Ел аумағына карантиндік және басқа да аса қауіпті инфекциялардың келуі мен таралуының санитарлық қорғаудағы нормативтік құқықтық құжаттар



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1) "Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық.эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс.шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық.эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
2) «Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу
бойынша санитариялық.эпидемияға қарсы (профилактикалық)
іс.шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын
санитариялық.эпидемиологиялық талаптар» санитариялық
қағидалары
3) Обаның алдын алу бойынша санитариялық.эпидемияға қарсы
(профилактикалық) іс.шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге
қойылатын санитариялық.эпидемиологиялық талаптар
4) Тырысқақтың алдын алу бойынша санитариялық.эпидемияға
қарсы (профилактикалық) іс.шараларды ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық.эпидемиологиялық талаптар
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Карантин — ауру ошағын толық оңашалау және ондағы ауруды толық жоюды қарастыратын шаралар жүйесі
Карантин (итал. quarantena, quaranta gіornі – қырық күн), уақытша тыйым салу – жұқпалы ауруларға шалдыққан немесе сол індеттер бойынша күдікті адамдар мен жануарларды жұқпалы аурулардан сақтауға, сол аурулардың жан-жаққа таралмауы үшін алдын ала жүргізілетін әкімшілік, медициналық-санитариялық, ветеринариялық-санитариялық кешенді шаралар жүйесІ
Көптеген жұқпалы аурулардың қоздырғыштары мен жасырын кезеңі (инкубациялық кезеңі) әлі толық анықталмаған жағдайда кез келген жұқпалы аурулар бойынша 40 күнге шектеу қойылады. Карантиндік шаралар халықаралық медициналық-санитариялық ережелерге сай ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) мүшесі ретінде Қазақстан Республикасында да жүргізіледі. Әсіресе, елдің өз территориясында немесе шекаралас елдерде аса қатерлі індеттер (оба, тырысқақ, т.б.) пайда болғанда карантин жүргізудің маңызы арта түседі. Мұндай жағдайда әкімшілік шара ретінде мемлекет шекараны жабуға тура келеді. Карантин жарияланған елдермен байланыс жасауға тыйым салынады.
1.С.Ә.Әміреев, Ж.Т.Темірбеков Жалпы эпидемиология Окулық, Т. 1. Алматы,2000/2005
2.Амиреев С. А, Саптаров А. И., Иванов Н. П. Эпидемиология и эпизоотология бруцеллеза. Алма-Ата: Наука, 1986.
3.Амиреев С. А, Сыздыков М. С., Темирбеков Ж. Т, Cammapoe А И. Эпидемический процесс (методические рекомендации). Алматы, 1999.
4.Амиреев С. А, Грушина Т. A., Cammapoe А. И., Оспанов К. С., Байекеева К. Системный подход при изучении эпидемического процесса бруцеллеза / / Гигиен., эпидемиол. и иммунобиологии. - 1999. № — 1.
5.Бароян О. В. Эпидемиология (вчера, сегодня, завтра). — М.: Медицина, 1985

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан
мемлекеттік медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Стоматология
Кафедра Эпидемиология
Дисциплина Эпидемиология
Курс: 2
Тақырыбы: ЕЛ АУМАҒЫНА КАРАНТИНДІК ЖӘНЕ БАСҚА ДА АСА ҚАУІПТІ ИНФЕКЦИЯЛАРДЫҢ КЕЛУІ МЕН ТАРАЛУЫНЫҢ САНИТАРЛЫҚ ҚОРҒАУДАҒЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰЖАТТАР

Орындаған:
Тобы:
Тексерген:

Ақтөбе 2017ж

Жоспары
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1) "Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
2) Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу
бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық
қағидалары
3) Обаның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы
(профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
4) Тырысқақтың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға
қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Карантин -- ауру ошағын толық оңашалау және ондағы ауруды толық жоюды қарастыратын шаралар жүйесі
Карантин (итал. quarantena, quaranta gіornі - қырық күн), уақытша тыйым салу - жұқпалы ауруларға шалдыққан немесе сол індеттер бойынша күдікті адамдар мен жануарларды жұқпалы аурулардан сақтауға, сол аурулардың жан-жаққа таралмауы үшін алдын ала жүргізілетін әкімшілік, медициналық-санитариялық, ветеринариялық-санитариялық кешенді шаралар жүйесІ
Көптеген жұқпалы аурулардың қоздырғыштары мен жасырын кезеңі (инкубациялық кезеңі) әлі толық анықталмаған жағдайда кез келген жұқпалы аурулар бойынша 40 күнге шектеу қойылады. Карантиндік шаралар халықаралық медициналық-санитариялық ережелерге сай ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) мүшесі ретінде Қазақстан Республикасында да жүргізіледі. Әсіресе, елдің өз территориясында немесе шекаралас елдерде аса қатерлі індеттер (оба, тырысқақ, т.б.) пайда болғанда карантин жүргізудің маңызы арта түседі. Мұндай жағдайда әкімшілік шара ретінде мемлекет шекараны жабуға тура келеді. Карантин жарияланған елдермен байланыс жасауға тыйым салынады. Медициналық-санитариялық шараларға:
барлық жолаушылардың және экипаждың денсаулығы туралы анықтама алу;
тасымалданатын жабдықтарды, жүктерді тексеріп, қажет болған жағдайда дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау;
ауырған адамдарды және олармен жанасқандарды дәрігерлік тексеруден өткізу;
диагнозын анықтағанша науқастар мен күдікті адамдарды оқшаулау

"Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидалары бекітілсін.
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (Ә.Б. Мәтішев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т.М. Жақсылықовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр Е. Досаев

КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
___________ А. Мамытбеков
2015 жылғы 3 наурыз

КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
___________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 25 ақпан

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 131 бұйрығымен бекітілген

Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу
бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық
қағидалары
Жалпы ережелер
1. Осы Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 145-бабы 1-тармағының 26-тармақшасына сәйкес әзірленген және инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу, обаның және тырысқақтың эпидемиялық ошақтарында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Обаға қарсы ұйымдар, ал олар болмаған жағдайда - тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері аумақтық медициналық ұйымдарға консультациялық-әдістемелік көмекті жүзеге асырады.
3. Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық құралдарды пайдаланады.
4. Осы Санитариялық қағидалардың орындалуын бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
5. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) алдын алу іс-шаралары - санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар;
2) бактериологиялық мониторинг - халық арасында және сыртқы орта объектілерінде айналымдағы инфекциялық ауру қоздырғышын уақтылы анықтау мақсатында бактериологиялық зертханалық бақылау жүйесі;
3) далалық материал - қоздырғыштың айналымын анықтау мақсатында оларға зертханалық зерттеу жүргізу үшін алынған зооноздық инфекциялар қоздырғыштарын таратушылар мен тасымалдаушылар, қоршаған орта объектілері;
4) жағдайды стандартты айқындау - күдікті, болжалды, ықтимал, расталған жағдай ретінде әртүрлі уақытта және әртүрлі аумақтарда алынған эпидемиологиялық қадағалау деректерін салыстырмалы талдау үшін инфекциялық аурулар туралы есепке алу мен есептіліктің стандарттылығын және бірізділігін қамтамасыз ету;
5) инфекцияны тасымалдаушылар - оба қоздырғышы берілуінің трансмиссиялық тетігін айқындайтын, көбіне буынаяқтылар, атап айтқанда қансорғыш жәндіктер мен кенелер;
6) инфекцияны таратушылар - жылы қанды жануарлар бірінше кезекте табиғатта ауру қоздырғышының резервуары болып табылатын кеміргіштер мен басқа да ұсақ сүтқоректілер;
7) карантин - қоғамдық денсаулық сақтау саласында төтенше жағдайларды тудыратын карантиндік аурулардың әкелінуінің, сыртқа шығарылуының және өзге де таралуының алдын алу мақсатында жүзеге асырылатын әкімшілік және медициналық-санитариялық шектеу іс-шаралары кешені;
8) карантиндік аурулар - шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, сондай-ақ халықтың өмір сүруі мен кәсіпкерлік және (немесе) өзге қызметті жүргізуінің ерекше жағдайлары мен режимі енгізілетін, қоғамдық денсаулық сақтауда төтенше жағдайларды тудыратын жоғары дәрежелі жұқпалылығымен және өлімге әкелуімен сипатталатын аурулар;
9) қауіп төндіретін аумақ - адамдардың карантиндік және аса қауіпті инфекциялармен сырқаттану жағдайлары туындау қаупі бар аумақ;
10) қорғау аймағы - инфекцияны тасымалдаушылар жәненемесе таратушылар жойылған елді мекеннің айналасындағы аумақ;
11) оба - адамды, жабайы және кейбір үй жануарларын зақымдайтын, даму жылдамдығы жоғары және интоксикациясы, қызбасы айқын, лимфа түйіндерінің, тері мен өкпенің қабынуымен, бұл ретте қоғамдық денсаулық сақтауда төтенше жағдайларды тудыра отырып, инфекция адамнан адамға берілген кездегі науқастардың өлу деңгейі барынша көп және эпидемиялық әлеуеті жоғары болуымен сипатталатын жіті инфекциялық процесі ауыр аса қауіпті табиғи ошақты зооноз;
12) реконвалесцент - ауырып жазылған адам;
13) табиғи оба ошағы - шегінде сырттан әкелінбей, белгісіз ұзақ уақыт бойы ауру қоздырғышының циркуляциясы жүзеге асырылып келе жатқан жер бетінің учаскесі;
14) табиғи ошақтылық (энзоотия) - жер бетінің белгілі бір аумақтарында адамға және оның қызметіне тәуелсіз эволюциялық түрде пайда болған, тұрақты эпизоотиялық ошақтардың болуы;
15) тырысқақ - холероген бөлмейтін және қой эритроциттерін гемолиздейтін, тырысқақ вибриондары тудырған, жұғу дәрежесі жоғары, токсикозбен және гастроэнтеритпен, организмнің сусыздануымен, су-тұз, ақуыз алмасудың бұзылуымен сипатталатын, қоздырғышы нәжіс-ауыз тетігі арқылы берілетін антропоноздық бактериялық инфекциялық ауру;
16) уытты емес тырысқақ - холероген бөлмейтін және қой эритроцитін гемолиздейтін, тырысқақ вибриондары тудырған ауру;
17) эпидемиялық асқыну - эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргізуді талап ететін қоздырғыштың халық арасында таралуы;
18) эпидемиялық ошақ - инфекция көзінің (науқастыңадам мәйітінің) қоздырғыш инфекция ошағынан онымен қарым-қатынаста болған адамдарға берілуге қабілетті шектерде оның қоршаған аумағымен бірге инфекция көзінің болу орны;
19) эпизоотиялық ошақ - инфекция қоздырғышының көзі, берілу факторлары мен қабылдағыш жануарлар бар шектеулі аумақ немесе үй-жай.

Обаның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы
(профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
6. Қазақстан Республикасының аумағындағы обаның табиғи ошақтарында санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар айқындайтын тәртіппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар жүзеге асырады.
7. Оба бойынша энзоотиялық аумақта далалық жағдайларда шаруашылық қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар штаттық персоналды және тартылған адамдарды обаның табиғи ошағындағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, жеке қорғаныш шаралары және обамен сырқаттануға күдіктенген жағдайдағы іс-әрекеттер туралы хабардар етеді, сондай-ақ қауіпті эпидемиялық жағдай туындаған кездегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдайды.
8. Тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен және обаға қарсы күрес ұйымдарымен бірлесіп:
1) аумақтың әлеуетті қауіптілік дәрежесін ескере отырып, обаның тұрақты эпидемиологиялық мониторингін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды;
2) оба бойынша эпидемиялық асқынулар жағдайында медициналық және обаға қарсы күрес ұйымдарының тұрақты даярлығын және өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды;
3) инфекцияның табиғи ошақтарының аумағында тұратын халықтың обамен сырқаттануының, оның табиғи ошақтардан тысқары шығарылуының, шетелден әкелінуінің және Қазақстан Республикасының аумағында эпидемиялық таралуының алдын алуға бағытталған жұмыстарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді;
4) обамен сырқаттанудың бірлі-жарым және жаппай жағдайлары туындаған кезінде ол үшін қажетті күштер мен құралдарды есепке ала отырып, обаның эпидемиялық ошағын уақтылы таратпауға және жоюға бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар кешенін;
5) оба бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін медициналық жасақтарды ашуға медициналық ұйымдардың дайындығын қолдауды;
6) обаның эпидемиялық ошағын таратпау және жою үшін ашылған мамандандырылған жасақтардың медициналық персоналын даярлауды;
7) обаның профилактикасы мәселелері бойынша халықтың білімін арттыруға бағытталған санитариялық-ағарту жұмысын жүргізуді қамтитын аумақты санитариялық қорғау жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жоспарларын және жедел жоспарларын әзірлейді.
9. Іс-шаралар жоспарларын Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бекітеді.
10. Медициналық ұйымдар жыл сайын жылдың ауа райы-климаттық жағдайларына байланысты аумақтық обаға қарсы күрес ұйымдары айқындайтын эпидемиялық маусым басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей жыл сайын халықтың қауіп төндіретін контингенттерін обаға қарсы вакцинациялауды жүргізеді.
11. Ведомстволық тиістілігіне және меншік нысандарына қарамастан, медициналық ұйымдар және жеке медициналық практикамен айналысатын тұлғалар осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен адамдардың обамен және тырысқақпен сырқаттануы немесе күдіктену туралы үлгілік шұғыл хабарлау схемасына (бұдан әрі - Үлгілік хабарлау схемасы) сәйкес обамен сырқаттану немесе сырқаттануға күдіктенудің анықталған әрбір жағдайы туралы тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерін, обаға қарсы күрес ұйымдарын тез арада хабардар етеді.
12. Обаға күдіктену кезіндегі далалық, клиникалық және патологиялық-анатомиялық материалды зертханалық зерттеуді Кодекстің 144-бабы 6-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарына (бұдан әрі - нормалау құжаттары) сәйкес патогендігі I (бірінші) топтағы қоздырғыштармен жұмыс істеуге Орталық режимдік комиссияның рұқсаты бар обаға қарсы күрес ұйымдарының бактериологиялық зертханалары орындайды:
1) оба қоздырғышының бар болуына күдікті материалды зертханаға зерттеуге жеткізу контейнерлермен, бикстермен немесе тоңазытқыш-сөмкелермен іске асырылады;
2) зертханада оқшауланған оба қоздырғышы өсірінділерін ұйымдар арасында тасымалдау арнайы поштамен немесе биологиялык қауіпсіздік талаптарымен таныс екі адам қолма-қол жүзеге асырады, бұл ретте олардың біреуінің медициналық (биологиялық, ветеринариялық) білімі және патогендігі I - II топтағы қоздырғыштармен жұмыс істеуге рұқсаты бар болады.
13. Обаға қарсы күрес ұйымдары өздеріне бекітіліп берілген оба бойынша энзоотиялық аумақта:
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен жоспарларға және бақылау сандарына сәйкес оның нәтижелерін бағыныстылығы бойынша, сондай-ақ тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық органдарына, денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына және атқарушы биліктің жергілікті органына ұсына отырып, эпизоотологиялық зерттеу;
2) обаға күдіктену кезінде ауырған адамдардан алынған материалды зерттеу;
3) эпидемиологиялық көрсеткіштер мен бақылау цифларына сәйкес жоспарлы санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды орындау;
4) экстремалды жағдайлар тіркелген кезде жоспардан тыс (шұғыл) іс-шараларды өткізу - түйе обасымен ауыратын адамның болуы, стационарлық және уақытша елді мекендерге, адамның шаруашылық қызметінің басқа объектілеріне, көлік магистральдары жақын жерлерде жіті және жайылған оба эпизоотиясын анықтау;
5) энзоотиялық аумақта адамдардың обаны жұқтыру тәуекелі топтарын анықтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне ақпарат беру;
6) энзоотиялық аумақта медицина қызметкерлері үшін оба клиникасы, диагностикасы, емдеу, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу, адамдарды вакцинациялау мәселелері бойынша оқыту семинарлары;
7) ветеринария саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшілері мамандарымен түйелер обасының алдын алу мәселелері және оларды вакцинациялау әдістемесі бойынша семинарлар және нұсқамалар;
8) обаның алдын алу бойынша халықпен санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу.
14. Обаның табиғи ошақтарында жүргізілетін негізгі алдын алу іс-шараларының көлемі мен сипатын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы айқындайды.
15. Обаның табиғи ошақтары аумағындағы заңды және жеке тұлғалардың объектілерінде:
1) кеміргіштердің енуі және тіршілік әрекеті үшін жағдайларды болдырмау мақсатында елді мекендер мен ұйымдардың аумағын күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындау;
2) елді мекеннің аумағында немесе олардың шегінде орналасқан объектілерде (ұйымдарда) дератизациялауды және дезинсекциялауды ұйымдастыру және жүргізу;
3) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүзеге асыратын обаға қарсы күрес ұйымдары қызметкерлерінің, тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің ұйымның аумағына және онда орналасқан объектілерге кіруі және дератизациялық, дезинсекциялық жұмыстарды жүргізуі;
4) обаға қарсы күрес ұйымдарының, тиісті аумақтарда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы
Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу
Шекарадағы және кедендік пунктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалауды ұйымдастыру
ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРЛЫҚ - ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САЛАУАТТЫЛЫҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Жануарларды тасымалдау шарттары
Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР «Ветеринария туралы» заңы туралы мәлімет
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
Ауыл шаруашылық дақылдарының карантинді зиянкестері
ҚР мемлекеттік ветеринарлық - санитарлық бақылау және қадағалаудың заманауи мәселелері
Ірі қара малының аусыл кезінде ветеринариялық шараларды ұйымдастыру
Пәндер