Мектеп жасына дейінгі балалардың түйсігін дамытуға арналған жаттығулар туралы түсінік


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
«Психология және педагогика»
Кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Түйсік»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Түйсік ағзалары және түйсіктің түрлері
1. 1. Түйсік ағзалары . . . 6
1. 2. Экстероцептивтік түйсіктер . . . 7
1. 3. Органикалық түйсіктер . . . 11
1. 4. Қозғалыс түйсіктері және вибрациялық түйсіктер . . . 13
ІІ. Түйсіктің негізгі заңдылықтары
2. 1. Адаптация . . . 14
2. 2. Сенсибилизация . . . 16
2. 3. Синестезия және бір ізді образдар . . . 17
ІІІ. Балада түйсіктердің дамуы мен өзара байланысы
3. 1 Балада түйсіктердің даму ерекшеліктері . . . 18
3. 2 Бала тілі мен түйсігін ұстарту . . . 21
3. 3 Баланың танымдық қабілетін дамытуға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы . . . 26
3. 4 Қызықты ойындар арқылы балалардың түйсігін дамыту . . . 33
Қорытынды . . . 36
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 38
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына оқу қызметін меңгерту, ол танымдық белсенділікті дамытудың басты бағыты болып саналады.
Танымдық белсенділікті психологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс -әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді.
Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады. Ойлау арқылы ғана заттардың, көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларда бар себептерді табады, келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады. Келешекті болжай алады. Сондықтан тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсауы керек. Өйткені дұрыс ойлау ұрпақтан ұрпаққа табиғи түрде беріледі, оның үстіне тәжірибе арқылы да қалыптасады
Бала ойын дамытуда логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға болады. Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі - логикалық ойындар. Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді. Мектепалды даярлық, балаларының логикалық ойлауларын дамытудың негізгі кезеңіне жатқызуға болады. Өйткені балалардың ойлары осы кезде нақты -бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды. Сондықтан мектепалды даярлықта балалардың ой - өрісі қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өздерінің ойларын дәлелдеуге үйрене бастайды.
Түйсік - біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс, осы процестің арқасында біз ортаны бағдарлап, соның жағдайына қарай қимыл жасауға тырысамыз. Түйсік себепсіз тумайды. Біз түсік арқылы заттың формасын, түсін, көлемін білеміз. Қолымызбен қозғап, заттың салмағын білеміз. Түйсік арқылы болмаса, біз басқа жолмен заттың ешқандай формалары туралы да, қозғалыстың формалары туралы да біле алмаймыз. Түйсік таным процесіне жатады, өйткені адам таным процесі арқылы дүниені таниды. Түйсік басқа психикалық процестерге қабылдауға, есте сақтауға, ойлауға, қиялға материал береді. Адам дүниені ең алдымен өзінің сезім мүшелері арқылы ғана түйсінеді. Заттар мен құбылыстар адамның сезім мүшелеріне тікелей әсер тигізбесе түйсіну де пайда болмайды. Түйсіну арқылы адам өзінің дене мүшелерінің ауырғанын тағы осы сияқты әсерлерді де сезеді. Түйсіну біздің санамызды сыртқы дүниемен байланыстырып отырады.
Иә, біз өзіміздің түйсігіміз арқылы айналамыздағы заттардың қасиеттерін, қатты, жұмсақтығын, олардың бетінің тегіс немесе кедір-бұдыр екенін, салмағын, температурасын, иісін, дәмін, түсін, дыбыс шығаратынын, шығармайтынын, қозғалатын, қозғалмайтынын біле аламыз. Мұның сыртында түйсік арқылы өз денеміздегі өзгерістерді, оның мүшелерінің қозғалысын, қалпын, ішкі мүшелеріміздің жұмысын, оның бұзылуын, тағыда басқа жағдайларды біліп, қабылдаймыз. Сол себепті психолог-мамандар «Түйсік - әлем жайындағы біздің барлық біліміміздің бұлағы, қабылдау, елестеу, еске түсіру, ойлау секілді күрделі тану процестері үшін материал осы түйсік арқылы беріледі . . . », - дейді.
Адамның түйсіне алу қабілеті - сезгіштік болса, ол абсолюттік және айыру сезгіштік деп екіге бөлінеді. Абсолюттік сезгіштік деп жүйке саласының өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуын атайды. Ал тітіркендіргіштердің түйсік туғызатын ең аз шамасы - оның абсолюттік табалдырығы. Жалпы, адам баласының сезім мүшелерінің абсолюттік сезгіштігі өте үлкен. Алайда абсолют сезгіштікте, айыру сезгіштігі де тұрақты емес, түрлі жағдайларға байланысты олар өзгеріп отырады. Осы өзгерулер үш себептен: сезім мүшелерінің әсер еткен тітіркендіргішке бейімделуіне қарай, әр мезгілде пайда болатын түйсіктердің бір-біріне ықпалына қарай, адамның тұрмыс жағдайына, әсіресе, іс-әрекетінің, кәсібінің талабына қарай.
Бұл сезгіштіктің өзгеруінің бірінші себептен пайда болатын жағдайы - адаптация, екінші себептен пайда болатын жағдайы - сексибилизация.
Танымдық белсенділік баланың психологиялық- денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктері анықтайды.
Барлық психикалық танымдық үрдістердің ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады. Барлық танымдық процестер үрдістердің қасиеттері мен қатар бір-бірімен сипатын анықтай отырып, олармен бірге және тығыз байланыста болуып бірізділікте жүреді. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру- бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады.
Зерттеу мәселесі. Мектеп жасына дейінгі балалардың түйсік үрдістерін қалыптастыру. Танымдық белсенділіктерін арттыру.
Зерттеу объектісі. Мектеп жасына дейінгі балалардың түйсігін дамытуға арналған проективті әдістер мен жаттығулар.
Зерттеу болжамы . Егер мектепке дейінгі балалардың алғашқы ұғымдарын, логикалық қабілетін дамытуда қарапайым ойын арқылы үйретсе, көру арқылы салыстыруды, қиялдау және жұмбақтар жаттатқызса баланың түйсігі тез дамиды деген болжам бар. Өйткені жасырын тұрған ойдың нені меңзеп тұрғанын ойлап табу баланың ми қыртысының жұмысын шыңдайды, логикалық ойлау сезімін қалыптастырады. Логикалық ойдың ерекшелігі қорытындылардың қисындылығы да олардың негізіне сай келуі. Логикалық ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады.
Зерттеу пәні. Мектеп жасына дейінгі балалардың түйсігін дамыту.
Зерттеу объектісі. Мектепке дейінгі балалардың түйсігін дамытуға арналған әдістемелер.
Зерттеу мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балалардың түйсігін дамытуға арналған жаттығулар туралы түсінік беру және таным үрдісін теориялық-әдістемелік тұрғысынан зерттеу болып табылады.
Зерттеу міндеттері. Мектепке дейінгі балалардың түйсігін дамыту туралы және оларды дамытуға арналған жаттығулар мен әдістер туралы толық мағлұмат беру.
Зерттеу көздері. Мектепке дейінгі балалардың түйсігін дамыту психологиясы және таным үрдісін дамыту туралы ғалымдардың айтқан пікірлері.
Зерттеу әдістемесі. Ғылыми-педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, бақылау, байқау; ата-аналар және тәрбиешілермен әңгіме, сұхбат жасау.
Зерттеу кезеңдері. Мектепке дейінгі шақ.
Ғылыми жаңалық:
- Баланың бүкіл өмір бойында жүретін даму үрдісіне сипаттама берілді.
- Таным үрдісінің дамытуға арналған арналған жаттығулар берілді.
- бала мен ата-ана қарым-қатынасының түрлері мен күрделі тұстарына теориялық тұрғыда сипаттама берілді;
- отбасы тәрбиесінде ата-ана қарым-қатынасының ықпалын арттырудың тетіктері анықталып зерделенді,
- бала мен ата-ана қарым-қатынасының тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары белгіленді.
Тәжірибелік маңызы. Эксперименттік - тәжірибе жұмысының нәтижелерін ата-аналардың педагогикалық сауатын ашуда, жетекшілердің ата-аналармен жұмысында, педагог-психологтардың практикалық іс - шараларында қолдануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курс жұмысының белгілі бір құрылымы, құрамдас бөлімдері бар. Ол кіріспеден, теориялық, практикалық бөлімдерден, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Түйсік ағзалары және түйсіктің түрлері
1. 1. Түйсік ағзалары
Түйсіктердің физиологиялық негіздері ағзаның арнаулы жүйкелік механизмі анализаторларда іске асып отырады. Кибернетика тілімен айтқанда, адам - өзін-өзі басқаратын жүйе. Анализаторлар - сол жүйенің негізгі ақпараттандыру мүшесі. Ағза барлық анализаторлардан келіп жатқан сигналдардың ыңғайына қарай орталық жүйке жүйесі функцияларын реттеп отырады: бірде жаңа реакция тудырып, бірде бұрын өтіп жатқан әрекеттің барысына өзгеріс кіргізіп, оны түзетіп, бағыттар береді. Ми қабығында ылғи үздіксіз өтіп жатқан күрделі қызмет анализаторлар арқылы іске асыл отыратын кері байланысқа сүйенеді.
Анализаторлар үш бөлшектен құралады:
а) перифериялық орган - сезім мүшелері (рецепторлар) ;
ә) өткізгіш бөлім - рецепторларды тиісті орталықтар мен байланыстырыл отыратын аффередттік және эфференттік жолдар;
б) мидағы орталықтар.
Бірінші компоненті - сезім мүшелері (рецепторлар) - әр түрлі құрылған жүйкелік аппараттар. Олардың міндеті - сырттан келген физикалық, химиялық тітіркендіргіштердің күшін жүйкелік қозуға айналдыру. Анализаторлардың бұл сатысында өсерді тек қарапайым дәрежеде ғана талдау іске асып отырады. Екінші компоненті - өткізгіш бөлім - сыртқы энергияның сезімтал жүйке талшықтарының ұшында қозуды екі жолмен екі бағытқа (жоғары, төмен) жайып отырады.
Бір жолмен орталыққа тебетін талшықтар арқылы қозуды жұлын мен ми бағанасына және ми қабырындағы алқаптарға жеткізіп отырады; екінші жолмен орталықтан тебетін талшықтар арқылы мидан қозу толқынын әр түрлі ағзаларға өткізеді. Жүйке талшықтарының бойымен қозу бір секундтың ішінде 120 метрдей тездікпен өтіп жатады. Үшінші компоненті - мидағы орталықтар (анализатордың шешуші бөлімі) .
Жүйке жүйесіндегі басқа бөлімдердің жасушаларының құрылысымен салыстырғанда, бүл орталықтың жасушаның құрылысы ерекше түрде әрі күрделірек боп келеді. Ағзаның ортаға икемделу реакцияларын дәл қамтамасыз етіп, нәзік талдау жасап отыратын мүше - мидағы осы орталықтар. Бұрын физиология ғылымында мидағы орталықты белгілі бір жерге жай топталған нейрондардың жиынтығы деп түсінетін. Қазір зерттеуші ғалымдар психоморфологиялық бұл көзқарасты қате деп тауып отыр. Осы кездегі үстем пікір - функциялардың динамикалық жайласуы. Ми орталықтары - мидың бір жерінде бұлжымай қатып қалған алқап емес, күрделі қарым-қатынас жасап отыратын, бір-бірімен тығыз байланыстағы ми алаптары. Ол алаптар ортаның қойған талабына сай бірінің орнын бірі басып отыруға, бір топ нейрондардың атқаратын қызметін екінші алап атқаруға қабілетті келеді. Психология пәнінде ми қабығының мұндай қызметін компенсатордың әрекет деп атайды.
1. 2. Экстероцептивтік түйсіктер
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды.
Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын, кедір-бұдырлығын т. б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жұмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: «қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестері түйсік болып табылады.
Адам түйсіктерінің ерекше жетіліп, дамуына еңбек процесі, тарихи-әлеуметтік жағдайлар, екінші сигнал жүйесінің (тілдің), сананың пайда болуы күшті себеп болды. Адам түйсіктерінің жануарлар түйсіктерінен сапалық айырмашылығы болатындығы, олардың тіршілік жағдайына байланысты түрліше көрінетіндігі ғылымда әлдеқашан дәлелденген жәйт.
Мәселен, құстардың дене құрылысын да, психикасын да айқындайтын негізгі факторлардың әуелде үшып жүріп тіршілік етуге бейімделгендігі. Бұл үшін құстардың көзі қырағы, құлағы естігіш болуы аса қажет. Жыртқыш құстардың көзі аса қырағы, өйткені олар өз жемтігін алыстан көруі қажет, ал иттерде иіс түйсігі ерекше дамыған. Әйтсе де, құстар да, иттер де заттардың мән-мағынасын, бір-бірімен байланысын ажырата алмайды. Адам түйсіктерінің ерекшелігі олардың ойлау, сөйлеу әрекетімен тығыз байланыстылығында.
Түйсіктердің түрлерін үлкен үш топқа бөлуге болады: экстероцептивтік, интотоцептивтік, пропраоцептивтік.
1. Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі болып табылатын түйсіктер. Бұлардың рецепторлары дененің бетінде немесе оған жақын орналасқан. Осындай сыртқы анализаторлардың рецепторларын экстероцептор деп атайды. Бұған көру, есту, тері түйсіктері жатады.
2. Ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін (хабарлайтын) түйсіктерге түрлі органикалық түйсіктер жатады. Олардың рецепторларын интероцептор деп атайды.
3. Дене мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты орналасуын қозғалыс немесе кинестезиялық түйсіктер хабарлап отырады. Мұның рецепторы проприоцептор деп аталынады. Енді осы топтағы түйсіктерге жеке тоқталып өтейік.
Экстероцептивтік түйсіктер - бұл түйсіктер организмнің сыртында орналасады. Жататындар: көру, есту, сипап сезу.
Көру түйсігі. Біздің өмірімізде көру түйсігінің ерекше маңызы бар. Зерттеулерге қарағанда адам 180 түрлі тусті және олардың арасындағы 1-нан аса реңкін айыра алады. Адам түйсінетін түстер ахроматикалық және хроматикалық болып бөлінеді.
Хроматнкалық - гректің "түсті, боялған"деген сөзінен шыққан.
Ахроматикалық - түссіз. Ахроматикалық түстер - қара, ақ, сұр түстер.
Хроматикалық - түстерге - қызыл, қызғылт, сары, жасыл, көк, көгілдір, күлгін түстердің барлың реңктері кіреді.
Көру түйсіктері біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер етуінің нәтижесінде пайда болады. Егер бір уақыттың ішінде көзімізге ұзындығы 380-нен 780 миллимикронға дейін (миллимикрон мм-дің 1/1000 000 бөлімі) электромагнит толқындары әсер етсе, біз жарықты сеземіз. Белгілі ұзындығы бар әр түрлі толқындар әсер етсе ғана көз заттардың түсін (бояуын) ажыратады. Мәселен, қызыл түс ұзындығы 700 миллимикрон, жасыл түс 300 миллимикрондай ұзындықтағы электромагнит толқындарының әсер етуінен пайда болады.
Көру мүшесі - көз. Оның негізгі бөлімі - көз алмасы. Көз алмасы - үш түрлі қабықпен (ақ түсті тамырлы және торлы) қапталған шар тәріздес нәрсе.
Ақ қабықтың түсі пісірілген жұмыртқаның ағына ұқсас. Мұның алдыңғы жағы аздап дөңестелген түссіз мөлдір қасаң қабыққа айналады. Мөлдір қасаң қабын арқылы көз алмасының ішіне жарың сәулесі енеді.
Тамырлы қабың ақ қабықтың астында жатады. Қасаң қабықтың артқы жағы, тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі нұрлы қабық деп аталады. Көздің түсі осы нұрлы қабықтағы пигментке байланысты түрліше болып келеді. Нұрлы қабықтың ортасында қарашық орналасқан. Ен ішкі, үшінші қабықты торлы қабық дейді. Мұнда жарық сәулесінің сезімтал таяқшасы және шақша колбочка деп аталатын фоторецепторлары орналасқан "пигмент" - латыннан аударғанда "бояу " деген мағынаны білдіреді. Онда 130 миллионға жуың таяқша, 7 миллиондай шақша жасушалары бар. Таяқшалар ымыртта, қараңғыда көрудің, ал шақшалар күндіз көрудің аппараты делінеді. Заттардың түстерін көру "үш түсті көру" теориясымен түсіндіріледі. Осы теорияны алғаш ұсынған ұлы орыс ғалымы М. В. Ломоносов болса, оны одан әрі дамытқан неміс ғалымы Г. Гельмгольц. Осы аталған ғалымдар көздің тор қабатында үш түрлі жұмыр клеткалар бар, олардың бір-бірімен айырмашылығы жарың сәулелерінің әсерін түрліше сезетіндігінде деп жорамал жасады.
Спектрге қараған кезде одан табиғаттағы жеті негізгі түсті және олардың сансыз реңдерін айыруға болады. Ересек адам түстің 180-дей жеке түрлерін және он мыңнан астам реңктерін ажырата алады.
Түстер хроматикалық, яғни бояулы (қызыл, қошқыл сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін), ахроматикалық, яғни бояусыз (ақ, қара және барлық сұр түстері) болып екіге бөлінеді.
Хроматикалық түстер үш түрлі сапамен (түстің жарықтылығы, өңі, қоюлығы), ахроматикалық түстер тек жарықтылығымен ғана ажыратылады.
Түстің жарықтылығы - түстердің қара түстен айырмашылық дәрежесі. Мәселен, ақ түс ең жарық түс, қара түс жарықтылығы ең төмен түс болып табылады.
Түстердің өңі дегеніміз бір түстің екінші түстен өзіндік ерекшелігін көрсететін сапасы.
Түстің қоюлығы - жарықтылығы бірдей сүр түстерден жеке түстердің айырмашылығы. Ең қою түс - қызыл түс болады.
Есту түйсіктері. Бұлардың құлаққа жағымдыларын - консонанс, ал жағымсыздарын - диссонанс дыбыстары дейді, консонанс - француздың "консонансе" деген сөзі, қазақша үйлесімді, жағымды деген мағынада айтылады. Дисонанс - француздың "диссонансе" деген сөзі, қазақша "үйлесімсіз" деген мағынада. Есту мүшесі - құлақ үш бөлімнен тұрады. Оның біріншісі - сыртқы құлақ. Сыртқы құлаққа дыбыс түтігімен қосылған құлақ қалқаны жатады. Ортаңғы құлаққа - балғаның, төстік, үзеңкі кіреді. Есту мүшесінің үшінші бөлігі - ішкі құлақ. Ішкі құлақтың бітісі өте күрделі, оның өзі үш бөліктен - босағадан, иірім түтіктен және жартылай имек каналдардан тұрады. Бүкіл негізгі жарғақша бойлай корт мүшесі орналасқан. Оның құрылысы да өте күрделі. Корти мүшесінің аса маңызды бөлігі - өте жіңішке талшықтары бар сезімтал жасушалардан тұрады. Осы жасушалар дыбыс қабылдайтын рецепторлар деп аталады. Есту түйсігінің де сыртқы дүниені танып білуде атқаратын маңызы зор. Біздің құлағымыздың ішінде шамамен 24000 көлденең талшықтан тұратын құлақ жарғағы болады. Құлаққа жеткен дыбыс толқыны құлақ жарғағының талшықтарының бірін қоздырады. Бұл қозу миға беріледі, оның нәтижесінде дыбыс түйсігі пайда болады. Біздің есту аппаратымыз жиілігі секундына 16-дан 2-ғадейінгі дыбысты ұстайды. Біз еститін дыбыстардың барлығын екі топқа бөлуге болады:
1. Музыкалық дыбыстар - бұлар ән салғанда, саз аспаптарында ойнағанда.
2. Шулар - сықырлау, дүрсілдеу, тарсыл-гүрсілдер.
Есту мүшесін тітіркендіретін ауа бөлшектерінің тербелістері - дыбыс толқындары. Ауа бөлшектерінің тербелістері тербелудін жиілігі, амплитудасы (құлашы) және тербелудің түріне қарай ажыратылады. Осыған сәйкес есту түйсіктерінің үш жағы болады. Олар: дыбыстың жоғарылығы - бұл тербелу жиілігінің сәулеленуі, дыбыстың қаттылығы - бұл тербелу амплитудасының сәулеленуі, тембрі - тербеліс түрінің сәулеленуі. Біздің құлағымыз бір секунд ішінде 16 тербелістен немесе герцтен 22 мың герц (тербеліс) ішіндегі дыбыс толқындарын сезе алады. Жиілігі бұдан асатын тербелістерді кұлақ шала алмайды. Өйткені бұлар өте жіңішке, ультрадыбыстар. 16 герцтен төменгі дыбыстарды да құлақ шала алмайды. Дыбыстардың мұндай түрін инфрадыбыстар деп атайды. Құлағы ең сақ аңқұстар дегенде ең алдымен жарғанат айтылатыны белгілі. Оның есту қабілеті 175 мың Гц, одан соң ит - 100 мың Гц, шегіртке - 90 мың Гц, тауық - 38 мың Гц келеді. Адамның естігіштік қабілеті - сайрауық құстармен бір деңгейде - 20 мың Гц болады екен.
Тері түйсіктері. Тері түйсігінің рецепторы - денедегі терінің өн бойына орналасқан. Тері түйсігі, сондай-ақ тілдің, мұрынның кілегей қабықтарында да мол. Тері түйсіктерінің өзі бірнешеге бөлінеді. Олар: тактиль (сүйкеніс), қысым, дуыл түйсіктері), температура (жылыны, салқынды білдіретін түйсіктер) және ауырғанды білдіретін түйсіктер. Тері түйсігі рецепторларының есебі жоқ. Тек ауырғанды білдіретін нүктелердің өзі ғана денемізде 900 мыңнан асып жатады. Терінің түрлі алаптарында сезгіштік бірдей емес.
Тері түйсігінің рецепторы денедегі тершің өн бойына орналасқан. Тері Терінің сезгіштігі адам денесінің әр жерінде әр түрлі болады. Бір нәрсе тигенде тілдің, саусақтың ұшы, арқа сезімтал келеді. Бір жеріміздің ауырғанын жақсы сезетін - арқа мен бет терілері, ал нашар сезетін саусақ ұштары мен алақан.
Сипай сезу түйсіктері. Адамдардың еңбек әрекетінде ерекше орын алатын түйсіктерінің бірі - сипай сезу (осязание) түйсігі. Мұның екі түрі бар. Біріншісі - пассив сипай сезу. Бұған тері түйсігі түгелдей кіреді. Екіншісі - актив сипай сезу. Актив сипай сезу тері және қозғалыс түйсіктерінің ұштасып келуінен көрінеді. Актив сипай сезу түйсігінің рецепторы адамның қолында (саусақ, алақан) орналасқан. Осы түйсік - әрекеттің нақтылы бір түрінің ықпалымен күшті дамып отырады.
Сипап сезу түйсіктері. Адамдардың еңбек әрекетінде ерекше орын алатын түйсіктердің бірі - сипап сезу түйсігі. Мұның екі түрі бар. 1. Пассив сипап сезу. 2. Актив сипап сезу. Актив сипап сезу тері және қозғалыс түйсіктерінің әлсіз немесе күшті тітіркендіргіштердің әсерін бүл заңмен түсіндіру қиынға соғады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz