«Тіл сабақтарындағы сөздік жұмысы»
Кіріспе ... ... ... ... ... ...3
1. Сөздікпен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары және сөзідк арқылы оқушылардың тілі мен ойлауын дамытудың жолдары
1.1 Қазақ тілі сабағында сөздікпен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары ... ... ... 6
1.2 Сөздік жұмысы арқылы оқушылардың тілі мен ойлауын дамытудың жолдары ... ... ... 9
1.3 Қазақ тілінің сөздік қоры және оны оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2. Тіл сабақтарындағы сөздік жұмысы
2.1 Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілі мен ойлауын сөздік жұмыс арқылы дамытудың жолдары ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Сөздік қорды байытуға бағытталған әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.3 Қазақ тілінің сөздік құрамы және оны оқытудың тиімді жолдары ... ... ... 23
Қорытынды ... ... ... ... ..30
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... .32

Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары мен және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол мұғалім мен оқушының бірігіп жұмыс атқаруы. Оның арқасында білім, іскерлік, дағдының қалыптасып, оқушының дүние танымдылығы мен қабылеттілігінің артуы.
Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары мынадай әдіс – тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол – сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айтқызу, көрнекілік, кітап пен жұмыс, мәтінмен жұмыс әдістері.Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер , сабақты көркемдеп отырса, оқушылардың сөздік қоры біршама толығады. Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтерді. Оқытудың қазіргі жаңа технологияларын меңгеру және оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне сай келтіріп,сабақ үрдісіне ендіру мол ізденушілікті талап етеді.Әрине,ұстаз әрбір сабағын мазмұнды құрып,жаңа технологиямен сабақ беріп отырса,оқушылардың терең әрі тиянақты білім алуына жол ашылады.Сондықтан да қазіргі ұрпақты білім нәрімен сусындатуда жаңа технологияның алатын орны ерекше. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық,рухани,азаматтық және де басқа көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі дамытуға көмектеседі.Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс-тәжірибемде педагогика ғылымының докторы,профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын қолдануға болады.

1. «Ана тілі» бағдарлама – Алматы, 2003.
2. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы,1991.
3. Буратова И., Әбдіғалиева Д. Бастауыш сынып оқушыларының оқу икемдігі мен машығын қалыптастыру. – Алматы: Мектеп, 1987. 1.Беспалко В.П. «Слагаемые педагогической технологии».-М.Педагогика, 1989. 44 б.
4. Кобдикова Ж.У. Оқыту процесін технологияландыру. А:2000 ж.61б.
5. Қараев. Ж.А,Кобдикова Ж.У. Актуальные проблемы модернизации педагогической системы
на основе технологического подхода. А: 2005.34 б.
6. Бақзыбекова.Н. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.-А: Қазақ тілі, №4, 2007.16б.
7.Қуанышбаева А.Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.А: Қазақ тілі: Әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №2 ,2004. 47 б.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Тіл сабақтарындағы сөздік жұмысы
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Сөздікпен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары және сөзідк арқылы оқушылардың тілі мен ойлауын дамытудың жолдары
1.1 Қазақ тілі сабағында сөздікпен жұмыс жүргізудің
тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Сөздік жұмысы арқылы оқушылардың тілі мен ойлауын
дамытудың жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Қазақ тілінің сөздік қоры және оны оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .12
2. Тіл сабақтарындағы сөздік жұмысы
2.1 Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілі мен ойлауын сөздік жұмыс арқылы дамытудың жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Сөздік қорды байытуға бағытталған әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.3 Қазақ тілінің сөздік құрамы және оны оқытудың тиімді жолдары ... ... ... 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі.Оқыту әдісі - дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары мен және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол мұғалім мен оқушының бірігіп жұмыс атқаруы. Оның арқасында білім, іскерлік, дағдының қалыптасып, оқушының дүние танымдылығы мен қабылеттілігінің артуы.
Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары мынадай әдіс - тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол - сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айтқызу, көрнекілік, кітап пен жұмыс, мәтінмен жұмыс әдістері.Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер , сабақты көркемдеп отырса, оқушылардың сөздік қоры біршама толығады. Заман өзгерген сайын әдіс - тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтерді. Оқытудың қазіргі жаңа технологияларын меңгеру және оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне сай келтіріп,сабақ үрдісіне ендіру мол ізденушілікті талап етеді.Әрине,ұстаз әрбір сабағын мазмұнды құрып,жаңа технологиямен сабақ беріп отырса,оқушылардың терең әрі тиянақты білім алуына жол ашылады.Сондықтан да қазіргі ұрпақты білім нәрімен сусындатуда жаңа технологияның алатын орны ерекше. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық,рухани,азаматтық және де басқа көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі дамытуға көмектеседі.Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс-тәжірибемде педагогика ғылымының докторы,профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын қолдануға болады. Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат-баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асырылады.
1.Оқушылардың өздігінен білімін толықтыра, жетілдіре отырып, жаңа білім алуы.
2.Оқушылардың бір-бірімен білім алмасуына дағдылануы.
3.Берілген білімді пысықтау.
4.Оқушының білімін тексеру, бақылау.
5.Шығармашылық қабілетін арттыру.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың тілін дамытып,сөздік қорын молайтуға мүмкіндік бар.Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі:оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында.Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені білетінін,нені меңгергенін,нені меңгермегенін біледі,соның нәтижесінде оқушыларда намыс оты оянып,басқалардан қалып қоймауды ойлап өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды,әрі тырысады. Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз - балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі. Деңгейлік әдістің маңыздылығы - оқушының шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, өткен грамматикалық, лексикалық тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға жетелейді, яғни оқу-танымдық құзіреттілігі қалыптасады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері.Мақсаттары:- Қазақ тілі сөздік қор мен сөздік құрамды оқыту әдіс - тәсілдері туралы теориялық ұғым беру.-Оқушылардың сөздік қорын дамытуға арналған әдіс - тәсілдер туралы мәлімет беру.
- Әдіс - тәсілдер туралы теориялық ұғым беру.
- Әдістерді тәжірибеде қолдана білуге үйрету.
- Қазақтың байырғы сөздерін білдіру.
- Қазақша сөйлеу дағдысын дамыту
- Жазбаша тілін дамытып, орфографиядан түсінік беру.
- Қазақ тілінің сөздік қорындағы сөздер арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері :- Қазақ тілі сөздік қоры мен сөздік құрам мен оны талдауын оқыту арқылы білім қорын дамыту.
- Сөйлеу тілінің граматикасын қалыптастыру.
- Сауатты жазуға дағдыландыру.
- Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану.
Курстық жұмыста көзделетін нәтижелері. Тіл-қатынас құралы ретінде ойлаудың тікелей шындығын, болмысын сөйлеу, жазу арқылы білдіреді. Тілдің ең кішкене бөлшегі -- сөз болса, сөздердің өзара тіркесіп келуі арқылы ғана тілдік ұғым жасалады. Олай болса, тілдің заңдылығы, өз ішінде сала-салаға бөлінетін алуан түрлі тармақтары бар. Сөздік қор мен сөздік құрам деген бөлім тілдік материалдың қарастыратын мәселелеріне қазақ лексикасындағы сөздердің қандай амал-тәсілдер арқылы жасалатынын анықтайды. Морфология бөліміндегі сөз таптарының жасалуы, тұлғалық көрсеткіштері, сөздердің құранды бөлшектерінің бәрі сөздердің жасалу заңдылықтарымен ұштасып жатады. Сол себепті Сөздік қор мен сөздік құрам жеке тарау етіп танып, өз алдына категория етіп оқыту дұрыс ойластырылған. Сөздердің әрқилы жолдармен жасалу ереже-анықтамалары негізінен әр сөз табына қатысты, сондықтан сөздердің жаралуын орфография заңдылықтарымен ұштастыра оқыту оқушының сөйлеу, жазу тілін дамыту, сауаттылығын арттырудағы іскерлік дағдыларын қалыптастырады.
Курстық жұмыстың дереккөздері. Бұл курстық жұмыс барысына отандық ғалымдар мен озық педагогтардың еңбектері пайдаланылды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

тиімді жолдары
Орыс сыныптарында қазақ тілі пәнінің көздеген мақсаты- оқушыларды қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға түсіндіре алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу. Орыс мектебін бітірген оқушылардың кейін еңбекке араласқан кезінде мемлекеттік тілде сөйлей алмауын болдырмау-пән мұғалімінің абыройлы міндеті. Осы бағытта істелетін күрделі жұмыстардың бір саласы-ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру-оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттырады.
Тілі жақсы дамыған бала ойын дәл жеткізеді, оқуды да ойдағыдай меңгереді. Тіл дамыту-ой дамыту. Оқушылардың тілін дамытуды сөздік жұмысы - тіл дамыту жұмысының бастапқы негізі болып саналады. Егер оқушының сөздік қоры кедей болса, ол өзінің айтайын деген ойын нақты жеткізе алмайды және сөйлемдерін дұрыс құрастыра алмайды. Сондықтан да сөздік жұмыс оқушылардың сөздерді, сөйлемдерді дұрыс жазуына, сөйлеу дағдыларын дұрыс қалыптастыруына зор ықпал етеді.
Сөздік жұмысын әр сабақты өткізілетін тапсырмаларға байланысты жүргізіп отыру керек, сөздікпен жұмыс істегенде, жаттығу орындағанда карточкаларды немесе суреттерді қолданғанда әрдайым қазақ тіліне тән дыбыстар қатысқан сөздерге мән берген тиімдірек. Жаңа сабақ сөздік жұмысынан басталады. Тіл дамыту жұмыстарының негізгі түрлерінің бірі - осы сөздік жұмысы. Орыс мектебіндегі қазақ тілі сабағын өтуде мұғалімнің ас зер салатын өзекті мәселелерінің бірі де осы.
Тақтаға екі тілді сөзді жазып, оны дептерлеріне көшіріп, жаттатқаннан балалар ол сөзді жадыларында ұстай алмайды, ұғып алса да кейінірек ұмытып қалады. Сондықтан балаларға жаңа сөз үйретуде оның орысша баламасымен қоса суретін көрсетіп, жанына қатарласа аттың аты қазақша жазылады, оны бірнеше рет қайталатып оқытып, мағынасын түсіндірсе, бұл жұмыс әлдеқайда ұтымды болады. Ал енді оны есте сақтау үшін сол сөздер бар сөз тіркесін құрып, күнделікті тұрмыста қолдана алатындай сөйлемдер құратып, оны дәптерлеріне жаздырып отырса, тіл дамыту жұмысы тиянақты жүргізілгені.
Әр жаңа сабақта оқушы бірнеше жаңа сөздер үйренеді. Жаңа сөздерді кестеге жазған дұрыс болады, себебі, олар жаңа сөздің аудармасымен ғана танысып қоймайды, сонымен қатар сол сөздің синонимін, антонимін, омонимдерді тауып жазады.
Мысалы: ақ-қара, күн-түн, биік-аласа, сұлу-әдемі, көркем, сымбатты, түс-полдень, свет, слезь.
Жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жазып, хормен және жеке-жеке оқиды. Одан әрі мұғалім оқушыларға осы тақырыпта диалог құру тапсырмасын береді.
Мысалы: Қыс деген тақырып бойынша мынадай сөздік жұмысын жүргізуге болады.
Қыс айлары - зимные месяцы
Желтоқсан-декабрь
Қаңтар-январь
Ақпан-февраль
Суық-холодно
Қысқа-короткий
Қар-снег
Қырау-иней
Шаңғы-лыжи
Сырғанау-кататься
Сырғанайды-катается
Жылы киім-теплая одежда
Киеміз-одеваемся
Жаңа жыл-новый год
Қызықты-интересный
Сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір қыс.
- Қыс айларын ата!
- Қыс айлары-желтоқсн, қаңтар, ақпан.
- Қар қандай болады?
- Қар ақ болады.
- Қыста күндер қандай болады?
- Қыста күндер суық болады.
- Балалар қыста не істейді?
- Балалар шаңғы тебеді? т.с.с.
Тіл үйрету үшін оқушылардың жас ерекшеліктрі мен жеке ерекшеліктерін, олардың зейінін, ойлау және қабылдау қасиеттерін жақсы білу керек. Оқушылардың қабылдауы мен ойлауында толып жатқан ерекшеліктері бар, сондықтан әр сабақта қай оқушы нені білетінін және соған көмектесу үшін не істеу керектігін анықтап, есеп жүргізген жөн. Сонда әр оқушыға жекелей қандай тапсырма беру керек, кіммен нендей жұмыс жүргізу қажет екендігін шатастырмай білесің. Әсіресе бұл білімі нашар балаға көп көмек береді. Оқушының жіберген қатесін дәптерге жазып және оның себебін анықтағаннан кейін, сол қатесін оқушы екінші рет қайталамау үшін соған қосымша жұмыс ұйымдастыру қажет. Мысалы, оқуға, жазуға үйрету барысында олар жеке әріптерді, дыбыстарды жаттайды да, олардың әрқайсысының мәніне көңіл бөлмейді, сөздерді дұрыс байланыстырып оқып, жаза алмайды. Сондықтан әрбір сөздің айтылуы мен жазылуын салыстырып, сөзді буынға, буынды дыбысқа бөліп, немесе, керісінше, дыбыстардан буын, буыннан сөз құрастыру арқылы үйретсе, сол сөзді оқушылар дұрыс жазып оқиды және есінде ұзақ сақтайды.
Орыс мектебінде қазақ тілін үйрену әр сабақта жаңа сөздерді құрғақ жаттау емес, сол сөздердің мағынасын саналы түрде ұғынып, ауызша және жазбаша қолдана білу керек. үйреткен жаңа сөздерді оқушылар ұмытып қалмау үшін жаттығудың мынадай түрлерін орындатқан пайдалы:
1. Жаңа сөздерді оқыту.
2. Қиын сөздерді хормен оқыту немесе арнайы дискілер арқылы тыңдатып, қайталату.
3. Жаңа сөзді сөз тіркесі, сөйлем ішінде оқыту.
4. Ауызша сұрақ-жауапты қолдану.
5. Сол сөздерді қолданып, сурет бойынша сөйлем құрату.
6. Заттың өзін немесе суретін көрсетіп, аттарын атату.
7. Жаттығулар орындау.
8. Таратпа материалдар бойынша өзіндік жұмыс орындау.
Осындай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып келесі сабақтарда да әлденеше рет қайталау арқылы оқушылардың есінде ұмытылмастай мәңгі қалдыруға болады. Өйткені, ондай сөздерді дұрыс айта, жаза білу орыс сыныбында оқитын оқушыларға қиынға соғады, сондықтан бұл дыбыстарды әр сабақ сайын қайталап келудің еш артығы жоқ.

дамытудың жолдары
Сөздік жұмысы - тіл дамытудың іргетасы, оқушыны жаңа сөздер үйренуде, бұрын білетін немесе түсінбейтін сөздердің мағынасын анықтауда маңызы зор.Сондай-ақ сөздік жұмысы сөйлем құрауға материал береді, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі.
Әдіскер ғалымдар М.Т.Баранов, А.Р.Прудникова жаттығу әдісінің маңыздылығына тоқтала келіп, Сөздік және лексикалық жаттығуларды бір-бірімен айыру қиыншылық тудырады, олар тығыз байланысты.Өйткені екеуінің де негізі - сөзбен жұмыс жасау - дей келіп, сөздік жұмыстарға тілді сезіну мен сөзді дұрыс түсінуі, орынды қолдана білуі, сөз тіркестерін жасау, сөйлем құрау, мазмұндама, шығарма жазуды жатқызады.
Сөздік жұмысының ерекшелігі : тіл дамытудың басқа түрлері сияқты оқу-тәрбие жұмысының барлық салаларында жүргізіледі.Өлең, әңгіме, мысал, мақал-мәтелдер т.б білу арқылы баланың тілі дамиды.Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады.Ал, сөздік жұмысы оқушының ойын дамытумен тығыз байланысты.Тілді, оның грамматикалық құрылысын меңгеру оқушыларға өз пікірлерін айтуға, сұрауға, қорытынды жасауға, заттар мен құбылыстар арасындағы алуан түрлі байланыстарды аңғара білуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге сөздік жұмысы сөз арқылы оқушыны дәл ойлауға үйретеді, оның творчествалық қабілетін арттыруға, сөйлеудің мазмұны мен формасының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталады. Сөз байлығы - қоғамның байлығы және сол сияқты әр адамның байлығы.Сондықтан мектепте оқушыларғы сөздік жұмысын жүргізудің маңызызор.
Сөз байлығының аздығы оқушылардың өз ойын ауызша, әрі жазбаша, дәл, жүйелі жеткізуіне қиындық келтіреді.Сондықтан сабақта сөздік жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мәні зор.
Біріншіден, ол оқушының сөз байлығын молайтып кеңітсе, екіншіден үйренген сөздерін қатесіз, сауатты жазуға бейімдейді де, ал үшіншіден сөзді үйрену арқылы бала тіл нормасымен сөйлеп үйренеді.Сөздік жұмысын жүргізуге мынадай негізгі методикалық талаптар қойылады:
1.Мазмұнды сөйлеу;
2.Жүйелі сөйлеу;
3.мәнерлі сөйлеу;
4.Дәл сөйлеу.
Мазмұнды сөйлеу - ойды айқын, сендіре, оқушысына немесе таңдаушысына әсер ете білу шеберлігі.Мұнда тиісті сөздер таңдау, фразалар құрастыру, жалпы әңгімедегі көңіл-күйді білдіре алушылық үлкен роль атқарады.
Қазіргі қазақ тілінің сөздігі - жалпы тіліміздегі қолданылып жүрген әдеби тіліміздің лексикасы.Халық пайдаланып жүрген сөздер кәдімгі қолданып жүрген техникалық терминдер, мамандыққа байланысты сөздер, диктант сөздер, жер-су, өсімдік,жан-жануар т.б. сөздерден тұрады.
Жүйелі сөйлеу - оқушы өз ойын белгілі бір ретпен, жүйелі түрде баяндап беретін болуы шарт.Бала өзі жақсы білетін материалын алдын-ала талдап, жинақтап,әуелі не жөнінде т.б. жобалап алуға тиіс.Сөз, сөйлемді дұрыс құрмау, ойдың күрт үзіліп, байланыссыз қалуынан, бір ойдың қайталануынан сақ болған жөн, белгілі бір жүйемен баяндауға үйренген жөн.
Мәнерлі сөйлеу - барысында әр сөздің стилистикасына, сөздің әсеріне, көркемдік жағына көңіл бөлу керек.Бастауыш сынып оқушылары сөзге мән, мағына беріп үйренсе, үлкен жетістік, өйткені сөз арқылы ғана ойды жеткізуге болады.Мәнерлі сөйлеу тілге деген талғамды, сөзге деген сезімді тәрбиелейді.
Дәл сөйлеу - баланың сөйлеу тілінде дәлділік қажет.Әрбір сөз дұрыс айтылуы, дыбысталуды керек етеді.Онсыз сөз мағынасы, әсері болмақ емес.
Сөздік жұмысы оқу сабағында мынадай міндеттерді орындауды қажет етеді:
1.Балалардың сөздігін байыту, яғни белгілі бір сөздердің мағынасын түсіндіру, жаңа сөздер үйрету.
2.Белгілі және жаңа сөздерді қолдану, пайдалану аумағын, көлемін көбейту, үйренген сөздермен салыстыру арқылы жаңа контекске пайдалану.
3.Сөздің стилистикалық рөлін және лексикалық категориясын бақылау арқылы үйрету.
4.Байланыстырып сөйлеуге көркем сөздерді пайдалану, оның грамматикалық тұлғаларын аңғарту, өмірмен байланысты жүргізу.
5.Синоним, антоним, көп мағыналы сөздерге талдау жасау, астарлы сөздердің мағынасын нақтылау.
6.бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу қорына әдеби тілге жатпайтын сөздерді ендірмеу, артық сөздерді қолданбауға үйрету, сөздерді дұрыс айтуға қол жеткізу.
7.Сөз байланыстарын қолдануға мүмкіндік жасау, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда мүмкіндігінше жаңа сөз қосып отыру.
Сөздікті байытудың негізгі көзі - оқулықтағы мәтін, жаттығулар, тапсырмалар және мұғалімнің сөзі.сондықтан оқулықтардағы ұлы классик сөз маржаны ауыз әдебиет үлгілірінен мақал - мәтел, жұмбақ, жаңылпаштарды оқып, сусындап отырғандары жөн.Оқушы оқыған мәтіннің мазмұнын дұрыс қабылдау үшін, сөздік жұмыстарының мұқият жүргізілуі қадағаланады, яғни балаға түсініксіз бірде-бір сөз болмауы керек.Мәтіндегі кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру 3 кезеңде жүргізіледі:
1.Мәтінді оқуға дайындық кезеңінде;
2.Мәтінді оқу барысында;
3.мәтінді оқып шыққаннан кейін.
Ал, өлең оқу барысында сөздік жұмысы өлеңді оқымас бұрын немесе оқып болғаннан соң ғана жүргізіледі.
1.3 Қазақ тілінің сөздік қоры және оны оқыту
Тілдің негізгі өлшемі - сөздік қор. Ал сөздік қор дегеніміз - тілдің құрамының ең тұрақты, талай ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан, жалпы күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын халықа ортақ сөздер жиынтығы.
Тілдің негізгі сөздік қоры - тілдің сөздік құрамының ең тұрақты бөлігі.Сөздік қор тілдегі сөздерді ғасырлар бойы сақтап отырып, тілдегі жаңа, туынды сөздер мен жаңа мағынаның жасалуына ұйытқы болады.
Біздің ана тіліміз, қасиетті қазақ тілі - өзінің мемлекеттік мәртебесін абыроймен атқарып, міндет жүгін қиналмай көтере алатын аса бай, оралымды да көркем тіл. Ресей ғалымдарының Қазақтың жай сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады(Радлов), Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, бейнелі тіл- қазақ тілі(Маслов) деп, тамсана таңырқағанын, бұл тілдің айтқыш та айшылықтығын, сұлу да сұғылалығын есімізден шығармауға тиіспіз.Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудағы басты міндеттердің бірі- қазақ тілінің байлығын, көркемділігі мен бейнелілігін жас ұрпаққа таныта отырып, сөзге тапқыр, сөздік қоры мол, тіл байлығы жетілген жеке тұлға тәрбиелеу.Бала тілінің дамып қалыптасуы жоғарғы жүйке жүйесінің жетілуімен тығыз байланысты. Баланың айналасындағы дүниені танып, білудегі басты жәрдемшісі - тіл. Ал тілдің дамуы оның сана-сезімінің, ой-өрісінің, басқа да психологиялық үрдістің жетіле түсуіне негіз болады. Балалар жасының әр кезеңінде әр түрлі сөздер дамиды. Үш - жеті жасқа дейін - мың сөз, бастауыш сыныпты бітірген оқушылар сегіз- он бес мыңға дейін жаңа сөз үйренеді. Күніне орташа есеппен алғанда бес-сегіз жаңа сөз үйренеді, негізгі әдебиет жанрларымен танысады; өлең, әңгіме, мысал, мақал-мәтелдер, фразеологиялық сөз тіркестерін қолдану арқылы байланыстыра сөйлеуге үйренеді. [1]
Оқушылардың тілін дамыту мақсатын шешуде:
- Біріншіден, оқушылардың меңгерген сөзі, сөз байлығы қаншалықты дәрежеде екендігін;
- Екіншіден, оқушыда сөз байлығын, сөз қорының аз болуының себебін, өзіндік ерекшелігін;
- Үшіншіден, тілін байыту мен дамытуда тиімді әдіс- тәсілдерін алдын-ала анықтап белгілеу керек;
Психологтардың айтуынша, оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатында жүргізілген сөздік жұмысының әдістемесіндегі басты талап - сөзбен балалар санасындағы бейнені түрлі жолдармен үнемі ұштастырып отыру. Өйткені сөз бала санасындағы нақты елестің жеткілікті қорынсыз пайда болмайды.Сөздердің мағынасын ашып түсіндіру тәсілдері алуан түрлі. Оның ішіндегі бастылары:
- Затты табиғи жағдайда бақылау немесе оны сыныпта көрсету, саяхат ұйымдастыру;
- Заттың өзін немесе суретін көрсету арқылы сөздердің мағынасын ашып түсіндіру;
- Синоним сөздер қолдану: Қандай сөздермен ауыстыруға болар еді? Басқаша қалай айтар едік? сияқты сұрақтар қою арқылы синоним табуға оқушылардың өздерін қатыстырып отыру;
- Сөзді кейде морфологиялық құрамына қарай талдау арқылы түсіндірген жөн. Мысалы: тетелестері сөзінің түбірін табу;
- Сөздерге анықтама беру арқылы түсіндіру: аэродром - ұшақ ұшып, қонатын алаң;
- Абстракциялық ұғымдарды түсіндіру үшін тұрмыстан мысалдар, фактілер келтіріп, әңгіме айту. Мысалы: батырлық, қамқорлық, қайғы, адамгершілік т.с.с.
- Жаңа сөздің мағынасын түсіндіруде техникалық құралдарды қолдану;
Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын байытуда сөздерді үйретудегі ұстанымдары:
- Сөзді оқушылардың күнделікті өмірімен байланыстылығын ескеру;
- Үйретілген сөздердің жеңілділігі;
- Бастауыш сынып оқушыларының ұғымына сөз мағынасының сай келуі;
- Сөздерді оқылатын тақырыптарымен байланысты таңдап алу;
- Сөздердің мағыналық ерекшеліктерін ескеру;
Сөздік жұмысын жүргізуге төмендегідей талаптар қойылады: мазмұнды сөйлеу, жүйелі сөйлеу, мәнерлі сөйлеу және дәл сөйлеу.
Сөйлеу мәдениеті - тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, грамматикалық заңдылықтар мен нормаларды дұрыс қолдану.
Мазмұнды сөйлеу ойды айқын, сендіре,тыңдаушысына әсер ете, оны толқыта білу шеберлігі. Мұнда тиісті сөздер таңдау, фразалар құрастыру, жалпы әңгімедегі көңіл-күйді білдіре алушылық үлкен рөл атқарады.
Жүйелі сөйлеу оқушы ойының бір ретпен, жүйелі баяндау;
Мәнерлі сөйлеу барысында шығарманың идеялық, эмоциялық жағына баса көңіл бөлінуі қажет, өйткені нағыз көркем шығарма ғана балалардың ой-сезімін қозғайды, әсемдікке үйретеді. Мәнерлеп оқу тілге деген талғамды, сөзге деген сезімді тәрбиелейді.
Баланың сөйлеу тіліне дәлдік қажет. Мәтіндегі әрбір сөз дұрыс дыбыстауды қажет етеді. Онсыз сөз мағынасы да, әсері де болмақ емес. Дәл сөйлеуді жетілдіру ұшін сөйлеу барысында айтылуы жағынан ұтымды сөздерді таңдай білу керек. [2]
Оқушының тілін байытуды сөйлеумен байланысты іске асыруда төмендегідей қажеттіліктер туындайды:
- Сөйлемді дұрыс қолдану, құрастыру арқылы ойын жүйелі айта білуге дағдыландыру;
- Сөйлемдегі сөздерді белгілі бір ойдың төңірегінде құрастырып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру;
Сөздік жұмысының ең маңызды міндеті - оқушылардың ауызекі сөйлеуде қолданылатын сөздер қорын толықтыратын сөздікті белсенді ету;
Жаңа сөздерді оқушылардың есіне сақтаудың тәсілдері мен тілін дамыту үшін жүргізілетін жаттығулар:
- Тақтаға жазып, оны буынға бөлу;
- Сөз мағыналарын анықтауда ұғымның белгілерін санайтындай жаттығулар (жаттығу жұмыстары);
- Жаңа сөзді кірістіре сөйлем құрастырып, мағынасын ашу;
- Жаңадан үйренген сөздерге байланысты шығармашылық жұмыстар;
- Әңгіме, мазмұндама, шығарма жүргізу;
- Орфографиялық жаттығуларға жаңа сөздер енгізу;
- Сөздік жасату (түсіндірмелі, алфавиттік немесе тақырыптық сөздіктер, оқушы сөздігі).
Балалар сөздігін мынадай жолдармен байытуға болады:
- Қоршаған ортаны байқату, аңғарту (табиғат пен адамдардың қоғамдық және өндірістік еңбегімен таныстыру, танымжорықтар ұйымдастыру)
- Арнаулы тілдік жаттығулар жүргізу;
- Сыныпта және сыныптан тыс (әңгіме мазмұнын талқылау және талдау) барысында.[3]
Халқымыздың тарихи асыл мұрасы - тілді болашақ ұрпаққа жеткізе, олардың сана-сезімін, дүние-танымын кеңейтіп, ой дәлелдігіне, сөз жүйелігіне, тіл тазалығына төселдіру - аса игі іс. Сондықтан да тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттырудың бірден-бір тиімді жолы. Олай болса, тіл дамыту дегеніміздің өзі оқушылардың сөз байлығын арттырып, әр сөзді орынды қолдану.
2. Тіл сабақтарындағы сөздік жұмысы
2.1 Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілі мен ойлауын сөздік жұмыс арқылы дамытудың жолдары
Кез келген халық мәдениетінің басым бөлігі оның тілі арқылы жүзеге асады, ал тіл байлығы ең алдымен сөздікте көрінеді. Сөздіктің мәдениеттің жолсерігі және оның кілті ретіндегі айрықша рөлін мойындау лексикографиялық белсенділіктің өсуіне әкеп соқтырады.
Сөздік құрастыру, жасау - адамзат өркениетінде атқарылған күрделі іс, ірі жетістік екені белгілі. Әлемдік лексикография тарихына үңілсек, сонау ІІІ мыңжылдықтардағы ежелгі шумерлер құрастырған сөздіктерден бері қарай бүгінгі күнге дейін сөздіктердің санмыңдаған түрлері жарық көрді. Сөздік жасау ісі ертеден қолға алынғанмен, сөздік жасаудың теориясын зерттейтін - лексикографияның жеке сала болып қалыптасуы ХХ ғасырдың ІІ жартысына сәйкес келеді.
Сөздік - анықтамалық құрал. Ол тіл жайындағы ақпараттардың көзі. Әрбір сөздікті пайдаланушы сөздік арқылы тілді меңгереді.
Сөздік өзінің мақсатына сәйкес сөздерді жинап, оларды әліпбилік, тақырыптық немесе басқаша тәртіппен жүйелеп, тілдің сөздік құрамын мүмкіндігінше толық қамтып, түсіндірмесімен немесе басқа бір тілдегі аудармасымен береді.
Сөздік жұмысы - тіл дамытудың іргетасы, оқушыны жаңа сөздер үйренуде, бұрын білетін немесе түсінбейтін сөздердің мағынасын анықтауда маңызы зор. Сондай-ақ сөздік жұмысы сөйлем құрауға материал береді, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі.
Әдіскер ғалымдар М.Т.Баранов, А.Р.Прудникова жаттығу әдісінің маңыздылығына тоқтала ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz