Дәрумендерге жалпы шолу


І КІРІСПЕ
ІІ Негізгі бөлім
- Дәрумендерге жалы шолуДәрумендер тарихыДәрумендер классификациясы
- Суда еритін дәрумендерС дәруменіВ1 дәруменіВ2 дәруменіВ5 дәруменіВ6 дәруменіВ12 дәруменіН дәрумені
ІІІ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Витаминдер деп химиялық табиғаты әр түрлі органикалық заттарды айтады. Витамин латынша vіtа - өмір, тіршілік; vitman - тіршілік амині деген мағынаны білдіреді. Олар тағамдық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Организмнің қорғаныштық қабілетін арттыруда витаминдердің атқаратын міндеті өте зор. Егер тамақтану дұрыс жолға қойылмаса, яғни күнделікті пайдаланатын тағамдарымызда организмдерге қажетті витаминдер мөлшері жеткіліксіз болса, онда организм әлсіреп, ол әр түрлі ауруларға шалдығады, оның өсіп-өнуі мен жетілуі нашарлайды. Витаминдер, сол сияқты, жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микро-организмдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар. Организмге тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың, углеводтардың және минералдық тұздардың алмасуын жылдамдататын жәнс реттейтін де витаминдер.
Дәрумен - адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Дәрумен (латынша vіta - тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға дәрумен терминін енгізді.
Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ағзада үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында дәрумен жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал дәруменді (әсіресе, А және D дәрумендерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі.
Дәруменнің мал үшін де маңызы зор. Мал азығында дәрумен жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К дәрумендері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А дәрумені жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті дәрумен балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, тағыда басқа болады. Қыста авитаминозға шалдыққан, тағыда басқа түрлі жағдайлармен жүдеген малға дәрумен концентраттарын, сәбіз, балық майы, тағыда басқа дәрумені мол азық беру керек. Мал азығындағы дәрумен мөлшерін көбейту үшін арнайы дәрумен препараттары мен құрғақ ашытқылар шығарылады.
Дәрумен жетіспеушілік, авитаминоз - күнделікті ішетін тағамда дәрумендердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не дәрумен синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі дәрумені аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, ағзаға, негізінен көмірсулар (қант, тағы да басқа) ғана түсіп, ақуыз бен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса дәрумен жетіспеушілік дамиды.
Дәрумендер тарихы
Витаминдерді 1880 жылы орыс дәрігері Николай Иванович Лунин (1853- 1957) тапты. 1880 жылы Лунин тышқандарға тәжірибе жасаған. Тышқандардың бір тобын сүтпен, екінші тобын сүтте болатын қоректік заттардың жасанды қоспасымен тамақтандырды. Біраз уақыттан кейін бірінші тобы - ауырмайды, екінші тобы ауруға шалдыққан. Сондай -ақ қабығынан тазартылған күрішті пайдаланған елдерде бери-бери ауруы етек алған. Ал күріш қабығынан бөлініп алған кристалдық заттың кішкене мөлшері ауруды жазған. Мұны 1911 жылы К. Функ дәлелдеген. 1922 жылы орыс дәріге Н. А. Бессонов қарағай бұтағы мен лимоннан аскорбин қышқылын (С) бөліп алды.
Дәрумендер медицинада
Дәрумендер жаңалығы медицинада үлкен рөл ойнады. Оның арқасында, қырқұлақ, мешел, ақшам соқыр тәрізді жақын арада белең алған жаппай аурулардың себептері анықталды. Қазіргі уақытта әрқайсысы белгілі бір фармакологиялық әсерге ие 13 дәруменге деген қажеттіліктің бар екені мәлім болды. Сонымен қатар, дәрумендерді қолдану оларға дәрі-дәрмек ретінде қарауды талап етеді және клиникалық әрі ғылыми негізде болуы тиіс. Дәрумендердің симптомсыз тапшылығы денсаулық жағдайының созылмалы нашарлауына әкеліп, инфекцияларға деген бейімділікті тудырады деген пікір бар. Бұл дәруменді дәрі-дәрмектерді көп тұтынуға әкелді, ал оның пайдасы плацебодан артық болмаса, кем емес. Сондай-ақ, дәруменді дәрі-дәрмектер ересектер, балалар, жүкті әйелдер және емізуші әйелдер үшін де мүлдем қауіпсіз деген пікір қалыптасқан.
Дәрумендердің классификациясы
Соңғы кезде витаминдерді классификациялап 2 топқа бөледі:
- Суда еритін витаминдер
- Майда еритін витаминдер.
Суда еритін витаминдерге: тиамин, рибофлавин, панготен қышқылы, никотин қышқылы, пиридоксин, кобаламин, аскорбин қышқылы, биотин, инозит, холин, рутин, фолий қышқылы, парааминобензой қышқылы және т. б. (В1, В2, В3, В5, В6, В12 В5, РР, С, Н, Р және т. б. ) енеді.
Майда еритін витаминдерге:ретинол, кальциферол, токоферол, филлохинон, убихинон, алмастырылмайтын май қышқылдары (А, Д, Е, К) және т. б. кіреді.
С дәрумені - аскорбин қышқылы
Антискорбуттық дәрумен.
С дәрумені (аскорбин қышқылы) . Химиялық құрылысы бойынша аскорбин қышқылы L-глюкозаның құрылысына жақын және қышқылдың лактоны болып табылады.
С дәруменінің биологиялық рөлі: көптеген тотығу-тотықсыздану реакциялар, бүйрекүсті безінің гормондары, амин қышқылы отиптофан коллаген синтезі, пролин мен лизиннің реакциясы, ұлпалардағы гемоглобин мен тирозиннің ыдырауы- осы дәруменнің қатысауымен жүреді.
С авитаминозының белгілері:
Аскорбин қышқылы адамдар, маймылдар, теңіз шошқалары, кейбір жоғары сатыдағы құстар организмінде синтезделмейді, сондықтан адам организміне ол тағаммен ғана түседі.
С витамині авитаминозының басты белгісі - ол клетка аралық бекітуші, дәнекер заттардың жиналуының нашарлауы.
Бұл жағдай қан тамырлары қабырғаларының
беріктігін және дәнекер ұлпаның синтезін төмендетеді. Витамин организмде жетіспегенде
құрқұлақ ауруы пайда болады, қан азаяды, ішек зақымданады, ет пен теріге қан кетеді,
бауыр мен сүйектер де өзгеріске ұшырайды. Құрқұлақ ауруында қызыл иек қанталап, тіс ұнтақталып, босап, түсе бастайды, асқазан қызметі нашарлап, қарында бөлінетін шырынның шамасы азайып, қарын мен ішектің функциясы нашарлайды, сондай-ақ, кейбір гормондардың қызметі төмендейді.
Адам ағзасы С дәруменін түзбейтіндіктен, тамақпен бірге қабылдануы керек. С дәрумені балғын жемістерде, әсіресе цитрусты жемістерде және көккөністерде кездеседі. Сондай-ақ, темірді және құрамында темір бар кейбір заттарды сіңіруге ықпал етеді. С дәрумені ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Жаңа піскен көкөністер, жемістер және тұздалған орамжапырақ құрамында көбірек кездеседі. Әсіресе итмұрынның, қарақаттың құрамында мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 60-100 мг.
В1 витамині
зат алмасуға, әсіресе углеводтардың организмдегі түрлі химиялық өзгерту процестсріне өте қажет. Өйткені ол осы процестерге қатысы бар ферменттер құрамына кіреді.
В1 витаминнің организмнің түрлі зиянды әсерлерге қарсы күресу қабілетін арттыруда мәні зор. Күнделікті тағамда бұл витамин жеткіліксіз болса, нерв жүйесі зақымданады. Сөйтіп, полиневрит, яғни нерв жүйелерінің ауруы пайда болады.
Организмде В1 витаминінің жетімсіздігінен нервтердің жарақаттануының мәні - бұл витамин фосфор қышқылымен қосылып тиамин-пирофосфат деген зат түзеді. Тиамин (В1 витамині) тиамин-пирофосфат декарбоксилаза деген ферменттің құрамына кіреді. Бұл фермент заттар алмасуына пайда болатын организмде зиянды пирожүзім қышқылы ыдыратуға керек. Денеде В1 витамині жетіспегенде фермент азаяды да, қанда пирожүзім қышқылы көбейіп кетеді, ақырында ол нерв жүйесіне зақым келтіріп, адамды ауруға шалдықтырады. Тиамин ашытқы, сәбіз, сүт, бауыр құрамында көп кездеседі. Бұл тағамдарда тиамин таза, не қосынды - тиамин пирофосфат және карбоксилаза түрінде кездеседі. В1 витаминінің таза кристалды препараты 1926 жылы күріш кебегінен бөлініп алынды.
В1 витамині зат алмасуға, әсіресе углеводтардың организмдегі түрлі химиялық өзгерту процестсріне өте қажет. Өйткені ол осы процестерге қатысы бар ферменттер құрамына кіреді.
В2 витамині (рибофлавин ) - ұрықтың және баланың өсуіне, дамуына әсерін тигізеді. Ол жетпесе көздің мөлдір қабықшасы қабынып, катаракта ауруы т. б. ауруларға шалдығады. Ол бауырда, етте, сүтте, жұмыртқада, бұршақта болады. Тамақта рибовлавин болмаса, баланың бойының өсуі тежеледі және ерін, мұрын, көз, құлақ айналасындағы терінің кілегей қабықшасының бұзылуына, кездің мүйіз қабатының қабынуы мен қарашықтың күңгірттенуіне (катаракта пайда болуына) әсерін тигізеді. В2 дәрумені тотығу және қайтадан қалпына келтіру реакцияларына қатысады. Олай болса, В2 дәруменінің зат алмасуындағы маңызы да өте зор. В2 дәрумені әсіресе жасушаның яғни ағзаның өсіп-өніуіне әсерін тигізеді.
В2 авитаминозының белгілері Рибофлавиннің ас арқылы жеткіліксіз түсуі организмдегі органикалық заттардың тотығуын нашарлатып, зат алмасу процесін, әсіресе белоктар мен амин қышқылдарының алмасуын төмендетеді. В2 витамині авитаминозында адам шаршағыш келеді, бұлшық еттерден әл кетеді, жүрек еті әлсірейді, балалардың бойының өсуі тежеледі, салмақ қосуы төмендейді, шашы түсіп (алопеция), бас терісі қабыршақтанады (дерматит) . Адам организмінде рибофлавин жетпегенде көздің мөлдір қабығы мен бұршағында кератит, катаракта сияқты аурулар пайда болады, көз қызарып, жас ағып, көру процесі нашарлайды. Тілдің кілегей қабаты қабынады (глоссит), ауызы уылады, екі езудің терісі жарылып, қабынады (ауыздық ауруы) .
В2 гипервитаминоз белгілері Бойдың өспей қалуы, бойдың буылтып қалуы, терінің өзрегуі, ангулярлық стоматит.
В5 немесе РР дәрумені- никотин қышқылы.
Антипеллагралық дәрумен. 1937 жылы Эльвегей бауыр сығындасынан бөліп алған. Никотин қышқылы карбоксильді тобы бар пиридиндік қатардың қосылысы никотинамид оның амиді.
Биологиялық белсенді түрі (НАД) және (НАДФ*Н+) . Олар тотыққан субстраттан флавопротеидке протондар мен электрондарды тасымалдайды көптеген дегидрогеназа ферменттері болып саналады.
В5 авитаминозында адамдар пеллагра ауруына шалдығады. Пеллаграның алғашқы белгілері төмендегідей: ішек-қарынның кілегей қабаты қабынады, іш өтеді (диаррея), кейіннен тері қабынып, кедір-бұдырланады (дерматит), асқынған түрінде ми зақымданып, ойлау қабілеті төмендейді (деменция) . Бұл дертке балалар шалдыққанда бойларының өсуі баяулап, салмағын жоғалтады, анемияның жеңіл түрі пайда болады. Организмде никотин қышқылының 5% В6 витаминінің қатысуымен триптофаннан синтезделетіні анықталды, сондықтан пеллагра В5 витаминінің ғана авитаминозы емес, бірнеше витаминдердің жетіспеуінен болатын поливитаминоз.
В 6 дәруменi (пиридоксин) ақуыздардың құрамдас бөлігі болып табылатын амин қышқылдарының алмасуы на қатысады. В 6 дәруменінің жетіспеушілігі жас балалардың бойының өсуін тежеп, қан аздығы мен сезіміне тез қозғыштығын тудырады, ал екіқабат әйелдердің бетінде қара дақ пайда болады. В6 дәрумені мал етінде, балықта, сүтте, ірі қара малдың бауырында, ашытқыларда және көптеген өсімдік өнімдеріне бар; әдеттегідей дұрыс тамақтанып жүрген жағдайда бұл дәрумен ағзада жеткілікті болады. В6 дәруменін молырақ қажетсіну ағзаның өсуі, әйелдің екіқабат және бала емізу кезеңдерінде жиірек байқалуы мүмкін.
В6 авитаминозының белгілері: Пиридоксин авитаминозында амин қышқылдары мен белоктардың алмасуы бұзылады, қанның түзілуі нашарлайды, жалпы мөлшері азайып, анемия ауруы пайда болады. Жас балалар мен мал төлінің бойларының өсуі баяулап, салмақтарын жоғалтады. Жас сәби балалар пиридоксині аз жасанды тамақпен тамақтанғандықтан, В6 авитаминозымен жиі ауырады, ондайда балалардың терісі қабынып, нерв жүйесі зақымданады.
В6 гипервитаминоз белгілері:
Сезім мүшелеріне зақым келу, дене мүшелері тырыс қалу.
Ол жетіспегенде қояншық, селкілдеуік, қаназдық ауруы п. б. Ол бидайда, бұршақта, сырда, сиыр етінде, бауырда, теңіз балықтарында болады. Тәуліктік мөлшері 2, 3мг.
В12 витамині (цианкобаламин)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz