Ипотекалық несие беру деректер базасын жобалау



1 CASE.құралдары арқылы пәндік аймақтың мәселелеріне қатысты деректер моделін құру
1.1 Мәселенің қойылымы. Автоматтандырылатын тақырыпты талдау және модельдеу.
1.2 ERwin программасы арқылы ERD (Entity.Relationship Diagrams) модель құру.
1.3 Деректер базасына қатысты шектеулерді анықтау, сілтеме үйлесімділік шарттарын белгіліу
2. InterBase/FirebirdSQL.серверінде деректер базасын анықтау
2.1 Базада домендер, кестелер, көріністер анықтау
2.2 Базада генератор, триггерлер, сақталған процедуралар анықтау
2.3 Базадағы деректерді қорғау
3 Визуалды бағдарламалау жүйесінде клиент.қосымша дайындау (Delphi ортасы)
3.1 Серверде анықталған деректер базасымен байланыс орнату
3.2 Клиент.қосымша әзірлеу
3.3 Пәндік аймаққа қатысты сұраныстарды өңдеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.
Ипотекалық банктер – жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинайды.
Ипотека - бұл тек банктік несие емес, ол банктік және банктік емес құрылымдардың қызметіне әсер ететін қаржылық құрал. Егер де бұл құрылымның бірі өз қызметін тоқтатса, несие беру процесі де тоқтайды. Сонымен, ипотека елдің экономикалық жағдайының жақсаруына қажетті құрал болып табылытындығы айқын деуге болады.
Курстық жұмысымның тақырыбы «Ипотекалық несие беру деректер базасын жобалау».
Курстық жұмыстың мақсаты деректер базасының көмегімен кішігірім банктік жүйеде ипотекалық кредиттау жұмысын жеңілдететін және ипотека беру және қайтару процесін бақылайтын программа құру.Ипотекалық несиелеудің мақсаты − сатып алушының жылжымайтын мүлігін кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие түрі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелендіру жүйесі тұрғын үй саясатының ең маңызды бағыты болып табылады. Ипотекалық несиелендіру әлеуметтік және экономикалық дамыту қызметін қамтамасыз етеді.
Курстық жұмыстың өзектілігі ипотекалық несиелеудің деректер базасын ұйымдастыру және пайдалану бағдарламалау технологиясын байытып, халыққа қызмет көрсететін ұйымдардың жұмысын жеңілдету болып табылады.
Курстық жұмыс үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде−мәселенің қойылымы, тақырыпты талдау және модельдеу, ERwin программасы арқылы модель құру, деректер базасына қатысты шектеулерді анықтау, сілтеме үйлесімділік шарттарын белгіліу болып табылады.
Екінші бөлімде−InterBase SQL-серверінде деректер базасын анықтау. Базада домендер, кестелер, генератор, триггерлер, сақталған процедуралар анықтау. Деректер базасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Үшінші бөлімде− визуалды бағдарламалау жүйесінде клиент-қосымша дайындау (Delphi ортасында). Серверде анықталған деректер базасымен байланыс орнату. Клиент-қосымша әзірлеу. Пәндік аймаққа қатысты сұраныстарды өңдеу.
1.Бобровский С. Delphi7. Учебный курс.-СПб.: Питер, 2006.-736с.
2. Гофман В.Э., Хомоненко А.Д. Работа с базами данных в Delphi. СПб, «БХВ-Петербург», 2005
3.Дарахвелидзе П., Марков Е. Программирование в Delphi7. СПб, «БХВ-Петербург», 2007.
4.Ерекешова М.М., Т.А.Әмірғалиева «Delphi ортасында программалау негіздері» Ақтөбе, 2004 ж.
5.Епанешников А.М. Епанешников В.А.Delphi. Проектирование СУБД. М., Диалог МИФИ 2008.
6.Кандзюба С.П., Громов В.Н. Delphi6. Базы данных и приложения СПб, «БХВ-Петербург», 2002.
7.Куправа Т.А. Создание и программирование баз данных средствами СУБД.М.: Мир, 2006.
8.Маклаков С.В. BPWin и ERWin. CASE – средства разработки информационных систем. М. ДИАЛОГ-МИФИ, 2006
9. Мейер М. Теория реляционных баз данных. М.: Мир, 2007.
10.Смайлова Ұ.М. «Деректер базасын жобалау және қолдану: ERWIN, INTERBASE/FIREBIRD, DELPHI» оқу құралы. Алматы 2011ж.
11.Скляр. Введение в Interbase.
12.Ульман Дж. Д., Уидом Дж. Введение в системы баз данных. – Москва: Просто и доступно: Учебное пособие. – Москва.: Лори, 2008 – 376с.
13. Федоров А., Еламанова Н.Базы данных. – Москва: КомпьютерПресс, 2009 - 256 с.

Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Несие жүйесінің негізгі буыны - банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.
Ипотекалық банктер - жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинайды.
Ипотека - бұл тек банктік несие емес, ол банктік және банктік емес құрылымдардың қызметіне әсер ететін қаржылық құрал. Егер де бұл құрылымның бірі өз қызметін тоқтатса, несие беру процесі де тоқтайды. Сонымен, ипотека елдің экономикалық жағдайының жақсаруына қажетті құрал болып табылытындығы айқын деуге болады.
Курстық жұмысымның тақырыбы Ипотекалық несие беру деректер базасын жобалау.
Курстық жұмыстың мақсаты деректер базасының көмегімен кішігірім банктік жүйеде ипотекалық кредиттау жұмысын жеңілдететін және ипотека беру және қайтару процесін бақылайтын программа құру.Ипотекалық несиелеудің мақсаты − сатып алушының жылжымайтын мүлігін кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие түрі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелендіру жүйесі тұрғын үй саясатының ең маңызды бағыты болып табылады. Ипотекалық несиелендіру әлеуметтік және экономикалық дамыту қызметін қамтамасыз етеді.
Курстық жұмыстың өзектілігі ипотекалық несиелеудің деректер базасын ұйымдастыру және пайдалану бағдарламалау технологиясын байытып, халыққа қызмет көрсететін ұйымдардың жұмысын жеңілдету болып табылады.
Курстық жұмыс үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде−мәселенің қойылымы, тақырыпты талдау және модельдеу, ERwin программасы арқылы модель құру, деректер базасына қатысты шектеулерді анықтау, сілтеме үйлесімділік шарттарын белгіліу болып табылады.
Екінші бөлімде−InterBase SQL-серверінде деректер базасын анықтау. Базада домендер, кестелер, генератор, триггерлер, сақталған процедуралар анықтау. Деректер базасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Үшінші бөлімде− визуалды бағдарламалау жүйесінде клиент-қосымша дайындау (Delphi ортасында). Серверде анықталған деректер базасымен байланыс орнату. Клиент-қосымша әзірлеу. Пәндік аймаққа қатысты сұраныстарды өңдеу.
1 CASE-құралдары арқылы пәндік аймақтың мәселелеріне қатысты деректер моделін құру

CASE-құралдары дегеніміз - бұл ақпараттың жүйелерді құрастыру және оларға ілесе жүру үдерістерін қолдайтын программалық құралдар, оларға келесілер жатады: талаптарды талдаудан өткізу және тұжырымдау, мәліметтер қоры мен қосымшаларды жобалау, кодты генерациялау, тестілеу, сапаны қамтамасыз ету, конфигурациялық басқару, және тағы сол сияқты ақпараттық жүйені дайындау және іс жүзінде дұрыс қолданылуын қадағалауды қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдар деп түсінеміз.
CASE-жүйе белгілі қызметтік мақсаты бар және біртұтас программалық өнім шеңберінде орындалған CASE-құралдардың жинағы болып келеді.
CASE-жүйелері мен құралдарының негізгі мақсаты - программалық қамтамасыз етудің жобалануын, оны кодтау мен кейінгі жасау кезеңдерінен бөліп алу, сондай-ақ программалық жүйелерді құрудың бүкіл үдерісін автоматтандыру болып табылады.
CASE-технология ақпараттық жүйелерді жобалаудың әдіснамасы ретінде көрсетіледі. CASE-технологиясы дегеніміз - бұл сонымен қатар тақырыптық саланы үлгілеуге, оның үлгісін ақпараттық жүйені әзірлеу мен оған ілесе жүрудің барлық кезеңдерінде талдаудан өткізіп отыруға және пайдаланушыларға арнап қосымшаны жасауға мүмкіндік беретін саймандық құралдар.

0.1 Мәселенің қойылымы. Автоматтандырылатын тақырыпты талдау және модельдеу.

Деректер базасының өмірлік циклінің кезеңдері қандай да болсын программалық өнімнің өмірлік циклына ұқсас, бірақта оның ерекшелігі - тек қана деректер базасына байланысты болады. Деректер базасын жобалау процесі пәндік облыстың ақпараттық құрылымының сипаттамасынан басталып, белгілі бір модельдің терминдерін қолдана отырып, пәндік облыстың объектілеріне формалды түрде берілген сипаттамасымен аяқталады.
Есептің қойылымы ақпараттық технологиялық қамтамаларды өңдеудің негізі болып саналады. Есептің қойылымы үш бөлімнен тұрады: есептің сипаттамасы, яғни пәндік аймақтың жұмысын анықтау, кіріс ақпараттар мен шығыс ақпараттарды бөліп алу, анықтау.
Жұмыстың мақсаты: ипотекалық несиелеу халықты - тұрғын үй жағдайларын жақсартуына, банктердің - тиімді және пайдалы жұмыс істеуіне, құрылыс кешенінің - өндірісті ырғақты жұмыспен жүктеуі және халыққа ипотекалық несиелендіруді кең қолдануға мүмкіндік береді.
Ипотекалық несиені алу шарттары:
Коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алуға арналған несие жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлікпен айналысатын (жеңілдетілген декларация бойынша немесе патент арқылы жұмыс істейтін)адамдарға беріледі;
Ипотекалық несие бойынша пайыздық мөлшерлеме бірқалыпты немесе ауытқымалы бола алады;
Несие мерзімі: пайыздық мөлшерлеме бірқалыпты болған жағдайда 37 айдан 120 айға дейін, ал ауытқымалы болған жағдайда 37 айдан 180 айға дейін;
Коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алуға арналған ипотекалық несие келесі мүлікті сатып алуға арналған ипотекалық несие келесі мүлікті сатып алуға беріледі: бөлек тұрғын ғимараттар, офистік алаңдар; ғимараттардағы алаңдар, бизнес-орталықтардағы офистер; өндіріс алаңдары, қоймалар, сауда алаңдары; кәсіпкерлік бағытта пайдалану мақсатында тұрғын үй қорынан шығарылған пәтерлер; алдағы уақытта тұрғын үй қорынан шығарып , коммерциялық жылжымайтын мүлік ретінде жабдықтау мақсатында тұрған пәтерлер;
Ипотекалық несие мөлшері 2 000 000 теңгеден жоғары.
Бастапқы жарнаның ең аз мөлшері 10%;
Несие мерзімі - 37-ден 240 айға дейін;
Несие мөлшері - 600 мың теңгеден жоғары;
Пайыздық мөлшерлемесі бірқалыпты;
Міндетті түрде жеке бас пен мүлікті сақтандыру;
Қарызды бөлшектеп немесе толығымен кезектен тыс өтеу несие берілгеннен кейін кез-келген уақытта жүзеге асырылады.
Кіріс мәлеметтер: Кіріс ақпарат деп ақпараттың автоматтандырылған жүйесінің функцияларын орындауға қажетті құжаттарды, хабарламаларды, деректер түрінде автоматтандырылған жүйесін айтамыз.
Ипотекалық несиені ұсыну кезеңдері: Несиелік өтінішті қарастыру (клиенттің тұрғын-үйді таңдап алмай тұрып қарастыруы мүмкін ), банкке несие алуға келген клиенттке өтініш пен анкета толтырады.
Қарыз алушы туралы келесі мәлеметтер көрсетілу тиісі:
Сұрап отырған қарыз талаптары (сомасы, мерзімі, жұмсалу бағыты)
Жеке деректер (Жеке куәлік, СТТН, СИК)
Жанұя туралы анықтама
Білім туралы анықтама
Қосымша табыстар
Кәсіпкерлік мәлеметтер
Қаржылық мәлеметтер
Банктік шоттардағы мәлеметтер
Несиені алу тәжірибесі
Отбасы мүлігі
Мекен жайы телефон нөмірі
Несиелік комитет клиентке берілетін қарыздың максималды сомасын, ай сайын төлейтін төлем сомасын есептейді. Ай сайын төленетін соманы аннуитеттік формула бойынша есептелінеді. Клиент несиелік өтінішті қарастырғаны үшін белгілі бір келісілген тариф бойынша төлем жүргізеді.
Несиелік қызметкер сараптамалық шешім шығарып, несиелік комитет несие беру сұрағын қарастырады.
Тұрғын үйді алуға арналған ипотекалық несиелер келесі шарттар бойынша беріледі:
Несие сомасы -600 000 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін;
Несие мерзімі -3 жылдан 20 жылға дейін;
Кепілзат ретінде қарыз алушының немесе үшінші жақтың (затқа кепілгер) жекеменшігіндегі тұрғын үй немесе басқа да мүлігі жарайды;
Тұрғын үйді салуға ипотекалық несие алу үшін А.Қ.Ж. сақтандырған жағдайда қарыздың жалпы соммасы тұрғын үйдің бағаланған соммасынан 85% артық болмауы қажет.
Ипотекалық несие келесі бағыттарда жүргізіледі:
Тұрғын - үй сатып алуда(алғашқы жарна дербес шотқа құйылады);
Тұрғын-үйді жөндеуге 6 миллион теңге; кемінде 60% кепілге қойылған мүлік құнынан;
Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін (қарызды несиелік желі арқылы беріледі);
Коммерциялық ипотека;
Ипотека депозиттік толтырумен (алғашқы жарна кепіл ретінде депозитке құйылады);
Ипотекалық несиені алу шарттары:
Ипотекаға сатып алынып жатқан тұрғын-үй айналымынан алынбау қажет.
Денсаулық пен қауыпсіздікке зиян келтірмейтін минималды талаптар сәйкес келуі қажет.
Үйдің жасы 50 жылдан аспауы қажет.
Сараптаманың шешімінде көрсетіледі: қарыз алушы туралы дерек, кепілдеме беруші туралы деректер, несие шарттары, анықтама (мінездеме мен құжаттар) қарыз алушының кірістері, отбасы шығындары, несие тарихы, қарыз алушы туралы қосымша мәліметтер, қамтамасыз етілгендігі туралы мәліметтер, төлем қабілеттілігіне талдау.
Несиелік комитет келесі сұрақтар мен шешімдерді қабылдайды:
oo Несиенің беруі
oo Несие бермеуі
oo Құжаттарды толықтыруын
Шешім негізделінуі керек. Негізделінген шешім бойынша хабарлама хат толтырылады. Онды шешім қабылданғаннан кейін мүлік бағалауға жіберіледі және осы негізде есептеме құрылады.
Шығыс мәлеметтер: Шығыс ақпарат кіріс ақпараттың негізінде алынған ақпарат болып табылады. Шығыс құжаттама автоматтандырылған өңдеу нәтижесінде алынған жиынтық деректерді қамтиды.
Ипотекалык несиені мерзімі мен өтеу тәсілін несиелік келісім шартта қарастырылады.
Қарыз алушыда уақытша қиыншылықтар туындаған жағдайда банк несие мерзімін ұзарта алады. Қарыз алушы қарызын мерзімінен бұрын өтей алады. Қарыз алушы қалдық қалған төлемақыны қарауға мүмкіндігі бар.
Ипотекалық несиелер ұлттық валютада (теңгеде) немесе шетел валютада беріледі, ипотекалық несие мөлшері мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша мөлшерлеме байланысты 6 ай сайын қайта қарастырылады. Сонымен қатар несие бойынша мөлшерінің құрамдас бөлігінің бірі болып табылатын банктер мен компания қаржысы тұрақты болады.

33.1 ERwin программасы арқылы ERD (Entity-Relationship Diagrams) модель құру.

Даталогикалық модель деректердің арасындағы логикалық байланыстарды суреттейді. Деректер базасы физикалық ұйымдастыруына тәуелсіз болғанымен, даталогикалық модель нақты таңдалған ДҚБЖ ерекшеліктеріне ескеріледі және пәндік аймақтың инфологикалық моделінің негізінде жасалады. Егер инфологикалық модель қолданушының көз-қарасын суреттеуге арналса, даталогикалық модель компьютерге бағытталған. Инфологиялық жобалаудың мақсаты - құрылып жатқан ДБ-да сақтауға арналған ақпараттардың адам үшін ыңғайлы жинау әдісін және сол ақпаратты көрсетуді қамтамасыз етеді. Сондықтан деректердің инфологиялық пішіні табиғи ұқсастығы арқылы құрастырмақшы. Инфологиялық пішіннің негізі конструктивтік элементтері маңыз, олардың арасындағы байланыс және олардың қасиеттері (атрибут) болып табылады. Инфологиялық модельді құру үшін заттық облыстың негізгі маңыздарын ерекшелеп және олардың арасындағы байланыстарды қарастырайық.
ERWin диаграммасының негізгі компоненттері - бұл маңыздар, атрибуттар және байланыс. Әрбір маңыз жеке объект экземпляры болып табылады. Әрбір экземпляр жеке және басқа экземплярдан бөлініп тұруы керек. Атрибут анықталған объект құрамын көрсетеді. Маңыз кесте болып, ал атрибут кесте колонкасы болып табылады.
ERwin ортасында бұл ережелер жазба енгізу, өзгерту және өшіру үшін аналық (Parent) және туынды (Child) маңыздары үшін қатар беріледі.
Маңыз - деректер базасында сақтауға арналған ақпараттардың кез-келген нысаны. Маңыздар түрінің ұғымы бірдей заттар, тұлғалар, оқиғалар немесе ой- пікірлер жиынтығына жатады және бір бүтін түрінде беріледі. Маңыздар экземплярлары жиынтықтың нақты болжағышына жатады.
1.1-кесте. Атрибуттардың сипаттамасы

Объект
Атрибут
Тип
Клиент

Kod_klienta
Number

Imya
String

Familiya
String

Otchestvo
String

God_roz
Number

MestRaboti
String

Zarpl_Klienta
Number

Tel_Klienta
String
Келісім шарт
Kod_dogovora
Number

Kod_klienta
Number

Kod_kredita
Number

Kod_voluti
Number

Kod_menedjer
Number

Data_dogovora
Number

Summa_dogovora
Number

Srok_dogovora
Number
Менеджер

Kod_menedjer
Number

Imya_menedjera
String

Familiya_menedjera
String

Otchestvo_menedjera
String

Doljnost_menedjera
String
Ипотекаға алынатын ұй
Kod_dogovora
Number

Zalog
String

Adres_zhiliya
String

Ploshad_obchaiya
Number

Zhilaya_ploshad
Number

Tip_kvartiri
String

Tip_doma
String

Etazh
Number

Komnata
Number
Кепілдің келісім шарты

Kod_dogovora
Number

Kvartira
String

Dom
String

Mashina
String

dacha
String

imushestvo
String
Кредиттің түрі

Kod_kredita
Number

Nazvaniya_kredita
String

Procent_stavki
String

Max_srok
Number
Валютаның түрі

Kod_voluti
Number

Kurs
Number

Nazvaniya_valuti
String

ERwinERX бағдарламасында деректер базасын жобалауда логикалық және физикалық деңгейлері қолданылады: логикалық деңгейде мәліметтер өзімізге түсінікті кәдімгі тілде сипатталса, физикалық деңгейде модель ServerTarget Server... нұсқауы арқылы шақырылатын (бұл нұсқауды беру үшін физикалық деңгейде отыру керек) сервер орнату терезесінде көрсетілген нақты сервердің ерекшеліктеріне байланысты анықталады.

Сурет 1.1.Ипотекалық несие беру ER-диаграммасы

33.2 Деректер базасына қатысты шектеулерді анықтау, сілтеме үйлесімділік шарттарын белгіліу

Деректер базасындағы мәлеметтер бір мәнді және өзара біртұтас үйлесімді болуы үшін реляциялық модельде шектеуіш шарттар анықталады. Шектеуші шарттар (constraints) дегеніміз деректердің мүмкін мәндерінқадағалаушы ережелер; мұндай үйлесілімділік (бүтіндік) шарттары деректер базасын өндеу және өзгерту кезіндекетуімүмкін қателерді болдырмауға мүмкіндік береді.
Деректер базасының шектеулері категориялық бүтіндік және сілтемелік үйлесілімділік (сілтеме бүтіндік) болып екі түрден тұрады.
Категориялық бүтіндік шектеушінің мағынасы: деректер базасында бір қатыстың кортеждері нақты нысанның элементтерін, реляциялық деректер базасын басқару жүйелерінің терминіне сәйкес - категориясын анықтайды. Кестенің кілті әртүрлі жазбаларды, яғни категорияның әрбір элементін анықтайды. Кестенің бір жолындағы мәлеметті оқу немесе өзгерту үшін бұл жазбадағы кілттің мәнін білу керек.Сондықтан жазбаны кесте кілтінің құрамындағы барлық атрибуттар толық анықталмағанша деректер базасын жазу, яғни енгізу мүмкін емес.
Екінші шарт деректер базасы кестелеріндегі біртұтастықты қамтамасыз ету үшін сыртқы кілтке сілтеме үйлесімділік (refrential integrity) деп аталатын шектеу қояды. Егер екі кесте өзара байланыстырылған болса сыртқы кілттің мәндері не NULL, не екінші кестеде өзімен байланыста тұратын кілттің мәндерінен ғана тұрады.
ERwin ортасында анықталған деректер қорын MS Acces, VisualFoxpro, InterBase, Oracle, Microsoft SQL Server т.б. деректер қорын басқару жүйелеріне генерациялауға, яғни аударуға болады (Сурет 1.2).

Сурет 1.2. Сервер орнату терезесі

Маңыздарды байланыстыру барысында сілтеме үйлесімдік шартын орнату - клиент қосымшада мәліметтерді қолданудың бизнес ережелерін көрсететін логикалық конструкциялар болып табылады. Олар базадағы реляциялық кестеге жазба енгізгенде, жазбаны өшіргенде немесе өзгерткенде мәліметтер қорын басқару жүйесінде қандай әрекет орындауы керек екендігін анықтайды. Осылай белгіленген әрекеттер серверде деректердің біртұтас бүтіндік шарттарын қолдайтын триггерлерді анықтау үшін қолданылады. Клиент-сервер архитектурасында бизнес-қағидалар серверге жүктеледі.
Логикалық моделдеу барысында маңыздарды өзара байланыстырғанда қолданылатын ережелер мен әрекеттердің мынадай түрлері бар:
RESTRICT маңыздағы жазбаны өзгертуге (UPDATE), енгізуге (INSERT) немесе өшіруге (DELETE) тыйым салынады.
CASCADE Parent - аналық (басыңқы) маңыздың жазбасын өшіргенде (өзгерткенде), сол жазбаға сілтемесі бар Child - туынды (бағыныңқы) маңыздың барлық сәйкес жазбаларын әсерлі өшіреді (өзгертеді).
SET NULL басыңқы маңыздың жазбасын өшіргенде (өзгерткенде), онымен байланыстағы бағыныңқы маңыздың сыртқы кілт (FOREIGN KEY) атрибуттарына NULL мәні меншіктеледі.
SET DEFAULT жоғарыдағыдай, бірақ NULL мәнінің орнына алдын ала белгіленген келісімді мән меншіктеледі.
NONE ешқандай әрекет орындалмайды.
ERwin ортасында бұл ережелер жазба енгізу, өзгерту және өшіру үшін аналық (Parent) және туынды (Child) маңыздары үшін қатар беріледі. Осылай, әр байланыс үшін алты ереже жиынын анықтауға болады, көрсетілген әрбір ережеге сәйкес сілтеме үйлесімдік шарттары (REFERENTIAL INTEGRITY) мен әсерлі амалдарды (СASCADE) іске асыратын триггерлер анықталады. Бұл ережелердің екі маңызды өзара байланыстырғанда байланыс түріне (Identifying, Non-Identifying: Nulls Allowed, Non-Identifying: NoNulls, Subtype) қатысты үндеусіз қабылданатын мәндерін PLATINUM ErwinTarget Server терезесінде RIDefaults... батырмасын басып шақырылатын Referential Integrity Default Editor терезесінде белгілеп қоюға болады (Сурет 1.3).

Сурет 1.3. Referential Integrity Default Editor терезесі

Әр байланыс үшін алты ереже жиынын анықтауға болады, көрсетілген әрбір ережеге сәйкес сілтеме үйлесімдік шарттары (REFERENTIAL INTEGRITY) мен әсерлі амалдарды (СASCADE) іске асыратын триггерлер анықталады. Бұл ережелердің екі маңызды өзара байланыстырғанда байланыс түріне (Identifying, Non-Identifying: Nulls Allowed, Non-Identifying: NoNulls, Subtype) қатысты үндеусіз қабылданатын мәндерін PLATINUM ErwinTarget Server терезесінде RIDefaults... батырмасын басып шақырылатын Referential Integrity Default Editor терезесінде белгілеп қоюға болады (Сурет 1.4).

Сурет 1.4. Клиент пен Договор арасындағы байланыс

Деректердің ER-моделінде өзара байланыстағы кестелердің арасында сәйкес триггердің анықталуына әсер ететін сілтеме үйлесімділік (туынды кесте жағынан) және әсерлі амалдар (аналық кесте жағынан) шарттары анықталған.
Мысал үшін Klient (Parent) және Dogovor (Child)кестелерінің байланысындағы I:R, U:R сілтеме үйлесімділік және D:R, U:C әсерлі амалдар шарттарына тоқталайық:
oo I:R (INSERT:RESTRICT) шарты Dogovor кестесіне жазба енгізгенде Kod_klienta жиегіне Klient кестесінде тіркелмеген кафедра кодын енгізуге жол бермейді (tI_Dogovor триггері), ал U:R (UPDATE:RESTRICT) шарты Klient кестесіндегі бұрын енгізілген жазбаны түзету кезінде Kod_klienta жиегінің мәнін Klient кестесінде тіркелмеген клиент кодына түзеуге тиым салады (tD_Dogovor триггері).
oo D:R (DELETE:RESTRICT) шарты егер Dogovor кестесінде қандай да бір клиент кестесіне кемінде бір адам тіркелген болса, онда басыңқы Klientкестесінен ол клиентке сәйкес жазбаны өшіруге жол бермейді (tD_Klient триггері); бұл жағдайда алдымен Dogovor кестесіндегі қажетті клиент туралы жазбаны алдымен өшіріп, содан соң ғана аналық Klient кестесінен клиентті өшіруге мүмкін болады (tU_Klient триггері). U:C (UPDATE:CASCADE) шарты клиенттің кодын өзгертсе, мысалы, код КС емес, КомЖ болсын, онда Dogovor кестесінде оған сәйкес жазбалардағы Kod_klienta сыртқы кілтінің, яғни жиегінің мәні құлама түрде жаппай КомЖ болып өзгереді (tU_Klient триггері).
Егер байланысқа D:С (DELETE:CASCADE) шарты қойылса, Klient кестесінен бір клиент туралы бір жазбаны өшірсе, Dogovor кестесіндегі сол клиентке тіркелген барлық клиенттер туралы деректер (жазбалар) әсерлі түрде өшіп қалады, сондықтан DELETE:CASCADE шартымен абай болу керек.

1. InterBaseFirebirdSQL-серверінде деректер базасын анықтау

2.1 Базада домендер, кестелер, көріністер анықтау

InterBase өзімен бірге толық функционалды SQL-серверін құрайды. Мәліметтер қорының сервері - ол басты компьютер орналасқан немесе мәліметтер қорының өзі физикалық түрде орналасқан желі торабында программалық үрдіс. Сервер үрдісі - кез келген торабтардағы мәліметтер қорының файлдар үшін тікелей енгізу - шығару операцияларын орындай алатын жалғыз үрдіс.
IBConsole - InterBase пакетіне енгізілген, сервердің баптауларына қажетті барлық амалдар, серверде МҚ-н құру және администрациялау, SQL - сұранысты қосатын графикалық утилитасы іске қосылады.
Оның терезесі келесі компоненттерден тұрады:
oo Мәзір - серверді басқару командалары бар
oo Құралдар тақтасы - мәзір командаларын жылдам орындаушы құралдар
oo Бұтақтар терезесі - серверде тіркелген серверлер мен МҚ иерархиясын бейнелейді
oo Жұмыс терезесі - сол жақ бөліктегі бұтақтар туралы толық ақпарат береді. Онда басқа да осы объектілерге амалдар қолдануға болады.
oo Жағдай жолы - қай сервердің таңдалғаны, қолданушы туралы ақпарат көрсетіледі.
IBConsole программасы сервермен жұмыс істеуі үшін оны тіркеу қажет. Ол үшін жоғарғы мәзірден Server - Register. Қосымша терезе ашылып, онда тіркелу диалогы ашылады.Терезенің Server Information бөлігінде LocalServer - ді активтендіру керек. Тіркеліп болған соң, жаңа қолданушы ретінде жұмысты бастауға болады. Ол үшін терезенің жоғарғы мәзірінен Server--User Security --NEW пернесін басу керек. Осы терезенің Required Information бөлігіндегі User Name Bank деп беріп, Password және Confirm Password жолдарына жаңа пароль енгізу керек. Сосын Apply пернесін басу арқылы сақтаймыз.
Терезенің жұмыс облысында серверде пайда болған қолданушы туралы ақпарат көрініп тұрады. Серверге тіркелген барлық қолданушылар ондағы МҚ-на рұқсат ала алады.
InterBase-те мәліметтер қоры файл түрінде сақталады, типі .gdb болады. МҚ-н құру үшін жоғарғы мәзірден DataBase -- Create DataBase командасын орындайды. Ашылған терезеде:
1. Alias - Ипотека
2. Files бөлігінде құрылатын МҚ-ң қай жерде сақталатын жолы және неше беттен тұратыны көрсетілуі керек: с:\ib\IPOTEKA.gdb деп жазып, c: дискісіндеib - папкасы алдын ала құрылған болуы керек, онда құрылып, сақталатын файл атауы IPOTEKA.gdb болады.
3. PageSize әрі қарай әр беттің ұзындығы 4096 деп көрсетіледі, оны өзгертуге болады.
4. Default chatacter set - символдар қай форматпен енгізілетіні көрсетілуі керек. WIN 1251 - кириллицаны білдіреді.
5. SQL Dialect - 3 деп көрсетіп OK-ді басады. IBConsole жаңа МҚ-н құрады.

Сурет 2.1. әліметтер қорын құрудың диалогты терезесі.

Құрылған МҚ-на қосылу үшін IBConsole терезесіндегі МҚ атауын екі рет шертуарқылы ашқанымызда, МҚ туралы метадеректер шығады: Domains, Tables, Views, Stored Procedures, ExternalFunctions, Generators, Exceptions, BlobFilters, Roles.
МҚ бойынша интерактивті SQL - сұраныстармен жұмыс істедім. Ол үшін Tools--Interactive SQL командасын орындайды, шыққан терезенің үстіңгі бөлігінде сұраныс командасы жазылып, астыңғы бөлігінде оның нәтижесі көрінеді.
Бізде бар мәліметтер қорында кестелер, индекстер, триггерледі құрамыз.
Домендерді құру. Егер ірі мәліметтер қоры құрылса, онда өте көп кесте болатыны белгілі, атрибуттардың мінездемелері басқа да кестелерде кездесуі мүмкін, оны әр кестені құрған сайын қайталап көрсеткенше, қорда бір атаумен анықтап қойған дұрыс, оны domain дейді.
Create Domain деп жазып, орындау үшін Query - Execute командасын орындау керек. Сонда Domains метадеректер тізімінде домен пайда болады.
CREATE DOMAIN D_Data DATE;
CREATE DOMAIN D_Integer INTEGER;
CREATE DOMAIN D_Char25 CHAR(25);
CREATE DOMAIN D_Char250 CHAR(250);
CREATE DOMAIN D_Char4 CHAR(4);
CREATE DOMAIN D_Char50 CHAR(50);
CREATE DOMAIN D_Char6 CHAR(6);
Нәтижесі сурет 2.2 де көрсетілген.

Сурет 2.2. Домендерді құрғаннан кейінгі IBConsole-дің терезесі

Кестелерді және индекстерді құру.
Кестелерді құруға көшпес бұрын мәліметтер қорын жобалауды және кестелерді нормализациялауды орындау керек.
Ары қарай қандай кестелерді және қандай бағандармен құру керек екендігін анықтап аламыз. Қажетті домендер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ипотекалық несиелендіру ақпараттық жүйесінің бағдарламалық құралдарының істен шығуы
Ипотекалық несиелеу ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
Несиелерді рәсімдеу ақпараттық басқару жүйесін құру
Несиелік қор менеджментінің экономикалық ақпараттық жүйесі
Жылжымайтын мүлік объектісінің жіктелуі
Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
Банктердің активі мен пассивінің несиелік тәуекеліннің мәліметтер базасын құру ( ұйымдастыру )
Коммерциялық банктерде қарыз алушы клиенттің несиелік қабілетін талдау тәжірбиесі («Қазақстан халық банкі» ақ-ның мәліметтеріне сүйене отырып)
Кәсіпорынның ақпараттық жүйесін құру
Мердігерлік жұмыстардың бағалау көлемін анықтау
Пәндер