Ауруханалардың арнайы бөлімшелерінің (хирургиялық, акушерлік, балалар және поликлиникалық) ішкі ортасын жоспарлау мен ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Хирургиялық бөлім
2. Акушерлік бөлім
3. Балалар бөлімі
4. Поликлиникалық бөлім
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
ІІ. Негізгі бөлім
1. Хирургиялық бөлім
2. Акушерлік бөлім
3. Балалар бөлімі
4. Поликлиникалық бөлім
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Аурухана гигиенасына ерекше көңіл аударудың себебі халықты емдік-диагностикалық көмекпен қамтуда ескі проблемалардың күрделенуі мен жаңа мәселелердің пайда болуымен, сонымен қатар, ауруханаларға спецификалық экологиялық жүйе, ерекше әлеуметтік орта ретіндегі қөзқарастарға байланысты. Атап айтқанда:
1. Науқастың физикалық және психикалық жағдайы, сау адамдарға қарағанда орта факторларына жоғары талаптар қояды.
2. Емдеу-профилактикалық мекемелері құрамында гигиеналық реттеуді, бақылауды талап ететін арнайы бөлімшелері (палаталар, операциялық бөлме, лаборатория, диагностикалық және емдеу кабинеттері) болады.
3. Ауруханалық ортада аурухана ішілік инфекцияның дамуына ықпал ететін көптеген арнайы физикалық, биологиялық, химиялық факторлар кездеседі.
4. ЕПМ-дегі медицина қызметкерінің еңбегінің өзі арнайы гигиеналық ұсыныстарды талап етеді.
Сонымен, аурухана гигиенасының маңызды міндеті науқасты емдеуде медицина қызметкерінің табысты еңбегін қамтамасыз ететін нормативтер мен талаптар жүйесін әзірлеу, науқастың стационарда болуын барынша оңтайландыру.

1. Румянцев Г.И. Гигиена.- М., Медицина, 2001
2. Большаков А.М., Новикова И.М. Общая гигиена. – М., Медицина, 2002.
3. Минх А.А. Гигиена.-М.:Медицина,1997
4. Неменко Б., У.Н. Кенесариев. Коммунальная гигиена. – Алматы, Fылым, 2003,
5. СНиП II-69-78 "Лечебно-профилактические мероприятия"
6. Сборник санитарных правил и норм по коммунальной гигиене / гос. система санитарно- эпидемиологического нормирования РК. – Алматы, 1998. – 318с.
7. Харитонов А.Н., Салимов И.Ф. Ртутные загрязнения в лечебно-профилактических учреждениях //Гиг. и сан.-N 6.-1999.-С.25
8. МГСН 4.12.97 "Лечебно-профилактические учреждения";
9. Санитарные правила устройства, оборудования, эксплуатации амбулаторно-поликлинических учреждений стоматологического профиля, охраны труда и личной гигиены персонала N 2956а-83 от 28.12.83;

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Мамандығы: Стоматология
Курс: 2
Кафедрасы: Жалпы гигиена
Тақырыбы: Ауруханалардың арнайы бөлімшелерінің (хирургиялық, акушерлік, балалар және поликлиникалық) ішкі ортасын жоспарлау мен ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар
Орындаған:.
Тобы:
Тексерген:
Ақтобе 2017 ж.
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Хирургиялық бөлім
2. Акушерлік бөлім
3. Балалар бөлімі
4. Поликлиникалық бөлім
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Аурухана гигиенасына ерекше көңіл аударудың себебі халықты емдік-диагностикалық көмекпен қамтуда ескі проблемалардың күрделенуі мен жаңа мәселелердің пайда болуымен, сонымен қатар, ауруханаларға спецификалық экологиялық жүйе, ерекше әлеуметтік орта ретіндегі қөзқарастарға байланысты. Атап айтқанда:
1. Науқастың физикалық және психикалық жағдайы, сау адамдарға қарағанда орта факторларына жоғары талаптар қояды.
2. Емдеу-профилактикалық мекемелері құрамында гигиеналық реттеуді, бақылауды талап ететін арнайы бөлімшелері (палаталар, операциялық бөлме, лаборатория, диагностикалық және емдеу кабинеттері) болады.
3. Ауруханалық ортада аурухана ішілік инфекцияның дамуына ықпал ететін көптеген арнайы физикалық, биологиялық, химиялық факторлар кездеседі.
4. ЕПМ-дегі медицина қызметкерінің еңбегінің өзі арнайы гигиеналық ұсыныстарды талап етеді.
Сонымен, аурухана гигиенасының маңызды міндеті науқасты емдеуде медицина қызметкерінің табысты еңбегін қамтамасыз ететін нормативтер мен талаптар жүйесін әзірлеу, науқастың стационарда болуын барынша оңтайландыру.
ЕПМ гигиенасының даму тарихы
Ауруханалардың даму тарихы ежелгі уақыттан басталады. Египет храмында емдеу орындарының болғаны, ежелгі Грецияда емші - асклепийлердің болғаны белгілі. Кейінгі кезеңдерде аурухана қызметін қажылар мен жиһанкездерге арналған қонақ үйлер, мүгедектер мен емі жазылмайтын науқастарға арналған үйлер (Францияда құдай үйлері деп аталған орындар, Италияда-Әулие Лазарь баспанасы, алапестерге арналған-лепрозориилер) атқарады.
Ежелгі Русьта Х1 ғасырдың өзінде - ақ Киев-Печорск лаврасы жанында, Троиц-Сергиевск лаврасында және басқаларда ауруханалар болған. Науқастарға шіркеу жанынан көмек беру ХV11 ғасырға дейін сақталды.
Батыс үлгісі бойынша госпитальды сипаттағы құрылымдар Петр 1 уақытында Мәскеуде, Петерборда және басқа қалаларда салына бастады. Ауруханалардың бірінші үлгісі казармалы түрдегі 60-100 койкаға арналған үлкен залды анфиладты жүйе бойынша салынды. Ол уақытта науқастарды аурухана ішілік оқшаулау қажеттілігі ескерілген жоқ, зал арқылы қоқыстарды шығару қолайсыздық тудырды. Олардың орнына дәліздік-казармалық түрдегі ауруханалар келді. Бұл ауруханаларда науқастардың кейбір түрлерін оқшаулауға тырысты, бірақ бұндай ауруханалардағы жағдайы өте нашар болды. Казармалық түрдегі ауруханаларды Н.А.Пирогов былай сипаттады: Бұл 60-100 койкалық қараңғы, дымқыл, желдетілмейтін, науқастардың сырқаты түрлері ескерілмеген палаталар, сондықтан ауруханаларда аурухана ішілік аурулар мен жұқпалы аурулар кеңінен етек алған.
Х1Х ғасырда павильонды түрдегі ауруханалар пайда болды. Бұл аурухана ішілік инфекцияның алдын алу бойынша бірден бір қадам болды. Павильондар-бұл бір қабатта 20-40 койкалы бір-екі палатадан тұратын және қосымша бөлмелер мен ас үйі екі, көбінесе үш этажды ғимараттар.
Аурухана ғимараттарының неғұрлым ыңғайлы жүйесін іздеуде Х1Х ғасырда ең қарапайым құрылыс-барактарға тоқталды. Бұндай барактар Қырым соғысында, АҚШ-тағы азамат соғысында жақсы қолданылды. Баракты түрдегі ауруханалар - бұл төбесі жоқ бір қабатты ағаш үйлер. Ауаны жақсы жеткізу мақсатында барактарды бір бірінен белгілі бір қашықтықта орналастырды. Әрбір баракта 20-40 адамдық үлкен бөлмелер - палаталар болды.
Х1Х ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында нозологиялық құрылымы мен жас белгісі бойынша аурухана бөлімшелері мен ауруханалардың өзін дифференциялау басталды. Балалар ауруханалары пайда болды. Инфекция түрінде байланысты науқастарды оқшаулау принципі балалар үшін жеткіліксіз болды, соның нәтижесінде балаларды боксқа жеке оқшаулау мәселесі пайда болды. Боксталған палаталардың отаны Франция болып табылады, бірақ бұл идея өзінің жалғасын Россиядан тапты(Мельцер боксы) Санитарлық тәртіпті қатал сақтау жағдайында әрбір инфекциялы науқасты қатал түрде оқшаулау жүйесі бір ауруханада әр түрлі инфекциялы науқастарды орналастыруға мүмкіндік берді.
Хирургиялық бөлім.Қазіргі кездегі көп профильді ауруханалардағы хирургиялық төсек саны, жалпы төсек орнының 25 - 45% құрайды. Хирургиялық бөлім палата бөлімінен және операциялық блоктан тұрады.
Палаталық бөлімшенің жоспарлануы мен құрамы басқа да жоғарыда аталған бөлімдердей. Қосымша, тек қана таңу-байлау бөлмесі кіреді және бір және екі төсектік палаталар саны 20% азаяды. Бірақ, хирургиялық бөлімшелерді жобалауда және орналастыруда, бөлімшенің жұмысын жақсартуда және АІИ болдырмауда мына талаптар сақталуы қажет:
1. Операциялық блок және емдеу - диагностикалық бөлімше бір-біріне жақын және олайлы байланыста болуын;
2. Опрациядан кейінгі таза және іріңді сырқаты бар науқастардың қарым-қатынасы болмауын;
3. Науқастардың операциядан кейінгі болу жағдайларын дұрыс ұйымдастыру;
4. Жеткілікті түрде таңу-байлау бөлмелері мен процедуралық кабинеттер болуын.
Барлық хирургиялық бөлімдер таза және іріңді болып екіге бөлінеді. Іріңді бөлімдердң іріңді-септикалық(іріңді ісік, бітеу жара, іріңді плеврит т.б.) үдерістері бар науқастарды емдейді. Инфекция таралуының алдын алу мақсатында, мұндай бөлімдерді бөлек ғимараттарда, сырт жақта немесе жоғарғы қабаттарда орналастырады. Іріңді науқастарға операцияны бөлек блоктарда жасайды. Таза бөлімдер төмеңгі қабатта орналасады.
Операциялық блок аурухананың негізгі құрылымдық бөлімі және хирургиялық бөлімнің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол операциялық залдар мен қосымша бөлмелерден тұрады. Хирургиялық стационарлардың мамандандырылуына байланысты (жалпысалалық, травматологиялық, кардиохирургиялық және т.б.). операциялық блоктың құрамына қосымша бөлмелер кіреді
Операциялық блокты хирургиялық бөлімінің тұйықтау жерінде, бүйір жағында немесе бөлек қабатта орналастырады. Бірнеше хирургиялық бөлімдердің операциялық блоктары бір кешенге біріктірілсе, онда оны орналастыру үшін ғимараттың бөлек бір шеті, түгелдей бір қабаты (әдетте, жоғарғы қабаты) немесе стационармен тікелей, әлде жабық өтетін жер арқылы байланысатын, арнайы жалғастыра салынған құрылыс беріледі. Мұндай жағдайда, стационардан толық оқшаулануы қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, операциялық кешеннің хирургиялық бөлімдермен, анестезиология және реанимация, рентген-диагностикалық және стерильдеу бөлімдерімен байланысатын жолы ыңғайлы болуы керек. Операциялық кешеннің болуы, қымбат және күрделі жабдықтарды тиімді пайдалануға және бірқатар жалпы бәріне бір, қосалқы бөлмелерді жабдықтауға, сондай-ақ, қызметкердің жұмысын ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Операциялық кешеннің құрамында міндетті түрде, бір-бірінен бөлек орналасқан асептикалық (таза) және септикалық (іріңді) операциялар жасауға арналған операциялық блоктар қарастырылады.
Операциялық блоктың құрамына операция жасайтын, операция жасайтын бөлменің алдындағы, наркоз беретін, стерильдейтін, аппараттық бөлмелер, жедел анализдерді жасауға арналған зертхана, құрал-жабдықтық, дәрігерлер мен орта медицина қызметкерінің кабинеттері және т.б. кіреді.
Бұл бөлмелердің тазалық дәрежесі бойынша, бір бірінен айырмашылығы бар, сондықтан оперблоктарды жоспарлауда оларды бірнеше зоналарға бөліп, топтастырады. Бірінші - стерильді зонаға, операция жасайтын және стерильдейтін бөлмелер жатады. Екінші зонаға - қатаң тәртіптегі (өте таза), операциялық бөлмемен тікелей байланыста болатын: операциялық бөлменің алдындағы, наркоз беретін және операциядан кейінгі барлық бөлмелер кіреді.Үшінші - шектелген тәртіптегі (таза) зонаға - қанды және тасымалданатын аспаптарды сақтауға, хаттама жазуға арналған бөлмелер, хирургқа және медбикелерге арналған бөлмелер, жедел анализдер жасайтын зертхана, санитарлық өткізгіштің таза зонасы жатады. Төртінші - жалпы ауруханалық тәртіп зонасы, бұған санитарлық өткізгіштің лас зонасы және т.б. кіреді. Операциялық блокты зоналарға бөлудің мақсаты, аурухана ішілік инфекцияның даму қауіпін және осыған байланысты операциядан кейінгі асқынуларды төмендету болып табылады.
Операциялық бөлімге кіруі, қызметкер үшін санитарлық өткізгіш арқылы, ал науқастар үшін - шлюздер арқылы ұйымдастырылады. Жүріс ағындары стерильді - хирургтар мен операцияға қатысатын медбикелер өтуі үшін, таза- науқастарды әкелу үшін, анестезиологтар, кіші медицина қызметкері мен техникалық қызметкер өтуі үшін және лас - қалдықтарды, қолданылған заттарды әкетуге арналған жолдарға бөлінуі керек. Бұл ағындар бірі-бірімен жанаспауы немесе қиылыспауы керек.
Операциялық бөлмелерді бір үстелге есептеп, жобалау қолайлы болып табылады, өйткені, операцияларды екі немесе одан да көп үстелдерде жасаса, ол бөлме ауасының тез ластануына әкеліп, хирургтардың жұмысын қиындатады және науқастар үшін психологиялық дискомфорт туғызады. Жалпы профильдегі операция жасайтын бөлмелердің ауданы 36 м2 кем болмауы керек, бұл операция жасайтын бригаданың қысылыспай орналасуын қамтамасыз етеді. Үлкен операциялық бригаданың қатысуымен күрделі, профильдік операциялар жасалатын бөлменің ауданы - 45-50м2 болуы кажет. Операциялық бөлмелердің биіктігі 3,5 м кем болмауы керек.
Операциялық бөлмелердің қабырғалары тегіс, бұрыштары дөңгелектенген болуы керек. Қабырғаларды төбесіне дейін глазурленген плиткамен немесе басқа да, ылғалға төзімді, жеңіл жуылатын, дезинфекциялаушы заттармен өңдеуге шыдамды материалдармен жабады. Төбесін майлы сырмен сырлайды, ал еденін, трапқа қарай еңістеу етіп, плиткалардан жасайды. Едендер ұшқын шығармайтын, антистатикалық болуы керек. Операция жасайтын бөлменің есіктері тығыз жабылуы қажет.
Операциялық бөлмелерді терезелерсіз немесе терезелерімен жасайды. Терезелерінің болмауы шудан, шаңнан қорғануды қамтамасыз етеді, бірақ, қызметкердің үнемі тек жасанды жарық бар бөлмелерде болуы, оларда қажу дамуын күшейтеді және ахуалын төмендетеді. Операция жасайтын бөлмелердің терезелерін солтүстікке, солтүстік-шығысқа, солтүстік-батысқа бағыттайды, бұл, тікелей түсетін күн сәулесінің әсерінен көрмей қалуды, операция жасау кезінде медициналық құрал-саймандардан күн сәулесінің шағылысуын болдырмауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, микрофлораның дамуына мүмкіндік тұғызатын және микроклимат жағдайын нашарлататын, операциялық бөлменің артық қызуын болдырмауға жағдай жасайды. Жарық коэффициенті операция жасайтын бөлмелерде 1:4- 1:5 қатынасындай болуы тиіс, табиғи жарықтану коэффициенті (ТЖК) - 1,5% кем болмауы керек.
Хирург пен медицина қызметкерінің көруімен байланысты, жұмысының ерекшеліктері операция жасайтын бөлмелердегі жасанды жарықты ұйымдастыруға қойылатын талаптарды жоғарылатады. Біріншіден, жарықтандырудың жоғары деңгейі қамтамасыз етілуі тиіс және операция алаңының үстінде, сонымен бірге, жараның түбінде көлеңке мүлде болмауы керек. Екіншіден, шырақ жараны және хирургтың басын қыздыратын қарқынды жылу бөлмеуі және көру аймағында тікелей және шағылысқан жалтылдауды бермеуі керек. Үшіншіден, жарық спектрі күндізгі жарыққа жақын болуы және түрлі түстерді қабылдау бұрмаланбауы тиіс.
Осыған байланысты, операциялық бөлмелерде жалпы және жергілікті жарықтандыруды ұйымдастырады. Жалпы жарықтандыруға люминесценттік және қыздыру шамдарын қолданады. Люминесценттік шамдармен жалпы жарықтандыру 400 лк кем болмауы керек, бұл операциялық медбике жұмысына (инелер, тігуге арналған материалдар, құрал-саймандармен манипуляциялар жүргізуде) және науқастың терісінің, шырышты қабаттарының түрі мен көз қарашығының реакциясын бақылайтын анестезиологтың жұмысына жеткілікті болып табылады. Операциялық көру алаңын локальды жарықтандыруға арнайы көлеңке түсірмейтін, асып қоятын немесе жылжымалы шырақтарды қолданады.
Көлеңке түсірмейтін шамдар беретін жарықтын деңгейі 10000-30000 лк дейін жетеді. Жараның тереңдігі үлкен және операция жасайтын беттің шағылысу коэффициенті неғұрлым аз болса, соғұрлым жарықтану деңгейі жоғары болуы тиіс.Хирургтардың көзінің қажуын азайту үшін, ақ маталарға қарағанда, шағылысу коэффициенті төменірек, көгілдір-жасыл, көгілдір ақық-жасыл түсті халаттарды және ақ жаймаларды пайдаланады. Нәтижесінде, операция алаңы мен қоршаған нысандардың арасындағы кереғарлық (контраст) төмендейді, сондықтан, көзді жарадан айналасындағы фонға аударғанда, көздің тор қабықшасының элементтерінің қажуы азаяды.
Операция жасайтын бөлмелерде оңтайлы микроклимат қамтамасыз етудің маңызы зор. Микроклимат параметрлері науқастардың ғана емес, операцияға қатысып тұрған медицина қызметкерлерінің де жылу реттейтін механизмдерінің зорлануын болдырмауы керек. Нормативтер бойынша, жазғы уақытта операция жасайтын бөлмелерде ауаның ылғалдылығы 50-55% және қозғалу жылдамдылығы 0,1 мс дейін болған жағдайда, ауаның температурасы 20-22° С (қыста19-20° С ) болуы қарастырылады.
Қолайлы микроклиматтық жағдайлар жасау үшін, әсіресе, операциялық бөлмелерде асептикалық жағдайларды ұйымдастыру үшін, өте маңызды болып табылатын ауаны кондиционерлеу қарастырылады. Ауа бактерицидтік сүзгілерде тазартылуы қажет, табиғи желдету рұқсат етілмейді. Ауа алмасуы 10-еседен аз болмауы керек (10.2-кесте), оған қоса, енбелі ауа сормалы ауадан, кем дегенде, 20% артық болу тиіс, бұл операциялық бөлмеде ауаның артық қысымын тудырып, көрші бөлмелерден ластанған ауаны жібермейді. Операциялық бөлмеде ауа жақсы алмасуы үшін, ауа енетін саңылауын бөлменің бір қабырғасында, төбеге жақын жерінде, ал ауаны сорып әкететін саңылауын - қарама қарсы қабырғада, еденге жақын, орналастырады.
Жоғары деңгейдегі асептика жағдайын қажет ететін операцияларды (сүйектерге, буындарға, жүрекке, қан тамырларына, өмірлік маңызы бар мүшелерге трансплантация жасау кезінде, т.б) жүргізгенде, одан да жоғары ауа алмасу есесі - сағатына 30-90-ға дейін және одан да артық болуы оптимальды болып табылады. Мұндай жағдайларда, ауаның микробтық ластануы 1 м[3] ауада 30-100 микробқа дейін төмендейді, патогенді стафилококк анықталмайды, операциядан кейінгі іріңді асқынулардың саны 3-4 есеге дейін төмендейді.
Микробтық ластануды болдырмау мақсатында, операция жасайтын бөлмелерге әкелінетін құрал-жабдықтардың барлығы алдын ала дезинфекцияланады, аспаптар мен жара таңатын заттар стерильденеді.
Операциялық бөлмедегі 1 м[3] ауада жалпы микроағзалар саны жұмысқа дейін 500-ден аспауы, ал, алтын түстес стафилококк және гемолитикалықстрептококк болмауы керек. Жұмыс кезінде жалпы микробтық ластануы 1 м[3] ауада колония түзуші бірліктердің 1000 дейін көбеюіне рұқсат етіледі. Алтын түстес стафилококктың мөлшері 1 м[3] ауада 4-тен аспауы керек, ал, гемолитикалық стрептококк табылмауы тиіс.
Операциядан кейін, операция жасайтын бөлме мұқият жуылып тазартылады, едені мен панельдерін дезинфекциялаушы ерітінділермен және ыстық сумен жуады, сонан кейін экрандалмаған бактерицидтік шамдардың сәулесімен 30 минут бойына зарарсыздандырады.
Операция блоктарындағы кабинеттерді жалпы жинап-тазалау, аптасына 1 рет жүргізіледі. Бөлмелер алдымен сабын-сода ерітіндісімен жуылады, сонан кейін дезинфекциялаушы заттармен өңделеді. Зарарсыздандыру үшін қажетті уақыт өткеннен соң, бөлмелерді сумен жуады және 2 сағат бойына ультракүлгін сәулемен санациялайды.
Акушерлік бөлім. Бөлімнің жоспарланауы сырқаты жоқ жүкті әйелдерді науқастарынан оқшаулауға, АІИ жұғуының алдын алуға мүмкіндік беруі тиіс. Сондықтан, акушерлік бөлімнің перзентхананың құрамында екі бөлімі болады: физиологиялық және обсервациялық. Бұл бөлімдерде әйелдер босануы кезінде және босанғаннан кейін болады. Физиологиялық бөлім сырқаты жоқ жүкті әйелдерге арналған, обсервациялық бөлімі (күдікті) - инфекция көзі болатын мүмкіндігі бар жүкті әйелдер үшін. Перзентханаларда, бұл бөлмелерден басқа, тағы жүктілік патологиясы деген бөлім бар. Физиологиялық және обсервациялық бөлімдердің жоспарлануы бірдей, олардың құрамына босану алдынғы палаталар, босанатын және операциялық блоктар, операциядан кейінгі палаталар, босанғаннан кейінгі палаталар, жаңа туған балаларға арналған палаталар және қосымша бөлмелер кіреді. Босанатын әйелдерді оқшаулауды, қабылдайтын-қарайтын бөлімнен бастап, жүргізеді. Босанатын әйелдер қарайтын бөлмеге түскенге дейін фильтрден өтеді, бұл жерде акушер әйел немесе медбике, олардың температурасын өлшейді, эпидемиологиялық мәліметтерін пысықтап сұрап, анамнез жинайды, іріңді аурулары, микроскопиялық саңырауқұлақтар тудыратын және жыныс қатынасы арқылы берілетін ауруларды анықтау мақсатында сырт көрінісін қарайды. Жедел респираторлық аурулары бар, температурасы жоғары, тұмау, баспа, сыздауық, іріңдік (абсцесс) және басқа да іріңді аурулары бар, сондай-ақ, этиологиясы белгісіз бөртпелері бар және алмасу картасы жоқ болса, босанатын әйелдер фильтрден обсервациялық бөлімнің қарайтын бөлмесіне жіберіледі. Дені сау әйелдерді физиологиялық бөлімнің қарайтын бөлмесіне жібереді. Қарау бөлмесінде дәрігер қарайды, медициналық құжат толтырады, босану жүргізу жоспарын белгілейді.Қарағаннан кейін, босанатын әйелдер қарайтын бөлменің жанында орналастырылған душы, әжетханасы бар, санитарлық өндеуден өтетін бөлмеде санитарлық өндеуден өтеді, одан кейін физиологиялық немесе обсервациялық бөлімдерге жиберіледі. Босанған әйелдерді бұл бөлімдерден шығаруға арналған бөлмелер, әрбір бөлім үшін бөлек болуы тиіс. Обсервациялық бөлім, физиологиялық бөлімнен оқшау орналасуы керек. Оны бірінші қабатында, жалғап салған құрылыста немесе жүктілік патологиясы, физиологиялық, гинекологиялық бөлімдердің үстіндегі жоғарғы қабатында орналастырылады. Олардың арасындағы байланыс тек шлюз арқылы жүргізіледі. Әрбір бөлімде өз алдына бөлек емдеу-диагностикалық және қосымша бөлмелері қарастырылады. Босану алдындағы палаталар 1 немесе 2-4 төсектік болады. Босану блогының құрамына 2 кем емес босанатын залдар, қарайтын бөлме, қызметкерге арналған дайындық бөлме, жаңа туған балаларға манипуляция-туалет жасайтын бөлме, қарқынды емдеу палатасы, кіші операциялық бөлме кіреді. Кіші операциялық бөлмеде анамнезі ауыр әйелдер босанады және қажет болған жағдайда, кесарь тілуінен басқа, акушерлік операциялар жасалады.
Операциялық блоктың бөлмелеріне, операция жасайтын бөлменің алдындағы, үлкен операциялық, стерильдеу бөлмелері және әдеттегі, операция блогының құрамына кіретін басқа да бөлмелер жатады. Үлкен операциялық бөлмелерде көбіне, құрсақ жаратын операциялар жасалады.
Босанудан кейінгі палаталарды 2-4 төсектік етіп жасайды. Палаталарды толтыруда, босанған әйелдердің түсуі мен шығуы бір күнде болатындай етіп ұйымдастырады, бұл, бөлмеге жалпы санитарлық өңдеу жүргізуді жеңілдетеді және АІИ таралу мүмкіншілігін болдырмайды. Жаңа туған балаларға арналған палаталарды оқшау бөлігінде, 20 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz