Экологиялық тәрбие туралы ақпарат
Кіріспе ... ... ... ... ...3
1 Ээкологиялық тәрбие түсінігі
1.1 Экологиялық тәрбие негіздері ... ... ... ... ... 6
1.2 Халық педагогикасындағы экологиялық тәрбие ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2. Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру
2.1 Экологиялық білім мен тәрбие берудің маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Бастауыш сыныпта экологиялық білім мен тәрбие беру тиімділіктері ... .21
Қорытынды ... ... ... ... .28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған өмірлік маңызы бар ауқымды проблемалардың ішінде, табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, күннен-күнге туындап отырған экологиялық мәселелер мен олардың шешімін іздестіру өзінің көкейкестілігін дәлелдеуде. Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие берудегі басты мақсат ұлттық рухы жоғары, өз Отанын, туған жерін сүйе білетін азамат тәрбиелеу. ХХІ ғасыр жеткіншегі дене, рухани ойлау жағынан жан-жақты, өз-өзіне басшы, кез-келген сәтте шешім қабылдай алатын жеке тұлға болуы тиіс. Оған “Еліміздің білім беру жүйесінің Қазақстанның бәсекеге нақты қабілеттілігіне қол жеткізудегі негізгі міндеттері - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілеттілігі 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Қазақстан халқына жолдауы” негіз болады.
К. Д. Ушинский «баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалык ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.
Табиғатты тәрбие құралы деп қараған К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская, Е.Н.Водовозова, Е.И.Тихеева, Л.К.Шлегердің еңбектерінің орны ерекше. Балаларға өздерін қоршаған дүние туралы білім беру оқу үрдісінде қойылатын негізгі талаптардың бірі. Осы мәселе жайында құнды пікірлер білдірген, ой толғап, нақты ұсыныстар берген ағартушы демократ қаламгерлер С.Көбеев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Торайғыровтардың еңбегі зор.

1. Демешев М .Я. Пока не поздно. - М.: Молодая гвардия, 1991.
2. Денисова Т.В.. Экологическое воспитание в процессе трудовой подготовки школьников. //Советская педагогика, №41985.
3. Дотта Л. Планета земля в опасности. - М.: Мир, 1988.
4. Захлебный А.Н.. Экологическое образование школьников. /Под ред. И.Д. Зверева, И.П.Суравечиной. - М.: Педагогика, 1983.
5. К.Сарманова, Н.К. Перкас. Экологиялық білім беру бағ-дарламасы. //Қазақстан мектебі, №8 1993.
6. Манкеш А.Е. Экологиялық тәрбие негізінде баланың рухани жан дүниесін дамыту.\\Білім беру және менеджмент. – 2007. № 2. 117 – 119б.
7. Манкеш А.Е. Экологиялық тәрбие негізінде баланың рухани жан дүниесін дамыту // Білім берудегі менеджмент №3, 2001ж
8. О.Косанов. Экология және адам экологиясы. "Қазақстан мектебі", №31991.
9. Окружающая среда и мир на планете. -М.: Наука, 1986.
10. Проблемы окружающей среды в деятельности ООН. - М., 1984.
11. Шалғынбаева Қ. Экологиялық тәрбие. \\ Отбасы және балабақша. – 2001. № 12. 55 – 58б.
12. Ыдырысова Ж. Табиғатқа ынтызарлық сезімді ояту. \\ Отбасы және балабақша. – 1997. № 4 - 6. 70 – 71б.
13. Экологическое образование школьников во внеклассной работе. - М.: Просвещение, 1984.
14. Яншин А.Л., Мелуа А.И. Уроки экологических просчетов. М.:Мысль, 1991.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамбетов атындағы педагогикалық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Экологиялық тәрбие
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015ж
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Ээкологиялық тәрбие түсінігі
1.1 Экологиялық тәрбие
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..6
1.2 Халық педагогикасындағы экологиялық
тәрбие ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .12
2. Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру
2.1 Экологиялық білім мен тәрбие берудің
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Бастауыш сыныпта экологиялық білім мен тәрбие беру тиімділіктері ... .21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...30
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған
өмірлік маңызы бар ауқымды проблемалардың ішінде, табиғатты қорғау мен
табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, күннен-күнге туындап отырған экологиялық
мәселелер мен олардың шешімін іздестіру өзінің көкейкестілігін дәлелдеуде.
Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие берудегі басты мақсат ұлттық рухы жоғары,
өз Отанын, туған жерін сүйе білетін азамат тәрбиелеу. ХХІ ғасыр жеткіншегі
дене, рухани ойлау жағынан жан-жақты, өз-өзіне басшы, кез-келген сәтте
шешім қабылдай алатын жеке тұлға болуы тиіс. Оған “Еліміздің білім беру
жүйесінің Қазақстанның бәсекеге нақты қабілеттілігіне қол жеткізудегі
негізгі міндеттері - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
2006 жылғы 1 наурыздағы “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілеттілігі 50
елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Қазақстан халқына жолдауы” негіз
болады.
К. Д. Ушинский баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның
өзіндік логикалык ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін
атап көсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының
жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге
жетелейді.
Табиғатты тәрбие құралы деп қараған К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская,
Е.Н.Водовозова, Е.И.Тихеева, Л.К.Шлегердің еңбектерінің орны ерекше.
Балаларға өздерін қоршаған дүние туралы білім беру оқу үрдісінде қойылатын
негізгі талаптардың бірі. Осы мәселе жайында құнды пікірлер білдірген, ой
толғап, нақты ұсыныстар берген ағартушы демократ қаламгерлер С.Көбеев,
Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, Ж.Аймауытов,
М.Жұмабаев, С.Торайғыровтардың еңбегі зор.
Атап айтқанда: Н.С.Сарыбеков, Ә.С.Бейсенова, М.Н.Сарыбеков,
Ж.Б.Шілдебаев т.б. өз еңбектерінде балалардың экологиялық білім - біліктері
мен дағдыларын қалыптастыру жақтарына баса назар аударса, ал Ө.Т.Танабаев,
С.Әбубәкіров, Қ.Нұрланова, З.Серікқалиұлы, Д.Н.Сарыбеков, К.Ж.Бұзаубақова,
Г.К.Құрманбаева, М.А.Лигай, А.Болтаев, Г.М.Сабденалиева, С.Тілеубергенов,
Д.І.Жангельдина, В.П.Кәрібжанова, А.Қ.Егенисова, Н.Т.Есеналина,
К.И.Исламова т.б. ғалымдардың зерттеу жұмыстары экологиялық білім мен тәлім-
тәрбие берудің әдістемелік жолдары мен шарттарын қарастырады.
Зерттеу мақсаты. Балалардың табиғатқа деген көзқарасын дамыту, өлі
және тірі табиғатпен таныстыру, ол туралы өз ой-пікірін айтуға үйрету. Өз
өлкеміздің аң-құстарын, өсімдіктерін таныту, қорғауға, әсемдігін көруге,
сезінуге, пайдасын түсінуге тәрбиелеу. Балаларды табиғатпен таныстыруда әр
түрлі әдістер мен формаларды қолдану.
Зерттеу міндеттері:
1. Болашақ табиғат жанашыры болатын ұрпақ тәрбиелеу.
2. Мектепке дейінгілердің экологиялық көз қарастарын кеңейту және
жүйелеу.
3. Тәжірибелер жасау және алған нәтижеден тұжырым шығаруға үйрету.
4. Шығармашылықты, елестету мен ойлауды дамыту.
5. Табиғатпен таныстырудың формалары және әдістерін көрсету.
Болжам. Егер, балаларға берілетін табиғат жайындағы ұғым олардың жас
ерекшелігіне сәйкес келсе, табиғат туралы ұғымдарын қабылдай білу
мүмкіндіктері ескерілсе, табиғаттың адам мен қоғамға, адамның табиғат пен
қоғамға тигізетін әсерін мазмұндап сипаттайтын болса, табиғатты өзгертуде
адамның ақыл-ой, білімінің қажеттілігін сана-сезіміне жеткізе түсіндіретін,
табиғатқа аялы көзқарасты қалыптастыратын оқу-тәрбие жүйесі жасалса, түрлі
оқу формалары мен оқыту әдістері қолданылса онда экологиялық тәрбие беру
арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру нәтижелі болады.
Зерттеу нысаны. Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру
жүйесі.
Зерттеу пәні. Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білімді
қалыптастыру және тәрбие беру үрдісі.
Зерттеу әдістері. Педагогикалық психологиялық әдістемелік әдебиеттер
мен баспасөз материалдарын талдау, ұстаздардың іс-тәжірибесін бақылау,
педагогикалық эксперимент, бақылау әдісі.
Практикалық пайдасы. Осы зерттеу жұмысының қорытындысын тәрбиешілер
болашақта өздерінің күнделікті оқу тәрбие процесінде жүйелі түрде
қолдануларына болады деп ойлаймын.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- Бастауыш сынып оқушыларын табиғатпен таныстырудың әдістеріне
теориялық тұрғыда сипаттама берілді;
- табиғатпен таныстыру формалары анықталып зерделенді,
- балаларды табиғатпен таныстыруда қолданылатын әдістердің түрлері
көрсетіліп, шарттары белгіленді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
1 Ээкологиялық тәрбие түсінігі
1.1 Экологиялық тәрбие негіздері
Көптеген ғалымдар экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық,
әдістемелік аспектілерін жүйеге келтіреді (Н.А.Гладков, Я.И.Габев,
С.Н.Назарова, Е.А.Сластенин, А.В.Чигаркин, М.Н.Фомин, Е.З.Батталханов және
т.б.), кейбірі экологиялық іс-әрекеттің мәнін айқындап, мазмұнына жан-жақты
сипаттама береді (С.Н.Соломина, И.Д.Лаптев, В.А.Ясвин және т.б.).
Сонымен, ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерге, озық педагогикалық
тәжірибелерге жасаған талдау қарастырылып отырған проблеманың ғылыми
тұрғыда негізделмегенін дәлелдейді.
Демек, отбасында, балабақшада экологиялық тәрбие берудегі қоғамның
сұранысы мен оның жүйелі түрде зерттелмегені арасында; кіші жас балаларына
қоршаған ортаны аялай білуді сабақтастықта жүргізу қажеттігі мен
экологиялық тәрбие сабақтастығын қамтамасыздандыратын бірыңғай
тұжырымдаманың және оны жүзеге асыруға байланысты оқу-әдістемелік
кешеннің жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылықтың бар екені байқалады.
Осы қарама- қайшылықтардың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды
анықтауға және тақырыпты Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық
тәрбие сабақтастығының ғылыми-педагогикалық негіздері деп таңдауымызға
негіз болды.
Экологиялық сана - экология саласындағы мәселелерді шешу, ең алдымен
адамның оған қатысты экологиялық санасын қалыптастыруды қажет етеді,
экологиялық сана экологиялық білім, табиғатты және қоршаған ортаны қорғау
заңдылығын бұзғандармен өздік қалауы бойынша белсенді күрес жүргізудегі
талпынысы немесе әрекеті, сол себепті экологиялық сана қоғамдық сананың
формасы ретінде маңызды қызмет атқарады.
Экологиялық таным - ақылы, сезімі ретінде баланың ең басты
қасиеттерінің бірі - өзін қоршаған ортаны танып-білуге деген ерекше
ұмтылысы. Бала айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғатты танып білу
барысында олардың ішкі құпиясына үңіледі, табиғаттың даму заңдылықтарын
білуге әрекет жасайды, өзінің құрдастарымен қарым-қатынасын белгілейді.
Демек, экологиялық таным баланың қоршаған орта жөніндегі жаңа әрі тың
білімді игеріп, рухани баюы болып есептеледі.
Экологиялық қарым-қатынас – баланың табиғатты танып білуге, оны
қамқорлығына алуға, өзгертуге және сақтауға бағытталған танымдық, қызметтің
маңызды бөлігі. Экологиялық қарым-қатынас адам мен табиғат,
табиғат–қоғам жүйесінің тиімді жағдайын қолдау мақсатында адамдардың өз
арасында пайда болады.
Экологиялық іс-әрекет – адамның табиғи ортаны танып білуімен,
меңгеруімен, өзгертуімен және сақтауымен сипатталады. Мәселен, техника
саласындағы-өндірісті экологияландыру, ғылымдағы-экологиялық проблеманың
төңірегіне интелллектуалдық күштерді жинақтау, құқық саласындағы -
табиғатты қорғау жөніндегі заңдарды дайындау сияқты педагогикада -
экологиялық ойлау стилі мен табиғаттағы пайдалы іс-әрекет дағдыларын
меңгерту.
Экологиялық сезім – табиғаттағы әсемдікті қабылдап, бағалау кезіндегі
рухани ләззат алушылықтың ең жоғары көрінісі. Табиғаттың сұлулығына
сүйсіне білу, адамды көріксіз нәрседен жирендіріп, жақсылыққа ұмтылуға
бастайды.
Экологиялық қызығушылық – адамның қоршаған ортаға, табиғатқа деген
ерекше көңілі. Қызығушылық табиғаттағы белгісіз жағдайларға қызығу, оның
заңдылықтарын, құпия сырларын, табиғат құбылыстарының бір-бірімен қатынасы
мен өзара байланысының себебін біліп, оны әрі қарай зерттеуге ұмтылудан
тұрады.
Экологиялық көзқарас – тұлғаның ішкі сұраныстарынан туындап,
объективті дүние мен ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған
шындыққа және оған қатынасына байланысты қалыптасатын дүниетанымы мен
көзқарастар жүйесі.
Адамзаттың табиғатпен саналы қатынас жасауы, оған құрметпен қарап
құндылығын бағалауы ежелден қалыптасқан түсінік. Сол себепті оны тарихи
-философиялық ғылымдардағы ой-пікірлермен тығыз байланыста қарастырған
жөн. Аристотель Заттың бастамасы тек материя түріндегі бастама...
табиғаттан тыс еш нәрсе жаратылмайды және еш нәрсе өлмейді, олар мәңгілік
сақталып қалады,- деп табиғат құндылығын сақтауды мұрат етсе, Гераклит
... табиғаттың өзі көп сырын аша бермейді, адамдардың көпшілігі әбден
тойынған, сол себепті олар табиғат сырын түсінуге талпынбайды- дейді, ал
неміс философы Л.Фейербах болса адам табиғаттың ең жоғарғы нәтижесі,
сондықтан оны табиғаттан бөліп қарастыруға болмайды,- деп ой түйіндейді.
Философтардың зерделі ой-тұжырымдарынан мынадай қорытынды шығаруға
болады: біріншіден, табиғат заңдарын өшпенділікпен бұзу жағдайында, адам
тарапынан көрсетілген зорлықта табиғат өзінің қасиетін жоғалтып, өсіп-өну
қабілетінен айрылады; екіншіден, табиғаттың даму заңдарын білмейінше,
табиғат пен адам арасындағы қайшылықтарды туғызған себептермен емес, оның
зардаптарымен күресуге көп күш-жігер жұмсалады, үшіншіден, табиғатты тек
білімді адамдар ғана түсінеді, адамдардың табиғат туралы білімі, тәрбиесі
болғанда ғана, олардың қоршаған ортаға деген аялы көзқарасы қалыптасады.
Жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, ізгілік қарым-
қатынасын қалыптастыруда ең алдымен кейбір әлеуметтік және экономикалық
мәселелерді шешіп алу қажет:
- экологиялық және табиғат қорғау заңдарын жетілдіру, оларды бұлжытпай
орындау;
- қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлесімділігін
сәйкестендіру;
- экологиялық білім беруді үздіксіз, сабақтастықта ұйымдастыру.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты үздіксіз білім беру процесіндегі
экологиялық тәрбие сабақтастығының мақсатына, мазмұнына, түрлеріне, жаңа
педагогикалық технологияларға негізделген әдіс-тәсілдерге байыптап қарап,
бағамдау үшін біз үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие
сабақтастығының философиялық-педагогикалық генезисіне мән бердік.
Сабақтастық, үздіксіздік ұғымдары даму, біртіндеп және сатылай
өзгеруді білдіретін болса, белгілі бір кезеңде сандық өзгерістер құбылыстың
жаңа сапаға өтуіне әсер етеді, сөйтіп өзгерістердің үздіксіздігі қамтамасыз
етіледі. Сабақтастықтың философиялық заңдылықтары мен мәні бірқатар
ғалымдардың (Э.А.Баллер, Б.С.Батурин, А.И.Зеленков, Г.Н.Исаенко,
З.А.Мукашевтың және т.б.) зерттеулерінде қарастырылып, сабақтастықтың
терістеуді терістеу заңының маңызды жақтарының бірі екендігіне мән
беріледі. Солардың ішінде Э.А.Баллердің көзқарасынша сабақтастық –
жүйеліліктің өзгермелі элементтерінің тұтастай немесе бөлек түрде
ұйымдастырылуын сақтау тұсында болмыс пен танымның бірнеше сатылары мен
кезеңдері арасындағы өзара байланысы, яғни бір жағдайдан келесі жағдайға
көшуі болып саналады.
Сабақтастықты біржақты процесс деп қарастыруға болмайды, өйткені ол
байланыс орнату механизмінің өзін анықтауы тиіс және сонда ғана сабақтастық
кез келген дамудың әдіснамалық ұстанымының негізі бола алады. Сабақтастық
кең мағынада алғанда үш бірлікті процесс. Бұл терістеуді терістеу заңын
ұстанатын а)деструкция (бұзу, алдыңғыны ығыстырып шығару); ә)кумуляция
(ішінара сақтау, мұра ету, көрсету); б)конструкция (құру, жаңаны жасау,
қалыптастыру) және тар мағынада сабақтастық сақтау, мұра ету, беру, көрсету
сияқты сандық қасиеттері жағынан қарастырылатын процесс.
Сонымен, философиялық түсінікте сабақтастық дегеніміз – тарихи
процестің сатылық сипатын анықтайтын маңызды заңдылық. Экологиялық тәрбие
сабақтастығының философиялық мағынасы барлық жақсы, оң нәрселерді сақтау
талабымен бірге жаңалық енгізуге, өзгертуге әзірлікті қамтиды. Даму
процесін, сондай-ақ терістеудің салыстырмалылығын дұрыс түсіну үшін аталған
категорияны ескіні қарапайым түрде жою ретінде емес, мағынасы бар процесс
түрінде нақты қарастыру қажет сабақтастық кездейсоқтық емес, ол дамудың
сатылық сипатын қамтамасыз ететін қажетті заңды құбылыс.
Дүниеге келген жаңа, ескінің ішіндегі мәдениетті, мәнді әдет-ғұрыпты,
өміршең дәстүрлерді, тағы басқаларын өркендетеді. Ескі мен жаңаның
арасындағы диалектикалық байланыс сабақтастық жолымен дамытылады.
Сабақтастық болмаса, дәуір мен дәстүрдің, қоғам мен қоғамның, ұлт пен
ұлттың арасында ешқандай байланыс орын алмайды. Дүниежүзілік өркениет те
өткен дәуірдің ұшан-теңіз байлығын кіршіксіз сақтау негізінде пайда болды.
Ендеше, бұл сабақтастық- қажетті, ұрпақтан ұрпаққа тарайтын заңды процесс.
Одақтық энциклопедияда сабақтастық – даму процесінде құбылыстар
арасындағы жаңаның ескіні ығыстыра отырып, оның кейбір элементтерін өзінде
сақтап қалатын байланыс деп берілсе, педагогикалық энциклопедияда
Оқытудағы сабақтастық – оқу пәнін оқып-үйренудің түрлі сатыларында оның
бөліктері арасында қажетті байланыстар мен дұрыс арақатынасты құрудан
тұрады деп көрсетілген. Олай болса, сабақтастық ұғымы оқытудың әрбір
сатысында оқушылардың білімдері мен біліктеріне, жаңа оқу материалын
түсіндіру формаларына, әдістері мен тәсілдеріне және оны бекітуге
бағытталған барлық жұмыстарға қойылатын талаптарды сипаттайды.
Сонымен ғалымдардың берген анықтама-түсініктеріне және Білім заңына
жасаған талдау білім беру жүйесінің әрбір буыны немесе сатысы бір-бірінен
бөлініп, жекеленіп қалмай, келешекте берілетін біліммен сабақтастықта
жүргізілгенде, бала бұрынғы сатыда алған білімін еске түсіру арқылы жаңаны
қабылдауға ұмтылыс жасайды деп ой тұжырымдауымызға және: сабақтастық -
үздіксіз білім беру процесіндегі баланың дене және рухани дамуының ішкі
үйлесімді байланысы мен жеке басы дамуының бір сатыдан екінші сатыға
өтудегі ішкі дайынды,ал балабақшада экологиялық тәрбие сабақтастығы –
баланың қоршаған ортадағы әсемдікті сезініп,оны бағалай білу қасиеттері мен
дағдыларының мектепке дейінгі кезеңнен бүкіл ғұмырындағы түрлі сатылар
арасындағы байланысы деп өз анықтамамызды беруге септігін тигізді.
Әлбетте, экологиялық тәрбие сабақтастығын тиімді жүзеге асыру кіші
жас балаларының өзіндік педагогикалық-психологиялық ерекшеліктеріне
байланысты екені белгілі. Өйткені баланың бұл ерекшеліктерін ескермей
экологиялық тәрбиелілігін жүзеге асыру мүмкін емес. Біз өз зерттеуімізде
баланың әрбір жас кезеңіндегі ерекшеліктеріне, жеке басының мінез-құлқының
қалыптасуына, қоршаған ортаны қызығушылықпен қабылдауына, қоғамның оларға
қоятын талаптарына тоқталамыз.
1.2 Халық педагогикасындағы экологиялық тәрбие
Қазақ халқы табиғатты қорғауға ерекше мән берген. Біздің халықтың
алғашқы өмірі көшіп-қонудан басталғаны белгілі. Қазақтың жағрапиясы - кең
дала, өзен, көл, бетпақ дала, бұлғыр тау, адыр мен өзендер, сай-сала, сулы
көл, қамысты көл, шөл дала, қарағай өскен кеңістік, т.б. Қазақ халқы өзінің
кең даласын кең пейілге, кең дүниеге теңейді. Сыртқа шықса көз алдында дала
тұрды. Дала - ұзын-ұрғасын есептеуге болмайтын істер, қызметтер, шара
салалары. Табиғат - халқымыздың анасы мен атасы, ал табиғат аясы - бесігі.
Оның суығына тоқса да, ыстығына күйсе де, айсыз түнде адасса да, батпағына
батса да, аңызына шөлдесе де қазақ халқы одан айныған жоқ. Басқаның шұрайлы
жеріне қызықпады. Тағдыры көшумен байланысты болды. Табиғаттың сырларын
терең білмесе де, қазақ көне заманнан бастап айға, күнге табынды.
Табигат аясында өмір бойы көшіп-қонып жүріп, біздің ата-бабаларымыз
оның сырын игерген, сан-сапалы құбылыстарын бағалай білген. Табиғат
құбылысына қарай өз шаруашылығын ұйымдастырды. Дауыл болмай, жауын болмас,
сәуір болмай, тәуір болмас деп қыстық қыспағына қанша қиналсада, орнынан
қозғалмады. Қараша түспей қар жаумас деп қыстың түсуін, құстардың жылы
жаққа қайта бастағанын аңғарды. Мамыр айы басталмай, қозы-лағын қорадан
шығармады. Қауыс - кәрі құртаңды тауыс деп қысқы бағымға көнбейтін жадау
малдарынан құтылу керектігін ойлады.
Жерге табыну мекенге, қонысқа, жайлауға байланысты болды. Ата-бабалар
қонысы - ұрпақ үшін тек ардақты ғана болмай, қасиетті де болды. Оның
айналасын таза ұстап, малын маңына жаймады. Мекенге ат қою, елдің, ел
ақсақалдарының есімін мәңгі қалдыру ниетінде болды. Жер атаулары сол араға
орнатылған ескерткіштермен бірдей. Ата-баба жерленген мекендерді қауым
дейді. Ал аса шүйгін шөбі, шабындығы бар жерлерді қорық дейді. Дала кейде
шексіз, шетсіз деген ұғым да береді. Сол даланы мекендеген қазақтың
көптеген қасиеттері де далаға ұқсас. Олар: ақ көңілділік, мырзалық,
қонақжайлылық, қайырымдылық.
Шаман дінінде табиғатқа және жануарларға табыну үлкен орын алды.
Әсіресе, ата-баба рухына табыну күшті көрінді. Қазақтардың ең биік құдайы -
Тәіңр болып есептелді. Барлық қайғы-қасірет, жұт, бақытсыздық қазақтар
санасында құдайдың бұйрығымен байланыстырылды. Табиғаттың басқа күштеріне
күн, ай, жұлдыз енгізілді. Одан қуаты аздауға тау, көл, қырқаларды
жатқызды. Ата-баба аруағына табыну ұзақ уақыт сақталды.
Көшпелі шаруашылық және өмір салты халықтан өмірі оларға тікелей
тәуелді болған құбылыстарды тіркеп, түсінуді, түсіндіруді талап өтті.
Табиғи, әлеуметтік ортада өте сақтық керек болды.
Қазақ халқының арғы аталары табиғи климат, ауа-райы жағдайларына назар
аударды. Қазақтардың осы қабілеті туралы М.Дулатұлы: Қырғыз табиғи,
әлеуметтік ортада бірден-бір тіршілік көзі мал үшін өмір сүреді ...мал бағу
- ең басты, бірден-бір мақсаты... Осыған байланысты қазақ халқында әр түрлі
ауа-райының сәл өзгерісін тез байқап қалу қабілеті дамыды... Қазақтар 12
жылды есептеп, қоян жылы құрғақшылық, боран, көктайғақ болатынын білген,
деп жазды.
Адамдардың шаруашылық өмірі табиғатпен тығыз байланыста болып,
әлеуметтік өмірімен ұштасып, рудың үлкендерін сыйлауды, өз руластарына
көмектесуді талап етті. Этнолог, жазушы А.Сейдімбек: Көшпелі өмір дәулет
әкелу үшін, ең алдымен, уақыт және кеңістік ұғымын меңгеру керек болды,
-дейді. Кошпелі қазақтар уақытты кеңістіктен бөлген жоқ. Мысалы: ұзақ
уақытқада, кеңістікке де қатысты айтылады.
Малдың төрт түрін өсіру үшін жақсы жайылып таңдау жеткіліксіз екенін
сезген халық, оларды қай уақытта бағу керек екенін белгілеген. Халық
түсінігінше, Әрбір айдың өз мінезі бар. Олай болса, жайылымның қасиеті,
сапасы уақытқа тәуелді. Осы байланыс орнап, бақылау өмір тәжірибесіне, өмір
тәжірибесі ережеге, содан соң заңдылыққа айналу керек еді. Заңдылық өмірге
еніп, әдеттегі құбылысқа айналды. Қазақтың халық педагогикасындағы асыл
мұралардың бірі - табиғатқа деген зор сүйіспеншілігі мен оны аялаушылық
қасиеті. Халық ұғымында табиғат деген қасиетті сөз туған жер, өлке,
өскенел, атамекен,өзен, көл, асқартау сияқты тұла бойына нұр беріп,
жүрегінді шымырлататын аса қымбат сөздермен қатар тұрады. Қазақ халқының
бар өміртіршілігі табиғатпен тікелей байланысты болған. Адам баласы
табиғатты Ана деп құрметтейді. Ата-бабамыз туған жеріне кіндік қанын
тамызып қоймаған, қажет болса, жүрек қанын да төге білген. Ата-бабаларымыз
баланы құрғақ өсиет, ақыл айтумен емес, жеке бастын, үлгісін көрсету,
насихаттау арқылы қоршаған ортаны қорғауға, аялай білуге тәрбиелеген. Ол
үшін табиғат пен адам өміріне байланысты қызықты ертегілер, әңгімелер,
өлеңдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар айтып, халықтық болжамдар мен тұжырымды
үнемі үлгі етіп отырған.
Кіндік қаны тамған жердің бір уыс топырағын өзімен бірге ала жүрген.
Қазақстан жерінде болган ғалымдар мен саяхатшылар ертеден-ақ қазақ халқының
табиғатты бақылай білу қабілетін, оған деген қамқорлық қасиеттерін ерекше
көрсетіп отырған. Мысалы, белгілі ғалым А.Н.Формозов еңбегінің бірінде:
Қазақтардың байқағыш көзі табиғаттағы тіршілік атаулыны үнемі бақылап
отырған, олардың халықтық даналығы көптеген қызықты толықтырулар мен
тұжырымдарды жинақтаған, - деп аса жоғары бағалаған.
Ұрпаққа қалдырған табиғатты қорғау салт-дәстүрлері:
аспан әлеміне және жануарлардың мінез-құлқына қарап, табиғат құбылыстарын
болжау;
астрономиялық және жер құбылысы мен белгілеріне қарай болжаулар;
табиғатпен тілдескен есепшілердің болжауы;
- жер отының шырайына қарай, жылдың төрт мезгіліндегі маусымдық
белгісіне қарай малға, жанға ыңғайлы жер таңдау.
Төле би атамызғабайланысты аңыз. Жоңғар шапқыншылығы кезінде ел
жерінен босып қаша жөнеледі. Төле би үйін жықпай жұртта отырып қалғанын
шапқыншылардың әскербасысы көріп, оның себебін сұрағанда, данышпан ата
шаңырағына қарлығаш ұя салып балапан шығарғандығын, сол қызыл балапапдарды
қырып алмау үшін үйін жықпай отырғанын айтады. Мұны естіген әскербасы
ақсақалдың жақсы қасиетіне риза болып, оның өзіне де, қарлығаштың
балапандарына да тимеген екен деген аңыз бар. Сондықтан Төлөбиді осы күнге
дейін Қарлығаш әулие, Қарлығаш баба деп құрметтейді. Халқымыздан қалған
осындай асыл қасиеттер баға жетпес тәрбие құралы болып табылады.
Қазақта Үш сауап деп шөлдесе құдық қазуды, өзенге көпір салуды, жол
жиегіне ағаш егуді атаған. Ағаш ексең аялап, басыңа болар сая бақ, Сулы
жер - нулы жер деген мақал-мәтелдер өсімдіктер әлемінің ішсе тамақ, кисе
киім, саялы баспана, малға өріс, өзіңе жұғыс болғандығын айтады.
Халық табиғатты, өздері қастерлеген жерлерді Әулие бұлақ, Әулие
ағаш деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғаған.Бұлақ көрсең көзін аш
дейді тағыда. Сұлу қызды аққуға, өншіні бұлбұлға, батырды қыранға теңеген.
Анасы баласын ботам, құлыным, қошақаным деп аялаған. Қазіргі таңда
адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат ананы қорғап, аялау барша
жұрт үшін тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Соңдықтан да балаларды
айналадағы табиғи ортамен қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын
қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлық да тәрбиелеу қазіргі мектептерде
тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.
Қазақ халқының даналығының бастауы да; осы көшпенді өмірден негіз
алады. Табиғатты қорғауға байланысты қазақ халқының дәстүрлері алуан түрлі.
Қазақ халқы ежелдеы өз туған жерін, табиғатын сүйе, сыйлай, қадірлей
білген. Қазақ халқының табиғатты қорғау дәстүрі, онынң жұмыс жағдайымен,
салт-санасымен ырымына байланысты болған. Мысалы: өзін сыйлайтын адам
тұрған қонысын, өлке табиғатын былғамайды, ластамайды, бүлдірмейді.

2.1 Экологиялық білім мен тәрбие берудің маңыздылығы
Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік,
ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім
беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті
мәселелердің бірі болып саналады. Табиғатпен таныстыру – балалардың танымын
дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі
ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының
маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында Табиғат – бүкіл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz