Өндірістік канцерогенді факторлар



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
a. Канцерогенді факторлар
b. Өндірістік улардың организмге әсері
c. Өндірістік улар. Жіктелінуі
d. Өндірістік уланулардың алдын алу шаралары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Қазіргі кезде химиялық заттардың зиянды әсері адамның еңбек жағ-дайына немесе олардың күнделікті тіршілік әрекетіне тікелей байланысты. Тұрмыстық химия бұйымдары мен дәрі-дәрмектердің адам тұрмысында кең пайдалануына байланысты кездейсоқ тұрмыстық уланулар маңызын әлі
жоғалтқан жоқ. Қазір өсімдіктер тектес табиғи улармен қатар, әртүрлі жаңа синтетикалық химиялық заттардың үлес салмағының артуы да маңызды болып отыр.
Химия мен энергетиканың, көптеген өнеркәсіп салаларының қарқынды дамуы және барлық шаруашылық салалары ауқымының артуы, сонымен қатар тұрмыстық химия мен автокөліктерді кеңінен пайдалана отырып, урбанизациялану биосфераға табиғатқа жат 1 000 000-ға жуық химиялық заттардың бөлінуіне соқтырып отыр.
1977 жылдың қарашасындағы мәліметтер бойынша 4039907 химиялық қосылыстар белгілі болды. Бірақ, 1981 жылы 5 миллионыншы химиялық зат (ол өсімдік тектес алколоид – грандирубин болды) тіркелді. Ал 1983 жылы осы тізбеге 6 миллионыншы химиялық зат енді. Сонымен, әлемде күніне мыңдаған жаңа химиялық зат пайда болады, яғни, әр 2 минут сайын бір зат. Тек ТМД елдерінің өзінде жылына 40 000 зат түзіледі.
Ал, осы тізбедегі заттардың 63 000 ғана тәжірибе жүзінде қолданылады екен (1,5%). Соның өзі ғылым мен техниканың жетістіктерін, тіршілік деңгейімізді, еліміздегі экономиканың жағдайын көрсетеді. Бұлардың қатарында пестицидтер, дәрі-дәрмектер, бояулар, тыңайтқыштар, полимерлер. Химиялық заттар синтезінің кейбір салалары аса жоғары жылдамдықпен дамиды. Мысалы, 1966 жылы шыққан «Пестицидтер бойынша анықтамада» 726 қосылыстар болса, 10 жылдан соң, бұл анықтамаға тағы 540 жаңа пестицидтерді енгізуге тура келді.
1. Р.Жұмаділова «Химия 11-сынып»
2. 2.С.Әлімжанова «Химия»
3. Жалпы гигиена/ Ү.И.Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д.Бекмагамбетов – Алматы, 2012.
4. Жалпы гигиена/Торгаутов Б.К.,Сергалиев М.Ш. – Шымкент, 2011.
5. Гигиена/Румянцев Г. И.//Учебник для медицинских ВУЗов. М., 2001 г.
6. Общая гигиена с основами экологии человека/Лакшин А. М., Катаева В. А.//Учебник для медицинских ВУЗов. М.: Медицина, 2004 г.
7. Общая гигиена/Большаков А. М., Новикова И. М.//Учебник для медицинских ВУЗов. М.: Медицина, 2002 г.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан
Мемлекеттік Медицина Университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Стоматология
Группа: 203
Дисциплина: Жалпы гигиена
Кафедрасы: Жалпы гигиена
Тақырыбы: Өндірістік канцерогенді факторлар. Өндірістегі қатерлі ісік ауруларының алдын алу жолдары. Өндірістік улар

Орындаған:
Тексерген:

Ақтөбе 2017
Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
a. Канцерогенді факторлар
b. Өндірістік улардың организмге әсері
c. Өндірістік улар. Жіктелінуі
d. Өндірістік уланулардың алдын алу шаралары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазіргі кезде химиялық заттардың зиянды әсері адамның еңбек жағ-дайына немесе олардың күнделікті тіршілік әрекетіне тікелей байланысты. Тұрмыстық химия бұйымдары мен дәрі-дәрмектердің адам тұрмысында кең пайдалануына байланысты кездейсоқ тұрмыстық уланулар маңызын әлі
жоғалтқан жоқ. Қазір өсімдіктер тектес табиғи улармен қатар, әртүрлі жаңа синтетикалық химиялық заттардың үлес салмағының артуы да маңызды болып отыр.
Химия мен энергетиканың, көптеген өнеркәсіп салаларының қарқынды дамуы және барлық шаруашылық салалары ауқымының артуы, сонымен қатар тұрмыстық химия мен автокөліктерді кеңінен пайдалана отырып, урбанизациялану биосфераға табиғатқа жат 1 000 000-ға жуық химиялық заттардың бөлінуіне соқтырып отыр.
1977 жылдың қарашасындағы мәліметтер бойынша 4039907 химиялық қосылыстар белгілі болды. Бірақ, 1981 жылы 5 миллионыншы химиялық зат (ол өсімдік тектес алколоид - грандирубин болды) тіркелді. Ал 1983 жылы осы тізбеге 6 миллионыншы химиялық зат енді. Сонымен, әлемде күніне мыңдаған жаңа химиялық зат пайда болады, яғни, әр 2 минут сайын бір зат. Тек ТМД елдерінің өзінде жылына 40 000 зат түзіледі.
Ал, осы тізбедегі заттардың 63 000 ғана тәжірибе жүзінде қолданылады екен (1,5%). Соның өзі ғылым мен техниканың жетістіктерін, тіршілік деңгейімізді, еліміздегі экономиканың жағдайын көрсетеді. Бұлардың қатарында пестицидтер, дәрі-дәрмектер, бояулар, тыңайтқыштар, полимерлер. Химиялық заттар синтезінің кейбір салалары аса жоғары жылдамдықпен дамиды. Мысалы, 1966 жылы шыққан Пестицидтер бойынша анықтамада 726 қосылыстар болса, 10 жылдан соң, бұл анықтамаға тағы 540 жаңа пестицидтерді енгізуге тура келді.
Қазақстанда соңғы 5 жылдың ішінде қолданылатын пестицидтердің көлемі шамамен 4 есеге қысқарғанымен, олардың тізімі сол деңгейден өзгерген жоқ (100 атауға жуық бар), олардың 30%-ға жуығы хлорорганикалық пестицидтер. Ал, оның үстіне жұмыс аймағы ауасындағы пестицидтердің мөлшері ШРЕК деңгейінен 2-10 есе жоғары. Ластану деңгейі неғұрлым жоғары аймақтар - Алматы облысы (45%), Шығыс Қазақстан облысы (40%).
Неғұрлым ертерек жүргізілген токсикологиялық зерттеулер жоғары уытты, аса қауіпті заттарды, тіпті бүкіл технологиялық процестерді уыттылығы, қауіптілігі неғұрлым төмен заттармен, тиімділігі бірдей технологиялық желілермен алмастырумен байланысты орынсыз шығындардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Сондықтан, өндірістік токсикология бойынша болашақ дәрігерлердің білімін және мамандардың біліктілігін арттырудың маңызы өте зор және осы орайда бұл оқу-әдістемелік құралдың тигізер пайдасы ерекше болмақ.

Канцерогенді факторлар
Халықтың қатерлі ісіктен зардап шегуінде кәсіби факторлардың әсер үлесі, дамыған елдерде кең ауқымдарда ауытқып тұрады ,яғни халық арасындағы барлық қатерлі ісік жағдайларының көрсеткіші 4-тен 38 %-ға дейін. Кәсіби аурулардың статистикасында өндірістік факторлармен байланысты дамитын онкологиялық аурулар ереже сәйкес көрініс таппайды.
Өндірістік канцерогенді факторларға адамның еңбек іс әрекеті барысында кәсіптік қатерлі ісіктердің дамуына алып келетін физикалық, химиялық және биологиялық факторлар жатады.
Кәсіби ісіктерге, дамуы өндірістік іс әрекет жағдайына байланысты болатын жаңа мағлұматтарды жатқызады. Кәсібіне байланысты қатерлі ісіктерді басқа да себептерден болған қатерлі ісіктерден ажырату мүмкін емес, сондықтан да бұл мәселені шешудегі ең басты критерийге сандық көрсеткіштер - белгілі бір өндірістік жағдайларда жұмыс істейтіндерде, ісіктердің өте ерте және ең жиі даму саны жатады. Канцерогенді фактордың әсер етуінің басталғанынан бастап ісіктің анықталуына дейінгі ұзақ жасырын кезеңдерінің болуы (орта шамамен 10-15 жыл)онымен шұғылданатын жұмыстарды күрделендіре түседі. Осы уақыт аралығында адам онкоқауіпті өндірістен шығып кетуі де мүмкін. Сондықтан, адамның кәсіби бағдарын ескере отырып сыртартқы (анамнез) жинау және өндірістік әсер ету уақытының ұзақтығы мен қарқындылығына баға беру аса маңыздылыққа ие болады. Кәсіптік ісіктер канцерогенді фактордың әсер етуіне ерте жауап беру реакциясы түріндегі қабыну және ісік алды өзгерістердің кең спектірі аясында жиі дамиды.
Адамның өндірістік іс әрекеті барысында өздігінен канцерогенді белсендігі жоқ, бірақ канцерогенезді күшейтуге немесе күрделендіруге қабілетті агенттер кездесуі мүмкін. Оларды канцерогенез модификаторлары деп атайды. Мысалы, шылым шегу көбінесе өкпедегі қатерлі ісіктердің даму жиілігін айтарлықтай жоғарылатады. Ісіктердің дамуы ем-домдық тамақтануға, семіздікке, механикалық және термиялық зақымдалуларға байланысты болады. Бластомогенді (өкпелік) реакцияның әртүрлі антиоксиданттрадың (каротин, А, Е, С витаминдері, бірқатар гормондар және т.б.) көмегімен тежелетіні анықталған. Сондықтан модифицирлеуші агенттерге канцерогенді қосылыстармен өзара әрекеттесуге түсетін және сол арқылы жасушалардың малигнизациясына (қатерлену) алып келетін үрдістерден оларды шығаратын агенттерді (мысалы, SН-топтары бар қосылыстар және т.б.) жатқызады.
Модифицирлеуші факторлардың саны меншікті канцерогенді агенттердің санынан біршама жоғары болады. Қандай да болмасын модифицирлеуші фактор бір мезгілде бір ісіктердің дамуын тежей де және басқаларының өсуін ынталандыра алады. Өндірістік жағдайларда канцерогенезді ынталандыратын модифицирлеуші факторларды анықтау және жою канцерогендерді анықтау сияқты қатерлі ісіктің алдын алудағы күрделі міндет болып табылады.
Кәсіптік қатерлі ісіктер әртүрлі мүшелер мен тіндерде дамуы мүмкін. Онкогенді фактормен тікелей қатынас жасау салдарынан болатын жаңа түзілімдер жиі дамиды (мысалы, мұржа тазалайтын адамдардың тері ісігі немесе шахтерлердің бірқатар категорияларындағы тыныс алу мүшелерінің ісіктері). Ісіктер сіңірілгеннен кейін канцерогендердің көпшілігі бауырға барып түсетіндіктен, бауырда және ағзадан шығарылатын жолда (ең алдымен қуықта) жиі дамиды. Радиацияның бластомогенді әсеріне қан жасау тінінің жоғары сезімталдығын айта кеткен дұрыс. Кәсіби ісіктерді жіктеген кезде алдымен этиологиялық факторды ескереді, содан кейін - ісіктің орналасқан орны мен гистологиялық құрылымын және кәсіптік арнайылағын ескереді, мысалы, Рентгенологтардың рентген сәулесінің әсерінен болған тері ісігі.

Өндірістік улардың организмге әсері
Қандай да болмасын зиянды заттың тигізетін әсеріне организмнің қайтаратын жауабын организм мен у арасындағы өзара қатынастың нәтижесі деп қарастыру керек.
Өнеркәсіптік улар организмге әр түрлі және күрделі әсерлерін тигізе отырып, жалпы патологияларда белгілі: қабыну, дистрофиялық өзгерістер, аллергия, қызба, қатерлі ісік процестері, ұрық дамуының бұзылуы сияқты патологиялық процестерді тудырады.
Организмде әр түрлі патологиялық процестердің дамуы көбінесе эндогенді және экзогенді химиялық заттар арасындағы бәсекелік қатынастарға байланысты.
Экзогенді заттарды алмастыра немесе оларды табиғи қоспалар құрамынан ығыстыра отырып, бәсекелес экзогенді заттар биохимиялық реакциялардың қалыпты жүруін бұзады. Бұл жағдай клеткалар, тіндер, мүшелер мен бүтіндей организмнің құрылымдары мен қызметіне міндетті түрде әсерін тигізеді.
Мұндай өзара қатынастар өнеркәсіптік улардың тек жергілікті әсерінен ғана емес сонымен қатар, олардың организмнің ішкі ортасына түсуі нәтижесінде де байқалады.
Химиялық заттардың әсеріне организмның қайтаратын патологиялық реакциясының ең көп тараған және жақсы белгілі түрі қабыну процесі.
Қабыну процестерінің қарқындылығы химиялық заттардың активтілігі мен қоспалардың физикалық-химиялық қасиетіне және басқа да факторларға тәуелді болады.
Аталған факторларға байланысты қабыну процесі кезінде альтерация, экссудация немесе пролиферация сияқты оның компоненттерінің бірі болмаса, бірі айқын байқалады.
Суда және майларда жақсы еритін, реакция түсу қабілеті айқын заттар (күшті қышқылдар, тотықтар, ауыр металдардың тұздары, хлор) тікелей жанасу нүктелеріне демек теріге, көздің кілегей қабығына, жоғарғы тыныс алу жолдарына, ас қорыту жолдарына әсерін тигізеді.
Көптеген жоғары активті химиялық агенттер тіндерде альтеративті - некрозды өзгерістері басым жедел қабыну процесін тудырады. Тері мен көздің қабығының некрозы фенол, нафтол, әк, кальций карбиді сияқты жоғарғы тітіркендіргіш қасиеті бар өнеркәсіптік улардың әсерінен болады. Хром және никель тұздары мұрын мен мұрын қуысы іргелерінің қабықтарын едәуір жарақаттайды.
Қабыну процестері зиянды заттардың тіндерге тікелей әсерінен ғана болмай, олардың тіндерде орналасқан рецепторларға, оның ішінде тамыр жүйелерінің хеморецепторларына рефлекторлық әсерінің салдарынан дамитынын ескерген жөн.
Мысалы: қорғасын, кобальт, мырыш, никель, мыс сияқты бірқатар металдардың ауада тез тотығатын буларымен демалған кезде, дене температурасының тез көтерілуіне соқтыратын қарапайым жұқпалы емес қызбаны байқауға болады (құйғыштар лихорадкасы).
Құйғыштар лихорадкасының механизмі металл қышқылдарының жоғары дисперсиялық буларының тыныс алу жолдарына тереңдеп түсіп, ондағы тін белоктарын жеңіл денатурациялауымен түсіндіріледі.
Құйғыштар лихорадкасы организмге феналин, бетатетрагидро-наф-тиламин немесе фенилгидразин сияқты ОНЖ-нің және термореттеу орталық-тарының тікелей бұзылуын тудыратын химиялық заттардың түсуінен болуы мүмкін.
Тері қабатына тікелей түскенде немесе ішкі ортаға өткеннен кейін у барлық тіндерге (протоплазмалық улар, есірткілер) немесе олардың тек кейбіреулеріне ғана әсерін тигізеді. Соңғы жағдайда удың таңдаулы әсер етуі немесе тиімді әсері жайында айтып отырмыз.
Таңдаулы әсер ету - удың әртүрлі қасиеттеріне байланысты. Мысалы: майда, липоидтарда ерігіштігінің әртүрлі болуында.
Бір удың түсу жолдарына, дозасына, организмнің күйіне байланысты әртүрлі таңдаулы әсерлері болуы мүмкін.
Олардың мүшелерге немесе мүшелер жүйесіне таңдаулы әсері әртүрлі кәсіптік интоксикациялардың өздеріне тән клиникалық өзгерістердің сипатын анықтайды.
Интоксикацияның қандай түрі болмасын, орталық нерв жүйесінің қызметіне, оның жоғары бөлімі - ми қабығына міндетті түрде әсерін тигізеді. Оған қарамастан, көптеген химиялық заттар ішінен ОНЖ-не таңдаулы әсерін тигізетін агенттер тобын бөліп алуға болады.
Орталық нерв жүйесіне тигізетін бірнеше дүркін әсерлерінің бағытына байланысты уларды 4 түрге бөлуге болады:
1. Арнайы емес (электролиттік емес, есіртпелі) әсер. Көптеген органикалық ерітінділердің есіртпе әсерлері олардың нерв клеткаларына жеңіл еніп, парабиоз тудыру мүмкіндігіне байланысты.
2. Нерв клеткаларын арнайы зақымдау. Бұл удың биологиялық субстрат-пен өзара химиялық қатынасқа түсуіне негізделген (күкіртті көміртегі, қорғасын, тетраэтилқорғасын, сынап, фторацетат, метил спирті).
3. Медиаторлық (немесе ацетилхолиндік) алмасуды арнайы бөгеу. Бұл фосфор қоспаларымен, оның ішінде негізінен фосфорорганикалық қоспалармен нейроинтоксикациясына негізделген.
4. Жергілікті немесе жалпы қан айналымының бұзылуымен немесе ги-поксия күйімен байланысты екінші дүркін әсер. Нерв тіндеріне тасы-малданатын оттегінің азаюын тудырып, өкпедегі газ алмасуды бұза-тын улар. Оларға тұншықтырғыш, тітіркендіргіш әсерлі улар жатады.
Көптеген нейротропты улардың қайталанған әсеріне организмнің негізгі реакциясы ретінде вегетативті - тамырлы дистонияны атаймыз. Интоксикацияның бастапқы кезеңдерінде ол вегетативтік жүйенің, көбінесе симпатикалық бөлігінің қозғыштығының жоғарлауын куәлайтын симптом ретінде айқындалады; қан тамыры соғысының тұрақсыздығы, қызыл демографизм, қалқанша безінің гиперфункциясы. Уларды ұзақ уақыт әсер ету кезіндегі астеновегативтік синдромға қажығыштық, ұйқышылдық тән. Уланудың бұдан да айқын түрлерінде астено-органикалық синдром мен энцефалопатия дамиды. Бұларға: мидың діңгекті бөлімдерінің, оптиковестибулярлық кешенінің зақымдануы, бас ауруы, эмоционалдық тұрақсыздық сияқты өзгерістер тән.
Нейрогуморальды вегетативті - қан тамырлары қызметтерін реттеу механизімдерінің координациясының, эндокриндік және алмасу процестерінің бұзылуымен жалғасатын аралық мидың зақымдануы тетраэтилқорғасынмен, сынаппен, хлорланған көмірсутегімен, бензолмен, цианидпен ауыр улану себебінен туады. Ал марганецпен, күкіртті сутекпен, көміртегі тотығымен уланған кезде экстрапирамидалық синдром дамып, паркинсон сырқаты пайда болады.
Қорғасын, мыс, бромэтил, мышьяк, талимен уланған кезде невриттер мен полиневриттер байқалады, нервтер бойында ауыру сезініп сал және жартылай салдану туындайды.
Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы. Тыныс алу мүшелерінің зақымдануына негізінен тітіркендіргіш заттардың газдары мен булары және әр түрлі шаңдар себепкер болады.
Патологиялық процестердің шоғырлануы газдар мен булардың суда еру коэфициентіне, құрамына және шаңдардың дисперсиялығына байланысты. Суда жақсы еритін улар мен шаңдардың ірі бөлшектері көбінесе тыныс алу жолдарының жоғарғы бөліктерін, ал нашар еритін улар мен шаңдардың өте ұсақ бөлшектері, тыныс алу жүйелерінің терең орналасқан бөлімдеріне еніп, бронхы, бронхиол және ацинустарды зақымдайды.
Хлормен, амиакпен, күкіртті ангидридпен жедел уланған кезде ринит, ларинготрахеит, бронхит сияқты, ал кадмий, фосген, азот тотығы мен уланған кезде бронхты-бронхиолит және өкпенің уытты ісігі сияқты патологиялық жағдайлар дамиды.
Уытты ісік тітіркендіргіш газдар және булармен жедел уланудың әсерінен болатын клиникалық өзгерістердің ішінде дәрігерлердің араласуын шұғыл талап ететін ең ауыр патология болып саналады.
Тітіркендіргіш заттар мен қауіпті газдардың (азот қышқылы, кремний, аммониймен, барий газдары) өкпе паренхималарына ұзақ уақыт әсер етуі, өкпеде бірте-бірте шаңды бронхэктазбен және эмфиземамен бірге жүретін пневмосклерозды дамытады. Шаң пневмосклерозына (пневмокониоз) өкпедегі болатын интерстициалды немесе түйінді склеротикалық өзгерістерге тән.
Пневмокониоздар ішінде құрамында бос қостотықты кремнийі бар шаң әсерінен дамитын силикоз формасы өте кең таралған. Құрамында бай-ланысқан қос тотықты кремнийі бар шаңды жұтқанда болатын пневмо-кониоздар силикатоздар (азбестоз, талькоз, каолиноз, т.б.) деп аталады.
Жүрек - тамыр жүйесінегі (ЖТЖ) өзгерістер. Өнеркәсіптік улармен уланған кезде ЖТЖ зақымдануы вегетативтік - қан тамырларының дисфункциясы, миокард дистрофиясы шектелген ошақты зақымданулар түрінде айқындалады. Вегетативтік-қан тамырлар өзгерістері көптеген интоксикацияларда, әсіресе нейротропты улармен уланған кездерде дамиды.
Дисфункциялардың бір түрлеріне гипертензивті реакция (қорғасын) ал екінші бір түрлеріне қарапайым гипотоникалық күй сипатты (тетраэтилқорғасын, герозен). Кейбір этиленді улардан перифериялық тамырлардың жиырылуын мысалы, өлі саусақ симптомын тудырады. Азот қышқылының эфирлері үшін қан қымысының төмендеуіне әкелетін жылдам және шұғыл тамыр кеңейту әсері тән.
Барийдің ерігіш тұздары миокардқа наперстянка препараттары тәрізді әсер тудырады және минералды заттар алмасуының жергілікті бұзылулары болады. Бензол, сынаптың органикалық қоспалары, қорғасын капиллярлардың резистенттілігін төмендетеді, тамырлардың ішкі қабаттарының майлы дистрофиясын тудырады.
Қан жүйесіндегі өзгерістер. Біз жоғарыда атап өткендегі карбоксигенаглобин түзушілер (көміртек тотығы) және метгемаглобин түзушілердің (бензолдың амидті және нитро қоспалары, натрий нитраты, кейбір органикалық асқын тотықтар) арнайы гемоглобин бөгеуші қасиеттері бар. Бұл мет және карбоксигемоглобин мөлшеріне байланысты болады. Мысалы: қан құрамында карбоксигемоглобиннің (НвСо) 10% көлемінде болуы жұмысқа қабілеттілікті төмендетеді; 30% көлемінде - естің адасуын, бастың ауырсынуын; 60-70% - естен айырылуды туындатады.
Уыттық заттармен қан жүйесінің зақымдануы сәттерінде жиі кезде-сетін өзгерістер қанның гипо және апластикалық күйге түсуі. Қарқынды дамитын лейкопения, тромбоцитопения және анемия түрінде болатын ге-мопоэз бұзылуы бензол және оның гомологтарымен ұзақ уақыт аралығында уланғанда болады. Гемотологиялық өзгерістердің дамуында лейкопения мен тромбоцитопения прогрессивті түрде дамыса, соңынан бұған сүйек миының қызыл өскінінің гиполазиясымен байланысты анемия қосылады.
Қанның морфологиялық құрамындағы және оның физикалық-химиялық қасиеттеріндегі арнайы емес өзгерістер көптеген өнеркәсіптік улармен жедел улану сәттерінде байқалады.
Көптеген өнеркәсіптік улар организмнің иммундық тұрақтылығын төмендетеді. Бұл жайында қандағы өзгерістер куәландырады, атап айтқанда, лейкоциттердің фагоцитарлық активтілігінің азаюы, антидене титрінің төмендеуі, комплементтер мен пропердиндердің болуы және тағы да басқа иммунологиялық көрсеткіштер.
Асқорыту жүйелеріндегі өзгерістер. Әр түрлі өнеркәсіптік улар жұтылумен және басқа да жолдармен ішке түскенде кілегей қабықтарға тікелей әсер ету арқылы асқорту жүйесінің функциясын бұзады.
Кейбір металдардың ауыз қуысының кілегей қабықтарында, әсіресе тіс қызыл еттеріне жинақталып олардың түсін, сұр түске бояйтыны (күміс, висьмут, қорғасын,сынап, сурьма) бәрімізге жақсы белгілі. Бұл жағдайларда ауызда металл дәмі сезіліп, тістің қызыл етінің әлсін ісіңкіреп қызаруы және қан кетуге бейімділігі байқалады: гингивит, стоматит.
Кейбір органикалық емес қышқылдар мен органикалық қышқылдарды жұтқан кезде болатын тістердің бүлінуі тіс жегісінің дамуына жағдай жасайды.
Фтор мен фосфордың қосылуы тістер үшін өте қауіпті. Бұған фторлы алюминийдің тигізетін әсерін мысалға келтіруге болады.
Үшнитротолуолмен, органикалық ерітінділерімен, мырыш, хроммен уланған сәттерде гастрит, сөл бөлінудің бұзылуы, диспепсиялық құбылыстар байқалады. Шектер мен асқазанның шырышты қабаттарына айқын жергілікті тітіркендіргіш әсер беретін улар ретінде бромды, күкіртті көміртектерді, иод қосындыларын, ауыр металдарды айтуға болады.

Өндірістік улар. Жіктелінуі
Өнеркәсіптерде қолданылатын химиялық заттардың басым бөлігі организмге зиянды әсерлерін тигізеді. Жұмыс кезінде ауаға бөліну арқылы немесе жұмыс сәтінде тікелей жанасудың барысында бұл заттар адам денсаулығына, өміріне белгілі бір қауіптер туғызады. Химиялық заттардың организмге тигізетін бұл жағымсыз әсерлері уытты қасиеттер деп аталып, ал осындай қасиеттері бар өнеркәсіптерде қолданылатын немесе өндірілетін заттар өнеркәсіптік улар деген атқа ие болады.
Зиянды заттардың бөліну көздері мен себептері. Зиянды заттар өнеркәсіптерде пайдаланатын шикізат материалдары, алынатын өнімі, қосымша немесе аралық өнімдері болып табылады. Олар 3 түрлі күйде болады: қатты, сұйық және газ тәріздес. Сондықтан бұл заттардан шаң, бу, газ күйіндегі түзілістері қоршаған ортаны, беткейлерді, ал тікелей жанасқанда жұмысшылардың терілерін ластауы мүмкін.
Уытты шаңдардың түзілу себептері қарапайым шаңдардың түзілуімен бірдей. Олар уату, жағу, булану сәттерінде түзіліп, жұмыс орнының ауасына әртүрлі тесіктер, шаңдататын қондырғылардың саңлаулары арқылы немесе шаңды заттарды ашық түрде тиеу, тасымалдау, түсіру нәтижесінде бөлінеді.
Уытты сұйық заттар көбінесе тығыздалмаған аппаратуралардан, коммуникациялардан бөлінеді. Сұйық заттарды ашық түрде бір ыдыстан бір ыдысқа құю олардың шашырау, төгілуіне соқтырады. Бұл уытты сұйық заттар буланатын беттер көлемінің ұлғаюына соқтырады. Бұл, ауаның тез арада зиянды заттардың буымен ластануына әкеп соқтырады. Демек, ауада бұл заттардың жоғары концентрациясының түзілуіне жағдай тудырады. Шашыраған уытты сұйық заттар жұмысшылардың терісіне тиіп тікелей әсерін тигізуі мүмкін.
Сұйық заттардың аппаратуралардан, коммуникациялардан, құбыр-лардан бөлінуінің жиі болатын себептері уытты заттардың құбырларды, резеңке тығыздағыштарды, резеңке қоспаларды шірітіп тесуі, металдарды коррозияға ұшыратуы, крандардың толық бұралып жабылмауы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық байланыстар
«Мұнай өңдеу және мұнай химия өнеркәсібіндегі зауытының санитарлық нормасы ».
Темекі шегіумен маскүнемдік зияны
Суды тұссыздандыру және тұщыландыру
Органикалық заттардың уыттылығы
Ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі зиянды және қауіпті факторлар
Зиянды химиялық заттардың адам ағзасына қосарлы әсері
Ғимараттардың зақымдануы
Өндірістік улар және олармен улану
Өндірістік химиялық биологиялық қауіпті улардың организмге және қоршаған ортаға әсері
Пәндер