде жоққа шығарды. Ең алдымен
мектепке дейінгі бала ойындағы зат образы ол салған сурет бейнесімен тепе-
тең еместігі нанымды дәлелдеген. Тіпті 5,6 жастағы балалардың өзі адам
суретін барынша кеміс, ұқсамайтын етіп сала отырып, оны таңдамайды, бірақ
басқаларынан гөрі өзі салған суретін, ең тамаша деп есептейді.
Әдетте олар шындығында дұрыс салынған суретке сенімді түрде әділ
бағаларын береді. Балалар көп қателік жібере отырып, сурет салады немесе
тіпті дайын формалардан бүтін фигураны жасайды. Осы қателерді және оларға
балалардың көзқарасын талдау, қателердің ең жиі кездесетін себебі
балалардың заттардың кеңістіктік белгілері мен оның бөлімдері және бүтін
заттардың өзара қатынасын көре білмеуінен болатындығын дәлелдеді. Мектепке
дейінгі бала өмірінің уақыты – бұл оны үлкендердің үйретуге кеткен уақыты,
яғни тәрбиешілердің тәрбиеленушілерге ықпал жасаудың педаогиканың арнаулы
сиитемасын пайдалануға кеткен уақыты.
Әрине, заттарды қабылдай білмеуіне байланысты балалар түсінігінің
өзіне тән көптеген ерекшеліктері болады, сондықтан да баланың, әсіресе
бұрын таныс емес зат туралы елесі көбінесе көмескі, дәл емес және әлсіз
болып келеді.
Бала есінің үзінді түрінде болатындығы – олардың қабылдауындағы
бөлшектеушіліктің біріктірілмейтіндіктің нәтижесі. Бүтін заттың кейбір
детальдарын белгілей отырып, оның мәнді құрамдас бөліктерін қабылдамай және
олардың арасында балатын өзара байланысты ерекшелемей-ақ балалар қабылдаған
заттары туралы үзінді түріндегі елесін сақтайды. Уақытқа байланысты кейбір
мәліметтер түсіп қалады, кейбіреуі өзіне жақсы таныс, бірақ басқа бір
жақтан білгенімен бұрмаланылып немесе алмастырылып жатады.
Есте сақтаудағы мұндай қателіктер балалр қабылдауының пісіп-
жетілмегендігінің және балалардың есінде бар материалды пайдалана алмауының
тікелей нәтижесі.
Мағыналық есте сақтау туралы жан-жақтырақ төменде айтылады. Сондықтан
да мағыналық есте сақтау туралы оны сөз арқылы есте сақтаумен теңестіруге
болмайтындықтан жалпыдама мәліметтер берумен ғана шектелеміз.
Адамның материалды қалай қабылдағандығынан оның есінде сақталуға
тиісті мазмұнның қалай сақталуы және осы материалдың қайтадан қалай
жаңғыртылуы байқалды.
Мектепке дейінгі балаларға жоспарды суреттердің орналасу реті бойынша
жасауға болады. Мұндай иллюстрациялар болмаған жерде бала ертегінің басында
және аяғында қандай суреттер салуға болатындығын ғана айтып бере алады.
Қабылданған текстің жоспарын жасау жолында жүргізген осындай жұмыс оны есте
сақтауда ғана емес, жалпы ой қызметін дұрыс жолға қойып, жаттықтыруда да
аса пайдалы болып шығады.
Біреулер көзбен көргенді, енді біреулер құлағымен естігендерді жақсы
қалдырады. Осындай ерекшеліктер балалар арасында жиі кездеседі.
Мектепке дейінгі шақта бала, өзіндік тәжірибеге ие болады, яғни ол
жүйелі түрде реттеледі: білімі жинақталады, бірінші кезекте алғашқы
түсініктері пайда болады, мектепке дейінгі балаларда әдет, қылық та
бірқалыпты дағдыланады. Барлығы көп жағдайда көп мөлшерде және белгілі бір
мерзімге дейін ойда қалады, сезімге сай болады. Мектепке дейінгі балалардың
әрі қарай ақыл-ойы дамуының көрнекілік есте үлкен мағызы бар, яғни
интенсивті түрде мектепке дейінгі жаста дамиды.
Бірінші кезекте қоршаған ортадағы адамдардың мінез-құлқы, іс-қимылы
жөнінде және жеміс-жидектер, ағаштар, аңдар, құстар жөнінде мағлұматтары
болады және уақыт өте олар көбейе береді.
Іс-қимылдардың ерекшелігі, тұйықтық, жүйе-сөздік, қозғалу сияқты
ерекшеліктер, әр түрде мектепке дейінгі іс-әрекетке тән, яғни оның есте
сақтау қабілетіне байланысты, оның бейнелеуі сондай болады. Көбінесе,
балаларға арналған суреттерді көргенде оны қабылдайды.
Сонымен қатар балалардың жасына қарай олардың суреттері өзгере
бастайды, бұл өзгеріс әр кезде белгілі бір ретпен жүреді.
Мұндай бақылау, теорияның туындауына мүмкіндік береді, ол келесідей
негізге ие болады:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сенсорлық тәрбие
Байланыстырып сөйлеуін дамыту
Балаларда сурет салудың техникалық дағдыларын қалыптастыру
Үйлесімді сөйлеуді дамыту балалардың сөйлеу тәрбиесінің басты міндеті
Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға табиғатпен таныстыру үрдісінде эстетикалық тәрбие беру
Балалар бақшасында балаларды табиғатпен таныстыруда ойындар мен тапсырмаларды қолдану
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері сабағы арқылы қиялын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері арқылы адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру
Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың әдістемесі (мектепалды даярлық топтары)
Мектепке дейінгі балалардың құрастыру шығармашылығының білім дағдыларын дамыту
Пәндер