Күкірт оксидтері


Кіріспе
Күкірт(ағылш. Sulfur), S - элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы химиялық элемент. Тұрақты 4 изотопы бар. Сондай-ақ жасанды жолмен алынған 6 изотопы белгілі. Күкірттің жер қыртысындағы салмақ мөлшері 0, 05%, теңіз суында 0, 08 - 0, 09%. Күкірт біздің заманымыздан 2000 жыл бұрын белгілі болған. Қалыпты жағдайда күкірт сары түсті, бейметалл. Табиғатта бос күйінде және сульфидті (мыс., пирит, галенит, антимонит, т. б. ), сульфатты (гипс, ангидрит, барит, мирабилит, т. б. ), т. б. минералдар түрінде кездеседі. Күкірттің бірнеше кристалдық түрлері белгілі, оның ішіндегі орнықтылары ромбылық α-күкірт және моноклинді β-күкірт. Күкірттің тығыздығы 2, 07 г/см3 және 1, 96 г/см3, балқу t 112, 8°С, қайнау t 444, 6°С, жылу өткізгіштігі 0, 208 Вт/(м•град) . К. суда ерімейді, бензолда жақсы ериді, қыздырғанда молекуласындағы атом саны бірте-бірте кемиді: S8→ S6→ S4→ S2 соңында 2000°С-тан жоғары қыздырғанда, буында жеке атомдар пайда болады. Салқындатқанда осы процесс кері айналып полимерлену құбылысы жүреді. Күкірт қосылыстарында -2-ден +6-ға дейін тотығу дәрежелерін көрсетеді. Азот, йод, алтын, платина және инертті газдардан басқа элементтердің бәрімен әрекеттеседі. Металдармен реакцияда болғанда өте көп жылу бөлініп шығады. Оттекпен бірнеше оксид түзеді. Полиметалдық кендер, газ және мұнайды тазалау кезінде олардан қосымша өнім ретінде алынады. Күкірт негізінен химия өнеркәсібінде күкірт қышқылын алу үшін пайдаланылады, сондай-ақ қағаз, резина, сіріңке жасауда, тоқыма өнеркәсібінде мата ағартуға, дәрі-дәрмек, косметик. препараттар дайындауда, пластмасса, қопарғыш заттар, тыңайтқыш, улы химикаттар алуда кеңінен қолданылады.
II Негізгі бөлім
2. 1Күкірттің химиялық және физикалық қасиеттері.
Күкірт - сары түсті, суда нашар еритін, су жұктырмайтын, жылу мен тоқ өткізбейтін, морт келетін қатты зат. Балку температурасы 119°С. Күкірт атомының сыртқы валенттілік кабатында екі дара электроны болғандыктан, олар өзара байланыса алады.
Күкірт оңай ұнтақталады және суда ерімейді. Бірақ органикалық еріткіштер де (бензин, спирт, т. б. ) аздап ериді. Сары түсті күкіртті суға салсақ, оның бетіне қалқып шығады. Кристалдық күкірттің кристал торы сегіз буынды сақина тәрізді молекулалардан құралған және кристалл торы молекулалық болады. Сондықтан оңай балқиды. Ол 150℃-тан жоғары температурада мөлдір сары түсті аққыш сұйықтыққа айналады. Одан әрі қыздырса күкір ал қызыл түстен мөлдір түске дейін өзгеретін бу күйіне айналады.
Физикалық қасиеттері:
Күкірт - сары түсті, суда нашар еритін, су жұктырмайтын, жылу мен тоқ өткізбейтін, морт келетін қатты зат. 119°С - та балқиды да, сары қоңыр түске боялады. 444, 6°С- та кайнайды. Тығыздығы 2, 07 г/см3 (α-түрі) және 1, 96 г/см3 (β-түрі) . Оның үш аллотропиялық түр өзгерісі болады: ромбтық, моноклинді, пластикалық. Қалыпты жағдайда күкірт молекуласы сақина түрінде тұйықталған сегіз атомнан тұрады. Суда күкірт ерімейді, спирт пен эфирде нашар ериді; бензолда, күкіртті көміртекте жақсы ериді
Химиялық қасиеттері:
Күкірт химиялық реакцияларда тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бола алады. Ол металдармен де, бейметалдармен де жақсы әрекеттеседі. Металдармен жоғары температурда әрекеттесіп, сульфидтер түзеді. Күкірт жай заттармен әрекеттеседі. Күкірт жоғары температура да сутекпен әрекеттеседі. Жоғары температурада күкірт фтормен және оттекпен әрекеттеседі (жанады) .
2Al+3S=Al2S3; Zn+S=ZnS; S+H2=H2S
Күкірт (ағылш. Sulfur) - элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы химиялық элемент. Тұрақты 4 изотопы бар. Сондай-ақ жасанды жолмен алынған 6 изотопы белгілі. Күкірттің жер қыртысындағы салмақ мөлшері 0, 05%, теңіз суында 0, 08 - 0, 09%.
2. 2 Табиғатта таралуы. Күкірттің табиғи қосылыстары және қолданылуы.
Табиғатта бос күйінде және сульфидті (пирит, галенит, антимонит), сульфат (гипс, ангидрит, балит, мирабилит), т. б. миниралдар түрінде кездеседі. Күкірт қосылыстары мұндайда және тас көмірде де кездеседі. Бос күйіндегі күкіртті тау жыныстарынан балқыту арқылы алады. Вулкан атқылағанда газбен ілесе ұшқан күкірт сыртқа шығып кристалл түрінде қатайады. Ондай күкіртті вулканмен байланысты арасан көздерден (фумаролдардан), тау жыныстарының жарықтарының, қуыстарының кездестіруге болады.
Қазақстанда таза күкірт Алтайда, Жоңғар Алатауында кездеседі. Газдағы қоспалардан таза күкіртті Ақтөбенің Жаңажол газ өңдеу зауытында алады. Сульфид пен сульфаттың көп бөлігін Павлодар облысындағы Майқайың Алтын Кені өңдіреді. Павлодардан басқа күкірт миниралдары Балқашта, Шығыс Қазақстан облысында кездеседі.
Қолданылуы:
Күкірт каучукты резинаға айналдыру (вулканизация) үшін, медицинада, тұрмыста жер төлені және қоймаларды аластау үшін, оқ- дәрі және сіріңке ондірістерінде қолданылады.
III Күкірт оксидтері.
3. 1 Физикалық және химиялық қасиеттері.
Күкірт екі түрлі оксид түзеді: S (IV) оксиді - SO2 (күкіртті газ немесе күкірттің диоксиді), бұл түссіз, тұншықтырғыш өткір иісті газ. Күкірт (VI) оксиді, күкірт ангидриді - SО3, ұшқыш, түссіз сұйықтық. SО3+17°С температурада қатты зат. Олар суда жақсы ериді, нәтижесінде күкіртті қышқыл H2SО3 және күкірт қышқылы H2SО4 түзіледі, олай болса, бұлар қышқылдық оксидтер екен.
Физикалық қасиеттері:
Күкірт екі түрлі оксид түзеді:
S(ІV) оксиді- SO2 (күкіртті газ немесе күкірттің диоксиді), бұл-өткір тұншықтырғыш иісі бар, түссіз газ, S(VІ) оксиді-күкірт ангидриді SO3, ұшқыш, түссіз сұйықтық, +17°С температурада қатты зат; олар суда жақсы ериді, нәтижесінде күкіртті қышқыл Н2SO3 және күкірт қышқылы Н2SO4 түзіледі, олай болса бұлар қышқылдық оксидтер.
Химиялық қасиеттері:
1) негіздік оксидпен әрекеттесіп тұз түзеді:
SO2+Na2O=Na2SO3
SO3+Na2O=Na2SO4
2) негізбен әрекеттескенде тұз және су түзіледі:
SO2+2NaOH=Na2SO3+H2O
SO3+2NaOH=Na2SO4+H2O
Күкірт (IV) оксиді тотығу-тотықсыздану реакцияларында әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш; себебі күкірттің тотығу дәрежесі аралық мәнде (+4) болады.
3. 2 Күкірт оксидтердің қолданылуы мен алынуы
Алынуы:
Зертханада күкіртті ауада жандырғанда күкірт (IV) оксидін (ауа тартқыш шкафта) алуға болады. Сол сияқты бұл оксидті натрий сульфитінің кристалына, қышқыл ерітіндісін қосып та алады.
S+O2=SO2
Na2SO3+HCl=2NaCl+H2O+SO2↑
Өндірісте сульфидтерді жандыру арқылы:
2ZnS+3O2=2ZnO+2SO2↑
2SO2+O2↔︎2SO3↑
Қолданылуы:
SO2-қантты, маталарды, сабынды ағарту үшін және зиянды микроағзалардан көкөніс қоймаларын тазартады.
IV Күкіртсутек
4. 1Табиғатта таралуы, физикалық және химиялық қасиеттері.
Күкіртсутек -шіріген жұмыртқа йісті, түссіз газ. -60°С-та сұйық күйге ауысады, ал -86°С-та қатады.
Күкіртсутек табиғатта жанартау атқылағандағы газдардың құрамында, емдік қасиеті бар минерал суларда кездеседі(Алма-Арасан, Барлық-Арасан, Мойылды шипажайы және т. б. ) .
Күкіртсутек өте улы, оның өте аз мөлшерімен тыныс алғанда адам есінен танып, тіпті өліп те кетуі мүмкін. Күкіртсутек тыныс алғанда гемоглобинмен байланысып, сал ауруын туғызады.
Күкіртсутекпен уланған адамды тез арада таза ауаға шығару керек.
Химиялық қасиеттері:
Күкіртсутеке тотықсыздандырғыш қасиет тән.
Күкіртті сутек қышқылы қышқылдарға тән барлық қасиеттерді көрсетеді:
1) активтік қатарында сутекке дейін тұрған металдармен әрекеттесіп сутегі бөледі:
H2S +Mg = MgS + Н2↑
2) негіздік оксидтермен тұз және су түзеді:
H2S + ҒеО = FeS↓ + Н20
3) негіздермен әрекеттесіп тұз және су түзеді:
H2S + 2NaOH = Na2S + 2Н20
4) тұзбен әрекеттескенде суда ерімейтін жаңа тұз және жаңа қышқыл түзіледі:
H2S + Pb(N03) 2 = PbSl + 2HN03
5) галогендермен әрекеттескенде сәйкес галогенсутек қышқылдарын түзеді:
Br2 + Н2S = 2HBr+S
Күкіртсутек екі негізді қышқыл болғандықтан, орта(сульфидтер) және қышқыл тұздар(гидросульфаттар) түзеді.
Н2S+КОН =КНS+H2O
Физикалық қасиеттері:
Күкірт қышқылы-түссіз, ұшқыштығы төмен, тығыздығы 1, 84г\мл майлы сұйықтық. Кейде оны “купорос майы” деп атайды. Ылғал тартқыш, ауадан және басқа газдардан су буын жақсы тартады Күкірт қышқылы суда жақсы ериді. Еру кезінде көп мөлшерде жылу бөлінеді.
4. 2 Күкіртсутектің қолдануы мен салалары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz