Су факторымен байланысты аурулардың алдын алуға бағытталған шаралар



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Су факторымен байланысты аурулардың алдын алу
2. Санитарлық қорғау
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Су тұтынуға байланысты әр түрлі аурулардың алдын алу мақсатында, гигиена мамандары ауыз су сапасына қойылатын бірқатар талаптар дайындады.Біріншіден, ауыз су эпидемиялық және радиациялық жағынан қауіпсіз болуы тиіс, екіншіден, химиялық құрамы жағынан зиянсыз болуы керек, үшіншіден, органолептикалық қасиеттері (түсі, исі, т.б.) жағымды болуы керек. Бұл талаптар келесі іс-шаралар кешенін орындау нәтижесінде жүзеге асырылады:
орталықтандырылған жүйесі – бұл, су көздерінен механикаландырып су алуды, оның сапасын жақсартуды (тазарту, зарарсыздандыру және өңдеу) немесе онсыз, суды сақтауды, ауыз су пайдаланатын орындарға беруді қарастыратын, елді мекендерді сапалы ауыз сумен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуге арналған шаралар мен құрылғылар, құрылыстар және су құбырларының кешені болып табылады.
1.Кенесариев Ү.И., Балмахаева Р.М., Жақашов Н.Ж., Бекмағамбетова Ж.Д., Жоламанов М.Е., Тоғызбаева К.К. Жалпы гигиена. Оқулық- Алматы, 2012ж.
2. Ш.Е. Токанова, М.Б.Жандаулетова Жалпы гигиена. Оқулық-Алматы, 2013ж.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Мамандығы: Стоматология
Кафедрасы: Жалпы гигиена
Тақырыбы: Су факторымен байланысты аурулардың алдын алуға бағытталған шаралар


Орындаған:
Тобы:
Тексерген:

Ақтобе 2017 ж
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Су факторымен байланысты аурулардың алдын алу
2. Санитарлық қорғау
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Су тұтынуға байланысты әр түрлі аурулардың алдын алу мақсатында, гигиена мамандары ауыз су сапасына қойылатын бірқатар талаптар дайындады.Біріншіден, ауыз су эпидемиялық және радиациялық жағынан қауіпсіз болуы тиіс, екіншіден, химиялық құрамы жағынан зиянсыз болуы керек, үшіншіден, органолептикалық қасиеттері (түсі, исі, т.б.) жағымды болуы керек. Бұл талаптар келесі іс-шаралар кешенін орындау нәтижесінде жүзеге асырылады:

- заңнамалы гигиеналық шараларды орындау;

- су көзін таңдау;

- су көзінің санитарлық-қорғаныш аймағын (ЗСО) ұйымдастыру;

- суды тазарту, зарарсыздандыру және өңдеудің арнайы әдістерін қолдану;

- су құбыры жүйесін санитарлық қорғау.

Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету жүйесінің екі түрі бар:

· орталықтандырылған жүйесі - бұл, су көздерінен механикаландырып су алуды, оның сапасын жақсартуды (тазарту, зарарсыздандыру және өңдеу) немесе онсыз, суды сақтауды, ауыз су пайдаланатын орындарға беруді қарастыратын, елді мекендерді сапалы ауыз сумен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуге арналған шаралар мен құрылғылар, құрылыстар және су құбырларының кешені болып табылады.

· орталықтандырылмаған (жергілікті) жүйесі - бұл, ауыз суды тұтынатын орындарына жеткізіп бермейтің, жалпы халық пайдалану үшін ашық немесе жеке адамдардың пайдалануындағы құрылыстардан тұрғындардың өз бетімен су алуына арналған жүйе.

Сумен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесі су құбырларын орнату арқылы жүзеге асырылады. Су құбырлары деп, су көздерінен механикаландырып су алуды, оның сапасын жақсартуды (тазарту, зарарсыздандыру және өңдеу) немесе онсыз, суды сақтауды, ауыз су пайдаланатын орындарға беруді іске асыратын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге арналған инженерлік құрылыстар кешенін айтады. Қазіргі кездегі су құбырлары ашық және жер астылық су көздерінің суын пайдалана алады. Ашық су көздерінің суымен қамтамасыз ететін құбырлар:
а) су алатын құрылыстан;

б) суды жоғары көтеретін сору қондырғысынан;

в) судың сапасын жақсартуға арналған құрылыстан;

г) су құбырлары жүйесінен тұрады.

Құрылыстардың су құбырлар жүйесіне дейінгі бұл кешенінің барлығы бас құрылыстар деп аталады. Суды су көздерінен алу үшін, өзен ағысының бойымен елді мекеннен жоғары ұйымдастырылатын арнайы су қабылдағышты қолданады.

Жер асты су көздерінен орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесі, негізінен, кішігірім ауылдық елді мекендер, қалалардың жекелеген аудандары, кейде жеке мекемелер үшін ұйымдастырылады. Оның артықшылықтары: бұл жердегі су барлық ластаушылардан сенімді қорғалғандықтан, суды тазартудың қажеттілігі, әдетте, туындамайды; су алатын орның елді мекеннің өзінде немесе оған жақын жерде орналастырады.
Су алу үшін, жер астындағы су тұтатын горизонтқа дейін жететін вертикалды шахталар түріндегі, бұрғылағыш артезиан ұңғымаларын құрады. Бұрғылау кезінде алынған топырақ шахтаға түспеу үшін, шахтаның қабырғаларын бекітетін айналдыра сақиналар қойылады. Ұңғымадан суды тартып алу үшін, оған сорғыш орнатады. Бұндай су құбырларының санитарлық қауіпсіздігінің кепілдігі, жүйенің, әсіресе, айналдыра қойылған сақиналардың қосылған жерінде, жақсы герметизациялануы болып табылады.

Орталықтандырылмаған ауыз су-шаруашылық мақсатында сумен қамтамасыз ету үшін жер асты сулары пайдаланылады. Тұрғындарды және шаруашылық- тұрмыстық нысандарды сумен қамтамасыз ету, су алатын құрылыстарға арнайы құрал-жабдықтарды (тарату жүйесі жоқ ұңғымаларды, шахталық және құбырлы құдықтарды, бастау каптаждарын) орнату арқылы жүзеге асырылады.

Ұңғымалар, құдықтар мен бастау каптаждарын орнату үшін қажетті орындар геологиялық, гидрогеологиялық мәліметтер негізінде таңдалып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Су факторларымен байланысты аурулардың алдын алу жөніңдегі шаралар
Су факторымен байланысты аурулардың алдын алу жөніндегі шаралар
Өндірістік кәсіби аурулар
Климаттың өзгеруі жайында
Канцерогенездік факторлар
Табиғи фактардың климат өзгерісіне әсері
Эпидемиялық үрдіс туралы ұғым
Кәсіптік патология
Кәсіптік патология (проф.патология) – клиникалық пән
ӘСКЕРИ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ
Пәндер