«Мектепке дейінгі жастағы балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мәселелері»
Кіріспе ... ... ... ... ... ... .3
І. Балаларға музыкалық тәрбие берудің ерекшеліктері
1.1. Балаларға музыкалық.эстетикалық тәрбие беру арқылы жан . дүниесін дамыту...
1.2. Музыкалық тәрбие бағытының негізгі мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
ІІ. Музыка пәнінде балаларды ұлттық өнерге баулу әдістері
2.1. Балалардың музыкаға баулу мен тәрбиелеудің негізгі әдістемелері ... ... .13
2.2 Халық қазынасына негізделген балабақшадағы музыкалық тәрбие ... ... ..18
2.3 Музыка сабағында қазақ ұлттық аспаптарын пайдаланып оқыту ... ... ... ..20
2.4 Қазақтың ауыз шығармашылығын музыка сабағында қолданудың әдістемелік жолдары ... ... ... ... 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ...29
Қосымшалар

Елімізде білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері саласында түбегейлі, шұғыл бетбұрыстар жасалып жатқаны белгілі. Тәуелсіздік туын тіккен жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білгір, білікті азаматтар даярлау – бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі. Сондықтан да мектепке дейінгі ұйымдарда оқу- тәрбие жұмыстары мен педагогикалық ғылым жүйесінде бұрыннан жинақталған мол тәжірибелердің тиімді жақтарын сұрыптай пайдалана отырып, қазіргі қоғамдық - әлеуметтік үрдістерге сай, жаңаша түсінік- таныммен жан-жақты білім беру, келешектің әмбебап маман мұрагерлерін дайындау міндеті қойылып отыр.
Осындай мақсаттағы кең көлемді бағдарламалық жоспарлар өз кезегінде оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуге де үлкен өзгерістер енгізіп, балабақша тәрбиешілері қызметінің ауқымын арттырып, олардың шеберлік деңгейінің аса жоғары болуын талап етуде. Соған байланысты әр салада жеке пәндер бойынша жаңа бағдарламалар енгізіліп, оқу құралдарын жаңаша бағытта қайта түзу қажеттігінің туғандығы да заңды құбылыс.
Музыка - адамзаттың рухани азығы, жан серігі және тілмен айтып жеткізе алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезім. Ол өзінің көркемдігімен, нәзіктігімен сана сезімін кеңейтіп, жақсы мінез-құлықтарының қалыптастыруына әсерін тигізеді. Олай болса «Бұлақ көрсең - көзін аш» - деген нақыл сөздің өзі адамды алға жетелейді. Өнерлі балаларға демеу көрсетіп, алғашқы қадамына балабақшадан бастап жолын ашса, болашақ жас ұрпақтың тамыры тереңінен қаланады деп ойлаймын..

1. Қонақбаева Р. Д. Балаларды эстетикалық тәрбиеге баулу. \\ Отбасы және балабақша. – 2008. № 2. 29 – 30б.
2. Қамақов Ә.Жеткіншектердің көркемдік талғамын қалыптастыру. \\ Отбасы және балабақша. – 1997. № 1 – 3. 53 – 54б.
3. Жұмабекова Ф. И. Көркемдік тәрбиені ұйымдастыру ерекшеліктері. \\ Бақшадағы көркемдік тәрбие.
4. Құдашева Д. Т. Баланың жан – дүниесін әсемдікке баулу. \\ Отбасы және балабақша. – 2007. № 3. 15 – 16б.
5. Хамитқызы Ғ. Балабақшадағы экокологиялық тәрбие жұмысы.\\ Отбасы және балабақша. – 1996. № 3 – 4. 34 – 37б.
6. Дмитриева Л.Г. Методика музыкального воспитания в школе : учеб. пособие / Л.Г. Дмитриева, Н.М. Черноиваненко .- М. : Академа, 1998 .- 240 с.
7. Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы : 1-4 сыныптар .- Алматы : РБК, 1997 .- 334 бет.
8. Кононова Н.Г. Обучение дошкольников игре на детских музыкальных инструментах / Н.Г. Кононова .– М.: Просвещение, 1990 .- 159 с.
9. Қазиева Б. Музыка сауатынан практикалық көмек / Б. Қазиева .- Алматы : РБК, 1995 .- 110 бет.
10. Қош келдің, Наурыз! : сценарий .- Алматы : Ақ орда : Өлке баспасы, 1993 .- 81 бет.
11. Қулманова Ш. Музыка : 1 сыныбына арналған оқулық / Ш. Қулманова, М. Оразалиева, Б. Сулейменова .- Алматы: Атамұра, 2001 .- 128 бет.
12. Қулманова Ш. Музыка : 2 сыныбына арналған оқулық / Ш. Қулманова, М. Оразалиева, Б. Сулейменова .- Алматы: Атамура, 1998 .- 144 бет.
13. Қулманова Ш. Музыка : 3-сынып / Ш. Қулманова, М. Оразалиева, Б. Сулейменова .- Алматы: Атамура, 1999 .- 112 бет.
14. Қулманова Ш. Музыка : 4-сынып / Ш. Қулманова, М. Оразалиева, Б. Сулейменова .- Алматы : Атамура, 2000 .- 112 бет.
15. Құралұлы А. Ұлттық дүниетаным : 1 сынып / А. Құралұлы .- Алматы : Өнер, 1997 .- 80 бет.
16. Құралұлы А. Ұлттық дүниетаным : 2 сынып / А. Құралұлы .- Алматы : Өнер, 1997 .- 64 бет.
17. Құралұлы А. Ұлттық дүниетаным : 3 сынып / А. Құралұлы .- Алматы : Өнер, 1997 .- 48 бет.
18. Құралұлы А. Ұлттық дүниетаным : 4 сынып / А. Құралұлы .- Алматы : Өнер, 1998 .- 60 бет.
19. Майғаранова Ш. Мектеп балаларын рухани дамыту мәселелері / Ш. Майғаранова .- Алматы : Ғылым, 2002 .- 124 бет.
20. Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы / Х. Маданов. – Алматы : Қаржы-Қаражат, 1998 .- 336 бет.
21. Меңдіаяқова Қ.М. Мектепте музыка тәрбиесін беру әдістемесі / Қ.М. Меңдіаяқова, Г.Ж. Қарамолдаева .- Алматы : Әл-Фараби, 1997 .- 132 бет.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
Музыка кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мектепке дейінгі жастағы балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы
мәселелері
Орындаған: сырттай оқу бөлімінің
5e КДО Ж.Қ.Зинекешова
Тексерген: А.Р.Идрисова
Орал, 2015ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Балаларға музыкалық тәрбие берудің ерекшеліктері
1.1. Балаларға музыкалық-эстетикалық тәрбие беру арқылы жан – дүниесін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Музыкалық тәрбие бағытының негізгі
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
ІІ. Музыка пәнінде балаларды ұлттық өнерге баулу әдістері
2.1. Балалардың музыкаға баулу мен тәрбиелеудің негізгі
әдістемелері ... ... .13
2.2 Халық қазынасына негізделген балабақшадағы музыкалық тәрбие ... ... ..18
2.3 Музыка сабағында қазақ ұлттық аспаптарын пайдаланып
оқыту ... ... ... ..20
2.4 Қазақтың ауыз шығармашылығын музыка сабағында қолданудың әдістемелік
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 23
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...29
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Кіріспе
Елімізде білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері саласында
түбегейлі, шұғыл бетбұрыстар жасалып жатқаны белгілі. Тәуелсіздік туын
тіккен жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білгір,
білікті азаматтар даярлау – бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі.
Сондықтан да мектепке дейінгі ұйымдарда оқу- тәрбие жұмыстары мен
педагогикалық ғылым жүйесінде бұрыннан жинақталған мол тәжірибелердің
тиімді жақтарын сұрыптай пайдалана отырып, қазіргі қоғамдық - әлеуметтік
үрдістерге сай, жаңаша түсінік- таныммен жан-жақты білім беру, келешектің
әмбебап маман мұрагерлерін дайындау міндеті қойылып отыр.
Осындай мақсаттағы кең көлемді бағдарламалық жоспарлар өз кезегінде
оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуге де үлкен өзгерістер енгізіп, балабақша
тәрбиешілері қызметінің ауқымын арттырып, олардың шеберлік деңгейінің аса
жоғары болуын талап етуде. Соған байланысты әр салада жеке пәндер бойынша
жаңа бағдарламалар енгізіліп, оқу құралдарын жаңаша бағытта қайта түзу
қажеттігінің туғандығы да заңды құбылыс.
Музыка - адамзаттың рухани азығы, жан серігі және тілмен айтып жеткізе
алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезім. Ол өзінің көркемдігімен, нәзіктігімен
сана сезімін кеңейтіп, жақсы мінез-құлықтарының қалыптастыруына әсерін
тигізеді. Олай болса Бұлақ көрсең - көзін аш - деген нақыл сөздің өзі
адамды алға жетелейді. Өнерлі балаларға демеу көрсетіп, алғашқы қадамына
балабақшадан бастап жолын ашса, болашақ жас ұрпақтың тамыры тереңінен
қаланады деп ойлаймын..
Бала біздің болашағымыз: өз Отанын сүйетін, адамгершілігі мол,
елжанды, инабатты, ұшқыр қиялды, нәзік сезімді жүрегі жұмсақ тұлға
тәрбиелеу.
Адамзаттың барлық жақсы қасиеттерін жас ұрпақ бойына сіңіруде, олардың
көз қарастарының дұрыс қалыптастыруына эстетикалық тәрбиенің маңызы зор.
В. А. Сухомлинский былай деген: Егер сәби шақта музыкалық шығарманың
әсемдігін жүрекке жеткізе білсе, мәдениеттің жоғары сатысына көтеріледі
деген
Осы бір қағида сөздің мағынасында қаншама тәрбиелік сырлы сөз жатыр.
Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген ата – баба сұлу ән, асыл сөздің
кестесімен сәби жүрегін тербеп, ой –санасын игі адамгершілікке жетелейді.
Ән қанатында халық ойынның тереңдігі, шексіз қиялы, шешен тілі, берік
сақталып, заманның алдын орап, кейінгі ұрпаққа таратылып келе жатыр.
Осы орайға байланысты мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелік іс-шаралар
көп өткізіледі.
Гүлдер балабақшасында жыл бойына өтілетін Әнші балапан, Даусыңнан
айналайын, Әнші болғым келеді атты балалар шығармашылығын шыңдап, жас
әншілер таңдауын жасап, қалалық мерекелік іс-шараларға қатыстырып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда музыкалық тәрбие
берудің әдістемесімен танысу. Алған білімдерді тереңдету.
Курстық жұмыстың міндеті: Мектеп жасына дейінгі балаға эстетикалық
тәрбие берудің ерекшеліктері, мектепке дейінгі музыкалық тәрбие берудің
әдістемесі, балаларға музыкалық тәрбие берудің мақсаты жайында және
музыкалық тәрбиенің негізгі бағыттары туралы түсінік беру.

1.1. Балаларға музыкалық-эстетикалық тәрбие беру
арқылы жан – дүниесін дамыту.
Эстетикалық тәрбие жас ұрпақтың өскен ортасын дұрыс таңдауға, олардың
нәзік сезімді, ұшқыр –қиялды, мейірбан болып өсуіне елеулі ықпал етеді.
Эстетикалық тәрбиенің ең басты саласының бірі - музыка. Біз музыканы
тыңдағанда көңіл күйіміз өзгере сала береді. Адам сезімі тым ұшқыр, шегі
жоқ.
Сол ұшқыр сезімді бейнелеп жеткізуге тек музыканың ғана құдыреті
жетеді. Қазақ халқының педагогикасында балалар мен жастарға музыкалық
эстетикалық тәрбие беруде сан түрлі тәсілдері бар. Музыкалық эстетикалық
тәрбиенің қалыптасу мен дамуы, халықтың сан-ғасырлық тарихымен, тыныс
тіршілігімен, тұрмыс- салтымен, және мәдениеті- мен байланысты.
Қазақ халқының өнері, ән- күйлері, аңыз ертегілері, жыр – дастаны,
әдет- ғұрыптары, айтыс өнері. Қазақ халқы қашаннан да әнге , өлең – жырға
бай, ән шығармашылығының да жанрлары сан алуан.
Балалар кішкене кезінен бастап отбасы – тұрмыстық және әдет –ғұрыптың
әндерініңортасында өседі. Бұл балаларға қайырымды, ілтипатты, қатынас
жасау, баланың адамгершілік сезімін ояту.
Балабақшада мерекелер мен ойын – сауықтарға қызығушылығымен оған
қатысуға ынтасын арттыру арқылы елжандылық пен азаматтық сезімдерін
қалыптастырып, қоғамдық өмірге араласуына талпынысын тәрбиелейміз.
Мерекелер мен ойын – сауықтарға қатысуға белсенділігін артыру үшін,
өнерлі балаларды қалалық мерекелік кештерге қатыстырып, өз өнерлерін
көрсетуге: өлең оқу, ән айту, би- билеуге талпындырып, шығармашылық жолға
тәрбиелейді.
Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй , - деп данышпан
ақын Абай атамыз айтқандай, жақсы ән-күй өзінің сиқырлы әуені арқылы
адамның жан дүниесін әсемдікке тәрбиелейді, жақсы қасиеттерін дамытады. Ал,
В.А.Сухомлинскийдің: Музыкалық тәрбие - бұл музыкантты тәрбиелеу емес, ең
алдымен адамды тәрбиелеу - деп тегін айтпаған. Эпос, дастан, ертегі, мақал-
мәтелдер, тарихи аңыз әңгімелер түрінде біздің заманымызға дейін жеткен
халық шығармалары күні бүгін де сазды- эстетикалық тәрбие берудің пәрменді
құралы болып саналады.
Заман ағымына байланысты түрлі жаңалықтарды тәжірибемізге енгізе
отырып, ән-күй сабағымен қатар, тақырыптық сауык кештерін, ертеңгілік
сәттерді жиі ұйымдастыру арқылы, ондай бағдарламалардың бала көңілінен
шығып отыратынын байқадық. Әр сабақтың үлгі жоспарымен таныстыру, қайталау,
бекіту, жаңа ән, би үйретумен жүзеге асады.
Балаларға арналған саз - қуанышты сезімдер әлемі. Баланың музыканы
тыңдау, қабылдау, есте сақтау, тану, ажырату, әнді жеке айту, қосылып айту,
әннің сөзін анық, дұрыс айту, әні мен сөзі арасындағы бірлестігін, ән мен
дене қимылының үйлесімділігін бере білу, әнге деген сүйіспеншілігін,
әсерлену, қызығушылығын қалыптастыру, дамыту - саз жетекшісінің
шеберлігіне, іскерлігіне, білімділігіне байланысты.
Саздық қозғалыс сабағында білімді, тәжірибелі педагог, балаларды еркін
қозғалысқа, биге үйретеді. Сол арқылы балалардың шығармашылық көріністерін
қалыптастырады.
Саздық тәрбиенің негізгі мақсат-міндеттерін баланың жас ерекшелігін,
шама- шарқын ескеріп, жеңіл саздық репертуарлардан бастап, біртіндеп
күрделендіре отырып жүзеге асырылады.
Ән айта білу- бұл үлкен мәдениет. Біз балаларға ән айтудың өзіндік
сырын, техникасын,тыныс алу кезеңдерін, дауысты жоғары көтеру сәттерін,
сезімдік ерекшеліктерін түрлі сазды- танымдық, сазды-дидактикалық ойындар
арқылы жүзеге асыруға тырысамыз.
Саз жетекшілері ән- күй сабағындағы ауысып отыратын іс-әрекетті тиімді
қолдана отырып жұмыс жүргізеді.
Ән- күй сабақтарында, саз жетекшілер түрлі сазгерлердің өмірімен және
шығармаларымен үнемі таныстырып отырады. Белгілі адамдарға арналған әдеби-
музыкалық кештер, мерекелерге арналған ертеңгіліктер, түрлі ойын- сауықтар,
өткізіледі. Мысалы: Абай мен Пушкин, Күй сүйемін!, Әнші балапан,
Айтыс, Қыз маржаны, жігіт сұлтаны т.б. Саз сабақтарында өткізілетін
барлық іс-әрекеттердің нәтижесі - мерекелік ертеңгіліктерден көрініс алады.
Адамзат өмірінде, әсіресе бүлдіршіндер үшін түрлі мейрамдар мен
тойлардың ерекше әсем, қуанышты, жадында керемет естеліктер қалдыратыны
мәлім. Барлық балалар бұл мерекелік шараларға белсене қатысып,
мейірімділікке, кейіпкерлердің әрекетін дербес бағалау шеберлігіне
үйренеді. Сондықтан мерекелік шараларды балабақша қабырғасында неғұрлым
әсерлі, тек қызықтыру ғана емес, бүлдіршіндерге ұлағат боларлықтай етіп
өткізудің мәні зор.
Саз жетекшісі жұмысының тағы бір негізгі шарты - балалардың жылдан-
жылға саздық деңгейінің дамуы және сазға деген көзқарасының қалыптасуын
анықтау. Сазға икемділік диагностикасы- саз жетекшісінің ең маңызды және
жемісті жұмыстарының бір бөлігі. Жеке диагностикалық сабақтар әр баланың
саздық даму деңгейін, ал сазға икемділік диагностикасы –жеке баланың және
бүкіл топтың саздық шығармашылығын анықтайды. Баланың диагностикалық
негізін саз жетекшісі оның жас мөлшеріне байланысты сараптайды.
Мектепке дейінгі ұйымдағы саз жетекшісінің негізгі мақсатының бірі -
бұл баланың сазға деген қызығушылығын ояту. Бұл, қызығу құбылысының
табиғаты өте күрделі. Қызығуды ояту іс- әрекетке жағымды эмоциялық талпыныс
тудыру, сазды тану, саздық ойлау, сазды есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Саздық қабілет шығармашылық кезінде қалыптасып дамиды. Мектепке дейінгі
ұйымдағы саздық шығармашылықтың әр түрі саз жетекшісінің басшылығымен
жүзеге асады.
1.2. Музыкалық тәрбие бағытының негізгі мақсаты
Музыкалық тәрбие бағытының негізгі мақсаты - баланың бойында белгілі
бір деңгейдегі білім мен музыка мәдениетінің негіздерін қалыптастыру,
балалардың шығармашылық дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз ету.
Бала дүниеге келгеннен бастап, ана әлдиін, халықтық музыканы құлағына
сіңіріп өседі. Халықтық әуен келешек ұрпақты адалдық, тазалыққа, кең пейіл,
ақжүрек болуға баулиды.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға музыкалық-эстетикалық тәрбие беру
негізінде халықтың ән-күйлерін тыңдау, айтыс, жұмбақ, жаңылтпаш, музыкалық
аспаптармен, би өнерімен таныстыру мақсаты көзделеді. Сонымен қатар халық
музыкасы сәбидің ақыл-ойына, сезіміне әсер етіп, олардың шығармашылық
қабілетін арттырады. Қазақ халқы дарындылығымен қоса таланттарға бай.
Балаларды қабілеттеріне қарай ән-би үйірмелеріне қатыстыруға көңіл
бөлінеді. Музыка мұғалімдерінің алға қоятын мақсаттары – балаларға халық
мұрасын үйрету. Балаларды музыка арқылы әдемілікті, әсемдікті сезінуге
тәрбиелеу.
Музыка өнері тек эстетикалық тәрбие құралы емес, оның өзге де
сипаттары бар: ұлттық болмыс, мазмұн, сипат. Сондықтан да жастардың
тәрбиесіне ықпал ететіндей жаңаша түрін іздеу керек. Музыка өнері әр түрлі
қызмет атқара алады:
1) Қатынастық қызмет.
2) Кәсіби бағытпен тікелей байланыста музыканы дамыту.
3) Жастар ойын, олардың жалпы білімдік деңгейін мамандыққа сәйкес
дамыту.
4) Мамандыққа сәйкес тәрбиелік қызмет т.б.
Осылардың негізінде орындалатын міндеттер:
- қазақтың ұлттық мәдениетінің жай-күйін зерттеу;
- жастар арасындағы мәдени-рухани байлықтарды кеңейту;
- музыка саласындағы жетістіктерін насихаттау;
- жас ұрпақтың эстетикалық тәрбиесіне мейлінше көңіл бөлу.
Қазақ халқының мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін зерттеу мәселесі де
жас ұрпақ тәрбиесінде ерекше маңызға ие болды.Бала музыка әуенінің өзіндік
ерекшілігін, табиғатын түсінуі керек. Кез келген музыкалық шығарма
мінездемесі, құрылымы, мазмұны, жанры,стилі, шығу тарихы жағынан бірінші
кезеңде тұтастық талдау әдісіне бағынышты. Екінші кезеңдегі бөлшектеп
талдау әдісі музыканы өңдеу,әуенді музыкалық құралдардың айқындылығын
меңгеруді тереңдетеді. Ал, үшінші кезеңдегі тұтас талдау әдісі өнердің
бір-біріне жақын түрлерін біріктіреді. Мектептегі барлық оқу және сыныптан
тыс эстетикалық бағыттағы жұмыс барысы музыка пән мұғалімінің кәсіби
білімін, іскерлігін талап етеді. Жоғары оқу орындарында Музыкалық білім
беру мамандығы бойынша Музыкалық білім берудің әдістемесі- болашақ
маман музыка пән мұғалімін кәсіби-педагог ретінде дайындауға бағытталған
оқу пәндер циклында негізгі және интегралданған пән.Осы пәнді оқыту
барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Мысалы:
- жергілікті мекен жайдағы таңдаулы мұғалімдердің сабақтарын
көрсетіп,сол мұғалімнің көзге түсерлік қыры мен сырын аңғартып жазбаша
талдау жасатқызу;
- өз аумағымыздағы мәдени өзгешілікпен таныстырып,болашақ мамандарды
кітап оқу арқылы ғана емес, әр түрлі экскурсиялар,жорықтар,көрмелерге,
театрларға бару арқылы баулу;
- өзін-өзі жаттықтыруға оқу теледидарын және аутогендік жаттығулар
әдісін қолдану ( өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау);
Іздемпаздыққа тәрбиелеу үшін оқытушы тағы да бір тәсілдерді үйрете
алады.
- өз бетінше іс басқару, өзгеге жалтақтамау, тыңнан жол салуға баулу;
- тәуекелге бел байлау;
- белсенділік, әуесқойлық, іздену жолындағы жігерлік;
- қалыптасқан дәстүрге сын көзбен қарау, ұнамаған әдіс-тәсілдерді
өзгерту жолында жаңа ойлай білу;
- өзге тұлғалармен араласып, өз ойларымен бөлісе білу.
Жоғарыда айтылғанның бәрін ескере отырып, музыка пәні мұғалімінің
бірнеше кезеңнен тұратын ұзақ оқу процессінде оның алдына қойылатын
міндеттерді көрсетуге болады: балалардың музыка өнеріне қызығушылығын ояту,
дамыту; олардың музыканы қабылдау қабілетін дамытуды жүйелі түрде
ұйымдастыру әне халықтық мұра – орындаушылықты насихаттау.
Музыка мұғалімінің қызметі ұйымдастырушылық, танымдық, эмоционалдық,
т.б. бірнеше бағытта жүргізіледі:
Ұйымдастырушылық бағыт мұғалімнің оқыту, тәрбиелеу процессін жоспарлау
және ұйымдастырудан құрылады. Бұл оқу материалын іріктеу, оқу және тәрбие
жұмыстарының түрлі формаларын, сабақ барысын ұйымдастыру, т.б. Бұл үшін
мұғаім мынадай заңдылықтарды білуге тиіс:
- мектепке дейінгі музыкалық қызметті ұйымадастырудың негізгі
формаларын;
- ұлттық бағдарламаның мазмұнын, оның идеялық, теориялық негізін,
дидактикалық принциптері мен әдістерін;
- музыкалық шығарманың көркемдік және тәрбиелік мәнін;
- балалардың жас ерекшеліктерін;
- оқыту -тәрбиелеу процессін ұйымдастырудың формалары мен әдістерін әр
сынып деңгейіне байланысты таңдай білу;
Танымдық бағыт мұғалімнің балалардың ой қызметін басқаруына байланысты
құрылады.
Бұл үшін мұғалім:
- ғылыми теорияның методологиялық және психологиялық-педагогикалық
негіздерін білуге;
- білім мен дағдының дидактикалық принциптерінің қалыптасуын
қадағалауға;
- танымдық процесстердің мүмкіншіліктерін және ақыл-ой қызметін бірте-
бірте жетілдіру арқылы басқаруға;
- оқытуды анық логикалық түсініктемелер арқылы құра білу;
- пәнаралық байланысты қолана отырып, жүйелі білім беруге;
- өткен материал мен өтілетін материалды байланыстыра отырып,
логикалық шешемдерді жасауға;
- баланың бойында музыкалық білім алуға өз еркімен ұмтылысын
тәрбиелеуге міндетті.
Эмоцианалдық бағыт мұғалімнің музыка өнеріне деген көзқарасына және
оның балалардың әсемдікті сезіну қабілетін қалыптастыруына байланысты
анықталады.
Бұл үшін музыка мұғалімі мынаны ескеру қажет:
- мектепке дейінгі музыкалық тәрбие жұмысының қоғамдық тәрбиедегі
ролін;
- эмоцианалдық тәрбиенің жеке адамның жан-жақты қалыптасуындағы
маңызын;
- музыка өнерінің адамға тигізер әсерінің ерекшеліктерін;
Сонымен қатар музыка маманы бала бойында музыкаға эмоцианалдық
көзқарасты тәрбиелеуге, эстетикалық қажеттілікті дамытуды бағыттауға,
әсемдікті музыкалық форманың ең жетілген түрлері мен идеялық-образдық
мазмұнының бірлігі арқылы қалыптастыруға міндетті. Және музыка өнері арқылы
патриотизм, интернациолизм сезімін тәрбиелеуге, музыкалық материалды толық
игеру үшін сабақ барысында эмоцианалдық қалыпты сақтауға, балалардың музыка
өнерін терең ұғынуы үшін эстетикалық толғаныс әлемін байыту, кеңейту үшін
жұмыстануға міндетті.
Ізденішілік бағыт мұғалімнің оқу процессін жетілдіру арқылы және
кәсіби шеберлігін көтеру арқылы көрінеді.
Бұл мұғалімнің өзінің музыкалық- педагогикалық қызметін талдау мен
және озат педагогтар тәжірибесін, жаңа әдістерді педагогикалық қызметке
енгізуімен ұштастырылады.
Мұғалім ғылыми зерттеулердің теориялық негізін және зерттеу жұмысын
өткізу әдістемесін білуге тиіс. Сонымен қатар педагогикалық кәсіби
шеберлігіне мына талаптар қойылады:
- оқу процессін бақылауға және талдауға;
- педагогикалық фактілерді бір жүйеге келтіруге;
- кез келген педагогикалық оқиғаға музыкалық білімін, педагогикалық
біліктілігін қолдана білуге;
- музыка сабағының құрылымына жаңа формалар, әдістер қолдану жолында
үнемі ізденіс үстінде болуға;
- сабақтың тақырыбын ашу мақсатына сәйкес қосымша материалдар
қолдануға;
- өз еңбегінің жемісін болжай білуге;
- балалардың музыкалық даму деңгейін білуге;
- үнемі білімін жетілдіруге, орындаушылық тәжірибесін, музыкалық
репертуарын толықтыруға, оқышулармен сөздік байланыс шеберлігін
жетілдіруге міндетті.

2.1. Балалардың музыкаға баулу мен тәрбиелеудің
негізгі әдістемелері
Қазіргі мектепке дейінгі мекемелерді музыкалық білім беру, музыкалық
тәрбие беру баланың шығармашылық талабы мен музыканы қабылдауының дамуына
бағытталған. Болашақ музыка мұғалімін дайындау барысында музыкалық көңіл-
күйінің, ой сезімінің, көзқарасының үлкен маңызы бар.
Музыка үйрету жұмысының түрлі әдістемесі оқу материалының мазмұнына,
балалардың жас ерекшелігіне және олардың шығармашылық, танымдық үрдістерге
деген қабілеттеріне орай өзгеріп отырады.
Өткізілетін материалға жан-жақты түсіндірмелік шолу жасау әдістемесі
баланың өз бетінше ізденіп, іс-қимыл жасауға арналған ізденушілік
әдістемесімен өзара біріге қолданылса, зор нәтиже береді.
Үйретілетін ән-күйдің сезімдік-драмалық тұрғыдан сатылай үйретілуіне
арналған әдістеме сабақтың шарықтау барысына арналады. Әр түрлі нұсқада
құрылатын ән-күй сабағының музыкалық-драмалық әдіспен өрбуі де жиі
қолданылады.
Тәрбиешінің белгілі бір ән-күй, шығармаға деген өзіндік көзқарасының
болуы және оны бейнелі сөзбен, іс-әрекет, көркем қимылмен көрсете білуі
сезімге әсер ету әдістемесі деп аталып, ол бала қабілетінің артуына игі
әсерін береді.
Музыкалық қабілеттің, яғни ән айту, аспапта ойнау шеберлігінің
айтарлықтай өсуі, ондағы нақтылы табыстың болуы, оның тәрбиеші тарапынан
айқын көрсетілуі бала санасында мақтаныш сезімін тудырып, оның шығармашылық
қызметке деген ынтасын барынша арттыра түседі.
Жағымды үлгі көрсету, музыка өнеріне деген сенімділік білдіру,
жаттығулар көрсету, олардың жеке бастың сезімдік дамуына қызмет істеуі, ән-
күй сабағына деген кызығушылык тудырары сөзсіз.
Ән-күй сабағына кешенді әдістемелер қолдану, тәрбиешінің белсенді
музыкалық қызметі, сабақтың барлық элементтерінің тұрақты қолданылуы
балалардың музыкалық мәдениетінің қалыптасуына зор әсер етеді. Түрлі
әдістемелік үрдістерді алмастыра қолдану әр сабақтың мақсаты мен міндетіне,
ұстанымы мен мазмұнына байланысты өзгеріп тұрары анық.
Мектепке дейінгі үйренетін ән-күйлерге қойылатын әдістемелік талаптар
мынадай тәртіпте орындалуға тиісті:
1) Әндердің жоғары көркемдігі, еркін орындалу мүмкіндігі қаралады.
2) Әндердің орындалу мүмкіндігін алдын ала тексеріп алу, қиындық
туғызатын тұстарын меңгеру әдісін анықтап алу.
3) Үйренетін әнге кызығушылық тудыратын әңгіме айту, бала қиялын
ұштау.
4) Ән-күйді тыңдау және айтып беру немесе ойнап көрсету.
5) Ән-күймен танысқаннан кейін өткізілетін әңгіме-кеңес. Онда
шығарманың мінезін, музыкалық көркем бейне беретін негізгі мәнерлерін
анықтау.
6) Көркемдік және техникалық қағидаларды сақтай отырып әнді үйрену
кезеңі. Вокалдық шеберліктің әннің көркемдік бейнесін ашуға қызмет істеуін
қадағалау. Әнді орындау жөніндегі сөздік түсініктеме беру және тәрбиешінің
ән фразаларын жеке айтып беруі осы жерде аса қажет болады.
Әнді жаңадан үйрену жұмысын мынадай тәртіппен жүргізуге болады:
1) Тәрбиешінің өзі орындап көрсетуі.
2) Ноталық жазбаны қолдану.
3) Ән әуенін жай екпінде, жеке фраза, шумақтармен үйрену.
4) Ән интонациясы мен ырғағының өте дәл орындалуын тұрақты қадағалау.
5) Әннің кейбір қиындау жерлерін жеке бөліп қарау.
6) Ән мәтінніің логикалық шыңын анықтау, дикциямен жұмыс істеу.
7) Тәрбиеші мен баланың әнді орындау жоспарын ойластыруы.
8) Әр сабаққа арналған жұмыс жоспарын жазып отыру.
9) Екі, үш дауысты әндерді үйренуді әр дауысты жеке көрсетуден бастау
керек. Дауыстарды қосуды біртіндеп сатылай жүргізген дұрыс.
10) Тәрбиешінің дирижерлік әдістерді қолдануы ән үйрену кезеңін
жеңілдететіні сөзсіз.
Қазақ халық әндерінің тәрбиелік мәні. Қазақ әндеріндегі философиялық
ой тереңдігі үнемі дидактикалық мәселелермен қапсырыла қапталдасқан. Қазақ
әндерінің қай жанрын алмасақ та, өнегелі өсиет арқылы, ізгілікті
мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез -
құлыққа, сиқырлы ақылдылыққа насихаттап отырады. Сонымен бірге, қазақ
халқының тарихын, өмір сүру тіршілігінің сан қилылығын, қоғамдық
қөзқарастарын, ақыл - ойының жиынтығын танытады. Казақ әндерінің
дидактикалық, танымдық касиеті негізгі ерекшеліктерін тағы бір қырынан
көрсетеді.
Казақ халық әндерінің жанрлары да көп. Оларды жүйеге келтірілген
жіктемелер де баршылық (А.В.Затаевич, Б.Г.Ерзакович, Т.Бекқожина,
З.Қоспақов, т.б.). Жіктемелерін бәрін өнертану саласында толық қолдауға
болады. Ал педагогикалык салада оларды осы калпында пайдалануға болмайды,
өйткені олар әндердің тәрбиелік мүмкіндіктерін жан жақты ашып көрсетуді
шектейді. Біздің пайымдауымызша мектепке дейінгі мекемелер практакасында
мазмұнды пайдалану мақсатында казақ әндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін
былайша жүктеген дұрыс сияқгы:
- тұрмыс салт әндері (бесік жырлары, балалар мен жастар
әндері);
- еңбек, шаруашылық, кәсіп әндері (бақташылық, төрт түлік мал
туралы әндер, диқан, егіншілік әндері, аңшылық, саяткерлік әңдер, жұмысшы
әндері);
- үйлену әндері (той бастар, той тарқатар, жар-жар, беташар, қоштасу,
сыңсу, құдалар әңдері);
- ұлыс әндері (жарапазан); діни әдет - ғұрыптар тудырған әндер
(бәдік, бақсы, сарыны);
- жаналазау әндері (естірту, жұбату, көңіл айту);
- нақиялы әндер (алғыс, бата, тілек, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz