Аударманың конвенциалды нормалары


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . . 3

І. Аударманың

1. 1 Сөйлемдіталдау. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сөйлем түрлері…… . . . 5

1. 2 Nominative with the Infinitive айналымы немесе инфинитивтің екінші баяндауыш ретінде қолданылуы . . . 9 1. 3 Сабақтас құрмалас сөйлемдердің екі тілдегі айырмашылықтары және оларды қолдану заңдылықтары…… . . . 13

ІІ. Аударманың грамматикалық ҚАТЕЛІКТЕРІ

2. 1 Сөз таптарының орын басуы . . . 15

2. 2 Ағылшын есімшесінің аударылу жолдары . . . 17

2. 3 Герундий мен герундиялық айналымдардың аударылу жолдары… . . . 19

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 25

Кіріспе

Мекемелерде жалпы қоғамда орын алатын аударма ісінің грамматикалық қателіктерін іздестіру. Шет тілінен қазақ тіліне аударма жасаудың грамматикалық заңдылықтарымен танысу. Өзге компаниялардың Қазақстан жерінде өндіріспен айналысуы, шет ел мемлекеттерімен еркін байланыс немесе басқа да жағдайлар аударма ісінің кең қанат жаюына ықпал етті.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ірі державалармен қарым-қатынас жасау үшін сенімді аудармашылар керек болды. Аударма ісінің түп-төркіні қазақ жерінде одан ертеде басталды. Бірақ ағылшын тілінен аударма жасау біздің мүддемізге керек-ақ дүние. Бұл жағдайларда бізге керегі жақсы маман, сонымен бірге білікті ұстаздар.

Жазба мәдениетті қалыптастыруда кез келген тілдің грамматикалық ерекшеліктерін білуіміз шарт. Біздің қарастырғалы отырғанымыз аудармадағы синтаксистің және морфологияның ерекшеліктері.

Қазіргі қазақ тілі аударма тілге айналып бара жатыр. Себебі, аудармашылардың көбі өздеріндегі сөздік қордан гөрі сөздіктегі дайын тұрған сөзді пайдалана салады. Содан барып, стандартты аудару пайда болады. Жүйелі сөйлем құрауда аудармашылар көп қиындықтарға тап болып жатады. Ол грамматикалық қателіктердің салдарынан болады.

Сөйлем құрау үшін грамматикалық нормаларды білу шарт.

Қазіргі аудармашылар шет елден оқып келіп жатқанымен сөйлемді аударуға келгенде ақсайтыны шындық. Аударма сөздікпен ғана шектелмейді, аудармашыға сапалы аударма жасау үшін бар жанымен ойын қосып еңбек етуге тура келеді.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша сапалы аударма жасау үшін аудармаға сөздік сөзінен басқа шамамен 1-дай жеке сөздік қор керек екен. Ал сапалы аударма жасау үшін морфологиялық, синтаксистік қателермен жұмыс жасауды үйрену бірінші кезекте.

Ағылшын тілінен аударма барысында өз ана тілімізден ағылшын тіліндегі сөзге мағынасы жағынан жақын болатын сөзді тауып алуымыз керек.

Аударма теориясында мұндай сөз лексикалық немесе сөздік сәйкестік деп аталады. Лексикалық немесе сөздік сәйкестікті дұрыс қолдану үшін сөздер арасындағы мағыналық байланыстардың келесі түрлерін айыра білуіміз керек:

  1. Ағылшын және орыс тілдеріндегі сөз мағынасы бір біріне толықтай сәйкес келеді. Контекстен тыс, ағылшын тіліндегі сөз мағынасы бірдей баламамен (эквивалентпен) беріледі. Ондай сөздерге жалқы есімдер, сын есімдер, жер - су аттары, күн, апта, ай атаулары, ғылыми және техникалық терминдер ижатады.

Мысалы: Canada, twelve, Tuesday, inflation, т. б.

  1. Егерде ағылшын тіліндегі сөз ана тіліміздегі бірнеше сөздерге сәйкес келсеб онда біз нұсқалық (варианттық) сәйкестікпен кезігеміз. Бұл сөздер арасындағы мағыналық қатынастардың ең көп тараған түрі. Керекті нұсқаны таңдау өте қиын, сондықтан аудармашы контекст рөлін, яғни берілген сөздің қандай аймақта кездесіп тұрғанын ескеруі керек.

Мысалы, ағылшын тіліндегі variability сөзіне орыс тіліндегі изменчивость (өзгеріс), вариативность (түрлілік), неустойчивость (тұрақсыздық) . Мысалы:

Variability of temper - көңіл ө күйдің өзгеруі

Data variability - мәлімет түрлілігі

Variability of prices - баға тұрақсыздығы

  1. Ағылшын - орыс сөздіктерінде сөздердің бірнеше мағыналары бар, тіпті дұрыс таңдалған мағынаның өзі де аударма барысында мағынаны беруде қиындықтар туғызады.

Мысалы: I am happy to be involved in this project cөйлеміндегі involve сөзінің 7 мағынасынан ішінде тек ғана вовлекать (қызықтыру, тарту) сөзі сәйкес келеді. Егер оны мен мына жобаға тартылғаныма қуаныштымын деп аударсақ қате болар еді.

Сондықтан да мағынаны толық беру үшін оны былай аударған жөн болар:

-Мен бұл жобаға қатысқаныма қуаныштымын.

Ағылшын тіліндегі сөздердің көбісі көпмағыналы және де мұндай сөздерге орыс тілінде бірнеше мағыналарға сәйкес келуі мүмкін, бірақ мағыналар бір-бірінен ерекшеленеді.

Көпмағыналы сөздерді аудару үшін ең алдымен керекті мағынаны табу керек содан кейін сол мағына барысында берілген контексте сәйкес нұсқалық сәйкестікті іздеу керек.

Сөздіктерде rate сөзінің 14 мағынасы бар. Әр мағынасында бірнеше нұсқалық сәйкестіктер бар, ал олардың өздері де нақты нұсқаларға бөлінеді.

Мысалы: қойылым, тариф, баға, бағам. Арнайы мәтіндерді аудару үшін арнайы сөздіктерді қолдану керек. Кері аудармада орыс тіліндегі сөздердің ағылшын тілінде бірнеше сәйкестіктері бар. Мысалы: Open -ашу (кітапты, терезені) .

БӨЛІМ І. Аударманың грамматикалық қиыншылықтары. Синтаксис

1. 1 Сөйлемді талдау. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сөйлемтүрлері

Cөйлем талдаудың танымал жолы сөйлем мүшелері арқылы жүзеге асады. Ал сөйлем мүшелерін зерттейтін ғылым синтаксис деп аталады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 5 сөйлем мүшелері бар. Оның 2-еуі тұрлаулы, 3-еуі тұрлаусыз мүшелер. Егер сөйлем тек тұрлаулы мүшелерден тұрса, ол сөйлем грамматикалық негізде құрылған деп аталады.

Бастауыш- кім? не?Subject- who? What? Баяндауыш- неістеді? Predicate- what to do?

Пысықтауыш-Adverbial modifier

  • Мекен пысықтауыш (Adverbial Modifier of Place)
  • Себеп пысықтауыш (AdverbialModifier of Cause)
  • Мақсат пысықтауыш (Adverbial Modifier of Purpose)
  • Мезгіл пысықтауыш (Adverbial Modifier of Time)
  • Амал пысықтауыш (Adverbial Modifier of Manner)
  • Дәреже пысықтауыш (Adverbial Modifier of Degree or Measure)

Мысалы: He bought a book- Олкітаптысатыпалды. A customer came in. We work at the bank. We handled payment instructions. They sent us some bills. Richard is junior accountant. We had to sign the contract last week.

Ағылшын тіліндегі пассивтік құрылым үлкен жүйелілікті көрсетеді. Жанама толықтауыш пассивтік құрылымның сақтаушысы бола алады.

Ол септік жалғауларының жойылуының және бірнеше есімдіктер мен жалпы зат есім топтарының арасында формальді айырмашылықтың болмауының қорытындысы болып табылады.

Мысалы: Mr. Winkle stooping forward with his body half doubled up, was being assisted over the ice by Mr. Weller.

Бұл мысалда to assist баяндауышы жанама толықтауыш болып тұр.

Уинкл мырза Уиллер мырзаның көмегімен жартылай еңкейіп, мұз үстімен жүріп өтті.

Аудармада пассивтік құрылымның сақталуы үшін лексикалық трансформацияларға көз жүгірту керек:

In fact, being with here tonight was really an adventure, and somehow quite a wonderful adventure. But being an English adventure it was liable to be rained upon and at this very moment down the rain came.

Шынымен де бүгінгі кеште олармен қауышу тамаша оқиға болды. Мұның барлығы Англияда орын алған алғандықтан әдеттегідей жаңбыр болу керек еді және жаңбыр сол мезетте құйып кетті.

Бұл жағдайда пассивтік форма белсенді түрде аударылып тұр.

Кейбір ағылшын етістіктері ауыспалы немесе тура түрде қолданылады.

Мысалы, to flight етістігінің аудармасын пассивтік формада беру өте қиын. Original samples of Paris clothing have been flown to London to illustrate lectures to the fashion industry.

Ағылшын сән үлгілерінің өкілдеріне дәріс барысында көрсетілу үшін Париж әтірлерінің үлгілері Лондонға ұшақпен жеткізілді.

Бұл мысал конверсия жолымен аударылған. Сөз құрудың бұл амалының өз баламасы жоқ, сондықтан етістің нақтылығын сақтап қалу үшін қосымша сөздер қосу керек:

He was pitch forked into the post of Ministry of Health.

Оны күтпеген жерден Денсаулық сақтау министрінің орнына тағайындалды. Пассивтік форма фразеологиялық тіркестерде қолданылады.

Сөйлемдерде олардың лексикалық, грамматикалық өзгертілуі, орын басуы талап етіледі. Біз пассивтік құрылымды қазақ тілінде ырықсыз етістегі етістіктен жасалатын құрылымдар деп атаймыз.

Бұл құрылымдар ағылшын тілінде көп таралған. Ол мынаған байланысты: ағылшын тіліндегі сөйлемнің бастауышы ырықты етістегі құрылымдардың тура толықтауышы ғана емес, көмектес септігі арқылы жасалуы мүмкін.

Ырықсыз етістегі құрылымдардың тура толықтауышы пассивтік құрылымның көрінісі болады:

He was sent an invitation by the board- Оған кеңеспен шақыру жіберілді. Ағылшын тіліндегі пассивтік құрылымдардың шығу тегі субъект емес, іс- әрекет объектісі белгілі болғанда ғана қолданылады.

No conclusion was arrived-. He is considered a good engineer-.

Анықталған іс- әрекет кімге бағытталғаны белгілі болғанда пассивтік құрылым жүзеге асады.

Мысалы: The importance of new measure taken by the Government . .

Мысалы: керек, қажет т. б есімшелерімен жасалады және контекст мағынасына байланысты аударылады.

Мысалы: - These shortcomings must be eliminated. , . , :

Дауыстарестілмейді- No voices to be heard. .

Мысалы: Хатқақолқойылғанжоқ- The letter has not been signed yet.

Сөйлемді аударудың 2жолы бар:жазбаша аударма және ауызша аударма.

Грамматикалық қиыншылықтар ауызша аудармаға қарағанда жазбаша аудармада жиі болады. Себебі ауызекі сөйлеу стиліне қарағанда жазба мәдениеті сауаттылықты талап етеді. Сондықтан аударма деген ұғымның мағынасын ашып зерттеу жұмысына қадам бассам деймін.

Жазбаша аударма тәжірибесі пәні жазбаша аударманың технологиясын, түрлерін ерекшеліктерін зерттейді. Пәннің басқа пәндер секілді аудармашыны дайындауда маңызы орасан зор. Оның өзіндік мақсаты, міндеті, және талаптары бар.

Аударма дегеніміз - белгілі бір халықтың немесе мәтіннің түпнұсқа тілінен аударма тіліне ауысуы.

Осыанықтама бойынша дәлме-дәл аударма көбінесе мүмкін емес болады.

Өйткені, екі тіл тек өздерінің тек грамматикалық жағынан емес, сонымен қатар мәдени ерекшеліктері және сөздердің көлемі жағынан әртүрлі болып келеді. Ал осының барлығы аударма әдісіне және оның нәтижесіне әсер етеді.

Мысалы іскерлік хатты ағылшын тілінен қазақ тіліне аударғанда «Dear Sir» деген бастаманы «Құрметті Сэр» немесе «Құрметті Мырза» деп аудару дұрыс болмайды. Мұны біз «Қадірлі директор» немесе «Қадірлі басшы» болып аударылады.

Сол сияқты қазақ тілінен ағылшын тіліне аударғанда «Аса құрметті Шредер мырза» сөз тіркесін «Deeply respected Mr. Shroeder» деп аударған дұрыс болмайды. Өйткені мұндай сөз тіркестерді аударғанда ағылшын тілінің қалыптасқан дәстүрі бар, яғни ол «Dear Sir» немесе «Dear Mr. Shroeder» деп аударылады.

Осы мысалдар аударманың коммуникативті іс-әрекетін дәледейді, яғни аудармашы жұмыс жасап отырған екі тілдің мәдениетінен хабардар болуы қажет.

Әрбір аудармашы аударманың ауызша және жазбаша түрлерімен жұмыс жасай алуы тиіс. Ол үшін аудармашы осы екі аударма түрлерінің негізін және айырмашылықтарын білуі қажет.

Ауызша аударманың ең басты талабы - шапшаңдылық және дәлділік. Аудармашы аударманы неғұрлым тез берсе, соғұрлым оның нәтижесі жемісті болады.

Ауызша аудармашының бойында ораторлық өнер болуы қажет.

Ал жазбаша аудармада ондай қатаң тәртіп жоқ. Өйткені жазбаша аудармада әрбіраудармашы ойланып, мәтінді бірнеше рет оқып шығып аударманың әдісін әбден анықтап барып аударуы мүмкін, себебі жазбаша мәтіндер әр түрлі стильде болады.

Сонымен қатар жазбаша аударма тәжірибесі пәні аударманың грамматикалық және лексикалық аспектілерін қарастырады.

Аударма жағынан алып қарағанда ағылшын тілі мен қазақ тілінің грамматикалық құрылымдарының айырмашылықтары аударма мәселелерінің екі категориясымен беріледі: тілдік бірліктердің грамматикалық қасиеттерінің ұқсастығы жағдайындағы аударма мәселелері және бастапқы және аударма тілдеріндегі тілдік бірліктердің грамматикалық қасиеттерінің әртүрлілігі жағдайындағы аударма мәселелері. Сонымен бірге, ерекше қиындықтар дара грамматикалық бірліктер (сөз формалары негізіндегі морфологиялық қайта құру) мен біріккен грамматикалық бірліктерді (сөз тіркесі, сөйлем және фразадан тыс бірліктер негізіндегі синтаксистік қайта құру) қайта құрумен байланысты болады.

Тілдік бірліктердің грамматикалық қасиеттері бірқатар тілдік құбылыстардан: сөз, сөз тіркестері, сөйлем формалары, элементтердің орын тәртібі, формалардың грамматикалық мағыналары, форма мен мағынаның контексттік атқаратын қызметтерінен тұрады. Аударылатын белгілі бір тілдік бірліктің ақпараттық маңыздылығын қарастырғанда, біз тек сөз және сөз тіркестерінің лексико-семантикалық мағыналарын ғана емес, сонымен бірге олардың аударма мәліметінің жеткізілу мөлшеріне біршама әсер ететін грамматикалық қасиеттеріне де ден қоямыз.

Ағылшын тілі мен қазақ тілінің грамматикалық қасиеттерінде ұқсастықтары (сын есімнің шырайлары, етістіктің шақтары, сөздердің орын тәртібінің функционалдық маңыздылығы, т. б. ) мен айырмашылықтары (ағылшын тіліндегі артикль, қазақ тіліндегі септіктер, ағылшын тіліндегі герундий, қазақ тіліндегі көсемше, т. б) бар.

Сонымен қатар, грамматикалық формалар, олардың атқаратын қызметтері мен мағыналары арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтардың толық немесе толық емес болатындығын естен шығармаған жөн. Осыған сәйкес толық аударма немесе толық емес аударманың әртүрлі нұсқаларын жасауға болады. Шын мәнінде толық теңестіруге келмейтін айырмашылықтар толық ұқсастық сынды аз кездеседі. Сондықтан, ең басты аудармашының кезігетін мәселесі - біріншіден, теңестіруді қажет ететін деңгей, екіншіден, грамматикалық формаларды аудару барысындағы теңестіру сипаты.

Осы мәселені шешудің басты амалы әдетте бастапқы контекст болғанымен, кейде белгілі бір мәтін түрін грамматикалық безендіру салты сияқты әсерлерді де есепке алу керек. Мысалы, грамматикалық формалар мен құрылымдарды бір үлгіге салу талаптары, белгілі бір грамматикалық формалардың стилистикалық бекітілуі, мәтіндегі хабардың нақты не нақты айтылмауы арасындағы дәстүрлі қатынас және тағы басқалары. Осыған сәйкес, дәстүрлі түрде ағылшын мәтінінде тәуелділік есімдіктері зат есімді анықтаушы ретінде нақты түсіндірілсе, қазақ тілінде оны қолдану кейде хабардың көлемін ұлғайтып жібереді. Мәселен, « He raised his hands» - «Ол қолдарын көтерді» («Ол өзінің қолдарын көтерді» формасы көптеп кездескендігімен аудармада мәнерлілік үшін түсіп қалуы мүмкін ) . Осыдан келе мұндай мысалдарда ішінара немесе нөлдік аударма қолданылғаны дұрыс.

Ең басты мәселені жалпы қарастыру морфологиялық жағынан ұқсас грамматикалық формаларды аударуда толық аудармамен бірге басқа да жағдайларды қарастыруға көмектеседі. Жоғарыда айтылған нөлдік аударманы қолдану формалардың ұқсастығы негізінде дәстүрлі-функционалдық сәйкессіздік жағдайында нәтижелі келеді. Жоғарыда келтірілген мысалдардан басқа есімдік түрлерінің сәйкессіздігі жағдайында нөлдік аударманы қолдану туралы айтуға болады. Мәселен:

they say - дейді, деп айтады

you see - түсінесің бе

before one can say a word - аузыңды ашып та үлгермейсің

say it - айт.

Есімдіктерді аударудағы басқа тәсіл - ішінара аударма, яғни толық форманы емес, ішінара қызметіне сай келетін форманы қолдану. Мәселен, қазақ тіліндегі өздік есімдіктің өзіндік есімдік формасы болуы мүмкін. Осыған байланысты, толық не ішінара аударма қолданылады.

He could not break himself out of his habit of flushing.

Ол өз әдеті қызарудан арыла алмады.

He pulled himself together quickly.

Ол өз - өзін тез қолға алды.

Аудармашылар көбінесе функционалдық сәйкестік (функционалдық ауыстыру) тәсілін пайдаланады. Әсіресе, екі тілде де тура сәйкестігі бар етістіктің шақтарын аудару барысында қолданылады. Дегенмен, екі тілде олардың атқаратын қызметтері үйлеспей қалуы мүмкін. Мәселен, Ол қонақ үйге орналасады сөйлемін контексттің қосымша уақытына сәйкес түрлі әдіспен беруге болады: She will stay at a hotel (келу уақыты немесе басқа жағдайлар маңызды емес, деректің өзі берілгенде), She will be staying at a hotel (нақты уақыт контекстке байланысты) немесе She is staying at a hotel (ниет немесе келісім контекстке байланысты) . Соңғы форма, шындығында қазақ тіліндегі форманың тура баламасы бола алмайды, тек оны ниет немесе келісімді білдіру үшін функционалдық жағынан ауыстырады.

Грамматикалық формаларды функционалдық қайта құру грамматикалық айырмашылықтар, бастапқы және аударма тілдерінің лексико-семантикалық ерекшеліктері және тілдік дәстүрдің айырмашылықтарына сай жасалады. Бір ғана форма кейбір контексттерде толық немесе ішінара аударма арқылы берілсе, басқа контексттер дәстүрлі түрде тілде қолданылатын функционалдық ауыстыру арқылы аударылады. Мысалы, қазақ тіліндегі кешіріңіз формасы көптеген контексттер (уақытылы жауап қайтармағанымызға кешіріңіз, келеңсіздіктер үшін кешіріңіз, алаңдатқаным үшін кешіріңіз) мен жағдаяттарда (жеке қарым-қатынас, іскерлік хаттар, ресми қарым-қатынастар) бірдей қолданылады. Ағылшын тіліне аударуда бұл форманың толық - ішінара (excuse me , excuse his manner) және функционалдық ( sorry for being late, we must apologise for the delayed answer, inconveniences) баламалары табылуы мүмкін.

Әдетте функционалдық ауыстыру берілген форманың контекстте немесе жағдаятта қолданылуына сәйкес морфологиялық өзгеріс мүмкіндіктеріне негізделуі мүмкін. Мысалы:

Presumably Egypt is the oldest highly advanced civilization and is often seen as a symbol for everything ancient and secret.

Білуімізше , Египет ескі жоғары дамыған өркениет болып табылады және әдетте барша ескі мен құпияның белгісі ретінде қарастырылады.

Ауызекі тілдік контекстте толық сәйкестік болуы мүмкін (мүмкін, болжам бойынша), бірақ бастапқы контекстте (ғылыми мақала) ол қазақ тілінде мәтіннің стилистикалық айтылуын өзгертіп жіберер еді. Бұл жердегі ашық түрдегі предикативті форма (білуімізше) қазақ тілінің дәстүріне сай ғылыми стильге келеді.

Кейбір жағдайларда осы сынды немесе басқа да сыртқы түрі сәйкес келетін грамматикалық формалар аудармада атқаратын қызметінің айырмашылығы мен айтылу дәстүріне байланысты күрделі қайта құруды талап етеді. Осындай тәсілдердің қатарына грамматикалық формаларды үйлестіру, өзгерту және антонимдік аударманы жатқызуға болады.

Үйлестіру , яғни әртүрлі грамматикалық формаларға жалпы грамматикалық қасиеттерді беру тәсілі ағылшын тілінің инфинитивті құрылымдарын аударуда қолданылады. Мәселен, әдеттегі немесе қайталанатын іс-әрекетті білдіретін инфинитив қазақ тілінде формасы өзгертіліп аударылады:

He glanced up just to see a stranger on the neighbouring roof.

Ол жоғары қарап , көрші үйдің шатырынан бейтаныс біреуді көрді .

When he passed a florist’s he was very apt to drop in and order some roses for her.

Гүл сататын дүкеннің жанынан өтіп бара жатқанда, ол онда соғып және қызы үшін раушан гүлдеріне тапсырыс беріп шығуғабейім болды .

Аудармашылық өзгерту , немесе форманың морфологиялық атқаратын қызметін өзгерту әдетте хабардың элементтерінің нақтылық деңгейі немесе нақтылықтың стилистикалық жағынан сәйкес келмеуі жағдайында қолданылады. Мәселен, «as long as I live » тіркесі контекстке сай «өмірімнің соңына дейін» функционалдық баламасы арқылы немесе грамматикалық жағынан өзгерген «өмірімде» формасы арқылы берілуі мүмкін:

And, help me God, I’ll never eat spinach again as long as I live .

Және мен, Құдай қаласа, өмірімде енді шпинат жемеймін.

I’ll take care for her as long as I live .

Мен оған өмірімнің соңына дейін қамқор боламын.

Бірінші контекстте live етістігі өзінің салтанатты айтылуын сақтай отырып, мәтінге шпинат пен антты сәйкестендіре отырып ирониялық рең береді. Ал қазақ тілінде бұл стилистикалық жағынан келеңсіз болғандықтан өзгеріске ұшырайды. Екінші сөйлемдегі етістіктің қолданылуы қазақ тілі дәстүрінде «анттық, сөз берушілік» контекстке сай келеді. Сондықтан, бұл жерде толық аударманы қолданған жөн.

Бұл тәсілді қолдану бәрінен бұрын бастапқы сөздің морфологиялық өзгерісіне әкеледі. Зерттеулердің көрсетуінше, ағылшын тілінде предикативтік қатынасты жеткізуде басты орында етістіктік тәсілдің тұруы қазақ тілімен ұқсас келеді. Бірақ, кейде ол атаулы қайта құруды талап етуі мүмкін. Мәселен:

Ол фирмасын аса белгілі компаниялардың қатарына қосу үшін бар күшін салды.

He did his best to place his firm among the most notable companies.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«жазбаша аударма практикасы» пәнін оқытудан әдістемелік нұсқаулар
Аударма барысындығы сөйлем мүшелерін өзгерту
Жазбаша аударманың ережелері
АУДАРМА ІСІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚИЫНШЫЛЫҒЫ
Мектепте шет тілін грамматикалық-аудармалық әдіс бойынша оқыту
Көркем шығармаларды қазақ тілінен ағылшын тіліне аударудағы ерекшеліктер
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ДИСКУРСЫН АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨРКЕМ ФИЛЬМ
Аудармашы кәсіби талаптары
Аудармашынің сенімділігі
Аударманың түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz