«Кәсіпкер» және «кәсіпкерлік» түсініктері



I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. «Кәсіпкер» және «кәсіпкерлік» түсініктері;
2.2. Кәсіпкерлік қызметтің мазмұны;
2.3. Кәсіпкерлік қызмет шарттары;
2.4. Кәсіпкерлік . қызметтің айрықша түрі.
III.Қорытынды
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.
Кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық қызмет сияқты қажетті жағдайлар болған кезде күшіне енеді, ол табысты дамиды.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың барлық алғы шарттары қарқынды жасануда, осы қызмет түрін реттеу және әрі қарай қалыптастыруға бағыттылған заңдар мен басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданды және қызмет етуде. Олар кәсіпкерлікті дамытудың барлық негізгі сұрақтарын қамтуда: шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерді қорғау және қолдау, шаруашылық серіктестікті, акционерлік қоғамды, өндірістік кооперативті, мемлекеттік кәсіпорынды, жеке кәсіпкерлікті, шаруа (фермер) шаруашылығын, шағын бизнесті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау және т.б.
Ал американдықтар ынтасы зор, шешімді, ұтымды ой пікірлерге бай әрбір адам өз кәсібін бастап, оны дамытуға мүмкіндігі мол мемлекетте тұратындығына қашан да сенімді болған. Іс жүзінде кәсіпкерлікке деген бұл сенім жеке кәсіппен шұғылданатын адамнан бастап ғаламдық конгломератқа дейінгі көптеген көріністерді қамтыды.
1. Смирнова Г.М. Предпринимательская деятельность в образовании: учебное пособие. – Караганда: Изд-во КарГУ, 2005.
2. Бердалиев К.В. Қазақстан экономикасын басқару негіздері. Алматы: Экономика, 2001.
3. Кәсіпкерлік негіздері: Оқулық / М.Б.Бисенғазиев, А.Ш.Хамитов. Орал. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті баспасы. 2001. – 242 б.
4. Исаева К.Р., Омаров С.К., Кипшаков С.А. Основы социально-экономической подготовки молодежи. – Караганда: Изд-во КарГУ, 2001. – 110 б.
5. Колпаков В.В. Курс предпринимательства в схемах. Новосибирск: Экор, 2001. – 64 б.
6. Предпринимательство в Республике Казахстан. Алматы: – Экономика, 2000. – 102 б.
7. Елшібаев Р.Қ. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру. – Алматы, 2009.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Кәсіпкер және кәсіпкерлік түсініктері;
2.2. Кәсіпкерлік қызметтің мазмұны;
2.3. Кәсіпкерлік қызмет шарттары;
2.4. Кәсіпкерлік - қызметтің айрықша түрі.
III.Қорытынды

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.
Кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық қызмет сияқты қажетті жағдайлар болған кезде күшіне енеді, ол табысты дамиды.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың барлық алғы шарттары қарқынды жасануда, осы қызмет түрін реттеу және әрі қарай қалыптастыруға бағыттылған заңдар мен басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданды және қызмет етуде. Олар кәсіпкерлікті дамытудың барлық негізгі сұрақтарын қамтуда: шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерді қорғау және қолдау, шаруашылық серіктестікті, акционерлік қоғамды, өндірістік кооперативті, мемлекеттік кәсіпорынды, жеке кәсіпкерлікті, шаруа (фермер) шаруашылығын, шағын бизнесті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау және т.б.
Ал американдықтар ынтасы зор, шешімді, ұтымды ой пікірлерге бай әрбір адам өз кәсібін бастап, оны дамытуға мүмкіндігі мол мемлекетте тұратындығына қашан да сенімді болған. Іс жүзінде кәсіпкерлікке деген бұл сенім жеке кәсіппен шұғылданатын адамнан бастап ғаламдық конгломератқа дейінгі көптеген көріністерді қамтыды.
19-шы ғасырдың екінші жартысында бастау алып, 20-шы ғасырда жалғасуын тапқан бұл тенденция ақыраяғы үлкен өзгеріске және экономикалық әрекеттің күрделенуіне әкелді. Көптеген салаларда шағын кәсіпорындар талғампаз және ауқатты халық қажет ететін тауарларды тиімді өндіруге мүмыкіндік берді қаржы табуда және өндіріс көлемін ұлғайтуда көптеген қиыншылықтарды бастан кешірді. Осындай жағдайда көбінесе жүздеген тіпті мыңдаған жұмысшыларды жалдай алатын қазіргі заманғы корпорациялардың маңызы тұрақта түрде өсе түсті. Қазіргі кезде Америка экономикасында жекеменшік кәсіпорындардан бастап әлемдегі ірі корпорацияларға дейінгі кәсіпорындардың алуан түрлері бар.

2.1 Кәсіпкер және кәсіпкерлік түсініктері

Қазақстан Республикасының заңдарында кәсіпкерлікті Азаматтардың өздерінің (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың (заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі) меншігіне негізделген және азаматтардың немесе заңды тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершіліктеріне алынып жүзеге асырылатын азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі деп қарастырылған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде Кәсіпкерлік қызмет - меншік түріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған және жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызмет.
Кәсіпкерлік - бұл нарықтық экономикада адамдардың меншігіне негізделген, несиеге алынған және басқа да мүдделерді пайдалану арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылатын бастамалық, шығармашылық және басқа да қызметтердің кәсіби түрі, яғни кәсіпкер өз қызметінің нәтижесіне толық жауапкершілікпен қарай отырып, экономикалық басқару шешімдерін дербес қабылдайды (А.Д.Үмбетәлиев). Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты - табыс табуға бағытталған коммерциялық жетістік болып саналады және ол тәуекелді қажет етеді. Кәсіпкерлік мемлекеттің өтпелі кезеңдегі экономикалық ахуалын жақсартуда қоғамның әлеуметтік қарама-қайшылықтарын және экономикалық реформалардың табысты шешілуіне кепілдік бере алады. Кәсіпкерліктің мәні ерте кезден бері әлеуметтік-экономикалық ғылым орталарының назарында болып келеді. Қорыта келе, көптеген ғалымдар келесідей шешімге келді: Тиімді кәсіпкерлік қызмет жеке немесе мемлекеттік болсын экономикалық дамудың ең тиімді және маңызды көзі болып саналады.
Қазіргі түсіндірмелі сөздіктерде ағылшын тілінен аударған кәсіпкер түсінігі - тәуекел ете отырып, кәсіпорынды ұйымдастырушы және басқарушы тұлға ретінде қарастырылған. Кәсіпкер - өндірістік-шаруашылық, көтерме сауда, инновация, кеңестер беру, коммерциялық делдалдар, бағалы қағаз операциялары және басқа да заңмен тыйым салынбаған кез-келген қызмет түрлерімен айналысуына құқысы бар жеке тұлға (А.Д.Үмбетәлиев).
Кәсіпкерлік - белгілі бір істі істей білу, ал іс істеу - адамның белсенділігі мен іскерлігі. Белсенділік және іскерлік - адамның еркін өмір сүру түрі. Адамдардың белсенділігі әр түрлі болады: саяси, әлеуметтік, экономикалық, әскери, тарихи, айуандық және басқа да болып бөлінеді.
Кәсіпкерлік қызметті менеджментпен байланыстырады, дегенімен олардың айырмашылықтары бар. Ол үшін кәсіпкерлік қызметтің менеджменттен және кәсіпкердің басқарушыдан айырмашылығын ажырату қажет. Кәсіпкер - бұл меншік иесі, әрі шаруашылықпен тікелей айналысушы және нарықта тәуекелге баратын адам. Менеджер - шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару жағынан арнайы кәсіптік білімі бар жалдамалы басқарушы. Ол іс-әрекеті барысында мүліктік жауапкершілікті өз мойнына алмайды, яғни сөзсіз тәуекелге баруы өзінің басқару орнынан айырылуы дегенді білдіреді. Менеджмент - жалпы өндіріс пен тауар айналымын (бизнесті) тиімді жүргізу және пайда табу мақсатындағы басқару жүйесі мен формаларының, әдістері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті жаңа бизнестің басталуымен де жиі байланыстырады, бірақ кәсіпкерлік қызмет саласы әлдеқайда кең. Бүгінгі фирмаларда өндіріс көлемін ұлғайтуға, фирма қызметінің географиясын кеңейтуге, фирманың дамуына жаңа күш беруге немесе оның өмір сүру қабілеттілігін қолдауға және тақырға отырудан құтылуға деген қажеттіліктер жиі туындайды. Ал кәсіпкерлік қызметтің мұндай элементтерін бюджеттік, басқаша айтқанда пайдасыз деп аталатын ұйымдарға да байланысты деп айтуға болады.
Кәсіпкерлік түсінігі жер, еңбек және капитал сияқты өндіріс факторларынжұмыс істеуге мәжбүрлейтін қозғаушы күш болып табылады. Мұнда кәсіпкердің фирманы құрудағы немесе барлық өндіріс факторларының белсенділігін арттыру арқылы қазіргі кәсіпорынды дамытудағы зор еңбегі жайында сөз болып отыр. Сондықтан кәсіпкерліктің соңғы уақытта негізгі өндіріс факторларымен бір қатарға қойылып жүргені кездейсоқтық емес. Кәсіпкерлік қызмет экономиканың дамуына үлкен үлес қосады, себебі осы қызметтің арқасында жаңа жұмыс орындары пайда болады, техника мен технология дамиды, жаңа өндіріс пен қызмет көрсету салалары қалыптасады. Сонымен қатар жаңа аймақтарды игеру жүзеге асырылып, ұлттық кірістің көлемді бөлігі жасалады.

2.2 Кәсіпкерлік қызметтің мазмұны

Кәсіпкерлік субъектісі:
1. Қазақстан Республикасының және басқа да елдің азаматтары (қызметтері заң талабына сай болуы тиіс);
2. Заңды түрдегі шетел азаматтары мен өкілеттігі шектеулі тұлғалар;
3. Азаматтық бірлестіктер.
Кәсіпкерлік қызмет төмендегідей екі нысанда жүзеге асады:
1. Меншік иесінің өзінің тәуекел етуі және мүліктік жауапкершілігі негізінде;
2. Кәсіпорынды меншік иесі атынан басқару. Меншіктің мұндай ережелері өзара міндеттерді анықтай отырып, келісім арқылы реттеледі.
Бұл келісімде мүлікті пайдаланудың құқықтарын шектеу, әр түрлі қызметті іске асыру, материалдық жауапкершілік пен өзара қаржылық қарым-қатынас шарттары мен тәртіптері, келісімді сақтаудың негіздері мен шарттары жасалады. Алдын-ала жасалған келісімдер мен кәсіпорынның жарғысында және заңда көзделген жағдайларды ескермегенде, меншік иесінің келісім жасалғаннан бастап, кәсіпкердің іс-әрекетіне араласуға құқығы жоқ.
Кәсіпкердің құқықтары:
- келісімнің бастамаларын жүзеге асырып, қаржы-қаражат тарту;
- интеллектуалды меншік объектілерінің, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкі мен жекелеген мүліктік мүдделерін қорғау;
- өндірістік бағдарламалар жасау;
- өз өнімдеріне тұтынушылар мен жеткізіп берушілерді таңдау;
- Қазақстан Республикасының заңдары мен келісімдеріне сәйкес баға белгілеуді реттеу;
- сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру;
- кәсіпорынды басқаруда әкімшілік-тәртіптік қызметтерді алға қою;
- кәсіпорын иесінің атынан қызметкерлер жалдау және оларды жұмыстан босату.
Кәсіпкер тұтынушының ақша төлеп алатын қажетті заттарын өндіруді өз міндетіне алады. Бұл тұста тауар өндіру және қызмет көрсетуді кең мағынада түсінуіміз қажет. Мәселен, олар ғимарат және құрал-жабдықтар; үй-жай, мүлік; өндіріс және тұтыну тауарлары; ақпарат; интеллектуалды нәтиже (пікір, жаңалық ашу, патент); ақша, валюта, құнды қағаздар; басқа да тауарлар, атқарылған жұмыстар мен қызмет көрсетулер болуы мүмкін. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Ал мемлекет кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік мәдениет: мәні мен маңыздылығы
Меншік құқығының жалпы түсініктері
Кәсіпкерлік мәдениет және этика
Кәсіпкерлік пен бизнес
Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстың қалыптасуы
Кәсіпкерлік қызметінің нарықтық экономикадағы рөлі
Құрылысы жағынан қылмыс құрамы материалдық
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес менеджментін дамыту тиімділігі
Кәсіпкерлік [ дәрістер ]
ФИРМА ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Пәндер